Студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 03-03

Салыбек Н. М.

«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» (ерекше бөлім) пәні бойынша

студенттердің өзіндік жұмысын орындауына арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Шымкент 2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Азаматтық құқық және еңбек » кафедрасы

Салыбек Н. М.

«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы » пәні бойынша

студенттердің өзіндік жұмысын орындауына арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

5В030100-Заңтану мамандығында оқитын студенттер үшін

Оқу нысаны күндізгі, сырттай

2012 ж

ӘОЖ 342

Құрастырған аға оқытушы Салыбек Н. М.

«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындауына арналған әдістемелік нұсқау.

Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012.

«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» пәнінің әдістемелік нұсқауы оқу бағдарламасының және оқу жоспарының талаптарына сәйкес жасалған және студенттердің өзіндік жұмысын орындауа барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.

Әдістемелінк нұсқау «Заңтану» мамандығы бойынша студенттерге арналған.

Қысқаша аннотация. «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» пәні басқа оқу пәндерінен ерекшелігі азаматтық заңдардың қазіргі қоғамда алатын орнында. Себебі, азаматтық құқық саласындағы заңдар нарықтық экономиканың берік негізін қалайды, сонымен қатар шарттардың жекелеген түрлерінің өзіндік жасалу тәсілі мен орындалуы және құқықтық салдар туғызбау үшін құқықтық негіздерін оқып үйрену болып табылады.

Әдістемелік нұсқауы оқу бағдарламасының және оқу жоспарының талаптарына сәйкес жасалған және студенттердің өзіндік жұмысын орындауа барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.

Студенттердің өзіндік жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау студенттерге қажетті оқу материалдарының күрделі бөлімі арқылы жан- жақты мәліметтермен таныстыра отырып қамтиды.

Пікір жазғандар (рецензент) :

Елікбай М. Ә. - з. ғ. к., аға оқытушы М. О. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Азаматтық құқық және еңбек» кафедрасының меңгерушісі

Жаналиева А. А. - з. ғ. к., аға оқытушы Оңтүстік Қазақстан Педогогикалық Институты

«Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының мәжілісінде қарастырылды және баспаға ұсынылды. (№1 хаттама «30» 08 2012 ж. ) .

«Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетнің әдістемелік коммисиясы (№ 1 хаттама «17» 09 2012 ж. ) .

Баспаға М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ң Әдістемелік Кеңесі ұсынған.

№ хаттамасы « » 200 ж.

© М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2012ж.

Шығарылымға жауапты Салыбек Н. М.

Мазмұны

1. Кіріспе . . . 6

2. Студенттердің өзіндік жұмысын жазу мен қабылдауды ұйымдастыру . . . 7

3. Студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмалары . . . 10

3. 1 Эсе тапсырмалары . . . 10

3. 2 Презентация жасауға ұсынылатын тақырыптар . . . 10

3. 3 Реферат дайындау және қорғау . . . 11

3. 4 Глоссари құрастыру үлгілері . . . 12

3. 5 Есептер . . . 17

3. 6 Құқықтық құжаттарының үлгілері . . . 22

4. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 41

Кіріспе

«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» пәні жоғары оқу орындарында игерілетін негізгі оқу пәндерінің қатарына жатады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтың ерекше бөлімі бойынша «Заңтану» мамандықтарында дәріс алып жүрген студенттердің теориялық білім деңгейлерін жоғарылатумен қатар, семинарлық дәрісінде тәжірибелік тапсырмалармсн ұштастыру- үшін қарастырылып отыр.

Жоғарғы заң оқу орындарында оқылатын оқу пәндерінің ішінде азаматтық құқық ең бір маңызды оқу пәні ретінде танылады. Басқа оқу пәндерінен ерекшелігі азаматтық заңдардың қазіргі қоғамда алатын орнында.

Себебі, азаматтық құқық саласындағы заңдар нарықтық экономиканың берік негізін, тауар-ақша қатынастарының өркендеуі мен дамуын, заңды тұлғалар мен азаматтардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғайды яғни азаматтық құқықта шарттардың жекелеген түрлерін реттейді.

Сонымен қатар азаматтық құқық пәнінің ерекше бөлімі тек шарттардан тұратындығы және шарттардың құқықтық мәселелерін, орындалу тәсілдерінің ерекшеліктерін қарастырады. Сондай-ақ қазіргі кезде азаматтық заңдар басқа да Қазақстандық заңнамалар жүйесінің ішіндегі ең күрделісі және ауқымдысы.

Аталған мақсаттар мен міндеттер бұл курстың құрылымы мен негізгі мазмұнын құрайды. Курсты оқу нәтижесінде студентер міндетгі түрде мыналарды меңгеріп шығуы тиіс: азаматтық құқықтың теориялық негіздерін игеру. Нормативтік құқықтық актілерді тәжрибе жүзінде қолдана білу және оларды саралай білуді игеру; «Азаматтық құқық» (ерекше бөлім) курсын өту нәтижесінде азаматтық зандар жүйесімен танысып, оны игеру; Азаматтық құқық институттарының даму тарихы мен перспективаларына талдау жасай білуге. Курсты игеру барысында оның құқықтық негізі болатын акт ол - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады.

Сонымен қатар Азаматтық құқық мүліктік, яғни материалдық игіліктерге байланысты және материалдық емес, яғни тұлғамен тығьп байланысты игіліктерге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Цивилдік құқықта жалпы ғылыми және жеке ғылыми (саралау, нақты әлеуметтік зерттеу салыстырмалы құқтықтану, формалдық-логикалық түсіндіру) зерттеу тәсілдері қолданылады.

Азаматтық құқық сондай-ақ көптеген өзге де құқық салаларымен ең алдымен мемлекет және құқық теориясымен тығыз байланысты болып келеді. Азаматтық құқық жария құқықтық сала болып табылатын конституциялық құқықпен, әкімшілік құқықпен, жер құқығымен, азаматтық іс жүргізумен тығыз байланысты. Азаматтық құқық сонымен бірге философиямен, саясаттанумен, әлеуметтанумен, тарих ғылымдарымен ұштасқан. Әсіресе азаматтық құқық экономикалық ғылым салаларымен өте терең байланыста болады, себебі ол қоғамдағы экономикалық қатынастарды реттейді.

1. Студенттердің өзіндік жұмысын жазу мен қабылдауды ұйымдастыру

Студенттердің өзіндік жұмысы СӨЖ - студенттің дәрістер барысында алған білімін, мәліметтерді және деректерді түбегейлі, жан-жақты білімге ұластыру болып келеді.

Халықаралық тәжірибеде оқу процесіне студенттердің өзіндік жұмысының түрлерін ендіруді бұрыннан дәлелдеуде.

Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты студенттердің танымдық қабілетін, іздестіру дағдыларын, шығармашылық белсенділігін, логикалық ойлауды және зерттеу потенциалын дамытуға ықпал етеді.

Оқытушы өз тарапынан тек білімді беруші ғана емес, сонымен қатар айқын көрініс беретін басқа тұлға тәрбиелеп шығарушы жеке тұлға болуы қажет.

Студент өз тарапынан тек объект емес, оқу процесінде белсенді түрде қатысушы, оқу субъектісі болуы керек.

Оқыту процесі - екі негізгі бағыттан құралады, яғни, бұрынғы білімді беру және жаңа білімді алу. Бүгінде, жоғары білікті маманды тәрбиелеп шығару үшін, негізгі мәселені «алған білімді іс жүзінде қолдануға» бөлуіміз қажет.

СӨЖ - бұл және тұлғаны тәрбиелеу жағы болып келеді.

Оқу процесінде СӨЖ өзара байланыстағы түрлі қызметтерді атқарады, соның ішіндегі маңыздыларды танымдық, оқып-үйрену және тәрбиелік жұмыстар.

Өзіндік жұмыс төмендегіше ықпал етеді:

  • дүниетанымдық, тұлғаның рухани мәдениетін, өмірлік көзқарасын қалыптастырады;
  • тәжірибелік дағдыларды алуға, оларды өмірлік жоспарлар мен бағдарламалар арқылы жүзеге асыруға;
  • тұлғаның сана сезімін және білімнің жоғары деңгейіне жетуге ықпал береді.

СӨЖ қалыптастырады.

  • әдебиеттермен жұмыс жасауды дағдыландырады, ақпаратты жеке іздеп табуға, шығармашылық қабілетті дамытуға және шешім қабылдауға;
  • еңбексүйгіштікке, табандылыққа және мақсатқа талпынушылыққа тәрбиелейді, жұмыс уақытын жоспарлап және ұйымдастыруға, оқудың үздіксіз және жүйелілігін көрсетеді.
  • Үй тапсырмаларын орындауда, семинарлар коллоквиумдарға, аралық және қорытынды бақылауда оқу материалын бекіту және тереңдеті.

Өзіндік жұмысты жоспарлау ықпал береді:

  • өзіндік жұмыстың көлемін анықтауда, студенттің жалпы уақытын есепке алуға;
  • пәндер бойынша өзіндік жұмыстардың мерзімін анықтауға;
  • студенттердің жұмыс уақытын мақсатты пайдалануға бағыттауға;

СӨЖ ұйымдастыруға байланысты талаптар:

  • СӨЖ оқу-әдістемелік кешенде немесе силлабуста, және де білімді бақылау кестесінде жоспарлау, оларды оқытушылар мен студенттердің қатаң түрде орындау;
  • СӨЖ кеңестерін, студенттердің білімі мен іскерлігін қадағалауды, дамыған әдістерді қолдану тұрақтылығы және сапасы;
  • СӨЖ тапсыру мерзімуін бұзу төмен баллдармен есептеледі;
  • СӨЖ өткізу әдіснамасын жақсарту;

Студенттің оқу уақыты екі бөлімнен құралады:

  • міндетті, сабақтарға қатысумен шектелген уақыт;
  • жеке өзіндік дайындалу уақыты.

Кредиттік оқыту технологиясына сәйкес, студенттің өзіндік жұмысы екі деңгейге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) және СӨЖ - аудиториядан тыс өзіндік жұмыс.

Кредиттік оқыту жүйесі өзіндік жұмысты бірінші орынға қояды (оқыту уақытының 70 %), ОСӨЖ мақсаты: студенттердің СӨЖ орындауға көмек беру.

ОСӨЖ өткізкге төмендегіше талаптар қойылады:

  • сабақ кестесіне бөлек жазылады
  • өзіндік дайындалу сұрақтары үшін жоспар түзіледі.
  • ОСӨЖ үшін тапсырмалар дайындалады
  • ОСӨЖ өткізу интерактивті әдістерге негізделуі қажет, өйткені бұларды қолдану студенттердің оқу материалының есте сақтау деңгейін көтереді
  • ОСӨЖ көп түрлермен өтуі керек
  • Дәрістерді өткізу үшін қосымша және көрнекі материалдар қолданылуы керек (есептер мен жаттығулар, кроссворд, тест, ойындар және т. б. )

Студенттердің өзіндік дайындалу уақыты және өзіндік білім алу үшін қолданылады. Бұл оқу процесімен тығыз байланыста және бірге жүргуі керек.

Үй жұмысы - бұл студенттің міндетті жұмысы. Ол төмендегілерден құралады: лекция материалдарын оқулықтар, оқу құралдары, жеке тақырыптары өзіндік оқу, семинар, коллоквиум, бақылау жұмысы, қорытынды тапсырмаларды оқу және үйрену.

СӨЖ жоспарлау негізі - бұл студенттердің білімін бақылау кестесі болып келеді, ол әрбір топқа беріледі және кафедра стендінде болады. Студенттер семестр немесе триместрдегі барлық жұмыс көлемін және әрбір тапсырам, блок, модульді бақылау уақытын біледі.

Оқу сабақтарының маңызды түрі лекция. Студенттердің пәндерді оқып-үйрену тиімділігі барлық уақытта олардың лекция кезіндегі жұмыс жасауына байланысты .

Оқытушы студенттерге оқулықтың қажетті тарауын және өзінің лекция жазбаларын оқуды ұсынады. Тақырыптың пәндегі орны мен тәжірибелік құндылығын көрсетеді.

Лекцияны ұғыну және оны жазу - студенттен тұрақты көңіл бөлуді, алған мәліметтерді ойлап, қабылдауға, оны бағалауға, қағаз бетіне ықшамдап жазуға талап ететін күрделі процесс. Лекция соңында оқытушы студенттердің сұрақтарына жауап беру үшін 5-10 минут қалдырғаны дұрыс.

Семинар сабақтарының басты мақсаты - шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, танымдық қиыншылықтарды жеңіге, ғылыми дүниетанымды қалыптастыру және білімді жеке көзқарасқа айналдыру. Семинар сұрақтарын жан-жақты және терең талдау, студенттерді өзіндік және логикалық ойлауға, пікірталас жасауға, студенттерді әдебиетпен жұмыс жасау барысында байыппен еңбектенуге үйретеді.

Студенттердің семинарға дайындалу негізінде кафедрасының семинар сабақтарының жоспары. СӨЖ тапсырмалары кіреді. Бұлар бақылау сұрақтардан, рефераттар тақырыптарынан, эссе, пікірталас, пікірсайыс, әдебиеттер тізімінен құралады.

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда кеңес беру маңызды орын алады (бекіту, тақырыптық, проблемалық, шолу) . Кеңестер негізінен әдістемелік сипатта беріледі, яғни семинарларға, реферат жазуға, эссе, аралық және қорытынды бақылауға дайындалуға әдістемелік кеңес құрайды.

Кеңес негізінде оқытушы міндетті:

  • пайда болған қиыншылықтарға студенттерді өзіндік шешуге бағыттау;
  • студенттің жеке мүмкіндігін білуге;
  • бақылауға сұхбаттау арқылы СӨЖ деңгейі мен жиілігін тексеру.

Білімді бақылау кестесіне сәйкес әрбір модуль аяқталуына байланысты аралық тапсырмаларды орындау көрсетілген. Аралық бақылау тапсырмасы ретінде бақылау жұмыстарын, тәжірибелік тапсырмаларды, реферат жазуды және эссе дайындауды ұсынуға болады.

Студенттерге емтихан алдындағы кеңестер үлкен көмек көрсетеді. Бұл жерде оқытушы студенттердің сұрақтарына жан-жақты жауап береді.

Дәстүрлі түрлерінен басқа СӨЖ төмендегіше түрлерін ұсынуға болады:

  • пәннің белгілі тақырыптары бойынша әдебиеттер тізімін даярлау;
  • лекция текстін дайындау және оны аудитория алдында ұсыну;
  • «дөңгелек стол» сценариін дайындау, заң ғылымдарының мәселелері бойынша пікірталас, пікірсайыс ұйымдастыру.

Студенттер СӨЖ дайындау барысында төмендегіше жұмыс бір түрін қолдана алады:

  • нормативтік материалдар мен деректерді өзіндік оқып үйрену;
  • реферат даярлау;
  • коллоквиум тапсыру;
  • бақылау жұмысын жазу;
  • есептер шығару;
  • іс-тәжірибелік материалдарды жинау және оқу. СӨЖ тақырыбы бойынша деректерді жинау;
  • ғылыми мақалаларды оқу жіне талдау.

Реферат жазу студенттердің нақты тақырыпта көрсетілген мәселелерді тереңдете оқып үйренуге бағытталған жұмыс.

Бұл жерде әдебиеттерді дұрыс таңдай білуге көңіл бөлген дұрыс.

Бақылау жұмысы. Бұл студенттердің берілген сұрақтар мен ұсынылған әдебиеттердің көмегімен жазылған жауаптар.

Өзіндік жұмыстың қызметі - студенттерді фактілерді табуға және өңдеу, өзінің тұжырымдамасын жасауға, түсінік беру, шешім қабылдауға және алған білімдерін дұрыс қолдана білуге үйрету. Бұл студентті болашақта үздіксіз білім алуға, жаңа ақпараттарды табуға дайындайды.

3. Студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмалары

1. Эссе тақырыптары

  1. Сатып алу сату шартының жалпы ережелері.
  2. Айырбас шарты өзара тауар беру міндеттемелерін орындау.
  3. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту және сыйға тартудың күшін жою. мүмкін болмайтын жағдайлар.
  4. Мемлекттік тұрғын үй қорында тұрғын үйді жалға алу.
  5. Біртекті заем шарты.
  6. Басқаның мүдесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау міндеттемесінің түсінігі мен мазмұны.
  7. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер түрлері.
  8. Интеллектуалдық меншік обьектілерінің құқықтық режимі мен түрлері.
  9. Мұрагерліктің түрлері мен олардың құқықтық реттелуі.

2. Мына тақырыптарда презентация жасау ұсынылады.

