Бруцеллез кең таралған инфекция



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ Негізгі бөлім
2.1.Бруцеллез ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.2.Емдеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

І КІРІСПЕ.
Жұқпалы аурулар -- зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек инфекция деп те атайды.
Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек аурулары (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі -- баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді [1].
Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды.
Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз -- ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.
Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б.) -- бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді. Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін.
Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo - жұқтыру) - 1)тірі организмдерге ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактерия, риккетсия,вирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел; 2) осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы. Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін "миазмалар" [2 ]себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л.Пастер, неміс микробиологы Р.Кох (1843 - 1910), орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845 - 1916), Н.Ф. Гамалея (1859 - 1949), т.б. еңбектерінің маңызы зор болды. Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар: ауру қоздырғышы (микроб), сыртқы орта және қабылдаушы сезімтал организм. Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. - су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. - ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері - ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек - сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады. Жұқпалы аурулар жасырын (инкубациялық), күмәнді (продромалдық), ауру дамуы және айығу (реконвалесцениттік) кезеңдерінен тұрады. Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, организмнің жағдайына байланысты болады. Жалпы Жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдарға ортақ белгі: селсоқтанып мазасы кетеді, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы қашады. Бауыр мен талақтың ісінуі мүмкін. Осындай ерекше белгілеріне қарай іш сүзегін тырысқақтан, безгекті бөрте сүзектен, т.с.с. ажыратуға болады. 20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты Жұқпалы аурулардың кейбір түрлері жойылды. Бірақ микроорганизмдердің эвол. даму өзгергіштігінің, әлеуметтік, экология, ғұрып-дәстүрлік, т.б. себептердің нәтижесінде Жұқпалы аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, гепатиттің ерекше түрлері, т.б. Жұқпалы аурулардың белгісі білінісімен-ақ санитарлық-эпидемиология стансаларға хабарлануы тиіс. Науқас адам ауруханаға алынып, аурудың түріне қарай емделеді. Жұқпалы аурулар клиникалық медицинаның арнайы бір зерттейтін саласы болғандықтан - бактериология, вирусология, иммунология, эпидемиология, паразитологиямен тығыз байланысты [3].

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1. Бруцеллёз ауруы.
Бруцеллёз -- Brucella бактериясымен қоздырылатын, зооноздар тобына жататын, жедел және созылмалы түрлерінде өтетін инфекциялық-аллергиялық ауру. Аурудың жедел түрі токсико-бактериемиялық инфекция ретінде, созылмалы түрі - полиморфты клиникалық көріністерімен, көбінесе сүйек-буын, орталық және перифериялық жүйке жуйелерін, жыныс мүшелерін және басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, хрониосепсис тәрізді ұзаққа созылуымен және рецидивті ағымымен сипатталады.
Бруцеллез кең таралған инфекция. Барлық елдерде кездеседі, әсіресе мал шаруашылығы дамыған аймақтарда. Қазақстан республикасы үшін бұл инфекция өлкелік патология деп саналады. Жыл сайын 2-2,5 мың адам бруцеллезбен ауырады. Әсіресе, оң түстік аймақтарда ауру кең таралған. Бұның бір себебі -- Қырғызстан және Өзбекістаннан әкелінген, тексерілмеген малды арзан бағамен сату.
1. Соңғы жылдары эпизоотикалық жағдайдың нашарлануына байланысты қалалық бруцеллез жиі кездесіп, соның ішінде балалардың саны көбейіп жатыр. Мысалға, Оң-түстік Қазақстан облысында жыл сайын 100 мың тұрғынға 30,9% жаңа ауру тіркелсе, оның ішінде 53% -- 14-ке дейін жастағы балалар.
2. Жедел бруцеллез 40-60% жағдайда созылмалы бруцеллезге ауысады да, 2,7-37% дейінге адамдардың еңбекке қабілетін төмендетіп мүгедектік жағдайға әкелу қаупін туғызады. Бұл өте күрделі әлеуметтік мәселе.
3. Өкінішке орай, дәрігерлердің үлесіне тек ауруға дер кезінде диагноз қою және емдеп жазып шығару тиіп отыр. Ауруды тарататын малдар, осыған жауапты ветеринария қызметкерлері. Адамдарда 1995 жылдан бастап ауруға қарсы вакцина қолданбайды, себебі „вакциналық патергия" пайда болады. Жануарлар да вакцинациядан кейін ауырып, инфекция көзі болып табылады. Бұл күрделі ветеринарлық мәселе.
4. Бруцеллездің диагностикасы өте күрделі іс. Клиникалық көріністері полиморфты. Лабораторлық диагностикасы да қанағатсыз болып келеді, себебі аурудың серонегативті жасырын варианттары жиі кездеседі. Бруцеллездің емі де көңілден шықпайды. Ш. Николь айтуы бойынша: Бруцеллез - адамға бақытсыздық, дәрігерлерге абыройсыздық әкелетін сырқат [4].
Бруцеллез жайлы тарихи мәліметтер. Адамның буын буынын кеміріп, сай сүйегін сырқырататын, қара - терге түсіріп тынышын алатын осы ауру жайында Гипократта білген екен (б.э.д. 4 ғасыр бұрын өмір сүрген). Қазақша оны селсоқ ауру, жел ауру, сарып десе, түркпендер ешкінің безгегі деп атапты. 19 ғасырдың соңында Жерорта теңізінің Мальта аралында әскери қызметте жүрген солдаттардың арасында осы індет көптен кездесіп, оны Жерорта теңізінің безгегі деп Мэрстон (1831) атаған. Давид Брюс сол безгектен қайтыс болған әскердің көк бауырынан осы аурудың қоздырғышын тауып, оған Micrococcus melitensis деген атақ берген.
Заммит (1906 ж.) бұл ауру ешкінің сүті арқылы жұғатынын анықтаған. 1897 ж. Дания ғалымдары Банг пен Стрибольт (1896-1897) түсігі болған сиырдан тапқан коздырғышты Bact. abortus bovis деп, америкалық Траум (1914) түсігі болған шошқадан тапқан қоздырғышты Bact. abortus suis деп атаған. Ал 1916-1918 жж. Алиса Ивенс осы 3 микробтың бір бірене өте ұқсас екенін дәлелдеп, оларды бір топқа кіргізіп, К. Майер мен М. Фезье (1920) бірінші ашқан Брюстің құрметіне "Brucella" деп атайды. Содан бері ауру бруцеллез деп аталады. Сөйтіп, бруцеллез ауруы ұсақ және ірі қара малдан, шошқадан жұғатыны, оның кәсіби ауруларға жататынын анықталды.
Кеңес одағының П. Ф. Здродовский, П. А. Вершилова, Н. И. Рагоза, Г. А. Пандиков, А. Ф. Билибин, Г. П. Руднев деген ғалымдардың еңбектері белгілі. Қазақстанда И.К.Каракулов, Г.Н.Удинцев, П.П.Очкур, Н.Д.Беклемишев, М.М.Ременцова, И.Л.Касаткина, К.Б.Курманова, С.А.Амиреев, Е.С.Белозеров еңбектері бүкіл Кеңес Одағына белгілі. Солармен бірге М. С. Сыздыков, К.Д.Дүйсенов, К. А. Жуманбаев, Л. А. Муковозова, К. Б. Садыков, Л. Е. Цирельсон және басқа ғалымдардың улесіде зор.
Этиологиясы. Бруцеллездің қоздырғышы Brucella тұқымдастығына жатады. 1985 жылы Женева қаласында бактериялардың номенклатурасын бақылайтын Халықаралық комитетінің жіктелуі бойынша Brucella тұқымдастығынын 6 түрін ажырату қажет: B. melitensis, B. abortus, B. suis. B. ovis, B. canis и B. neotomae. Осы жіктелудің қазіргі заманға дейін күші бар (M. J. Corbel, 1997). Соңғы жылдары молекулярлы-генетикалық зерттеудің нәтижелері бойынша Brucella тұқымдастығының 1 түрі B. melitensis және оның көп биоварлары бар деген гипотеза талқыланып жатыр (J. M. Verger, 1985) [5].
Қоздырғыштың әр түріне тән ие организмдері бар.
B. melitensis иесі ұсақ мүйізді қара мал: қой, ешкі (3 биовары бар). Бруцелланың бұл түрі ірі қара малды, түйені, итті зақымдауы мүмкін.
B. melitensis - патогенділігі жоғары, адамдардың арасында эпидемия, малдың арасында эпизоотия шақыратын қоздырғыш.
B. abortus иесі -- сиыр (9 биовары бар). Адамдар арасында спорадикалық ауру шақырады. Осы қоздырғыштан тірі вакцина жасалған (ВА-19).
B. suis иелері -- шошқа (1, 2 және 3 биоварлары), қоян (2 биовар), бұғылар (4 биовар). Бірақ бұл қоздырғыш ірі және ұсақ қара малды зақымдауы мүмкін (5 биовар). Қазақстанда сирек кездеседі.
B. ovis - қойдың инфекциялық эпидидимитінің қоздырғышы. Адам үшін патогендік әсері бар.
B. canis иесі - ит. Адам үшін патогендік әсері бар.
B. neotomae иесі - далалық тышқандар, адам үшін патогенділігі зерттелмеген. Сонғы екі түрі Америка Құрама Штаттарында бөлінген. Соңғы жылдары бруцелланың жаңа түрі анықталған -- B.rаngiferi. Адам үшін патогенділігі зерттелмеген.
Бруцеллалар - ұсақ кокк тәрізді қозмалмайтын, грам теріс, спора, капсула түзбейтін бактериялар. Көлемі 0,5 -- 0,7 мкм х 0,6 -- 1,5 мкм.. Қоздырғыштың өсуіне оптимальды температура қажет -- 37 °С (20°С -- 40°С). Антиденелер түзілуіне жауап беретін антигені болып липополисахарид (ЛПС) саналады. Бруцелла антигенінің Escherichia hermanni, Escherichia coli 0:157, Salmonella 0:30, Stenotrophomonas maltophilia, Vibrio cholerae 0:1 и Yersinia enterocolitica 0:9 антигендерімен ұқсастығы бар (M. B. Perry, D. R. Bundle, 1990). Бруцелла - жасушалардың ішінде мекендейтін қоздырғыш. Бруцеллалар сыртқы ортаға өте төзімді болып келеді: ылғалды жерде - 72 күн, суда - 90 күн, құрғақ топырақта -- 3-4 ай, малдың жүнінде және терісінде -- 1- 4,5 ай сақталады. Оның әлсіз жағы - ыстықтан қатты қорқады. Күннің тура түскен сәулесінен 30 мин. - 1сағатта, 50° температурада -- 1 сағатта, 60°- 30 мин., 70° -- 10 мин.арсында тіршілігін жояды, қайнатқанда (100°) тез өледі. Дезинфекциялық ертінділеріне (0,2 - 1% хлорлы әк, 0,5% -- лизол, 0,2% -- формалин, 1% -- креолин) төзімсіз. Бруцеллаларға құбылмалық тән: физикалық, химиялық қолайсыз жағдайлардың, антибиотиктердің, бактериофагтардың әсерінен өзінің морфологиялық, культуралді, тинкториалді қасиеттерін, антигендік құрылымын, вируленттігін өзгертеді. Бруцеллезбен ауыратын науқастардың бактериологиялық, серологиялық зерттеулердің теріс болуын осы жағдайлармен түсіндіруге болады. Бруцеллалалар S- түрінен R-түріне жиі ауысады. Сондықтан бруцеллаланың турін анықтау үшін адам немесе жануар организмінен бөліп алынғаннан кейін кідірмей дифференциация жүргізу қажет [6].
Эпидемиологиясы. Бруцеллез -- нағыз зооноз. Адамдардың ауыруы жануар популяциясында өтетін эпизоотиялық процестің үздіксіз тізбегіне енуі нәтижесінде және адам мен жануардың немесе жануар тектес тағамдардың өндірістік, тұрмыстық жағдайда әсерлесуі нәтижесінде дамиды (С.Ә. Әміреев, 1988). Соңғы кездері, эпизоотикалық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты адамдардың арасында сырқаттанушылық жоғары деңгейде. Қазақстан Республикасы бойынша бұл көрсеткіш 30-ға жетті (100 мың тұрғынға шаққанда). Бірақ бұл көрсеткіш тек бірінші рет анықталып, есепке алынған науқастардың санын көрсетеді. Бруцеллез кезіндегі эпидемиологиялық процесс 3 негізгі звенодан тұрады: ауру көзі, таралу жолдары мен факторлары, қабылдаушы макроорганизм.
1. Аурудың көзі - жануарлар (ешкі мен қой, ірі қара мал, шошқа). Қазіргі бруцеллездің эпидемиологиялық ерекшілігі -- бруцелла өзіне тән иесінен тән емес иесіне миграциясы. Соңғы кездерде мал далада жайылмайды, бір қора да ұсталады да Brucella melitensis ұсақ малдан ірі қара малға аусып, сиырдың сүті, еті арқылы жұғады. Эпидемиологиялық анамнез жинаған кезде ауру сиырдан жұғады, ал науқастан және зақымдалған тағамнан Brucella melitensis бөлінеді. Көптеген бақылауларға сүйенсек, науқас адам инфекция көзі болуы мүмкін емес, өйткені, адам бруцеллаларға „биологиялық тұғырық" болып табылады. Өте сирек жағдайда жедел бруцеллезбен ауратын науқастың әртүрлі бөлінділерінен (зәр, емшек сүті, плацента, қағанақ сұйықтығы) бруцеллез қоздырғышының табылуы мүмкін. M. Santic-Palvinic және соавт. (1983) залалданған теңіз шошқалармен қарым-қатынаста болған микробиологиялық зертхананың техникалық қызметкерінің ауырған жағдайын баяндаған. Науқастың қанынан Brucella melintеnsis биовар 2 дақылы бөлініп алынған. Қызметкер ауырғаннан 3 айдан кейін әйелі ауырады, оның қанынан дәл сондай дақыл табылған. Ұрық туылу барысында залалданған қағанақ суын жұтып қойған жағдайда залалдануы мүмкін. M. Hassid (1974) пікірі бойынша бруцеллез анасынан баласына трансплацентарлы және трансамниотикалық жолдарымен берілуі мүмкін. Емшектегі балалар емшек сүті арқылы заладануы ықтимал.
2.Таралу жолдары мен факторлары. Контактілі жол бруцеллез ошақтарында жиі кездеседі. Бұл инфекцияның басты патогенетикалық ерекшелігі -- бруцеллалардың жүкті жануарлардың жыныс мүшелеріне және даму барысындағы ұрықтың тіндеріне жоғары органотроптылығы. Жыныс жүйелерінде қоздырғыштың қарқынды көбеюі: ұрықтың өлуіне, түсік тастауға, эндометриттің, маститтің дамуына әкеп соғады. Плацентамен, қағанақ суымен, жыныс жолдарындағы бөлінділермен және ұрықпен бірге сыртқы ортаға өте көп мөлшерде бруцеллалар шығады. 1 мл қағанақ суында бірнеше миллионнан миллиардқа дейін микроб жасушалары болуы мүмкін. Бруцеллездің белсенді эпизоотия кезінде отарда ондаған, кейде жүздеген мал түсік тастап, оның әркайсысы 1,5-2,0 л залалданған материал бөлетінін ескерсек, онда бруцелллардың малшаруашылық мекемелерінде, жануарлардың тұратын, су ішетін және жайылатын жерлерінде қоздырғыштың жайылу қарқындылығын елестетуге болады. Мал түсік тастағаннан соң бір ай бойы бруцеллалар көп мөлшерде бөлінеді, ал 2-3 айдан соң сау-тұрақты емес, ал 7 айдан соң тоқтайды. Мал төлдегеннен соң бруцеллалар малдардың сүт безінде 5-8 ай, ал мастит болса 36-48 айға дейін анықталады. Осыған байланысты адам малдың төлдеуіне көмектесуі кезінде және мал төлдеген мезгілде малды қырқүға қатысу кезінде тікелей контакт болғанда бруцеллезді жұқтыру қаупі жоғары. Шикізатты өңдеуге байланысты (ауру малды сою, терісін алу, етін бөлшектеу, терісін өңдеу, жүнін өңдеу және басқа ауылшаруашалық жұмыстары) өндірістік процестер залалдану механизмінде шешуші орын алады. Бұл кезде залалдану жарақаттанған және сау тері арқылы жүзеге асады. Мучают боли в суставах? Этот продукт восстанавливает ткани ... Miss belt - уникальный корсет с эффектом утягивания Алиментарлы жол шикі және термикалық өңдеуден шала өткен малшаруашылық өнімдер (сүт, әсіресе ешкі сүті, сүт өнімдері -- қаймақ, ірімшік, уыз, шашлык, стейк, т.б.) арқылы жүзеге асады. Ешкі -- қой типті бруцеллардың ірі қара малға көшуінің (миграция феномены) жиі кездесуіне байланысты сүт факторы қала тұрғындарының арасында, әсіресе балалардың арасында бруцеллездің таралуына маңызды орынға ие болып отыр. Oxford text book of Medicine мәліметі бойынша 500 адамды зерттегенде, 70% жағдайда пастерленген сүтті және жұмсақ ірімшікті қолданғанда залалдану байқалған. Жоғары вирулентті қоздырғышпен залалданған сүтті қолданған жағдайда эпидемиялық өршулер пайда болады. Аурушылдық топтық-жанұялық сипат алады және ошақтан тыс жерге таралады. Осындай жағдайларды эпидемиологиялық зерттегенде ауру көзі ірі қара мал болғаны, ал бөлініп алынған бруцелла дақылы ешкі-қой түріне жататыны анықталды. Инфекцияның таралуының әртүрлі факторларының эпидемиологиялық маңызын бағалау үшін бруцеллалардың тұрақтылығын ескеру қажет. Сүтте, қаймақта, сары майда, ірімшікте бруцеллалар қалыпты температурада 16-20 күн, сүтқышқыл өнімдерінде (простокваша, сүзбе) - 2 күн, ал төмен температурада (тоңазытқышта) - 18-20 күн, әлсіз тұздалған (10%) және әлсіз қышқыл уызда - 72 күн сақталуы мүмкін. Бруцеллалардың сүтте, әсіресе ешкі сүтінде ұзақ сақталуы оның эпидемиологиялық ролін анықтайды. Пісірілмеген бір стакан сүтті ішкен адамның ауырған жағдайы белгілі. Мал төлдегеннен кейін бірнеше күн бойы алынған уыз өте қауіпті, өйткені бұл мезгілде бруцеллалар сүтпен өте көп мөлшерде бөлінеді. Қоздырғыш үлкен қашықтыққа тарап, адамдардың топтап ауыруын шақырады. Сүттің қышқылдығы мен қоршаған орта температурасы неғұрлым жоғарылаған сайын, соғұрлым бруцеллалардың сақталуы төмендейді. Бруцеллалар қымызда 1-3 күн, Тернер бойынша қышқылдығы 80°-қа және спирт денгейі 1,5-2°-қа жоғарыласа 2 тәулікке дейін сақталады (Ш. Букейханова, 1952).
Етте және ет фаршында бруцеллалар сақталу температурасына және құрамындағы тұздың деңгейіне байланысты 14 күннен 40 күнге дейін тіршілік етеді. Бұл фактор ет өңдеу өндірістердің жұмысшыларына және тутынушыларда үлкен маңызға ие. Әсіресе, жануарлар түсік тастағаннан соң сойылса жүзеге асатыан еттің интравитилді залалдануы қауіпті. Түсік тастаған жануарлардың еті аса қауіпті, ал ол жануарлардың ішіндегі ұрықтың асқазанында бруцеллалардың таза дақылы табылған (М.М.Ременцова,1969). Бруцеллалардың полипатогенділігі мен едәуір тұрақтылығы олардың тек қана жануар организмінде ғана емес, сонымен қатар сыртқы орта заттарында да сақталуына әсер етеді. Сыртқы орта заттары сонымен бірге бруцеллездің ауру малдары бар шаруашылықта (күрек, айыр, шелек) таралу факторларына жатады.
Ашық су көзіндегі суды малдар ішкенде жеңіл залалданып, қоздырғыш ұзақ уақыт тіршілігін сақтайды. Ондай су тек эпидемиологиялық қана емес эпизоотологиялық тұрғыдан да қауіпті, өйткені инфекцияның адамға ғана емес, жануарларға да берілу факторы болып табылады.
Аэрогенді жол малды қырыққанда, жүнді сұраптағанда, тарағанда, жануарларды ұстайтын қораларды тазалағанда, малшаруашылық шикізатты өндегенде, қаракөл қозылар етінен сүйек - ет ұнын өндіргенде, лабораторлық жолмен шаң арқылы ену нәтижесінде жүзеге асады. Жүнде, теріде сақталу жағдайына байланысты бруцеллалар 1 айдан 4,5 ай тіршілігін сақтайды. Жануарладың бұл шикізат түрі бруцеллар ауру жануарлардың әртүрлі бөлінділері арқылы жеңіл залалданады. Әсіресе түсік тастаған, өлі туылған немесе 2-3 күндік қаракөл қозылардың терісі қауіпті.
Бруцеллалардың кептіруге тұрақтылығы, олардың топырақта және малдың нәжісінде 8 күннен 3-4 айға дейін сақталуына мүмкіндік береді. Өлген жануарды немесе түсікті дұрыс көмбеген жағдайда, қоздырғыштар тіршілігін жалғастыра береді. Адамдар залалданған нәжісті бақтарда тыңайтқыш ретінде, тезек (отын) ретінде, құрылысқа қолданса және мал ұстайтын жерді тазалаған кезде залалданады.
3. Қабылдаушы макроорганизм. Адамдардың ауруы кәсіби сипатқа ие (қойшылар, сауыншылар, малшылар, мал дәрігерлері, ет және сүт комбинаттары, тері мекемелері, теріні біріншілік өңдеу фабрикалары, бруцеллез зерттханаларының қызметкерлері). Нарықтық экономиканың дамуына байланысты ауылшаруашылығымен кәсіби байланысы жоқ адамдардың, қала тұрғындары мен балалар арасында сырқаттанушылдық деңгейі өсіп отыр. Бұрын байқалатын мезгілділік, яғни аурудың қыс - көктем айларында жиілеуі, сонғы кезде малдың жеке иелерінің санының өсуіне байланысты айқын көрініс бермейді. Бруцеллезбен жасы және жынысы әртүрлі адамдар ауыруы мүмкін. Бірақ, науқастардың құрылымында жас адамдар - жиі, ал сирек - егде жастағы және балалар ауырады. Ер адамдардың жиі ауыруы ауылшаруашылық өнімдерінде олардың көбірек болуына байланысты. Адамдар арасында бруцеллездің нозогеографиясы ауылшарушылық жануарлардың бруцеллезінің таралуына тікелей байланысты. Бірақ, бруцеллалардың түрлері мен биоварларының біркелкі емес патогенділігі бруцеллездің эпидемиологиясында аса маңызды роль атқарады және адамдардың ауыру динамикасына әсер етеді. B. Melitensis -- тің жоғары жұғү қауіпі бруцеллездің таралу сипатына әсерін тигізеді. С.Ә.Әміреевтің (1989) мәліметтері бойынша зақымданған қойлармен тікелей жанасуда болатын қой-зат фермалардың жұмысшыларының арасында -- 78,6% бруцеллезге қарсы серологиялық реакциялар оң нәтижеде, ал басқа ауыл тұрғындарының арасында - тек қана 11,1 ден 39,7%. Серологиялық реакциялар бойынша оң нәтижелі адамдардың жартысында бруцеллездің әртүрлі клиникалық көріністері анықталған, ал қалғандары өздерін дені сау деп есептеді. Сиыр бруцеллезі ошағында залалданған адамдарда бұл ауыру латенттік түрде өтеді, тек аздаған бөлігінде ғана бруцеллездің клиникалық көріністері дамиды.Сондықтан адамдардың бруцеллезбен ауыруының тіркелуі нағыз эпизоотикалық жән эпидемиологиялық жағдайды көрсетпейді, нәтижесінде бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылықтарда сырқаттанушылықтың деңгейі аз екен-деген жалған пікір туындайды. Бруцеллезге стерилді емес және тұрақты емес иммунитет тән. Қайтадан залалдану және бруцеллезбен ауырып жүрген немесе бұрын ауырып кеткен адамдардың ауру жағдайлары белгілі.
Патогенезі Г. П. Руднев бойынша аурудың келесі патогенетикалық сатыларын ажырату қажет:
1. Лимфа тамырларына ену сатысы. Қоздырғыш организмге тері немесе шырышты қабат арқылы енеді. Бұл жерде ешқандай өзгерістер болмайды. Сосын лимфогендік және гематогендік жолдарымен қоздырғыш аймақтық лимфа түйіңдеріне жетеді. Бұл сатысы латенттік бруцеллезге, немесе жедел жасырын кезеңіне сәйкес келеді. Аурудың клиникалық көріністері болмайды.
2. Қан тамырларымен ену арқылы біріншілік жайылмалы сатысы - қоздырғыш қан айналымына түсіп - бактериемия дамиды. Қан айналымдағы жүрген бактериялармен күресу жолдарында ретикуло-эндотелиальды жуйе кірісіп қоздырғышты шоғырландырып жинауға тырысады. Бұл кезеңде лимфа түйіндері, бауыр, көк бауыр ұлғайып - лимфаденопатия, гепатомегалия, спленомегалия анықталады. Басқа жергілікті (локальды) нышандар болмайды. Патогенездін бұл сатысы жедел бруцеллезге сәйкес келеді (науқаста қызу, қалтырау, терлеу, полиартронейромиалгиялар, улану нышандары пайда болады).
3. Көптуйінді шоғырлану немесе метастазды ошақтардың пайда болуы сатысы - қан арқылы қоздырғыш әр түрлі ағзаларға тарайды. Патогенездін бұл сатысы жеделдеу бруцеллезге сәйкес келеді (жоғары атап кеткен нышандар басеңдеп сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бруцеллез жайлы мәліметтер
Бруцеллез ауруы, сақтандыру шаралары
Жануарлардың туберкулезі
Жануарлар бруцеллезі
Бруцеллезді балау, сақтандыру шаралары
Бруцеллезді балау әдістері туралы
Бруцеллез ауруына сипаттама беру
Бруцеллездің алдын алу
Приречный ауылындағы мүйізді іріқара бруцеллезін жою шаралары
Бруцеллез ауруы туралы ақпарат
Пәндер