Дәрілік заттарды егу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысының білім басқармасы

«Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» МҚКҚ

Өндірістік технологиялық практикасының

әдістемелік нұсқаулығы

4 курс ветеринария студенттеріне арналған

Т. Рысқұлов 2018ж.

КБЖ

Құрастырған: , «Өндірістік технологиялық практикасынан /әдістемелік нұсқаулық /

Т. Рысқұлов . . . бет 2018 ж

Әдістемелік нұсқаулық 1513000 - «Ветеринария» мамандығының білім алушыларына арналған.

Қысқаша мазмұны: Өндірістік технологиялық практикасының оқу әдістемелік материалдары кәсіби және техникалық орта буын оқу орындарында оқитын 4- курс ветеринария студенттеріне арналған .

Әдістемелік нұсқауда жануарларға жедел ветеринарлық жәрдем көрсету әдістерін пайдалану және жедел ветеринарлық жәрдем көрсету кезінде жануардың мүшелеріне тиісті тәсілдер бойынша көмек беру жолдары көрсетілген.

«Арнайы пәндер » пәндік циклдік комиссиясы мәжілісінде қарастырылып, бекітілді және ОӘК ұсынылды.

№хаттама «___»2018 ж

«Арнайы пәндер » ПЦК төрағасы

Әдістемелік нұсқаулық ТАБСК әдістемелік кеңестің мәжілісінде қаралды

№ хаттама. 2018 ж.

ТАБСК 2018 ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 5

Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7

МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7: 1. . Жедел жәрдем қобдишасы . . . 8
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:

2. Жануарларды байлап, бекітіп ұстаудың негізгі тәсілдері және оларға көмек көрсеткенде техникалық қауіпсіздікті сақтау . . . 10

3. Аурулардың негізі белгілері . . . 12

:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7: 4. Дәрілік заттарды еңгізу жолдары . . . 14
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7: 5. Дәрілік заттарды егу . . . 15
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7: 6. Таңу салу . . . 20
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7: 7. Жарақат кезінде алғашқы көмек көрсету . . . 23
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 7. 1 Соғылулар
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 7. 2 Жаралар
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 7. 3 Тұяқ астының жарылуы . .
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 7. 4 Созылу
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7: 8. Төлдердің жұқпалы емес аурулары . . . 26
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 8. 1 Төлдің өлі тууы (төл гипоксиясы)
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 8. 2 Кіндіктін қабынуы
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7: 9. Ас қорыту мүшелерінің аурулары . . . 28
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 9. 1 Іш өту (диарея)
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 9. 2 Жұтқыншақтың бітелуі
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 9. 3 Бұзаулардың қарынының кезеңдік кебуі .
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 9. 4 Қарын тимпаниясы
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 9. 5 Қатпаршақ қарының бітелуі
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 9. 6 Асқазан алды атониясы
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7: 10. Азықтан улану . . . 33
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7: 11. Тыныс алу мүшелерінің аурулары - бронхопневмония . . . 36
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7: 12. Жүйке жүйесінің және сезім мүшелері аурулары . . . 37
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 12. 1 Ыстық өту
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 12. 2 Күн сәулесінің әсері немесе күн өту
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 12. 3 Конъюнктивит
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 12. 4 Мүйізше қабатының қабынуы (кератит)
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 12. 5 Төлдегеннен кейінгі парез
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7: 13. Көбею органдарының аурулары . . . 41
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 13. 1 Қынаптың және жатырдың түсуі
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  • 13. 2 Шудың түспей қалуы.
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:
  1. Сүт бездерінің қабынуы (желінсау)
:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7:

14. Шаруашылықтарда ірі қара малдардың ауруларын алдын алудың және ветеринарлық іс-шаралардың

үлгі ретіндегі схемасы . . . 43

15. Күнделік-есепті жүргізу бойынша нұсқау . . . 47

16. Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан және оқу орнында бекітілген құжаттардын үлгісі . . . 48

:
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 5Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге нұсқау . . . 7: 17. Қолданылған әдебиеттер тізімі
:

КІРІСПЕ

Техникалық және орта кәсіптік оқу орындарында оқушыларға тәжірибелі білім беру оқу тәжірибелік процестің негізгі құрамды бөлігі болып табылады және білім алушыларды ветеринариялық мекемелерде, шаруашылықтарда ауыл шаруашылық малдарына, құстарға, бал араларына, балықтарға ветеринариялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру шараларымен таныстыруды, арнайы пәндерді оқу барысында үйренгендерін пысықтауды, мамандық бойынша, сондай-ақ жұмысшы мамандығы бойынша жоспарында көзделген дағдыларды қалаптастыруды мақсат етіп қойды.

Оқу тәжірибе кезінде оқушылар ветеринария жұмыстарын тікелей, өз беттерінше теориялық білім негізінде ұйымдастыруды және нақты іскерлікті, ұжымда жұмыс істей алуды меңгеру керек. Бағдарламада көрсетілген тапсырмаларды орындаумен айналысады. Олар шаруашылықтың ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне толық бағынулары тиіс. Технологиялық тәжірибе колледждің оқу тәртібіне сәйкес түрлі меншіктегі шаруашылықтарда ветеринариялық мекемелерде өткізіледі.

Малдар кейбір жағдайда күтіп-бағу кезінде ауруға шалдығады. Малдарға мамандандырылған көмекті тек қана ветеринар маман көрсете алады, бірақ мал иелері де көп таралған ауру жайлы түсінігі болып және алғашқы жәрдем көрсете алуы керек.

Малдарға көрсетілетін ветеринарлық жәрдемді ажырата білу керек, яғни бірінші жедел жәрдем, жануар өлім жағдайында болғанда немесе ауыр жарақат алғанда көрсетіледі, ал екіншісі- қалыпты жағдайда емдеу.

Жарақаттанғанда, жіті инфекциялық аурулар кезінде, төлдеу патологияларында, өңеште бөгде заттар табылса, жатыр түсіп қалса, шаншуларда, тимпанияда, қансырауда т. б. жағдайларда міндетті түрде жедел жәрдем көрсетіледі. Бұл кезде ветеринарлық көмек жедел көрсетіліп ветеринарлық маманның ауру малға баруын талап етеді. Ветеринарлық көмек ветеринарлық емханаларда амбулаторлық және стационарлық түрде немесе мал белгілі бір жағдайлармен ветеринарлық кәсіпорынға жеткізілмесе көмек сол орында көрсетіледі.

Жоспарлы ветеринарлық көмектің маңызы зор, ол малдарды диспансеризациялау арқылы жүзеге асырылады. Ветеринарлық көмекке терапефтикалық, акушерлік-гинекологиялық, сонымен қатар хирургиялық болып жатады. Ветеринар мамандардың басты міндеті - ол малдарға орынды ветеринарлық көмек көрсету. Кейбір жағдайларда алғашқы ветеринарлық көмекті ферма жұмыскерлері немесе мал иелері көрсете алады.

Тәжірибе өтілетін кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекшіге

нұсқау

Тәжірибеден өтуші білім алушыға кәсіпорын тарапынан бекітілген өндірістік тәжірибе жетекшісіне келесі негізгі міндеттер жүктеледі:

- колледж тарапынан бекітілген тәжірибе жетекшісі ұсынған жұмыс жоспарын бірлесе құрып, онымен бірге білім алушыларды жұмыс орнына бөлу және олардың кәсіпорын нысандары мен жұмыс орындары бойынша алмастыру кестесін түзу;

- өндірістік тәжірибеге жаңа келген білім алушыларды кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру;

- білім алушыларға техника қауіпсіздігі ережелерін оқытып, осы салада кәсіпорында қалыптасқан тәртібі бойынша олардың білімін тексеру;

- тәжірибе өту барысында білім алушыларды қажетті құрал-саймандармен, жабдықтармен, аспаптармен, материалдармен, анықтамалық, техникалық және технологиялық құжаттармен қамтамасыз ету;

-кәсіпорын құрылымымен, оның негізгі технологиялық мақсатымен білім алушыларды таныстыру;

-білім алушылардың тұрмысын, тамақтануын және еңбек жағдайын, тәжірибе бағдарламасын орындау, олардың кәсіпорын нысандары мен жұмыс орындары бойынша алмасу кестесін әрдайым бақылап отыру;

- тәжірибе бағдарламасында көрсетілген сұрақтар бойынша білім алушыларға арналған танымжорықтар, өндірістік тақырыптар бойынша лекциялар мен сұхбаттасулар ұйымдастыру;

- кәсіпорынның қоғамдық ұйымдарымен бірлесе отырып білім алушыларға идеялық тәрбиелік жұмыстар жүргізу, оларды кәсіпорынның қоғамдық, мәдени және спорттық ойындарға жұмылдыру;

- колледж тарапынан жетекшілік ететін оқытушымен бірге тәжірибе барысын талқылау мақсатында білім алушылардың жалпы жиналысын өткізіп, олардың оқу бағдарламасын орындау барысында жібьерген қателіктері мен ұтымды тұстарын көрсетіп отыру;

- білім алушылардың күнделік-есеп жазу барысын апта сайын, үнемі тексеріп, білім алушы туралы пікір жазу және оның жұмысын қорытындылау;

- дипломдық жобалар мен курстық жұмыстарды орындауға арналған тақырыптарды анықтау барысында колледжге көмек көрсету.

Өндірістік тәжірибеге кәсіпорын цехтарында білім алушылар тікелей жетекшілік ететін маманға келесі міндеттер жүктеледі:

- жұмыс орнында өзіне бекітілген құрал-саймандар мен жабдықтарды білім алушыларға таныстыру;

- жұмысшы кәсібін игеру бойынша білім алушыларды үздіксіз жұмыспен қамтамасыз епту;

- білім алушылардың бір немесе екі іргелес жұмысшы кәсібін игеруге жағдай жасау және көмек көрсету;

- білім алушылардың техника қауіпсіздігі және ішкі тәртіп ережелерін сақтау және орындауын әрдайым бақылып отыру;

- білім алушының күнделікті жазуын әрдайым тексеріп, қателіктерін түзетіп отыру;

- колледж кәсіпорын тараптарынан өндірістік тәжірибеге бекітілген жетекшілер бір-бірімен әрдайым байланыста болу.

1 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚОБДИШАСЫ

Мал иелері аздаған жарақаттар кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринарлық көмекпен қатар, мал өміріне қауіпті жарақаттар кезінде көрсетілетін көмекті білуі қажет. Даулы жағдайларды болдырмау үшін кенеттен болатын жағдайларды алдын-ала ойластырып, дайын болуы қажет. Яғни шұғыл жағдайда қол астында ветеринарлық қобдиша болып, ветеринармен қалайда байланыс жолдарын ойластыру керек. Фермада келесі құралдар болу керек : термометр, мал түгін қырқуға арналған қайшылар, пинцеттер. Операцияға арналған скальпель, Эсмарх крушкасы, трокар дезифектанттар қажет.

Сонымен қатар дәріханалық таразылар, сүлгі және халат болуы абзал.

Қобдишада (аптечка) болу қажет:

вазелин - қабынулармен соққы алғанда теріні жұмсарту үшін сүртпе жасауға, желін үрпілерін жұмсарту үшін қолданылады. Сонымен қатар сүртпе майлар әзірлеугеде пайдалы.

глаубер тұзы - түссіз, мөлдір кристалды ұнтақ. Іш жүргізу үшін қолданады.

йодоформ - өзіне тән иісі бар, лимонды сары түсті, ұсақ кристалды зат. Йодоформды сүртпе майлар әзірлеуде және жараға сеппе ретінде қолданады.

ихтиол - қара-қоңыр түсті сұйықтық. 10-20% ерітінді және сүртпе май түрінде жарақаттарды өңдеуге, тері қабынуларында, соғылып, ұрылуларда т. б. жағдайларда қолданылады. Ашытуға қарсы зат 20-40 г ішуге арналған.

калий перманганаты (марганцовка) - кристалды ұнтақ. Жұтқыншақ пен жатыр қабынуларында, жарақаттарды өңдеуге, суға қосып ерітінді ретінде қолданылады.

сутегінің асқын тотығы 3%-дық ерітіндісі іріңді жараны өңдеуге арналған.

бор қышқылы - ақ кристалды ұнтақ. Ауыз қуысын, мұрынның кілегей қабаттарын және көздің коньюктивасын өңдеу үшін қолданылатын суға араластырылған 2-3%-дық ерітінді.

дезинфекциялық креолин - өзіне тән иісі бар, қара-қоңыр түсті май тәріздес, қоймалжың сұйықтық. Қора-жаймен, құрал-саймандарды, аяқ киімді залалсыздандыруға т. б. жағдайларда пайдаланады.

камфора - орталық жүйке жүйесін қоздыруға, тыныс алумен қан айналымын ынталдарады. Ампулада 20% май ерітіндісі, 2-20 мл тері астына енгізуге арналған.

кофеин -3-5 мл тері астына орталық жүйке жүйесін қоздыруға.

лизол - мөлдір қызыл май текті сұйықтық. Судағы 1%-ды ерітіндісін теріні, құрал-саймандарды, жараны, қолды залалсыздандыру үшін қолданады.

мырышты май- ақ түсті қою зат, жараны емдеуге, зақымдалған теріге және т. б. қолданады.

кастор майы - әлсіз иісті, сары, мөлдір, май текті сұйық зат. Жеңілдететін әсері бар, 250-800 мл ішке.

өсімдік майы( күнбағыс, зығыр, кендір) - теріні жұмсартуға, асқазан, ішек ауруларына қабылдайды.

карболды сабын (дегтярное, борлы) - қолды жууға арналған, залалсыздандыратын сабын.

йод тұнбасы ( 5-10% - ды спирттегі йод ерітіндісі) - жараға жағуға, операция алдында теріні майсыздандыруға арналған күңгірт сұйықтық.

скипидар - сарғыш немесе түссіз, смола тәрізді иісі бар сұйықтық. Жиі тері сыртына қолданылады. Асқазан мен ішек ауруларына, сонымен қатар кеуде қуысының тері жасушаларына, өкпе ауруларына қолданылады.

қоскөмірқышқылды тазартылған сода - ақ түсті қышқыл, дәмді, кристалды ұнтақ. Жатырды, қынапты, ауыздың кілегей қабығы және мұрынның кілегей қабығын жуып-шаюда сумен арласқан ерітінді ретінде қолданылады.

анальгин - 1 және 2 мл мөлшерлі ампуладағы 25% және 50% ерітінді. Жансыздандырғыш зат, тамыр ішіне немесе бұлшық етке 3-6 мл-ден, тәулігіне 2 рет егіледі.

магния сульфаты - 20-25% ерітінді, бұзаулардың қалшылдауын басатын 50-100 мл зат, фтор, қорғасын, барий, сынап, мышьякпен уланғанда- 1% ерітіндіні қарынды жуғанда қолданады.

сульфадимезин - таблетка. Пневмонияда, мүшелер қабынуында және ұлпаға қолданады.

трицилин - ақ, ұнтақ зат, ол стрептоцид, стрептомицин және пеницилиннен құралады. Ақ стрептацид секілді қолданылады.

ақ стрептацид - дәмсіз, иіссіз, ақ түсті, ұсақ кристалды ұнтақ. Жараларды емдеуге, ұлпалардың қабынуында қолданылады.

пенициллин - антибиотик, ақ түсті ұнтақ, флаконмен 5 және 1 ӘБ (әсер бірлігі) .

сульфадиметоксин - микробқа қарсы препарат (кокцидиоз, пастереллез, пневмонияларда, ішек қабынуларында) 1 кг салмаққа 50-60 мг ішке, тәулігіне1 рет 4-6 күн егеді.

фурациллин - сыртқы қолдануға ерітінді және майын жасауға пайдаланатын таблетка. Конъюктивит, ангина, терінің ұсақ зақымдалуларында, стоматитте, сырттан микробтың түсуінде қолданады т. б. ; 1 л қайнап жатқан суға 0, 2 г.

фуразолидон - асқазан ішек аураларын алдын алу және емдеуге 1 кг тірі салмаққа 5 грамнан.

калций хлориді - венаға арналған 10%-ы ерітінді. Қабынуға қарсы, улануда, қан жоғалтуда кеңінен қолданылады, глюкоза ерітіндісімен 100 мл-ге дейін тамыр ішіне, 30-60 мл ішкізуге;

хлорлы әк - хлор иісті, ақ түсті ұнтақ. 2-5% сулы ерітіндісін, немесе құрғақ түрде қолданылады. Мал қораларын, топырақты, көңді залалсыздандыру үшін пайдаланылады.

Сонымен қатар, байлайтын (таму) заттары : гигроскопты мақта, стерилді бинт, марлы, резенкелі бұрау (жгут) болуы керек.

Барлық дәрі-дәрмектерді бекітілетін шкафта сақтау керек және құрал-саймандар таза болуы керек. Флакон салынған дәрі-дәрмектер тығындармен дұрыс жабылуы керек.

2 ЖАНУАРЛАРДЫ БАЙЛАП, БЕКІТІП ҰСТАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ

Малдарға диагностикалық немесе емдік сақтандыру шараларын жүргізерде мал мен адам жарақат алмайтындай жағдай жасалуы керек.

Малмен абайлап, сенімді, еркелетіп қатынас жасау керек. Оған жақындағанда бұйрықты дауыс беріп, ескерткен дұрыс. Дөрекі айқайлауға болмайды. Жануарларды күтіп-бағатын адамдар жануарлардың лақап атын, жынысын, жасын, айрықша белгілерін, темпераменті мен әдеттерін біліп қана қоймай, бекіту әдістерін де білуі қажет.

Ірі қара малды клиникалық тексерістен өткізер кезде мүйізімен сүзіп, сонымен қатар тұяқтарымен артына немесе жан - жағына теуіп қарсылық көрсетуі мүмкін.

Ірі қара малды бекіту : Ірі қараны қарап зерттеген кезінде мүйізінен немесе мойынынан және мұрын айналасынан бекітіп байлайды. Ірі қараны тексеру уақытында жанынан, оң немес сол жағынан тұрып екі мүйізін қолмен ұстап бекітіп тұруға болады.

Шынтақпен мойын аумағын басып, ал дене мен иық маңын басып тұру керек.

Егер мүйізінен ұстап бекіту жеткіліксіз болса, сол жағынан ауыз - мұрын аумағын бір қолмен, ал екінші қолмен мүйізінен ұстап тез, әрі шапшаң түрде мойынын бұрады, сол жақ қолдың шынтағымен жануарды басып тұрады. Ал алақанмен бастың мұрын аумағын көтеріп тұрады.

Сиырдың тек қана мұрын - ауыз аумағын қысу арқылы ұстауға болады. Мұны саусақпен, егер ұзақ уақыт ұстау қажет болса арнайы мұрын қысқыштармен қысады.

Артқы аяқтарын арнайы арқан ілгіштермен бекітеді (секіртпе сіңірлердің үстінен кішкене жоғары), тұяқтарын кесу және тазалау кезінде аяқтарына айналдырғышты салады (сурет 1) .

Сурет 1. Ірі қара малдың басын бекіту техникасы

Жануардың көтерілген тұяғын адамның тізесіне қоюға болмайды, өйткені ол жануарға тіреу болады және адам үшін өте қауіпті.

Арқанның шетін қандай да бір затқа бекітуге болмайды және жануардың денесіне байлауға болмайды, өйткені жануар аяқ астынан құлап қалса тез көтеру, аяғын босату қиынға соғып, жарақаттарға әкеледі.

Сурет 2. Сиырлардың аяқтарын бекіту әдістері

Өңдіруші бұқалармен жұмыс жасағанда абай болу керек. Әр бір бұқаға 6-8 айында мұрын пердесіне сырға тағады. Бұқаны мұрын сырғасына байлауға болмайды. Сырғаны қайыс белдік арқылы мүйізіне қарай тартып қояды. Бұқаны ең дұрысы бағанаға немесе екі бағана аралығына бекіту қолайлы. Бұқаларды мұрын сырғасы және мойын шынжырлары арқылы бекітеді. Жануардың темпераментіне қарамастан әр бір бұқаны мұрын сырғасына бекітілген 2 метр ұзындықтағы жетек таяқшамен (карабин) ұстайды.

Бұзауларды қолмен құлағын немесе мойнынан ұстап, арнайы түйін арқылы мойын ілгегін жасап бекітеді. Жалпы ірі қара малды бекіту үшін әр түрлі конструкциялы станоктар қолданылады.

3 АУРУЛАРДЫҢ НЕГІЗІ БЕЛГІЛЕРІ

Малдарға уақытылы ветеринарлық жәрдем көрсету үшін малдардың ауруларының жалпы белгілерін білу қажет.

Аурулардың негізі белгілері:

  • бей-жай жағдайы;
  • жанар жылтыры кетіп, көздің кіртеюі;
  • тұмсығының құрғақ және ыстық болуы;
  • азыққа тәбетінің төмендеуі;
  • сүтінің мөлшерінің азаюы.

Аурудың кішкене белгілерінде-ақ малдардың дене қызуын ветеринарлық немесе кәдімгі медициналық термометрмен тексеру керек (кесте 1. )

Қолданар алдында, алдын-ала термометрді тексеріп, залалсыздандырады. Термометрді сілкігеннен кейін вазелин немесе май жағып, сынапты басы кілегей қабатына тиіп тұру мақсатында, тік ішекке енгізеді. Мал құйрығына 5-10 минут жіппен немесе термометр ұстағышпен байлайды. Дене қызуын тексерісімен жедел түрде дымқыл мақтамен немесе жылы сумен термометрді кілегейден немесе қидан тазалап, сынабын сілкіп түсіріп, залалсыздандыру керек. Есте сақтаңыздар! Термометрді қолдану тәртібін бұзғанда топалаң, маңқа және паратиф басқа малдармен адамдарға жұғуы мүмкін.

Өзіне қауіп төндірмес үшін малдардың артқы аяқтарымен құйрығынан сақтану керек, ал көмекші болса жылқының басын мықтап бекітіп, сол жақ аяқты кеуде қуысына көтеріп тұру қажет.

Тамырының соғуын саусақты жамбас артериясына басу арқылы анықтайды.

Тыныс алу жиілігін кеудесінің қозғалысы арқылы, кеуде қуысын тыңдау арқылы, тұмсығына алақанды жайып біледі.

Кесте 1. Сау малдардың дене қызуы, тамыр соғуы және тыныс алу көрсеткіштері

Малдың түрі
Дене қызуы, °С
1 мин. соғуы
Тамыр соғуы
Тыныс алуы
Малдың түрі: Ірі қара мал
Дене қызуы, °С: 37, 5 - 39, 5
1 мин. соғуы: 50 - 80
10 - 30
Малдың түрі: Жылқы
Дене қызуы, °С: 37, 5 - 38, 5
1 мин. соғуы: 24 - 42
8 - 16
Малдың түрі: Қой, ешкі
Дене қызуы, °С: 38, 5 - 40, 0
1 мин. соғуы: 70 - 80
12 - 30
Малдың түрі: Шошқа
Дене қызуы, °С: 38, 0 - 40, 0
1 мин. соғуы: 70 - 120
10 - 20
Малдың түрі: Қоян
Дене қызуы, °С: 38, 5 - 39, 5
1 мин. соғуы: 120 - 200
12 - 30
Малдың түрі: Тауық
Дене қызуы, °С: 40, 5 - 42, 0
1 мин. соғуы: 120 - 150
12 - 30

Сау малдың дене қызуы әр түрлі факторлар әсерінен өзгеріп отыратынын ескерген жөн. Ең бірінші фактор - ол малдың жасы. Басқада жағдайларда төлдердің дене қызуы сақа малдарға қарағанда жоғары болатыны мәлім. Мысалы: жаңа туған құлындардың дене қызуы 39, 5°С болса, жасы үлкен құлындарда 37, 5- 38, 5°С аралығында болады. Бұзауларда 38, 5-40, 0°С, қозыларда 38, 5-40, 5°С, ешкінің лақтарында 38, 5-41, 0°С, торайларда 39, 0-40, 5°С болады. Аналықтардың дене қызуы аталықтар мен пішпелерге қарағанда жоғары болады.

Төлдеудің алдынғы аптасында барлық малдардың дене қызуы жоғары болады. Бірақ физиологиялық қалыптан (0, 5°) шығуы сирек кездеседі. Кейбір сиырларда 40, 0°С болып, бұзаулағаннан кейін 2-4 күнде қалыпты деңгейге келеді.

Дене қызуы жұқпалы ауруларда, суық тигенде және басқада ауруларда жоғарылап, уланғанда төмендейді. Малдардың қызуы көтеріле бастағанда және бұзаулардың өкпесі қабынғанда тыныс алу жиілігі жылдам болады.

Сиыр ағзасында термометр болған кезде, төмендегілерді тексеруге болады:

  • Өкпесін:Тыныс алуын бағалап, оның жиілігіне қарап, қасындағылармен салыстырып оларға қарағанда жиі болса стетоскоп арқылы жүргізу қажет.
  • Қарын құрамы:Сиырдың артынан қарап, егер соңғы қабырғасына қарыны жанамаса және мал бүкірейген немесе арық болса, онда азықтандыру нашар немесе ол малда ацидоз немесе жұмыршақтың жылжуы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БҰЛШЫҚ ЕТКЕ КӨК ТАМЫРҒА ПАРЕНТЕРАЛДЫ ЖОЛМЕН ДӘРІ ЕҢГІЗУ
Жануарлардың тістеуі, жылан, жәндіктердің шағуы. бөгде заттың түсуі. жасанды тыныс алдыру – жалпы ережелер. инъекция – жалпы ережелері, түрлері
Жануарлардың тістеуі, жылан, жәндіктердің шағуы
Дәрілік түрді ағзаға енгізу жолы және агрегаттық жағдайы бойынша жіктелуі
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
Дәрілік заттар түрлері
Эспарцет жарыққа мұқтаж
Медициналық биотехнологияның жалпы сипаттамалары
Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы жайында
Антибиотиктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz