Құқықтың негізгі қағидалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі
1.2 Құқықтық норманың құрылымы,жүйелері және олардың түрлері
2. ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНСАТАРДЫ РЕТТЕУШІ
2.1 Әлеуметтік нормалардың түсінігі, мазмұны
2.2 Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет - ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері
2.3 Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі
Қорытынды

Кіріспе

Заңды тыс реттеу көптеген қарым-қатынас адамдардың жеке өмірі бар - ғашық, достық, демалыс, тұтыну және т.б.. н., саяси, қоғамдық өзара іс-қимыл Дегенмен көп бөлігі табиғат заңды болып табылады, және олар басқа да реттеледі құқықтары қосымша болып табылады әлеуметтік нормалар. Осылайша, оң әлеуметтік монополия бар реттеу. Құқықтық ережелері тек әлеуметтік, стратегиялық жабу қоғамдағы қарым-қатынастардың маңызды аспектілері. Реттеушілер үлкен мөлшерде құқығымен қатар қоғамдағы функциялары әлеуметтік нормаларды кең ауқымды орындау.
әлеуметтік норма - бұл типтік біртекті масса реттейтін жалпы ереже, қоғамдық қатынастар.
Әлеуметтік құқығына Сонымен қатар стандарттар мораль, дін, корпоративтік ережелер, кеден, сән және одан да көп болады. Жалпы мақсаты әлеуметтік нормалар адам өмір сүруі реттеу болып табылады, және соңғы бере отырып, олардың әлеуметтік өзара іс-қимыл үйлестіруді қамтамасыз ету тұрақты, кепілді сипаты. Әлеуметтік нормалар шектеу жеке тұлғалардың жеке бостандығына, шектеулер болуы мүмкін орнату және Тыйым салынған мінез.
Соңғы жылдары дүние жүзі қауымдастықта тыныс тіршілік еткен халықтар арасында гуманитарлық ғылымдарға деген құштарлық арта түскендігін анық байқауға болады. Бүкіл адамзат тарихын, оның әр кезеңдерде қалыптасқан саяси, құқықтық, әлеуметтік және этникалық ерекшеліктері, тәжірибиелерімен жетік танысу, оқып үйрену, болашақта гуманизм мен өркениет идеясына негізделген құқықтық, демократиялық мазмұндағы мемлекет құруға кеңінен жол ашады. Себебі адамзат тарихында болған мемлекеттердің саяси құрылымдары мен құқықтық жүйелерінің мәнін, мазмұнын, ішкі қозғалысының даму диалектикасын зерттеу, оқып үйрену -- тиімді басқару формасын, билік жүргізудің оңтайлы, жүйесін және халық мүддесіне сай құқықты қабылдауға тікелей мүмкіндіктер береді.
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, олардың даму заңдылығы құқық, құқықтық қатынастар, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқық жүйесі, құқық бұзушылық, мемлекеттің формалары, сот билігі сияқты көптеген категориялық ақпаратты қалыптастырады.Осыған орай қазіргі жаһандану кезеңінде саяси -- құқықтық ілімдер мен тұжырымдамаларда құқықтың жалпы даму бағыты, ішкі қозғалысының мәндік мағынасы өзінің шешімін табуда.

1. ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ
0.1 Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі

Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып,мемлекетпен бірге өмірге келіп,қоғамды реттепбасқарып отырады.Олар қоғамның,объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты.Құқықтың түсінігіне және мазмұнына келетін болсақ,оның сан қырлы түсінігі,санқырлы мазмұны бар деуге болады.Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны санқырлы бағытта дамып,байып отырады.Ғалымдар құқықты зерттегенде бірекі қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды.Мысалы;Аристотель құқықты саяси шындық,әділеттік деді,орта ғасырдың ғалымдары құқық діни норма,Ж.Ж.Руссо құқық қоғамдық билік деп түсіндірді.Осы пікірлердің бәрі дұрыс.
Құқық адамадардың өмірі мен тығыз байланыста дамиды:олардың бостандығын қалыптастырады,мінез- құлқына,іс- әрекетіне ,тәртібіне,сана сезіміне жан- жақты әсер етеді,мүдде -мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай,қамқорлық жасап қорғайды.Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп,басқарып отырады.
Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал;құқық қоғамдағы бостандықты,әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал;құқық мемлекеттік билікті,қоғамның саяси-экономикалық,мәдени-әлеуметті к даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал;құқық қоғамдағы заңдылықты ,тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал;құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал.Құқық - қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма.Оның қоғамдағы мәні ,мазмұны,маңызы мен нысаны,сайып келгенде қоғамның мәдени-рухани сипатына байланысты.К.Маркс Гота программасына сын деген еңбегінде; Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары болмақ емес-деді.
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек.Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек қателеспейміз.Құқықтың негізгі үш тірегі бар:имандылық,қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекет.Құқық имандылықтан нәр алады,неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе,соғұрлым олардың сапасы да,абыройы да жоғары болады.
Құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен,орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.
Құқықтың түсініктері бірнеше,бірақ мазмұндары біреу-ақ.Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:
қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау,орындау;
қарым-қатынастарды реттеп - басқару;
қоғамды дағдарысқа ұшыратпай,экономикалық,саяси әлеуметтік,мәдениеттік бағытын дамытып,нығайту;мемлекеттік органдардың,қоғамдық ұйымдардың құзыретін,арақатынасын реттеп басқарып отыру;
халықаралық қатынастарды реттеп басқару.
Құқықтың екі түрлі ғылыми түсінігі болады :1)құқықтың объективтік түсінігі объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;2)құқықтың субъективтік түсінігі объективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін,басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап,бекіту.

Құқықтың негізгі қағидалары:
1.Қоғамдағы әртүрлі мүдде-мақсаттарды нормативтік жүйемен реттеп-басқару;
2.Адамдардың,ұйымдардың ара қатынасындағы келіспеушілікті шешудің,реттеудің негізгі түрлерін белгілеп отыру;
3.Мемлекеттік органның қабылдаған,бекіткен нормативтік актілернің орындалуын бақылап отыру.
Құқықтың мазмұны дегеніміз-қоғамдағы қатынастарды реттеп,басқарып отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.
Құқық-үстем таптың және қоғамның заңға айналдырылған мүддесі.Бұл мүддені заңға айналдырушы және орындаушы мемлекеттік аппарат.
Құқықтың негізгіфункцияларының түрлері:
1.Қоғамның әр саласына сәйкес құқықтың экономикалық,әлеуметтік,мәдениеттік ,тәрбиелік,экологиялық,қаржылық функциялары болады.
2.Мемлекеттік биліктің үш түріне сәйкес құқықтың да үш функциясы болады:заң шығарушы,заңды орындау,заңды қорғау.
Құқықтың бұл екі топтағы функциялары мемлекеттің функцияларымен сәйкес келеді.Сонымен бірге құқықтың өзіне тән екі міндеттері болады:қоғамдағы қарым-қатынастарды дұрыс реттеп,орындалуын тездету және қатынастардың байланысын бақылап,қорғап отыру.Міне осы міндеттерге сәйкес құқықтың өзіне тән екі функциясы болады:реттеу және қорғау.

1.2 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және ол
ардың түрлері
Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың ең күрделісі,ең көлемдісі,ең маңыздысы.Құқық адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп,көбінесе заңдарда баянды етілетін,қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Құқықтық норма-қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясаттың іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді біріктіреді. Қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын тағы басқа демократиялық іс-әрекеттерді.
Құқықтық норманың құндылығы:
құқықтық нормалар қоғамды реттеп-басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс беріп отырады;
құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады;
құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;
құқықтық нормалар халықаралық,мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы.
Құқықтық норманың негізгі сипаттары:
1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды реттеп-басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әлеуметтікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени тағы басқа даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конститутцияда және заңдарда көрсетілген.
2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-тәсілдерін алдын-ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының үлгісін жасайды. Міне осы үлгілерді зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
3. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процесті типизация деп аталады. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады.
Сонымен құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын,
маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп-басқаруын толық түсінуге болады.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде-оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде-қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе бір толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп-басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасызетілетін ереже-қағида.
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп оның құрылымын қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Салық туралы заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция - қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың діңгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі-моделі. Мысалы, қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482 бабы. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:
жалпылама түрі-нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері анық-айқын көрсетілмейді; мысалы жұмыссыздық туралы заңда республикалық, облыстық, аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;
толық-айқын түрі - диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
сілтеу түрі - диспозицияның мазмұны туралыбасқа нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.
Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті қалай
орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің - 7 бабы). Гипотезаның үш түрі болады:
егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса ондай гипотезаны - күрделі гипотеза деп атайды;
егерде норманың іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса - мұндай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.
Санкция - диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса оның жағымсыз салдары
және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі болады:
абсолютті-айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу тағы басқа;
салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);
альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркінде-құзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз рөлін дұрыс,
уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл-шаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым тағы басқа бағыттағы нормалар.
2. Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық тағы басқа саладағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар; қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым салушы нормалар; ерік беруші нормалар.
5. Норманың элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке бөлінеді; нақты белгілі нормалар - мазмұны толық анық жазылған элементтері түгел; салыстырмалы нормалар - мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені болған істің жағдайына қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар - істің орындалуының, норианың жүзеге асуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.
6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар, арнаулы нормалар.
7. Мамандандырылған құқықтық нормалар - қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп-басқаратын нормалар. Мысалы азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағыттағы нормалар.
Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам өмірін
реттеп, басқарып отырады. Құқықтық нормалардың иүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау әдістерімен қатар әкімшілік немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз етіледі.
Сонымен құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.

Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің дамуын жан-жақты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар.
Құқық пен мемлекет қоғамның экономикалық, әлеуметтік даму процесін, жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттеп-басқару үшін өмірге келді. Бұл - объективтік процесс. Сондықтан құқықтың қоғамда қалыптасуы үш бағытта дамуда:
қоғамда өмірге келіп, қалыптасқан қатынастарды реттеп-басқару үшін құқықтық нормалар қабылданып, қызмет жасауда;
қоғамның объективтік даму процесінің болашағын болжап, оларды басқару үшін алдын-ала нормативтік актілерді дайындау;
қоғамның өткен дәірін ғылыми тұрғыдан зерттеп заңды тәжірибелік қорытындылар жасап құқықтық нормалардың сапасын жақсарту.
Осы процесте халықтың, ұйымдардың қоғамның дамуы қажеттілігін, тілектерін жақсы дұрыс түсінуін - объективтік құқық дейді. Ал сол объективтік процесті нормативтік актілер арқылы реттеп-басқаруды - субъективтік құқық дейді.
Бұл екі процестің арасында тығыз байланыс, бір-біріне тәуелділік, іс-әрекетінде бірлестік болады. Бұларсыз объективтік және субъективтік процесс дұрыс, жақсы дамымады. Сондықтан мемлекет бұл процестің біржақты дамуына жол бермеуге тиісті. Субъективтік құқықтың белгі-нышандары:
субъектілердің құқықтарының заңды түрде болуы;
ол құқықтарды іске асыруға, пайдалануға мүмкіншіліктің болуы;
субъектілердің бостандығын, құқықтарының дұрыс дамуын мемлекеттің бақылауында, қорғауында болуы.
Қазақстан мемлекетінің құқығының объективтік және субъективтік қалыптасу
жолдары осындай. Бұл жолмен әлемдегі барлық мемлекеттерде өтті. Құқықтың даму негіздері де, нысаны да ұқсас деуге болады. Тек аздап ерекшеліктері бар. Мысалы, біздің Қазақстан мемлекетіміздің құқығының даму процесінде діни нормалардың тәжірибесін және прецеденттік нормаларды өте аз пайдаланады. Дамыған елдердің демократияны дамыту тәжірибелерін өте кең пайдаланамыз. Қазақстан Республикасының құқық нысанының түрлері:
құқықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр;
құқықтық прецедент;
нормативтік шарттар;
нормативтік құқықтық актілер.
Қазақстан мемлекетінің нормативтік актілерінің түрлері, жүйелері Конститутцияда
толығымен көрсетілген. Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, саяси партиялар, еңбек ұжымдары өздерінің құзіретіне, өкілеттілігіне сәйкес нормативтік актілер шығарады. Олар Конститутцияға нұқсан келтірмеуге міндетті. Конститутцияның талаптарының дұрыс орындалуын Президенттің аппараты мен Конститутциялық Кеңес бақылап отырады.
Республика Конститутциясында көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар және жай жарлықтар шығарады. Республика Президентінің жарлықтары Конститутция мен Республика заңдарының негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика Президентінің жарлығымен:
1. Республика Президентінің актісін шығаруды талап ететін Президенттің конститутциялық өкілеттігі жүзеге асырылады.
2. Конститутцияда және өкімет органдарының халқының алдындағы жауапкершілік заңдарында белгіленген мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі.
3. Парламенттің заңды міндетіне кірмейтін, сондай-ақ Үкәмет пен басқа да мемлекеттік органдардың заңда көрсетілген міндеттеріне жатпайтын мәселелерді құқықтық жүйелендіру жүзеге асырылады.
4. Республиканың экономикалық және саяси-әлеуметтік дамуы жөніндегі стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.
Республика парламентінің актілері: Парламент Республиканың бүкіл аумағында
міндетті күші бар Республиканың заңдары, оның ішінде Парламенттің Конститутциялық және заңдарды қолдануды енгізу мәселелері жөніндегі Парламенттің нормативтік қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды, Парламент, өз құзіретіндегі мәселелер бойынша, сондай-ақ дара сипатты қаулылар қабылдайды.
Парламент пен Палаталар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер және заңдық сипаты болмайтын өзге де актілер қабылдауға хақылы. Парламент заң актілерін және басқадай актілерді палаталар бірлескен отырыстарында қабылдаған кезде дауыс беру Палаталар бойынша бөлек жүргізіледі.
Үкімет актілері - заңдардың және Республика Президенті актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметінің нормативтік актілері және жеке қаулылары. Үкімет актілері алқалық отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданады, оған Премьер-министр қол қояды. Премьер-министр өз құзіреті бойынша жеке өкімдер шығарады. Үкімет қаулыларының және Премьер-министрдің өкімдерінің Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен Үкіметтің өзі, ал Премьер-министр жоя алады.
Жоғары сот актілері - Республика сот билігінің жоғарғы органының заңды нысанда еркін білдіруі. Бұл жоғарғы соттың Президимуы, Пленумдары мен Төралқасының қаулылары мен өзге де актілері
Министрлік - ведомстволар өз құзіреті бойынша бұйрық, нұсқау береді. өздерінің жүйесінде бұл актілердің заң күші болады. Олардың орындалуын өздері бақылап отырады.
Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері - Кеңестер, Мәслихаттар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал губернатор, әкімдер - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.
Парламеттік Республика. Заң жүзінде жоғарғы өкімет органы парламент, сайлауда жеңіп шыққан саяси партия өкілдерінен Үкімет құрылады. Үкімет өз жұмысы жөнінен парламентке бағынышты және оның алдында есеп береді.
Мемлекеттің басқа органдарының нормативтік актілер шығару, қабылдау, бекіту құзіреттері Президенттік Республиканың көп айырмашылығы жоқ. Қазақстан 1993 жылғы Конститутция бойынша Парламенттік Республика, 1995 жылғы екінші Конститутцияға сәйкес - Президенттік Республика болды.

2.ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНСАТАРДЫ РЕТТЕУШІ
22.1 Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны

Өркениттеадамдардың күнделікті өмірінде және қызметтерінде қолданылатын көптеген әр түрлі нормалар мен құқықтар пайда бола бастады.Соныңішінде;моральдық,құқық тық,саяси,эстетикалық,корпоративтік ,адамгершілік, діни,дәстүрлі,әдет-ғұрып..Норма-бұл белгілі әлеуметтік қоғамның қатысушыларының іс-әрекеттерінің үлгісі.Бұларсыз еш мемлекет те қоғамда болмайды. Заңгерлер көбінесе құқықтық нормаларды зерттейді. Барлық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан,олар үнемі басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып отырады.
Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекеттерін реттейтін талаптар.Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар: 1) қоғамдық маңызы бар іс-әректтерге ынталанудан шығады мақсат,ой-арман,рухани құндылық т.б. 2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін,міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді; 3) қоғамдық ұйғарымның санкцияның негізі болуы керек.
Заң ғылымында қоғамдағы нормаларды 2 үлкен топқа бөледі:әлеуметтік және техникалық.Бұл жалпы бөлудің өзіндік мәні бар.Екі топтыңда өздеріне тән ерекшеліктері,негіздері болады.Құқықтанушылар техникалық нормаларды зерттеумен көп шұғылданбайды-бұл олардың қызметі емес.Олар тек өздерінің мамандықтарына қажет жағдайда ғана айналысады және техникалық норманы әлеуметтік нормадан ажыратулары қажет.Бір-бірінің объективтік критерилары мен ерекшеліктерін бөліп көрсету өте маңызды.Техникалық норма мен әлеуметтік норма өздерінің зерттеу объектісі бойынша ерекшеленеді.
Әлеуметтік норма-адамдардың бір-бірінің,адамдардың бірлестіктермен қарым-қатынасын, басқаша айтқанда әлеуметтік өмірді реттесе,ал техникалық нормалар адамдардың ішкі ортамен,табиғатпен,техникамен қарым-қатынастарын реттейді.Бұл қарым-қатынас ״адам және машина,.адам және еңбек құралы,адам және өнекәсіп типінде болады. Көрсетілген қарым-қатынастың ерекшелігі -екінші бір жағында жансыз заттар болады. Сондықтан оларды жартылай әлеуметтік маңызға ие деп айтуға болады.Техникалық нормалар ғылыми әдістерді,техникалық операциялар мен процестердің тәсілдерін анықтап отырады.Әрине, техникалық нормаларды табиғат құбылыстарымен.заңдарымен салыстыруға болмайды.Біріншісі адамдар қолымен құрылса,екіншісі адамадардың еркіне байланысты емес.
Әлеуметтік норма- жай ерікті іс-әрекеттің абслютті ережесі емес.Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен байланысы
Құқық. Оның түсінігі және қағидалары
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Азаматтық құқықтың қағидалары
Құқық қағидалары.
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Азаматтық құқықтың қағидаттары мен бастаулары
Қылмыстық құқық міндеттері
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық бірлестікті құқықтық реттеу
Құқықтың негізгі тарихи типтері, қағидалары (принциптері) және функциялары
Пәндер