Аткарушы билік органдарының түрлері
Ф.7.03-03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.АУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Конституциялық, кеден және халықаралық құқық кафедрасы
5В030100 - Құқықтану мамандығы бойынша
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығы пәнін
оқытуға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент, 2014 ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М..ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
“Заңтану және халықаралық қатынастар” факультеті

Жарылқапова Г.П.

Шымкент, 2014 ж.
ӘОЖ 341.343.
ББК 60.90.(2)8
Құрастырған: аға оқытушы Жарылкапова Г.П.
5В030100 - Құқықтану мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы әкімшілік
құқығы пәнінен жоғарғы оқу орнының студенттеріне студенттің өзіндік
жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау.
Шымкент: ОҚМУ, 2014. – 22 бет.
Әдістемелік нұсқау 5В030100 - құқықтану мамандығы бойынша типтік
бағдарламаға және мемлекеттік стандартына сәйкес құрастырылған және СӨЖ
жүргізу үшін барлық мәліметтер қамтылған.
Аннотация: Әкімшілік құқықтың ұғымдары мен институттарын, атқару билігінің
жүзеге асырылу механизмін оқытып, әкімшілік құқықтың субъектілерінің
кұқықтық мәртебесін, әкімшілік қызметтің нысандары мен өдістерін,
мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікті қарастырып, сонымен бірге әкімшілік
іс, мемлекеттік басқарудағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету,
мемлекеттік басқарудың салалары мен аумақтарындағы (немесе
кеністіктеріндегі, шеңберіндегі) әкімшілік құқыктық реттеудің сараптамасын
уйрету.
Рецензент: Есеналиев А.Е. – з.ғ.к.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ Конституциялық,
кеден және халықаралық құқық
кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты
Рецензент: А.А. Исмайлов – з.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Конституциялық, кеден және халықаралық
құқық кафедрасының заң ғылымдарының
кандидаты
Әдістемелік нұсқау Конституциялық, кеден және халықаралық құқық
кафедрасында қаралып, басылымға ұсынылған 27_08_ 2014 ж., хаттама № 1
Әдістемелік нұсқауды Заңтану және халықаралық қатынастар факультетінің
әдістемелік коммисиясы мақұлдаған 30_08_ 2014 ж., хаттама №1
М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқу- әдістемелік кеңесімен басылымға ұсынылды,
(хаттама № ___ ___ ______ 2014ж.).
© ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ, 2014 ж.
Басылымға жауапты Жарылкапова Г.П.
Мазмұны
1.Түсіндірме беретін
жазба ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...6
2. Пәннің
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 7
3.Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1тақырып. Әкімшілік құқықтың пәні мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2 тақырып. Азаматтардың әкімшілік құқықтык мәртебесі ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..15
3тақырып. Атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық
мәртебесі ... ... ... .19
4 тақырып. Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік-құқықтық
мәртебесі ... ... ... ... 36
5 тақырып. Кәсіпорындар мен мекемелердің, үйымдардың әкімшілік-
құкықтық мәртебесі...42
6 тақырып. Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық
нысандары.58
7тақырып. Атқарушы билікті жүзеге асырудың окімшілік-кұқыктык
әдістері ... ...61
8 тақырып. Әкімшілік
мәжбүрлеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..64
9 тақырып. Әкімшілік
жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 71
10 тақырып. Әкімшілік процессуалдық қызмет ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..8 3
11тақырып. Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты бақылау және
қадағалау ... ...86
12 тақырып. Әкімшілік-құқықтық
режимдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...88
13 тақырып. Экономика аясын әкімшілік құқықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .93
14тақырып. Әлеуметтік-мәдени саланы әкімшілік-құқықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... 100
15 тақырып. Әкімшілік-саяси саланы әкімшілік-құқықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... ...10 2
16 тақырып. Кеден ісін ұйымдастырудың әкімшілік-құқықтық
негіздері ... ... ... ...107
4.Семинар сабақтарының үлгі
тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...111
5. Студенттердің өзіндік жұмысының үлгі
тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...114
6. Ұсынылатын әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..123
1. Түсіндірме беретін жазба
Әкімшілік құкық мемлекеттің құкықтык циклдің алдыңғы қатарлы қүкық
салалары мен ғылымдарынын бірі болып табылады. Бұл өз алдына оқытушыларға
пэннің аса маңызды бөлімдерін жүйелі әрі тереңірек окытуда жауапты міндет
жүктейді.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы пәні мақсатының мазмүнына
мыналар енеді: әкімшілік құқықтың үғымдары мен институтгарын, атқару
билігінің жүзеге асырылу механизмін окыту; әкімшілік құқықтың
субъектілерінің құқықтык мәртебесін, әкімшілік қызметтің нысандары мен
әдістерін, мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікті карастыру; сонымен бірге
әкімшілік іс, мемлекеттік басқарудағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету,

кеңістіктеріндегі, шеңберіндегі) әкімшілік құқықтық реттеудің сараптамасы.
Әкімшілік құқық мемлекет және құқық теориясы, конституциялык құқық,
қаржы құқығы, қылмыстык құқык, кеден құқығы сияқты пәндерімен тығыз
байланысты екендігін айтып кеткен жөн. Бұл байланыс Қазақстан
Республикасының әкімшілік құқығы пәнінің ерекшелігімен анықталады. Аталған
түсінігін меңгеру барысында мемлект және құқық теориясының көптеген
сипаттарын меңгеру қажет; әкімшілік құқықтың субьектілерінің құқықтық
жағдайын зерттеу кезінде, ең алдымен, конституциялық нормаларды зерттеу
керек; басқарудағы жауапкершілік туралы тақырыптарды қарастыру барысында
кылмыстық құқық курсының тиісті ережелерін анализдеу қажет; кеден ісі
саласында басқаруды ұйымдастыруды зерттеу кезінде кеден құқығы курсының
тиісті ережелерін білу қажет.
Осыған сәйкес студенттер негізгі ұғымдар мен әкімшілік құқықтан
институты бойынша теориялык біліммен жабдықталуға, оларды игеруге тиіс және
алынған білімдерді дұрыс қолдануды, әкімшілік құқықтық нормативтік
түпнұсқаларын оқуда тиісті бағыт-бағдар жасауды білуі қажет.
Студент оқу дәрістерімен қатар, ҚР заңнамасын, монографиялык
әдебиеттерді білуге тиіс. Оқу материалын тестік меңгерудің көрсеткіші болып
әкімшілік құқықтық қатынастардыан туындайтын мәселелерді саралау кезінде
өздігінен логикалық қорытынды шығару табылады.
Әкімшілік құқық пәнінің әрбір тарауының тақырыбы білім берудің блоктік-
рейтингтік бақылау жүйесінің әр түрлі нысандарда қолданылуы мүмкін (ағымдық
және аралық). Оқытушының калауынша, олар ауызша жауап алу, реферат,
баяндама және коллоквиум түрінде айқындалуы мүмкін.
2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейінгі уақытта
Қазақстан Республиканың экономикалык, саяси және құқықтық жүйелері елеулі
түрде өзгерді. Осындай жағдайларда әкімшілік құқық -құқық жүйенің
негіздеуші саласы ретінде жаңа түрін алады. Егеменді Қазақстанның жаңа
максаттарына сәйкес экономикалык, саяси құқықтык және әлеуметтік-мәдени
салаларының әкімшілік құқықтық институттарын қайтадан қарастыру мүмкіндігі
туындап отыр; құқықтық мемлекет идеялары, билікті бөлу, адамның құқықтары
және бостандықтарының басымдылығын қарастыру кезінде әкімшілік құқығының
проблемаларын ескеру қажет.
Мемлекет ролінің, мемлекеттік басқарудың мәні, нысаны және әдістерінің
өзгеруі әкімшілік құқықтық жалпы және ерекше бөлімдерінін құралымы мен
мазмұның сын көзбен қарауын қажет етеді. Заңнаманың жаңаруы және оның
тұрақты түрде өзгеріп отыруы әкімшілік құқықтық нормалар мен институттардың
мазмұнына әсер ететін маңызды деректердің бірі болып табылады.
Әкімшілік құқық оқу курсының бағдарламасы әрекет етуші заңнамаға,
әкімшілік құқықтың ғылымының негізгі ережелер мен қорытындыларына сәйкес
құрылды.
Ұсынылып отырған бағдарлама мемлекеттік стандарт негізінде жасалып. заң
оқу орындарында және Кеден ісі мамандығы бар институттарда Әкімшілік
құқық курсын оқыту үшін оқу жұмыс бағдарламаларын жасауға негіз бола
алады.
3. Негізгі бөлім
1-тақырып Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері.
Жоспар:
1. Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері.
2. Әкімшілік құқықтың әдісі.
3. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
4. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
5. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
6. Әкімшілік құқықтың жүйесі.
Әкімшілік құқық атқарушы билік органдарының (Үкімет, министрлер мен
ведомстволар, өзге де орталық атқарушы органдар, әкімияттар, сондай-ақ
басқа да жергілікті атқарушы органдар) қызметін ұйымдастырумен байланысты
қатынастарды реттейді, олардың құрылымын, өкілеттіктері мен құзіретін,
сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс-қимылдарын анықтайды. Әкімшілік
құқықпен сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының азаматтармен жэне
өздерінің кұзіреттеріне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл
жасауы барысында туындаған қатынастары, сондай-ақ әкімшілік құқық
бұзушылықпен байланысты қатынастар реттеледі.
Әкімшілік құқық жалпы әмбебеп жинақталған актінің болмауымен
сипатталады, мұның соңғысы құқықтың осы саласымен реттелетін қатынастар
құрамының күрделі болуына байланысты. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері
болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының
әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, әкімшілік-құкықтық қатынастары
нормалары бар жэне осы қатынастарды реттейтін өзге де заң актілері, сондай-
ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болатын халықаралық-құқықтық
келісімдер болып табылады.
Әкімшілік құқық мемлекеттік билік органдарының билік-өкім басқару
өкілеттіктерімен сипатталады. Заңның негізінде және олардың құзіретіне
сәйкес қабылданатын шешімдер орындау үшін міндетті болып табылады. Ол
өзінің ішкі мазмұны жағынан олардың ерік беру - шешімдер жолданатын
адамдардың белсенді іс-әрекеттеріне құқық беру; тыйым салу -белгілі бір
әрекеттер жасаудан тартыну талабы, нұсқаулар, яғни белгілі бір әрекеттер
жөнінде адамдарға міндеттер жүктеу сипатында болуы мүмкін. Бұл өз
кезегінде, әкімшілік құқық саласының ерекшелігін дәлелдейді, бұл әкімшілік
құқықтық қатынастар субъектілері жағдайының бірдей маңызды болмайтынынан
көрінеді. Алайда, осыған қарамастан, әкімшілік-құқықтық қатынастарға
қатысушылар, мұның азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар үшін сипатта
болатынындай тең болып табылмайды. бұл ұғым азаматтар мен заңды тұлғалардың
заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалады деген сөз емес.
Әкімшілік заңнамасында осы қатынастарға барлық қатысушылардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау кепілдіктері айтылады, олар азаматтар мен заңды
тұлғалардың, олардың арасындағы қатынастарындағы мемлекеттік органдар мен
уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағым беру мүмкіндігіндей
кұзіретін айқын реттеуден көрінеді.
Сонымен әкімшілік құқық Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің құрамды
буыны болып табылады. Әкімшілік құқықтың тағы бір маңызы мынада: қаржы,
банк, кеден, салық құқығы және басқалары сияқты құқық салаларының жаңа
ииституттарын кұру процессінде әкімшілік-құқықтық нормалар басқарушы,
әдістемелік орталық рольді атқарады, және олардың орнығуына, кешенді
институттар мен дербес салалар болып бөлініп шығуына көмектеседі. Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы заннаманың міндеті адам мен азаматтың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитарлық-
эпидемиоло-гиялық саулығын, қоршаған ортаны, коғамдық имандылықты,
меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, белгіленген тәртіпте жүзеге
асыратын мемлекеттік билікті, ұйымдардың заңмсн қорғалатын құқықтары мен
бостандықтарын әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың
жасалуының алдын алу.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы мемлекеттік басқарудың
негіздерімен байланысты мәселелерді қамтиды, атқарушы өкіметтің жүйесін
ашады, сонымен қатар жеке адамдардың мемлекетті басқарудағы рөлін
көрсетеді. Ол экономиканы мемлекеттік басқарудың құқықтық, әлеуметтік дамуы
мен мәдениеттің, әкімшілік-саяси құрылымдардың, Қазақстан Республикасы
салааралық мемлекеттік басқарудың негіздерін, сонымен қатар басқармалық
қызметте заңдылықты қамтамасьп ету нысандары (формалары) мен әдістерін
оқытуды қарастырады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы мемлекеттік басқару
жүйесі мен бұл саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизміне
түсінік береді.
Әкімшілік құқық- Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі негізгі
саланың бірі. Белгілі құқықтанушы Алексеевтің ойынша құқық миссиясы терең
кажеттіліктерден туындаған.
Олар:
- азаматтық қағидаларды (принциптерді) қалыптастыру.
- басқарудағы түрлі мүдделердің ескерілуін қамтамасыз ету.
- автономды тұлғаның дербес мәртебесін (статусын) сақтау.
Бұлардың бірі әкімшілік құқыққа да қатысты. Қоғамдық санада әкімшілік
құқық атқарушы биліктің күштеу құралы ретінде қалыптасқан. Әкімшілік құқық
конституциялық қылмыстық құқықтар секілді дербес құқық саласы болып
табылады. Әкімшілік сөзі латынша басқару мағынасында, сондықтан бұл
саланы көбінс баскару құқығы деп те атайды. Сонымен әкімшілік құық
дегеніміз мемлекеттік басқару саласында, атқарушы мемлекеттік органдар
қызметін жүзеге асыру процессінде қаллыптасатын қоғамдық катынастарды
реттейтін заң саласы.
Әкімшілік құқықтық реттеу мемлекеттік басқару аясында карастырылады,
сонымен қатар әкімшілік құқық тұрғысынан басқару мазмұнындағы қатынастар
мәселесі көтеріледі.
Әкімшілік кұқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік
құқықтық реттелуін қарастырып, тәжірибеде әкімшілік-құқықтық нормалардың
орындалуын тақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен
субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың құқықтық әдістері
мен нормаларын және олардың жүргізілу тәртібін айқындап, сонымен қатар
басқарушы мен басқарылушы тараптардың қызметін реттейді.
Әкімшілік құқықтың негізгі мақсат-міндеттері:
- қоғамның, мемлекеттік аппараттың, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз
етудегі басты құрал ретінде әкімшілік биліктің тиімді қызмет етуіне жағдай
жасау.
- атқарушы билікті демократиялық ұйымдастыру.
- атқарушы биліктің қалыптасуымен байланысты адамадар мен олардың
бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарының нығаюына оң әсер
ету.
- азаматтар мен қоғамды - атқарушы биліктің бір жақты озбырлығынан қорғау.
- қоғамдық қатынастарды реттеу, нығайту,
- Конституция талаптарына сай немесе қоғамдық даму заңдарына сай жаңа
қоғамдық қатынастарды қалыптастыру.
- әкімшілік нормалармен, өзге де құқық салаларымен реттелген қоғамдық
қатынастарды қорғау.
- қоғам, мемлекет, азаматтар мүддесіне сай емес басқару саласындағы
қатынастарды ығыстыру.
Әкімшілік құқық - оқу пәні және ғылым ретінде. Қазіргі әкімшілік құқық
- құқық саласы ретінде құқық жүйесіндс жеткілікті деңгейде жеке тұлға
құқығын нығайтатын және оны әкімшілік үстемдіктен қорғайтын нормалар пайда
болған кезде қалыптасты. Әкімшілік құқық жәй ғана атқарушы биліктің еркін
ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар үлкен құбылыс болып саналады.
Әкімшілік құқық - өте маңызды, әрі күрделі сала, өйткені мемлекеттік
әкімшіліктің қоғамдық мәні зор. Басқару қоғамның барлық саласында бар және
оның қызмет көлемі үлкен, мазмұны әр қилы.
Әкімшілік құқық - құқықтық нормалар мен институтардың біртұтас жүйесі.
Оларды біріктіретін қағидалары (принциптері), мақсаттары, реттеу әдістері
және пәні. Әкімшілік құқық әлеуметтік мүддеге қызмет ете отырып өзге құқық
салалары секілді өзінің зандық басымдықтары ретінде азаматтардың кұқықтары
мен бостандықтарын қарастырады. Қазақстан Республикасының Конституциясында
азаматтардың бұлжымас-абсолюттік құқық-тарының концепциясы айқындалған.
Әкімшшік құқықтың басты мақсаты - мемлекеттік билік аппаратын заң
мүддесіне қызмет етіп, оның талаптарын орындауға бағыттау. Құқық салалары
өзара пәні, құқықтық реттеу әдістері бойынша ажыратылады. Зандық
әдебиеттерде әкімшілік құқықтың ғылым немесе пән ретінде қатынасы әлі де
таластар тудыруда. Әкімшілік құқық пәні дегеніміз оның нормаларымен
реттелетін қатынастар жүйесі. Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасының
құқық жүйесіндегі жеке сала ретінде қоғамдьқ қатынастардың ерекше тобын
реттейді. Олар мемлекеттік басқару саласында пайда болып, дамып, жойылатын
қатынастар. Мұндай қатынастар әр қилы, әрі әкімшілік құқық пәнін құрайды.
Бұлар басқарушылық қатынастар деп аталады.
Әкімшілік құқық пәні шартты түрде екі бөлімнен тұрады:
1. Аппарат ішілік қатынастар. Мұнда мемлекеттік органдардағы аппарат
ішілік жұмыс әдістерін және формаларын, қызметін ұйымдастыру
нығайтылады.
2. Әкімшілік биліктің түрлі ұйымдармен, мекемелермен, азаматтармен
қатынасы.
Әкімшілік құқық пәні астарында басқару мазмұнындағы қатынастар жатыр. Бұл
қатынастардың түрлері:
- басқару органдары арасындағы көлбеу (вертикальды) қатынас (Қазақстан
Республикасы Үкіметі және Мининистрлік)
- басқару органдары арасындагы бағынушылық қатынас (аудандық әкімшілік
және жергілікті орган)
- басқару органдарының өздеріне бағынышты ұйым, бірлестіктермен
қатынасы (завод және министрлік).
Әкімшілік құқық пәнімен қоса әкімшілік құқық ғылымына тоқталып өтер
болсақ, әкімшілік құқық ғылымы заң ғылымының негізгі бөлігі болып саналады.
Ол әкімшілік құқықтың даму заңдылықтарын зерттейді. Әкімшілік құқық ғылым
ретінде
әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы ұғымдар, категориялар және түжырымдар
жүйесі болып табылады.
Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару сфсрасындағы қатынастарды
реттейтін құқықтық нормаларды зерттеп, мемлекеттік басқару аппаратының
құқықтық реттелу заңдылығын қарастырады. Ол басқару қатынастарын талдап,
мәнін ашып және тәжірибеде әкімшілік-құқықтық нормалардың кең қолданылуын
дәріптейді. Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару объектілері мен
субъектілерінің мәртебесін, басқарудың құқықтық формалары мен әдістерін,
мемлекеттік басқарудағы заңдылықты, тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерін,
әкімшілік процесс мәнін қарастырып, осылардың ғылыми жақтары бойынша
мәселелерді қозғайды.
Осы зандылықтарды терең, әрі жан-жақты талдау нәтижесінде әкімшілік-
құқықтық нормаларды өзгертуге, реттеуге, бастысы олардың тиімділігін
көтеруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар, сілтемелер жатқызылады.
Әкімшілік құқық ғылымының да құқық саласы сияқты өзіндік жүйесі бар және
олар әкімшілік-құқықтық институттар арасындағы ішкі байланыстар ішінде
қалыптасқан. Әкімшілік құқық ғылымы сондай-ақ әкімшілік құқықтың даму
заңдылықтарын және оның өзге де теориялық мәселелерін қарастырады. Жоғарғы
деңгейде дамыған әлсуметтік, демократиялық елдерде әкімшілік құқық қоғам
дамуының ерекшелігін, деңгейін және басқару органдары қызметінің
шынайылығын көрсетеді. Қорытындылай келе .әкімішілік құқық дегеніміз
Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқықтық нормаларымен жэне нормативтік-
құқыктық актілермен бскітілген, жалпыға міндетті нормалар жүйесі.
2. Әкімшілік құқықтың әдісі.
Әкімшілік құқықтық әдіс - ол императивті (өктем) билік әдісі, өйткені
әкімшілік құқықта теңдік жоқ, әрқашан бір субъект үстем болады. Мысалы:
Әкімшілік → азамат. Императивті әдістің үш түрі бар:
• Рұқсат беру әдісі- яғни субъектіге белгілі бір әрекеттерді
ерікті түрде жасауға рұқсат беру.(Жеке кәсіпкерлікке рұқсат
берілген)
• Тыйым салу әдісі,яғни субъектілерден белгілі бір әрекеттерді
жасамауын талап ету.Мысалы: Жол қозғалысында қызыл шамға жүруге
болмайды.
• Позитивті міндеттеу әдісі- яғни субъектіден міндетті мінез
құлықты жасауды талап ету.
3.Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
Басқа құқық салалары сияқты, әкімшілік құқық та заңды нормалардан тұрады.
Жалпы пән мен әдістерді біріктіру нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормалар
институты құрылып, осы негізде толық бекітілген салааралық жүйе
калыптасады. Әкімшілік норма түсінігі негізінен мынадай мағынада
қолданылады:
1) заңды ережелермен басқару.
2) жариялық мүдде негізінде бекітілген ережелер арқылы басқару-
Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей мемлекеттік
биліктің бірден-бір бастауы - халық, халық билікті тікелей республикалык
референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін
жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. (ҚР Конституциясы 3-бап, 1,2
- тармақ). Әдебиетте билік түсінігініц мәні - құқық негізінде өз еркін
басқа субъектілер арқылы орындату. Ертеде әкімшілік құқықтық нормалар жалпы
міндеттеуші сипатта болып, билікті белгілі бір орталықтан басқару керек
деген пікірге келді, себебі мемлекет қызметі біртұтас жүйе деп саналды.
Атқарушы биліктің институттарын құруда белгілі бір мақсатқа жету үшін
әкімшілік құқықтық нормалар көмегімен модельді ситуациялар туындайды. Яғни:
- субъектілердің құқықтары мен кепілдіктерін құқық көмегімен бекіту мен
дамытуды талап ету;
- өркенниетті нысанда даулы конфликтілерді шешу негізінде билік құрылымын
күшейту (мысалы, соттық реформаны жүргізу барысында сот ролі мен ықпалын
күшейту).
Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз — міндетті немесе кейде ерікті
түрде мемлекеттік басқару органдарымен қабылданган, ( яғни. атқарушы және
заңды) атқарушы билік саласында қоғамдық қатынастарды реттеуші ереже.
Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері. Әкімшілік құқық нормалары
белгілі бір критерияларға байланысты жіктеліп (классификацияланып), бірнеше
түрлерге бөлінеді.
Әкімшілік құқық нормаларының ең күрделі түсінігі, яғни мәні мен
мазмұнын ашатын негізгі критерилер мыналар:
а) мазмұны;
б) субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер;
в) белгілі бір мақсатты тағайындау;
г) белгілі бір ортада қолданылуы;
д) заңды күші;
г) қолданылу шегі (белгілі бір аймаққа, уақытқа, субъектілер тобына
қолданылуы).
Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:
1. материалдық (қаржылық) нормалар
2. процессуалды болып екіге бөлінеді.
Материалдық нормалар - азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін,
атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы
билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды
түрдегі құзіреті.
Процессуалды нормалар - мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған
материалдық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекепік басқару
органдарының жаңа императивті актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды
нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:
а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің
әкімшілік-кұқықтық мәртебесін тағайындаса, ал проссуалдық нормалар олардың
орындалуы мен міндеттелуін заңды түрде жүзеге асырады;
б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық
нормалардың орындалуын талап етеді;
в) іске асыру, ягни әкімшілік-құқықтық материалдық нормалардың қабылдануын,
олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.
Процсссуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау
дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы:
заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортаға, яғни салаға байланысты және
т.б.
Субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер:
1. міндеттеуші;
2. тыйым салушы ;
3. өкілдік беруші әкімшілік-құқықтық нормалар болып бөлінеді.
1. Міндеттеуші әкімшілік-кұқықтық нормалар - тұлғаның белгілі бір
ережелердің орындалуын міндеттеп, талап етуі. Мысалы, заңды
тұлғалардың міндетті түрде Әділет органдарында тіркелуі,
азаматтардың шағымдарын белгілі бір мерзімде басқару органдарының
қарастыру міндеттілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық
жүйесі мен бюджеті атты Президент Жарлығының 171-бабында салық
жүйесін міндетті түрде салық қызметкерлері атқарады.
2. Тыйым салушы әкімшілік-кұқықтық нормалар - норма көздеген
мақсаттан тыс белгілі бір іс-әрекеттердің орындалуына тыйым салып,
шектейді.
Тыйым салудың екі түрі бар:
а) жай тыйым салу;
б) арнайы тыйым салу.
Жай тыйым салу дегеніміз - әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар
істердің орындалуы мен жүзеге асуын шектеуі.
Арнайы шектеу дегеніміз - Қазақстан Республикасы Президенті заңының
174-бабында көрсетілгендей, салық қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін
өздерінің тікелей немесе жанама туыстығы бар салық төлеушілермен каржылық
мәселелерді шешуге шектеу қоюы.
3. Өкілдік беруіші нормалар-субъектілердің әкімшілік-құқықтық қарым-
қатынасында өз шешімі бойынша қатынастарды жүзеге асыру, бірақ
нормалардың сақталуын бұзбауы керек. Мысалы: Қазақстан Республикасының
банктері мен банк жүйесі туралы Президент жарлығының 46-бабында былай
делінген: егер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі II
дәрежедегі экономикалық нормаларды бұзған жағдайда мынадай шаралар
колданылады:
а) міндеттеуші хатты талап етеді;
б) банкпен жазбаша түрде келісім жасайды;
в) ескерту, сөгіс береді;
г ) жазбаша түрде береді;
Қолданылу шегіне байланысты:
а) жалпы міндетті;
б) ішкі жүйелік.
а) жалпы міндетті нормалар әкімшілік-құқықтық қатынасқа
түсетін барлық субъектілерден талап етіледі.
б) ішкі жүйелік нормалар белгілі бір атқарушы биліктің талап етуіне
байланысты қолданылуы.
Мекен-жайға байланысты: белгілі бір ұйым мен атқарушы билік
органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеу арқылы бөлу, яғни
қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік бірлестіктерге және азаматтарға
байланысты қолданылуы.
Сонымен корытындылай келе әкімшілік құқықтық нормалалар - бұл
конституцияда бекітілген белгілі бір қағидалар мен ережслердің жиынтығы. Ал
әкімшілік-құқықтық қатынастар бұл әкімшілік-құқықтық нормалармен
реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы коғамдық қатынастар. Бұл екі
ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, біріншісі мемлекет бекіткен қағидалар
мен ереэжелердің жиынтығы болса, сол ережелер құқықтық қатынастарды
реттеп басқарып отырады.
4.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
Әкімшілік құқықтьң қайнар көздері - әкімшілік құқық субъектілерімен атқару-
билік жүргізу кызметі аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін,
құқық нормаларының құқықтық нысан ретіндегі көрінісі. Әкімшілік
құқықтық қайнар көздер терминінің негізгі түсінігі заңды түрде басқарушы
субьектілерге қарым-қатынас тәртібін бекіту. Қайнар көз ретінде саналу
үшін, әр нысан бірнеше факторларға, белгілерге ие болуы керек, сонымен
қатар әкімшілік кұқықтық қайнар көздер терминінде мемлекеттік билік
қабылдап, бекіткен басқару субъектілерін іске асыру тәртіптері жатады.
Заң әдебиетінде көптеген авторлар әкімшілік құқығының қайнар көздері
ретінде негізгі 6 нысанын атап өтеді, олар:
1. нормативті актілер.
2. құқықтық салт-дәстүр.
3. сот прецеденті.
4. шарт (соның ішінде тек әкімшілік шарттар).
5. сот тәжірибесін жалпылау.
6. ғылыми құқықтық доктрина.
1. Нормативтік құқықтық актілер - референдумда қабылданған өкілетті
орган немесе мемлекеттің лауазымды адам қабылдаған, құқықтық нормаларды
белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе уақытша
тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативтік акт
- қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі құралы. Құқық нормасы
(құқықтық норма) - нормативтік кұқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте
қолдануға арналған жэне нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық
тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі.
2. Құқықтық салт-дәстүр деп қоғамдағы мемлекеттік билікке тәуелсіз
пайда болған тәртіптер жиынтығын айтуға болады, сонымен қатар оның
мемлекет пен құқықтың даму тарихында алатын орны ерекше. Бүгінгі күні ол
қайтадан кеңінен тарауда. 1994 жылғы 21 желтоқсанда қабылданған
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3- бабында азаматтық құкықтың
қайнар көзі ретінде салт-дәстүр танылады деп көрсетілген.
3. Сот- прецеденті деп - белгілі бір іс бойынша сот қабыдаған шешімнің
тура сондай істерге қолданылуын айткымызға болады. Сот прецеденті әкімшілік
құқықтың қайнар көзі ретінде англо-саксон құқық жүйесінде кеңінен
қоданылады. Бірақ, құқықтың аталған қайнар көзі Қазақстанның құқық
жүйесіне тән емес.
4. Шарт - екі немесе одан да көп субъектілердің .арасындағы келісім,
құрамы мінез-құллық ережелерінен тұрады және тек қана осы субьектілер үшін
ғана міндетті. Шарт құқықтың қайнар көздерінің барлық талаптарына сай
келеді.
5. Сот тәжірибесін жалпылау немесе талдап қорыту - бұл бірдей және
көптеген нормалардың қатынасының нәтижесінде шығатын нақты істі шешу
барысында пайда болған құқықтық жағдай. Соттық тәжірибені жалпылау егер
Республиканың Жоғарғы Сотының Нормативтік Қаулысымен қаралса құқықтың
қайнар қайпар көзі болып табылады, сонымен қатар, құқық қабылдау және
құқықтық шығармашлық кызметінде зор рөл атқарады.
6. Ғылыми құқықтық доктрина-құқық және құқық ғылымы саласындағы пайда
болған қағидалар мен көзқарастар жүйесі. Құқықтық доктринаның негізгі
жағдайларымен байланысты мыналар іске асады:
• құқықтық әрекет;
• құқықтық нормаларды қолдану процесінде заң нормаларын талқылау;
• құқықтағы кемшіліктерді толықтыру.
Іс жүзінде ғылыми құқықтық доктрина құқықтың қайнар көзі
функциясын атқарады, алайда оны бірқатар жағдайларға байланысты әкімшілік
құқықтьң қайнар көзі қатарына жатқызуға да болмайды. Біріншіден, ғылыми
доктринада нақты іс-әрекет тәртібіне сілтеме табу қиын, бұл оны күнделікті
әрекетте қолдануды қиындатады. Екіншіден,ғылыми доктрина мемлекеттік
билікпен арнайы қайнар көз ретіндс қабылданбайды, сондықтан оның, шығарған
шешімдерінің негізгі арнайы құқықтың қайнар көзіне сілтемесіз заңды күші
болмайды.
Әкіміпілік құқықтың қайнар көздерінің түрлері. Әкімшілік құқық
қайнар көздері негізінен 2 топқа белінеді:
1) нормативтік актілер;
2) әкімшілік келісімдер.
Нормативтік актілер негізінен Конституциядан, Мәжілістің жэне Сенаттың
заңдарынан, актілерінен; Президент актілерінен; Үкімет қаулысынан; Жоғарғы
Кеңес жэне Жоғарғы Сот қаулыларынан, атқарушы органдар қаулыларынан тұрады.
Ал әкімшілік келісім - Мемлекетаралық; Үкіметаралық; ведомствааралық;
аумақаралық келісімдерден тұрады.
Қазақстан Ресітубликасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда
референдум арқылы қабылданған болатын. Конституция әкімшілік құқықтың
қайнар көздерінің ішінде үлкен орын алады. Конституция құқық негізін
құрайды, сонымен қатар барлық әкімшілік құқық элемеиттерінің бағынуын
қадағалайды. Президент, парламент актілері негізінен Конституцияға сүйеніп
қабылданады. Олардан басқа әкімшілік құқық қайнар көздеріне тағы да
ведомствалардың, министрліктердің қаулылары да жатады. Қазақстан
Республикасы Конституциясының 69-бабына сәйкес бүкіл Республика
территориясында орындалуға тиісті Үкіметтің қаулылары да әкімшілік құқықтың
қайнар көзі болып саналады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастар - әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелгген,
мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Атқарушы билік
органдары өз қызметі барысында түрлі субъектілермен өзара әрекет жасайды.
Көп жағдайда олардың мүддесі бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл сәйкесіздік
азаматтар, ұйымдар, органдар тарапынан ортақ қатынастарды реттеуге,
жүйелеуге ұмтылдырады. Осы тұрғыдан әкімшілік құқықтың субъектілері заң
алдында тең. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың мақсаты тұрақты заңмен
қарастырылған қатынастар жүйесін қамтамасыз ету және қатынастыр барысында
субъектілердің әр түрлі мүдделері мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін
ерікті түрде орындауға бағьтталған. Басқару органы өзінің биліктік
өкілеттіліктеріне қарамастан өздерінің қызметтерінде мемлекет және оның
мүддесін көздейді. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушыларының бірі
құқық бұзушылық жасаса, нормаларды бұзса, мемлекет алдында жауапқа
тартылады. Ал, бұл жағдайды әкімшілік тәртіп реттейді. Әкімшілік-құқықтық
қатынастар түрлі тараптардың өз құкықтары мен міндеттерін орындау барысында
туындайды жэне ол нақты ережелермен процедураларға негізделген. Әкімшілік-
құқықтық қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін өзінше
өзгерту мүмкіндігі шектелген.
Әкімшілік құқықтық қатынастардың құрылымы мен түрлері. қатынастардың
құрылымы және түрлері. Әкімшілік-құқықтық қатьнастардың өзіндік құрылымы
бар, ол субъект (қатысушы) - құқықтық қатынасқа қатысушы нормаға сай
құқықтармен міндеттерге ие тұлға. Құқықтық қатынастардың бағытталған
мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету барысында
құқықтық қатынастар туындайды.
Материалдық мазмұны - бұл тұлғаның нақты әрекеті, бұны орындау
барысында тараптардың құқықтары мен міндетгері жүзеге асады. Заңдық мазмұны
бұл субъективтік құкықтар мен міндеттер болып табылады. Әкімшілік-құқықтық
қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, жойылуы заңдық катынастарға
негізделген. Заңдық фактілер - тараптар арасында нақты құқықтық қатынас
тудыратын нормамен бекітілгсн жағдай. Әрекет - субъектінің ез еркін білдіру
актісі, ол өз кезегінде заңды жэне заңсыз болып екіге бөлінеді. Оқиғанын
әрекетке қарағанда ерекшелігі - ол субъектінің еркіне бағынбайды. Бұған
адамның дүниеге келуі, қайтыс болуы және т.б. жатқызуға болады. Әкімшілік-
құқықтық катынастар заңдық сипаты бойынша тік (вертикалді) және көлбеу
(гаризонталді) болып бөлінеді. Тік әкімшілік құқықтық қатынастар әкімшілік-
құқықтық реттеудің және мемлекетті басқару қызметіне тән субъсктілср мен
объсктілер арасындағы бағыныштылық байланыстың мәнін білдіреді. Көлбеу
құқықтық қатынастардың көбінесе тіке қатынастарға алғы шарт болатыны
тәжірибеден белгілі.
Қорытындылай келе, жалпы қоғамда әкімшілік нормалар мен қатынастар
болмай, қоғамның дамуы мүмкін емес сияқты, өйткені әкіміпілік құқыктық
нормалар бекітілуі арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Ал, әкімшілік құқықтық
қатынастар тек биліктік өкілеттілікке ие болып қана қоймай, сонымен қатар
әкімшілік құқытың субъсктілерінің түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін
қорғап, құқықтық қатынастарды тұрақтандырады.
2 тақырып Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Жоспар:
1. Азаматтардың әкімшілік-құқыктық мәртебесі. Әкімшілік құқық
кабілеттілік және әрекет қабілеттілік.
2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері.
3. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік-кұқықтык мәртебелерінің
кепілдіктері мен олардың түрлері.
4. Азаматтардың жолдамаларын жүзеге асыру үрдісі.
Аталған тақырыпты жалпы алар болсақ, біріншіден, „Әкімшілік құқығының
субъектісі” мен „Әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі” ұғымдарының
мазмұнын аша отырып, олардың Әкімшілік құқығының субъектісі ретінде
азаматтар, қоғамдық және басқа коммерсиялық емес ұйымдар мен олардың
қызметкерлері, атқарушы билік пен мемлекеттік басқару органдары мен олардың
қызметкерлері, мекемелер, кәсіпорындар мен еңббек ұжымдары жатады. Олардың
әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектілерінен ерекшеліктері олар ұзақ
мерзімде әкімшілік қатынастарға қатыстпаулары мүмкін. Ал, әкімшілік
құқықтық қатынастардың субъектілері әрқашанда белгілі, яғни олар белгілі
құқықтар мен міндеттерге ие әкімшілік құқықтық атынастардың қатысушылары,
құқықтық қатынастардың тараптары. ерекшеліктеріне сипаттама беру қажет.
Сонымен қатар, әкімшілік құқықтың субъектілері төменде аталған 3 талап
орындалған жағдайда ғана, әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі бола
алады. Яғни, әкімшілік құқытық қатынастардың субъектілері болу үшін:
• Субъектінің құқықтыры мен міндеттерін қарастыратын әкімшілік құқытық
норма болуы керек;
• Субъектінің әкімшілік құқықтыққабілеттігі және әрекет қабілеттігі
болуы керек;
• Әкімшілік құқытық қатынастарды тудыратын, өзгертетін немесе жоятын
негіздер, яғни заңды айғақ болуы керек.
Азаматтардың әкімшілік-құқықтың мәртебесін қарау, әдетте, бір жақты
реакция тудырмайды. Қайта құру даурықпасы және мемлекеттіліктің
егемендігінің ныгаюы азамат пен мемлекеттің артықшылыгы немесе формалды
теңдігі туралы орынсыз үміт тудырды. Дәстүрлі "азамат" үғымы ешқандай
өзгеріске ұшыраған жоқ және мемлекет пен оның аумағында туган немесе сонда
азаматтық алған азамат арасындағы заңдық байланыс бұрынғы мәнін сақтауда,
бірақ азаматтықты танудағы шешуші рөлдің мемлекетке берілгендігін ұмытпаган
жөн.
ҚР азаматтарының әкімшілік құқықтық мәртебесі, олардың ҚР
Конституциясымен, „ҚР азамттығы туралы” ҚР заңымен және басқа нормативті
актілермен бекітілген азаматтардың жалпы құқытық мәртебесінің құрамдас
бөлігі болып табылады. Әкімшілік-құқықтық мәртебенің құрылымы мына
элементтерден тұрады: әкімшілік құқықтық субъектілік, әкімшілік құқықтық
қабілеттілік және әрекет қабілеттілік; азаматтардың құқықтары мен
бостандығына әкімшілік-құқықтық кепілдік. Әкімшілік құқықтық қабілеттік бұл
азаматтардың белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болуы, сонымен қатар
олардың аталған құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру барысында белгілі
жауаптылыққа ие болуы. Әкімшілік құқықтық қабілеттік жалпы ережелерге
сәйкес азаматтың дүниеге келуімен пайда пайда бола отырып, оның өмірінің
аяғына дейін сақталады. Әкімшілік әрекет қабілеттік бұл азаматтардың өз
әрекеттерімен өздеріне белгілі құқықтар мен міндеттерді пайда етуі.
Әкімшілік әрекет қабілеттік келесі түрлерге бөлінеді:
а) толық әрекет қабілеттік азаматтың 18 жасқа, яғни кәмелетке толуымен
басталады;
ә) толық емес шектеулі әрекет қабілеттік азаматтың 16 жасқа толуымен
басталады;
б) жартылай әрекет қабілеттік азаматтың 14 жасқа толуына байланысты
басталады.
Әкімшілік құқықтық субъектілік бұл азаматтың белігілі әкімшілік
құқытық қатынастарға қатысуышы болуының мүкіндігі, яғни әкімшілік құқықтық
қабілеттік пен әрекет қабілеттіке ие болуы. Әкімшілік құқытық субъектілік
өз тарапынан келесі түрлерге бөлінеді.
а) 18 жастан басталатын жалпы әкімшілік құқықтық субъектілік;
ә) арнайы әкімшілік құқықтық субъектілік - кейбір әкімшілік құқықтық
қатынастар үшін субъектінің белгілі жасқа немесе белгілі лауазымға ие болуы
қажет. Мысалы: Парламент депутаты немесе судья болу үшін азамат 25 жасқа
толуы қажет.
б) салалық құқықтық субъектілік , яғни салалық әкімшілік құқықтық
қатынастарға қатысушы болуға қабілеттілік;
Жоғарыда аталған азаматтардың әкімшілік құқықтық субъектілігінің
негізі, яғни азаматтардың құқықтары мен міндеттері келесі түрлерге
бөлінеді:
• Жалпы құқықтар мен міндеттер – азаматтардың мемлекетік басқару
жүйесіндегі жалпы құқықтық жағдайын белгілейді.
• Арнайы құқықтар мен міндеттер – азаматтардың мемлекеттік басқару
жүйесінің белгілі бір саласындағы құқықтық жағдайын реттейді
Азаматтың құқығы мен бостандығын тек заңдар ғана шектейді және олар
конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамдардың құқығы мен
бостандығын, халықтың денсаулығы мен өнегесін сақтау үшін қажетті мөлшерде
ғана шектеледі.
Біріншіден, қызметтің кез-келген формасы, адам одан бойын аулақтатпауы
үшін, еріктілікпен және еркін таңдалған болуға тиіс.
Сондықтан да, құқықтық мәртебенің орталық элементі адамның мойындалған
абсолюттік және ажыратылмас құқықтары мен бостандығы болуға тиіс, олар
нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды.
Екіншіден, құқықтың көптеген салалары өзара байланыста болғандықтан,
әкімшілік-құқық нормалары, едәуір шамада фактілерді растауға, құқықтар мен
міндеттерді шешуге және жүзеге асыру тәртібіне бағдар алған. Яғни, билік
органдарының қатысуы едәуір, себебі олар (органдар, лауазымды адамдар)
өздерінің әрекеттерімен азаматтардың құқықтық субъектілігін растайды.
Үшіншіден, әкімшілік және құқықтың басқа да салалары азаматтардың
мұқтаждығын қанағаттандырудың (материалдық, ақпараттық және басқа) жеке
дара немесе ұжымдық формасын анықтайды.
Азаматтар құқықтарының және бостандығының ұйымдық, құқықтық және
басқа (әлеуметтік және т.б.) кепілдіктері әкімшілік-құқықтық мәртебенің
элементтері болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар азаматтар мен
мемлекеттің өкілетті органдары арасында қалыптасатын нормаларды реттейді
деп бұрын айтылган болатын. Осыған байланысты мынадай заңдылыққа назар
аударайық. Қатынастардың тұрақтануында қандай да бір ыңғайсыздық тудыратын,
атқарушы билік органдарының (министрліктер, ведомостволар, агенттіктер)
құры-лымындағы жиі өзгерістің болуы мемлекет пен азаматтардың маңызды
сұранымдарын қанағаттандыра алатындай орган құруға талпыныс екендігін
көрсетеді. 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы да "азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың және қорғаудың қамтамасыз
етілуін, азаматтардың шағым-арыздарының заңда белгіленген тәртіпте және
мерзімде қаралуын, олар бойынша тиісті шаралар қабылдануын мемлекеттік
қызметкерлердің негізгі міндеттері ретінде қарастырады.
Басқарудың барған сайын басқарушылық қызмет көрсету, азаматтардың
мүдделерін қамтамасыз ету өрісіне айналып бара жатқанын ескерсек, атқарушы
билік құрылымдары алдағы уақытта да өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы,
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңы
азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етудің қосымша
кепілдіктерін қарастыратын бірқатар жаңа ережелер енгізді:
1) Үкімет антының мазмұны қоғамның дамуына көмек ету, Қазақстан халқының
мүддесін дұрыс білдіре алу міндеттемесімен байланысты;
2) Үкімет мүшелері өз өкілеттігі шегінде өз бетімен шешім қабылдауға құқылы
және өзіне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін немесе тапсырылған
жұмыс учаскесі үшін Премьер-министр алдында жекелей жауап береді;
3) ҚР Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де мемлекеттік басқару
органдарының тізімдемесі, сол органдар жүйесін жетілдіруге бағдар алған
(Қазақстан Республикасы Президентінің 28 тамыз 2002 жылғы "Мемлекеттік
басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" №931 Жарлығы).
Басқарудағы жаңа үрдістер жеке адамның өзі сияқты және өзімен
қатынасқа тартылған жеке тұлгалардың нақты іс-әрекетіне қарағанда формалды
нормаларға онша назар аудармайтындығын ескереді. Бұл идеяның контексінде
азаматтар да, уәкілетті органдар да заңға бағынады, бұл қатынастардың
субъектілері бастапқыда тең құқылы (теңдей құқықтық мүмкіндіктері бар) деп
танылады. Олай болмаған жағдайда заң озбырлықтың құралына айналады.
Сонымен қатар, "Нормативтік күқықтық актілер туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы азаматтар мүддесін қамтамасыз ететін бірқатар
императивтік талаптарды қарастырады:
азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты
нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда жарияланады;
құқықты қолдану тәжірбиесінде нормативтік құқықтык актілердің ресми
жарияланым-дары пайдаланылады;
салааралық сипаттағы нормативтік қүқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының қаулыларынан басқа,
азаматтардың құқықтарына, бостандығына және міндеттеріне қатысты басқа
актілер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін құқықтық қолдануға жатады (тіркеу олардың күшіне
енуінің шарты болып табылады).
Әрекеттегі заңдар азаматтардың шағым-арыздарын қараудың тәртібін
белгілейді. Тәртіптің өзі шағым-арыздың сипатын барынша толық баяндайды,
белгілі бір іс жүргізу мерзімінде шағымданудың жеке және ұжымдық формасын
белгілейді, оған: ұсыныс, арыз, шағым, пікір, сұраным жатады. Азаматтың
шағым-арызының мазмұны туындаған мәселені шешу мүмкіндігімен ғана шектеліп
қалмайды, шағымданған адам: 1) өз уәждерін келтіруге; 2) қосымша
материалдар ұсынуға; 3) дәлелді жауап алуға; 4) шағым бойынша қабылданған
шешімге жоғары тұрған органға шағымдануға немесе 5) сотқа жүгінуге құқылы.
Әрбір азамат заңда белгіленген тәртіпте тек мемлекеттік қызметке
ғана емес, саяси және әкімшілік қызметкерлердің мүдделерін қамтамасыз
ететін тиісті құқықтық кепілдіктергс де құқылы. Заңдар азаматтар тәртіптік
жаза алған жағдайда да олардың толық қанды қызмет атқаруы үшін мүмкіндік
тудыруға кепілдік береді.
Белгілі бір әкімшілік режимі белгілеген кепілдіктерді әкімшілік-
қүқықтық кепілдіктер жүйесіне жатқызуға болады. Мұндай құқықтық режимдер
мыналарды қамтамасыз етеді:
қоғамдық тәртіп ережелерін регламентациялау, багажды, жүкті тексеру
(қарау), заңсыз әрекеттерді тию арқылы жеке қауіпсіздікті;
санитарлық-карантин шараларын және белгілі бір аумақта болу және ол арқылы
жүріп өту тәртібін белгілеу барысында денсаулық қауіпсіздігін;
қызмет түрлерін (лицензиялау, стандарттау, қадағалау), мемлекеттің қызметі
мен аумағындағы объектілерді (кірудің, жүрудің және шығудың тәртібін)
реттеу процесінде белгіленетін басқа да қауіпсіздік шаралары.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да әкімшілік құқық
субъектісі болып табылады. Бұл жеке тұлғаларда жалпы құқықтар мен
міндеттерден басқа арнайы құқықтық мәртебе болады. Әкімшілік құқық
тұрғысынан алғанда бүл адамдарда тиісті құқықтық рәсімдеу болады, олар
тұрақты тұратындар және уақытша келгендер болып топтастырылады. Ішкі істер
органдарынан Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алган және тұрақты тұратын
шетел азаматтары тұрақты тұратындар болып танылады. Басқадай заңдық
негіздермен жүрген шетел адамдарды уақытша келгендер қатарына жатады.
Шетел азаматтары мен азаматтыгы жоқ адамдар, Қазақстанда тұрақты
немесе уақытша тұрғандығына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарына
бағынады. Бұл тәртіптен ауытқу үшін Қазақстан азаматтардың бұл санаттарының
құқықтарын шектейтін белгілі бір заңдар қабылдауы тиіс немесе Қазақстанмен
арада жасалған және ол бекіткен халықаралық келісім болуы қажет.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы (оның уәкілетті органдары)
этникалық топтарды өзінің тарихи отанына қайта оралу жөнінде әрекет
жасауда. Мұндай және басқа да жағдайларда шетелдік төлқұжат және келуге
виза болса тиісті рұқсат тәртібі белгіленеді, егер Қазақстан мен екінші
тарап басқадай тәртіп орнатпаған болса, қабылдайтын жақтың шақыруы және
оған уәкілетті органның рұқсаты виза беру үшін негіздеме бола алады.
Әдебиетте азаматтармен, шетел азаматтарымен, азаматтығы жоқ
адамдармен (жеке субъектілермен) қатар ұжымдық субъектілерді және қоғамдық
құрылымдарды (бірлестіктерді) өзінше дербес санатқа жатқызуға болады.
Кейбір жетекші ғалымдар (Д.Н.Бахрах, т.б.) екі мүшелік топ-тастыруды: жеке
және ұжымдық субъектілер деп қарауды ұсынады. Оқу тұрғысынан алғанда мұндай
топтастыру дұрыс және ол мәртебеге сипаттама беруде қиындық тудырмайды.
Ұжымдық субъектілердің көбісі әрқашан да субъект болып таныла бермейді.
Мысалы, әкімшілік-аумақтық бөліністер, муниципалдық қауымдастықтар
жеткілікті зерттелген жоқ, сондықтан да олар әкімшілік құқык субъектісі
ретінде қарастырылмайды. Ал, құқыктың басқа салаларында субъектілердің
мұндай топтамасы тек меншік формасымен ғана шектелмейді. Мысалы, жерді
пайдалану қүқығының субъектілеріне: 1) мемлекеттік және мемлекеттік емес;
2) ұлттық, шетелдік, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар; 3) жеке және заңды
тұлғалар; 4) уақыт-ша және тұрақты; 5) бастапқы және қосымша субъектілер
жатады.
3-тақырып Атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық мәртебесі
Жоспары:
1. Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі. Аткарушы
билік органдарының түрлері.
2. Атқарушы билік аясында Қазақстан Республикасы Президентінің
өкілеттіліктерінің жалпы мінездемесі.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтык негізі.
4. Аткарушы биліктің орталық органдары. Олардың қызметін ұйымдастырушылық
түсінігі, құқықтық негізі.
5. Жергілікті атқарушы билік органдары олардың түсінігі және қызметін
жүйесі, ұйымдастыру негіздері.
1. Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
Аткарушы билік органдарының түрлері.
Атқарушы билік органы — мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын
жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік –басқарушылық қызметті
жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл
сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқықтық
мәртебесі көбінесе атқарушы билік органдарының қызметінің аясында жүзеге
асырылады. Сондықтан олардың әкімшілік құқықтық мәртебесін жан-жақты
қарауды қажет етеді.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір шамада ұйым деген
ұғымнан туындайды, ол тар мағынада қандай да бір бірлескен қызметті жүзеге
асыру үшін кұрылатын және осы мақсат үшін аз дәрежеде болса да ресімделген
адамдар ұжымының жекелеген бөлігін білдіреді. Мысалы, өндірістік ұжым-тар
мағынадағы ұйым, ал өндірістің саласы-кең мағынадағы ұйым. Сонымен, ұйым
дегеніміз белгілі бір қызметті атқаратын адамдардың ұжымы. Бұл ұйымды
белгілі бір құрылым ретінде түсіну.Ұйымдардың мемлекеттік және мемлекеттік
емес түрлері ажыратылады. Біріншілерін мемлекет ресми түрде құрады.
Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен құрылады.
Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік
мекемелер және мемлекеттік органдар жатады.Мемлекеттік кәсіпорын —
шаруашылық жөнінен бірлесіп қызмет атқару үшін бірлестірілетін адамдар
ұжымы. Бұлар, мысалы, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар.Мемлекеттік мекеме
- әлеуметтік-мәдениет немесе өзге өндірістік емес сипаты бар қызметті
жүзеге асыру мақсатында бірлестірілетін адамдар үжымы. Бұл мысалы,
мемлекеттік жоғары оқу орны. Мұндай кәсіпорындар мен мекемелерді
біріктіретін ортақ белгі мынадай. Олар өзінің қызметін өздерін құратын
мемлекеттің атынан жүзеге асырады, бірақ олардың қандай да бір биліктік
өкілеттіктері болмайды және өздерінен тысқары қандай да болмасын
атқарушылық функцияларды жүзеге асырумен айналыспайды.Кәсіпорын мен
мекеменің ішінде басқарушылық сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес,
оның басшылары, яғни әкімшілік жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелерді де шамамен осылай
сипаттауға болады, тек мына бір міндетті жағдайды ескере отырып, оларды
мемлекет құрмайды және олар мемлекеттің атынан бола алмайды.
Бұл келтірілген жағдайлар атқарушы билік органдарының ерекшелігін
түсіну үшін қажет. Олар мемлекеттік ұйымдар жүйесіңде ерекше орын алады, ол
мына төмендегілерден тікелей көрініс табады.
1.Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен
қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады. Яғни ол мемлекеттік
орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген,
заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме. Бұл
біріншіден, мынаны білдіреді, мемлекеттік сектордың кәсіпорындары мен
мекемелерінен айырмашылығы сол, олар тікелей мемлекеттің атынан қызмет
атқарады, шаруашылық, әлеуметгік, мәдениет және әкімшілік-саяси өмірдің әр
түрлі салаларында оның саясатын іске асырады және екіншіден, мемлекет бұл
үшін қажетті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктер береді, кәсіпорындар мен
мекемелерде ондайлар болмайды.
2.Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік-биліктік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz