Цилиндрді майлау майы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Дипломдық жоба Құмқөл кен орнында ұңғыманы меңгеруде қолданылатын дизельді - компрессорлы станцияның жұмысын талдау және құрылысын жетілдіру тақырыбында жазылған.

Жоба түсіндірме жазбадан және графикалық сызба жұмыстарынан тұрады.

Техникалық бөлімде компрессорлы станцияның құрылысына талдау жасалған.

Есептеу бөлімінде компрессорлы станцияның негізгі есептеулері жүргізілген.

Патенттік бөлімінде компрессорлы станцияның жұмыс істеу мерзімін ұзарту мақсатында компрессордың поршені құрылысына жетілдірулер жасалды.

Экономикалық бөлімде компрессорлы станцияның жұмыс істеу тиімділігі есептелінген.

Еңбек қорғау және өндірістік экология бөлімдерінде техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылған.

Аннотация

Данный дипломный проект выполнен на тему "Анализ работы и совершенствование конструкции компрессорный станции для освоение скважин на месторождений Кумколь" и состоит из пояснительной записки и графической части.

В проекте дан анализ существующей конструкции компрессорного станций для освоение скважин.

В патентой часте с целью надежности и долговечности работы компрессорный станции был усовершенствован конструкция поршеня компрессора.

В экономической части приведены расчеты эффективности работы насосов.

В разделе охрана труда и промышленной экологии рассмотрены проблемы охрана окружающей среды и техника безопасности.

Мазмұны

Кіріспе
8
: 1.
Кіріспе: Техникалық бөлім
8: 10
: 1. 1.
Кіріспе: Құмқөл кен орнында ұңғыманы меңгеруде қолданатын компрессорлардың құрылысын және жұмысын талдау
8: 10
: 1. 1. 1.
Кіріспе: Компрессор анықтамасы
8: 10
: 1. 1. 2.
Кіріспе: Компрессор түрлері
8: 12
: 1. 1. 3.
Кіріспе: Қалақшалы компрессорлар
8: 17
: 1. 2.
Кіріспе: Жобаланатын компрессордың жұмысы және құрылысының сипаттамасы
8: 25
: 1. 2. 1.
Кіріспе: Қызметі
8: 25
: 1. 2. 2.
Кіріспе: Техникалық көрсеткіштері
8: 25
: 1. 2. 3.
Кіріспе: Станция жұмысы
8: 28
: 1. 2. 4.
Кіріспе: Станцияның қосалқы бөліктерінің жұмысы және құрылысы
8: 28
: 1. 2. 5.
Кіріспе: Станцияның құрылымы
8: 32
: 1. 2. 6.
Кіріспе: Қауіпсіздік шарттарының көрсеткіші
8: 35
: 1. 2. 7.
Кіріспе: Станцияның жұмыс тәртібі
8: 35
: 1. 2. 8.
Кіріспе: Станцияға техникалық қызмет көрсету
8: 39
: 2.
Кіріспе: Есептеу бөлімі
8: 42
: 2. 1.
Кіріспе: Компрессор сатысының негізгі өлшемдерін есептеу
8: 42
: 2. 2.
Кіріспе: Компрессор элементтерін беріктікке есептеу
8: 44
: 2. 3.
Кіріспе: Компрессордың трансмиссиялық бөлігінің элементерін есептеу
8: 51
: 3.
Кіріспе: Патенттік ізденіс
8: 53
: 3. 1.
Кіріспе: Патенттік шолу
8: 53
: 4.
Кіріспе: Экономикалық бөлім
8: 57
: 4. 1.
Кіріспе: Техника - экономикалық көрсеткіштерді есептеу
8: 57
: 5.
Кіріспе: Еңбек қорғау
8: 61
: 5. 1.
Кіріспе: Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы
8: 61
: 5. 2.
Кіріспе: Жарылысқа қауіпті жұмыстарды қауіпсіз орындауға қойылатын жалпы талаптар
8: 61
: 5. 3.
Кіріспе: Нысаналарда апаттарды жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары
8: 64
: 5. 4.
Кіріспе: Қауіпсіздік техникасы бойынша қабылданатын шешімдер
8: 64
: 5. 5.
Кіріспе: Өндірістік санитария. Өндірістік шу
8: 66
: 6.
Кіріспе: Өндірістік экология
8: 69
: 6. 1.
Кіріспе: Ауалық бассейннің ластануы
8: 69
: 6. 2.
Кіріспе: Ауалық бассейннің ластануын бәсендету шаралары
8: 71
:
Кіріспе: Қорытынды
8: 72
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
8: 73
:
Кіріспе: Қосымшалар
8: 74
:
Кіріспе:
8:
:
Кіріспе:
8:
:
Кіріспе:
8:
:
Кіріспе:
8:
:
Кіріспе:
8:

Кіріспе

Меңгерудің компрессорлық әдісі. Бұл әдіс фонтанды, жартылай фонтанды және механикаландырылған ұңғымаларды меңгеруде кеңінен қолданыс тапты. Ұңғымаға сорапты компрессорлы құбыр тізбегі түсіріледі, ал ұңғыманың сағасы фонтанды арматурамен жабдықталады. Құбыр аралық кеңістікке компрессорға жалғанған айдау құбыры жалғанады.

Газ айдау кезінде сұйық құбыраралық кеңістікте сорапты компрессорлы құбырдың башмагына дейін және алдын-ала сәйкес келетін тереңдікке дейін дайындалған. Сорапты компрессорлы құбырдағы жүргізу тесігіне дейін ығыстырылады. Газ сорапты компрессорлы құбырға келгеннен кейін ондаға сұйықты газдандырады. Соның нәтижесінде түптегі қысым төмендейді. Газ шығынын реттеу арқылы құбырдағы газсұйық қоспасының тығыздығын және түптегі қысымды өзгертуге болады. Түптегі қысым қабат қысымынан төмен болғанда сұйықтың ағыны басталады, және ұңғыма фонтанды немесе газлифтілі режимге ауысады. Қалыпты сұйық ағынын алғаннан кейін ұңғыма тұрақты жұмыс режиміне ауысады.

Бұл әдісті борпылдақ және тұрақты емес тау жыныстарында бұрғыланған ұңғымаларға қолдану тиімсіз. Сонымен қатар кейбір аудандарда тереңдігі 4500-5500 м тереңдіктегі ұңғымаларды меңгеруде бұл әдісті қолдану тиімсіз болып табылады. Ұңғыманың түбінен сұйықты шығару үшін, қабат энергиясын мүмкіндігінше толық пайдалану үшін және ұңғыманы жуу мүмкіндігін жақсарту үшін сорапты компрессорлы құбырдың башмагын жоғарғы перфорацияланған тесікке дейін түсіру керек. Терең ұңғымаларда сорапты компрессорлы құбырдың башмагына дейін сұйықтың деңгейін жеткізу үшін, бірнеше ондаған МПа қысым керек болады. Бұл меңгеруді қиындатады. Сол себептен құбыр тізбегіне алдын-ала анықталған жүргізу тесігін жасайды. Құбыр аралық кеңістікке түсірілген сұйық деңгейі бұл тесіктерді ашады, ал айдалатын газ тесік арқылы сорапты компрессорлы құбырға келіп түседі де тесіктен жоғары тұрған сұйық бағанын газдандырады.

Өнімді газ қабатын ашу - ұңғыманы бұрғылаудың соңғы процесі.
Өнімді қабатты ашу технологиясы ұңғыманы меңгеру шарттарына әсер етіп, өнімділіктің сипаттамасын анықтайды. Өнімді қабатты ашу әдістері қабат қысымына, өнімді қабаттың сипаттамасына және басқа да факторларға тәуелді болады.

