Жалға алу шарты


Ф. 7. 03-03
Салыбек Н. М.
Жақсыбаева А. Е.
«ҚР азаматтық құқығы» (ерекше бөлім) пәнінен
семинар сабағын жүргізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент, 2012ж
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
«Азаматтық құқық және Кеден ісі» кафедрасы
Салыбек Н. М.
Жақсыбаева А. Е.
«5В030100- Заңтану » мамандығының студенттері үшін
«ҚР азаматтық құқығы» пәнінен
семинар сабағын жүргізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Оқыту формасы: күндізгі, сыртқы
Шымкент. 2012ж.
ӘОЖ 349. 2
«ҚР Азаматтық құқығы» пәнінен семинар сабағын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау - Шымкент : М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012 ж, 96 бет.
Әдістемелік нұсқаулар оқу жоспарының және «ҚР азаматтық құқығы» пәнінің бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған және семинар сабағын жүргізуге барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.
Әдістемелік нұсқаулар «5В030100 - Заңтану» студенттеріне арналған.
«ҚР азаматтық құқығы» курсын оқып үйрену мақсатында жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқықтың ерекше бөліміндегі шарттардың жекелеген түрлерінің өзіндік жасалу тәсілі мен орындалуы және құқықтық салдар туғызбау үшін құқықтық негіздерін оқып үйрену болып табылады.
Семинарлық сабақ оқу барысында оқу материалдарының күрделі бөлімін қамтиды, студенттің семинарлық сабаққа қатысуы оқу жоспары орындалуының міндетті жағдайы болып табылады.
Рецензент: Нуртазин Е. К. - з. ғ. к. М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Құқық негіздері» кафедрасының меңгерушісі.
Ахметов С. У. - з. ғ. к. доцент Шымкент Әлеуметтік Педагогикалық Университетінің «Менеджмент және құқық» кафедрасының меңгерушісі.
«Азаматтық құқық және кеден ісі» кафедрасының мәжілісінде қарастырылып (хаттама № 14 «10»__03__ 2012ж. ),
«Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің әдістемелік комиссиясымен
(хаттама №9 « 25 » __03__2012ж. ) қарастырылып басылымға ұсынылды.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ оқу- әдістемелік кеңесімен басылымға ұсынылды,
(хаттама № ___ «___» 2012 ж. ) .
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2012жыл
Мазмұны
Кіріспе
Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтың ерекше бөлімі бойынша «Заңтану» мамандықтарында дәріс алып жүрген студенттердің теориялық білім деңгейлерін жоғарылатумен қатар, семинарлық дәрісінде тәжірибелік тапсырмалармсн ұштастыру- үшін қарастырылып отыр.
Жоғарғы заң оқу орындарында оқылатын оқу пәндерінің ішінде азаматтық құқық ең бір маңызды оқу пәні ретінде танылады. Басқа оқу пәндерінен ерекшелігі азаматтық заңдардың қазіргі қоғамда алатын орнында.
Себебі, азаматтық құқық саласындағы заңдар нарықтық экономиканың берік негізін, тауар-ақша қатынастарының өркендеуі мен дамуын, заңды тұлғалар мен азаматтардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғайды яғни азаматтық құқықта шарттардың жекелеген түрлерін реттейді. Сонымен қатар азаматтық құқық пәнінің ерекше бөлімі тек шарттардан тұратындығы және шарттардың құқықтық мәселелерін, орындалу тәсілдерінің ерекшеліктерін қарастырады. Сондай-ақ қазіргі кезде азаматтық заңдар басқа да Қазақстандық заңнамалар жүйесінің ішіндегі ең күрделісі және ауқымдысы.
Студенттердің басты мақсаты-азаматтық-құқықтық ұтымдар мен категориялардың негізін меңгеру, азаматтық-құқтық нормаларын талдай білуді үйрену және оларды тәжрибе барысында қолдана білу болып табылады.
Курстың мақсаттары:
- азаматтық құқықтың негізгі теориялық ережелерін студенттерге түсіндіру;
- азаматтық заңнамалардың маңызы мен олардың нарықтық ықпалы мен маңызын түсіндіру;
- қазіргі кездегі азаматтық заңнамалардың сапалық құрамы мен даму болашағын саралау;
- азамттық құқықтық қатынастар туындағанда студентердің заң нормаларын дұрыс қолдана білуін үйрету;
- азаматтық заң нормаларын түсіндіру барысында кездесетін кейбір құқықтық-теориялық күрделі мәселелерді саралай білуге студенттерді бейімдеу.
Негізгі міндеттері:
- азаматтық заңнамалар негіздері туралы мәлімет беру;
- азаматтық заң нормаларыи тәжрибе жүзінде қолдана білуді үйрету;
- азматтық құқықтық қатынастар кезінде болашақ заңгерлердің азаматтар мен заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүддесін қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыру.
Аталған мақсаттар мен міндеттер бұл курстың құрылымы мен негізгі мазмұнын құрайды. Курсты оқу нәтижесінде студентер міндетгі түрде мыналарды меңгеріп шығуы тиіс: азаматтық құқықтың теориялық негіздерін игеру. Нормативтік құқықтық актілерді тәжрибе жүзінде қолдана білу және оларды саралай білуді игеру; «Азаматтық құқық» (ерекше бөлім) курсын өту нәтижесінде азаматтық зандар жүйесімен танысып, оны игеру; Азаматтық құқық институттарының даму тарихы мен перспективаларына талдау жасай білуге. Курсты игеру барысында оның құқықтық негізі болатын акт ол - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады.
Азаматтық құқық жоғары оқу орындарында игерілетін негізгі оқу пәндерінің қатарына жатады. Сонымен қатар Азаматтық құқық мүліктік, яғни материалдық игіліктерге байланысты және материалдық емес, яғни тұлғамен тығьп байланысты игіліктерге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Цивилдік құқықта жалпы ғылыми және жеке ғылыми (саралау, нақты әлеуметтік зерттеу салыстырмалы құқтықтану, формалдық-логикалық түсіндіру) зерттеу тәсілдері қолданылады.
Азаматтық құқық сондай-ақ көптеген өзге де құқық салаларымен ең алдымен мемлекет және құқық теориясымен тығыз байланысты болып келеді. Азаматтық құқық жария құқықтық сала болып табылатын конституциялық құқықпен, әкімшілік құқықпен, жер құқығымен, азаматтық іс жүргізумен тығыз байланысты. Азаматтық құқық сонымен бірге философиямен, саясаттанумен, әлеуметтанумен, тарих ғылымдарымен ұштасқан. Әсіресе азаматтық құқық экономикалық ғылым салаларымен өте терең байланыста болады, себебі ол қоғамдағы экономикалық қатынастарды реттейді.
Пәнді зерттеу - оқу барысында келесі мақсаттарды шешу көзделеді:
1. Студенттерге еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру мағынасы туралы берік білім беру.
2. Әрекеттегі заңнамада дұрыс бағдар алу.
3. Студенттерді керекті құқықтық нормаларды дұрыс түсіну және қолдану бойынша тиісті дағдыларды қалыптастыру.
4. Студентердің құқықтық ойлау қабілеттілігін дамыту.
5. Студенттерді құқықтық мәдениетті төрбиелеу.
Нұсқауда курстың мазмұны беріледі, тест тапсырмалар, құқықтық есептер және өздігінен бақылауға арналған үлгілі сұрақтардың тізімі берілген.
Әдістемелік нұсқау, сызбалар, тәжірибелік құжаттар үлгілерімен және кестелермен, сонымен қатар оқулық бағдарламасы бойынша кітапнамамен жабдықталған.
I. Сабақтың мақсаты мен міндеттері
1. Сабақтың мақсаты
Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымданып, ғылымның пәніне айналады.
Пәнді оқыту мақсаты банктік операцияларды құқықтық реттеу негізі, банк дегеніміз не және оның біздің еліміздегі алатын орны мен механизмі, еліміздің экономикалық дамуына әсері. Сондықтан жоғарғы оқу орнының студенттері бұл пәнді оқып білуі қажет.
Ал негізгі мақсаты - студенттердін танымдық қабілеттерін өз бетінше ойлау мен шығармашылық белсенділігін дамыту.
2. Сабақтың міндеттері
Жоғарғы оқу орны бағдарламасы көлемінде «ҚР Азаматтық құқығы» курсын меңгеру үшін студент әдебиеттермен жұмыс істей алу қажет, ақпарат таңдауын жүргізе білу керек, статистикалық материалдармен жұмыс істей алуы және компьютер, интернетті меңгеру тиіс.
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
- студенттердің шығармашылық белсенділігі мен өз бетінше дамуы;
- студенттердің ғылымға ғылыми зерттеулерге қызығушылығын нығайту;
- оқу пәндерін терең және кең көлемде білу;
- студенттерге практикалық әдістерге және шығармашылық ережелер мен оқу пәндердің тұжырымдамаларын талдау әдістеріне ұйрету;
- студенттерге заманауи теориялық және ғылыми-техникалық әдістер мен нақты практикалық мәселелерді шешу құралдарын иелену;
- оқу пәндерін нақты тақырыптары бойынша әдебиет көздерін оқып ұйрену және талдау;
- студенттерді оқу-практикалық мәселелерді шешуге тарту;
- есептеу техникасын қолдана білу аныктамалық әдебиеттерді пайдалана білуге дағдыландыру.
ІІ Негізгі бөлім. Семинар сабақтарында ұсынылатын тақырыптар
Тақырып 1. Сатып алу-сату шарты.
1. Семинар сұрақтары
- Сатып алу-сату шартының түсінігі.
- Сатып-алу сату шартының мазмұны.
- Сатып алу-сату шартының түрлері
- Тауар жеткізілімі шарты.
- Келісім-шарт жасасу, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты, бөлшектеп сатып алу -сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты)
Сабақтың өту түрі-семинар-пікірлесу.
2. Әдістемелік ұсынылымдар.
Берілген тақырыпты зерттеуде студенттер бұл оқу пәнінің атына байланысты шарттардың жекелеген түрлері және жүзеге асырылу тәсілдерін нақтылау . Сонымен қатар Сатып алу-сату шартының түсінігі, мазмұны, субьектілері, олардың құқықтары мен міндеттері. Сатып алу-сату шартының обьектілері, түрлері (тауар жеткізілімі шарты, келісім- шарт жасасу, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты, бөлшектеп сатып-алу-сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты) Сатып алу- сату шартының нысаны қоғамдық ұйымдастыруға қалай ықпал ететінін де білуі тиіс.
3. Бақылау сұрақтары:
1. Тақырып бойынша білім базасының логикалық схемасын құрастырыңыздар.
2. Сатып алу-сату шартының тараптары, олардың жауаптылығы.
3. Сыртқы саудалық сатып алу-сату шарты.
4. Тауарды сақтандыру халықаралық сатып- алу- сату шарттарының ерекшеліктері.
5. Сатып алушыда меншік құқығы пайда болатын кез.
4. Ұсынылатын әдебиеттер
Құқықтық нормативтік актілер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж., 2007жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен енгізілген өзгертулер
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы бөлім, 27 желтоқсан 1994 ж; Ерекше бөлім. 1999 ж. 1 шілде.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994 ж.
- Қазақстан Республикасының Заңы. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Ерекше бөлім) күшіне енгізу туралы» 1999 ж. 1 шілде.
Арнайы әдебиеттер:
- Жайлин Ғ. А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім. ІІ том. - Алматы: Заң әдебиеті, 2005.
- Гражданский кодекс Республики Казахстан (особенная часть), Комментарий, ответственные редакторы: М. И. Сулейменов, Ю. Г. Басин, Алматы, 2000.
- Баринов Н. А. Имущественные потребности и гражданское право, (под. Ред. Калмыкова, Саратов, 1987 г. ) .
- Батлер У. Э. Основиые черты Российского открытого акционерного общества и корпорации //Государство и право. 1998 №7.
- Темірғалиев Р. А., Шарттар жинағы. Алматы, Аян Әдет, 2000 ж.
- ҚосановЖ. Х., Аленова А. Қ., Мадиярова А. С. Нотариаттық іс әрекеттер және оларды іске асыру ережелері Оқу құралы Астана 2007ж
- Вещные права в РК/ по ред. Сулейменова. Алматы, 1999г. /Қосымша әдебиеттер:
8. Киреева Т. Т., Климикин С. И. Защита права собственности. -Алматы, 2000г.
9. Коментарий: Гражданский кодекс РК (особенная часть) / отв. Ред. Сулейменов М. К. Басин Ю. Г - Алматы, Жеті жарғы, 2001 г.
Тақырып 2. Айырбас.
1. Семинар сұрақтары
- Айырбас шартының түсінігі.
- Айырбас шартының мазмұны.
- Айырбас шартының элементтері.
- Айырбас шартындағы тараптардың жауапкершілігі
Сабақтың өту түрі-семинар-салыстыру.
2. Әдістемелік ұсынылымдар.
Семинарлық сабағын өту барысында дайындық айырбас шартының талаптарын орындалу деңгейін және теңестіру арқылы жүзеге асатындығы жөнінде білуі тиіс. Айырбас шартының даму институтының негіздері мен ерекшеліктері тараптардың қоғамдағы алар ролі мен өзіндік айшықтарды иемдене отырыа жүзеге асатындығын басты назарға алған жөн. Қоғамдық қайшылықтардың айырбас шартының құқықтық салдар туғызбауын негізге ала отырып жүргізілетіндігін айқындау.
3. Бақылау сұрақтары:
- Айырбас шартының мазмұны.
- Айырбас шарты және бартерлік сауда.
- Айырбас және сыйға тарту шартының нысаны, тараптары
- Айырбасталатын тауарларға меншік құқығының айысуы.
4. Ұсынылатын әдебиеттер
Құқықтық нормативтік актілер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж., 2007жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен енгізілген өзгертулер
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы бөлім, 27 желтоқсан 1994 ж; Ерекше бөлім. 1999 ж. 1 шілде.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994 ж. 27 желтоқсан.
Арнайы әдебиеттер:
- Жайлин Ғ. А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім. ІІ том. - Алматы: Заң әдебиеті, 2005.
- Гражданский кодекс Республики Казахстан (особенная часть), Комментарий, ответственные редакторы: М. И. Сулейменов, Ю. Г. Басин, Алматы, 2000.
- Баринов Н. А. Имущественные потребности и гражданское право, (под. Ред. Калмыкова, Саратов, 1987 г. ) .
- Батлер У. Э. Основиые черты Российского открытого акционерного общества и корпорации //Государство и право. 1998 №7.
- Темірғалиев Р. А., Шарттар жинағы. Алматы, Аян Әдет, 2000 ж.
- ҚосановЖ. Х., Аленова А. Қ., Мадиярова А. С. Нотариаттық іс әрекеттер және оларды іске асыру ережелері Оқу құралы Астана 2007ж
- Вещные права в РК/ по ред. Сулейменова. Алматы, 1999г.
Қосымша әдебиеттер:
- Киреева Т. Т., Климикин С. И. Защита права собственности. -Алматы,
- Коментарий: Гражданский кодекс РК (особенная часть) / отв. Ред. Сулейменов М. К. Басин Ю. Г - Алматы, Жеті жарғы, 2001 г.
Тақырып 3. Сыйға тарту.
1. Семинар сұрақтары
- Сыйға тарту шартының түсінгі.
- Сыйға тару шартының мазмұны.
- Сыйға тарту шартының ұғымы және құқықтық реттелуі.
- Сыйға тарту шартынан бас тарту және сыйға тартуды тоқтатуға мүмкін емес жағдайлар.
Сабақтың өту түрі-семинар-жалпы шолу.
2. Әдістемелік ұсынылымдар.
Берілген тақырыпты зерттеуде студенттер Сыйға тартылмайтын заттардың түрлері. Сыйға тарту барысында жасалатын талаптар. Сыйға тару шартының негіздері мен жасалу тәртібі ең бастысы тараптардың өзіндік еріктілігіне сәйкес жүзеге асатындығын, сонымен қатар құқықтық салдар туғызбау үшін заң талаптарының негіздемелеріне сүйене отырып заңды күшіне ендіру жағдайларының қолдануы сыйға тарту шартының жасалғандығын басшылыққа алады. Сыйға тарту шартының кейбір жағдайларға байланысты құқықтық салдар тудыратының нақтылап ажыраты білуі қажет.
3. Бақылау сұрақтары:
- Тақырып бойынша жалпы кроссворд құрастырыңыздар.
- Сыйға тартылмайтын заттар.
- Сыйға тартуға тыйым салу және шектеу.
- Сыйға тартуға уәде беру кезіндегі құқық мирасқорлығы, қайырымдылық.
4. Ұсынылатын әдебиеттер
Құқықтық нормативтік актілер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж., 2007жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен енгізілген өзгертулер
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы бөлім, 27 желтоқсан 1994 ж; Ерекше бөлім. 1999 ж. 1 шілде.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994 ж. 27 желтоқсан.
- Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Ерекше бөлім) күшіне енгізу туралы» 1999 ж. 1 шілде.
Арнайы әдебиеттер:
- Жайлин Ғ. А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім. ІІ том. - Алматы: Заң әдебиеті, 2005.
- Гражданский кодекс Республики Казахстан (особенная часть), Комментарий, ответственные редакторы: М. И. Сулейменов, Ю. Г. Басин, Алматы, 2000.
- Баринов Н. А. Имущественные потребности и гражданское право, (под. Ред. Калмыкова, Саратов, 1987 г. ) .
- Батлер У. Э. Основиые черты Российского открытого акционерного общества и корпорации //Государство и право. 1998 №7.
- Темірғалиев Р. А., Шарттар жинағы. Алматы, Аян Әдет, 2000 ж.
- ҚосановЖ. Х., Аленова А. Қ., Мадиярова А. С. Нотариаттық іс әрекеттер және оларды іске асыру ережелері Оқу құралы Астана 2007ж
- Вещные права в РК/ по ред. Сулейменова. Алматы, 1999г. /
Тақырып 4. Рента.
1. Семинар сұрақтары
- Рента шртының түсінігі.
- Тұрақты рента.
- Рентаның түрлері.
- Рента шарттары бойынша жауапкершілік.
Сабақтың өту түрі-семинар-пікір талас.
2. Әдістемелік ұсынылымдар.
Семинар сабағын өту барысында рента шартының талаптары және орындалу тәсілінің құқықтық реттелуін қарастырыды. Яғни азаматтардың рента шартының жасалу тәсілін нақтылау және өзіндік ерекшеліктердің орныдалуында тұрақты рентамен және ғұмырлық және өмір бойы асырауды ұстау шарттарның талаптарының ерекшеліктерін айырмашылықтарын ажырата білун қарастырады. Сонымен қатар нотариустың куәландырылуы арқылы күшіне енетіндігімен айқындалады. Сонымен қатар күштеп мәжбірлеп жасалған рента шарты жарамсыздықтың құрамын құрайтынына сипаттама беру және талдау жүргізу.
3. Бақылау сұрақтары:
- Тақырып бойынша -үлгі құжаттарын толытыру.
- Рента шартының ұғымы.
- Өмір бойы асырауда ұстау.
- Рента шартының мазмұны.
- Ренша шартының қолдану және құқықтық салдары.
4. Ұсынылатын әдебиеттер
Құқықтық нормативтік актілер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж., 2007жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен енгізілген өзгертулер
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы бөлім, 27 желтоқсан 1994ж; Ерекше бөлім. 1999 ж. 1 шілде.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994 ж. 27 желтоқсан.
- Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Ерекше бөлім) күшіне енгізу туралы» 1999 ж. 1 шілде.
Арнайы әдебиеттер:
- Жайлин Ғ. А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім. ІІ том. - Алматы: Заң әдебиеті, 2005.
- Гражданский кодекс Республики Казахстан (особенная часть), Комментарий, ответственные редакторы: М. И. Сулейменов, Ю. Г. Басин, Алматы, 2000.
- Темірғалиев Р. А., Шарттар жинағы. Алматы, Аян Әдет, 2000 ж.
- ҚосановЖ. Х., Аленова А. Қ., Мадиярова А. С. Нотариаттық іс әрекеттер және оларды іске асыру ережелері Оқу құралы Астана 2007ж
Қосымша әдебиеттер:
- А. Т. Джусупова Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Алматы 1996ж.
- О. С. Иоффе Міндеттемелік құқық М., 1986 г.
Тақырып 5. Жалға алу шарты.
1. Семинар сұрақтары
- Жалға алу шартының түсінігі.
- Жалға алу шартының құрам бөліктері.
- Жалға алу шартының түрлері.
- Жалға алынған мүлікті пайдалану.
- Жалға алу шартынан мерзімінен бұрын бұзу.
Сабақтың өту түрі-семинар-дөңгелек үстөл.
2. Әдістемелік ұсынылымдар.
Семинар сабағын өту барысында жалға алу шартында жалға алушы мен жалға берушінің құқықтары мен міндеттерін нақтылайды. Жалға алу шартының орындалу мерзімі мен уақыты көрсетіле отырып, тараптар өз құқықтары мен міндеттерін қарастыру. Жалға алу шартының жекелеген түрлері оның ішінде, тұрмыстық жалдауұшін, көлікті жалға алу, ғимараттарды және басқа да тұрғын емес орындарды жалға алу, табиғи ресурстарын жалға алу жер учаскелері, орман қорының обьектілерін және басқа да жағдайдардың өзіндік ерекшеліктерін айқындайды және тараптардың заң алдында міндеттерін нақтылап қарастырған жөн.
3. Бақылау сұрақтары:
- Тақырып бойынша есеп құрастырып шешімін табу.
- Мемлекет меншігіндегі обьектілерді жалға алу Концессия.
- Қаржыны жалға алу лизинг.
- Өнеркәсіптерді жалға алу.
- Жалға алынған мүлікті жақсарту.
4. Ұсынылатын әдебиеттер
Құқықтық нормативтік актілер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж., 2007жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен енгізілген өзгертулер
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы бөлім, 27 желтоқсан 1994ж; Ерекше бөлім. 1999 ж. 1 шілде.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994 ж.
- Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Ерекше бөлім) күшіне енгізу туралы» 1999 ж. 1 шілде.
- «Тұрғын үй қатнастары туралы», 16 сәуір1997жылғы ҚР заңы.
- Президент Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылы 1 наурыздағы Жолдауы
- «Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік Бағдарламасы және оны жүзеге асыру тетіктері» 1993 жыл 8 қыркүйек
- «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» 2 шілде 2004жыл
- «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» 2007ж 25 тамыз
Арнайы әдебиеттер:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz