Семинар сабақтарына тапсырмалар


Ф. 7. 03-03
Елікбай М. Ә.
"Қазақстан Республикасының жер құқығы " пәні бойынша
семинар сабағын орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент, 2014 ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Азаматтық және еңбек құқығы» кафедрасы
Елікбай М. Ә.
"Қазақстан Республикасының жер құқығы " пәні бойынша
студенттердің семинар сабағын орындауына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
5В030100-Заңтану мамандығында оқитын студенттер үшін
Оқу нысаны күндізгі, сырттай
Шымкент, 2014 ж
ӘОЖ 34-574
Құрастырған аға оқытушы Елікбай М. Ә.
"Қазақстан Республикасының жер құқығы" пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындауына арналған әдістемелік нұсқау.
Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2014. -40б.
Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің әдістемелік нұсқауы оқу бағдарламасының және оқу жоспарының талаптарына сәйкес жасалған және студенттердің семинар сабағын орындауына барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.
Әдістемелек нұсқау «Заңтану» 5В030100 мамандығы бойынша студенттерге арналған.
Қысқаша анотация. Қазақстан Республикасының жер құқығын оқып үйрену құқықтың жəне жер құқығының жалпы теориясына сəйкес жер құқығының пəні болып объектісі жер болып табылатын ерікті қоғамдық жер қатынастары табылады. Жер қатынастары - жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.
Жер құқығы - бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін қоғам мен жер аясындағы қарым-катынасқа байланысты коғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады.
Пікір жазғандар (рецензент) :
Елікбай М. Ә. - з. ғ. к., М. О. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Азаматтық құқық және еңбек құқығы» кафедрасының меңгерушісі
Жаналиева А. Ж. -з. ғ. к. М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық Институтының « Құқықтану » кафедрасының меңгерушісі
«Азаматтық құқық және еңбек құқығы» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды және баспаға ұсынылды.
(№ _1__ хаттама «29» 082014 ж. ) .
«Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің әдістемелік коммисиясы
(№ 1 хаттама « 14» 092014 ж. ) .
Баспаға М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ң Оқу -әдістемелік Кеңесі ұсынған.
№ хаттамасы " " 2014 ж.
© М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2014 ж.
Шығарылымға жауапты Сарсенова Н. Ш.
Мазмұны
Кіріспе
Семинар сабақтарын жүргізу нысандары
Теориялық семинар
Семинар диспут
Реферат және баяндамаларды талқылау
Сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі ҚР жер заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары
2-тақырып. Жер құқығының қайнар көздері. Жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы
3-тақырып. Жер құқық қатынастары түсінігі мен түрлері Жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтар түсінігі мен ерекшеліктері
4-тақырып. Жер пайдалану құқығының түсінігі мен түрлері. Жерге ақы төлеу негіздері
5-тақырып. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Жерді тиімді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау
6-тақырып. Жерге орналастыру. Жер мониторингі, жер кадастры. Жер іс жүргізуінің түсінігі, жер іс жүргізушілік нормалар және олардың түрлері
7-тақырып. Жер заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық. Жер дауларын шешу. Жер дауларын шешу. 8-тақырып. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлрді шетел заңды тұлғалары мен азаматтарына берудің ерекшеліктері.
9-тақырып. Елді мекен жерлерінің құқықтық тәртібі, түсінігі мен құрамы. Елді мекен жерлерін басқару. Өнеркәсіп, көлік, байланыс қорғаныс және ауыл шаруашылығынан басқа мақсатқа арналған жерлердің құқықтық тәртібі
10-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының және оларға берілген жерлердің түсінігі, құрамы, ерекшеліктері
11-тақырып. Орман қоры жерлерінің құқықтық тәртібі және оны басқару.
Орман шаруашылық өндірісіне келген шығынды өтеу тәртібі мен негіздері
12-тақырып. Су қоры жерлерінің құқықтық тәртібі. Су қоры жерлер басқару. Су қоры жерлерін пайдаланудың құқықтық тәртібі
13-тақырып. Босалқы жерлердің құқықтық тәртібі
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Тесттер
СӨЖ тапсырмалары
Қолданылған әдебиеттер
1Кіріспе
Жер құқығы пәні құқықтану мамандығы бойынша дәріс алып жүрген студенттердің теориялық білім деңгейлерін жоғарылатумен қатар, семинарлық дәрісінде тәжірибелік тапсырмалармен ұштастыру үшін қарастырылып отыр. Еліміз егемендігін алып, өз алдына ел болып өз құқықтарын түзе бастағаннан бері түрлі салалар бойынша туындап жататын, еліміздің бүгіні мен болашағын қамтамасыз етіп отыратын маңызды мәселелер мен адамзаттың негізгі әрі маңызды апартаменттерінің бірі болып табылатын жерге қатысты туындайтын мәселелерді реттеу аталған курстың мақсаты әрі міндеті. Кез келген сала маманы осы пәнмен, осы мәселелермен етене таныс болуы тиіс. Өйткені кез келген сала - заң, экономика, халықаралық қатынастар т. б. салалар өз қызметтерінде осы саламен тығыз өзара байланысты.
Жер құқықты оқытудың мақсаты - жер құқығы студенттердің ғылыми көзқарасын, осы сала бойынша білім деңгейін арттыруға, оларды өмірге, еңбекке, қоғамдық қызметке дайындауға, ел ішіндегі мемлекеттің негізгі атрибуттарының бірі болып табылатын жерге қатысты жағдайларды жақсы тұспалдауына көмектеседі. Сонымен бірге пәннің оқытылу міндеті студенттерді жүйеленген қоғамдық құқықтық тәрбиеге, қоғамның өнегелік және құқықтық ережелерін орындауға, сондай-ақ өмірге деген белсенділігін арттыру болып табылады.
Бұл пәннің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы жер құқығы жер ресурстарын пайдалану және қорғау барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизмі туралы студенттерге керекті білім беру мақсатын көздейді.
Пәнді оқытудың міндеттері - жер құқығының негізгі теориялық мәселелерін меңгеру, жер құқығының жаңа нарық экономикасы жағдайындағы атқаратын міндеттерін білу, жер қорының негізгі объектісі - Қазақстан Республикасының жер қорының құрамын және ережесін білу, жер заңының қазіргі және келешегіне мән беру.
Курсты оқыту барысында Қазақстан Республикасындағы жер құқығы, жоғарыда аталып өткендей, жерге меншік құқығы, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалану, оны басқару мен қорғау қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын Қазақстан Республикасының құқығының дербес саласын таныстырады.
Қазақстан Республикасы жер заңдарының мiндеттерi: жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн; жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу; жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлiк рыногын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
Семинар сабақтарын жүргізу нысандары
Студенттің семинарлық сабақққа қатысуы оқу жоспарының міндетті шарты болып табылады.
Семинар сабақтарының басты мақсаты - шығармашылық ойлау қабілетін
дамыту, танымдық қиыншылықтарды жеңіге, ғылыми дүниетанымды қалыптастыру және білімді жеке көзқарасқа айналдыру. Семинар сұрақтарын жан-жақты және терең талдау, студенттерді өзіндік және логикалық ойлауға, пікірталас жасауға, студенттерді әдебиетпен жұмыс жасау барысында байыппен еңбектенуге үйретеді.
Студенттердің семинарға дайындалу негізінде кафедрасының семинар сабақтарының жоспары. Әр тақырып бойынша қолданалатын әдебиеттердің тізімін және семинарлық сабақтардың жоспарларымен уақытылы таныстырып өту қажет.
Семинар бұл талқыланытын мәсеселер бойынша барлық тыңдаушылар өздерінің пікір ойларымен алмасыу қажет. Сондықтан студенттердің тақырып бойынша конспектілері болуы қажет және де сол тақырып бойынша семинарлық сабаққа дайындалып келуі қажет.
Семинарды таңдау нысаны әртүрлі факторларға байланысты болады: пәннің сағат көлеміне, топтағы студенттердің санына, курстардың тақырыптардың өзара арақатынастарына байланысты болады т. с. с. Басқа да сабақтардың тақырыптары бойынша: практикалық сабақтар, ойындар, оқытуларға көңіл бөлінеді.
Семинарлық сабаққа дайындық барысында, оқытушы семинарлық сабақтың ең негізгі мақсаты - бұл студенттердің өзіндік жұмысының деңгейін арттыруға бағытталуы қажет.
Семинарлық оқытуда өз-өзіне сенімділік күші дамиды, өз-өзінің мақсатына жету мүмкіндіктері сеніммен артады.
Сонымен, семинарлық сабақтар студенттердің өзін-өзі дайындаудағы қателіктерін уақытылы жою және ол қателіктердің қайталанбауын және тақырыптарды жауапкершілікпен қарауын қамтамасыз етеді. Семинардағы сапалы бақылаулар студенттердің өзіндік жұмысының сапасын жақсартады және келесі сабақтар бойынша шығармашылық талқылауларға дайындайды.
Семинардың нысандары:
- сұрақ-жауап семинар;
- студенттреге күні бұрын берілген жоспар бойынша жан-жақты әңгіме өткізу;
- студентердің ауызша баяндамалары, соңынан оны талқылау;
- жазбаша рефераттарды талқылау;
- теориялық конференция;
- семинар диспут;
- түпнұсқаға түсінік бере отырып оқу;
- тағы басқа
ЖОО-да негізінен алғанда жоғары курстарда арнайы семинарлар өткізіледі. Бұл семинардың жоғары формасы, онда студенттер рефераттар мен баяндамаларды орындау барысында қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Оқытушының қорытынды сөзімен семинар аяқталады.
Теориялық семинар
Семинар өткізудің өзіндік сипаттамасы, мақсаты, тапсырмасы бойынша үш түрге бөлінеді:
Теориялық семинар оку тәртібі боиынша оқытудың бірінші этапы кейінгі кезеңінде қажетті.
Теориялық семинарда әртүрлі әдіс-тәсілді қолдануға болады және барлық студенттер нақты түсініктер мен конструкцияларды қолдана алады Бірнеше студенттерге бірге немесе жекеше бір тақырыпқа талқылауға дайындауға тақырып беріледі. Жеке студенттерге нақты бір мақалаға қүнделікті тудыратын қызықты қоғамдық проблемалар туралы тапсырма беріледі.
Семинарлар, дәрістер секілді, сабақтың теориялық формасына жатады. Студенттер семинар сабақтарында дәрістерден және өзінің дербес жұмысы арқылы алған білімін тереңдетіп, нығайтады, өз сенімін тексереді және айқындайды, терминологияны меңгереді, сол арқылы еркін оқуға үйренеді, өз көзқарасын қорғайды
Семинар-диспут
Семинар-диспут бұл ғылыми қоғамға қажет тақырыптарға жария пікір-талас. Диспут барысында өзінің әріптесіңді немесе қарсыласыңның пікірін тыңдау керек. Оның ұстанған позициясын, оның ұсынған аргументтерінің жүйесін, түсініп тыңдау керек. Егерде оның ұсынған аргументі сенімсіздік тудырса, қатысушылардың алдында өзіндік қөзқарасын түсіндіріп, дәлелдей білу керек.
Диспутты өткізу үшін студенттердің теориялық дайындықтары болу керек. Мұндай семинар өзін өзінің мақсатын студенттердің көпшілігі пікір талас сұрақтарға өздерінің көзқарастары бар жағдайда іске асыра алады. Оны дөңгелек үстел ретінде өткізуге болады, әр студент өзінің ұстанымын айтып, мұғалім немесе тыңдаушылар қортындылап бір шешімге келді. Семинар-диспутты іскерлік ойын элементтерімен арқылы өткізіге болады. Ол үшін талқыланып жатқан мәселелерге екі-үш кеңінен таралған көзқарастар талқыланады, тыңдаушылар жақтаушыларға немесе қарсыластарға болып бөлінеді. Бөлінген топтар өздерінің нақты дәлелдерін, ұстанымдарын, дәлелдемелерін ұстанады. Студенттер арасындан сарапшыларды таңдауға болады, ар ұйымдастыру және қатысуы болып есептеледі. Ол семинар өткізілуінің барысын қадағалайды. Семинар барысында оқытушы мәселелерді белгілейді, тапсырмаларды қалыптастырады, әдебиеттерді береді. Сонымен, оқытушы семинарды бітіріп, қортындылап, қызықты сәттерді және жақсы жауап берген тыңдаушыларға баға береді.
Семинардың жақсы өтуі студенттің алдын -ала диспутқа, өзіндік жұмысқа дайындығына байланысты. Қортынды семинар жеке тақырыптардың қортындылау мақсатын ұстанады. Егерде курс барысында студент өзінің жақсы білімін көрсетсе, оның бағасы ескерледі. Студентті соған алдын-ала дайындау керек. Мұндай шара студеттің өзіндік жұмысқа деген қызығушылын арттырады. Семинарлық сабақтардың тапсырмасы мен мақсаты: өзіндік ойлау, студеттердің шығармашылық белсенділігін арттыруды, студенттің ғылыми -зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, анықтама әдебиеттерін дұрыс қолдануды дамыту болып табылады.
Студенттерге ғылыми дисскуссияның негізгі тәртіптерін білген және сақтаған жөн:
- Болмашы нәрсеге егескенше, нақты іске талас.
- Адамды емес, идеяны сана.
- Өзінің таласқан адамның көзқарасын құрметте.
- Өз көзқарасыңды баяндамастан бұрын, мүмкіндігінше, жауап қайтаратын көзқарасыңды дәл белгіле.
- Кіммен пікір таластырсаң, оған үстемдік етуші болма.
- Өзіңнің білімің мен шешендігіңді көрсеткеннен гөрі, шындықты анықтауға тырыс.
- Өз кінәңды мойындай біл, жеңілген жағдайда әділ өзге тоқта.
Реферат және баяндамаларды талқылау
Ең кең тараған формасы - студенттердің ауызша баяндамаларын тыңдау және талқылау. Студенттер хабарламаның сұрақтарын немесе тақырыптарын күні бұрыналып, сол бойынша түпнұсқамен даярланады да, қорытындыны өз бетінше түйіндейді. Студент сөйлеген кезде топ оны мұқият тыңдауы, содан кейін оған сұрақ беруі, сөйлеген сөзін толықтыру және айқындауы, сөйлеушінің мағыналық, логикалық немесе сөйлеу кемшіліктерін сыпайы түрде көрсетуі тиіс, бұл болашақ мұғалімге өте қажетті.
Семинар сабақтарының нәтижелі болуының басқа бір маңызды шарты -
сенімділік жағдайы , мұндайда студент қателесемін деп қорықпай, талас идеялары айтады. Реферат кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Тақырыпқа сай рефераттың жоспары құрылады, соңында пайдаланған әдебиеттердің тізімі беріледі. Кіріспеде, студент тақырыптың көкейтестілігін таңдау себептерін тұжырымдайды. Жұмыстың мақсатын, міндеттерін, қандай ғылыми-іздену әдістерін пайдаланғаны туралы баяндайды. Негізгі бөлімде берілген тақырыпқа байланысты әдебиеттерге, оқулықтарға талдау жасалып, баяндалады, нақты материалдармен иллюстрация жасалынып өз ұсыныс, пікірлерін түсіндіреді. Қорытынды бөлімінде жұмысқа қорытынды жасалып, кіріспеде қойылған міндеттерге байланысты қорытындылар тиянақты тұжырымдалады. Реферат шығармашылық сипатта болуы шарт.
Рефераттың соңында қолданылған әдебиеттер беріледі. Әдебиеттер алфавиттік қатар бойынша библиографиялық стандарттары толық сақталып көрсетіледі. Реферат оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.
Реферат міндетті түрде бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде
дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қайнар көздерге сілтемелер, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.
Реферат тақырыбын тандау студенттермен дербес жүзеге асырылады. Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кеңескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты нормативті құқықтық актілердің, құқыққолданушылық және өзге құжаттардың бары анықталады. Реферат жоспары ашылатын тақырыптың ішкі тұтастығын көрсетуге тиісті. Реферат құрылымы қысқаша кіріспеден, негізгі бөлімнің 2-3 парақтарынан, қорытындыдан және қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады. Кіріспеде (1-1, 5 бет) тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті негізделеді. Негізгі бөлімде мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.
Сабақтың мазмұны
1-тақырып. Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі.
ҚР жер заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары
Семинар жоспары
- Жер құқығы құқық, заңнама, ғылым саласы және оқу пәні ретінде.
- Жер заңнамасының мақсаттары.
- Жер заңнамасының міндеттері.
Сабақтың өту түрі - семинар-дискуссия
Жер құқығының түсінігі. Жер құқығының пәні, әдісі, қағидалары. Жер құқық қатынастарының мазмұны. Жер құқық қатынастарының түрлері, жалпы сипаттамасы, субъектілері, объектілері. Жер құқығыныңа құқық салаларымен ара қатынасы.
Әдістемелік нұсқаулар
Семинарлық сабақққа дайындық үшін «жер құқық» терминіне, «жер», деген терминдерге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Семинарлық сабақтың барлық сұрақтарына жауапты анықтаулардан бастау қажет. 2003 ж. 20 маусымдағы № 442 ҚР Жер кодексіне көңіл бөлуіміз керек.
Сауалдарды талқылау ережелері
- Қарама-қарсылықтардың жалпы заңдылықтарын анықтау.
- Қоғамдағы өткен және қазіргі қарама-қарсылықтардың ерекшеліктерін және ережелерін анықтаңдар.
- Біруақытты монологтардың жайсыз жағдайлардан қашу мақсатында кикілжіңдердің табиғатын айқындау.
- Келісушілік және келіспеушіліктерді анықтау.
- мәселенің түйінін анықтау;
- мөртаңбаларды қолданудан шеттеу;
- абстракты деңгейге көшпек бұрын, нақты мәселелер туралы айтыңдар.
5. Адамдармен емес идеялармен бәстесу, яғни дауласу қажет.
- қарама-қарсы пікірлерді нақты және әділетті түрде көрсетіңдер;
- нақты өзіңдің ұстанымыңыздың қиын және күмәнданған жерлерін мойындаңыз;
-тәжірибе сипаттамасындағы айғақтарға бір жерге тоқталыңыз;
-басқа адамның қөзқарасы бойынша түсінуге тырысыңыз.
- Бейтараптық айғақтар үшін ережелерді айқындаңдар.
- Дебаттар, айтыс, талқылау, делдалдық - әрекеттерінің ережелерін айқындаңдар.
- Бөтеннің ой-пікірінің беделін қамтамасыз етуде, ережелер құру.
- Жабылу ережелерін орнату.
- салдарын, аяғын зерттеу;
- таңдау-баламаларды қарау;
- қабылданған тұжырымдағы қызығушылықтың және мәнділігін анықтау.
2-тақырып. Жер құқығының қайнар көздері. Жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы
Семинар жоспары
- Қазақстанның Ресей құрамына кіргенге дейінгі жер қатынастары
- Ресей құрамында болған кезеңдегі жер қатынастары.
- Кеңестік кезеңдегі жер қатынастары. Егеменді Қазақстаннның жер қатынастары.
Сабақтың өту түрі - ауызша сұрау
Қазақстан Республикасы аумағындағы жер қатынастарының ежелгі тарихы. Жер құқығының хандық мемлекет кезеңінен патшалық Ресейдің үстемдік еткен жылдарына дейінгі тарихы. Патшалық Ресейдің үстемдік еткен жылдарындағы жер пайдалану Қазақстанның аумағында патшалық Ресейдің жер реформалары. КСРО құрылуы кезеңінде жер реформасы
Әдістемелік нұсқаулар
Семинарлық сабақтың барлық сұрақтарына жауапты анықтаулардан бастау қажет. Семинарлық сабақққа дайындық үшін «жер учаскесі», «жер ресурстары », « жер пайдалану құқығы » терминіне, «жер құқығы қатынастарының субъектілері», деген терминдерге ерекше көңіл бөлуіміз керек.
Авторлық құқықпен реттелетін мәселелер. Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілеріне тоқталып өту керек. Мысал келтіріңдер.
3-тақырып. Жер құқық қатынастары түсінігі мен түрлері. Жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтар түсінігі мен ерекшеліктері
- Жер құқық қатынастарының субъектілері, объектілері және мазмұны.
- Жер құқық қатынастарының басталу, өзгерту және жойылу негіздері.
Сабақтың өту түрі - ауызша сұрау
Жер құқығы қатынастарының дамуы және оның түрлері. Жер құқығы қатынастарының объектілері. Жерге меншік. Жер құқығы қатынастары саласындағы мемлекеттік басқару. Жер пайдалану құқығы. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өтеу.
Әдістемелік нұсқаулар
Семинарлық сабақққа дайындық үшін жерге меншік, жер құқығы қатынастары саласындағы мемлекеттік басқару. Жер пайдалану құқығы. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өтеуде ерекше көңіл бөлулері қажет, маңызын ашып көрсету керек.
Қазақстан Республикасы жер құқығының қатынастарының субъектілеріне
меншік құқықтарының қайнар көздерін атаңдар. Әрқайсысына сипаттама беріп, мысал келтіріңдер.
Басылған мағлұматтармен жұмыс жасағанда, кішкене топтардағы жұмыстарда тиімді әдіс болып табылады. Теориялық мағлұматтарды ұғынуда, теориялық білімді жіктеу және орнықтыру үшін бұл қажетті ақпараттарды іздестіруде қолданылуы мүмкін.
Топтар 4-6 адамнан кішкене топтарға бөлінеді. Топтар бірыңғай немесе әртүрлі тапсырмалар, газеттер, журналдар, бюллетендер, фотолар алады.
Қажетті материалдар: А-1 үлкен ақ қағаздың парағы, қайшы, желім, степлер, маркерлер.
Тапсырма мынадай болуы мүмкін:
А) Газеттерде азаматтардың авторлық құқығы туралы ақпараттарды табыңдар
Б) Авторлық құқықтың нысандарын демонстрация жасаңдар
Жүзеге асырудың 4 нысаны бар:
Сақтау;
Орындау;
Пайдалану;
Қолдану.
Әр топ (4-ден) тапсырма алады, газеттен қажетті материалдарды тауып, мақалаларды, суреттерді, қырқып, мәтін-түсініктемелеріне сәйкестендіріліп, плакаттарға жапсырады.
Әр топ спикерді (немесе бірнеше спикерлерді) таңдап, жұмыстарын баяндайды. Басқа топтар сұрақтар қойып және жұмыстарын бағалайды. Жұмыс аяқталған соң, әр топ барлық газет, журналдарды жинап алу қажет, әйтпесе оқушылар қызықты мақалаларды оқып, спикерлердің не баяндағанын тыңдамауы мүмкін. Бұндай жағдайда олар топталып, спикерлердің сөз сөйлеуін ықыласпен тыңдайды.
Студенттердің ұқыпты, таза, желімдерді айғыздаудан, қоқырсытпауды сұрану қажет. (Әр топ жекеше тапсырма немесе барлығы әр түрлі тапсырма алуларына болады) .
4-тақырып. Жер пайдалану құқығының түсінігі мен түрлері. Жерге ақы төлеу негіздері
1. Жер пайдалану құқығының түсінігі мен түрлері, субъектілері.
2. Жерге ақы төлеу негіздері. Жер учаскесі үшін ақының базалық ставкасы.
Сабақтың өту түрі - «кіші топтардағы жұмыс»
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz