САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысының білім басқармасы

САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ

Әлеуметтік және экономикалық пәндік циклдік комиссия

1226000-Тамақтандыру өндірісі тағамдар технологиясы және оны ұйымдастыру мамандығына

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Христиан өркениеті

Мәдениеттану пәнінің оқытушысы: _____________

Т. Рысқұлов 2019 ж.

Сабақ жоспары № 19

Пәні:Мәдениеттану
Сабақтың типі:аралас сабақ
Сабақтың түрі: интербелсенді
Өткізілетін күні:16.11.2018ж.
Топ:ТӨ-721
Мамандығы:1226000-Тамақтандыру өндірісі тағамдар технологиясы және оны ұйымдастыру
Сабақтың тақырыбы:Христиан өркениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
oo әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі - христиан діні туралы түсінік қалыптастыру
oo христиандықтың таралуы мен негізгібағыттарын және қазіргі жағдайын анықтай білу
oo түрлі мәдениеттанулық мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын талдау
oo Әлемдік мәдениет құндылықтарын тани білу
oo қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына мәдениеттанулық тұрғыдан сипаттама беру
oo отандық мәдениет тарихын, оның қазіргі мәселелерін және даму болашағын зерделеу
oo жалпы адамзаттық құндылықтар мен нормаларды сараптап талдау
Тәрбиелік:
oo отан сүйгіштікке, еңбекке, адамгершілікке, өз ұлтының салт-дәстүрін сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу
Дамытушылық:
oo түрлі танымдық тапсырмалар бере отырып, ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттырып, дүниетанымын кеңейту
Сабақтың технологиясы мен әдіс-тәсілдері:
Технологиясы:Салыстыру әдісі,баяндау, мәтің оқыту, топтастыру стратегиясы
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, топтастыру, кітап мәтінімен жұмыс
Күтілетін нәтиже:
1. Студенттердыбілім, білік, дағдыларын дамыта арқылы, рухани кемелденуді үйренеді
2. Топта ынтымақтаса отырып, бірлесіп жұмыс жасауды меңгереді
3.Теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту
Пәнаралық байланыс:Философия , тарих, әлеуметтану, қазақ әдебиеті
Сабақты жабдықтау:а) сабақтың көрнекілігі:тақырыпқа сай слайдтар,оқулықтар
ә) үлестірмелі материалдар: кестелер
б) оқытудың техникалық жабдықтары:Интербелсенді тақта
в) оқыту орны:№
Негізгі әдебиеттер:
1. Ш. А Нағымұлы Мәдениеттану - Астана -2010.
2. Т.Х. Ғабитов Мәдениеттану. А., 2001
3. Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
Қосымша әдебиеттер:
1. Ғ. Есім. Дінтану негіздері. - Алматы: Білім, 2010. - 312 б.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. 3-бөлім, 6 тарау.А.2002.
3.Дінтану негіздері:Оқулық Құраст. Н.Ж.Бәйтенова.- Алматы. Қазақ университеті, 2006. - 356 б.
4.Айтбаев О. Дінтану: оқулық. Қарағанды: Гласир, 2010. - 446 б.
5.Жабықбай, Ә. Қазіргі кезеңдегі діндегі эволюция пәнінен дәрістер жинағы [Мәтін] Ә Жабықбай; Шет тілдер және іскерлік карьера университеті.- Алматы: Полиграфия-сервис и К, 2011. - 146 б.
6.Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы . Шымкент 2011.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:5 минут
а) Сәлемдесу, түгелдеу, аудитория тазалығын тексеру, студенттердің сабаққа дайындығын бақылай отырып, топқа бөлу, студенттер арасынан топ белсенділері шығып, өз командасын жинап, үш топқа бөлініп отырады I-топ,ІІ-топ, ІІІ-топ.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 20 минут
Өткен тақырыптарға шолу: сұрақтар , тестер, дидактикалық кеспе-қағаздар арқылы: Топтастыру. Парасат тобы , Атамекен тобы, Тұлпар тобы
І-Парасат тобы
1.Будда дінінің тарихы
Жауабы.
Буддизм - әлемдік үш діннің ішіндегі ең ежелгісі.Ол б.з.б.VI-V ғ.үнді мәдениетінің көпғасырлық діни-философиялық дәстүрінің негізінде құрылды. Буддизмнің негізін қалаушы Солтүстік Үндістанда Гималай тауының етегінде дүниеге келген Сиддхартха Гаутама
ІІ- Атамекен тобы
1.Будда ілімінің негізіне айналған төрт ақиқатжәне игілікті сегіз жолы
Жауап:
ІІІ- Тұлпар тобы
Будда ілімінің і негізгі ұғымдары
1.Брахман
2.Сансара
3. Карма
4.Дхарма
5. Нирвана
6. Атман
2.Буддизмнің үш үлкен тармақтары (кестены толтыру )

І-Парасат тобы ІІ- Атамекен тобы ІІІ- Тұлпар тобы

1.Хинаяна ағымы ағымы
Махаяна ағымы
Ваджраяна немесе Ламаизм ағымы

3. Брейн - ринг әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі
11-сұрақ Буддизм дінінің негізін салушы кім?
2 -сұрақ Үнді мемлекетінің негізін қалаған Маурия әулетінен шыққан патша кім?
3- сұрақ Буддизм ілімі неше ақиқаттан тұрады?
4 -сұрақ Нирванаға жету жолы нешеу?
5 -сұрақ Негізгі тармақтарын атаңдар
6- сұрақ Қазақстанға буддизм қашан келді?
7 -сұрақ. Ресейге буддизм нешінші ғасырда келді?
8- сұрақ.Чан- буддизм деген не?Қытайда махаяна мен жергілігті діндердің синтезі
9 -сұрақ Өмір қайғы-қасіретке толы, - деп есептейтін діни ілім
11 -сұрақ Упанишадтар - бұл:
12 -сұрақ Санскрит тілінен аударғанда мәңгі заң, міңдет:
13-сұрақ Ежелгі Үнді мәдениетінің алғашқы қайнар-көзі:
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:35 минут
Жоспар
1) Христиан дінінің шығу тарихы
2) Православие, Католицизм, Протестанттық ағымдар
3) Қазақстандағы христиан дінініңтарихы
Ой қозғау. Қызығушылықты ояту кезеңі
Интерактивті тақтадан:
Маған рухани күш, яғни адамның ішкі жан-дүниесінің тазалығы мен діни-сенімі бір-бірімен тығыз байланысып, қатар жүретін сияқты көрінеді де тұрады. Адам алдымен рухани жағынан жетілуге қадам жасайды да, содан кейін құдайды мойындайды, оған жақындай түседі.
Мұсылман діні мен христиан діні - Қазақстанның рухани дүниесінің қос қанаты. Қай діннің болса да өмір сүруге құқығы бар. Ал адамдарда оларды таңдау құқығы, ождан бостандығы болуы тиіс... Құдайға құлшылық ету жас кезде де, егде тартқанда да жарасады. Н.Ә.Назарбаев
ІІІ.Ассосация әдісі:

Христиан діні

Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') -- Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін. Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2.2. млрд христиан. Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді. Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады.
Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады:
1.Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн);
2.апостолдардың арнаулы хаттары;
3.Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар;
4.Ақыр заман туралы өсиет.
Христиан дінінің өзінен бұрынғы ілімдерге қарағанда халықты тарта білуінің негізін ғалымдар бірнеше ерекшеліктердің тұңғыш рет осы дінде пайда болуымен түсіндіреді. Оның алғашқысы - монотизм, яғни бір құдайлық. Иудаизмнен басқа діндер христиан діні туғанда көп құдайға табынатын. Ал бір империяға біріккен тұста монотизм табиғи әрі қажеттілік болатын. Екіншісі - діннің адамгершілік, гуманистік идеяларды басты мұрат етуі. Үшіншісі - өзге діндерге қарағанда христиандар да о дүние қалың бұқара халық үшін, әсіресе мына дүниеде қиналғандар үшін екінші, нағыз өмірде жақсылықтар беретінін уағыздады. Жұмақ пен Тозақ туралы айтылды. Төртіншісі - христиан діні нәсілдік, ұлттық бөліністерден аулақ, керісінше, осы дінді ұстанған барлық адамдарды бір - біріне бауыр санады. Бесіншісі - өзгелердей емес христиандар дадіни рәсімдерді атқару арзанға әрі оңайға түсті. Алтыншысы - христиандар құлдықты сынады, пенде атаулы құдай алдында бірдей деді. Ал бұл империялық үстемдік кезінде халықтың көкейінде ізгі мұраттарға жауап беретін.
2. Православие, Католицизм, Протестанттық ағымдар
Православие - құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді. Шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шыққан христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Православие сенімінің маңызды белгілері құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух), Иисус Христостың құдай кейпіне өтуі, күнәсін жууы, қайта тірілуі және көкке көтеріліп кетуі болып табылады. Православиеге егжей-тегжейлі белгіленген тәртіп тән, әрекет негізін жеті қасиетті құпия дәстүрді құрайды: шоқындыру, тазару (евхаристия), тәубеге келу (ғибадат), миромен майлап шоқындыру, зәйтүн майымен шоқындыру (шіркеуде), неке, дін ұстану. Православиеде басты құдайға құлшылық ету литургия болса, басты мереке - Пасха. Дін басылары аққа (үйленген приход священниктері) және қараға (монахтар, некесіздік сөзін беретіндер) бөлінеді. Православие тарихи-өңірлік тұрғыда Балқан түбегіндегі грек, болгар, серб, черногорлықтар, македондықтар, румындар мен албандардың бір бөлігінде, ал Шығыс Еуропада шығысславяндық халықтардан өзге грузиндер, гагауздар, абхаздар мен осетиндер, молдовандар арасында, Ресей Федерациясында орыстармен қатар чуваштар, удмурттар, комилықтар мен карельдер, сахалар, ноғайбақтар ішінде тараған. Өткен ғасырдың аяғында православиенің таралуы қара құрлықта Сахара шөлінің оңтүстігінде және Оңтүстік-Шығыс Азияда жайыла бастаған. 1453 жылы Византияның құлауымен осы бағытты ұстанатын елдерде бір-бірінен дербес автокефалды шіркеулер құрылды. Православиеде католик дініндегідей бір дінбасыға бағынған орталық жоқ. Қазіргі уақытта православиеде 15 автокефаль шіркеуі бар: Албан, Александрия, Америка, Антиохия, Болгар, Грузин, Иерусалим, Кипр, Константинополь, Польша, Румын, Орыс, Серб, Чехословак, Эллада және 4 автономдық: Крит, Синай, Финляндия, Жапондық шіркеулер православиелік діндарларға қызмет етуде.
Католицизм (гректің Кatholikos - жалпы, бүкіләлемдік деген мағынаны білдіреді) - бұл христиандықтың батыс бұтағы және Батыс және Шығыс Еуропада (Франция, Бельгия, Италия, Португалия, Польша, Чехия, Венгрия), Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігінде тараған. Азия мен Африкада католиктер бар, бірақ католицизмнің әсері мұнда онша емес. Соңғы 100 жыл ішінде католиктер саны 4 есе артты. Католицизмді шамамен 200 мың қауымға біріккен 1 миллиардтан астам сенушілер уағыздайды, оларда шамамен 560 мың священник жұмыс істейді. Католицизм діни ағымының негізін Кредо - жалпы христиандық сенім белгісі қалайды, онда 12 догмат пен 7 құпия бар. Католицизм діни ілімінің негізін Қасиетті жазу ғана емес, Қасиетті хикая да құрайды, ол 21 собор қаулысын түзеді, сондай-ақ Рим Папасының ресми құжаттары құрайды. Католик дінінің православиеден ерекшелігінің бірі ондағы жұмақ пен тозақ арасындағы тазартқыштың (чистилище) болуы. Католик дінін ұстанатын дінбасылар барлық деңгейде некеге тұрмауға, отбасын құрмауға ант (целибат) береді. Христиандардың бұл тармағының православиеден тағы бір айырмашылығы - филиокве, яғни мұнда киелі рух тек Құдай-Әкеден ғана емес, Құдай-Ұлдан (Иисустан) да жіберіледі деген догмада. Бұл теңестіру "филиокве" ("және Ұлдан") деген терминдік атауға ие болды. "Филиокве" түсінігі алғаш рет христиан діндарларының Толед (589) жиынында ереже ретінде қабылданып, 11 ғасырда христиан шіркеуінің "Шығыс шіркеуі" және "Батыс шіркеуі" болып бөлінуіне себептің бірі болды. 9 ғасырда Рим Папасының қарсылығына қарамастан, "Қасиетті Рим империясының" императоры Карл (Ұлы Карл) "филиокве" ережесін бүкіл "Батыс шіркеуіне" күштеп ендірді. Содан бері ол "Батыс шіркеуді" бейнелеуші ресми атау ретінде қалыптасты. "Шығыс шіркеуінің" христиандары "филиокве" ережесін дінбұзарлық іс деп қабылдады. Католиктер мен православие сенімі арасындағы бұл көзқарас қайшылығы осы күнге дейін жалғасуда. Католик Шіркеуін Әулие апостол Петр иегері есептелетін, басында Рим Папасы тұрған, халықаралық орталығы Ватиканда орналасқан қатаң сатылы ұйым ерекшелейді. Папаның ресми толық атауы былай аталады: Рим епископы, Иисус Христос орынбасары, Апостолдар Князінің көмекшісі, Бүкіл әлемдік шіркеудің Жоғарғы мәртебелі Понтифигі, Батыс, Италия Патриархы, Рим провинциясының архиепископы және митрополиті, Ватикан мемлекет-қала монархы. Ол тақта өлгенше отырады. Ватикан конституциясына сәйкес, Рим Папасына жоғары заңнамалық, атқару және сот билігі жатады. Ватиканның басқарушы органы Қасиетті Тақ деп аталады да, Рим католик шіркеуінің орталық әкімшілік аппараты Рим куриясы, ол әлем елдерінің көпшілігінде әрекет ететін шіркеулер мен қауымдық ұйымдарды басқарады. Өңірлік деңгейде епископтық конференциялар әрекет етеді. Католицизмде монахтық немесе рыцарлық ордендер деп аталатындардың әсері өте күшті. Қазіргі уақытта католиктік монахтардың миссионерлік қызметінің жаңа нысандары Африка мен Азия, оның ішінде Қазақстан болып отыр. Қазақстан аумағында католицизмнің бірінші пайда болуы XIII ғасырдан бастау алады. Олар Рим бастапқы священниктерінің тапсырмасы бойынша Ұлы хандарға сапар шегетін католик миссионерлерінің (францискан монахтары Джиованни дель Плано Карпини - 1245 ж., Гильом де Рубрук - 1253 ж. және т.б. миссиялары) келуімен байланысты. Қазақ даласына миссионерлер қанша ағылғанымен, олар өз дегендеріне жете алмады. Ал католик қоғамдарының пайда болуына Сібірге ХІХ ғасырдың ортасында және ХХ ғасырдың басында айдалған, жер аударылған поляктардың Қазақстанға келуі және Ресейдің еуропалық бөлігінен католик-немістер мен латыштардың көшуі елеулі рөл атқарды.
Протестантизм - (лат. Рrotestants - қарсы келуші, келіспейтін деген мағына) христиандықтағы үшінші бағыт, Протестантизм католицизммен күресте оның маңызды түсініктері мен болжамдарын қабылдамау негізінде құрылды. Маңызды протестанттық догмат ретінде әрбір пенде арадағы ешбір делдалсыз жеке сенім негізінде құтқаруға ие болумен және мәңгі өмірде тазаруға бағытталған бұл жол дін қызметкерлерін қарапайым қауымнан бөлуді алып тастады. Протестанттық ағымның немесе дін жолындағы төңкерістің көсемі Эрфуттағы Аугустин орденінің священнигі Мартин Лютер болды. 1517 жылдың 18 қазанында папа Лев X Әулие Петр храмын салуға және христиан әлемін құтқаруға көмек беруге шақырып, сол үшін ол адамды күнәдан арылтып, құдай алдында күнәсіз етемін деп индульгенцияның сатылатынын мәлімдеген булла жариялайды. Лютер бұл булланы қатты сынға алып, 95 тезистен тұратын қарсылықты Бранденбург епископына және Майн архиепископына жолдайды. Бұл жайында лезде тарап кеткен әңгіме Лютерді 1519 жылы сотқа шақырттырады. Папаның шешімімен Лютер шіркеуден (анафема) аласталады. Ол болса көпшілікке жария түрде Виттенберг университетінің ауласында Папаның оны шіркеуден аластаған булласын өртеп, Рим Папасының дінді бұзған әрекеттерімен күрес барша неміс халқының ісі екенін жариялайды. Бірақ Мартин Лютер өз елінің билігінен қолдау таппайды. Папаны қолдаған император Карлдан ыққан Лютер Фридрих Саксонскидің Вартбург қамалына тығылып, сол жерде Інжілді латын тілінен немісшеге аударады. Мұнымен қоса, 42 жастағы Лютер 1525 жылы бұрынғы монахиня Катарина фон Бормен некелеседі. Осының барлығы шын мәнінде католик дініне қатты қарсылық болатын. Аяғы Лютер ұстанған жолды дұрыс деп қабылдағандардың протестантизм аталатын ірі діни ағымын тудырды. Протестанттар өздері бөлінген католиктердің жұмақ пен тозақтан басқа тазартқышын дінінен алып тастайды. Олар үшін құдай алдында дінге өзін бағыштаған дінбасы да, шын құлшылығын жасаған өзге пенде де бірдей. Бастысы - адамдар сенімінің қасиеттілігі және Інжілдің ештеңемен тең келмес құдіреттілігі. Олар өз ішінде лютерандықтар, баптистер, адвентистер, пресвитериандықтар, методистер, англикандар, цвинглианттар, кальвинистер, квакерлер, евангелие христиандары, анабаптистер және басқалар деп бөлінеді.
Баптистер
Баптистік қауымдар XVII ғ. басында пайда болды. Алғашқы ағылшын баптисі Джон Смит (1554-1612) болып саналады. Қауымдарда ересектерді суға батыру арқылы шоқындыру енгізілді. Конфессия атауы да осымен байланысты (грек. - baptize суға батыру, шоқындыру). Баптистер діни еркіндікті, төзімділікті, шіркеуді мемлекеттен бөлуді талап етті. Баптизм ілімінде жеке сенімге және дінді қабылдауға көп көңіл бөлінеді. Жалпы бап - тистер аман қалуға адам ырқының қатысуын мойындаған XVI ғ. голландық реформатор Яков Арминийдің ықпалында болды және Христосқа сенгендердің бәрі аман қалады деген доктринаны үстанды. Жеке баптистер кальвиндік жазмыш ілімін қатаң сақтайды.
1872 жылы АҚШ-та Библияны зерттеушілердің халықаралық қоғамы құрылды. Оның жетекшілері бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1914 ж. көзге көрінбейтін Христостың екінші рет келуі орын алды деп жариялады. 1931 жылы олар Иегова куәгерлері қауымының құрылғанын жариялады.
3.Қазақстандағы христиан дінің тарихы
Христиан діннінің Қазақстан территориясында XIV ғасырға дейін болғанына деректі куәліктер көрсетеді, бірақ одан кейінгі ғасырларда бұл аймақта христиан дінінің маңызы төмен түскені көрінеді. Оған қарамастан жеке ру тайпалар өздерінің христиандық өткен шақтарын ұмытпады. Құдай иеміздің игілігімен шындық жарығы қазақ еліне өзінің нұрын қайта шашты, бұл жолы Орыс Православия Шіркеуінің көмегімен орындалды. XVIII ғдың соңында, қазақ халқы Екатерина II патшаханымынан, елші жіберіп өздеріне жаңа дінге шомылдырып кіргізетін дін қызметкерлерін жіберуді сұрағаны белгілі, бірақ жауапты істер лезде орындала қоймады. 1820 жр аралығында орыс Шіркеуінің (Святейший) Синодында Қырғыз миссиясын (қазақтарды ол кезде қырғыздар деп атады) құру жайында сұрақтар қойылды, ол кез қолайлы уақыт деп саналды. Өйткені көптеген қазақ ауылдары, өздерінің православия дінін қабыл алуына ықыласын білдірді. Атақты Алтай миссионері әулие Макарии (Глухарев) Алтай төңірегідегі тұрғылықты халықтарға православие дінін танып білуіне көптеген еңбегін сіңірді. XIX ғ. Екінші жартысында Қырғыз миссиясы құрылды. Миссионерлердің басты мақсаты ауылдар арасында Қазақ тілінде ізгі хабардларды уағыздап, үздіксіз миссионерлік саяхат жүргізуден, ғибатханалар тұрғызудан және жаңадан шомылдырылған қазақ балаларына миссионерлік мектеп ашып, оларды жаңа ілімге үйретуден тұрды. Бұл мектептерде сабақ қазақ және орыс тілдерінде берілді. Шіркеулерде құдайға қызметшілік қазақ тілінде орындалды, клиростарда қазақ тілінде жаңа шомылдырылғандардың балалары ән айтты. Жаңа өсиеттің киелілердең өмірі жайында және әр түрлі құдайлардың қызметіне арналған әндердең аудармалары болды. Қазақстанда православие сенушілері саны бойынша Ислам кейінгі екінші діни бағыт болып табылады, ол орыс Православие шіркеуінің діни қауымы, сондай-ақ дәстүр қауымдастықтарымен көрініс табады. Еліміздегі православинің пайда болу тарихы Қазақстанның Ресейге қосылу салдарынан туындаған бастапқы әскери қоныстарымен байланысты. 1871 Түркістан Ипархиясы құрылып, одан Қазіргі Алматы, Шымкент және Ташкент ипархиялары таралды. 1917 жылы революцияға дейін, православие шіркеуі патшалық Ресейдің мемлекеттік діні болып табылды және осының негізінде өзге діндермен салыстырғанда елеулі артықшылықтарды пайдаланды. Қазақстан тәуелсіз ел атанғалы 1992 жылы Діни сенім бостандығымен, Діни Бірлестіктер туралы заң ,2011 жылы Діни қызмет және Діни бірлестіктер туралы жаңа заң қабылданды. Алғашқы асығыс қабылданған заң, қазақ жеріне миссионерлерді ағылтқаны аян.
ІV. Жаңа білімді меңгеруін тексеру. 20 минут
Танымдық, шығармашылық тапсырмалары
І- тапсырма
1. Христиан діні қалай пайда болды?
2. Христиан дінінің ерекшелігі неде?
3. Христиан діні қай жылы екіге бөлінді?
4.Христиандықтың басты бағыттары
ІІ- тапсырма
Кесте: Христиан дінің негізгі бағытары мен өзіндік ерекшеліктерін көрсетіп, кестені толтырыңыз

Бағытары
Католицизм
Православие
Протестанттық
Баптизим
Иегова куәгерлері
Пайда болған уақыты мен ошақтары

Негізін салушы

Басты принциптері мен қарастырған мәселелері

ІІІ- тапсырма

Венн диаграммасы.

Христиан діні Буддизм діні

VІ- тапсырма
(мини тест әдісі бойынша):
1.Христиан діні алғаш қай елде пайда болды?
А. Иранда;
Ә. Иракта;
Б. Палестинада.
2. Христиан дінінің негізін салушы?
А. Гаутама;
Ә. Иисус Христос;
Б. Мұхамед пайғамбар.
3.Христиан дінінің қасиетті кітабы?
А. Құран;
Ә. Трипитака;
Б. Інжіл.
4.Христиан діні қашан пайда болды?
А. Б.д. І-ғасырында;
Ә. Б.З.Б. І-ғасырда;
Б. Б.д ІІ-ғасырында.
5. Діни сенім бостандығы құқығы Заңның қай бабында көрсетілген?
А. 4-бап;
Ә. 3-бап;
Б. 1-бап.
1. Белсенділік танытпаған білімалушыларға жекелей тест түрінде тапсырма тарату
V. Жаңа сабақты қорытындылау 5минут
Рефлексия

Білемін
Білдім
Үйрендім

Студенттерді бағалау 3 минут
oo оқу процесінің әр кезеңінде әр оқушының дайындық деңгейін анықтау арқылы
oo түрлі жұмыстарды орындағаны үшін бағалардың дифференцациялануы арқылы.
VI. Үй тапсырмасы жайында мәліметтер:2 минут
1).Н: [1] 201-217 бет
Н: [7]236-249 бет
Қ: [26]250-259 бет
2.Католик діні және Рим папасы тақырыбы бойынша баяндама дайындау
3. Реферат
Оқытушы ______________

Тобы
Күні
ТӨ-521
05.12.16 ж.

Сабақ жоспары№ 15

Пәні:Мәдениеттану
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: интербелсенді
Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі қазақ мәдениеті
Сабақтың
мақсаты:

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы толық мағлұмат бере отырып, білім алушылардің бойында әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген обьективті көзқарасын қалыптастыру
Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жастарға беретін тәрбиелік мәнін ашу арқылы жастарды Отан сүйгіштікке, еңбекке, адамгершілікке, өз ұлтының салт-дәстүрін сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Білім алушыларды қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ой-пікірлерін ортаға сала отырып, сыни тұрғысынан көзқарастарын одан әрі дамыту

Сабақтың технологиясы мен әдіс тәсілдері: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
5 сыныпта ақпараттық процесстерді оқыту әдістемесі
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергияны үнемдеу бағдарламасы
Оқушыларды оқыту процесінде
Тілдік дағды қалыптастырудағы мәтін маңызы
Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі
АУДИОЛИНГВАЛДЫ ӘДІСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Кәсіптік оқыту әдістері
Модульдік оқыту технологиясы арқылы сабақ өткізу әдістемесі
Пәндер