Саяси қуғын - сүргін құрбандары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ Саяси қуғын - сүргін құрбандары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1 Карлаг. Қарағанды еңбекпен түзеу лагері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2.А.Л.Ж.И.Р ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

КІРІСПЕ
Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға тап жаулары, ұлтшылдар, жат пікірдегілер, әлеуметтік қауіпті элементтер [1] деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда Кіші Қазан төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.
Қазақ зиялыларының тағдырына ауыр соққылар, тоталитаризмнің кешірілмес қылмыстары Голощекиннің 1925 жылы өлкелік партия комитетіне бірініші келуімен басталды. Іле-шала алаш қозғалысының басшыларына қарсы күресті қолға алған ол 1929-1931 жылдары ұлт зиялыларын қуғын-сүргінге 13 ұшыратқан репрессияның бірінші толқынын ұйымдастыра, 1932 жылы қолдан ұйымдастырған аштықпен халықтың жартысын қырып жіберуге қол жеткізді. әмірші-әкімшіл жүйенің барша мәнді білгілері-саяси куғын-сүргін, шаруаны меншіктен ажырату, еш кінәсі жоқ адамдардың өмірін қию, ұлттық мәдени құндылықтарын аяқ асты қалдыру, бір адамның шексіз билігін орнату, тағы басқалар Голощекин басқарған жылдары қазақстан үшін қалыпты тәртіпке айналады. 1930 жылғы 19 ақпанда БК (б) П Орталық Комитеті Қазақстанда Қуатты шаруалар мен байларға қарсы күрес жүргізу туралы шешім қабылдады[ 2]. Осы шешім негізінде Қазақстан аумағында қуатты шаруа және байларға қарсы күрес науқаны басталды. Бұл шешімге шаруалар ірі қарсылық көрсетті. Бірақ бұл шешім билік басындағылардың колхоздарды күштеп біріктіруде қолданған соңғы сұрқия тактикасы болды. Күштеп зорлықпен ұжымдастыруға жергілікті шаруа отбасылары, жалпы халық қарсылық көрсетті. Қазақстанның әр жерінде жиі толқулар, билікке қарсы қарулы күрестер етек алған. Кеңестік үкімет жергілікті халықты жаппай күшпен отырықшылыққа көшіру, ұжымдастыру саясаты жергілікті қазақ халқына деген аса қаталдығымен, жазалаушылығымен ерекшеленді. Осы шараны қысқа мерзімде іске асыру мақстаныда 1929 жылдың қараша айында ВКП (б) Қазақ Өлкелік Комитеті отырықшыландыруды жоспарлау арнайы шешім қабылдады. Қазақстандағы отырықшыландыру мәселесі Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 1930 жылғы қаңтар айындағы 2-сессиясында кеңінен талқыланды. Аталған шешімдерді іске асыру мақсатында 1930 жылдың 9 қаңтарында ҚазАССР Орталық Атқару Комитеттінің қаулысымен КазАССР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан көшпелі және жартылай көшпелі және жартылай көшпелі қазақ тұрғындарын отырықшыландыру комитеті құрылды[3]. 1929-1930 жылдары басталған жергілікті халықты малынан, жайылымдық жерінен айырып, оларды күшпен ұжымдастыру алдын-ала дайындықсыз, ескертусіз, қазақ халқының тарихи қалыптасқан шаруашылықтың тәжірибесі ескерілмеді. 1932 жылғы жаппай ашаршылық ауыл шаруашылығын зорлап ұжымдастыру көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын ешбір дайындықсыз, күштеп отырықшыландыру Қазақстанда күштеп жүзеге асырған Кіші қазан бағыты және осылардан туындаған салдарлар 1932 жылы Қазақстандағы жаппай ашаршылыққа әкеп соқты. Аштықтан тікелей қырылған қазақтар саны 2 миллионға жуық болса, қазақстаннан тыс жерлерге (Орта Азия, Ресей, қытай, Иран) көшіп кеткен босқындар саны 1 млн 100 мыңдай шамасында болды [4]. 1937 жылғы зұлмат-сталиндік әкімшілдік-әміршілдік жүйенің халыққа қарсы ұлы терроры халыққа қарсы, ең алдымен зиялы қауымға қарсы бағытталған 1937 жылғы ұлы зұлмат науқаны кезінде халық жауы аталып, мәңгілікке көз жұмды. 1937 жылы бүкіл КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда да жаппай жүзеге асырылған халық жауларына қарсы күрес белгілі қоғам, мемлекет, ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлерімен қатар сан мыңдаған қатардағы азаматтарды қамтып, олардың атылғандары атылып, қалғандары ұзақ мерзімдерге ГУЛАГ-тың (Мемлекеттік лагерьлер басқармасы) алыстағы 14 лагерьлеріне айдалды, түрмелерге жабылды. Жалған жаламен халық жауы аталған боздақтардың басым көпшілігі кіндік қаны тамған Отанына оралмай шет, шалғай өлкелерде көз жұмды. қазақстан түрмелер мен лагерьлер жеріне айналды. Мұнда Карлаг (қарағанды лагерьлері), Степлаг (Дала лагерьлері), (АЛЖИР) халық жаулары әйелдерінің (Ақмола ) лагерьі сияқты лагерьлер жүйесі жасалды. 1937 жылдың куғын-сүргінінде жазықсыздан жазықсыз пәле жабылып, қазақ азаматтарына халық жауы есебінде атылып қана қоймай, олардың туған-туыстары да репрессияға ұшырап жатты. Осы жантүршігерлік оқиғалар заңдылық жүйелердің бірі НКВД басшысы Н.Ежовтың 1937 жылдың 15 тамызындағы №00486 жасырын бұйрығы. Мұнда әскери трибунал Отанға опасыздық жасады, тыңшылдық-диверсиялық ұйымдардың мүшесі болды деп есептеген, сөйтіп ату жазасына кесілген немесе он жылға сотталған қылмыскерлердің отбасын жауапқа тарту көзделген [5]. Отанға опасыздық жасағандардың әйелі әлеуметтік қауіпті элемент ретінде ата-аналарынан тартып алынып, НКВД лагерьлеріне, еңбекпен түзету коллонияларына немесе ерекше жүйедегі балалар орналастыруға міндеттелді. Жаппай қуғын-сүргін мен террор кеңестік жүйенің сұрақы саясаты болды. Жүгенсіз идеология мен таптық күрестің әдісі, үкімет билігін бір қолға жұмылдыру адам өмірінің бағасын құлдыратып жіберді де халықтар мен әлеуметтік топтардың, әртүрлі таптардың сан алуан мүдделері мен пікірлерін аяқасты етті. 1937 жылдың алғашқы жартысында газет беттерінде негізінен өзара сынды күшейту. әшкерелеу мәселесі көбірек айтылса, күн тәртібіне халық жауларын құрту, түп тамырымен жою міндеті қойылды. Халық жауы, тап жауы, ұлтшыл-фашистер, банды, жалдамалы төбеттер, ұлтшыл-элемент. жат элемент, алашордашыл агент тағы басқа осындай жан түршілерлік сөздер баспасөз беттерінде әшкерелегіш терминдерге айналды [6]. Жеке адамдар, ұйымдар немесе үкімет органдары жасаған, өздеріне ұнамайтын мемлекеттік және саяси қайраткерлердің көзін жою және белгілі бір саяси нәтижелерге жету мақсатымен мемлекеттік құқық тәртібін тұрақсыздандыруға бағытталған зорлық - зомбылық әрекеттері осылайша сипатталған. 1937 жылдың 26 наурызында бекітілген Қазақ Кеңестік Социалитік Республикасының Конституциясының 111-бабында былай делінген: ...Измена Родине: нарушение присяги, переход на сторону врага, нанесение ущерба военной мощи государства, шпионаж-караются по всей строгости закона, как самое тяжкое злодеяние[7]. 1936-1938 жылдар арасында партиялық құжаттарды тексеру барысында және әртүрлі жағдайлармен, бүкіл партия бойынша айыптағанның өзінде, тек қана Қазақстан Компартиясы көлемінде 25833 адам партиядан шығарылды, олардың 8544-і халық жауы ретінде айыпталды[8]. Қазақстан Компартиясының солшылдық сипатының пайда болуына біріншіден, өлке коммунистері ғана емес, ең алдымен олардың жетекшілерінің өздерінің идеялық жағынан жетілмегендігі, басшылар арасында диктаторлық әрекеттеріне жол бермеуге қабілетті беделді топтың болмауы әсер етіп, бірінші хатшының істерінің трагедиясының ауқымын ұлғайтты; екіншіден, бір партиялық үстемдік, орталықтан жүргізілген диктат, зорлық, сталиндік 15 өктемдік ықпалын тигізді; үшіншіден, Қазақстан халқы арасында революциялық санасы мен революциялық ерік-жігері айрықша дамыған пролетарлық ұйытқы әлісіз болды; төртіншіден, тарих кілтін бұрған тұстарда қиналмай-ақ шектен тыс революцияшылдықты танытатын, бірақ төзімшілдік пен ұйымшылдық, тәртіп және табандылық көрсетуге қабілетсіз ұсақ меншік иесі, не қожайынға үстемдік құрып тұрды [9]. Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. Сондай құбылыстар қазақ қоғамының санасында елеулі өзгерістер әкелді. Ол өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идялардың, ой- пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді.

ІІ Саяси қуғын - сүргін құрбандары.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға буржуазияшыл-ұлтшыл деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды басқаша, бөтен ойлайтындар деп айыптады[10].
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының тарихында аса құндылығымен және қасіретімен де мәңгі қалатыны даусыз. Себебі, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласы жаңа тұрпатты мемлекет құруға қадам жасады. Ал оның жемісті дамуына барынша ат салысып, ана тілінде тұңғыш оқулықтар жазып, қазақ ғылымының қалыптасып дамуына, отандық мәдениетіміздің ілгерлеуіне барынша ат салысқан бір топ қазақ зиялылары сталиндік тоталитарлық режимнің қысымына ілінді. Қазақстанда 30-жылдардың екінші жартысынан бастап, қоғамдық өмір салаындағы қателіктер мен әкімшілік-әміршілдік басқару әдісінің күшеюі, жеке адамның басына табынудың шектен шыққан тұсында қазақ жеріндегі ағартушылық және басқа да әлеуметтік жағдайлар саласында елімізідің бірқатар зиялы қауымы өздерінің қызметтері мен оқу-ағарту саласындағы еңбектері арқылы қосқан үлестерінің жарқын көрінісі болды. Қазақстандағы екінші репрессия 1937-1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстанғы Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын- жазушылар жұмыс істеді [11].
Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыры қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде рухани көсем[12] А.Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда Сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді.
Тұрар Рысқұлов -- адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік Кіші Қазан бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. Ұлы көсеммен сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды[13].
Мағжан Жұмабаев -- табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды[14].
Міржақып Дулатов - Оян, қазақ! бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол -- осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы -- бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік, самарқаулық, жалқаулық, еріншектік -- қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді [15].
Қорыта келгенде, қуғын-сүргін құрбандарын саусақпен санай алмайсың, тізімдесең тізімің де түгесіледі. Қазақияның қай қиырына барсаң да қанға бөккен бабалардың бейіттері сайрап жатады. Дәуірінің тықсырғанына пысқырмай елім деп еңіреп етегі жасқа толған талай ерді ез етемін, қазақты құртамын деп шиыршық атқан талайды Құдай ұрды. Арыстарымызды атты, халықтың жауы қылып қолдан жасады. Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өздерінің ең асыл азаматтарынан айырылып қалды. Иә, Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз. Сол жылдары қан ішіп, қара жамылмаған қазақ отбасы жоқтың қасы. Сол нәубат жылдарында қазақтың жалпы санының жетпіс пайызға жуығы қырылып кеткенін Елбасы ашық айтты. Қазақ халқын қынадай қырған сол бір сұрапыл нәубатқа мәңгі лағынет айтамыз!

2.1.Карлаг. Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.
Қарағанды еңбекпен түзету лагері -- 1930 жылы ұйымдастырылған. 1930 жылдың мамыр айында КСРО ХКК Қазақ еңбекпен түзету лагерлерін ұйымдастыру туралы Қаулысы қабылданды. Құжатта: саяси-шаруашылық және аграрлық-мәдени, Қазақстандағы ОГПУ-дың ерекше мақсаттағы лагерлері Қарқаралы окургіндегі мәжбүр ету арқылы жұмыс істету лагерлері жанындағы үлкен аралас құрылатын кеңшарларды ескере отырып, Халық комиссарлар кеңесі қаулы етеді:
-Жер Халық Комиссариатының қорытындысына және ОГПУ-дің ерекше мақсаттағы Қазақстандағы лагерьлер басқарамасының Қоянды жәрмеңкесі аумағы мен құрылыстарынан басқа 110.000 гектар алаңды мерзімсіз тегін пайдалануға деген өтініші қанағаттандырылсын.
-Қазақ КСРО Жер Халық Комиссариатына аталмыш лагерьлерге бөлінетін жерді дереу бөліп, жұмыс жүргізетін техникалық қызметкерлерді іріктеу тапсырылсын. Бүкіл жұмыстар Қазақстандағы ОГПУ ерекше мақсаттағы лагерьлер басқармасы күші мен қаражаты арқылы жүзеге асырылсын[16] деп айтылады.
Бұл лагерь Қарағанды облысының Тельман Жаңаарқа және Нұра аудандарының аумағында құрылды. 1930 жылдан бастап Карлаг аумағы ұлғайып, 1940 жылы жалпы көлемі 1млн 780 мың гектар жерді қамтыды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі сол кезде қарқынды дами бастаған Орталық Қазақстандағы Қарағанды көмір бассейініне, Жезқазған және Балқаш, Мыс қорыту комбинаттарына аса ірі азық - түлік базасын жасау болды. Өнеркәсіп саласын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын. Карлаг далада Орталық Қазақстанның елсіз мекенінде құрылды. Карлагта 1930 жылдардың басында тұтқын саны - 37 мың адам болды. Оған қамауға алғандардың 4 жасқа дейінгі 980 балалары қосылды. Олар лагердегі балалар үйінде тәрбиеленді. Карлаг патшалы Ресейдің еңбекпен түзеу колониясы принципі бойынша құрылған. Карлаг тұтқындары негізінен ауыл шаруашылығымен айналысты.
Қаулыға сәйкес 1930 жылғы 13 мамырда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қарқаралы округінің Бесоба мен Қоянды жәрмеңкесі арасындағы 110.000 гектар жерді бүкіл құрылыстарымен ОГПУ ерекше мақсаттағы лагерьлерінің қарамағына беру туралы шешім қабылдайды. Алайда, бір жылдан кейін, яғни 1931 жылғы 19 желтоқсанда басқаша шешім қабылданады онда: Қазақ еңбекпен түзеу лагерінің бірінші бөлімшесі - Гигант кеңшары осы күннен бастап қысқартылған түрде КарлагОГПУ деп аталатын, ГУЛАГ-қа тікелей бағынатын Қарағандының жеке еңбекпен түзеу лагері болып қайта құрылатыны, лагерь басқарамсы Долинка ауылында орналасатыны[17] айтылған.
Карлаг далада, Орталық Қазақстанның елсіз мекендерінде құрылды деген сөз дұрыс емес. Лагерьге бөлініп берілген ұланғайыр аймақта қазақтардың, орыстардың, немістер мен украиндардың елде мекендері болатын. Тарихтан белгілі, қазақтар бұл жерді ғасырлар бойы мекендеген, ал немістер, орыстар мен украиндар бұл жерге 1906-1910 жылдары қоныс аударған. Ақмола губерниясының 1909 жылғы 10 желтоқсадағы қаулысы бойынша Долинка ауылы дербес поселке атағына ие болған. 1911 жылы мұнда 2630 адам тұрған, олардың ішінде немістер, орыстар және украиндар болған.
Карлаг аумағында 80 мың тұрғыны бар 4 мың қазақ киіз үйі, 1200 неміс, орыс, украин үйлері болды. 1930-1931 жылдары халықты зорлап көшіру басталды. Бұл операциялар үшін НКВД-нің әскері пайдаланылды. Немістер мен орытар, украиндар негізінен Қарағанды облысының Тельман, Осакаров және Нұра аудандарына қоныс аударды. Қазақтардың тағдыры ерекше қайғылы болды: лагерьлерге берліген жердің солтүстік бөлігіндегі халықтың көпшілігі Қарағандыға, оған таяу жерлерге көшті. Бұның бәрі байлар мен кулактарды тәркілеп, олардың мыңдаған малын талан-таражға салумен тұтас келді. Тәркіленген малдың біразы Гигант кеңшарында арнайы ұйымдастырылған Востокмясо деген ұйымға берілді. Жергілікті халық көшірілгеннен кейін бос қалған жерлерді тұтықындардың сан мыңдаған топтары мекендеді. Олар лагерьдің бүкіл аумағына орналастырылды: теміржол салды, өздеріне барактар, мал қоралар, күзеттегі жауынгерлерге казармалар, бастықтарға тұрғын үйлер салды. Құрылысқа көбінесе ескі үйлердің материалдары пайдаланылды, бейіттердің саман кірпіштерін пайдалануға тыйым салынды, алайда ол тыйым кейде сақталған жоқ. Бейіттердің бұзылу фактісі Қарағанды облысының Жаңарқа ауданында кездесті. Бұл туралы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ж. Сүлейменов Қарағанды обкомының бірінші хатшысы Галайдинге арнаулы хат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси қуғын
ЖАНДОСОВ Ораз Саяси қайраткер
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Саяси қуғын-сүргіннің себептері. Жарты елді жайлаған аштықтағы М.О.Әуезовтың ұйымдастырған шаралары
«1920-1940 жж. Қазақстандағы қуғын -сүргін»
Зейнетақы реформасы туралы
Сталин билікке келгеннен бастап саясатта орын алған құғын сүрген саясаты
Қазақстандағы 1937-1938 жж. жаппай саяси репрессия шаралары мен салдарлары
Қазақстан Үлкен террор жылдарында
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары:ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры құжаттарда
Пәндер