  1. Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудың ерекшеліктері.
  2. Айырбас шарты және бартерлік сауда.
  3. Тауар жеткізілімі шарты және өнеркәсіптік өнімді өткізу бойынша байланыстарды ұйымдастыру.
  4. Лизинг шарты. Қаржы лизингінің ерекшеліктері.
  5. Тұрғын үйді жалға алу шартын бұзудағы азаматтардың тұрғын үй құқықтарына кепілдік.
  6. Тұрмыстық қызмет көрсетудегі азаматтардың құқықтарын қорғау.
  7. Ғылым мен техниканың жетістіктерінің пайда болу мен пайдалану аясындағы. шарттар.
  8. Туындыларды пайдалану жөніндегі лицензиялық шарттар.
  9. «Қызмет көрсетеу бойынша азаматтық-құқықтық міндеттемелердің түсінігі. мен түрлері.
  10. Сақтандыру міндеттемелерінің жүйесі мен түрлері.
  11. Аккредитивті есеп айырысу нысанын құқықтық реттеу.
  12. Вексель мен вексельдік құқықтық қарым-қатынастар.
  13. Сыртқы сауда бойынша комиссиялық шарттар.
  14. Мүліктік залады бірлесе отырып келтірген тұлғалардың жауапкершілігі.
  15. Кәсіпкерлік қызметте пайда болатын негізсіз баю садларынан туындайтын міндеттемелер.
  16. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау.
  17. Өсиеттік бас тарту және оны жүктеу.

3. Реферат тақырыптары

  1. Сатып алу - сату шартының түрлері.
  2. Сатып алу-сату шартының тараптары, олардың жауаптылығы.
  3. Сыйға жария түрде уәде беру салдарынан міндеттмелер.
  4. Өтемелі қызмет көрсету шартының құқықтық реттелуі.
  5. Тасымалдау шартын құқықтық реттеу.
  6. Көлік экспедиция шартындағы чартер шартының атқаратын қызметі.
  7. Есеп айырысу әдістерінің сипаттамасы мен түрлері.
  8. Сақтандыру міндеттемелерінің жүйесі мен түрлері.
  9. Басқаның мүддесіне тапсымасыз іс- әрекет жасау мәндеттемесінің түсінігі мен түрлері.
  10. Сыртқы сауда бойынша комиссиялық шарттар.
  11. Басқаның мүдесіне тапсырмасыз әрекет жасау.
  12. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттмелер. Көліктік міндеттемелер.
  13. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелердегі жәбірленуші кінәсінің мәні.
  14. Займ шарты.
  15. Банктік қызмет көрсету шарты.
  16. Ақшалай талапты қаржыландырып беру (факторинг) шарты.
  17. Факторинг шартының атқаратын ролі.
  18. Сақтау шарты.
  19. Сақтандыру шарты.
  20. Тапсырма және комиссия шартттары.
  21. Франчайзинг шартының жалпы сипаттамасы.
  22. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша конкурстық міндеттемелердің түсінгі және мазмұны.
  23. Сауда негізінде пайда болатын міндеттемелер.
  24. Ойындарды және пари өткізу салдарынан міндеттмелер
  25. Санаткерлік меншік құқығының обьектілеріне айрықша құқықтыр.
  26. Авторлық шарттар.
  27. Авторлық құқық обьектілерінің түрлері.
  28. Сабақтас құқықтар.
  29. Өнеркәсіптік меншік құқығы (патенттік құқық) .
  30. Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік меншік обьектілердің азаматтық құқықтық қорғауы.
  31. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мұраны қабылдау және одан бас тарту.
  32. Өсиет бойынша мұрагерлік.
  33. Заң бойынша мұрагерлік.
  34. Мұрагерлікті заң бойынша иелену.

4. Глоссарий құрастыру үлгілері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру
Педагогикалық үдеріс бойынша дәрістер
МДҰ әдістемелік кабинет
Қазіргі жаратылыстану концепцияларын терең меңгеру
Гуманитарлық факультеттердің орыс бөлімі студенттеріне қазақ тілін фразеологиялық сөздік арқылы оқыту әдістемесі
Рейтингтік бағалау жүйесі
Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формалары
Студенттердің білімдермен алмасуы
Кредиттік оқыту технологиясы
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz