Білім беру саласындағы маркетинг


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 1-3 б
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I ТАРАУ
1. 1 Маркетинг деген не . . . 3-5 бб
1. 2 Маркетингтің түрлері . . . 5-9 бб
II ТАРАУ
1. 3 Еліміздегі білім беру саласындағы маркетингтің негізгі ерекшеліктері . . . 10-31 бб
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің маркетингтік жүйесі
- Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің
маркетингтік жүйесі
- Қазақстан медицина университетінің маркентигтік жүйесі
III ТАРАУ
2. 1 Білім беру саласындағы маркентингтің Қазақстанмен шетел арасындағы айрымашылықтар мен ерекшеліктері
- АҚШ-тағы Гарвард университетінің маркетингтік жүйесі . . . 32-37 бб
- Ұлыбританяидағы Кембридж университеті мен Оксфорд университетінің маркетингтік жүйелері . . . 38 -39 бб
- Жапониядағы Токио, Осако университеттерінің білім беру жүйесі 39-41 бб
- Үндістандағы Мумбай, Калькутта университеттерінің білім беру жүйесіндегі ерекшеліктер . . . 41-47 бб
Қорытынды . . . 47-48 бб
Сілтемелер . . . 48-49бб
Пайдаланаған әдебиеттер тізімі . . . 50-51 бб
Кіріспе
Кез-келген жас өркен жоғарыға өркендеу үшін оның фундаментальді тірегі болуы керек. Біздің заманымызда сол фундаменттың бастауы білім алудан басталады. Білімді жас елін көркейтеді, туын желбіретеді, деңгейі мен даңқын көтереді. Қазақстан Республикасының жас азаматтарының қазіргі транзиттік кезеңде еңбек нарығында өз білімі мен тәжірбиесін жүзеге асырып, орнықты позицияны иеленуі, яғни өзіне лайықты жұмысқа орналасу мәселесі қоғамды алаңдатуда. Бұл мәселе тек жастарды ғана емес, сонымен бірге еліміздің экономикалық белсенді азаматтарын да толғандыруда. Абай атамыз айтқандай: «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан» демекші, әрбір маманның өз саласында кәсіби деңгейге жетіп, орнығуы үшін міндетті түрде сапалы білімі, қоры болуы керек.
Бүгінгі күні кез-келген салада менеджемент, маркетинг ұғымдары қолданылады. Аты айтып тұрғандай, менеджмент - ағылшын тілінен аударынлағанда қол, ал маркентинг - нарық деген мағынаны білдіреді. Сол себепті болар, бүгінгі нарық заманында бәсекеге қабілетті болу үшін кез-келген саланың мамандары бұл екі жүйемен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Барлық мекеменің алдында бір ғана мақсат, ол тұтынушыға қажетті дүниені ұсыну ғана емес, сонымен бірге қанағаттанарлық дәрежеде сұранысына ие болу. Сондықтан, сыртқы және ішкі ортаны маркентингтік зерттеу, соның негезінде болжау, стратегияны анықтау қажеттілігі туып отыр. Ал, енді маркентинг сөзін С. Макивер атты ғалым: «Маркетинг - бұл өндіріс пен сауданы кеңейтуге әсерін тигізетін, тұтынушылар сұранысын анықтау және оны қанағаттандыру іс-әрекеті» десе, ал атақты Котлер: « Маркетинг - бұл алмасу үрдісі негізінде қажеттілік пен тілекті қанағаттандыруға бағытталған адамдардың іс-әрекеті» деген анықтама береді.
Ал, енді маркетингтің басты мақсатына келсек, ол бүгінгі жағдайға бейімделген бәсекелестік қабілеті бар мекемені тудыру. Бұдан шығатын қорытынды, мектепте, Жоғары оқу орындарында берілетін білімнің сапалы болуы, яғни білім иелерінің сұранысын жоғары деңгейде қанағаттандыру. Тұтынушының сұранысын өз деңгейінде қанағаттандыру үшін, білім саласындағы басышлардың алдында үлкен міндеттер тұр. Атап айтсақ, біріншіден, білім беруді жүйелеу, яғни білім аламын деген кез-келген азаматқа толыққанды жағдай жасау, екіншіден, білім сапасын жақсарту, үшіншіден, кадр мәселесі, яғни ұстаздардың білімін жетілдіруге баса назар аудару. Мәселен, мектепке қатысты, сапаны арттыру жұмысы оқушылардың кажеттілігін анықтаудан басталады. Осы мәліметтерді біз ата-ананың тілегі, пікірі арқылы білеміз. Себебі, білім беру нарығында біздің бірден-бір тұтынушымыз ата-ана болмақ. Сондықтан, ата-анаға нақты тапсырысты қалыптастыруға көмектесу - бұл сапаны арттыру мәселелерін шешудегі кәсіби маркетингтің кілті. Осы әдіс арқылы мектеп басшылары мектептің даму стратегиясы мен тактикасын анықтайды.
Менің бұл ғылыми жұмысымның өзектілігі де осында. Яғни, бүгінгі қоғамда бәсекеге қабілетті болу үшін және де тұтынушының сұранысын қанағаттандыруда маркетингтік зерттеудің маңызы зор. Осы әдістер арқылы біз тек қана тұтынушының сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, соынмен бірге оның сапасын жақсартамыз. Білім беру саласында маркетингтік зерттеу әдісі осындай тиімділігінің арқасында екі жаққа ұтымды болмақ. Біріншіден, білім аламын деген әрбір азамат түрлі мүмкіндіктерге қол жеткізсе, ал екіншіден, берілетін білім сапасы жақсарып, әрбір саланың маманы кәсіби деңгейге көтерілмек.
Негізгі нысаны. Өркениеттің дамыған тұсында халықтың сұранысымен талғамы да өсті. Жаңаша көзқарас, тың дүниелерге ынтыққан жандар көбейді. Негізгі нысаны - білім алушы жастар, болашақ маман иелері болғандықтан, солардың сұранысын қанағаттандыруға мән беру керек. Өйткені, біз білім саласындағы күрделі мәселелерді шешіп, жақсы кадрларды дайындау арқылы еліміздің экономикасына үлкен үлес қосатын боламыз.
Зерттеу әдісі. Маркетингтік жүйені тереңірек зерттеген ғалымдарымыздың бірі Филип Котлер тұтынушының сұранысын анықтау үшін, ең алдымен сол адамдарды, олардың қажеттіліктерін зерттеп алу керектігін айтады. Мысалы, жұмыртқа секілді шоколад «Киндер сюрприз» ең алғаш рет 1972 жылы Италияда шығарылады. Осындай шоколадты италияндық Ферреро атты адам ойлап тапқан. Оның ұтқан тұсы, бала шоколадты жеп қана қоймай, сонымен бірге ішіндегі ойыншығына да ие болады. Ойыншықты құрастыру арқылы жасөспірім бала ақыл-ойды дамытуға да үлес қоспақ. Бұл жерде айта кететін жайт, ата-ана қашанда баласын қадағалап, шамадан тыс тәтті жеп қоймауын бақылап жүреді. Ферреро міне, осындай қажеттіліктердің барлығын ескере келіп, бәріне де тиімді, әрі жаңаша түрде жұмыртқа пішіндес «Киндер сюрприз» атты шоколадты нарыққа шығарады. Бастапқыда тек Канада мен АҚШ-та тараған өнім, кейіннен әлемнің түкпір-түкпіріне тарайды. Бұл жерде Ферреро өнімді шығарып қана қоймай, оған ұтымды жарнама да жасайды. Ол көбіне көгілдір экран арқылы құрамында аққуызы бар пайдалы тағам ретінде жарнамаланады. Тағы бір ерекшелік, бүлдіршін жұмыртқа секілді шоколадты ашқанда, оның барлық назары ойыншықта болады. Сондықтан, ол қайта шоколад сұрамайды. Ал, бұл әрбір ата-ана үшін өте маңызды жағдай. Міне, осындай екі ұтымды фактор арқылы, өнімді ойлап тапқан адам тауарына деген сұранысты арттырды 1 . Білім беру саласы да дәл осындай ұтқыр әдіс-тәсілді қажет етеді.
Мақсаты мен міндеттері. Нысанды зерттей отырып, еліміздегі білім беру саласының маркетингтік жүйесі қандай деңгейде екендігін шетелдегі білім берудегі маркетингтік жүйемен салыстыра отырып зерттеу. Осы мақсатта менің дипломдық жұмысымда АҚШ-тағы әлемдегі базасы мықты оқу орындарының бірі Гарвард университеті, Ұллыбританиядағы Кембридж, Оксфорд университеттері мен бірге Үндістанның ірі университтерінің бірі саналатын Мумбай, Калькутта, Раджастхан университтері, сондай-ақ,
1 Ф. Котлер «Новые маркетинговые технологии»; М. 2004ж 67 б.
Жапониядағы Токио, Осака университеттерінің маркетингтік жүйесін зерттеу
арқылы еліміздегі білім беру саласында ақсап жатқан тұстарды анықтауға қол жеткіземін деген ойдамын.
I ТАРАУ
Маркетинг ұғымы туралы түсінік
Жалпы білім мекемелері басшыларының басқару әрекетіндегі маркетинг 4 кезеңнен тұрады.
- Маркетингтік ақпаратты жинау және таңдау
- Маркетингтік жоспарлау
- Маркетингтік қызметті ұйымдастыру
- Маркетингтік бақылау
Маркетингтік ақпаратты жинау және талдау барысында білім қызметіне түскен сұраныс зерттеледі. Бұл жаңа міндет басқаруда ақпараттық талдау әрекетін күшейтуді талап етеді. Сондықтан, ақпарат сақталатын банк, яғни бір жүйе құрылады. Мысалы, мектеп жағдайында ол екі бөлікке бөлінеді. Оның бірінші бөлігінде, сыртқы ақпарат нақтырақ айтсақ, білім алуға байланысты ата-аналардың, сондай-ақ, стандарттың сұранысы мен бірге аймақтағы білім беру саясатының ерекшелігі туралы мағлұмат жинақталса, ал екінші бір бөлігінде ішкі ақпарат, білім және пәндердің берілу сапасы, тәрбие жұмысының, тағы да ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасау, материалдық-техникалық база, кадр мәселелері қамтылады. Осы екі бөлікте сақталған ақпараттар іске асырылған дүниелер немесе атқарылатын іс-әрекеттер жайында толықтай мағлұмат береді.
Маркетинг жоспарлау - білім қызметі сұранысына сай білім алу ортасының мақсаты мен міндеттері анықтауға, ұжымның оған жету бағдарламасын құруға көмектеседі 2 . Мұндағы құндылық - ұзақ мерзімділік, яғни стратегиялық болжау мен ағымды жоспарлаудың үйлесімділігі мен бірге
2 Ф. Котлер «Новые маркетинговые технологии»; М. 2004ж 67 б.
болжау көрсеткіштері, басқарудың барлық деңгейлеріндегі жоспардың сәйкестігімен өлшенеді. Соның арқасында міндет әрбір атқарушыға жетеді, мақсатқа тиімді жетуді жолдары, мерзімі, ақпаратты қамтамассыз ету түрі секілді көрсеткіштері анықталады.
Маркетингтік жоспарлаудан кейін іс-әрекетке менеджмент кіріседі. Мұнда оның басты мақсаты - нәтижені алы болмақ.
Келесі бір кезең, ол маркетингтік қызметті ұйымдастыру. Бұл жерде білім мекемелерін басқарудағы жаңа функция, алынған нәтижені таратудың әдістері мен сұраныстарын ынталандыруға баса назар аударылады. Демек, қойылған мақсатқа сай мекеменің жеткен жетістерін жарнамалау және мекеменің білім алу қызметіне сұраныс туғызуға жағдай жасалады деген сөз.
Білім беру саласының ішіндегі бір ғана мектепке тоқталар болсақ, мысалы мектеп жағдайында маркетингтік қызметке директор басшылық жасауы тиіс. Себебі, мұнда сөз мектептің абыройын көтеріп жақсы пікір қалыптастыру, ондағы іс-әркеттерді дұрыс бағалау, қаржыландыруға игілікті ұйымдарды тарту жайында болып отыр. Маркетингтік қызметті ұйымдастырғанда оған директор, орынбасарлары, қамқоршы кеңес, ата-аналар, оқушылар комитетінің төрағалары тартылады. Директор іс-әрекет нәтижесін жоғары және жергілікті басқару органдарында, баспасөз, теледидар беттерінде, мектеп түлектері арасында, ата-аналар комитеті төрағасы оқушылар арасында жарнамалайды. Сұранысты ынталандыру негізінен тиімді жарнамалауға және сұранысты қанағаттандырып, білім мекемесінің абыройын көтеретін білім беру қызметінің жиынтығына тікелей байланысты.
Маркетингтік бақылау - бұл нәтижесінің мақсатқа сәйкестілігін бақылау. Оның жүзеге асырудың тиімділігі мектепішілік бақылауда әкімшілік, қоғамдық бақылаудың педагогикалық үрдіске қатысушылардың әрқайсысының өзін-өзі талдаумен, бағалауымен, бақылауымен ұштасуы, үйлесуі маңызды болмақ 3 .
3 Ф. Котлер «Новые маркетинговые технологии»; М. 2004ж 67 б.
Бұл мекеменің іс-әрекетін бағалауда өзін-өзі басқару тәртібіне көшкенде ұжымның күнделікті кәсібіне айналады. Бүгінгі өзгерген жағдайда білім беру органдары тарапынан бақылау обьектісі болып отырған мұғалімнің жұмысы емес, басшылардың тиімді басқарушылық іс-әрекеті.
Маркетингтік бақылауда қойылған мақсатқа нәтиженің сәйкестілігі жайлы нақты мәлімет алынады. Содан кейін қайтадан маркетингтік ақпарат жинау және талдау жүргізіледі.
Қорытсақ, мекеме басшыларының маркетингтік қызмет циклы тұйықталғанмен де, оның нәтижесінде пайда болған жаңа идея өзінің соңынан көптеген жаңа идеялар мен шешімдерді туғызады. Соның негізінде білім беру саласындағы маркетинг білім мекемелерінің дамуына үлкен мүмкіндік жасамақ.
Ал, енді білім беру жүйесіндегі мониторинг дегеніміз - ол бастапқы алығшарттарға негізделген білім беру үрдісіндегі белгілі бір жүйені үнемі бақылап отыру деген сөз. Білім беруді дамытудың ең негізгі түрткі боларлық нәтижеге бағытталған жүйесі мониторингілеумен тікелей байлансты. Өйткені, мониторингілеу арқылы білімнің даму бағытын, білім мазмұнының мағынасы мен деңгейін біліп алуға болады. Мониторингілеудің үрдісін білім беруде қолдану ең алдымен, білімнің деңгейін тексеріп алудан басталатындықтан, мәліметтерді жинақтау жұмысы тиісті деңгейде өрбіп дамуы керек. Олай болмаған жағдайда мониторингілеудің мазмұны өзгеріп, қойылған мақсаты, тіпті жоспарынан ауытқиды. Негізінде мониторинілеу бірнеше бағытта айқындалады. Атап айтсақ, олар:
- Білім беру нәтижелерін алып, сараптау, талдау;
- Оқытушының оқу үрдісіндегі іс-әрекеттерінен мағлұматтар жинақтау;
- Оқу орнын бітіруші мамандардың іскерлік, дағдыларын тәжірбиелік өлшемдер негізінде анықтау, жұмыс орындарындағы жетістіктерін зерттеу;
- Білім берудің статистикалық, жобаланған мәліметтерін анықтау;
- Оқыту үрдісіне қатысты элементтерді айқындау;
Міне, осы жоғарыда аталған бағыттарды жүзеге асыру арқылы білім берудегі кемшіліктер мен жетістіктерді анықтауға мүмкіндік туады.
Ал, енді білім беру үрдісі әртүрлі ұстанымдарға негізделгендіктен, оның өзіндік талаптары да болады. Атап айтсақ, ең біріншіден, алынған білімнің жүйелілігін түсіну болса, ал екіншіден, білімді түсініп, қортындылау кезеңі, үшіншіден, білімнің беріктігі, яғни алынған білімді жақсылап есте сақтау және оны орынды жерде қолдана білу, төртіншіден, білімнің әрекеттілігі, ол алынған білімді түрлі жағдайда пайдалана білу болмақ.
Жоғары мектеп педагогикасы кез-келген ғылымдар сияқты эксперимент жасауды қажет етеді. Оқыту үрдісіндегі кемшіліктер, студенттердің білімдерін бағалаудағы жіберілген олқылықтар мен қателіктер, оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылмауынан болған нәтижелердің барлығы үнемділікпен бағамдылықтың аясында дамып, сол арқылы жақсы сапалы білімге қол жеткізу үрдісі, білімнің деңгейін көтеруге бағытталған арнайы шаралардың негізгілері білім беруді бағалап тексеру арқылы ғана жүзеге асады. Дегенмен, білім беру қай кезде болмасын өзіндік өлшемдермен бағалануды қажет етеді. Олай болмаған жағдайда білім беруді дамытуға еш мүмкіндік болмай, білімнің сапасы өте төмендеп кеткен жағдайларға жол берілуі мүмкін. Сондықтан, білім сапасы ең алдымен, қоғамның даму бағытын айқындайтын модельдермен байланысты бола отырып, өзінің дамуындағы үрдістерді қалыптастыру арқылы инновациялық процестер негізінде құралатын логикалық-құрылымдық ойлардың дамуына алып келуі қажет. Мониторингілеу үрдісінің мазмұны жоғары оқу орнының білім мазмұнымен тікелей байланысып, мағына жағынан астасып жатқан жағдайы бар. Сондықтан, моиторингілеу жүйесінің бірқалыпты дамып, не болмаса артқа қарай жылжуы білім беру мазмұнының әдіснамасымен өлшеніп соған пара-пар сипатта болады.
Мониторингілеу жүйесінің маңыздылығы күн өткен сайын өзінің қажеттілігін дәлелдеп отыр. Білім берудің дамуы ең алдымен, сол жүйедегі нақты болжамдарға тікелей байланысты. Өйткені, білім берудің бүгінгі жай-күйін талдап-талқылап алмайынша болашаққа деген ұмтылыс, не болмаса белгілі бір әдістемелік нұсқаулар жасап алуы мүмкін емес. Ал, ғылым мен білімнің деңгейін талқылау, оған нақты болжамдар жасау тек қана мониторингілеудің көмегімен жүзеге асатынын ескеретін болсақ, онда білім берудегі мониторингілеудің қажеттілігін тез түсіне қоюға болады. Міне, сондықтан, қоғамдық қажеттіліктерді ескере отырып дамитын мониторингілеу жүйесінің қарқыны білімнің даму бағытымен айшықталып, сол арқылы нақты болжам жасауға, сондай-ақ, батыл қадамдар жасауға толықтай жол ашпақ.
Білім беру саласының деңгейін көтерудің бірден-бір жолы - білімнің сапасын жақсарту. Міне, осы мақсатта тағы да бір қадам жасалуы керек. Ол лицензиялау мәселесі. Осы лицензиялау үрдісі арқылы көптеген кемшіліктерді болдырмауға мүмкіндік туады. Лицензиялауға мектепке дейінгі, мектептен тыс білім беру, сонымен бірге жалпы бастауыш кәсіби және жоғарғы кәсіби, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің жұмыс әрекеттері тәуелді болады. Лицензиялаудың негізгі шарттары, білім беру мекемелеріне лицензия беруде талап етілетін құжаттар:
- Қазақстан Республикасының әкімшілігі тарапынан негізделген белгілі формадағы өтініш;
- Лицензияттың кәсіби талаптарға сай келуін растайтын құжаттар;
- Мемлекеттік тіркеуді белгілейтін куәліктің көшіромесі;
- Оқу-жұмыс жоспары;
- Штаттағы оқытушылардың санын растайтын құжат;
- Жеке оқу орнының материалдық базасының бар екендігін растайтын құжат
Лицензия құжаттарды тапсырғаннан кейін екі ай көлемінде беріледі. Өтінішті қарастыру барысында лицензия беру орнынан білім беру мекемесінің шартақ сай еңбек етуге мүмкіншілігінң дұрыстығын тексеру жұмысы жүргізіледі.
Жоғары білім беру мекемелеріне лицензия беру кезінде қойылатын талаптар:
- Жоғары мектептер, жоғары кәсіби мектептер, алты және одан да көп мамандықтар бойынша жоғары кәсіби білім беру мекемелері және институттар;
- Қолданбалы сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- Аталған мекеменің өзіндік шарушылық және оперативті басқару материалдық және қаржылық базасының болуы;
- Студенттерге бір жылдық білім беруге жұмсалған шығыны Қазақстан Республикасының әкімшілігі тарапынан негізделген мамандар дайындау сұранысында көрсетілетін шығынның деңгейіне сәйкес болуы тиіс;
- Медициналық қызмет көрсетуі мен болашақ маман иелерінің тамақтану, жатын орнынының болуы, сондай-ақ, аудиториялық және лабораториялық оқу кабинеттерінің санитарлық нормаға және оқу бағдарламалары мен жоспарлары, жалпы білім беру стандартының талаптарына сай болуы керек;
- Білім беру орны тәжірбие алмасу ретінде белгілі бір мекемелермен келісім-шартқа отыру тиіс.
II ТАРАУ
Еліміздегі білім беру саласындағы маркетингтің негізгі ерекшеліктері
Дүние жүзінде 169 ел, яғни 80 пайызы 12 жылдық білім беру жүйесін қабылдаған. Қазақстан осы жаңа жүйеге көшу үшін бес жылдан бері тәжірбие жүргізіп келеді. Бұл істің әдістемелік негізін зерттеп, тұжырымдамасын жасау үшін педагогика ғылымының білікті ғалымдарымен бірге қарапайым мектеп мұғалімдеріне дейінгі үлкен ұжым тұтастай жұмылдырылмақ. Еліміздегі мамандардың айтуынша, 12 жылдық білім беру жүйесі тиімдірек. Өйткені, ол мемлекет саясаты. Орта білім берудің әлемдік бағыты дәстүрлі мектеп үлгісінен білім берудің конструктивті дамыған моделіне өтіп, білім беруді басқарудың әдістерін жетілдіруге ойысып барады. Мамандардың айтуынша, АҚШ «6+3+3» моделі бойынша, яғни 6 жыл - алғашқы білім беру, 3 жыл - негізгі оқу, 3 жыл - кәсіптік білім беру негізінде оқытылады. Ал, Ұлыбритания тәжірбиесінде «11+2» жүйесі, яғни мектеп есігін ашқан кез-келген бала 11 жыл міндетті түрде оқиды және әрі қарай білімін жалғастырғысы келсе, міндетті емес тағы да екі жыл үстемемен оқушы 13 жыл уақытын мектепте өткізеді. Сөйтіп, оқушы тек 14 жастан бастап қана кәсіптік білім беретін сыныптарда оқуға мүмкіндік алады. Германияда бұл жүйе мүлдем басқаша. Мұнда оқушы ақысыз, кепілдік берілген 9 жылдық білім алады. Онда орта білім алу үш құрылымдық кезеңнен тұрады:
- Негізгі - 3 жыл
- Нақты - 3 жыл
- Гимназия - 3 жыл
Франциядағы білім алудың шекті мерзімі - 12 жыл. Соның 10 жылында оқушы міндетті білім алуға тиіс. 13 жастан кейін ғана жалпы білім беру лицейі, технологиялық лицей, кәсіптік лицей секілді кәсіптік білім беру кезеңіне көшеді. 12 жылдық білім беруді алғашқылардың бірі болып қабылдаған ел - Жапония. Күншығыс елі америкалық үлгіні таңдап алғанымен, білім беру таза жапондық рухта жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz