Халықаралық құқықтың қағидалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.11-19

Жарылкапова Г.П.

Халықаралық жария құқығы пәні бойынша
семинар сабақтарына арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Шымкент 2013 ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Мемлекет және құқық теориясы кафедрасы
Жарылкапова Г.П.

Халықаралық жария құқығы пәні бойынша
семинар сабақтарына арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
5В030100-заңтану мамандығында оқитын студенттер үшін

Оқу нысаны күндізгі,сырттай

Шымкент 2013 ж

ӘОЖ 342ББК
Құрастырған аға оқытушы Жарылкапова Г.П.

Халықаралық жария құқығы пәнінен семинар сабағын жүргізуге арналған
әдістемелік нұсқау.

Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2013.

Халықаралық жария құқығы пәнінің әдістемелік нұсқауы оқу бағдарламасының
және оқу жоспарының талаптарына сәйкес жасалған және курстық сабақтар
бойынша тәжірбиелік (семинарлық) тақырыптарды орындау бойынша барлық
қажетті мәліметтерді қамтиды.
Әдістемелек нұсқау - 5В030100 мамандығы бойынша студенттерге арналған.
Қысқаша анотация. Студенттерді жүйеленген қоғамдық құқыктық тәрбиеге,
қоғамнын өнегелік жэне кұкықгық ережелерін орындауға, сондай-ақ өмірге
деген белсенділігін артгыру болып табылады. Студенттерге кедендік ісжүргізу
және статистика пәні бойынша мәлімет беру, және кеден статистикасының
зерттеу обьектілерімен қатар, практикалық әрекеттерімен жоғары сапалы
заңтану мамандарын дайындау.

Пікір жазғандар (рецензент):
Нуртазин Е.К..– з.ғ.к., М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ- дің Мемлекет және құқық
теориясы кафедрасының меңгерушісі
Хисравшин.Ф.М. АИУ-ті Азаматтық және қылмыстық құқық кафедрасының құқық
доценті

Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының мәжілісінде қарастырылды және
баспаға ұсынылды. (№ 1 хаттама 29 08 2013 ж. ).

Заңтану және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік комиссиясы
(№ _1__ хаттама _14_ 09 2013ж).

Баспаға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң Әдістемелік Кеңесі ұсынған.
№2 хаттамасы "26" 10 2013ж.

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2013ж.

Шығарылымға жауапты Жарылкапова Г.П.

Мазмұны

Кіріспе

Әдістеменің мақсаты, міндеті

Семинар сабағын жүргізуге жалпы әдістемелік нұсқау

Сабақтың мазмұны

1 Халықаралық құқықтың дамуы, жүйесі және ерекшелігі.
2 Халықаралық құқықтың қайнар көздері
3.Халықаралық құқықтың қағидалары.
4.Қәзіргі халықаралық құқықтың субьектілері.
5. Халықаралық келісім-шарт құқығы.
6 Халықаралық ұйымдар құқығы.
7. БҰҰ-халықаралық әмбебеап ұйым.
8. Халықаралық құқықтағы жауапкершілік.
9. Халықаралық құқықтағы адам құқығы.
10.Әскери қақтығыстар құқығы.
11.Халықаралық құқықтағы аумақ.
12.Халықаралық ғарыш құқығы.
13.Халықаралық теңіз құқығы.
14.Халықаралық құқықтық дауларды шешудің бейбіт жолдары.
Халықаралық әуе құқығы.
15.Халықаралық экологиялық құқық.
Халықаралық экономикалық құқық.
Дипломатиялық және консулдық құқық.
Семинар сабақтарына тапсырмалар
1.Глоссарийлер

2.Тестік тапсырмалар

3.Өзіндік дайындалуға сұрақтар

4.Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Халықаралық жария құқығы пәні Заңтану мамандығын дайындауда аса
маңызды орынға ие болып отыр. 1991 жылы еліміз егемендігін алып халықаралык
кұқыктың тең кұкылы субъектісіне айналды. Заң, экономика, халықаралык
құкыктык катынастар, халықаралык экономикалык катынастар т.б. салалардагы
қызмет атқарушы азаматгар халықаралык кұкыкпен таныс болуы қажет.
Халықаралык құқық пәнін окытудағы максатымыз жоспар бойынша
берілген сағаттар мерзімінде студентгердін халықаралык құқықпен жан-жакты
жэне терең таныс болуын қамтамасыз ету.
Халыкарапык жария құқык студенттердің ғылыми көзқарасын, осы сала бойынша
білім деңгейін арттыруға, оларды өмірге, еңбекке, когамдық кызметке
дайындауға, халыкаралык жағдайларды жақсы түспалдауына көмектеседі.
Пәнді оқытудың міндеті студенттерді жүйеленген қоғамдық құқыктык
тәрбиеге, қогамнын өнегелік жэне кұкықгық ережелерін орындауға, сондай-ақ
өмірге деген белсенділігін артгыру болып табылады. Студентгерге халыкаралық
жария кұкық пәні бойынша мэлімет беру. Халыкаралык кұкык негізі зандарын
үйреніп, пэн бойынша курсын дамыта отырып, өз білімдерін заң жүзінде терең
қолданулары керек.
Халықаралық жария құқығы бірнеше ғылыми білімдердің жиынтығынан
құралған пән, осы себептерге байланысты халықаралық жария құқығын зерттеп
игеру үшін студенттердің төменгі курста игерген келесі пәндерден алған
білімдері қажет. Олар: мемлекет және құқық теориясы, құқық қорғау
органдары, психология, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы.
Бұл курсты оқытудың міндеті: құқықтың қажетті қайнар көздерімен,
құқық саласының өзекті мәселелерімен таныстыру, маңызды заң актілерін
туралы нақты түсінікті орнықтыру.
Студенттің семинарлық сабақққа қатысуы оқу жоспарының міндетті шарты
болып табылады.
Әр тақырып бойынша қолданалатын әдебиеттердің тізімін және семинарлық
сабақтардың жоспарларымен уақытылы таныстырып өту қажет.
Семинар бүл талқыланытын мәсеселер бойынша барлық тыңдаушылар
өздерінің пікір ойларымен алмасыу қажет. Сондықтан студенттердің тақырып
бойынша конспектілері болуы қажет және де сол тақырып бойынша семинарлық
сабаққа дайындалып келуі қажет.
Семинарды таңдау нысаны әртүрлі факторларға байланысты болады: пәннің
сағат көлеміне, топтағы студенттердің санына, курстардың тақырыптардың
өзара арақатынастарына байланысты болады т.с.с. Басқа да сабақтардың
тақырыптары бойынша: практикалық сабақтар, ойындар, оқытуларға көңіл
бөлінеді.
Семинарлық сабаққа дайындық барысында, оқытушы семинарлық сабақтың ең
негізгі мақсаты - бүл студенттердің өзіндік жүмысының деңгейін арттыруға
бағытталуы қажет.
Семинарлық оқытуда өз-өзіне сенімділік күші дамиды, өз-өзінің
мақсатына жету мүмкіндіктері сеніммен артады.
Соньшен, семинарлық сабақтар студенттердің өзін-өзі дайындаудағы
қателіктерін уақытылы жою және ол қателіктердің қайталанбауын және
тақырыптарды жауапкершілікпен қарауын қамтамасыз етеді. Семинардағы сапалы
бақылаулар студенттердің өзіндік жұмысының сапасын жақсартады және келесі
сабақтар бойынша шығармашылық талқылауларға дайындайды.
Семинар өткізудің өзіндік сипаттамасы, мақсаты , тапсырмасы бойьшша
үш түрге бөлінеді:
Теориялык семинар оку тәртібі боиынша оқытудың бірінші этапы кейінгі
кезеңінде кажетті.
Теориялық семинарда әртүрлі әдіс-тәсілді қолдануға болады және барлық
студенттер нақты түсініктер мен конструкцияларды қолдана алады Бірнеше
студенттерге бірге немесе жекеше бір тақырыпқа талқылауға дайындауға
тақырып беріледі. Жеке студенттерге нақты бір мақалаға қүнделікті тудыратын
қызықты қоғамдық проблемалар туралы тапсырма беріледі.
Семинар-диспут бұл ғылыми қоғамға қажет тақырыптарға жария пікір-
талас. Диспут барысында өзінің әріптесіңді немесе қарсыласыңның пікірін
тыңдау керек. Оның үстанған позициясын, оның үсынған аргументтерінің
жүйесін, түсініп тыңдау
керек. Егерде оның ұсынған аргументі сенімсіздік тудырса, қатысушылардың
алдында өзіндік қөзқарасын түсіндіріп, дэлелдей білу керек.
Диспутты өткізу үшін студенттердің теориялық дайындықтары болу керек.
Мүндай семинар өзін өзінің мақсатын студенттердің көпшілігі пікір талас
сүрақтарға өздерінің көзқарастары бар жағдайда іске асыра алады. Оны
дөңгелек үстел ретінде өткізуге болады, әр студент өзінің үстанымын айтып,
мұғалім немесе тыңдаушылар қортындылап бір шешімге келді. Семинар-диспутты
іскерлік ойын элементтерімен арқылы өткізіге болады. Ол үшін талқыланып
жатқан мэселелерге екі-үш кеңінен таралған көзқарастар талқыланады,
тыңдаушылар жақтаушыларға немесе қарсыластарға болып бөлінеді. Бөлінген
топтар өздерінің нақты дэлелдерін, ұстанымдарын, дэлелдемелерін үстанады.
Студенттер арасындан сарапшыларды таңдауға болады, олар эр талқыламаларға
өздерінің бағаларын береді. Оқытушының рөлі семинар үйымдастыру және
қатысуы болып есептеледі. Ол семинар өткізілуінің барысын қадағалайды.
Семинар барысында оқытушы мэселелерді белгілейді, тапсырмаларды
қалыптастырады, эдебиеттерді береді. Сонымен, оқытушы семинарды бітіріп,
қортындылап, қызықты сэттерді және жақсы жауап берген тыңдаушыларға баға
береді.
Семинардың жақсы өтуі студенттің алдын -ала диспутқа, өзіндік жұмысқа
дайындығына байланысты. Қорытынды семинар жеке тақырыптардың қортындылау
мақсатын ұстанады. Егерде курс барысында студент өзінің жақсы білімін
көрсетсе, оның бағасы ескерледі. Студентті соған алдын-ала дайындау керек.
Мұндай шара студеттің өзіндік жүмысқа деген қызығушылын арттырады.
Семинарлық сабақтардың тапсырмасы мен мақсаты: өзіндік ойлау, студеттердің
шығармашылық белсенділігін арттыруды, студенттің ғылыми - зерттеу
жұмыстарына қызығушылығын арттыру, анықтама әдебиеттерін дұрыс қолдануды
дамыту болып табылады.

Тыңдаушы не істей алуы тиіс:
• Тәжірибеде салық құқық негізінің теориялық-әдістемелік
негіздерін
қолдану білу;
• жанжалды талдай алу, оларды дұрыс шеше білу;
• уақытында жанжал жағдайларының пайда болуының алдын алу;
• кәсіби міндеттерді орындау сапасы мен тиімділігін
арттыру
мақсатында моральдық реттеу тәсілдерін қолдана алу;
Аталған курсты оқудың негізгі түрлері: дәріс, студенттің өзіндік
жұмыстары, тәжірибе сабақтары (тренингтер, жағдаяттарды талдау. Тәжірибелік
тапсырмаларды орындау және т.б.).
Әдеттегідей, дәріс сабақтары курстың негізгі тақырыптары бойыша
өткізіледі. Семинар және тәжірибе сабақтары білім алушылардың біліміне және
оқу орнының білім берудің нақты міндеттеріне байланысты таңдап алынады.
Курсты оқып-үйренген соң, тыңдаушылар емтихан тапсырады.

Семинар сабағын жүргізуге жалпы әдістемелік нұсқау
Студентердің бастапқы алатын орнын анықтау
Тақырыпқа сай аудиторияда екі плакат ілуге болады. Ол
плакаттарға ішкі істер органдары қызметкерлері үшін жауаптылық
маңызды және ішкі істер органдары қызметкерлері үшін жауаптылық маңызды
емес - деп, бірінде келісемін, екіншісінде келіспеймін деген
жазуды қосып қоюға болады.
Осы пікірмен кім қалай келіседі, соған орай топ студенттерін
екіге бөлуге болады. Әрбір бөлінген топ өз көз – қарасымен бөлісіп,
өзінің қолдайтын тақырыбы орай, мүмкіндігінше ой - пікір мен ұсыныстар
айтуы тиіс. Әрбір бөлінген топ студенттері өз ойларын ортаға салады
(ескерту: мүмкіндігінше топ студенттерін түгел қамтуға тырысу).
Мәселені талдап болған соң, қарсы тарап студенттері бір - біріне
қайсысының ой – пікірлері маңызды, көңілге қонымды болғанын атап өтеді.
Оқутышы студенттерден өз көз қарасын өзгертіп, басқа топқа аусатын
ойлары бар ма, жоқ па, олай болған күнде, қөз қарасының өзгеруне не
себеп болғанын анықтайды.
Миға шабуыл.
Миға шабуыл - топ студенттерімен түгел қатыса отырып, (тақырыпты)
мәселені талқылау үшін тиімді әдіс болып саналады. Бұл жағдайда
студенттер өз ойларын ашық ортаға салу арқылы көтерілген мәселенің
шешімін табуға тырысады.
Миға шабуыл - қандай да бір мәселе бойынша топ болып, ой - пікір
туындату болып табылады.
Әдістің бұл түрі студенттің тұлға болып өсуіне маңызды әсер етеді.
Миға шабуыл әдісінің ережесін дұрыс және ақылмен қолданған жағдайда –
ол, шығармашылық ерекше және бөлек ойлардың дамуына алып келеді.
Топ студенттеріне қандай да бір мәселені шешу үшін өз ой –
пікірлерін ортаға салу тапсырылады. Шабуылдың қатысышылары басқалардың
айтылған ойы туралы өзінің пікірін айтпайды, оларға баға бермейді,
демек талданбайды деген сөз.
Бүгінгі таңда, тәжірибе көрсеткендей Миға шабуыл жолымен аз уақыт
аралығында бірнеше ой – пікір алуға болады екен. Ой - пікірдің саны
өзіндік мақсатты емес, тек ақылды шешімді туындатуға негіз болады. Миға
шабуыл барысында бірде-бір студент қалыс қалмай, мәжбүрлеусіз - ақ
қатыса алады. Мұндай жағдай сабаққа салақ деген студенттің өзін бей-жай
қалдырмайды. Тақырыпты талқылауға ұмтылыс білдіреді.
Айтылған ой пікірлер мәселені шешуде нақты себеп, дәлел бола алса
онда миға шабуыл ойдағыдай өтті деп есептеуге бола алады.

Миға шабуылдың ережесі:
- ұсынылған ой-пікірлер бағаланбайды және сынға алынбайды;
- жұмыс сапасына емес санына қарай бағалануы тиіс, өйткені ой-пікір
қанша көп болса сонша жақсы (туындаған ойдың бірі болмаса – бірі іске
асуы мүмкін);
- мүмкіндігі болғанша кез-келген ой-пікірді студенттің санасын аша түсу
үшін кеңейту керек;
- студенттің айтқан барлық ой-пікіріне қолдау көрсету керек;
- барлық айтылған ой-пікірлер жазылып отыруы тиіс;
- шабуылдың уақыты нақты белгіленіп, оны қатаң сақтау керек;
Миға шабуыл, шешімі жоқ сияқты болған мәселелерді шешуге немесе
шешудің жолын табуға, қатып қалған ойлардың баламасын анықтауға мүмкіндік
береді.
Топ студенттерінің арасында сабаққа деген ынтасы мен ерекшеленетіндері
бар, олар тақырыпты талдауға ұмтылыс жасағанда, жалқаулар көлеңкеде қалып
қоятыны белгілі. Миға шабуыл барысында бір-бірінен артықтығын көрсетпейді,
топты қарапайым және тиімді тәсілмен біріктіре отырып, сабақ талдауға,
бәрін бірдей бағалауға, шешім шығаруға көмектеседі. Өз ойын білдіруге (ол
ой дұрыс емес, мағанасыз балуы да мүмкін) ең төмен студенттің өзі қалыс
қала алмайды. Сөйтіп, оқытушы да, студент те оң нәтижеге ие болады.

Миға шабуылды қолдану тәсілі.
Миға шабуылдың қатысушыларына шешуді қажет ететін қандай-да бір нақты
мәселе беріледі. Сол мәселені шешу үшін кез-келген ой-пікірлер айту
ұсынылады, ол ойлар ақылға симайтын, байыпсыз және үстірт болуы мүмкін.
Топ студенттерінің бір-екеуін, айтылған ұсыныстарды, шабуылдың соңында
қатысушылар көре алатындай етіп, тақтаға немесе қағаз бетіне жазып отыру
ұсынылады.
Көп ұсыныстардың басқа ой-пікірлермен қауымдаса туындауы әдістің
тиімділігін қамтамасыз етеді. Ол үшін шабуыл барысында ешқандай сын
айтылмауы, түзетпеуі тиіс т.с.с. Қайталанған ой-пікірден басқасының бәрі
есепке алынып, жазылып отырады. Негізгі, талдауды қажет ететін мәселе
бойынша ой – ұсыныстар туындатпай тұрып, студенттерді басқа бір (тақырыпқа
қатысы бар) мәселені талқылатып қызықтырп, ынталандырып алуға болады.
Миға шабуыл біткен соң өте құнды деп есептелген ұсыныстарға шолу
жасап, талдап олармен әрі қарай жұмыс істеу үшін сұрыптап алынады.
Ол үшін жоғарыда аталған немесе басқа да әдістер қолданылуы мүмкін.
Сұрыптау барысында ұсыныстардың маңыздылығына, пайдалылығына назар аударған
жөн. Дегенмен, ой-пікірлер маңыздылығы төмен, пайдасы шамалы болып қалуы да
мүмкін, онда ол жаңа шығармашылық шешімдерге ұмтылыс жасауға жол ашары
сөзсіз.

Сабақтың мазмұны
1-тақырып. Халықаралық құқықтың дамуы, жүйесі және ерекшелігі.
Семинар жоспары:
1.Халықаралық қатынас және халықаралық құқық.
2.Халықаралық құқық және халықаралық қатынас, олардың арасындағы байланыс
және бір бірімен қарым қатынасы.
3. Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттеуші заңды нормалардың
жиынтығы ретінде.
4. Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде.
Сабақтың өту түрі: семинар - кіріспе
Халықаралық құқықтық қатынастарды реттейтін пән.Субьектілердің
ерекшеліктері, нормаларды жүзеге асыру және қалыптастыру процессі, сонымен
қатар оны қамтамасыз ету тәсілдері. Халықаралық құқықтық мәжбүрлеу
шаралары.БҰҰ ның Бас Ассамблеясы халықаралық құқықты оқытыумен халықаралық
құқықта құқықтық білімді тарату туралы резолюцияларды жиі қабылдауда.
Әдістемелік ұсынылымдар
Семинарлық сабаққа дайындық кезде - БҰҰның мамандандырылған халықаралық
соты мен мекемелерінің ролін арттыру халықаралық құқықтық қатынастағы саяси
жаңа ойды енгізудің, халықаралық құқық ролін арттырудың, халықаралық
қауымдастықтағы құқықтық мемлекеттердің және Еуропадағы қауымдастық пен
қауіпсіздік ұйымы және халық дипломатиясының ролін арттыру және
халықаралық құқықты нығайтудың құралы ретінде пайдаланылады.Халықаралық
жария құқығы және халықаралық жеке құқықтың ара-қатынасы.

2-тақырып: Халықаралық құқықтың қайнар көздері
Семинар жоспар:
1 Халықаралық шарт халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде.
2.Халықаралық әдет ғұрып.халықаралық шарттар және халықаралық әдет
ғұрыптыңөзара әрекеттксуі.
3. Құқықтың жалпы туралы мәселелер.
4. Халықаралық құқықты жүйелеу(кодификациялау).
Сабақтың өту түрі: семинар-пікірталас
Халықаралық ұйымдардың ұсыным резолюциясының маңызы. Халықаралық
конференциялардың актілері.БҰҰның Халықаралық сот және халықаралық төрелік
шешімінің ролі. халықаралық құқық доктриналарының маңызы.Мемлекеттердің
сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелері бойынша заңдар халықаралық
құқық тың қосалқы қайнар көзі.
Әдістемелік ұсынылымдар
Семинар сабағын өту барысында Жүйеленген актілерді жасаудағы БҰҰ мен
басқа да халықаралық ұйымдардың ролі.БҰҰның халықаралық құқық комиссиясы
дайындаған негізгі жүйеленген актілері.Қәзіргі халықаралық құқық тың
жүйесі.Жалпы халықаралық құқық және жергілікті нормалар.Нормалар және
қағидалар. Халықаралық құқық тың салалары және институттары. Халықаралық
ұйымдардың ұсыным резолюциясының маңызы. Халықаралық конференциялардың
актілері.БҰҰның Халықаралық сот және халықаралық төрелік шешімінің ролі.
халықаралық құқық доктриналарының маңызы.Мемлекеттердің сыртқы саяси және
сыртқы экономикалық мәселелері бойынша заңдар халықаралық құқық тың қосалқы
қайнар көзін анықтаған жөн.

3-тақырып: Халықаралық құқықтың қағидалары.
Семинар жоспар:
1. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалар жүйесі.
2. БҰҰ ы жарғысының алатын орны.жылғы БҰҰның халықаралық құқық
қағидалары туралы декларацисы.
3. 1970жылғы БҰҰның халықаралық құқық қағидалары туралы
декларациясы.1975жылғы Хельсинкидегі Кеңестің қорытынды актісінің
маңызы.
4. Қазақстанның осы актілерге қосылуы. Халықаралық құқықтың негізгі
қағидалары және мемлекеттің негізгі құқықтары мен міндеттері.
Сабақтың түрі - ауызша сұрау
Мемлекеттердің егемендігінің теңдік қағидасы, оның мазмұны.Күш
қолданбау және қорқытпау қағидасы, осы қағиданың қалыптсауы.1928жылғы Парих
Пактісі.Күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасының мазмұны.Баса-
көктеудің (агрессия) ұғымын анықтау.Соғысты насихаттауға тыйым салу.Күш
қолданбау қағидасы және мемлекеттердіңлу. аталған қағиданың дамуы және оның
мазмұны.

Әдістемелік ұсынылымдар
Семинар сабағында күш қолданбау қағидасы және мемлекеттердің өзін өзі
қорғау құқығы.Шекаралардың мызғымастығы қағидасы.Оның күш қолданбау және
күшпен қорқытпау қағидасымен органикалық байланысы.Мемлекеттердің аумақтық
тұтастық қағидасы.Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы, оның
мазмұны және оны қолдану әдістері.Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне
араласпау қағидасы. Мәні бойынша мемлекеттің ішкі құзыретіне кіретін
істер ұғымы.БҰҰның Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша қолданылатын
шаралар және ішкі істерге араласпау қағидасы.Халықтардың өзін өзі анықтау
және тең құқылы қағидасы,осы қағиданың қалыптасуы.Оның мазмұны.Халықтардың
өз тағдырын шешужәне өзін өзі билеу құқығы.Халықтардыңөзін өзі анықтау және
ұлттық егемендігі қағидасы.МемлекеттердіңМемлекеттерд ің ынтымақтастығы
қағидасы.Ынтымақтастық қағидасының мазмұны.Адамдардың құқықтарын қорғау
қағидасын нақтылы айқындап түсіндірген жөн.

4-тақырып. Қәзіргі халықаралық құқықтың субьектілері.
Семинар жоспары:
1. Халықаралық құқық субъектілерінің ұғымы анықтамасы.
2. Халықаралық құқық субъектілерінің мазмұны.
3. Халықаралық құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің
ерекшеліктері.
4. Халықаралқ құқық субьектілерінің түрлері.

Сабақтың түрі-ауызша сұрау
Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субьектісі ретінде.Мемлекеттік
егемендікті жоққа шығару концепциясы.
Әлемдікмемлекеттің,үкіметтің,парл аменттің теориялары.Халықаралық құқық
субьектілері мемлекеттердің түрлері.Халықаралық құқықтағы күрделі
мемлекеттер. Тұрақты бейтарап мемлекеттер.

Әдістемелік ұсынылымдар
Семинар сабағын өту барысында Мемлекетті тану.Мемлекеттің құқық
мирасқорлығы.Әлеуметтік революция кезіндегі құқық мирасқорлығы туралы
мәселелер.Аумақтық өзгерістер кезіндегі құқық мирасқорлығы.Құқық
мирасқорлығы институтын жүйелеу жөніндегі мәселелер.Мемлекеттердің
халықаралық шраттарға қатысты құқық туралы 1978жылғы Вена
Конвенциясы.Халықаралық ұйымдардың құқық субьектілігі. Халықаралық
ұйымдардың құқық субьектілігінің туынды сипаты. Халықаралық ұйымдардың
құқық субьектілігінің құқықтық негіздері.Халықаралық құқық субьектілері-
халықаралық ұйымдардыңтүрлері. Халықаралық құқықтың спецификалық
субьектілері (еркін қалалар,Ватикан).Тұлғаның халықаралық құқық субьнктілік
туралы теориясын нақтылы айқындап түсіндірген жөн.

5-тақырып: Халықаралық келісім-шарт құқығы.
Семинар жоспары:
1. Халықаралық құқықтағы шарттар құқығының анықтамасы.
2. Шарттар құқығын жүйелеу.
3. Халқаралық шарттар құқығы туралы 1969 жылғы Вена ковенциясы.
Қазақстан тарихындағы шарттар құқығы.
4. 2005жыл 30мамырдағы Халықаралық шарттар туралы ҚРның заңы.Шарттардың
жасасудың құқық қабілеттігі
Сабақтың түрі-семинар дискуссия
Шарттағы тараптар. Шарттарды бекіту. Өкілеттілік. Мәтінін қабылдау.
Консенсус. Мәтіндердің бірдейлігін анықтау. Қол қою және оның
түрлері,бекіту,қабылдау,қосу.Көпжақ ты шарттарға қатысты
мәмілелер.Мәмілердің заңдық зардаптары.Шарттардың құрылымы.

Әдістемелік ұсынылымдар
Осы тақырыпты талқылау барысында осы Преамбуласы,яғни кіріспе негізгі
және қорытынды бөлім. Шарттың тілі. Шарттардың әрекеті, шарттар сақталуы
тиіс қағидасының маңызы. Мемлектішілік құқық және шарттарды сақтау.
Шарттарды талқылау және оның түрлері; ресми (аутентикалық және аутентикалық
емес) және ресми емес.Талқылаудың негізгі тәртібі; адалдық мәтіндердің
мәнісі,шарттың мәтіні,обьектінің роліжәне шарттың мақсаты. Шарттардың
жарамсыздығы.Шарттардың жарамсыздығынын негіздеу: халықаралық құқықтың
императивтік нормаларына қарама қайшылық,мәжбүрлеу. Шарттардың
жарамдылығына дауласатын негіздер:қате,алдау,сатып алу,шарттарды жасасу
құзіретіндегі конституциялық нормалардың бұзылуы. Шарттарды тоқтата тұру
мен тоқтаудың зардаптары.Соғыс және шарттар Соғыс біткеннен кейінгі
шарттардың күшін қалпына келтіру тұрғысынан айқындай білген жөн.

6-тақырып. Халықаралық ұйымдар құқығы.
Семинар жоспары:
1. Үкіметаралық және үкіметтік емес халықаралық ұйымдар.
2. Халықаралық үкіметаралық ұйымдар түсінігі. Халықаралық ұйымдар ролінің
артуы
және санының көбейе түсуі.
3. Халықаралық ұйымдардың жіктелуі (классификация).
4. Халықаралық ұйымдардың тарихы.

Сабақтың түрі-рефераттарды тыңдау
Халықаралық әкімшілік одақтар. Ұлттар лигасы. Біріккен Ұлттар Ұйымы.
БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері, халықаралық ұйымдар.
Қазіргі халықаралық ұйымдардың заңдық табиғаты. Халықаралық ұйымдардың
Жарғысы халықаралық шарттың ерекше түрі. Жарғы – халықаралық ұйымдар
қызметінің заңдық негізі. Қазіргі халықаралық ұйымдардың негізгі
қағидалары. Ұымның құзіреттері және оның функциялары. Шарттық құқық
қабілеттілік. Мемлекеттің халықаралық ұйымдардағы өкілдіктері.

Әдістемелік ұсынылымдар
Семинар сабағын өту ең әуелі Халыаралық ұйымдардағы мүшелік.
Халыаралық ұйымдарға кіру тәртібі. Мүшелікті тоқтату: ұйымнан шығу.
Мүшелікті тоқтата тұру. Халықаралық ұйымдар қызметіне Қазақстанның қатысуы.
Халықаралық ұйымдар органдары. Оларды қалыптастыру қағидалары және
құзіреттерінің қағидалары және құзіреттерінің қатынастары.
Араб мемлекеттер Лигасы. Африка Бірлігі Ұйымы. Америка мемлекеттері
Ұйымы. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері Ассоциациясы.
Халықаралық конференциялар. Халықаралық конференциялардың
(үкіметаралық) ұғымы. Халықаралық конференциялар және халықаралық ұйымдар.
Халықаралық конференцияларға қатысушыар шеңбері. Жұмыс тәртібі. Қаулылардың
түрлері және олардың құқықтық маңызы.
Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар. Олардың Біріккен Ұлттар Ұйымы және
мамандандырылған мекемелерінің жанындағы консультативтік мәртебесі.

7-тақырып: БҰҰ-халықаралық әмбебеап ұйым.
Семинар жоспары:
1. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). Оның құрылу тарихы.
2. Қазіргі әлемдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының алатын маңызы.
3. БҰҰ-ның Жарғысы. Мақсаты мен қағидалары. Мүшелік.

Сабақтың түрі –баяндаманы тыңдау
Біріккен Ұлттар Ұйымының органдар жүйесі. Қауіпсіздік Кеңесінің Бас
Ассамблеясы. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес. Қамқоршылық жөніндегі
Кеңес. Халықаралық Сот. Секретариат. Біріккен Ұлттар Ұйымының Европалық
бөлімі. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы мемлекеттің тұрақты үкіметі.
Әдістемелік ұсынылымдар
Осы тақырыпты талқылау барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің
халықаралық-құқықтық негіздері және жалпы сипаттамасы. БҰҰ-ның
мамандырылған мекемелері. Жарғысы, құрылу тәртібі, БҰҰ-мен қарым-қатынас,
қызметінің бағыты және сипаты. Бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері
туралы діни ұйымдар.
Біріккен ұлттар Ұйымының үкіметтік емес ұйымдары жөніндегі
Комитеттері. дұрыс шешілуіне көмек көрсету.

8- тақырып: Халықаралық құқықтағы жауапкершілік.
Семинар жоспары:
1. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
2. Оның әлеуметтік жауапкершіліктің басқа да түрлерінен айырмашылығы.
3. Халықаралық жауапкершілік қызметін жүзеге асыруда жауапкершілік
институтының атқаратын ролі.
4. Мемлекеттің халықаралық-құқықтық жауапкершілігі.
Халықаралық-құқықтық міндеттемелердің сақталмауы жауапкершілікке
тартуға негіз болып табылады.
Сабақтың түрі-семинар дискуссия
Халықаралық құқықбұзушылық ұғымы. Халықаралық құқық бұзушылықтың
жіктелуі: халықаралық деликтілер және халықаралық қылмыстар. Халықаралық
қылмыстардың түрлері. Халықаралық құқық бұзушылықтың түрлі категорияларына
қатысты туындайтын халықаралық-құқықтық қатынастар. Мемлекет – халықаралық
құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде. Мемлекеттің құқыққа қарсы қылықтары
(органдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі), келтірген зиянды зардаптары
және халықаралық құқық бұзушылықтың құрамды элементі ретіндегі себепті
байланыс. Мемлекетті жауапкершілікке тартатын кінәнің маңызы.
Әдістемелік ұсынылымдар
Семинар сабағын өту барысында Мемлекеттің халықаралық-құқықтық
жауапкершілігінің түрлері: саяси және материалдық жауапкершілік. Олардың
нысандары. Баса-көктеп кіргені үшін (агрессия) мемлекеттің тартылатын
жауапкершілігінің ерекшелігі. Қазақстан заңдары бойынша халықаралық-
құқықтық жауапкершілік мәселелерінің сипаттағы қылмыстар үшін жеке
тұлғалардың Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі. Халықаралық ұйымдар
халықаралық жауапкершіліктің субъектісі және халықаралық шағымдардың
(претензий) субъектісі ретінде.
Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі. Жеке тұлғалардың
қылмыстық жауапкершілігін реттейтін, негізгі халықаралық-құқықтық актілер:
жарғылар және Ньюрнберг және Токио әскери трибуналдарының үкімі. 1946 жылғы
11 декабрьдегі Ньюрнберг трибуналының статутымен танылған, халықаралық
құқықтың қағидаларын бекіту туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының
Революциясы: Әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстарға ескіру
мерзімін қолданбау туралы 1968 жылғы Конвенция. Геноцид және апартейд және
басқа да халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілік. Халықаралық
жауапкершілігі, жеке тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту тәртібі.
Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі.

9-тақырып. Халықаралық құқықтағы адам құқығы.
Семинар жоспары:
1. Мемлекеттің тұрғындары және оның құрамы. Түпкілікті, яғни жергіліктіу
халықтың құқығы.
2. Азаматтық институты және оның қазіргі халықаралық қатынастардағы
маңызы.
3. Халықаралық құқықтың азаматтық мәселелері бойынша негізгі ережелері.
4. Шетелде жүрген азаматтарды дипломатиялық қорғау.

Сабақтың түрі-рефераттарды тыңдау
Азаматтықты алу және одан айрылу тәсілдері. Тууы бойынша
азаматтықты алу. Натурализация. Оптация. Трансфер. Ата-аналарының
азаматтықты өзгертуіне байланысты балаларының азаматтығы мәселелері.
Азаматтықтан айрылу. Азаматтықты қайта қалпына келтіру. Қос азаматтық. Қос
азаматтықты жою туралы Қазақстанның жасасқан шарттары. Азаматтық туралы
Қазақстан-Ресей арасындағы шарттардың ерекшеліктері. Азаматтығы жоқ
тұлғалар. Азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайлары. Азаматтық
мәселелері жөніндегі халықаралық шарттар. Қазақстан заңдарындағы азаматтық
мәселелері.
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жыл 20
желтоқсандағы, 1995 жылғы өзгертулер мен толықтырулар енгіузілген Қазақстан
Республикасының Заңы.
Шетелдіктердің құқықтық жағдайы. Шетелдіктердің құқықтық режимінің
ерекше түрлері: ұлттық режим.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы. Адам
құқықтары мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық
құқықтағы адам құқықтары мәселелері бойынша негізгі өзгертулер. Біріккен
Ұлттар Ұйымының Жарғысы. 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға ортақ
Декларациясы. 1966 жылғы адам құқықтары туралы пактілері және адам
құқықтары жөніндегі басқа да халықаралық шарттар. Геноцид, апартейд және
нәсілдік кемсітушілікпен халықаралық күрес. Геноцид, апартейд және нәсілдік
кемсітушілікке тиым салу, тоқтату және қысқарту туралы 1973 жылғы
конвенциялар.

Әдістемелік ұсынылымдар
Семинарлық сабақтың барысында Әйелдер мен балалар құқықтарын ерекше
қорғау. Әйелдердің саяси құқықтары жөніндегі 1953 жылғы Конвенция, Тұрмысқа
шыққан әйелдердің азаматтығы туралы 1957 жылғы Конвенция, некелік жас,
некенің тіркелуі және некеге тұруға келісім жөніндегі 1962 жылғы Конвенция,
әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысанын жою туралы 1979 жылғы
Конвенция, бала құқықтары туралы 1989 жылғы Конвенция.
Халықаралық Ұйымдар Конвенциясы. Зиян келтіретін жағдайда жұмыс істеу
мәселелері. Әскери қақтығыстар кезінде адам құқықтарын қорғау.
Паналау құқығы. Паналау құқығы туралы 1967 жылғы Декларация. 1951 жылғы
босқындар мәртебесі туралы Конвенция. Қазақстанның көші-қон саясаты.
Адам құқықтары туралы халықаралық-құқықтық актілерге Қазақстанның
қосылу қажеттілігі айқындалады.

10-тақырып. Әскери қақтығыстар құқығы.
Семинар жоспары:
1. Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі.
2. Халықаралық-қоғамдық қауіпті туғызатын қылмыстардың таралуы.
3. Қылмыс жасаушы тұлғалар мен объектілердің бір елден басқа бір елге орын
ауыстыруы.

Сабақтың түрі-семинар дискуссия
Қылмыстармен нәтижелі күрес жүргізу үшін мемлекеттер
ынтымақтастығының қажеттілігі. Халықаралық қылмыстық құқық туралы
мәселелер.
Ынтымақтастық аясы:
а) Құлдықпен күрес, құл сатумен және адамдарды сатудыңбасқа да
нысандары. 1926 және 1956 жылдардағы конвенциялар; б) психотроптық заттар
және есірткі құралдарын заңсыз өндіру және таратумен күрес. Ортақ
конвенция; в) теңіздегі қарақшылықпен күресу; г) әуе кемелерін заңсыз
басып алу және азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне бағытталған басқа да
заңсыз әркеттермен күресу. 1970-жылғы Гаага Конвенциясы. 1971-жылғы
Монреаль Конвенциясы.
Әдістемелік ұсынылымдар
Қазақстанның бірқатар көрші мемлекеттермен жасасқан әуе кемелерін айдап
болдырмау туралы екі жақты шарттары;
д) әр түрлі нысандардағы халықаралық терроризм. 1973-жылғы халықаралық
қорғауға ие тұлғаларға, соның бірге дипломатиялық агенттерге қарсы
қылмыстарды болдырмау және жазалау туралы Конвенция. Жалдамалылық үшін
жауапкершілікті халықаралық-құқықтық регламентациялау мәселеплері.
Мемлекеттердің қылмыстылықпен күресу туралы халықаралық шарттарына
қатысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық бірлестікті құқықтық реттеу
Заманауи халықаралық құқық
Азаматтық құқықтың қағидалары
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
Кәсіпкерлік құқықтың пәні, әдісі, қағидалары
Халықаралық құқықтық норма ұғымы мен белгілері
Халықаралық құқықтың түрлері, қайнар көздері
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Азаматтық құқық жүйесі
Пәндер