Еңбекақы төлеу шығыстарының аудиті мен талдауы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Еңбекақы төлеу шығыстарының аудиті мен талдауы»

АЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҰЙЫМДА ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

  • Еңбек ақы ұғымы, мәні және оны ұйымдастыру жүйелері . . . 5
  • Ұйымның ұйымдық өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштерін талдау . . . 7
  • Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру . . . 12

2. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ

2. 1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және жұмыс уақытын пайдалану есебі . . . 17

2. 2 Еңбекақының түрлері. Еңбекке ақы төлеу нысандары мен

жүйелері . . . 25

2. 3. Еңбекақыны есептеу және одан ұсталынатын сомалар есебі . . . 30

2. 4. Еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақыны есептеу . . . 32

2. 5. Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі . . . 34

3. ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ

3. 1. Талдаудың міндеттері және оның мақсаты . . . 38

3. 2. Еңбекті пайдаланудың тиімділігін және еңбекақыны талдау . . . 40

3. 3 Еңбекке ақы төлеу есебін ішкі бақылау . . . 47

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . 52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54

К І Р І С П Е

Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір ұйымның қызмет ету процесіне нарықтық қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар үлкен көңіл аударатыны белгілі. Сол себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның қаржылық жағдайын бағалауға ұмтылады .

Бухгалтерлік есеп нарықтық экономика жағдайында ұйым жөнінде жан-жақты қамтылған ақпарат алудың бірден-бір көзі болып табылады. Оның көмегімен ұйымның төлем қабілеттілігін, өндірістік қызметінің тиімділігі мен табыстылығын, даму перспективаларын сипаттауға мүмкіндік мол .

Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге әр түрлі меншік нысанындағы еңбекке ақы төлеу мәселесі де басты орынға шықты. Еңбек ақы - жұмысшының өз еңбегінің нәтижелі болуына, құрылыс-монтаж жұмысының көлемі мен сапасын көтеруге мүдделігін арттырудағы ең басты құрал. Ол күрделі экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Айталық, біріншіден, бұл - жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым-қатынас. Еңбек ақы төңірегіндегі, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу, ұжымдық келісім-шартты бекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі, яғни мемлекеттік реттеу қызметі. Екіншіден, еңбек ұжымы мен құрылыс ұйымыны арасындағы қарым-қатынас, басқаша айтқанда еңбек ақы мөлшерінің құрылыс ұйымының қаржы-шаруашылық есебімен тығыз байланыстылығы.

Еңбек ақының мәні, оның қызметімен анықталады, ол жұмысшының материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс.

Бұрынғы Кеңес тұсындағы жоспарлы-бөлу жүйесі, тарифтік стафкаларды бекітудің директивті тәсілі нарықтық экономика жағдайында еңбек ақының реттеуге қабілетсіздігін байқатты.

Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу, еңбек ақыны нарықтық реттеудің механизмі өзіне келесілерді қамтитынын көрсетті.

  • еңбек келісім шартын бекіту кезінде барлық мүдделі талаптардың мүддесін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көп деңгейлі ұжымдық- келісім-шарттық жүйені .
  • жеке табыс салығын реттеудің салықтық жүйесін, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсайтын шығындарын
  • еңбекке ақы төлеудің жекелеген шарттарын ең төменгі кепілдік жалақы түрінде мемлекеттік реттеу.

Қазіргі жағдайда жұмысшыларға еңбек ақы төлеу нысаны, жүйесі мен мөлшері, сонымен қатар басқа да табыс түрлері құрылыс ұйымының шешімімен белгіленеді . Бірақ, кәсіпорындар, меншік түрі мен ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, міндетті түрде, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерін және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.

Диплом жұмысының мақсаты ұйымдағы еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырылысудың ұйымдастырылуын зерттеу, қолданыстағы еңбек ақы нысаны мен жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау болып табылады. Жоғарыда аталған мәселелер диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін анықтайды.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер өз шешімін табуы керек.

- Еңбек ақы ұғымының мәнін зерттеу және ашу.

- Іс жүзіндегі еңбек ақы нысандары мен жүйелерін қарастыру, еңбек ақыны есептеу, сый ақыны беру тәртібін зерттеу .

- Еңбек ақыдан және басқадай төлемдерден ұсталынатын ұсталымдар есебін, олардың есеп шоттарда көрсетілуін қарастыру.

- Еңбек өнімділігі мен еңбек ақы қорын талдау .

Алға қойылған міндеттерді шешу үшін «Мирас» ЖШС -нің 2006-2007 жылдардағы есеп мәліметтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік-құқықтық ақпараттары, арнайы әдебиеттер пайдаланылды.

1. ҰЙЫМДА ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

  1. Еңбек ақы ұғымы, мәні және оны ұйымдастыру жүйелері

Еңбек ақы ұғымы көптеген экономистер арасында қызу пікірталас тудырып отырған ұғым, олардың бірқатары «еңбек ақы» ұғымының орнына «еңбек табысы»ұғымын қолдануды ұсынады .

Бірқатар экономистердің ұсынатын қағидасы жаңа терминологиялық сөздң емес, керісінше «еңбек ақы» экономикалық категориясының мәні мен қасиетін тану. Еңбек ақыны жұмысшылар арасында атқарған еңбегіне қарай бөлінетін қоғамдық өнімнің (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс) бір бөлігі ретінде түсіну нарық талабына қайшы .

Бұл жерде тек еңбек ақының пайда болу көзі ғана белгіленіп отыр, сондай-ақ еңбек ақы тек еңбектің үлесіне қарай бөлінеді .

Экономикалық теорияда еңбек ақының жаратылысын анықтайтын екі негізгі тұжырым бар:

- Еңбек ақы - бұл еңбектің бағасы. Оның шамасы және динамикасы нарықтық факторларға, ең алдымен, сұраныс пен ұсынысқа тәуелді

- Еңбек ақы - бұл тауар құнының ақшалай көрінісі, «жұмыс күші» немесе «жұмыс күші тауарының құнының өзгертілген нысаны». Оның шамасы өндіріс шарттарымен және нарықтық факторлармен - сұраныс және ұсыныс анықталады. Осылардың ықпалымен еңбек ақы жұмыс күшінің құнынан ауытқиды.

Еңбек ақының еңбек бағасы ретіндегі тұжырымын А. Смит пен Рикардо берді. Олар еңбек тауар ретінде көрініс тауып, табиғи бағаға, яғни «табиғи еңбек ақы» ие болады деп санады. Ол өндіріс шығындарымен анықталады, оның құрамына А. Смит жұмысшы мен оның отбасының өмір сүруіне жеткілікті қаражаттардың құнын қосты.

Еңбек ақы - тауардың ақшалай көрінісі тұжырымдамасын К. Маркс жасады. Оның негізінде ол «еңбек» пен «жұмыс күші» түсініктерінің айырмашылықтарын салды. Және еңбектің тауар бола алмайтындығын және оның құны жоқ екендігін негіздеді. Тауар болып еңбек етуге қабілетті жұмыс күші танылады, ал еңбек ақы осы тауардың ақшалай түрдегі құны болып табылады. Жұмысшы бүкіл еңбегіне емес, тек керекті еңбекке ғана ақы алады. Еңбек ақының экономикалық жаратылысы мынада, оның есебінен жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процеесін қамтамасыз ететін материалдық және рухани қажеттілігі қанағаттандырылады.

К. Маркс еңбек ақының шамасы тіршілік ету қаражатына емес, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, мәдени деңгейіне, сондай еңбек өнімділігінің деңгейіне тәуелді екенін анықтады .

Еңбек ақы - бұл ұжым еңбегінің соңғы нәтижесіне тәуелді болатын және жұмысшылар арасында жұмсалынған жұмыс саны мен сапасына, әрбір жұмысшының нақты қосқан үлесіне қарай бөлінетін тұтынуға бағытталған қаражаттардың негізгі бөлігі.

Еңбек ақы - жұмысшының өз еңбегінің нәтижелі болуына, құрылыс-монтаж жұмысының көлемі мен сапасын көтеруге мүдделілігін арттырудағы ең басты құрал. Ол күрделі экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Айталық, біріншіден, бұл- жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым-қатынас. Еңбек ақы, төңірегіндегі ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу, ұжымдық келісім- шартты бекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі, яғни мемелекеттік реттеу қызметі. Екіншіден, еңбек ұжымы мен құрылыс ұйымы арасындағы қарым-қатынас, басқаша айтқанда, еңбек ақы мөлшерінің құрылыс ұйымының қаржы-шаруашылық есебімен тығыз байланысты.

Еңбек ақының мәні, оның қызметімен анықталады, ол жұмысшының материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс.

Бұрынғы Кеңес тұсындағы жоспарлы-бөлу жүйесі, тарифтік стафкаларды бекітудің директивті тәсілі нарықтық экономика жағдайында еңбек ақының арақатынасын реттеуге қабілетсіздігін байқатты.

Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу, еңбек ақыны нарықтық механизмі өзіне келесілерді қамтитынын көрсетті:

- еңбек келісім шартын бекіту кезінде барлық мүдделі талаптардың мүддесін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көп деңгейлі ұжымдық-келісім шарттық жүйені

- жеке табыс салығын реттеудің салықтық жүйесін, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсайтын шығындарын

- еңбекке ақы төлеудің жекелеген шарттарын ең төменгі кепілдік жалақы түрінде мемлекеттік реттеу.

Қазіргі жағдайда жұмысшыларға еңбек ақы төлеу нысаны, жүйесі мен мөлшері, сонымен қатар басқа да табыс түрлері құрылыс ұйымының шешімімен белгіленеді. Бірақ, кәсіпорындар, меншік түрі мен ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, міндетті түрде, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерін және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.

Еңбек ақы жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы өзара келісімге қарай төленеді. Еңбек ақының сметалық деңгейі жұмыс беруші үшін еңбек ақы шығындарының экономикалық тиімді шегін анықтайды .

Жұмысшылардың еңбек ақысын есептеу кәсіпорында қабылданған еңбекке ақы төлеу жүйесі мен нысандарына, ұжымдық келісім шарттарына, материалдық ынталандыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Ұйымда еңбекті ұйымдастырудың негізгі ережелері 10 желтоқсан 1999 жылғы №493-1 «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Заңымен бекітілген.

Еңбек ақының негізгі көзі - еңбекке ақы төлеу қоры. Сонымен бірге жалақының екінші түріне жұмысшыларға ұжым еңбегіне қосқан жеке нәтижелері үшін төленетін әртүрлі төлемдер жатқызылады. Бұл кезде жұмысшыларға сыйақы беру орындалған жұмыстың сапасын бағалай отырып, ынталандыру қорын еңбекке араласу коэффициентінің көмегімен жұмысшылардың арасында бөлу арқылы жүзеге асырылады .

Еңбекке ақы төлеу жүйесіндегі сыйақының маңызды белгілері мыналар болып табылады: біріншіден, олар негізгі еңбек ақы түріндегі тарифтен (оклад) бөлек еңбекке ақы төлеудің қосымша нысаны ретінде көрініс табады; екіншіден, сыйақы еңбекке ақы төлеудің айнымалы бөлігі болып табылады, тариф (оклад) немесе келісімді бағалар салыстырмалы түрде тұрақты сипатқа ие; үшіншіден, негізгі еңбек ақыға қарағанда, сыйақы әртүрлі көздерден (өзіндік күн, пайда есебінен құралған көтермелеу қоры, матеиалдық ресурстарды үнемдеу есебінен) құралады; төртіншіден, негізгі еңбек ақымен салыстырғанда сыйақы жоғарғы органдар тарапынан көп реттеле бермейді.

Бұдан өзге, біздің ойымызша, сыйақыны тек ынталандыру құралы ретінде ғана емес, технологиялық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту құралы ретінде де пайдалану керек.

Еңбек ақыны ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

  • Ұйым жұмысшыларына еңбек ақы төлеу нысандары мен жүйесін анықтау:
  • Ұйым жұмысшылары мен мамандарының қол жеткізген нәтижелеріне төленетін қосымша ақының критерийлері мен мөлшерін белгілеу.
  • Қызметкерлер мен мамандардың қызметтік окладтары жүйесін белгілеу,
  • Қызметкерге сыйақы беру жүйесі мен көрсеткіштерін негіздеу.

Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу қамтиды:

- Қазақстан Республикасында еңбек ақының ең төменгі мөлшерін белгілеу және өзгерту заңдылықтары;

- Ұйымның еңбек ақы төлеуге бағытталған қаражаттарын, жеке тұлғалардың табыстарын салықтық реттеу;

- Аудандық коэффициенттер мен үстемелік пайыздарды бекіту;

- Еңбек ақы жөніндегі мемлекеттік кепілді бекіту.

1. 2. Ұйымның ұйымдық-өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштерін талдау

«Мирас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі қызметі темір - бетон бұйымдарын өндіру және құрастыру, өнеркәсіптік, азаматтық құбылыстарды салу, әртүрлі обьектілерде монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу, бұған қоса әртүрлі өз жарғысында көрсетілген коммерциялық қызметтерді жүзеге асыру болып табылады. Ол серіктестік ретінде 5 сәуір 2002 жылы 4958-1933 ЖШС куәлігімен тіркеуден өткен. Осы тіркеуден өткенге дейін «Теміржолқұрылыс» акционерлік қоғамының Қазақ филиалы болып келді .

Қазалы темір-бетон құрастыру зауыты 1982 жылы Батыс Қазақстан темір жолын темірбетон бұйымдарымен қамтамасыз ету мақсатында екі СБ - 153 бетон араластырғыштармен жылына 1 м бұйым өндіру мүмкіндігі бар типтік бетон араластырғыш желі ретінде салынды. Ол инерттік материалдарды қабылдау, беру және дозалау құралдарымен жабдықталған.

1986 жылы өнімділігі 10 плита болатын кеңістік плита желісі бар бұйымдарды шығару үшін жазғы полигон салынды. Полигонда қабырғалық блоктар, барлық маркадағы фундаменттік ұзынша блоктар, барлық маркадағы фундаменттік ұзынша блоктар колонналар, аэдродромдық плиталар, электр беру желісіне тірек болатын бұйымдар шығарылады.

Зауытта құрылыс лабораториясы, әкімшілік-тұрмыстық ғимарат, арматуралы-каркастық цех, автотұрақтар, ағаш өңдейтін цех бар. Зауыт 160- тан астам темір-бетон бұйымдарын шығарады.

1982 жылдан 1986 жылға дейін зауыт цух ретінде Қандыағаш темірбетон құрастыру зауытының балансында болды. 1998 жылдан Түркістан теміржолы ұйымының балансында, ал 2000 жылдан бастап «Теміржолқұрылыс» ААҚ құрамында қызмет атқарды.

Серіктестіктің жеке балансы, фирмалық белгісі, мөрі банктерде есеп айырысу шоттары бар.

Зауытта жоғары білікті инженерлік-техникалық қызметкерлер, кәсіпқой мамандар жұмыс істейді; олар қазіргі талаптарға сай сапалы бұйымдар шығаруға мүмкіндік береді.

«Мирас» ЖШС-нің өндірістік қызметінің нәтижесі оның бөлімшелерінің қызметімен анықталады. Серіктестіктің жұмысының тиімділігі жұмыс процесінің дұрыс ұйымдасуына, технологиялық құрал - жабдықтардың пайдалану деңгейіне байланысты. Зауыттың қарамағында бетон құю цехы, құрылыс бригадасы, ағаш өңдеу цехы, ұстахана, өндірістік- сметалық бөлім, қаржы - жоспарлау өнімнің сапасын тексеру лабораториясы және кадрлар бөлімі жұмыс істейді (1-ші сызбаны қараңыз) .

«Мирас» ЖШС-де негізгі бөлім - бетон құю цехы. Онда темір - бетон бұйымдары дайындалады. Бұл цехта өндірілетін негізгі бұйымдар - әртүрлі маркадағы колонналар, баспалдақтық, тротуарлық плиталар, тас шеңберлі құдық плиталары, фундаменттік блоктар мен қабырғалар тас плиталар. Цехта орта есеппен жылына 3381 мың теңгенің өнімі өндіріледі. Зауытта темірбетон бұйымынан бөлек құрылыстық заттар - есік, терезе, едендік ағаштар т. б. жасалынады. Бұл өнімдерді серіктестікте ағаш өңдеу цехында дайындайды.

“Мирас ” ЖШС: “Мирас ” ЖШС
Өндірісті ұйымдастыру және басқару қызметіМатериалдық - техникалық жабдықтау қызметі :- Материалдық жабдықтау бөлімі- Өткізу бөліміЭкономикалық қызмет :- Есеп - қисап бөлімі- Қаржылық жоспарлау бөліміТехникалық бақылау бөліміӘкімшілік - шаруашылық қызметі:

Өндірісті ұйымдастыру және басқару қызметі

Материалдық - техникалық жабдықтау қызметі :

- Материалдық жабдықтау бөлімі

- Өткізу бөлімі

Экономикалық қызмет :

- Есеп - қисап бөлімі

- Қаржылық жоспарлау бөлімі

Техникалық бақылау бөлімі

Әкімшілік - шаруашылық қызметі

Инженерлік - техникалық қызметӨндірістік - сметалық бөлімТехникалық бақылау бөліміӨнімнің сапасын тексеру лабараториясы:

Инженерлік - техникалық қызмет

Өндірістік - сметалық бөлім

Техникалық бақылау бөлімі

Өнімнің сапасын тексеру лабараториясы

Негізгі және көмекші өндірісБетон құю цехыАғаш өндеу цехыҰстаханаҚұрылыс учаскесіЖөндеу шеберханасы:

Негізгі және көмекші өндіріс

Бетон құю цехы

Ағаш өндеу цехы

Ұстахана

Құрылыс учаскесі

Жөндеу шеберханасы

Сызба -1. Серіктестіктің ұйымдық - өндірістік құрылымы.

Серіктестіктің құрылыс учаскесі құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстарын тапсырысқа сай орындайды.

Ұстаханада шаруашылыққа қажетті қызметтерді көрсету, атап айтқанда темірді кесу, дәнекерлеу, құлардарды жөндеу жұмыстары орындалады. Серіктестіктің жабдықтау-өткізу бөлімі мүліктердің сақталуына, өндіріс барысында материалдық қорлардың жеткілікті мөлшерде болуына, дайын бұйымдардың қордаланып қалмай, жылдам өткізілуіне және олардың сапасының дұрыс анықталып отыруына жауап береді.

Есеп-қисап бөлімі серіктестікке бөлінген мүліктердің және олардың құралу көздерінің есебін жүргізеді. Өнімнің өзіндік құнын анықтайды.

Кадрлармен жабдықтау бөлімінде жұмыс күшін жинау, кадрларды. серіктестіктің дайындау және қайта дайындау бойынша жұмыстар атқарылады .

«Мирас» ЖШС -нің қызметінін басқаруды тікелей серіктестік төрағасы жүзеге асырады. Төраға серіктестік жарғысымен заңдылықтар талаптарына сәйкес мүлкіне иелік жасайды, жұмысшылардың құрылымын, еңбек ақы жүйесін бекітеді, серіктестіктің қаржылық жағдайына, оның мүлкінің сақталуына жауап береді.

Бас экономист экономикалық шешімдерді дайындап, өндірісті болжамдап жоспарлау, несие, қаржыландыру, баға саясаты және мүліктердің экономикалық тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.

Бас инженер өндірісте ғылым мен техниканы дамытуға бағытталған жалпы техникалық қауіпсіздікті сақтауға, электрэнергиясымен, жылу және сумен қамтамасыз ету мәселелеріне жауап береді.

Бас механик зауыттың техника машина, құрал-жабдықтарға жауапты. Ол механикалық, техникалық қызмет көрсетуді машиналар мен құрал - жабдықтарды жөндеуге басшылық жасайды.

Нарықтық қатынастардың дамуы ұйымдардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуду талап етеді. Зауыттың өндірістік, қаржылық қызмет көрсету түрлерінің нәтижелері әртүрлі көрсеткіштермен сипатталады. Серіктестік тиімді қызмет жүргізуі үшін еңбек, материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі қажет, ғылыми - техникалық прогресс жетістіктерін енгізуді, тиімді қамтамасыз етуі қажет, ғылыми - техникалық прогресс жетістіктерін енгізуді, білімді өндірісті құруды, тұтынушылар тапсырысына икемделуді қамтамасыз етуі қажет. Серіктестіктің қолда бар ресурстарын тиімді, үнемді, ұқыпты пайдалану, оның табысы қызметіне тікелей әсер етеді.

Темір-бетон құрастыру зауыты бойынша негізгі құралдардың жалпы сомасы 28290 мың теңге, оның ішінде жоғары үлесті ғимараттар мен құрылыс алады (73, 1 пайыз), берілістік құрылғылар - 7, 8 пайыз машиналармен жабдықтартар 10, 8 пайыз, көлік құралдары - 7, 3 пайыз.

Негізгі құралдардың зерттеу жүргізіліп отырған жылғы тозу коэффициенті 43, 8 пайызды құрады. Осы жылғы құрылыс монтаж жұмыстарының және бұйымдарды өткізудің көлемі 57322, 4 мың теңгені көрсетіп отырса, қор қайтарымы 2, 02 теңгеге, қор сыйымдылығы 0, 49 теңгеге тең болып, зауытта негізгі құралдардың пайдалануы тиімділігінің жоғары екендігін байқатып отыр.

«Мирас» серіктестігінде қызметкерлер мен жұмысшылардың жалпы саны 113 адам, оның ішінде өндіріс жұмысшылар - 99, әкімшілік қызметкерлері - 14. Зауыттың өндіріс ырғағының бірқалыпты жүруіне жыл мезгілдерінің ықпалы едәуір. Қыс айларында зауыт ұсынатын бұйымдар мен көрсететін қызмет түрлеріне, сұраныстың төмендеуіне байланысты, қызметкерлер мен жұмысшылар ақысыз демалыстарға шығуға мәжбүр. Ал сұраныстың қайта жоғарылауымен қатар зауыт жұмысы да жанданады.

Сонымен қатар, серіктестіктің өндірістік қызметінің жалпы сипаттамасын алу үшін негізгі техника-экономикалық жағдайын бейнелейтін көрсеткіштер жүйесіне кешенді баға беру қажет, олардың қатарына - өткізілген өнім және орындалған жұмыс көлемі, өткізілген өнімнің (жұмыстың) өзіндік құны, өндірістік әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейі, пайдалану тиімділігі, еңбек ақы қоры, орташа айлық жалақы, табыс көлемі, табыстылық деңгейі, тағы басқа көрсеткіштерді жатқызуға болады. Серіктестіктің негізгі экономикалық көрсеткіштерді жатқызуға болады. Серіктестіктің негізгі экономикалық көрсеткіштері 1- кестеде берілген.

1-ші кестенің мәліметтері көрсетіп отырғандай, негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2005 жылмен салыстырғанда 21 пайызға көтерілген, бұған 2876, 4 мың теңге негізгі құралдардың сатып алынуы ықпал етті.

Кесте 1.

«Мирас» ЖШС қаржы-шаруашылық қызметінің техникалық- экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштері
Жылдар

Ауытқу

2007-2006 жж

2006
2007
+, -
%
№:

1

Көрсеткіштері: Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың теңге
Жылдар: 23718
Ауытқу2007-2006 жж: 28704
+4986
+21
№:

2

Көрсеткіштері: Ағымдағы активтердің орташа жылдық құны, мың теңге
Жылдар: 34588. 5
Ауытқу2007-2006 жж: 24528
-10060. 5
-29. 1
№:

3

Көрсеткіштері:

Оның ішінде:

Дебиторлық қарыздар

Жылдар: 23296
Ауытқу2007-2006 жж: 14622
-8674
-37. 2
№:

4

Көрсеткіштері: Кредиторлық қарыздардың орташа жылдық кұны, мың теңге
Жылдар: 29460. 5
Ауытқу2007-2006 жж: 43689
+14228. 5
+48. 3
№:

5

Көрсеткіштері: Еңбекке ақы төлеу қоры, мың теңге
Жылдар: 15116
Ауытқу2007-2006 жж: 20056
+4930
+32. 6
№:

6

Көрсеткіштері: Орташа тізімдік жұмысшылар саны, адам
Жылдар: 102
Ауытқу2007-2006 жж: 113
+11
+10. 7
№:

7

Көрсеткіштері: Өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс, мың теңге
Жылдар: 57322
Ауытқу2007-2006 жж: 80146
+22824
+39. 8
№:

8

Көрсеткіштері: Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік кұны, мың теңге
Жылдар: 54007
Ауытқу2007-2006 жж: 72673
18666
+34. 6
№:

9

Көрсеткіштері: Кезең шағындырды, мың теңге
Жылдар: 6311
Ауытқу2007-2006 жж: 3185
-3126
-49. 5
№:

10

Көрсеткіштері: Таза табыс (залал), мың теңге
Жылдар: 91
Ауытқу2007-2006 жж: 701
+610
7есе
№:

11

Көрсеткіштері: Қор қайтарымдылығы, теңге
Жылдар: 2. 0
Ауытқу2007-2006 жж: 3. 4
+1. 4
+70
№:

12

Көрсеткіштері: Қор сыйымдылығы, теңге
Жылдар: 0. 5
Ауытқу2007-2006 жж: 0. 3
-0. 2
-40
№:

13

Көрсеткіштері: Өткізу рентабельділігі, %
Жылдар: 0. 2
Ауытқу2007-2006 жж: 0. 9
+0. 7
4. 5есе

Көзі: «Мирас» ЖШС-ның жылдық есебінен келтірілген деректер

Орындалған жұмыс көлемі мен өткізілетін өнім көлемі өткен жылға қарағанда 22824, 0 мың теңгеге немесе 39, 8 пайызға көбейді. Дегенмен есепті жылы сұраныстың аз болуына байланысты, орындалған жұмыс көлемі небәрі 41092, 7 мың теңгені, темірбетон бұйымдарын өткізу көлемі 23214, 0 мың теңгені құраған. Жұмыс көлемі мен темірбетон бұйымдарын өткізу көлемінің жоғарылауына байланысты, өткізілген өнімнің (жұмыс) өзіндік құны 18666 мың теңгеге немесе 34, 6 пайызға өскен.

Жұмысшылар саны серіктестікте 11 адамға жоғарылаған, еңбекке ақы төлеу қоры жылдан жылға артып отыр. Егер 2005 жылы 15116 теңгені құраса, 2006 жылы 20056 теңгеге тең, яғни 4930 мың теңгеге немесе 32, 6 пайызға артқан.

Серіктестік рентабельды болып табылады. Зерттеліп отырған жылдарды табыспен қорытындылаған, 2005 жылы рентабельділік деңгейі - 0, 2 пайыз, 2006 жылы 0, 9 пайыз.

1. 3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кайс Астана ЖШС ұйымының жалпы сипаттамасы, қаржылық талдау
Еңбекақы формалары мен жүйелері
«Metrocom Service» ЖШС
Қаржылық есеп, талдау және аудит
Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер
Ынталандыру сипаттағы төлемдер
ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті
Нарықтық экономикаға көшу барысында бухгалтерлiк есеп және аудит қызметiнiң алатын орны және қажеттiлiгi
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы және шаруашылық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz