РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
__________________________________ __университеті
“ ___________________________________ ” факультеті

“___________ ” кафедрасы

КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС

Тақырыбы: РЕНТА ШАРТЫ

Орындаған:____________
Қабылдаған: ___________

Астана - 2008 ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...3

1. РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ
1.1Рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Рента шартының
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...9

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Тұрақты рента
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...14
2.2 Ғұмырлық рента
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...19
2.3 Өмір бойы асырауда ұстау
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...28

Кіріспе
Ренталық қатынастарға меншіктің екінші — ағымды (ќозғалыс) күйі
де тән болып келеді және айта кететін болсақ ренталық
қатынастардың осы күйін ескерген кезде ғана оларды анықтау
қажеттілігі пайда болады.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында субъектілердің тиісті
қатары қатысуымен заттық құқықтық қатынастардың пайда болуына және
жүзеге асуына ықпал ететін рента шарттары қарастырылған. Аталған
шарттардан субъектілердің міндеттемелік құқықтары мен міндеттері де
пайда болатыны сөзсіз. Бұл тарауда оларды қарауға артықшылық
беріледі.
Рента қарымқатынастарын реттейтін әмбебап нормалар Қазақстан
Республикасы заңнамасында тұңғыш рет қабылданғасын (күшіне
енгізілгесін) пайда болды. Жалпы ережелерді реттейтін нормалардан
басқа олар тұрақты рентаны, сумырлық рентаны, өмір бойы асырауда
ұстауды реттейтін нормаларды да қамтиды. Ал бұрынғы заңнамада тек
өмір асырауды қарастыратын тұрғын үйді сату шарты ғана бекітілген
еді.
Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі.
Мүлік рента төлеуші меншігіне өтеді және бір уақтылы мүліктің
кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі қауіпі оны күтіп ұстау ауыртпалығы
да оған ауысады (оның мойнында болады). Сөйтіп, рента шартының
мазмұнында басқа сату сатып-алу, сыйға тарту т.б. шарттармен
ұқсастықтары бар.
Жалпы осы курыстық жұмысым кіріспеден, үш бөлімнен тұрады.
Алғашқы бөлімде рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының ұғымы,
рента шартының ерекшелігіне тоқталдым.Екінші бөлімде болса рента шартының
түрлеріне жеке –жеке тоқталдым.Жалпы рент шартының үш түрі бар: тұрақты
рента шарты. ғұмырлық рента шарты, өмір бойы асырауда ұстау шарты. Үшінші
бөлімде рента шартының өзектілігіне тоқталдым.
1.1 РЕНТА ЖƏНЕ ӨМIР БОЙЫ АСЫРАУДА ҰСТАУ ШАРТЫ
Рента жəне өмiр бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелерi.
Шарттың ұғымы рентаны экономикалық мағынасына сəйкес меншiк қатынастарының
ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар (меншiк қатынастары) өз кезегiнде
материалдық игiлiктердi белгiлi тұлғалар иеленетiнiмен немесе материалдық
игiлiктер (заттар) бiреуге жататынымен сипатталады
1. Ренталық қатынастарға меншiктiң екiншi – ағымды (қозғалыс) күйi де
тəн болып келедi жəне айта кететiн болсақ ренталық қатынастардың осы күйiн
ескерген кезде ғана оларды анықтау қажеттiлiгi пайда болады.
Мүлiктiң қозғалысы (айналымы) көп қырлы құбылыс, ол мүлiк тиесiлiгiн
түбiрiнен өзгерте алады немесе негiзгi меншiк иесiмен қатар мүлiктiң өзге
тұлғаларға да тиесiлiгiн бекiте алады.
Бұл осы жағдайларға байланысты шартты мiндеттемелiк қатынастар құрылады
жəне топтасады. Осы қатынастарды реттейтiн мiндеттелiк құқық экономикалық
мағынада (мəнде) меншiктiң заңи мағынада меншiк құқығы жəне өзге заттық
құқықтар өтуiн (ауысуын) қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында субъектiлердiң тиiстi
қатары қатысуымен заттық құқықтық қатынастардың пайда болуына жəне жүзеге
асуына ықпал ететiн рента шарттары қарастырылған. Аталған шарттардан
субъектiлердiң мiндеттемелiк құқықтары мен мiндеттерi де пайда болатыны
сөзсiз.
И. Грешников рентаның тұрақтанған түсiнiгiн берген: Рента сөздiң кең
мағынасында (экономикалық маңызы бойынша), бұл – қолайлы жағдайлар немесе
қандай болса да артықшылықтардың күшiнен пайда болатын табыс. Мысалы, егiн
шаруашылығында, табысты өңделетiн жер учаскелерi құнарлы топырағын жəне
орналасқан жерiн пайдаланып табыс табады.
Жылжымайтын мүлiктiң, кəсiпорындардың иелерi үшiн ренталық табысты
алудың шарты болып жылжымайтын мүлiк объектiлердiң жəне кəсiпорындардың
қасиеттерi келедi.
Рента қарым қатынастарын реттейтiн əмбебап нормалар Қазақстан
Республикасы заңнамасында тұңғыш рет қабылданғасын (күшiне енгiзiлгесiн)
пайда болды. Онда рентаға (рента шартына 517539 баптар арналған. Жалпы
ережелердi реттейтiн нормалардан басқа олар тұрақты рентаны, ғұмырлық
рентаны, өмiр бойы асырауда ұстауды реттейтiн нормаларды да қамтиды. Ал
бұрынғы заңнамада тек өмiр асырауды қарастыратын тұрғын үйдi сату шарты
ғана бекiтiлген едi.
Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента
төлеушiге)меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi рента алған мүлiкке
айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны
ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiлмезгiл рента төлеп
отыруға мiндеттелген.
Рента шарты мүлiктi иелiктен шығаруға арналған шарттардың бiрi. Мүлiк
рента төлеушi меншiгiне өтедi жəне бiр уақтылы мүлiктiң кездейсоқ жойылуы
немесе бүлiнуi қауiпi оны күтiп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады (оның
мойнында болады). Сөйтiп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатыпалу,
сыйға тарту т.б. шарттармен ұқсастықтары бар.
Рента шартының ерекшелiгi мүлiк төлемақы төленiп, не болмаса төленбей
берiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 519бабы бойынша осыған
қарап сатып алу, сату шарты (25 тарау Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексi) немесе сыйға Тарту шарты (ҚР АК 27 тарау) туралы ережелер
қолданылады. Бұл осы шарттың (мiндеттеменiң) мəнiсiне қайшы болмауы керек.
Аталған екi шарт нормаларының қолданбауы тiкелей рентаға қатысты
нормалармен қарастырылуы мүмкiн.
Бiздiң көзқарасымыз бойынша, рентаның тағы да бiр нақты ерекшелiгi рента
төлеушi рента алушыға (мүлiктiң алғашқы иесiне) мүлiктiң жетiспеушiлiгi,
бұзылғандығы туралы сатып алу-сату шарты бойынша сияқты толық көлемде
келiспеушiлiк айтуға құқығы болмайды. Рента қатынастарының u1084 мəнiсi
оларға сатып алу-сату қатынастары үшiн белгiленген нормаларды барынша
абайлы жəне жағдайды ескерiп қолдануды талап етедi. Рента нысанасы (заты)
оны рента төлеушiсiне берген кезде өзге тұлғалардың құқықтарымен
ауырланғаны негiзiнен орын алмауы керек (осыған жол беруге болмайды).
Себебi бұл шарт орындалуына кедергi жасайды.
Сатып алу-сату шартына қарағанда рента шарты бойынша рента алушының
мүдделiктерi өзгеше. Оның мүлiкте ауыртпалығы болмауына өз мүдделiгi бар
болып келедi. Егер ауыртпалықтар сонда да анықталса, осы рента шарты
бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерiне əсер етедi. Рентада сыйға
тарту шартынан да айырмашылығы бар. Бiрақ заңнама арқылы айырмашылықтар
мəселесi реттелмеген.
Сондықтан бiз белгiлеп (анықтап) отырған сұрақтарға көзқарастар əртүрлi
болуы мүмкiн. Рента шарты экономикалық ренталық қатынастарды тек жартылай
қамтиды.
ҚР Азаматтық кодексiнiң нормалары рента – меншiк иесi туралы үйренiштi
болып келетiн көзқарасты жоққа шығарады (бiз нақты рента шарты туралы айтып
келемiз). Рента алушыда тек кейбiр жағдайларда ғана мүлiктi кейiн қайтаруға
талап етуге мiндеттемелiк құқығы бар болады.
Аталған құқық барлық рента шарттарында пайда бола бермейдi. Тек ғұмырлық
рента төленуi үшiн пəтер, тұрғын үй жəне өзге де мүлiк иелiктен тегiн
шығарылса жəне рента төлеушiсi рента жағдайларын елеулi бұзса бұл
мiндеттемелiк құқық пайда болады (ҚР АК 533 бабы 2тармақ). Осыған қатысты
экономикалық мағынада бəрiбiр бұрынғы меншiк иесi өз мүмкiншiлiктерiн
сақтай бередi деген қарсылықты айтуға болады. Алайда меншiк құқығы заңды
түрде өзге субъектiге рəсiмделетiн болғасын бұл дəлелдеуiмiз (есептеуiмiз)
тұрақсыз болып шығады.
Рента төлеушiсi өзiне меншiктiң ауыртпалықтарын жүктеуге келiсуi үшiн
салмақты себептер қажет. Жаңа меншiк иесi рентаны (табысты) алғашқы меншiк
иесiмен бөлiсуге мəжбүр болғанына қарамастан, ол ұтыста да болады. Жаңа
меншiк иесi өз бетiмен де рантье болып шығады.
Экономикалық ренталық қатынастар мүлiктi жалдау (аренда) шартымен де
нəтижелi қамтылуы мүмкiн. Мүлiктiң жоғарылау саналық сипаттамалары немесе
өзге ерекшелiктерi, мысалы ғимарат орналасқан жер, қосымша шығынданусыз
жоғары табыс табуға мүмкiншiлiк бередi (аренда шарттарын жасасу негiзiнде).

Бiрақ заңгер рента шартына кəсiпкерлiк емес қатынастарды реттейтiн
ретiнде қарайтынын ұмытпауымыз керек (ҚР АК 523 б. 1т., 530 б. 1т.), рента
(рента шарты) осы себептен кəсiпкерлiкпен беретiн құқықтық нысан болып
бағалануы мүмкiн.
Аренданың реттi шарттары туралы айтатын болсақ, онда табысты ұдайы табу
сипаты жоғалып қалады. Бiрақ басқа түстен қарасақ, бiз жаңа заңнама мүлiктi
жалдау (аренда) мерзiмi бойынша шектеулердi негiзiнен алып бастағанын
байқай аламыз. Сондықтан рента жəне мүлiктi жалдау шарттарының бұл –
табысты тұрақты табу немесе таппау бойынша сөзсiз болып келмейдi.
Сонда да рента алушының құқықтық жағдайы мүлiктi жалға беретiн немесе
өзге қызметтi жүзеге асыратын кəсiпкер субъектiнiң құқықтық жағдайынан
немен ерекшеленетiнiн айтып кетейiк.
Бiрiншiден, рента алушыда кəсiпкерлiк тəуекел (қауiп) орын алады.
Екiншiден, кəсiпкердi тiркеуге қатысты талаптар болмайды. Б.В.Покровский
атап көрсеткендей экономикалықмағынадағы ренталық қатынастар тек ренталық
ренталық мiндеттемелер арқылы емес, өзге де мiндеттемелер арқылы қамтамасыз
етiледi. Экономикалық мағынадағы ренталық қатынастар рента алушыларының
кəсiпкерлiк қызметiмен байланысты болады немесе байланыспауы мүмкiн.
Азаматтық кодекстiң ерекше бөлiмiнiң жобасында тұжырымдалған ренталық
мiндеттемелер бойынша рента алушысы коммерциялық ұйым бола алмайды. Сол
сияқты кəсiпкер ретiнде əрекет ететiн азамат та ренталық мiндеттеменiң
тарапы бола алмайды.
Бұл айтылған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң күшiнде болып
келетiн редакциясына да қатысты əдiл болып келедi. Сөйтiп, рента шарты
мүлiктi пайдаланудың жаңа заңды нысаны болады. Шартты пайдалануа тұрақты
жəне қажеттi жоғары пайда табу кəсiпкерлiк қызметке байланыссыз. Рента
шарты бойынша мүлiк едəуiр көп көлемдерде берiлуi мүмкiн. Сол сияқты
рентаны тек жеке қажеттер үшiн қолдану да жоққа шығарылмайды.
Егер мүлiкте ерекше қасиеттер болса, онда меншiк иесi өзiне еш
қиындықсыз оны сата да алады. Сату бағасын да мүлiк иесi болашақта алынуы
мүмкiн ренталық төлемдердi де ескере алады. Сөйтiп меншiк иесi табысты бiр
рет ғана болса да бiрақ аса қауiпсiз (тəуекелсiз) таба алады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнаманың жағдайын ескере отырып,
рента қатынастарының жəне заем қатынастарының заңды нысандарын айқын
ажырату керек.
Болмаса тəжiрибеде осыған қатысты қателесулер орын алып келедi. Кейде
заңгерлер бұны түсiне тұра немесе түсiнбейақ олардың ажыратылысын
ескермейдi, бұл жағдайды ескермеу заңды бұрмалауға əкелiп соқтырады,
мемлекетiмiздiң қаржы жүйесiне нұқсан келтiруi мүмкiн, жалпылама мүдделердi
жария (қоғамдық) бұзады.
Жалпылама рентада оларды бөлiп шығару мəжбүрлi қажеттi болып келетiн
дербес, элементтер бар ма деген сұрақты қою орынды болады. Рента шарты
институтының жаңалығы осыны талап етедi. Ал бұл мəселеге арналған
зерттеулер өте жеткiлiксiз. Өз кезегiнде рента шарты бұл оларды жасасу,
əсiресе орындау кезiнде даулы сұрақ (мəселелердiң) көбi (көп саны)
туындайтын азаматтық құқықтық шарттардың бiрi.

1.2 Рента шартының ерекшелігі
Рента шартының ерекше белгiлерi ретiнде А.П.Сергеев оның оған қатысатын
тұлғалар араларында басқа шарттық мiндеттемелерге тиесiлi болып келмейтiн
айырықша құқықтық қатынастар пайда болуына əкелетiнiн көрсетедi. Бұл рента
шартында туындайтын қатынастар, ұзақ, тұрақты, ал өмiр бойы асырау кезiнде
сенiмге негiзделген болып келетiнiнде көрiнiс табады. Ренталық шарттың тағы
да бiр ерекшелiгi, онда орын алатын u1090 тəуекелге негiзделу (алеаторлық)
ешқандай өзге шартқа тəн болып келмейдi1. Жоғарыда рента шарты бойынша
тəуекел жəне кəсiпкерлiк тəуекел бiрбiрiне тең болып келмейтiн түсiнiктер
екенi айтылған едi. Бiрақ олар айырмашылығы дəрежесiн əлi арнайы талдау
(зерттеу) қажет.
Рента шарты бойынша тəуекел А.П.Сергеев əдiл көрсеткендей рента
төлемдерiнiң мөлшерi рента төлену үшiн иелiктен шығарылған мүлiктiң құнынан
көп, немесе керiсiнше аз болып шығуының қаупiнде.
Шартты жасасқан кезде тараптар осы тəуекелдi сезiнедi жəне онымен
келiседi деп болжанады. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, тек тəуекелдi
сезiнудiң болжамы жеткiлiксiз. Тараптар шарт бойынша берiлетiн мүлiктiң
жəне төленетiн төлемдер (рентаның) бiр бiрiне сəйкестiгiн сезiнетiнiн
болжамы да қажет. Осыны жасаған кезде (болжамды қолданғанда) бiз басшылыққа
сатып алусату, айырбас шарттарымен қамтамасыз етiлетiн тепетең айырбасты
алмауымыз керек. Аталған болжам көмегiмен рента шартының мақсаты жөнiндегi
көзқарас қалыптасуы мүмкiн, себебi мəмiленiң мақсаты, бұл сана сезiмде
əрекеттер оларға жету үшiн жасалатын нəтиженi алдын ала болжау
Мəмiле екi жақты болып келетiн жағдайда оның мақсаты күрделi (екi қырлы)
болып келедi. Рента төлеушiсi үшiн рента шарты бойынша негiзге қажеттi
нəтиже бұл арқылы немесе ақысыз негiзде ренталық табысты келтiру мүмкiн
мүлiктi алу. Осы себептен (табыс келтiру қабiлетiне байланысты) ол мүлiктiң
құны едəуiр болып келедi.
Сөйте тұра ол мүлiктiң бұрынғы иесiне (оның пайдасына) артық (жоғары
рентаны бас тартқысы келедi. Осы нəтиженi рента төлеушiнiң терiс нəтижесi
қылып белгiлеуге (анықтауға)болады.
Рента алушы тым аз емес ренталық төлемдердi алғысы келедi.
Рента шарты қазiргi азаматтық құқықта оларға реалдық (шынайылық) мiнезi
берiлген аздаған шарттардың қатарына жатады. Ол бойынша құқықтар мен
мiндеттер пайда болуы үшiн мүлiк рента u1090 төлеушiге берiлуi керек.
Рента шарты бiр жақты шарт болып табылады. Мүлiк берiлгеннен кейiн жалпы
тəртiп бойынша рента алушыға ешқандай мiндеттеме жүктелмейдi. Рента төлеушi
рентаны сатып алу құқықтығына ие болады, бiрақ бұл құқық негiзгiлердiң
қатарына жатпайды. Жоғарыда атап көрсеткендей рента қатынастарына сатып
алусату, сыйға тарту шарттарының нормалары қолданылуы мүмкiн, бiрақ рента
шарты рента төлеушiсi үшiн жоғары тəуекелдi болғасын, оларды қолдану
мүмкiншiлiгi бiрталай шектеледi.
Рента шартын жəне өсиеттi қоспағанда ерекше бөлiмнiң нормалары өзге
мəмiлелерге оларды нотариатты нысанда жасау бойынша талаптарды
қарастырмайды. Егер рента төлеу үшiн қозғалмайтын мүлiк иелiктен шығарылса,
онда нотариалдық куəландырудан басқа рента шартын мемлекеттiк тiркеуден
өткiзуi тиiс. Бұндай талаптар рента шартының жоғарыда қарастырылған
ерекшелiктерiне негiзделедi. Тараптардың шынайы еркi туралы даудамайлар
туындауы мүмкiн. Мысалға, рента төлеушi мүлiк бағасын бөлiп бөлiп төлеймiн
деп болжағаны анықталуы мүмкiн. Нотариат қызметiне тараптардың нақты
мақсатын анықтау жатады, ол тараптарға ұсынылатын жобаның мағынасын жəне
мəнiн түсiндiруге мiндеттi (Қазақстан
Республикасының “Нотариат туралы” заңының 35бабы).
Рента шартының заңды құрылымының күрделiгiн ескертетiн болсақ, бұның мəнi
келiсетiндер үшiн аз емес екенiн танимыз.
Тараптар рента төленуi үшiн берiлген жылжымайтын мүлiкке (жер
учаскесiне, ғимаратқа, құрылысқа немесе өзге жылжымайтын мүлiкке) рента
ауыртпалық тудыратынын жоққа шығара алмайды. Егер рента төлеушi осындай
мүлiктi иелiгiнен шығарса, онда рента шарты бойынша оның мiндеттемелерi
мүлiктi иемденушiге өтедi. Бұл заңнамалық шешiм Ген негiзде рента
төлеушiнiң де рента алушының да мүдделерiн ескередi. Болашақта рента алушы
ҚР АК 533-бабы 2-тармағымен қарастырылған мүмкiншiлiктердi пайдаланып құны
аз емес мүлiктi өзiне қайтарып алатынын жоққа шығармау керек.
Ал, егер рента ауыртпалығы туралы 520 бабы нормасының əсерiн жылжитын
мүлiкке де таратса, онда бұнымен рента төлеушiнiң құқықтары негiзсiз
кемсiтiледi. Сондықтан, жылжитын мүлiк иелiктен шығарылған кезде
тараптардың қатынасы ренталық мiндеттеме көлемiнде сақтала бередi, одан
асып шықпайды. Тағы да мынаны қосып айтуға болады. Рента ауыртпалығының
мүлiкпен бiрге еру (ауысу) сипаты болғаныменен, өмiр бойы асырауда ұстау
қатынастарын қоспағанда, оның заттық құқықтық мiнезi болмайды.
Қозғалмайтын мүлiктi беру рента төлеушiнi толық мiндеттемеден
босатпайды. Егер заңнамамен немесе шартпен олардың ортақ бiрлескен
жауапкершiлiгi қарастырылмаса, онда алғашқы рента төлеушiсi жаңа рента
төлеушiмен бiрге субсидиарлық (қосымша) жауапкершiлiктi көтередi.
Рента төленуiн қамтамасыз ететiн норманың мiндеттi мəнi (əсерi) бар. ҚР
АК 521 бабының 1тармағына сəйкес, рента төленуi үшiн жер бөлшегiне немесе
өзге жылжымайтын мүлiкке құқық (меншiк құқығы) берiлетiн болса, рентаны
алушы рента төлеушi мiндетiн қамтамасыз ету мақсатында сол мүлiкке келiп
құқығына иеленедi. Рента төленуiн өзге жолмен де қамтамасыз етуге болады,
бiрақ осы да аса қажеттiлiк болмауы мүмкiн.
Рента төленуi үшiн жылжымайтын мүлiк берiлетiн болса, заң мiндеттеме
орындалуды қамтамасыз ету түрiн тiкелей анықтамайды. Бiрақ, əрине, бұл
реттерде ең тиiмдi болып келетiн тəсiл бұл рентаға берiлетiн немесе өзге
мүлiктiң кепiлi.
Рента төленуiн қамтамасыз ету мiндетi баламалы болып келедi. Қамтамасыз
ету орнына рента төлеушiсi бұл мiндеттемелерiн орындамаудың немесе тиiстi
орындалмаудың қаупiн (тəуекелiн) рента алушының пайдасына сақтандыруға
құқылы. Таңдау құқығы рента төлеушiсiнде болады, бұл баламалы мiндеттеме
орындалуының жалпы ережесiне сəйкес келедi (ҚР АК 285 бап).
Ренталық мiндеттеменi орындамаған үшiн жауапкершiлiк қарастырылған.
Азаматтық құқыққа жауапкершiлiктi қарастыратын нормалар əрқашан мiндеттi
болып келедi, жауапкершiлiктi қолданудан бас тарту, туралы келiсiмдер
жарамсыз болып келедi (ҚР АК 8 бабы 2 тармақ).
Нақты рента шарының өзiнде оны орындамау немесе тиiстi орындамау үшiн
жауапкершiлiктi қарастыратын нормалар, ҚР АК 522 бабын қоспағанда,
қарастырылмаған. Яғни, оған азаматтық құқықтағы жауапкершiлiк (шарттық
мiндеттемелердi орындамаған үшiн) туралы жалпы ережелер қолданылады.
Рента төлеу мерзiмiн өткiзiп алған рента төлеушi ҚР АК 522 бабына сəйкес
тұрақсыздық төлемдi (айыппұлды) төлейдi, ол ҚР АК 353 бабына сəйкес
өндiрiледi. Бiздiң пiкiрiмiз бойынша 522 баптың мағынасы көрсетiлген
айыппұлды бiр бөлiгiнде азайтуға немесе одан толығынан бас тартуға болады.
Жалпылама бұл норманы қарастыру қажетi жоқ сияқты, себебi тiкелей 353 бапты
қолданса да болар едi. Аздаған ерекшелiк рента, ақшалай төлем емес, заттай
асырау болып келетiн жағдайларда пайда болады. Бұл орын алса, айыппұл
заттай асыраудың ақшалай бағалануына сəйкес өндiрiлiп алынады.
Барлық тiзiлiп айтылған жағдайлардан басқа реттерде ренталық
қатынастарға азаматтық құқықтағы диспозитивтiлiк реттеу толығынан тарайды.
Шарт мазмұнына қатысты, үшiншi тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық мүдделердi
жəне имперсивтi нормаларды бұзбайтын барлық ережелер, тараптармен өз
қалауымен бекiтiледi. Рента ешқашан нақты уақыт шегiмен анықталмайды, бұл
шарттың мəнiсiне қатысты нəрсе. Сондықтан тараптар рента төлену мерзiмiн
келiсiмiмен анықтай алмайды. Осыған ұқсас өзге де шектеулер болуы мүмкiн.
Рента шартының түрлерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен рента
шартының үш түрi көзделген: 1) тұрақты рента шарты; 2) ғұмырлық рента
шарты; 3) өмiр бойы асырауда ұстау шарты. Жалпы нормалар шарттың аталған үш
түрiне де бiрдей қатысты болып табылады. Бұлардың əрқайсысының
ерекшелiктерi бар. Олар төлемдерiн (асыраудың) нысанында, оның ең төмен
мөлшерiнде, мерзiмдерiнде көрiнiс табады. Сол сияқты олардың субъектiлiк
қатары, олардағы құқықтық мирасқорлық жəне рентаны сатып алу құқығы,
мүлiктiң кездейсоқ бүлiнуiнiң немесе жойылуының ренталық қатынастарға əсерi
жəне басқасы ерекшеленедi.
Рента шарттарын жiктеудiң негiздерi осымен шектелмейдi. Тұрақты рента
жəне ғұмырлық рента шарттары мүлiк рента төлеушiге ақыға немесе тегiн
берiлетiнiне, мүлiк қозғалатын ба əлде қозғалмайтын ба, соған байланысты
бөлiнуi (жiктелуi) мүмкiн.
Өмiр бойы асырауда ұстау шарты осы екi шарттан едəуiр ерекшеленедi. Онда
фидуциарлық (сенiмдiлiк) сияқты сипат айқын көрiнiс табады, осы сипаты
азаматтық құқық шеңберiнен шығып кетедi деуге болады. Бiздiң ойымызша,
ондағы сенiмдiлiк отбасылық құқық ережелерiне де негiзделуi мүмкiн (бiр
бөлiгiнде).

2.1 Тұрақты рента шарты
Шарттың элементтерi. Тұрақты рента тараптары болып рента алушы жəне
рента төлеушi табылады. Тұрақты рента алушылары болып азаматтар жəне
коммерциялық емес ұйымдар келедi. Азаматтар ренталық қатынастарда тұрақты
рента алушысы болып үш жағдайда келе алады:
а) егер олар мүлiк иегерi болса жəне мүлiк олармен рентаға берiлсе
ə) тұрақты рентаны алушы мұрагерлiк салдарынан құқықтық мирасқор болса;

б) тұрақты рента азаматтар пайдасына басқа бiр тұлғамен шарт арқылы
қарастырылса, яғни үшiншi тұлға пайдасына жасалған шарт орын алса.
Азаматтарды кəсiпкер ретiнде тiркеу олардың тұрақты ренталық төлемдердi
алуы үшiн кедергi болмайды, себебi бұндай жағдайларда азамат өзiне жататын
жалпы құқық қабiлеттiлiкке негiзделiп рента қатынастарында да қатыса
бередi.
Тұрақты рента алушы ретiнде егер бұл олардың мақсатына жəне қызметiне
сай келсе коммерциялық емес ұйымдар да əрекет ете алады. Бiрақ Қазақстан
Республикасында тұрақты рента алушы болып мемлекеттiк мекемелер келмейдi,
себебi олар мемлекеттiк бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылуы мүмкiн
емес.∗ Барлық жеке меншiкке негiзделген бола алады. Ренталық төлемдер
ретiнде ақшаны алу коммерциялық емес ұйымдарға олар құрылған мақсаттардағы
қандай да болсын қызметтi жүзеге асыруға мүмкiншiлiк бередi. Ренталық
төлемдер есебiнен қаржыландырылуға тиым тiкелей жарғыларда қарастырылуы
мүмкiн, бiрақ та оларды тəжiрибелi (нақты) бекiту ақыл ойға сыйыса
бермейдi. Коммерциялық емес заңды тұлғаларда олардың пайдасына өзге
тұлғалармен орнатылған тұрақты рентаның алушылары бола алады.
Коммерциялық емес ұйымдардың пайдасындағы рентаны алушылардың қатары
өзгерiп тұруы мүмкiн.
ҚР АК 523 бабының 2 тармағына сəйкес олардың құқықтары заңды тұлғалар
қайта құрылуы нəтижесiндегi құқықтық мирасқорлық арқылы өтуi (ауысуы)
мүмкiн. Яғни, егер екi жеке меншiк мекеме бiрiккен болса жəне с.с., онда
олардың бiреуiнiң тұрақты рентаны алуға құқығы жаңадан пайда болған
коммерциялық емес заңды тұлғаға ауысады. Алайда, қайта құру нəтижесiнде
коммерциялық заңды тұлға болса, онда рентаны төлеу тоқтатылады. Сол сияқты
мұра иесiз қалатын болса, рента бойынша мемлекет пайдасына (тарапына)
құқықтық мирасқорлық орын алмайды. Тұрақты рентаны алуға құқық өзге (жеке
немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рента шартының ерекшелігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Рента шартының түрлері
Рента шартының ұғымы
Рента шарты туралы ұғым
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Шарттың азаматтық құқықтық реттелуі
Тауар жеткізілімі келісім шарты
Тұрақты рента шарты
Сыйға тарту шартының ұғымы
Пәндер