Өнімді қабатты ашу кезінде ашық фонтандаудың алдын алып, түп аумағы жыныстарының табиғи сүзілу қасиеттерін сақтау қажет. Егер, қабаттың өткізгіштігі төмен болса, онда газ ағынының қарқындылығын жоғарылату мақсатында ұңғыманың түп аумағының сүзілу қасиетін жақсартатын әртүрлі әдістерді қолданады. Одан бөлек, қабаттың газ бөлігін, сүзілу кедергісінің төмен коэффициенті мен ұзақ уақыт сусыз газ ағынын алу мақсатында ашу әдісін қолдануға болады. Сонымен бірге ол ең жоғарғы газ бергіштік коэффициентін қамтамасыз етуі керек.

Ашық апаттық фонтандаудың алдын алуда түп аумағында қысымға қарсы саз ерітіндісінің бағаны қамтамасыз етеді. Ол үшін әдетте ұңғыма бағанындағы саз ерітіндісінің қысымы, түптегі қысымнан 10÷15%-ға жоғары болуы қажет, яғни оған бірлік салмағы сәйкес келетін жуу ерітінділерін (барит немесе гематит қосылған бор ерітіндісін) қолдануға болады. Егер, жуу сұйығының сапасы төмен болса, онда бағанада саздың тығыз қабатшалары пайда болады. Ескере кету керек, саз қабатының өткізгіштігі қабаттың өткізгіштігінен екі есе төмен болады. Яғни ол ұңғыма түбінің өнімділігін бірден төмендетіп жібереді. Сол себептен, өнімді қабатты ашу кезінде жуу ерітіндісінің сапасына көңіл аудару қажет: су бергіштігі кем дегенде 30 минут ішінде 2÷3 см 3 жоғары; тұтқырлық стандартты қондырғыда (вискозиметр) 18÷25 сек аралығында болуы керек. Көп жағдайда КМЦ (карбоксил-метил-целлюлоза) және басқада қоспалары бар ерітіндіні қолданады.

Терең ұңғымаларды меңгеру үшін жоғары қысым тудыратын комрессорлар қажет. Сорапты - компрессорлы құбырдағы сұйықты газдандыруда қысым төмендейді және ұңғыма түбіндегі қысымда төмендейді.

Мұнай және газ ұңғымаларын ауа айдау арқылы меңгеру ұңғымада жарылысқа қауіпті қоспаның пайда болуына байланысты тиым салынған. бірақ инертті немесе жарылысқа қауіпсіз газдарды (азот, құрамында оттегі өте аз газдар және т. б. ) қолдану ұңғыманы меңгерудің компрессорлы әдісін пайдалануға мүмкіндік береді.

1. Техникалық бөлім

1. 1. Құмқөл кен орнында ұңғыманы меңгеруде қолданатын компрессорлардың құрылысын және жұмысын талдау

1. 1. 1. Компрессор анықтамасы

Компрессор - газды немесе ауаны сығу қысымы 0, 2 МПа дан төмен емес қысымда сығуға арналған машина. Машиналар ауаны төменгі қысымда сығатын болса, онда ол желдеткішке жатады.

Компрессорлар құрылысына байланысты келесі түрде бөлінеді: көлемдік (поршенді, винтті және пластиналы) және қалақшалы трубокомпрессорлы (ортадан тепкіш және осьтік) .

Компрессорлар қысымының дамуына байланысты келесідегідей болып бөлінеді:

  • вакуум - сораптары, айдау қысымы кезіндегі жұмыс жасайтындар, атмосфералыққа тең;
  • вакуум - компрессорлары, айдау қысымы кезіндегі жұмыс жасайтындар, атмосфералықтан жоғары;
  • желдеткіштер, 1, 15-ке дейінгі сығу деңгейінде жұмыс жасайтындар;
  • газ үрлейтіндер (айдайтындар), 1, 15-тен жоғары сығу деңгейінде жұмыс жасайтындар, бірақ жасанды желдеткішсіз;

Компрессорлар жетегінің түріне байланысты газмоторлы болып келеді, яғни компрессор жетегі мен газ қозғалтқышы бірге жасалған. Жетекті компрессорлар қажетті айналу жиілігіне, қуатына және диапазон параметрлерін басқаруға байланысты электроқозғалтқышты газотурбинді немесе іштен жану қозғалтқышты болуы мүмкін.

Компрессорлар ауаны немесе газды беруіне байланысты төмендегідей болып бөлінеді: төменгі - 0, 015 м 3 / с дейінгі, орташа - 0, 015 тен 1, 5 м 3 / с ке дейінгі, жоғарғы - 1, 5 м 3 / с тан жоғары.

Компрессорлар қысымы айдау қысымына байланысты төмендегідей болып бөлінеді: төменгі (Рн = 0, 2 - 1 МПа), орташа (Рн =1-10 МПа), жоғарғы (Рн = 10 - 100 МПа) және өте жоғары (Рн 100 МПа дан жоғары) қысымды.

Компрессорлар газды сығу сипаттамасына байланысты ауалы және газды болуы мүмкін.

Барлық цилиндрларының орналасуына байланысты компрессорлар көлденең және тік, бұрышты (І - тәрізді, V - тәрізді, W - тәрізді) және оппозитті (поршендардың қозғалысы қарама қарсы) болып бөлінеді.

Компрессорлар поршендарының конструкциялық орналасуына байланысты төмендегідей болып бөлінеді:

сығу сатысының санына байланысты - бір, екі және үш сатылы және т. с. с.

қатар санына байланысты, яғни цилиндрлердің орналасуы бір, екі және көп қатарлы болып бөлінеді.

Қозғалыс механизм конструкциясына байланысты крейцкопфты және крейцкопфсыз болып бөлінеді.

Цилиндрлердің орналасуына байланысты көлденең, тік және бұрышты болып бөлінеді.

Цилиндрдің қозғалыс принципіне байланысты қарапайым немесе екі қозғалысты сонымен қатар дифференциальды цилиндрлі: салқындату ортасын ауамен немесе сумен салқындатуына байланысты.

Бастапқы қысымы атмосфералық қысымнан жоғары қысымда газды сығатын компрессорлар дожимді компрессорлар болып аталады.

Компрессор машинасының негізгі топтық ортасын салқындатқыш агентін сығуды жүзеге асыратын салқындатқыш машинасы құрайды.

Қондыру әдісіне байланысты компрессорлар стационарлы және жылжымалы болып бөлінеді (кесте 1)

Кесте 1. Компрессорлар түрі

Компрессорлар типі
Қызметі
Қысымның жоғарлау деңгейі
Берілісі м 3 / мин.
Компрессорлар типі: Қалақшалы осьтік
Қызметі:

Желдеткіштер

Компрессорлар

Қысымның жоғарлау деңгейі:

1 - 1, 04

2 - 20

Берілісі м3/ мин.:

50 - 1

100 - 15000

Компрессорлар типі: Ортадантепкіш
Қызметі:

Желдеткіштер Газүрлегіштер

Компрессорлар

Қысымның жоғарлау деңгейі:

1 - 1, 15

1, 1 - 4

3 - 120

Берілісі м3/ мин.:

0 - 6000

0 - 5000

100 - 4000

Компрессорлар типі:

Көлемдік:

поршенді

Қызметі:

Вакуум- компрессорлар

Вакуум-сораптары

Қысымның жоғарлау деңгейі:

1 - 50

2, 5 - 1000

Берілісі м3/ мин.:

0 - 100

0 - 500

Компрессорлар типі: Роторлы
Қызметі:

Вакуум - сораптары

Газүрлегіштер

Компрессорлар

Қысымның жоғарлау деңгейі:

1 - 50

1, 1 - 3

3 - 12

Берілісі м3/ мин.:

0 - 100

0 - 500

0 - 500

1. 1. 2. Компрессор түрлері

Компрессор түрлері поршенді, бұрышты, оппозитті, газмоторлы компрессорлар, ортадан тепкіш компрессорлар, газды винтті компрессорлар, жылжымалы компрессорлы қондырғылар.

Поршенді компрессор - жоғары қысымда (40 МПа дейін және одан жоғары) айдауды қамтамасыз ететін поршен көмегімен газ (бу, сұйықтық) энергиясын шығаруға арналған машина. Артықшылығы ондағы компрессор - ПҚК жоғары және бір сатыдағы цилиндрдегі қысым деңгейінің жоғарылауы, сығылған газдың максимальды қысымы, әртүрлі компрессорлардың базасына бір модем орнатуға болады және пайдалану шарттары өзгергенмен қуаты сақталады.

Поршенді компрессордың негізгі артықшылығы - сығылған газдың тығыздығының өзгеруі қндай көп әсер етпейді. Сол кезде динамикалық тепе теңдіктің сақталмауы металл көлемінің көптігі себебінен болады.

Табиғи және мұнай газын, сонымен қатар ауаны компрессорлау үшін электрмен жабдықтау жүйесінің дамыған аудандарында бұрышты және оппозитті электродвигател жетегімен поршенді компрессорларды қолданылады.

Поршенді компрессордың жұмыс істеу принципі.

Газды сығу процессі төмендегідей жолмен жүзеге асады. Поршеннің цилиндрдің сол жақ шетінен қозғалғанда орта кеңейіп клапан ашылады да патрубкадан газ цилиндрге келіп түседі. Поршен цилиндрдің оң жақ шетіне жеткен кезде цилиндрдегі қысым сору сызығындағы қысыммен теңеседі, соның нәтижесінде сору клапаны жабылады.

Газды сығу поршеннің сол жаққа қарй қозғалған кезінде басталады. Цилиндрдегі газдың қысымы айдау сызығы қысымынан шамалы жоғарылағанда, айдау клапаны ашылады, сығылған газ азаяды және келесі қысыммен поршеннің қозғалысымен газ цилиндрден поршеннің сол жақ шетіне жеткенге дейін айдау сызығына түседі. Содан кейін сору және айдау процесстері қайталанады.

Компрессорлардың шарттары.

Стационарлы бұрышты компрессорлар көпсатылы крецкопфты электродвигателі қоса орнатылған, қондырғының ыңғайлылығы және құрастыруда шығынның көлемін азайтуды қамтамасыз ететін және электродвигателден жетекке берілісті ремен арқылы жүзеге асыратын машина.

Крейцкопфты бұрышты (тікбұрышты) компрессорлар бірқатар машиналардан тұрады, бір бірін алмастыратын бірнеше түйіндермен және бөлшектерден тұрады. Қатардың негізін П бұрышты база құрайды, яғни ол рамадан (станина), кривошипті - шатунды механизмнен (қисық валдан, шатуннан, крейцкопфтан) тұрады және олармен бірге майлау жүйесі байланысады.

Бұрышты базаның негізгі техникалық мәліметтері кестеде көрсетілген және бұрышты компрессордың техникалық сипаттамасы да көрсетілген.

База шифры мынаны білдіреді: әріптің алдындағы цифр поршен күшін (кН), поршен әріпі цилиндрлер қатарларының өзарар орналасуын көрсетеді, мысалы, 2П - тікбұрышты база.

Компрессор шифры мынаны білдіреді: әріптің алдындағы цифр поршен күшін (кН) білдіреді, әріптер - ауаны (ВП) немесе газды (ГП) сәйкесінше сығуға арналған поршенді компрессор (кесте 2) .

Кесте 2. Компрессорлар базасы

База
Шток күші, кН
Қатар саны
Поршень ұзындығы, мм
Айналу жиілігі, С 1 (мин -1 )
Поршеннің орташа жылдамдығы, м/с
База:

Шток күші, кН:

20

30

50

70

Қатар саны:

2

2

2

2

Поршень ұзындығы, мм:

125

210

220

300

Айналу жиілігі, С1(мин-1):

12, 25(135)

8, 33(500)

8, 33(500)

6, 25(375)

Поршеннің орташа жылдамдығы, м/с:

3, 06

3, 5

3, 65

3, 75

Саннан кейінгі әріп саны - берілісі (м 3 /мин) : белгіде - соңғы сығу қысымы (МПа) .

Дожимді компрессорлар үшін белгіде екі цифр көрсетіледі: біріншісі сору кезіндегі сығылған қысымды білдіреді, екіншісі соңғы сығу қысымын білдіреді.

Компрессорлардың конструкциялық ерекшеліктерінің сипаттамасы үшін келесі белгілер келтірілген:

  • 0 - цилиндрлерді және сальниктерді майлауды білдіреді;
  • нөлдің алдындағы цифр - модификациялаудың тәртіптік номері;
  • бірінші әріп С - цилиндрлерді және сальниктерді майлау қарастырылмаған дегенді білдіреді;
  • екінші әріп С - сәйкесінше 30% тен төмен ылғалдылықта газды сығу дегенді білдіреді. Мысалы 3С 2СГП типті компрессор.

305ВП - 16/70 шартты белгілері мынаны білдіреді, бұл компрессор үшінші модификациядан, цилиндрлерді және сальниктерді майлауды, бұрыштық базасы 5П (поршен күші 5КН), ауа берілісі 16 м 3 / мин, айдау қысымы 0, 7 МПа-ды білдіреді.

Ауа немесе газ компрессорға қосымша тазалау сүзгіші арқылы түседі және сатылы түрде сығылады.

Барлық екі және көпсатылы машиналарда әрбәр сатыдан кейін салқындатқыштар (аралық және соңғы) және ылғалдан майды ажыратқыштар қондырылған. Аралық салқындатқыштар саты арасындағы газды салқындатады, соңғы салқындатқыштар соңғы сатыдан компрессорды салқындатады. Ылғалдан майды ажыратқыштар сатылар арасына, сонымен қатар сығдың соңы сатысынан кейін қондырылады, егер компрессормен айдалып жатқан газ майдан және ылғалдан таза болу керек.

Оппозитті компрессорлар.

Оппозитті компрессорлар поршендардың бір біріне қарама қарсы бағыттары бқрышты компрессорлармен салыстырғанда едәуір жоғары тепе теңдікті сақтайды. Соның салдарынан қарама қарсы бағытта қозғалып тұрған бөлшектердің инерциялық күші осы компрессорды бұрышты компрессормен салыстырғанда біліктің айналу жиілігінің жоғарылауы байқалады.

Электроқозғалтқыш және компрессор бөлігінің поршенінің екі жүрісті санының жоғарылау шегі, сонымен қатар габаритті өлшемдері және фундамент салмағы азаяды. Көпқатарлы оппозитті компрессорлар күрделі дифференциальды поршендардың болмауының салдарынан оларға қызмет көрсету жағынана айырмашылығы бар, яғни әрбір қатарда негізінен бір цилиндр орнатылады (кесте 3) .

Кесте 3. Поршендердің орналасыу

Оппозитті

база

Модификация
Негізгі көрсеткіштер
поршен күші, МН
Қатар саны
Поршен жүрісі нің ұзынды ғы, мм
Айналу жиілігі, с 1
Қатар лардың арақашық тығы, мм
Базаның жоғарғы қуаты, КВт
Оппозиттібаза: М10
Модификация:

2М10

4М10

Негізгі көрсеткіштер: 10

2

4

220

8, 33

10

1380

600

1200

Оппозиттібаза: М16
Модификация:

2М16

4М16

6М16

Негізгі көрсеткіштер: 16

2

4

6

320

6, 26

6, 26

6, 26

1850

1100

2200

3300

Оппозиттібаза: М25
Модификация:

4М25

6М25

8М25

Негізгі көрсеткіштер:

4

6

8

8, 33

5

6, 25

2150

3200

4800

4400

Оппозитті база фундамент рамасынан, бағыттауыш крейцкопфтан, иінді біліктен, шатундардан, крейцкопфтардан, түйіндерден, қозғалыс механизмдерін майлау жүйелері және білікті айналу механизмдерден тұрады.

Бұндай базаларды негізгі параметрлеріне байланысты ажыратады, яғни компрессордың бір қатарының максимальды шектік поршень күші. Әрбір база бірнеше модификациядан (қатар санына байланысты, сәйкесінше шатундар санына байланысты) тұрады. Барлық модификацияда шатундар, крейцкопфтар, крейцкопф бағыттаушылары, подшипниктер, қозғалыс механизмдерін майлау жүйелері және білікті айналу механизмдері унифицирленген.

Компрессор жетегі тікелей синхронды электрқозғалтқышы арқылы жүзеге асады. Оппозитті базасының құрылысына байланысты және электрқозғалтқышының қуатына байланысты роторды компрессор білігінің консолды соңына орнатады немесе электрқозғалтқыштың бөлек білігі болады, яғни ол компрессор білігімен қатты жалғанған және алынатын подшипникке орнатылған.

Оппозит базасының шифры мынаны білдіреді:

М - копқатарлы, әріптен кейінгі цифр - бір қатар күшінің тоннаға шаққандағысы (мн) . Мысалы М25. Модификациясы әріптің алдындағы цифр бойынша анықталады. Мысалы 4М25.

Оппозит базасының өлшемдерге сай негізгі көрсеткіштері кестеде келтірілген.

Осы типті компрессорлардың негізгі техникалық сипаттамалары келесі кестеде көрсетілген.

Газомоторлы компрессорлар.

Газомоторлы компрессорлар - ол компрессорлар және газ қозғалтқышы бір станинада орнатылған агрегат, ал компрессорға газ қозғалтқышынан беріліс қуаты жалпыға ортақ иінді білік арқылы жүзеге асады. Мұндай агрегаттар компрессор цилиндрінің оппозитті немесе көлденең біржақты блып келеді және күштік цилиндрлері тік немесе V - тәрізді болып келеді.

шығару сериясына байланысты күштік қозғалтқыштардың негізгі сипаттамасы кестеде көрсетілген.

Қозғалтқыш келесі негізгі түйіндерден және жүйелерден тұрады: остова, кривошипті шатунды механизмнен, газажыратқыш механизмінен, жағар жанар майын беру жүйесі, жылдамдықты реттеу, автоматикалардан, салқындату, урлеу айдау, майлау және майлау кезіндегі майлау, іске қосу.

Тоқтау - қозғалмайтын бөлшектердің жиынтығы және ол барлық қозғалып тұрған бөлшектерді жинауға арналған және қозғалтқыштың жұмыс циклын жүзеге асыруға арналған кеңістікті құрады. Остов құрылысы қатты болып келеді, төлке және цилиндр қақпағымен, коррепсимті подшипниктерңмен, крейцкопфтармен және айдау цилиндрлерімен қоса күштік цилиндрлер блогы рамасының фундаменті болып келеді.

Кривошипті - шатунды механизм қозғалтқышпен компрессорға ортақ, ол иінді біліктен, қозғалтқыштың поршенымен шатундарынан, компрессордың шатундарымен крейцкопфтарынан тұрады. 10ГКН үрлеу цилиндрының поршендары қарастырылған.

Жағар жанар майын беру жүйесі газқозғалтқыштың цилиндріне жағар жанар майын беруге арналған және оның көлемін жылдамдықты реттегішпен бірге реттеуге сонымен қатар отын газын және урлеу ауасының көлемін газомотокомпрессордың барлық күштік диапазонындағы оптимальды қатынаста ұстап отырады. Ол «отын газы - урлеу ауасы» қатынасына байланысты клапаннан тұрады, жылдамдықты реттегіштң басқаратын газреттеу клапанынан, қолмен реттейтін клапандардан және газ жіберетін клапандардан тұрады.

ДР - 12 газ ажыратқыш білік әрбір қатарда, күштік цилиндр бір білікте әрбір блоктың сыртқы жағында орналасқан.

Жылдамдықты реттеу жүйесі иінді біліктің айналу жылдамдығын қандай күш түсседе бірқалыпты ұстап тұруға арналған. Бұл жұмысты тік қозғалмайтын ортадан тепкіш реттегіш жүзеге асырады.

Жағу жүйесі газ аралас қоспасын газ қозғалтқышында белгіленген жұмыс циклы кезінде жағуды қамтамасыз етеді. Жағуды свечалардың арасындағы контактылардың үйкелісінен пайда болған электр искрасы жүзеге асырады.

Газометокомпрессорлар жағу жүйесі төменволтты магнетосымен бірге жинақталған және сол сияқты жағу жүйесі контактсыз тиристорносымен бірге жинақталған. Бұл жүйе төменволтты магнето немесе датчикагенератордан және тиристорно жүйесіне арналған электронды коммутатордан, жағу катушкасынан және искра беретін свечалардан тұрады.

Қозғалтқыштың жұмысы кезіндегі қолайсыз жағдайда жағуды тоқтату үшін арнайы автоматты қондырғы орнатылған.

Салқындату жүйесі қозғалтқышты, майды және ауаны салқындатуды жүзеге асырады. Ұзартқыш білігінен, су сорабынан, суды майды және ауаны салқындатқышынан тұрады.

Күштік цилиндрлер блогын салқындату су циклы бойынша жүзеге асырлады, май салқындатқышы арқылы өтетін кезде алдын ала айдау керек.

Цилиндрлерді салқындату үшін, турбокомпрессор және салқындату жүйесін және майды айдалған сумен салқындатылады.

Үрлеу жүйесі қозғалтқыш цилиндрына сығылған қысыммен ауаны беруге арналған. Ол турбокомпрессордан тұрады, яғни ол қозғалтқыштың шығару газында жұмыс істейтін газ турбиналарының жұмысы арқылы іске қосылады.

10 ГКН компрессорында үрлеу сораптары қарастырылған, яғни ол қозғалтқыш цилиндріне ауаны беру алдында ауаны сығуды жүзеге асырады. Сонымен қатар бұл жүйенің құрамына ауа тазартқышы, ресивер және урлеу ауасын салқындатқышы кіреді.

Газомотокомпрессорді майлау жүйесі - аралас, яғни ол қозғалып тұрған бөлшектергді майлауға майды беруге арналған, ол қысыммен (май сорабы арқылы циркуляционды майлау жүйесі және пресс жүйесі - избрикатор арқылы майлау) және шашырату арқылы жүзеге асырылады. Ол май сорабынан, лубрикатордан, майды жоғарғы және төменгі тазалау сүзгішінен және май салқындатқышынан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АО "КазАвтоТранс" кәсіпорынында тәжірибеден өту
Автомобиль және оны пайдалану, жөндеу
Автомобильдерді күрделі жөндеуде механикаландыру мен автоматтандырудың негізгі құралдары
Mercedes E 55 автокөлігі
Бөлшектерді тазалау және жуу, қолданылатын жабдықтар
Автомобиль құрылысын оқытудың ғылыми теориялық негіздері
Іштен жану қозғалтқышының жұмыс принципі
Мұнай және оның өнімдерінің тұтқырлығын анықтау
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы
Үйкеліс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz