Қыздырғыштың ирек түтікшелерінде қысымның жоғарылап кетуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Дипломдық жоба «Ақшабұлақ кен орнында ұңғыманы парафиннен тазалауда агрегаттың айдау сорабының жұмысын талдау және құрылысын жетілдіру» тақырыбында жазылды.

Дипломдық жоба түсіндірме жазбасынан және графикалық сызбадан тұрады.

Түсіндірме жазбасынан тұрады, онда техникалық бөлім, есептеу бөлімі, патенттік ізденіс, экономикалық бөлім, еңбекті қорғау және өндірістік экология бөлімдері қарастырылған.

Графикалық сызба жұмысы 8 форматтан тұрады: жалпы көрініс, агрегатының гидрокинематикалық принципиальды схемасы, қыздырғыш, айдау сорабы, жандыру құрылғысы, патенттік жетілдіру, бөлшектеу сызбасы және техника экономикалық көрсеткіштер.

Аннотация

Дипломный проект выполнен на тему «Анализ работы и совершенствования конструкции нагнетательного насоса агрегата для депарафинизации скважин на месторрождение Акшабулак».

Дипломный проект состоит из пояснительной записки и графической части.

Пояснительная записка содержит листов, в нем рассмотрены техническая часть, расчетная часть, патентная проработка, экономическая часть, охрана труда и промышленной экологий.

Графическая часть состоит из 8 форматов: общий вид, гидрокинематическая принципиальная схема, нагреватель, нагнетательный насос, горелочное устройство, патентная проработка, деталировка и технико-экономические показатели.

Мазмұны

Кіріспе
8
: 1.
Кіріспе: Техникалық бөлім
8: 10
: 1. 1.
Кіріспе: Ақшабұлақ кен орында ұңғыманы парафиннен тазалауға арналған агрегаттарға шолу жасау
8: 10
: 1. 1. 1.
Кіріспе: Жылжымалы кәсіпшілік бу қондырғысы
8: 10
: 1. 2.
Кіріспе: Ұңғыманы парафиннен тазалауға арналған аргегат
8: 12
: 1. 2. 1.
Кіріспе: Қызметі
8: 12
: 1. 2. 2.
Кіріспе: Техникалық мәліметтер
8: 12
: 1. 2. 3.
Кіріспе: Агрегаттың және қосалқы бөлшектерінің құрылымы мен жұмысы
8: 13
: 1. 2. 4.
Кіріспе: Агрегаттың жұмыс істеу принципі
8: 22
: 1. 2. 5.
Кіріспе: Ақаулықтар және оларды жою тәсілдері
8: 28
: 1. 2. 6.
Кіріспе: Техникалық қызмет көрсету
8: 29
: 2.
Кіріспе: Есептеу бөлімі
8: 32
: 2. 1.
Кіріспе: Қыздырғыштың құбырын және ұлғайтқышты беріктікке есептеу
8: 32
: 2. 1. 1.
Кіріспе: Қыздырғыштың құбырын беріктікке есептеу
8: 32
: 2. 1. 2.
Кіріспе: Ұлғайтқышты беріктікке есептеу
8: 35
: 2. 1. 3.
Кіріспе: Жазық түптің есебі
8: 39
: 2. 1. 4.
Кіріспе: Сақтандырғыш клапандарды есептеу
8: 39
: 2. 2.
Кіріспе: Кривошипті плунжерлі сорапты беріктікке есептеу
8: 40
: 2. 2. 1.
Кіріспе: Цилиндр стаканын есептеу
8: 40
: 2. 2. 2.
Кіріспе: Сорап плунжері есептеу
8: 42
: 2. 2. 3.
Кіріспе: Клапан есептемесі
8: 45
: 3.
Кіріспе: Патенттік ізденіс.
8: 47
: 3. 1.
Кіріспе: Патенттік шолу.
8: 47
: 4.
Кіріспе: Экономикалық бөлім
8: 53
: 4. 1.
Кіріспе: Техника - экономикалық көрсеткіштерді есептеу
8: 53
: 5.
Кіріспе: Еңбек қорғау
8: 58
: 5. 1.
Кіріспе: Агрегатты пайдаланудағы негізгі талаптар және техника қауіпсіздік шаралары
8: 58
: 5. 2.
Кіріспе: Санитарлық - гигиеналық шаралар
8: 59
: 5. 3.
Кіріспе: Өрт-жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
8: 60
: 5. 4.
Кіріспе: Электр қауіпсіздігі
8: 62
: 6.
Кіріспе: Өндірістік экология
8: 64
: 6. 1.
Кіріспе: Ақшабұлақ кен орында атмосфераға зиянды заттардың шығаруы
8: 64
: 6. 2.
Кіріспе: Атмосфералық ауаның ластануы
8: 65
: 6. 3.
Кіріспе: Технологиялық автомашиналарды пайдалануда жер қойнауы қорғау
8: 66
:
Кіріспе: Қорытынды
8: 70
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
8: 71
:
Кіріспе: Қосымшалар
8: 72

Кіріспе

Ақшабұлақ кен орны 1983 жылы ашылған. Мұнай қорлар мен өндіру көлемі бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС екінші кен орны болып табылады. Мұнай ең алғашқы рет 1987 жылы табылған, ал өндіруі 1996 жылдың маусым айында басталған.

Қазіргі таңда Ақшабұлақ кен орнында жиі кездесетін проблемалардың бірі ұңғыма бағанасына парафинді шөгінділердің қатуы болғандықтан, олармен күресу мақсатында белгілі аралықта құбырларды қыздыру қондырғыларын орналастыруды жобалау жұмыстың маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді.

Парафин қатып қалумен күресудің негізгі әдістері:

1) мұнай және газды жинау жүйесінің саңылаусыздандырылған жоғары арынды жүйесін қолдану (0, 981 ÷ 1, 47 МПа) ;

2) жылжымалы бу қондырғысын қолдану (ППУ) ;

3) беттік активті заттарды қолдану (ПАВ) немесе парафин кристалдарының өсуін тоқтату үшін және мұнай эмульсиясын жою үшін ұңғыма сағасына немесе түп аймағына ингибиторларды қолдану;

4) құбырдың беттік кедергісін азайту мақсатында құбыр желілерінің ішкі бетін әртүрлі лактармен, элоксидті шайырлармен және шыны пластиктермен сырлау керек;

5) мұнайдың жоғары температурасын сақтау үшін құбырларларды жылу сақтағыш материалдармен қаптау керек;

6) құбырлар қабырғасында тұрып қалған парафиндерді тазалау үшін белгілі уақыт аралығында ұңғыма сағасынан топтық қондырғыға дейін құбыр ішіне резина шарларын пайдалану керек.

Қазіргі уақытта кен орындарда парафин шөгінділерімен күресудің жоғарыдағы алғашқы үш әдісі қолданылады.

Мұнай өндіру өнеркәсібінде еңбек өнімділігін төмендететін факторлардың бірі көтеру құбырларының, шығу желілерінің, тораптардың, кәсіби мұнай желілерінің және сыйымдылық ыдыстарының, сонымен қатар парафинді мұнайды өндіру кезінде ұңғыма түбінде парафин шөгуі болып табылады.

Өндірістік, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, конструкторлар мен машина құрылысшылары ұңғыма түбіндегі, жер асты құбырларындағы, мұнай жинау жүйелеріндегі парафин шөгуімен күресудің түрлі әдістері мен іс-тәжірибелік айлаларын ойлап шығаруда.

Бұл әдістердің кейбір түрлері тәжірибелік орындалу қиындығынан және пайдалану шығындарының көптігінен кең қолданыс таппады, ал қалған түрлері көпшілік қолдау тапқанымен, әлі де толығымен жетілдірілмеген.

Шөгінділер және асфальт-шайыр-парафинді заттар (АШПЗ) туғызатын қиындықтар ұңғыманың жер асты жабдықтарында (терең сораптар, СКҚ және штангалар) байқалады, бұл қиындықтар жер асты жабдықтарын парафинсіздендіру бойынша алдын-алу шараларын жүргізуді мәжбүр етеді.

Ұсынылып отырған дипломдық жоба Ақшабұлақ кен орнында ұңғыманы ыстық мұнаймен парафиннен тазалауда агрегатының құрылысын жетілдіру тақырыбында жазылған.

1. Техникалық бөлім

1. 1. Ақшабұлақ кен орында ұңғыманы парафиннен тазалауға арналған агрегаттарға шолу жасау

1. 1. 1. Жылжымалы кәсіпшілік бу қондырғысы

Жылжымалы кәсіпшілік бу қондырғысы ППУА 1600/100 суық және салқын микроклиматты ауданда ГОСТ-16350-90 бойынша жоғары қысымды (режим 1) қаныққан бу мен ұңғыманың түптік аймағындағы, құбырлардағы, резервуарлардағы, фонтанды қондырғысындағы және басқа да мұнай кәсіпшілігіндегі жабдықтардағы парафинді ерітуге, сонымен қатар төменгі қысымды (режим 1) қаныққан бумен қыздыру жуу және басқа да жұмыстар бойынша операциялар орындауға арналған.

Қондырғының климаттық қолданылуы ГОСТ 15150-99 бойынша орналастыру категориясы 1У, жұмыс істеу температурасы - қоршаған ортаның -45 0 С-ден +40 0 С дейін.

Қондырғылар әртүрлі модификациялық шығарылады:

  • құрастыру базасы бойынша;
  • жұмыс істеу режимі бойынша;
  • кузов және раманың жылу алмасуы бойынша.

Тұтынушылардың тапсырысы бойынша ППУА 1600/100 қондырғысы автомашинасыз техникалық құжаттамада қарастырылған параметрлер шегінде жұмыс істейтін жабдық жиынтығы түрінде келуі мүмкін.

Техникалық мәліметтері

- Қыздырылатын орта - су

- бу өнімділігі, кг/сағ -1600 + - 10%

- бу температурасы, 0 С дейін:

жоғары қысымды - 310

төменгі қысымды - 175

- бу қысымы, МПа дейін

жоғары қысымды - 9. 81

төменгі қысымды - 0. 78

- жылу өнімділігі (есептеу бойынша) кДж/сағ

жоғары қысымды - 3929200

төменгі қысымды - 11787600

- жанармай багының сыйымдылығы, м 3 - 0. 4 - 0. 5

- барлық механизмдердің жетегі - автомашинаның күштік қозғалтқышынан.

Қондырғы құрамы

Жылжымалы кәсіпшілік бу қондырғысы ППУА 1600/100 құрамына келесілер жатады (сурет 1. 1) :

  • бу қазаны;
  • трансмиссия;
  • бекіткіші бар рама;
  • кузов;
  • цистерна;
  • жанармай жүйесі;
  • ауа айдау жүйесі;
  • магистралды құбырларды бекіткіш;
  • пайдаланылған газды шығару жүйесі;
  • автомашина негізі.

Негізгі жинақталған бұйымдар

- автомашина негізі - Краз 65101

- үш плунжерлі қоректендіргіш сорабы - 23 ПТ-25Д1-У2

- шестернялы отын сорабы - НМШФ-06-25-0. 25/25

Сурет 1. 1. ППУА-1600/100 қондырғысының схемасы.

Құрылымы және жұмыс істеу принципі

ППУА-1600/100 қондырғысы Краз 65101 автокөлігінде жинақталған. Қондырғы құрастыру рамасында орналастырылған және қондырғыны атмосфералық жауын-шашыннан және шаң-тозаңнан қорғайтын металды қаптамамен жабылған.

Қондырғы жұмысын басқару, бу вентилін реттейтін штурвалдардан және бу қазанының оттығына берілетін жанармай мөлшерін реттейтін вентильден вентиль заслонкасын басқаруынан тұратын қалқан жинағы орналасқан жүргізуші кабинасына орталықтандырылған.

Құрастыру рамасының алдыңғы бөлігінде бу қазаны үлкен қысымды вентилятор, қазанға қоректендіргіш суды және жанармай айдауға арналған сораптар орналасқан, артқы бөлігінде - қоректендіргіш суға және жанармайға арналған ыдыс цистерна.

Қондырғы қазанның ирек түтіктерін белгіленген қысым және температура шамасынан асқанда цистернадағы су деңгейінің белгіленген шамадан төмендеуінде және қоректендіргіш судың шығыны төмендегенде қазанның ирек түтіктерін күйіп кетуден сақтайтын автоматтандырылған қауіпсіздікпен жабдықталған.

1. 2. Ұңғыманы парафиннен тазалауға арналған аргегат

1. 2. 1. Қызметі

АДПМ - 12/150 агрегаты (парафин ерітетін, жылжымалы, жаңаланған құрылғы, өнімділігі 12 м 3 /сағ және мұнай қыздыру температурасы 150 0 С) ұңғыманы ыстық мұнаймен парафинді ерітуге, сондай-ақ басқада технолнгиялық операцияларға арналған, макроклимакттық аудандарда салқын және орташа шарттарда ГОСТ 16350 жоғары қысыммен сығу сұйығын беру қажеттілігі болғанда қолданылады.

У - құрылғының климаттық орындауы, орналастыру категориясы - 1 15/50-69 Гост бойынша (-45 0 С дан +40 0 С дейін қоршаған ауаның жұмыс температурасында) 12

1. 2. 2. Техникалық мәліметтер

Шифр 4АДПМ -12/150

Қыздырылатын шикі мұнай келесі талаптарға жауап беретін.

Құрамында 1000мг/л көп емес тұзы бар су ; %

- салмағы % 0, 5 көп емес

- бөлшек көлемі, мм 0, 2 көп емес

- тұтқырлығы 400 көп емес

- будың серпімділігі, мм, рт, ст 400 көп емес

- құрамында күкірттің болуы % 0, 5 көп емес

Мұнаймен өндіргіштігі м 3 /г 12+0, 5

қыздыру температурасы, 0 С

сусыз 150+10

суланған 30% дейін 122+5

Жұмыс қысымы, МПа (кгс/ см 2 ) 15+1 (150+10)

Агрегатта жұмыс істегенде

пайдаланатын жағар май - дизельді

Мұнай қыздыруға кететін жағармай

шығыны, кг/сағ 115 көп емес

Айдау сорабы 3 плунжерлі ПТ

Жағармай сорабы шертеналы ШФ 0, 6-256

Жинау базасы КРАЗ-65101 автокөлігіндегі

Автомобил қозғалтқышының жұмыс

берілісіндегі иінді біліктің айналыс

жиілігі, агрегаттың тахометрінің көрсету, айн/мин. 1280 (467)

Жетектегі білікке сәйкес келетін айналыс жиілігі, айн/мин.

Айда сорабының 467

ШФ сорабының 980

Желдеткіштің 3006

Габариттік өлшемдері, мм

ұзындығы 9520

автомашина бойынша ені 2500

жабдықтардың ені 2500

биіктігі 3450

Толық салмағы, кг 1500

Агрегаттың транспорттың мәндері

жол саңлауы, мм 360

кіру бұрышы, 47

шығу бұрышы, 32

агрегаттың жобаланған ең жоғарғы көтеруі, 30

1. 2. 3. Агрегаттың және қосалқы бөлшектерінің

құрылымы мен жұмысы

АПДМ агрегаты өзіне келесі түйіндер мен жүйелерді кіргізеді (сурет 1. 2) :

- Платформаны мұнай құбыр тізбектері

- Қыздырғыш, электр жабдықтар жүйесін бақылау-өлшеу приборлар мен аппараттар (КИПиА)

- Айдау, ШФ сораптарының жетек трансмиссиясы .

Сурет 1. 2. 4АДПМ -12/150 агрегатының схемасы

1 - Платформа; 2 - Қыздырғыш; 3 - Мұнай құбырлары; 4 - КИП и А; 5 - Трансмиссия; 6 - Инертті газды шығру құбыры; 7 - Жанармай жүйесі; 8 - Көмекші құбырлар.

Инертті газ әкелу жүйесі, жанармай жүйесін, агрегаттың ЗИП-ін, баспалдақтар және бөгеттер, көмекші құбыр тізбектері, ауа жібергіш, шығару жүйесі, автомобиль шассиін ағынды жинау жүйесі.

Агрегаттың барлық жабдықтары платформаға орнатылған, олар болттармен және стремянкалармен автомобиль үстіне бекітілген.

Платформа өздігінен дәнекерлеп пісірілген конструкцияны бейнелейді, ол швейлер және бұрыштықтардан ридгельді және тегіс жапырақшалардан жасалған.

Агрегаттың негізгі түйіні - қыздырғыш -тік, цилиндрлі, дәлдік, жылан тәріздес түрлері 16МПа қысымда +150°С температураға дейін мұнай қыздыруға арналған.

Қыздыру бетіне цилиндрлі ирек түтікшелері және спираль кіреді ажыратқышпен тізбектеліп жалғанған. Ирек түтікшесінен ішкі диаметрі 700мм, ал сыртқы 910мм. Ирек түтікшелер 40х3, 5 ТУ 14-3-460-95 қазанды құбырлардан жасалған. Құбыр материалы -Ст20 болатынан.

Ирек түтікшелер стакандарға қондырылған олар қыздырғыш негізіне болттармен қатырылады. Ирек түтікшесінің сыртқы стаканында газ түтіндері өтетін тесік бар.

Астыңғы бөлігінде қыздырғыш отқа төзімді сылақпен қаптау. Спиральдық жоғарғы бөлігінің тесігінде өздігінен 15мм жуандықты құрайтын спираль плитамен тығыздап тастаған.

Төменгі бөлігінде қыздырғыштың люкі бар, ол жану қондырғысына орнатылған. Оған стакан немесе тұтандырғыш қондырғы мен форсунка жатады.

Стакан өздігінен құйылған корпусты бейнелейді, онда форсункаға ауа жіберетін төрт терезесі бар.

Жану қондырғысы - үш саптамалы, механикалық түрі.

Форсунка корпусына түсетін жағармай құйындатқыш арқылы өтеді, онда ол тангенсиалды айналыс алады және үш саптама арқылы қыздырғыштың тұтандырғышына беріледі. Саптаманың өту диаметрі 0, 8мм-ді құрайды.

Тұтандырғышты қондырғы өзіне кіргізеді. Шыныққан нихромды спираль, стабилизаторға және байланыс стержені изоляторлармен агрегат электрожүйесінен питание келетін форсунка және тұтандырғыш қондырғысы негізге қатар орнатылған, ол бойлау бағытымен ауыса алады. Керекті жағдайда қатыру стопор болттарымен жүзеге асады.

Қыздырғыштың ирек түтікшесі қаңылтырлардан пісіріп дәнекерленген кожухта қорытындалады. Ішкі және сыртқы кожухтардан тұратын, қақпақ және негіз. Кожухтың жоғарғы бөлігіне вентилятордан келген ауаны жіберуге арналған түтікше дәнекерлеп пісірілген, ал негізге жану қондырғысына ауа келетін тесіктер жасалған. Қыздырғыш сыртынан сақтау кожухымен бөгелген.

Мұнай қыздырғыштың сыртқы ирек түтікшесіне түтікше арқылы түседі, спиральды ирек түтікше арқылы жоғары көтеріледі және ішкі ирек түтікшесіне түседі, онымен төмен қарай жылжиды және түтікше арқылы сыртқа шығады.

Жағармайдың жануынан пайда болған түтік газдары жоғары көтеріледі, қыздырғыштың ирек түтікшелерінен пайда болған сақиналы саңылауға түсіп төмен түседі. Сыртқы ирек түтікшесінің стаканындағы тесік арқылы өтеді және саңылаумен кожухтың ішкі бетінде пайда болған және сыртқы ирек түтікшесімен жоғары көтеріледі. Одан кейін газдар сеткалы жалынсөндіргіш арқылы өтіп және сытқа шығарылады.

Қыздырғыш құбыры қолмен ашылатын қақпақпен жабылады. Агрегатты тасымалдау уақытында қақпақтың ашылуын ескерту үшін стопорлық қондырғы қарастырылған. Қыздырғыш агрегат платформасына болттармен қатырылған негізде жиналған.

Түтікшелер инертті газды қыздырғыштың жануына әкеледі. Ол тығынмен жабылатын түтікшелер қыздырғыштың ирек түтікшелерін сыртқы бетіне жанғанда құрғату қызметін атқарады.

Құбыр тізбегі арқылы автомобильдік пневможүйесімен қыздырғыштың ирек түтікшесін толық құрғату үшін ауа беріледі.

Агрегаттың жанармай жүйесі жану қондырғысына жанармайды қажетті мөлшерде беруді қамтамасыз етеді және құбыр тізбегінің тиекті сызықша бақылаушы арматура және бақылауыш өлшеу құрылғылардан тұрады.

Агрегттың артқы бөлігіне орнатылған бактен жанармай тиек клапаны арқылы сорапқа түседі, алдын ала сеткалы сүзгіден өтеді.

Сораптан жағармай жану қондырғысына сеткалы фильтр арқылы өтеді және электромагниттік винтель ол агрегаттың автоматизация жүйесіне кіреді және авариялық жағдайларда жанармай берілісін тоқтатуға арналған.

Байпаста- винтель агрегаттың жанармай багіне жанармайдың бөлігін жіберу жолымен жану қондырғысына беретін жанармайды реттеуге арналған. Винтельді басқару тұтқа арқылы жүзеге асады, ол жүргізуші кабинасына автомобиль кабинасының артқы қабырғасынан кіргізілген.

Сорап жетегі трансмиссия редукторынан сыналы ременді беріліс арқылы іске асады.

Жанармай багы цилиндрлі формалы дәнекерлеп пісірілген құрылымы, сыйымдылығы 1м 3 . оның ішінде агрегат қозғалғанда ішіндегі жанармайдың тербелісін тоқтатуға бөгеттер жасалған. Бактың төменгі бөлігінде қоректендіру клапаны құрғату клапанымен орналасқан.

Қыздырғышқы ауа ортадан тепкіш вентилятор көмегімен айдалады. Ол трансмиссия редукторынан сыналы ременді беріліс арқылы іске қосылады.

Вентилятор немесе қыздырғыш ауа түтікшесімен жалғанған. Вентилятордың виброциясын сөндіру мақсатында олардың тіректерінің астына резиналы прокладкалар орналастырылған.

Ауажібергіш құбырлары жұқа қаңылтыр болаттан жасалады. Құбырдың ішкі диаметрі 193 мм-ді құрайды.

Қалқаны басқару ауаны айдауда реттейтін трос арқылы іске асады. Жүргізуші кабинасына автомобильдік кабинасының артқы қабырғасынан кигізілген.

Тросты басқару жургізуші орнында орындалады. Тросты тартқанда қалқа ауа жібергішті жауып тастайды. Тростың қайтуы және қалқаның ашылуы серіппе көмегімен өтеді.

Агрегатты айдау сорап ретінде 3ПТ-50Д2 3 плунжерлі сорап қолданылады. Ол агрегат платформасына бекітіледі және іске автомобильдік күштік қозғалтқышымен трансмиссия арқылы қосылады.

Сораптың максимальды айдау қысымы сақтандырғыш клапанмен шектеледі және шығарушы заводта 10, 8 жұмыс қысымына тең өлшемде реттеледі.

Гирошүріппе сұйық ретінде және сорап плунжерін майлау үшін мұнай қолданылады. Сораптың өзінің айдап жатқан ол үшін мұнай сораптың арынды коллекторынан қысымды төмендетуге арналған дроссель арқылы алынады және сораптың сальникті корпусына беріледі. Сальникті корпусты тізбектеле өтіп мұнай кері клапан арқылы коллектор қалпағына бағытталады. Плунжерді майлау жүйесінен жұмыстың бақылау монометрі арқылы іске асады. Жүйедегі қысым серіппенің клапанды сығуымен реттеледі.

Сорап қондырғысының толық сипаттамасы және оған техникалық қызмет көрсету сорапты пайдалану инструкциясында көрсетілген.

Айдау сораптың құрамына коллектор қақпағы кіреді. Ол инерционды гидравликалық жоғалуын цистернадан сораптың сору коллекторіне дейін төмендетуге арналған. Оның жұмыс принципі келесілерге байланысты:

Айдау сорапты іске қосар алдында коллектор қалпағы мұнаймен толтырылады. Оны толтырғанда жоғарғы бөлігінде ауа кеңістігін тастап кетеді. Сонда сорап жұмыс істегенде сұйықты жинау мұнай деңгейі астындағы түтікше арқылы өндіріледі. Мұндай жұмыс жүйесінде жоғалу тек қана түтікшеде пайда болады және олардың өлшемдері мәнді төмендейді, ол сорап жұмысын жеңілдетеді.

Мұнай құбыр тізбегі өзіне қыздырғышты өз аралық байланыстыратын құбыр тізбек жүйесі, айдау сорабы және агрегаттың лақтыру сызығы жатады.

Жоғары құмды құбыр тізбектері қазанды құбырлардан ТУ 14-3-463-73 бойынша жасалған. Құбыр материалы ст-20 болаттан жасалады. ПТ сораптан қыздырғышқа дейін 51*5 құбырдан, ал қыздырғыштан кейін 40*3, 5 құбырдан тұрады.

Коллектор қалпағына дейін құбыр тізбегі 102*4 құбырда ГОСТ 8732-98 бойынша жасалған. Құбырлар материалы Ст10 болаттан жасалған.

Мұнай құбырларында орнатылған тиекті-реттеуіш арматураның тағайындалуы келесі түрде өтеді.

Сырмалар агрегаттың екі жағынан орнатылған, сору жерлерін автоцистерналарына жалғауға арналған. Винтель арқылы мұнай қыздырғышқа беріледі.

Құрғату-тығыны:

Құрғату-клапаны:

Клапандар манометрлер алдында орнатылған. Кері клапан ұңғы сұйығының агрегатқа қайта оралуын ескертеді.

-коллектор қалпағының құрғату клапаны;

-лақтыру винтелі, ол арқылы мұнай ұңғыға бағытталады;

-агрегаттың арынды құбырларының қысымын шығаруға арналған клапан, ол кері клапаннан кейін орнатылған.

Қыздырғыштың ирек түтікшелерінің кеңістігін, атмосферамен байланысуын және автомобильдік пневмо жүйесіне қыздырғыш ирек түтікшесін қосуға арналған клапан. Ағуды жинау жүйесі қоршаған ортаның ластануын ескертуге арналған және өзіне ДУ-25 құбыр тізбегін кіргізеді, онда ағынды саңылаусыз айдау сораптың коллектор клапанының түбінен жинауға және жанармай багінен жинауға арналған. Ағындар алынбалы ыдысқа жиналады.

Көмекші құбыр тізбектеріне келесілер жатады: сору жендерінен, магистральды құбырлардан, иінде жалғаушы және ауыстырушыдан тұрады.

Сору жендері агрегатты автоцистерналарға жалғауға арналған. Ол ДУ-75 резиналы женнен ГОСТ 5398 бойынша жасалған, ұзындығы 6м. Сору жендері агрегатпен АЦН түрлі автоцистернаны жылдам байланысын қамтамасыз ету үшін ұшымен бітеді.

Ұштарында айдау сорабының коллектор-қалпағына механикалық қоспаларының түсуін ескерту үшін сеткалы орнатылған. Транспорттық жағдайда жендер арнайы қапсырмада жиналады.

Магистральды құбырлар агрегатты ұңғыға байланыстыруға арналған. Олар 40*3, 5-20 ТУ14-3-460-95 құбырларынан жасалған. Транспорттық жағдайларда құбырлар платформада арнайы тіректерде жиналады.

Үш иін жылдам жалғанатын ұштарымен магистраль құбырларының агрегаттан ұңғыға дейін жолын бағыттау үшін арналған. Олар 40*3, 5, 5-20 ТУ14-3-460-95 құбырларынан жасалынған.

Байланыстырғыш өздігінен зет (z) тәріздес құбыр тізбегін бейнелейді және агрегаттың лақтыру түтікшелерінің арасында және магистральдық құбырлардың аралық звено ретінде қызмет атқарады. Әртүрлі деңгейде орналасқан. Байланыстырғышқа отводпен ДУ-15мм ысырма дәнекерленіп пісірілген, ол магистраль құбырларын құрғатуға арналған. Транспорттық жағдайда байланыстырғыш агрегат бөгетіндегі қапсырмаға қыстырылады.

Ауысқыштың ұңғының екі қарыстық түйініне агрегатты байланыстыру үшін арналған екі жағында гайкалар бар. Гайкілерді қатыру үшін көмекші құбыр тізбектерінде агрегатпен байланыстырғанда міндетті түрде агрегат жабдықтарының комплектісіндегі қола кувалданы пайдалану керек.

Агрегаттың барлық механизмдеріне жетек автомобильдік күштік қозғалтқышынан іске асады. Айдау, ШФ сораптарының және вентилятордың жетегінің трансмиссиясы 65. 05. 00. 000 өзіне қуат алу коробкасын, редукторды және кардонды біліктерді қосады. Қуат алу коробкасы автомобильдің тарату коробкасына орнатылған. Қуат алу коробкасын іске қосу: автомобиль жүргізушісінің кабинасындағы рычаг арқылы тісті муфтаны жылжытумен іске асады.

Бір сатылы редуктор аралық бірлігімен редуктор шестернялары-цилиндр тәріздес қисық тісті. Қалыпты модуль m n =5мм: Тістердің иілу бұрышы β=12 0 50 I . Шестерняның тістер саны z 1 =21: z 2 =31: z 3 =56: редуктордың етектеулі білігінен айдау сорап және агрегаттың тахометрі көрсеткіші іске қосылады. Ал жетекші біліктен вентилятор және ШФ жанармай сорабы іске қосылады. Трансмиссиядағы карданды білік КРАЗ автокөлігінен пайдаланады.

Агрегаттың өртке қарсы жабдықтары өзіне өрт сөндіргішті және инертті газ алып келу жүйесін қосады, ал қыздырғышта ирек түтікшелер үзілген жағдайда жалынды өшіруге арналған.

Инертті газ алып келу жүйесі өзіне жоғары қысымды баллонды көмірқышқыл газымен және құбыр тізбектерін тиекті-реттегіш арматурамен қосады.

Газ шығыны қысым редукторымен реттеледі, реттеу шектері 0, 3-1, 6 МПа. Жүйе қыздырғышта сақтау кестесіне қосылған және автоматты түрде іске қосылады.

Оның үстіне винтельді ашумен қолмен қосуға болады.

Жүйені іске қосқанда көмірқышқыл газ баллонын қыздырғыш пешіне көбік болып кіреді де жалынды сөндіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлу жүйесінің физиологиясы
Бүйректер, Бүйректер анатомиясы
Шаруашылықтағы малдардың нефросклероз ауруымен ауруы
Минералды маймен жылыту
Несеп құрамы және қасиеті
Зәр шығару физиологиясы
Қыздырғыштардың алдындағы газ қысымы
Несеп жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Нефросклероз
Бүйрек физиологоиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz