Жануарлардың бал ара уынан улануы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШƏКƏРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.
" ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ"

Курстық жұмыс

Пəн: Фармакалогия, токсикология және токсикологиялық сараптау (II)
Тақырыбы: Жануар тектес улы заттармен улану

Орындаған: Әбіш Е.М Тексерген: Билялов Е.Е
Топтың студенті: ВМ-503

Қолы: Қолы: .
Тапсырған күні: Бағасы: .
Күні: .

Семей қаласы, 2018 жыл
Мазмұны:

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1.Улы заттар жəне олардың организмге əсерлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.2. Жануарлар тəріздестердің уларынан болатын токсикоздар ... ... ... ... ... 5
2.3. Жануарлардың бал ара уынан улануы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..6
2.4. Жануарлардың жылан уынан улануы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .10
2.5. Қалқантұмсық (щитомордник) ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.6. Жануарлардаң буынаяқтылар уынан улануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.7. Жануарлардың балық уына улануы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 18
2.8. Биологиялық табиғат уымен жануарлардың улануы ... ... ... ... ... ... ... 19
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
IV. Пайдаланылған əдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
V.Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

І. Кіріспе

Кең байтақ Қазақстан Республикасының жерінде бытыраңқы орналасқан малшаруашылықтарының малдарының ішінде əр түрлі азықтардың құрамындағы улы заттармен уланулары жиі кездесетін жаңдай. Бұған себеп жер көлемі үлкен болғандықтан жəне табиғаттың əр түрлі құбылмалы əсерінен онда өсетін өсімдіктер фаунасы да неше алуан, құбылмалы болып келеді. Малдардың улануының шаруашылықтарға тигізетін зияныөте көп. Онымен қатар ауылшаруашылық малдарының улануы, олардың организміндегі улы заттары өнімдері арқылы (сүт, ет) өсім төлдерін, тіпті адамдарды да уландырулары мүмкін.Кей кезде уланулардан болатын шығын індетті аурулардан келетін шығындардан да асып түсетін көрінеді.Сонымен қатар жануарлар тəрізділердің уларынан болатын уланулар да болады. Қазақстан территориясының солтүстік-шығыс аймағындағы малшаруашылығында жиі кездесетін уланулардың ерекшеліктері мен оларды емдеу əдістерін, сақтандыру шараларын сол өңірде еңбек етіп жүрген мал мамандары мен малдардың күтіміне тікелей айналасып жүрген, мамандық куəліктері болмаса да, бүл салада тəжірибелері мол адамдарңа қазіргі ғылым жүзінде бар деректерді жинақтап жеткізу арқылды нақтылы көмек көрсету арқылы білеміз. Табиғатта ауыл шаруашылығы малдарын уландыратын тірі жəндіктер жеткілікті. Олардығ ішінде таксикологиялық маңызы ерекше жəндіктер тобына төмендегі өкілдерін жатқызуға болады:
1.Рептилий класы-əр түрге жəне туысқа жататын жыландар тобы
2.Амфибиялар-саламандра, бақалар
3.Балықтар-алабұға, (окунь), мурена, таутан ерш.)
4.Моллюскалар-осминог.
5.Жəндіктер- ара, маса, шіркей.
6.Буын аяқтылар- қарақұрт, шаяндар, тарантул.
7.Қоныздар-колорад қоңызы, алагүлік жəне тағы басқалары.
Ғалымдар зерттеулерінің нəтижелеріне сүйенсек бұл жəндіктер уынан көптеген малдардың өлімі тіркелген.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Улы заттар жəне олардың организмге əсерлері.

Организмге улы заттардың түсуінен пайда болатын аурулар уланулар деп аталады. Ондай улы заттар əртүрлі жолдармен түсуі мүмкін: ауыл шаруашылығында, құрылыстарда қолданылатын улы химикаттардан; өндірістің улы қалдықтарынан; азыққа қолданылатын өсімдіктердің құрамындаңғы улардан. Мұндай улы заттар азықтарды тамактандыруға дұрыстап дайындалмағанда, дайындалған азықтарды дұрыс сактап, дер кезінде бермегенде де пайда болуы мүмкін. Мысал ретінде өсімдіктердің ауруларымен, оларға зиянды жəндіктер мен күресуде қолданылатын улы химикаттарды дұрыс пайдаланбағанда, дұрыс сақтамағанда олардың мал азығымен, сумен араласып, олар арқылы организмге түсіп уландыруын келтіруге болады. Токсиндер алкалоидтарға үқсас, құрамында азотты органикалық негіздері бар заттар. Бұрын токсиндерге тек потогенді бактерияларды бөліп шыгаратын улы заттарын жатқызса, қазір саңырауқүлақтардың жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің түзетін токсиндері де белгілі болып отыр.
Токсиндердің алкалоидтардың ерекшелігі олардың жасырын инкубациялық кезеңінің болуы. Ол уақыт организмге түскен токсиннің мөлшеріне байланысты және де токсиндер мал организмінде өздеріне карсы денелер (антитоксиндер) түзетін қасиеті - мен сипатталады. Бактериялар түзетін токсиндерді экзотоксиндер (экстрацеллюлярлы) және эндотоксиндер (интрацеллюлярлы) деп екіге бөлінеді. Экзотоксиндерді сіреспе: ботулизм, гады ісік және т.б. анаэробты індеттердің қоздырушылары, кейбір стафилококтар мен стрептококктар түзеді. Эндотоксиндер бактерия клеткаларының қүрамында болатын улыз аттар. Олар тек торшаларды талқандағанда ғана босап, организмге өз әсерін тигізеді. Эндотоксиндердің улылығы экзотоксиндерге қарағанда әлсіздеу.
Улану - сыртқы ортадан (ауыз, тыныс алу жолдары, тері жабындары, ағзаның әртүрлі қуыстарына тікішек, құлақ тесігі және басқалар арқылы) түсетін шығу тегі әртүрлі улы заттардың (өнеркәсіп пен тұрмыста қолданылатын химиялық заттар, өсімдік және жануар текті токсиндер, жауынгерлік уландырушы заттар, т.б.) ағзаға әсер етуінің нәтижесінде туындайтын патологиялық үдеріс.
Уақыт бірлігі ішінде ағзаға өтетін удың мөлшеріне қарай уланулар жіті және созылмалы болуы мүмкін. Улану көбінде кенеттен басталады және жалпы қатерлі ауру, кейде өмір үшін айтарлықтай қауіпті өзгерістер түрінде көрінеді. Тамақтан және зиянды газдардан улану кезіндегі өзі-өзіне көмек пен алғашқы көмек көрсету мәселелерін қарастырамыз. Уланудың барысы көмектің қаншалықты жылдам және тиімді көрсетілгеніне байланысты болады. Көпшілік жағдайларда өз уақытындағы біліктілік шаралары өлімге әкелетін біршама мөлшердегі улы заттармен уланған адамның өмірін де сақтап қалуға кепілдік бола алады. Кешіктірілген және (немесе) ретсіз көмек тиімсіз болып шығады, тіпті аз мөлшерден улану кезінде де айтарлықтай асқынудың дамуы мүмкін.

2.2 Жануарлар тәріздестердің уларынан болатын токсикоздар.

Табиғатта ауылдық жануарлардың улану себебі болатындай тірі жандар саны зор. Біршама токсикологиялық мәнде рептилиялар:амфибиялар: балықтар, моллюскалар, жәндіктер, көпаяқтылар: қоңыздар классының өкілдері болады.(1-сурет)

Сурет-1. Токситті салыстыру. Жануарлар тәріздестердің уларының өлімге ұшрататын мөлшері.

М. Н. Сүлтанов берілгендері бойынша 1958-ден және 1959 ж. Нахичеванды АССР-да 15 жыл бақылауда жылан уынан 980 үй жануары өлді. Гематологиялық əрекеті. Өткiр улануда, яғни токсиндік заттардың организмге əсер ету механизміне байланысты жалпы гематологиялық реакциялар пайда болады. Ең бірінші ақ қанда өзгерiстер көрiнедi: нейтрофильді лейкоцитоздың солға жылжуымен, эозинопения, лимфопения, моноциттердiң санының өсуі. Қанының ерекше өзгерiстерiнiң астында оның құрамы жағынан мынандай бұзылуларды түсiну керек, яғни жануартекті улардың əрекеті. Бұл ретте қанның аурулары дамиды - қан лейкозы, қаназдық, қанның ұюының бұзылуы. Тыныс мүшелерiнiң бұзылуы. Көбiнесе тыныс мүшелерiнiң бұзылуы улағыштық заттардың өткiр ингаляция əсерiнен пайда болады. Бұдан өткiр улы бронхотрахеита, өткiр улы бронхит, өткiр улы өкпенiң домбығуы, өткiр улы пневмонияның дамуы мүмкін. Бауырдың жəне несеп шығару жүйесiнің бұзылуы. Бауырдың жəне барлық несеп шығару жүйесiнің бұзылуы гепатотроптық улардың əрекеті кезінде байқалады. Бұл улар əрекеті салдарынан токсикалогиялық гепатит дамиды. Несеп шығару жүйесiнің бұзылуы толығымен у-дың химиялық құрамына, бүйректің жағдайына жəне жалпы организмге байланысты.Кейбір улар токсикалогиялық нефропатияны туғызады. У-дың əрекетін анықтау үшiн,токсикалогиялық заттар уланудағы жоғарғы шегіне жетуі арқылы.

2.3. Жануарлардың бал ара уынан улануы.

Ара, үй арасы, бал арасы (Apіs mellіfera) - жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) жұмысшы Ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20 - 25 мм, ал салмағы 150 - 300 мг-ге жетеді.Тәулігіне 2-3 мың,маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек Аралар ғана шығады.
Ара ұясы: балаңқұрттар сол жақта, ал жұмыртқалар оң жақта орналасады. Аналық Ара ұяның анасы болып есептеледі, ол 3 - 5 жыл, кейде 10 жылға дейін өмір сүреді. Күзде салқын түсісімен жұмыртқа салуды тоқтатып, оны қайтадан ақпанның 2-жартысынан бастайды. Еркек Ара денесінің ұзындығы 15 - 17 мм, салмағы 250 мг болады. Ол негізінен ұрғашы Араны ұрықтандырады да, одан кейін өліп қалады. Омартаның негізін қалайтын жұмысшы Аралардың денесінің ұзындығы 12 - 15 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы Аралар көбею мүшелері жетілмеген ұрғашы Аралар. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауызұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды. Жұмысшы Аралар 7 - 8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір Ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. Аралардың ішінде дербестіршілік ететін түрлері де бар. Қазақстанда Іле Алатауының етегінде Араның антофора деген түрі дара тіршілік етеді. Ара ұясынан емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады. Арадан алынатын ара балы, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады. Аралардың 20 мың түрінің ішінен тек 1 мың ғана түрі ұйымшыл жәндіктер санатына жатады. Бал араларының басқа барлық аралардан ерекшеленетін себебі,оның тозаңды жинайтын және таситын арнайы икемі: олардың артқы аяқтарының кең жіліншіктерінде талшықпен жиектелген иілімді аумақ болады (ол қоржынша деп аталады). Шірені бал арасы тұмсығының жәрдемімен тартып алады және оны жемсауында балға айналдырады. Ара отбасысының басым бөлігін жұмысшы аралар (аналықтарды төлдетуге қабілетсіз) құрайды. Олар шіре мен тозаң жинайды, ұяшықтар тұрғызады, дернәсілдерді қоректендіреді, ұяшықты тазалайды және қорғайды. Ара мен сонаның бізгегі - бұл түрі өзгерген жұмыртқалаушы мүше. Бізгегі тегіс және көп мәрте пайдалану құралы болып табылатын сонадан ерекше арада ол кетік болып келеді. Дұшпанын шаншып алғаннан кейін бізгегі жараның ішінде қалғандықтан, олардың көпшілігі өлім құшады.
Ауыл Шаруашылық малдары бал ара уын өте өте қиын көтереді. Бұл уға жылқылар сезімтал келеді. Қойлар мен ешкілердің улануы да өліммен аяқталуы мүмкін.Үйректер мен қаздардың арасында бал ара уымен улану өте жіті түрде өтіп,өлімге ұшыратады.Бал ара уына аю,кірпінің сезімталдығы төмен.
Бал ара уы апитоксин- түссіз, мөлдір, сұйық, бал иісті, ащы-қышқыл дəмді. Құрамы 41 пайыз құрғақ заттан, майлардан, минералды заттардан, аминқышқылдарынан, ақ заттан, сонымен қатар ацетилхолин, гистамин, норадреналин, фосфамин, құмырсқа, тұз, фосфор қышқылдарынын жəне химиялық элементтерден тұрады. Араның уы аралардың ерекше безінің сіріндісі, оны шағу аппараты арқылы аралар ұяларын, ұрпақтарын жəне өздерін қорғауға пайдаланады.
Бал араларының ( жұмысшы жəне аналық аралар) құрсағының соғында қорғаныс мүшесі шағу аппараты - орналасқан. Ол бізгектен, 2 улы безден жəне удың резервуарынан тұрады. Бізгегінің шағатын бөліктерінде қармақшалар орналасқандықтан, оны теріден шығару қиын. Шағатын кезде ара безгегінің үшкір жағын теріге енгізеді. Шағып алып, ара ұшып кетеді, ал безгегі теріде қалып, барлық шағу аппаратымен жұлынады. Аппараттың қысқарылып жатқан бұлшық еттердің əсерінен барлық у жайлап резервуардан жараға ағады. Ал ара шаққаннан кейін бірнеше сағат өткен соң өледі.
Ара уының организмге әсері өте күрделі, сонымен қатар, шағудың санына, локализациясына және организмнің индивидуальді сезімталдығына байланысты.
Удың организмге көп мөлшерде түсуі жергілікті реакциямен қоса (ауырсыну, күйдіру сезімдерінің, ісінудің және қызарудың пайда болуы) жалпы реакция да көрінеді.
Жеңіл жағдайда температураның көтерілуімен, бастың ауруымен, крапивница тәрізді бөртпелердің пайда болуымен сипатталады. Ауыр жағдайларда аталған симптомдарға қүсық, іш өту, демігу, көгеру, пульстің жиілеуі, артериалдық қысымның төмендеуі, талу, эритроциттердің гемолизі, несепте гемоглобиннің жиналуы, дірілдеу қосылады.
Әдетте 1-5 немесе 10 бір уақыттағы аралардың шағуы дені сау адаммен жеңіл көтеріледі де, әлсіз жергілікті реакцияға әкеледі, ол терінің қызаруымен, ісінуімен , күйдіру сезімімен сипатталады.
Бірақ бір уақыттағы 200-300 шағуы организмнің улануына әкеліп соқтырады.
400-500 және одан да көп шағулар тыныс алу орталығының солдануы нәтижесінде, өлімге әкеледі.
Патогенезі. Бал ара уының әсеріне жануар организмінде кері реакция қалыптасады. Орталық жүйке, жүрек- қантамыр жүйесінің жүмысы, қанның түзілуі бүзылады. Бал ара уымен улану аллергиялық белгілер түрінде білінеді. Ацетилохолин және гистамин әсерінен қан тамырының капиллярлары кеңейіп, артериялық қысым төмендейді, Ара уы әсерінен бауырдағы тромбокиназа ферменті блокадаланып, қан қоюланып, үйып қалады.
Клиникалық бергілері. Ауылшаруашылық малдарының улануы бал ара уының мөлшеріне, организмге түсу мен сезімталдығына байланысты. Терінін закымданған жерлерінде ісінулео пайда болады. Жануарлар жалпы қозады, тыныс алуыбаяулайды, кейбір жағдайларда терісінде бөртпелер байқалады. Ауыз жəне мұрын қуыстарыныңкөпіршікті сұйық ағады. Орталық жүйке жүйесінде нейротоксикалық əсер етіп, тырысулар байқалады. Дене температурасы көтеріледі, көмекейде ісік пайда болуы мүмкін. Балау. Балауды анамнестік, клиникалық көрсеткіштеріне жəне зертханалық тексеру қорытындыларына қарап қояды.
Емі. Жануарлардың зақымданған жерлеріндегң тері бетін суық сумен жуып, вена арқылы 40%-ды глюкоза ерітіндісін егеді.Тырысып - бүрісу кезінде тыныштандырғыш, ұйықтатқыш береді.Жылқыларға вена арқылы 7%-ды хлоралгидрат ерітіндісін 200-300 мл, ірі қара малға 50-75 мл, ұсақ малдарға барбитур, кофеин, ішке камфора майын қолдануға болады. Витамидік препараттарды енгізу де оң нəтиже береді. (Витамин с, РР, К жəне т.б).Ішке кілегейлі қайнатпалар, ішті жүргізетін дəрі-дəрмектер, антигистаминдік зат ретінде димедрол қолданады.
Аралардың шағуын келесідей ауруларда пайдалануға болады:
1. Ревматикалық аурулар (ревматикалық полиартриттер, бқлшық еттің ревматикалық аурулары, ревмокардит);
2. Полиартриттер;
3. Спондилоартроз;
4. Перифериялық жүйке жүйесінің аурулары (белдік-сегізкөздік радикулит, қабынуы седалищного, сонымен қатар, бет жəне т.б. нервтердің аурулары, қабырға аралық невралгияла, полинефриттер жəне т.б.);
5. Трофикалық жəне əлсіз гранулдейтін жаралар;
6. Қан тамырлардың хирургиялық аурулары (ірінді процессіз өтетін тромбофлебиттер, эндартериоз, қол-аяқ қан тамырларының атеросклеротикалық зақымдануы);
7. Астма;
8. Мигрень;

Сурет-2. А- аналық; Б - трутень; В - жұмысшы ара.

Бал арасы халық медицинасында ерте заманнан-ақ кеңінен қолданылып келеді. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі алты мың жыл бұрын Египет пен Үндістанның, үш мың жыл бұрын Қытайдың халық медицинасында араны түрлі дертке қарсы ем ретінде пайдаланған. Ал ара уының адам мен жануар ағзасына тигізер шипасы ғылыми түрде ХІХ ғасырда дәлелденіпті
Апитерапияның құрамына араның балы, прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы және емдік әсері өте күшті сүт кіреді. Ал ара уының құрамында адам және жануар ағзасы үшін пайдалы түрлі ферменттер мен аминқышқылдары және милитин бар. Арамен емдеу кезінде милитиннің құрамындағы 12 аминқышқылы, оның ішінде серотонин мен гистамин ферменттері қан құрамына өтіп қабынуға қарсы әсер етеді. Адам және жануар ағзасында кездеспейтін кейбір бейорганикалық қышқылдарды ара уынан алуға болады. У ағзаның ауруға қарсы иммунитетін күшейтеді. Жалпы, ара уы көптеген ауруға, оның ішінде ревматикалық полиартрит, артрит, ревматизм, жүйке аурулары, остеохондроз, остеопороз, псориаз, ішкі құрылыс, буын аурулары, колит, асқазан жарасы, холецистит секілді ауруларға бірден бір ем. Бұдан өзге гинекологиялық, тыныс жолдары және осы секілді өзге де сырқат түрлерін емдеуге болады.
2.4 Жануарлардың жылан уынан улануы.

Жылан уы офидиотоксин деп аталады. Ол антитоксикалық сарысу жəне əртүрлі дəрі-дәрмек (випраксиқ наяксин: лебетокс) алу үшін қолданылады.
Улы жыландар көбінесе қүрғақ далалы жерде және Оңтүстік аймақтарда мекендейді. ТМД елдерінде жыланның 58 түрі кездеседі, оның ішінде -11 улы. Оның ішінде улы сұр жылан (гадюка), қалқан тұмсық (щитомордник), кобра, құмдық эфа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануар тектес туындылармен уланған малдардың патологиялық материялдарына токсиологиялық баға беру
Жануар тектес улы заттармен улану
Жануарлардың жылан уынан улануы
Азықтық заттардан улануы
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Улану түрлері
Химиялық заттардан уланулар
Қызыққа толы жәндіктер әлемі
Ботулизм ауруы туралы толықтай мәліметтерді қамту
Жануар уы
Пәндер