Бақылау жұмысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ф-7.03-03
Жаманқараева Ғ.С.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ
пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде
әдістемелік нұсқау

ШЫМКЕНТ 2015

Ф 7-03-03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Мемлекет және құқық теориясы кафедрасы

Жаманқараева Ғ.С.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ
пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде
әдістемелік әдістемелік нұсқау

Оқу түрі: сырттай

ШЫМКЕНТ 2015

Құрастырған: Жаманқараева Ғ.С.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша
5В011500- - Құқық және экономика негіздері мамандығы студенттері үшін
студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік
әдістемелік нұсқау

Шымкент: ОҚМУ, 2015. 18 б.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша
студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік
әдістемелік нұсқау ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылдың 9
желтоқсанында № 753 бұйрығымен бекітілген кредиттік оқыту жүйесінің жалпы
ережелеріне сәйкес жасалынған.
Әдістемелік нұсқау 5В011500-Құқық және экономика негіздері
мамандығының студенттеріне арналған.

Пікір жазған: Исмаилов А.А.- з.ғ.к. доцент, М. Әуезов атындағы ОҚМУ –
нің “Криминалистика және қылмыстық құқық”кафедрасы.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде (28.09.2015ж № 2 хаттама),
ЗжәнеХҚ институтының әдістемелік кеңесінде (30.09.2015ж № 2 хаттама)
бекітіліп, баспаға ұсынылды.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ – нің Ғылыми – әдістемелік Кеңесінде бекітілген.

Кіріспе
5В011500-Құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша
студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру, болашақ мамандардың өзіндік
жұмысы бойынша кәсіби біліктілікті арттыру, қазіргі заман жоғарғы оқу
орнының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Халықаралық тәжірибе оқу
ісіне өзіндік жұмыстардың әрқилы түрлерін енгізу қажет екенін дәлелдеп
отыр. Құқық және экономика негіздері мамандарын дайындауда қойылатын
қазіргі заман талаптарына сәйкес, студенттердің өзіндік жұмысын
интерактивтеу жасау қажет екенін көрсетіп отыр. Себебі, өзіндік жұмысының
негізгі мақсаты болып студенттің таным қабілеті, шығармашылық белсенділігі
және ойлау қабілеті мен зерттеу потенциалын дамыту болып табылады.
Оқу-тәрбие ісінде студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастыру
бірқатар ережелерден тұрады.
Біріншіден, қазіргі замандағы білім беру және оқытудың мақсатын дәл
ұсыну қажет. Қазіргі таңда, ақпараттық қоғамда тұлғалардың шығармашылық
қабілеттерін дамытуға үлкен көңіл бөлініп отыр. Білім берудің басты
субъектілері - оқытушы және студент арасындағы қатынас та өзгеруі керек.
Оқытушы тек қана білім беруші ғана емес, сонымен қатар басқа тұлғаны
тәрбиелей алатын шығармашылық тұлға болуы керек. Студент білім берудің
объектісі ғана емес, сонымен қатар субъектісі, яғни оқу ісінің белсенді
қатысушысы болуы шарт.
Екіншіден, аудиториядан және тыс жүргізілетін сабақтарды ажырата білуі
қажет. СӨЖ - бұл студенттің шығармашылық қызметі.
Оқыту - бұл екі тұтас процесс. Бүгінгі таңда жоғары біліктілікті
маманды дайындау үшін акцентті репродуктивті ойлаудан продуктивті ойлауға
өткізу қажет болып отыр.
СӨЖ-тұлғаны тәрбиелеуде де үлкен орын алады.
Оқу процесінде СӨЖ әртүрлі қызметтерді атқарады: танымдық, шығармашылық
және тәрбиелеу.

СӨЖ-ның ықпал ету керек объектісі:
➢ көзқарасты қалыптастыруға;
➢ тұлғаның мәдени рухын көтеруге;
➢ өмірлік белсенділігін арттыруға;
➢ іс-тәжірибелік қызметін қалыптастыруға ықпал етеді.

СӨЖ:
-студенттің әдебиетпен жұмыс істеп, өзіндік ақпараттар жинауға, нақты шешім
қабылдауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеуге, жұмыс уақытын жоспарлауға және
ұйымдастыруды үйретуге, студенттің үй жұмысын орындауда семинарларға
дайындалуға, аралық және қорытында бақылауға дайындалуға оқу материалдарын
тереңінен қолдануға, ноы пайдалана білуге үйретеді.

Өзіндік жұмысты жоспарлау:
-өзіндік жұмыстың көлемін анықтағанда студент уақытының жалпы бюджетін
есепке алу;
-пән бойынша өзіндік жұмыстың мерзімін анықтау;
-өзіндік жұмыстың нақты түрлерінің еңбек сыйымдылығын анықтау;
-студенттің жұмыс уақытын сапалы бөлу.

СӨЖ ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
-СӨЖ-ын оқу-әдістемелік кешенде немесе силлабуста жоспарлау, сондай-ақ
білімді бақылау кестесін жасау және оны оқытушылар мен студенттер қатаң
сақтауы;
-СӨЖ бойынша уақытылы және сапалы кеңестер өткізу;
-СӨЖ тапсыру уақытының бұзылуы балл мөлшерінің азайуына әкеп соқтырады,
сондықтан дер кезінде қабылдау;
-СӨЖ-ын жүргізу әдістемесін меңгеру.

Студенттің оқу уақыты екі бөлімнен тұрады:
-оқытушымен өткізілетін міндетті және шектелген уақыт;
-студенттің аудиториядан тыс және оқытушысыз өзіндік дайындауы.

Кредиттік технология ережелеріне сәйкес студенттердің өзіндік жұмысы екі
кезеңнен тұрады: студенттің өзіндік жұмысын оқытушының жетекшілігімен
жүргізу және аудиториядан тыс өзіндік жұмыс (СӨЖ).
Сонымен, кредиттік жүйе өзіндік жұмысты бірінші орынға қояды. Сондықтан,
жалпы оқу уақыт көлемінің 70% өзіндік жұмысқа арналады, сол себепті СОӨЖ-
дің өзінің арнайы мақсаты бар, яғни оқытушы студенттің СӨЖ-ді жасауына өз
үлесін қосады.

СОӨЖ-ді өткізу үшін келесі талаптар қойылады:
– Сабақ кестесінде жеке қатарға қойылады;
– Өзіндік дайындыққа сұрақтарымен бірге жоспар құрылады;
– СӨЖ бойынша әртүрлі формадағы тапсырмалар дайындалады;
– СӨЖ өткізу интерактивті әдістерге негізделу керек, себебі студенттердің
оқу материалдарын еске сақтау қабілеті көтеріледі;
– СӨЖ әртүрлі формаларда өткізілуі қажет;
– Сабақты өткізу үшін демонстрациялық және көмекші материалдар қажет.
Өзіндік дайындық уақыты студенттің өзінің білімін арттыруға бағытталған
және бұл оқу процесімен тығыз байланыста жүреді.

Студенттің өзінің білімін арттыру келесі формаларда жүзеге асады:
– бекітілген бағдарлама және оқулықтар арқылы;
– тапсырмаларды өз бетінше орындап, қосымша теориялық және
практикалық материалдарды қолдану арқылы.
Үй жұмысы – бұл студенттің міндетті жұмысы. Ол арқылы студент лекция
материалдарын, оқулық, оқу құралдарын қолдана отырып зерттейді және
меңгереді.
Өзіндік жұмысты міндетті сабақ ретінде жоспарлау керек.
Кез-келген тест-рейтинг жүйесі нақты СӨЖ кестесіз жүзеге аспайды.
СӨЖ-ді жоспарлау негізі - студенттердің білімін бақылау кестесі болып
табылады және де бұл кесте кафедра тақтасында ілініп тұрады. Ол әр топқа
таратылады. Сондай-ақ, осы кесте арқылы студенттер триместр негізіндегі
әрбір тапсырманың көлемін біле алады.
Оқу сабағының келесі қажетті түрі – бұл лекция. Студент лекцияны неғұрлым
жақсы меңгерсе, бүкіл пәнді де жақсы меңгереді. Ал лекцияның өзі СӨЖ-ді
жан-жақты белсенді жұмыс істеуге ықпал етеді.
Лекция арқылы студент негізгі мәселеге көңіл бөліп, тақырып бойынша ойлау
қабілетін дамытады. Оқытушы студенттерге оқулықтан және лекциядан керек
тақырыпты тапсыруы керек. Сондай-ақ, оқытушы тақырыптағы негізгі
ұғымдарға түсінік беріп, практикада осы курстың қандай пайдасы бар екенін
анықтайды.
Студент лекция кезінде алған қысқаша білімін бағалап, өзіндік жұмыспен
айналысады. Лекцияның түсініксіз жерлері конспектілерде көрсетіледі.
Лекцияның соңында студент оқытушыға сұрақ қойып конспектісін толықтыра
алады. Сол үшін оқытушы сабақтың соңына 5-10 минут уақыт қалдыру керек. Бұл
үшін экспресс-бақылау және тест тапсырмаларын қолданылады.
Лекцияны конспектілеу – өте күрделі еңбек. Студент лекцияның жоспарын
тыңдап алып, оны дәл және талқылап керегін алуы керек. Негізінен лектор
лекцияны әртүрлі жағдайда оқиды: интонацияны көтеріп, мәтінді баяулатып
немесе жеделдетіп, кейбір жерлерін қайталауы мүмкін.
Лекция сияқты семинарда білім беруде үлкен рөл атқарады.
Семинардың негізгі мақсаты – студенттің шығармашылық ойын дамыту, сондай-
ақ ғылыми көзқарасын қалыптастыру, студенттің танымдық қиыншылықтардан өту
қабілетін арттыру болып табылады. Семинар сұрақтарын терең және жан-жақты
талқылау, студентті қабілетті дұрыс жұмыс істеуге үйретеді.
Семинар өз мақсатына жету үшін оқытушы алдын-ала жұмыс жүргізуі керек.
Семинарды өткізу және ұйымдастыруда ең шешуші рөл оқытушыға берілген.
Семинардың негізі болып, кафедрамен жасалынған семинар сабағының жоспары,
СӨЖ тапсырмалары, реферат тақырыптары, дебат, дискуссия және әдебиеттер
тізімі табылады.
Реферат жазу – бұл күрделі жұмыс және ол көп уақытты талап етеді. Сол
себепті СӨЖ тапсырмаларын, реферат тақырыптарын алдын-ала беру қажет.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда кеңестер үлкен орын алады. Негізінен
семинарға реферат жазуға әдістемелік кеңестер беріледі.
Кеңесте оқытушы келесі жұмыстарды жасау керек:
– Студентті жұмыс қиыншылықтарынан өз бетінше өтуді үйрету.
– Студенттің жеке қабілетін зерттеу.
– Бақылау әдістемесі арқылы СӨЖ-дің сапасын тексеру. Бақылау әдістемесі
семинар және емтиханмен қатар маңызды форма болып табылады.
Әрбір модульдің соңында аралық бақылауды орындау көзделген. Оқытушы аралық
бақылаудың формалары мен мерзімдерін студентке триместр басында жариялау
керек. Аралық бақылауға дайындық - СӨЖ-дің негізгі бөлігі болып
табылады.
Емтихан сессия кезіндегі СӨЖ оқу материалдары мен тест сұрақтары,
емтихан алдындағы кеңестер үлкен көмек көрсетеді.
Қазіргі замандағы білім беру жүйесі инновациялық технологиялардың дамыған
кезінде, студенттердің өзіндік жұмыстарының орындау мүмкіндігі мол
екендігін көрсетіліп отыр. Өзіндік жұмыс процесінде кітапхана, интернет,
медиатека немесе телекоммуникативті тораптарға қолдану студентке
біліктілікке ие болуға мүмкіндік береді.
СӨЖ ұйымдастыру оқу процесінің бірқатар формаларымен қатынасқа түсетінін
көрсетеді. Атап айтқанда:
1. Белгілі бір пәнді оқығанда СӨЖ-дің нақты орнын анықтау.
2. Лекциялық және семинарлық сабақтардың СӨЖ-ге бағытталғандығы.
3. Оқу материалдарының көлемі мен формаларын дұрыс таңдау.
4. Тапсырмаларды орындау жайлы әдістемелік нұсқаулармен ұсыныстардың болуы.

5. СӨЖ-дің оқу сабақтардың басқа да формалары мен сәйкес болуы.
СӨЖ-ді өткізу мен және ұйымдастыру технологиясы келесі элементтерден
тұрады: СӨЖ-ді жоспарлау, әдістемелікпен қамтамасыз ету, орындалушы
бақылау және анализ жасау.
Кредиттік технология бойынша заң факультеттерінде СӨЖ-дің келесі
формалары ұсылынған:
– Нақты тақырып бойынша нормативтік материалдар мен қайнар көздерді
зерттеу.
– Реферат жазу.
– Коллоквиум тапсыру.
– Бақылау жұмысын жазу.
– Практикалық материалдарды жинау және зерттеу.
– Пікір-сайыс және рөлдік ойындарға материалдар дайындау.
Жоғарыда көрсетілген тізім үлгі ретінде көрсетіледі және кафедралар басқа
да СӨЖ-дің түрлерімен толықтырды.
Бірқатар түрлерге қарап шығайық.
Коллоквиум - бұл студенттің білімі бар білім шеңберінде біліктілігін
арттыруға бағытталған. Осы арқылы студент оқу материалдарын зерттеген, өз
білімін бағалап, емтиханға терең дайындалуына ықпал етеді. Коллоквиумды
өткізу үшін жоспар құру керек. Бұл жағдай да студенттің біліктілігі артады.
Алайда оқытушымен студенттің арасында кері қатынас пайда болуы мүмкін, яғни
студенттің жұмысы қанағаттанарлықсыз болуы мүмкін. Оқытушы бұл жағдайда
әрбір студент жайлы мәлімет алып, олармен жеке жұмыс жүргізеді. Мәселен,
қосымша консультациялар береді, тақырып бойынша баяндама жазуға тапсырма
береді, әдістемелік көмек береді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы тереңдетип окыту
Орта мектепте «жарық дисперсиясы» тақырыбын оқыту әдістемесі
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі
Білімгердің өзіндік жұмысын басқару
Ішкi бақылаудың негiзгi элементi – түгендеу
Мектептегі басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Оқушылардың білімін, дағдыларын бақылау және бағалаудың маңызы мен міндеттері
Білімді бағалаудың критерийі
Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру туралы
Пәндер