Жылқы делафондиозы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультет

«Ветеринариялық санитария» кафедрасы

Курстық жұмыс

Пән: Жануарлар патологиясы.

Тақырыбы: Жылқы делафондиозы

Орындаған:Сахариев Ернұр Тексерген: Жұмабеков Х. С

Топтың студенті: ВМ-001

Қолы: Қолы:

Өткізген күні:

Комиссия: Қолы:

Баға:

Семей 2013жыл

Курстық жұмыстың жоспары:

І. Өлексені сою барысындағы жазылған хаттама

ІІ. . Анықталған ауруды талдау

2. 1. Аурудың қысқаша анықтамасы

2. 2. Этиологиясы

2. 3. Патогенезі

2. 4. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер

2. 5. Диагноз

2. 6. Дифференциальды диагноз

ІІІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі

IV. Қосымшалар

І. Өлексені сою барысында жазылған паталогиялық-анатомиялық хаттама.

Тіркеу

Мал иесі : Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының «Сауыт» шаруақожалығының малы

Өлексе: Жылқы

Жынысы : ұрғашы

Тұқымы: қазақ жылқысы

Жасы : 5 жасар

Түсі: күрең

Қонымдылығы: төмен (арық)

Өлген күні: 19. 10. 2013ж

Сойылған күні: 20. 10. 2013ж Шәкәрім атындағы СМУ-ның прозикториясында

Сойған: Сахариев Ернұр, Бақыт тілек

Союға қатысқандар: Болатбекова Д. Б., Тастемирова Ш. А., Сархамбаева И. Қ

Мал қашан ауырған : 14. 11. 2013 жылы ауырған жылқы тынышы кетіп, жерге құлай берген, ұзақ аунақшып, тапыршып, шалқая жатып төрт аяғын көкке көтеріп, кейде алдыңғы аяқтарына суйеніп, бөксесін бүгіп итше отырып алаған, іші шығып. Аталған сырт белгілері айқындалып, түйнеуі дүркін-дүркін қайталанып ұзақ уақыт созылған. Мал дел-сал болып есеңгіреген. Аузындағы шөбін тісіне қыстырған қалпы шайнамай, есіней берген. Іші түйнеп қатты шаншыған, өлімге ілезде ұшыраған.

Өлім белгілері: Өлексенің дене темперетурасы қоршаған орта темперетурасынан төмен, іріп шіру байқалмайды. Құлағында, танау, ауыз қуысында өзгерістер жоқ. Денесінде дақтар мен қанталаулар кездеспейді. Буындары сіресіп, құрысып-тырысып қалған.

Сипаттау бөлімі:

Өлексенің сыртқы түрі мен жалпы сипаттамасы : Жылқы өлексесі оң жағымен жатыр. Қатты арықтаған, іші шығып бүйір жағында көлемі ұлғайған. Іші өткен, артқы жағында іздері қалған, қан аралас екені айқын көрініп тұр. Сирақтары құрысып - тырысып қалған.

Көзге көрінетін кілегей қабықтары мен көздің жағдайы : көздің кілегей қабықтарында аздаған қанталулар байқалады. Ауыз, танау кілегей қабықтары табиғый түсті, өзерістері жоқ.

Жүні : Түсі күрең. Аздап жүні түскен кейбір жерлерде, қажалған жерлер бар.

Тері және тері астындағы шелі : терісінің аздаған қажалған іздері бар, түсі қалыпты. Қызару, қанталау, күлдіреуіктер жоқ.

Бұлшық еттері мен сіңірлері : бұлшық еттері бүтін, аяқ сіңірлері құрысып - тырысып қалған

Сүйектері мен буындары: бүтін, анатомиялық жағдайда дұрыс орналасқан. Буындарын кескенде буынаралық сұйықтық ақты, сүйектін түсі-табиғи түс, қатты.

Көкірек қуысы: мүшелердің орналасуы анатомиялық жағынан дұрыс, қан аралас сұйықтық пен іріңдіктер көрінді, онын көлемі 35-40 мл-дей. Делафондиялардын балаңқұрттарының зақымдауынан болған .

Жүрегі және қолқа қақпақшалары : мүше көлемі бірқалыпты, қанға толы, бозарған түс байқалмайды, қарыншалары мен жүрекшелері сұйыққа толы, жүрек қабында қанды сұйық жиналған. Қолқа қақпашаларында көлемі 20 мм-ге дейін тромбтар бар. Оның құрамында қызғылт түсті балаң құрттардың личинкалары кездесті.

Өкпесі : қанға толған, ұлғайған, тығыздалып, қоңыр түске еніп, талаққа ұқсайды. Суға салса тастай батады. Өкпе капиллярлары кеңейген, қанға толған, қабырғаларының өткізгіштік қасиеті артқан. Кесіп көргенде тілік бетінен лайсан сұйық, арасында ас бұршғындай жұмыр құрттар табылды. Сондай-ақ көлемі көк нәр дәніндей ақшыл-сұр түсті некроз ошақтары кездеседі. Суға салғанда ауыр батады.

Талақ : толығымен қанталауға ұшыраған күйде, көлемі өзгермеген және жолақ тәрізді қанталаған. Тілгенде қанды сұйық шығады, шеттері бірігеді. Қырындысы анық емес.

Бүйен: қабырғасы қалыңдаған, сірі және кілегей қабықтары қарақошқыл өңді, қанаралас сұйық бар, қарамай (деготь) түсті.

Тоқ ішек: толық зақымданған, кілегей қабықтары сұр жасылдау түсті өлеттенген, сірі қабықтарында көптеген дақты қанталаулар көрінді. Ішек қуыстарында бұлыңғыр-қызғылтым сұйықпен қатар шоколад тәріздес нәжіспен кетелген. Тоқ ішек қабырғасын балауса құрттар жайлаған, айналасын қоршай қалыптасқан түйіндерде іріңге ұрсас сұйықтық бар.

Шажырқайы мен тік ішегі : ішек жуандаған, іштері тромбпен кептелген ағзаның сір және кілегей қабықтары, шажырқайы қаптаған қанталау. Қабынған шажырқайда іріңдіктер бар. Көлемі әрқайлы өсінді қалташалар бар, оларды оларды ішінен деляфондияның балаңқұрттары табылды, саны 150 ге жуық. Ішектің сірі қабығында фибрин шөгіп перитонит дамыған.

Алдыңғы шажырқай артериясы : Аневризмалар таспиық тастарындай шажырқай артерияларын бойлай орналасқан, қабырғалары өте қалың шеміршектей нығыз, үлкендігі грек жаңағындай. Интима төмпешік тәрізді бұлтыйып, кедір-бұдырланған, бетінде майда ұйыстар (тромбоз) кездесті. Оларда жұмыр құрт личинкалары мен ұзындығы 1, 5 см-дей қызғылт түсті құрттар бар.

Бүйрек : майда жолақты дақтар кездеседі. Көлемі ұлғайған, қанға толы. Түсі бозарған, нүктеленіп қанталаған, бозғылт. Кескенде шеттері бірікпейді. Шекарасы анық емес. Капсуласы оңай шешіледі.

Құрсақ қуысы : серозды-қанараласқан сұйыққа толы. Қабырғаларында фибрин жіпшелері шөккен. Қан тамырлары бүлінген тромб эмболияға ұшыраған іріңді артериит пайда болған.

Қуығы мен несеп шығару түтігі : қан аралас несепке толы кілегей қабықтары қанталаған.

Сыртқы жыныс мүшелері - қанталаған, артқы тесік маңындағы тері көгеріп кеткен

III. Қорытынды бөлім

Патологиялық-анатомиялық диагноз

  1. Арықтау, жалпы анемия.
  2. Алдыңғы шажырқай артерияларында аневризмдер мен тромбоздар.
  3. Ішектің кілгей қабығының бүрлерінде некроздар.
  4. Іш қатуы капростаз.
  5. Құрсақ қуысының қан тамырларында іріңді артериит, периартериит.

Өлім себебі туралы соңғы қорытынды.

Барлық аталған клиникалық белгілерге байланысты өлген жылқыны сою нәтижесінде патологиялық-анатомиялық өзгерістерге байланысты “Жылқы делафондиозы” деген алдын-ала қойылған диагнозымыз расталды.

Анықталған ауруды талдау:

Аурудың қысқаша анықтамасы.

Жылқы делафандиозы алдыңғы шажырқайлық артериясының ұйысуға (тромбозға) және аневризмаға ұшыраумен сипатталатын жылқы және есек ауруы.

Қоздырғышы Delofondia vulgaris . Ауруды Strongylidae тұқымдастығына жататын Delofondia vulgaris нематодасының балаусасы қоздырады. Дертті ересек құрттың балаңқұрттары тудырады, олар тік ішек сырты қантамырларын, шажырқайдың артерияларын жайлайды, ішкі қабығын тітіркендіріп қабындырады, тамыр ішінде қан ұйып түйіледі, ал оның қабырғасы созылып кеңейеді, соның салдарынан өсінді қалташалар (аневризм) пайда болады. Ауырған жалқының танышы кетіп тыпыршып мазасызданады, іш түйнеп қатты шаншиды, өлімге ұшырауы да ілезде болуы мүмкін.

Өсіп өнуі. Жалқының тоқ ішегінде күн етіліп жатқан ересек далафондиялар жұмыртқалары нәжіспен бірге сыртқы ортаға шығады да, олардан босаған балаусалар бір аптаның ішінде малға жұғу қасиетіне иеленеді. Сумен, азықпен бірге жұтылған олар ішек қабырғасы арқылы шыжырқайлық артерия тармақтарына енеді де, қан ағысна қарсы қимылдап, интиманы жарақаттап, артерияны қабындырады. Инвазиялық балаңқұрттар жылқы ішегіне түскен соң, сыртқы қабықшасын тастап, кілегейлі қабыққа тереңірек бойлап, одан әрі қан-тамырларына енеді, ет және шажырқай артерияларына түседі. Олар белсенділікпен қан қарсы жүзіп шажырқай артериясына, қолқа және оның тармақтарына дейін жетеді. Мұнда қан ағысы бәсендейді, қан ұйып, қатайыптромбыға айналады. Бірақ балаңқұрттар өсуін жалғастыра береді, олар сыртқы қабықтарын тастап түлейді, ұзындығы 2 см-дей болды. 5-6 ай өткен соң балаңқұрттар «тұтқаннан» құтылып қантамырлар ішіне қайта түсіп, (көшіп жүрген оларды эмбол дейді) қан ағымымен бірге бүйен мен тоқ ішекке келеді, одан аталған органдардың қатпар қабырғасына кіріп тоқтап, онда 3-4 апта түрақтап үлкендігі бұршақтай түйіндер түзіліп, одан қайта шығады, ақырында ішектің қуысына өтіп, жынысы жетілген еркек және ұрғашы жұмыр құртқа айналады. Толық даму айналым мерзімі 6-7, 5 ай.

Эпизотологиясы. Деляфондиоз барлық жерлерде кездесетін індет. Дертті ересек құрттары бар малдар таратады індет дымқылды, жаңбыры көп жылдары көп ұшырайды. Энтоозия түрінде өршіп жылқы арасында бірен саран өлім байқалады. Жас туған 2-3 айлық құлын қантамырларынан өсінді қалташалар табыла береді және олар 1-3 жастағы малда көбірек кездеседі.

Аурдың өрбуі. Деляфондияның балаңқұрттары ішек қатпарларына енген соң оларды жаралайды, ішек пен шыжырқайдың сірі қабықтарына көлемі ноқаттай көптеген қанталау ошақтары пайда болады балаң құрттар мал қантамырларының ішіне енген соң қанның ағысына қарсы жылжып қантамырларының ішіне енген соң қанның ағысына қарсы жылжып қантамырларды біртіндеп бітейді, себебі ішкі қабығы эндотелийдің зақымдануынан қан ұйып тромбыға айналады. Қантамырларының ішкі қабығының нығыздалып қатаюынан склероз дамыйды. Балаңқұрттардың улы заттар бөліп шығару әсерінен орталық жүйке жүйесі зақымданып, малды күйсіздендіреді. Гельминттер әлсіреген денеге сақаудың қылаудың т. б. індет қоздырғыштары жұғуына ықпалын тигізеді. Сонымен қатар шажырқайда іріңді қабыну пайда болып бүкіл организмді сепсиске апарып соғады, ақырында мал өліп тынады. Ішекті қоректірендіретін артериларда өсінді қалташалар орын ала бастайды. Олардың саны 50-ге дейін не одан да көп болуы ықтимал, басым көпшілігі алдыңғы шажырқай артериясында болады. Өсінділердің үлкендігі бұршақтай, кейде жұмыртқадан да ірі, тіпті кейбіреулерінің салмағы 16-35 кг дейін жетеді. Мұндай қомақты аневризмдер жарылып кетуі де мүмкін, онда құрсақ қуысына қан құйылуы салдарынан түлік көп ұзамай жан тапсырады. Кейде өсінді қалташалар іріңдейді ( абцесстер) . Аневризмдер жүйкетамырлары мен торшаларды қысқандықтан, олар семеді, орнын дәнекер ұлпалар басады нәтижесінде қоршаған жүйке тамырларының қызметі бұзылады. Малдың іші қатады (капростаз), ішек айналады (инвагинация), түйелейді.

Ішектің зақымданған бөлігінде қан айналымының бұзылуына байланысты (тромбоз, эмболия), инфаркт өрбіп, ағзаның кілегей қабығы оның бүрлері жансызданады (некроз) . Түйнек белгілері жиілейді. Ішектің бүлінген тұсы жиырылуын (перистальтика) мүлдем деп тоқтатады, ішінде газ жиналуынан, ішек қампиып, керіледі. Ішек қатпарынанқұрсақ қуысына зардапты микроптар түседі, олар көбейіп сірі қабықты қабындырып, перитонитке апарады дене жаппай уланып жануар жан тапсырады. Құрттың азғантай мөлшерімен зақымданған жылқыда патологиялық өзгеріс процестері онша көп өршімейді. Өсінді қалташалар 2-3 айлық құлындардан бастап, барлығында кездесе береді, алайда аурудың клиникалық көріністері өте сирек болады. Гельминттер қантамырларды көптеп зақымдаса құлындар делафондиоз жіті түрінен жиі өлімге ұшырайды.

Сырт белгілері әрқыйлы. Олар қантамырларындағы балаңқұрттардың аз-көптігіне байланысты егер құлын бірінші рет деляфондылармен зарарланса онда ауру жіті түрінде өтеді, дене қызуы 41С-қа дейін көтеріледі, анемия пайда болады, қарын ішектің қызметі бұзылады. Екінші рет инвазияны жұқтырған малда клиникалық көріністер әдетте байқалмайды. Инвазияның созылмалы түрінде, оқта- текте ішек айналуы, түйілуі, яғни тромбо эмбол түйнеуінің көріністері айқындала түседі. Деляфондиоз 5-10 жастағы аттарда ақпан, наурыз ауларында жиы кездеседі. Бұл аурулардың жеңіл және ауыр өтетін түрлері бар.

Жеңіл түрі бір сағаттан бірнеше сағатқа созылады, ауру тәуілік бойы өрбіп жылқының жазуымен аяқталады. Әуелі ауру мал қатты мазасызданады, жата қалп дамылсыз аунай бастайды, еріксіз нәжіс шығарады, тамыр соғысы (пульс) және деп алуы қалпында сақталады. Көп уақыт өтпей түйнеу белгілері бәсеңдейді сонан соң қайта басталады. Түйнеу аралығында мал өзін еркін ұстайды, жем-суын қабыдай береді.

Ауыр түрі жылқы жерге құлай береді, ұзақ аунақшиды, тапыршиды, шалқая жатып төрт аяғын көкке көтереді, кейде алдыңғы аяқтарына суйеніп, бөксесін бүгіп итше отырып алады, іші шығып кетеді. Аталған сырт белгілері айқындалып, түйнеуі дүркін-дүркін қайталанып ұзақ уақыт созылады. Мал дел-сал болып есеңгірейді. Аузындағы шөбін тісіне қытырған қалпы шайнамай, есіней береді. Дерттің бастапқы кезінде ішектің жиырылуы күшейіп, іші жиы өтеді, сұйық нәжісі қанралас болады. Перистальтика біртіндеп бәсеңдей беріп, тоқтайды, нәжіс ішекте қозғалмайды метеоризм пайда болады. Көтенішек арқылы қолды сұғып зерттегенде, бүйен және тоқ ішектің (ішін газ кеулегеннен) ұлғайғаны байқалады. Ауру асқынғанда (энтерит, перитонит) дене қызуы көтеріледі, пульс әлсірейді, бұлшық еттерінде діріл пайда болады, сирақтары құрысып тырысып қалады. Ауыр түрі 1-2 күнде өтеді, мал өлімге ұшырайды ал сирек жағдайда дерт 15-20 күнге созылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар патологиясы. Жылқы делафондиозы
Халық шаруашылындағы жылқы шаруашылығының маңызы
Жылқы етін өндіру, жылқының ет өнімділігі, еттің биологиялық құндылығы
Міністі жылқы тұқымы
Башқұр жылқы тұқымы
Өнім сапасын жақсарту
Дон жылқы тұқымы
Жылқы малдарының гигиенасы
Ем – дәмдік тамақтану туралы
Етті және ет өнімдерін концервлеуді мал дәрігерлік санитарлық және өндірістік практика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz