Иттердің аурулары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Факультеті

кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Иттердің аурулары

Орындаған:

Тобы:

Тексерген:

2016-2017 оқу жылы

Жоспары:

I Кіріспе 3-4

II Негізгі бөлім 5-13

1. Бірнеше түлікке тән жүқпалы аурулар

2. Иттердің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары

III Қорытынды 14

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 15

Кіріспе

Жан-жануарлардың арасында таралған аурулардың ішінде жұқпалы аурулардың алар орны бөлек. Бұл топ аурулардың туындауына вирус, микроб, т. б. мөлтек денешіктер септігін тигізеді. Сондықтан олардың пайдаболу және таралу заңдылықтарын зерттеумен, күресшараларын жүргізумен індеттану ғылымы айналысады, Індеттану деген терминнің батыс елдеріндегі балама сөзі эпизоотология. Індет деп кез келген аурудын ауқымдытүрде аудан, облыс, мемлекет көлеміндегі мал арасында жайлаған қарқыны таралуын айтады. Сонымен бірге жұқпалы аурулар бірен-саран (спорадия) түрде, болмаса, бірнеше құрлықтарға таралуы мүмкін.

Картинки по запросу иттердің аурулары

Кез келген жұқпалы ауруды өзіне тән қоздырушысы ғана тудырады және олар сан қилы жолдар арқылы аурумалдан бөлініп, сау малға жұғады. Аурудың бір малданкелесі малға жұғуын індеттену (індет процесі) дейді. Коздырушы ластанған азық, су, топырақпен енсе - алиментарлық, ауамен енсе аэрогендік, қан сорғыштардың ықпалынан болса - трансмиссивтік деп атайды . Коздырушы енген уақытта ауру бірден пайда болмайды, оның өсіп-өнуіне, денеге тарап, сыртқы белгілері байқалуына біршама уақыт керек. Бул уақыт инкубациялық кезеңдеп аталады және ол ауруда әр түрлі.

Жұқпалы аурулардың қоздырушылары орын тепкенжерде қабыну процесі дамиды да, аурудын сырткы белгілері соған байланысты болады. Мысалы, аусылдын вирусы кілегей қабықтарында жақсы өсіп-өнетіндіктен, ауыз, желін, тұяқашасы, т. б. жерлерінде күлдіреуіктерқұрайды, сондықтан малдын аузынан cілекей ағуы ақсауы, сүтінің азаюы сияқты белгілермен сипатталады.

Ауруды балау (анықтау) жолдары бірнеше сатылардан құралады. Ауырған неме се аурудан күдікті малды білу үшін көпшілік жағдайда қан сарысуын зертханада зеттейді. Егер мал қанында ауру қоздыруппысы арнайы денелер болса, олар анықталынып, байқалады. Сонымен қатар аурудың сыртқы белгілеріне, өлген мал өлексесіндегі ауруға тән өзгерістерге қарай анықтау қолданылады. Кейбір жұқпалы ауруларды қазіргі кезде арнайы анықтағыш затты(туберкулин, бруцеллин, маллеин, т. б. ) тері ішіне енгізу арқылы анықтауға мүмкіндік бар. Ауруды анықтауғамүмкіндік болмағанда, өзгеріске ұшыраған мүшелерінзертханада арнайы тәсілдермен тағы да зерттейді.

Жұқпалы ауру байқалған жағдайда ем ретінде әр ауруда арнайы дайындалған қанның сарысуы (гипериммунды), антибиотиктер, сульфаниламид дәрілері, т. б. қолданылады.

Мал организмінде ауруға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін арнайы биологиялық белсенді заттар қолданылады. Сондықтан жұқпалы аурулардың алдын алуүшін жайылымға шығар алдында және қысқы қорағакіргізерден бұрын жануарларға қазіргі уақытта вакцина анатоксин вакциналар егіледі. Бұл аталған препараттардың көпшілігінде ауру қоздырушысы тірі, болмасаәлсіретілген болғандықтан, біріншіден, егілген мал аурудын жеңіл түрімен ауырады, сондықтан қадағалау керек, екіншіден, егуді жүргізгенде вакцинаның сырткатөгілуіне жол бермеу керек, өйткені қоздырушы сақталып, малға жұғуы ықтимал.

Катерлі жұқпалы аурулар мал арасында байқалғанауру малды дереу оқшаулау керек. Мал елген жағдайда арнайы апанда залалсыздандыру немесе өртеу жұмыстарын ұқыпты атқарған дұрыс. Міндетті түрде ауру мал тұрған қора-жайды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу керек . 3-5тарын жүргізу керек. Ол үшін хлор әктің 3-5 % -дық күйдіргіш натрийдің 3-49%- дық, формалиннің 3-5%-дық, әктің 20%-дық ерітінділері қолданылады.

ескере келе, , , жылқының, .

Бірнеше түлікке тән жүқпалы аурулар

Топалаң (қараталақ, жамандат, қарабез сібір жарасы) - дене температурасының көтерілуімен, септицемия, мал денесінде ісіктер мен көршиқанның пайдаболуымен сипатталатын қатерлі жұқпалы ауру. Адамдағы түрін түйнеме деп атайды.

Таралуы. Топалаң жер шарының көптеген елдеріндекездеседі және айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді.

Қоздырушы қозғалмайтын, спора мен капсулатүзетін таяқша (бацилла) . Сыртқы ортада төзімді жәнеондаған жылдар бойы сақталады.

Індеттанулық деректері . Аталған ауруға үй жәнежабайы жануарлардың көпшілігі бейім. Иттер мен мысықтар қоздырушыны көп мөлшерде танытады. Инфекция көзі - ауру мал, сыртқы ортаны қоздырушыны бөлу арқылы немесе малдынөлген өлексесі ластайды. Бейім мал алиментарлық жолмен ластанған азық, су қабылдағанда, тері, жүн, қыл, сүйек, мүйіз иіскегенде, ие болмаса жалағанда шалдығады . Ауырып өлген мал өлексесі дұрыс зарарсыздандырылмаса (апанға тасталмай, жер бетінде қалса), итқұстармен таратылып, ауру ошағы тұрақты түрге көшедіжәне жыл сайын байқалады. ТаралуынаТопалаңның қансорғыш жәндіктер де ықпалын тигізеді. Сонымен катар, ауру қоздырушысының таралуына соңғы жылдары мал көмілген орындарда тексерусіз және рұқсатсызжер казу жұмыстарын жүргізуде септігін тигізуде

Аурудындамуы мен сырткыбелгілері .

Ағзаға бацилла лимфа мен сөлбездерінежеткен сон өсәп өнеді де, қанға өткенде өлі тинеді (септицемия) . Бұл 1-3 күн аралығында болады. Кейіннен тыныс алуы, жүрек соғуы жиілеп, көзге көрінетін кілегей қабықтары бозарып, көгереді. Ауру аса жіті түрде байқалса, бірнеше сағғаттан бір тәулікке созылады да мал кенеттен құлап денесі құрысып - тырысып, асфикциядан өледі.

Жіті және жітілеу ағымдарында дене температурасы 42 с-қа көтеріліп, ауру ағымы 2-3 тәуліктен 6-8 тәулікдейін созылады. Мал азықтан қалады, аналық малдың сүті кашады, денесі қалшылдайды, жүрек қызметі нашарлап, кейбіреулерінің (жылқы, қой, ірі қара) алқым тұстарында ісіктер кездеседі. Ірі қараның іші кебеді, жылқыда шаншу байқалады. Буаз аналықтар іш тастауы ықтимал.

Өлікседегі өзгерістер. Аурудан күдікті мал өлексесін жарып союға (қоздырушының вегетативті түрденкапсула немесе спора түрлеріне көшуі мүмкін екенінескере отырып) тыйым салынған. Мал өлексесінде буындарынын қатпауы, ауыз, мүрын және тік шектен қанаралас сұйықтықтың ағуы байқалады. Жарып сойғандатері астында жалқы аяқтар мен қанталаулар, талақтың мөлшерден тыс ұлғаюы, сөл түйіндерінің қабынғаны(лимфаденит) байқалады . Алдын ала қойылған диагноздырастау мақсатында зертханаға жатқан жақтың құлағынан алынған қан немесе оны екі жерден жіппен буып, ортасынан кескен соң ыстық теміря болмаса қыздырылған ыдысқа, су қағазға орап жөнелтеді.

Топалаңды ұқсас пастреллез, қарасан, жыбырлақ, секартпе, пироплазмоздан ажырата балау керек. ,

Емі. Ауру малды гипериммунды қан сарысуында неболмаса гаммаглобулинде пенициллин, стрептомицин, левомицетин, биомицинді ерітіп емдейді. Қан сарысумөлшері ірі қара мен жылқыға-100-200мл, қой, ешкі, шошқаға - 50-100 мл дене температурасына дейін жылытылып қолданылады .

Дуалау және күрес шаралары . Топалаңды даулаудағы негізгі бағыттың бірі - малды ауру тіркелген ошақтарда жылына екі рет иммундеу. Аурудың алдын алүшін қазіргі уақытта СТИ және 55 штаммды (ВНИИВМ) вакциналары қолданылады. Сонымен бірге, басқа жалпы сақтық ережелерін қатан сақтау қажет.

Ауру тіркелген ошақтарда индеттанулық талдаужүргізіліп, ауру малды бөлек ұстап, елді мекенге карантин жарияланады. Өлген мал өлексесі ұқыптап көміліп жан-жағы қоршалған соң, белгі қойылады. Ауру мал тұрған орны 109- дық ыстық күйдіргіш натрий немесе496 -дық формальдегид ерітіндісімен залалсызданады. Карантинен соңғы ауырған малсауыққаннан кейін 15 күнөткеннен соң доғарылады.

Листериоз - менингоэнцефалитпен байқалатын адам және құстардың көптеген түрлерінде, ит, мысықтарда кездесетін жіті өтетін ауру.

Қоздырушысы - Listeria monocytoqenes бактериясы. Иттер аурумен спорадиялық түрде ауырады. Мысықтар жасанды жұқтыруға бейім, сондай ақ оларда аяқ астынан да кездеседі.

Патогенез: ит, мысықтарда алиментарлы жұқтырғаннан кейін листериилар жұтқыншақ арқылы үшлік жүйке арқылы бас миына, онда энцефалит, менингитті негіздейді. Микроорганизмнің гематогенді жолы басқа жануарларға тән. Жүйке жүйесінің зақымдануына конъюнктивит, кератит, ринит әкелуі мүмкүн. Инкубациялық кезең 7-20 күн.

Паталого-анатомиялық өзгерістері: Макроскопиялық өзгерістері көбіне байқалмайды. Менингитті констатирлеуге болады: созылынқы ми аумағының милы қабаты жуандаған, гиперемияға ұшыраған. Созылынқы мида, ми затына тілік жасауда жұмсарудың ұсақ сұр ошақтары байқалады.

Микроскопиялық өзгерістері: Мида листериозга тән белгі микроабцесстер.

Балау және ажыратып балау: Балау үшін миға бактериологиялық және гистологиялық зерттеу жасайды. Ауески, құтырық, обаның жүйке жүйесінің зақымдану белгілерімен ажырату керек.

Лептоспироз - септицемиямен, бауыр, бүйрек, іш қабаттары зақымдануымен, іш тастаумен сипатталатын жануарлардың көптеген түрлерінің зооантропонозды ауруы.

Қоздырушысы патогенді лептоспираның әр түрлі серологиялық нұсқаулары. Иттерде лептоспироз L. canicolaмен негізделеді, олардың табиғи резервуарлары иттер.

Мысықтар аурумен сирек ауырады, мысықтардың аурулары көбінде L. isterohaevorrhagiae байланысты.

Патогенез: Лептоспиралар организмге кілегей және тері арқылы еніп, қан арқылы таралады. Олардың көбейтін негізгі орындары: бауыр, бүйрек, плацента, цереброспиналды сүйықтық. Аурудың шамамен 6-шы күні организмде антидене пайда болады. Жіті түрінде тұрақты белгі болып сарғаю болады, ол күрт пайда болып алғашқы белгі болып саналады.

Паталогоанатомиялық өзгерістері:Аурудың жіті формасына жайылған қан құйылу жатады. Өзіне тән белгі соның ішінде бүйректе нүктелі және шұбар қан құйылулар, бүйрек ұлғайған, қабат аралық шекара өшірілген. Жіті лептоспироздан өлімге ұшыраған иттерде бауырда ошақты некроз анықталады, әсіресе триад аумағында және капсула астында қан құйылулар.

Жітілеу және созылмалы түрінде уремиямен негізделген өзгерістер табылады: аорта, кеңірдек және өңеш кілегейінің интимы, қарынмен ауыз қуысында эрозиялармен ойық жаралар, ойық жаралы эндокардит.

Мысықтарда лептоспироз ағымы және паталогоанатомиялық өзгерістері бойынша иттердің жіті сарғайған септикалық нұсқауларымен ұқсас келеді. Лептоспироздың бұл нұсқауында ішектен қанды бөлінді, қан аралас құсық күрт пайда болады.

Стрептококты лимфоденит мойын аумағында лимфа түйіндердің іріңді қабынуымен жүретін ит, мысықтардың спорадиялық түрде кездесетін ауруы.

Этиология: Қоздырушы G. тобына жататын стрептококктар. Ауру әдетте питомниктерде кездеседі, әсіресе ондағы 10 пайыз күшіктер ауруға шалдығады. Ауру қызбамен, катаралды-іріңді конъюктивитпен жүреді. Иттерде жақасты лимфа түйін ұлғаяды, кейіннен олар іріңдеп, босайды.

Мысықтарда жақ асты лимфа түйінімен қоса жұтқыншақты лимфа түйіндер ұлғаяды.

Балау: клинико-анатомиялық балау бактериологиялық зерттеумен анықталады.

Колибактериоз - бір жағдайда септицемиямен, бір жағдайда диареямен сипатталатын жануар төлдерінің ауруы.

Этиология және патогенез: Колибактериоз ішек таяшаларының патогенді серотиптерімен шақырылады. Ит, мысықтарда ауру сирек кездеседі. Жаңа туған күшіктермен мысық төлінде екі нұсқауда өтеді: энтеритті колибактериоз (колидиарея) және колисептицемия (колисепсис) . Энтеритті колибактериоз. Патогенез: энтеритті колибактериоз жас төлдің алғашқы күндерінде пайда болады; колостралды иммуноглобулин жетімсіздігінде. Эшереихиялар ішек кілегейіне орналасып, адгезивті антиген қолдана отыра ішек саңылауына кілегейден қайта бөліну шақыртатын термолобиалды холера тәрізді токсин шақыртады; электролит ұлпаларын жоятын және диареяны шақырады.

Паталогоанатомиялық және микроскопиялық өзгерістері: Макроскопиялық суреті ауруға тән емес:ішек кілегейінің тұрақты гиперемиясы, ішек қуысы сулы жынға толы. Гистологиялық зерттеуде энтероциттер беткейінде бактерия колониясы көрінеді.

Колисептицемия. Патогенез: Колисептицемия ішек таяқшаларының басқа серотиптерімен шақырылады. Эшерхия штамының анықталған ерекше антигенді қасиеттері бар. Инфекция қақпасы кіндік тұқылы, жұтқыншақ, ішек.

Паталогоанатомиялық және микроскопиялық өзгерістері: Ауру кезінде макроскопиялық өзгерістері: төлдерде бірге ауру әдетте жітіден жоғары өтеді, еш белгісіз. Өкпе тығыздығымен гиперемиясы, талақтың аздап ұлғаюы, енбау тұқылы қабынады. Жіті жағдайда сойып қарағанда плевра, эпи -, эндокард астында нүктелі қан құйылулар, өкпе тығыздығы, ми қабатының гиперемиясы.

Балау және ажыратып балау: Аурудың паталогоанатомиялық өзгерісін бактериологиялық зерттеумен анықтайды. Энтеритті колибактериозды корон және ротавирусты инфекциядан, герпесвирусты инфекциядан және инфекциялық гепатиттен ажыратады.

Сіреспе - жаралы инфекция типі бойынша сіреспелі таяқша Clostridium tetani мен негізделген инфекциялық ауру.

Кіндік канатигі, операциялық жара, жараның нәжіспен немесе топырақпен ластануында мал организміне сіреспелі таяқша ену арқылы жұқтырылады.

Спорадан өсу және қоздырушының көбеюі жүйке жұйесінің зақымдануымен қанға сіңірілетін экзотоксин пайда болуын туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иттердегі парвовирустық энтериттің сипаттамасы
Таспа құрттардың барлығы биогельминттер
Ауруды жұқтыру жолы
Микроспорияларды дифференциалды балау
Тениуколды цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерін ВСС және санитарлық бағалау
Өздігінен жүретін пневмоторакс
Ішектің қабынуы аурулары
Жануарлардың эхинококкозына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Патогеннің этиологиялық, биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері
Овчаркалардың биологиялық ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz