Бақылау жұмысын орындауға арналған тапсырмалар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Ф. 7.03-03

Елікбай М.Ә.

Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінен

бақылау жұмысын орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Шымкент, 2012 ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы

Елікбай М.Ә.

Қазақстан Республикасының жер құқығы пәні бойынша
студенттердің бақылау жұмысын орындауына арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
5В03100-Заңтану мамандығында оқитын студенттер үшін

Оқу нысаны сыртқы

Шымкент, 2012 ж

ӘОЖ 342

Құрастырған з.ғ.к. аға оқытушы Елікбай М.Ә.

Қазақстан Республикасының жер құқығы пәні бойынша студенттердің
бақылау жұмысын орындауына арналған әдістемелік нұсқау.
Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012.36 бет.

Қазақстан Республикасының жер құқығы пәні студенттердің бақылау
жұмысын орындауына арналған әдістемелік нұсқау оқу бағдарламасының және оқу
жоспарының талаптарына сәйкес жасалған және студенттердің бақылау жұмысын
орындауына барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.
Әдістемелек нұсқау Заңтану-5В03100 мамандығы бойынша студенттерге
арналған.

Қысқаша анотация. Қазақстан Республикасының жер құқығын оқу курсын
зерттеудің мақсаты студенттердің бірі болып табылатын жерге қатысты
туындайтын мәселелерді реттеу аталған курстың мақсаты әрі міндеті. Кез
келген сала маманы осы пәнмен, осы мәселелермен етене таныс болуы тиіс.
Өйткені кез келген сала - заң, экономика, халықаралық қатынастар т.б.
салалар өз қызметтерінде осы саламен тығыз өзара байланысты. ҚР жер
құқығымен жан-жақты және терең таныс болуын қамтамасыз ету. Жер құқығы
студенттердің ғылыми көзқарасын, осы сала бойынша білім деңгейін арттыруға,
оларды өмірге, еңбекке, қоғамдық қызметке дайындауға, ел ішіндегі
мемлекеттің негізгі атрибуттарының бірі болып табылатын жерге қатысты
жағдайларды жақсы тұспалдауына көмектеседі. Студенттерге жер құқығы пәні
бойынша мәлімет беру біздің міндетіміздің бірі. Жер құқығы негізі заңдарын
үйреніп, пән бойынша курсын дамыта отырып, өз білімдерін заң жүзінде терең
қолданулары керек.

Пікір жазғандар (рецензент):

Рахметова Г.– з.ғ.к.,аға оқытушы М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің Азаматтық
және еңбек құқығы кафедрасы.

Жаналиева А.Ж. – з.ғ.к., Шымкент әлеуметтік-педогогикалық университеті

Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының мәжілісінде қарастырылды және
баспаға ұсынылды. (№ 4 хаттама 22 2012 ж. ).

Заңтану және халықаралық қатынастар факультеті әдістемелік коммисиясы.
(№5 хаттама __27__ 2012 ж. ).

Баспаға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң Оқу - әдістемелік Кеңесі ұсынған.

№ хаттамасы ж.

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2012ж.

Шығарылымға жауапты Елікбай М.Ә.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

1.Бақылау жұмысын жазу мен қабылдауды қабылдауды ұйымдастыру ... ... ..7

2.Бақылау жұмысын орындауда ситуациялық есептерді шешу талаптары

мен
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

3.Бақылау жұмысын орындауға арналған
тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

4.Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Кіріспе

Еліміз егемендігін алып, өз алдына ел болып өз құқықтарын түзе
бастағаннан бері түрлі салалар бойынша туындап жататын, еліміздің бүгіні
мен болашағын қамтамасыз етіп отыратын маңызды мәселелер мен адамзаттың
негізгі әрі маңызды апартаменттерінің бірі болып табылатын жерге қатысты
туындайтын мәселелерді реттеу аталған курстың мақсаты әрі міндеті. Кез
келген сала маманы осы пәнмен, осы мәселелермен етене таныс болуы тиіс.
Өйткені кез келген сала - заң, экономика, халықаралық қатынастар т.б.
салалар өз қызметтерінде осы саламен тығыз өзара байланысты. Қазақстан
Республикасының бірнеше құқық салаларының - Конституциялық, әкімшілік,
азаматтық, отбасылық, қаржы, салық және аграрлық құқықтарының, тиісінше
мемлекеттік шекара, мемлекет құрылым, азаматтық мәміле жасау объектісі
ретінде, ерлі-зайыптылардың жер учаскесіне меншігін бөлу, салық салудың
және ауыл шаруашылық өнідірістің және т.б. объектісі ретінде құқықтық
реттеу пәнін құрайды.

Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнін оқытудағы мақсатымыз
жоспар бойынша берілген сағаттар мерзімінде студенттердің ҚР жер құқығымен
жан-жақты және терең таныс болуын қамтамасыз ету.

Қазақсатн Республикасының жер құқығы студенттердің ғылыми көзқарасын,
осы сала бойынша білім деңгейін арттыруға, оларды өмірге, еңбекке, қоғамдық
қызметке дайындауға, ел ішіндегі мемлекеттің негізгі атрибуттарының бірі
болып табылатын жерге қатысты жағдайларды жақсы тұспалдауына көмектеседі.
Сонымен бірге пәннің оқытылу міндеті студенттерді жүйеленген қоғамдық
құқықтық тәрбиеге, қоғамның өнегелік және құқықтық ережелерін орындауға,
сондай-ақ өмірге деген белсенділігін арттыру болып табылады. Студенттерге
жер құқығы пәні бойынша мәлімет беру біздің міндетіміздің бірі.

Қазақстан Республикасының жер құқығы негізі заңдарын үйреніп, пән
бойынша курсын дамыта отырып, өз білімдерін заң жүзінде терең қолданулары
керек.Жер құқығы пәнін меңгеру жоғарғы білікті мамандар дайындауда ерекше
рөл атқарады. ҚР жер құқығы жер ресурстарын пайдалану және қорғау барысында
туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизмі туралы
студенттерге керекті білім беру мақсатын көздейді. Жер құқығының негізгі
теориялық мәселелерін меңгеру, жер құқығының жаңа нарық экономикасы
жағдайындағы атқаратын міндеттерін білу, жер қорының негізгі объектісі -
Қазақстан Республикасының жер қорының құрамын және ережесін білу, жер
заңының қазіргі және келешегіне мән беру.Қазақстан Республикасының жер
құқығы пәнін меңгеруде берілген ситуациялық жағдайларды шешу арқылы жер
кодексін пайдалану арқылы пәнді меңгеру үшін студент әдебиеттермен жұмыс
істей алуы, ақпараттар талдауын жүргізе алуы, статистикалық материалдармен
жұмыс істей алуы және компьютер мен Интернетті меңгеруі және қолдануы
керек.

1.Бақылау жұмысын орындау қабылдауды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы пәнi студенттердiң
бақылау жұмысын жазу құқықтану мамандықтарының оқу бағдарламасында
қарастырылған. Аталған пән бойынша студенттердiң қабылдаған теориялық
бiлiмдерiн тереңдете жетiлдiру үшiн, сондай-ақ өз бетiнше оқу құралдарымен,
заңдармен, монография және басқа да баспалармен таныса отырып бiлiм
деңгейiн арттыруға бағыт бередi.

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы пәнi бойынша бақылау
жұмысы келесi мәселелердi өз бетiнше оқуға үйретедi, теориялық бiлiм
деңгейiн жоғарылатады, заң әдебиеттер мен және тағы басқа дерек көздерiмен
жұмыс iстеу қабiлетiн арттырады. Әрбiр тақырыпқа байланысты заң
әдебиеттермен және монографиялық басылымдар берiлген. Қазақстан
Республикасының жер құқығы пәнiн тереңдеп оқуға бақылау жұмысының көмегi
тиерi сөзсiз.

Студент жинаған материалдарын және заң әдебиеттердi қарастырғаннан
кейiн әрбiр тақырыпқа байланысты көрсетiлген жоспарға сай бақылау жұмысын
жазуға тиiс. Жоспардағы көрсетiлген сұрақтар санын қысқартуға тиым салады,
бiрақ студент тақырыптың мәнiн тереңдеп ашу үшiн жоспарға сай, қосымша
сұрақтар әртүрлi авторлардың айтқан бағыты мен көзқарастарына байланысты
деректерге сүйенуi тиiс.

Көрсетiлген нұсқаларға сай емес текстердi жазуға тиым салынады және
мұндай жұмыс есептелiнбейдi деп танылады. Бақылау жұмысына ұсынылған
әдебиеттер тiзiмi шын мәнiнде бақылау жұмысы үшiн пайдалануға және оқуға
тиiс болуы қажет. Егерде бақылау жұмысы есептелiнбедi деп танылса, бақылау
жұмысы сол тақырыпта немесе басқа тақырып бойынша қайтадан жазылады.

Содай-ақ бақылау жұмысының тақырыбын өзгерту сабақ берушi оқытушының
рұқсатымен ғана iске асырылады.

Бақылау жұмысын дайындаудың өзi мынадай мiндеттi талаптардан тұрады:

- бақылау жұмысының басында нұсқаның нөмiрi, тақырыптың атауы және
жоспары көрсетiлуге тиiс;
- жұмыстың беттерi нөмiрленуге тиiс және пiкiр жазушының ескертулерi
жазылатын шетiнен орын қалдыруға тиiс;
- жұмыстың соңында шын мәнiнде пайдаланылған әдебиеттiң авторы,
жұмыстың аты және шыққан жылы көрсетiлген әдебиеттер тiзiмi
берiлуге тиiс:
- әдебиеттер тiзiмiнен кейiн жұмыстың мерзiмi және таңдаушының
қолының қойылуы қажет.
Ситуациялық есептерді шешуде кодексті қолдану талаптары нақты айқын болуы
шарт.

Жұмыстың бiрiншi бетiнде: сыртқы білiм тыңдаушысының аты-жөнi, топ
нөмiрi жазылуы тиiс.

Аталған әдiстемелiк нұсқау пән бойынша бақылау жұмысының
тақырыптарынан және жеке тапсырманың жобалық жоспарының орындауынан
тұрады.

Жұмыс сессия аралық кезеңде орындалып, кафедраға тексерiлуге
берiледi. Жазылған бақылау жұмысы жоғары оқу орнының талаптарына сай болуы
керек.

Атап айтқанда:

Жұмыс қарастырылып отырған сауалдардың жоспары;

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi;

Бақылау жұмысын орындау үшiн студентке төменде келтiрiлген кестеге сәйкес,
сынақ кiтапшасының соңғы нөмiрi бойынша тақырыбын таңдап алады:

Бақылау жұмысын, тақырыбын сынақ кiтапшасының соңғы нөмiрi
бойынша алу тәртiбi
Сынақ кiтапшасының нөмiрi Нұсқа нөмiрi
0 10 20
1 1 11
2 2 12
3 3 12
4 4 14
5 5 15
6 6 16
7 7 17
8 8 18
9 9 19

Бақылау жұмысын орындау кезiнде бұл пән бойынша студенттер осы тақырыптың
маңызды қорытындысы мен ұсыныстарын құрастыру қажет.

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес орындалған бақылау жұмыстары
қорғауға жiберiледi, егер бақылау жұмысын қорғаған болса, студенттер
сынаққа немесе емтиханға жiберiледi.

2.Бақылау жұмысын орындауда ситуациялық есептерді шешу талаптары мен
тәртібі

Студенттер есептерді шешуге кірісу үшін ең алдымен, оқулықтардың, арнайы
монографиялардың сәйкес тарауларын мұқият оқуы, сонымен қатар тақырыпқа
қатысты нормативтік құқықтық актілерді жан-жақты анализдеу қажет. Құқықтық
жағдайлардың шешімі жеткілікті толық, қойылған сұрақтарға есептің нақты
бапқа сілтемесімен мәтіні есебімен айқын жауаптарды құрау тиіс.

3.Бақылау жұмысын орындауға арналған тапсырмалар

І- Нұсқа

Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі.

1. Жер құқығының пайда болуының және дамуының жалпы мінездемесі.
2. Жер құқығы нормаларының басқа және сабақтас құқық салаларының
нормаларымен өзара әрекеттесуі.
3. Жер құқығының өзге құқық салалары арасындағы алатын орны.

Есепті шешу:

1. Бір-біріне жанасып жатқан жер учаскелерін пайдаланушылар оларды

жекешелендіріп алады. Бұдан кейін учаскелердің біреуінің меншік иесі
басқасының меншік иесіне өз учаскесін жүріп өту мақсатында пайдалануға
тыйым салады. Басқа учаскенің меншік иесі, жекешелендіруден бүрын. екеуі

келісе отырып пайдаланған қүдыққа жолды бөгеп тастайды. Өз әрекеттерін олар
жер учаскелерінің меншік иелері болғандықтан, оған ешкімді жібермеуге
құқылы екенімен негіздейді. Жер ресурстары бөлімінде дауды қарастыру
кезінде бір учаскені айналып өтіп басқасына жету (үшін) өте қиын екені
анықталады. Екі учаскені де құдықпен қамтамасыз ету талпыныстары
сәтсіздікке әкелді, өйткені бірнеше қайталап скважина қазылғанымен су
жүрмей қояды.

- пайда болған дауды қалай шешуге болады?
- сервитуттың пайда болу талаптары қандай?

Негізгі әдебиеттер:

1. А.Е.Бектұрғанов., ҚР жер құқық қатынастары. Алматы, Жеті Жарғы, 1997.
2. Стамқұлов Ә.С., Стамқұлов Г.С., Жер құқығы 2003 ж
3. Архипов И.В. Жер құқығы. Алматы, 1997 ж.
4. Еркінбаева Л.Қ., Г.Т.Айғаринова Қ.Р. Жер құқығы (жалпы және ерекше
бөлім) қулық Алматы 2010ж
5. Стамқұлов Ә.С. ҚР Жер құқығы. Оқулық. Алматы, 2005 ж.
6. Косанов Ж.Х. Право собственности на землю, право землепользования и
иные права на землю. Алматы: Дәнекер, 2002 г.
7. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң
әдебиеті баспасы. 2005ж.

Қосымша әдебиеттер:
1. Айдағараева Г.Т. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жер
төлемдері: Оқу құралы. Алматы:Юрист, 2008ж.
2. Еркинбаева Л.Қ. Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығының
қызметін құқықтық реттеу.Оқу құралы. Алматы: баспа, 200ж.
3. Абдраимов Б.Ж., Боголюбов С.А. Земельное право России и Казахстана:
проблемы развития, процессууальные формы реализации. М.: Юристь,
2007г.

Нормативтік актілер:

1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. 20.06.2003. №442. (соңғы
өзгерістер 20.03.2010. ҚР заңымен енгізілді).
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
2001 жылдың 30-қаңтарында № 155-ІІ.

ІІ- Нұсқа

Қазақстан Республикасының жер заңнамасының мақсаттары, міндеттері және
қағидаттары.

1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасының қағидаттары.
2. Жер құқығы нормаларының басқа және сабақтас құқық салаларының
нормаларымен өзара әрекеттесуі.
3. Жер құқығының жүйесі.

Есепті шешу:

1.Шығыс Қазақстан облысының Ленгер ауданының тұрғыны Севченконың өз
учаскесіне отырғызған қайындары көршісі Иванов А.К-ның

учаскесіне өтпей, алайда соны жағалай өсіп Ивановтың үйіне және оның еккен
картоптарына күн түсірмегеніне байланысты Севченкоға қырқып тастау туралы
ескертеді. Алайда Севченко ол қайындардың тек өз учаскелерінде
орналасқанына сілтеп қырқудан бас тартады. Иванов аудандық атқарушы
органға шағыммен барады.

- жер қатынастарын реттеу саласында аудандық атқарушы органның
уәкілеттілігі қандай;
- жер учаскелерінің меншік иелерінің құқықтары мен міндеттерін
көрсетіңіз; істі шешіңіз.

Негізгі әдебиеттер:

1. А.Е.Бектұрғанов., ҚР жер құқық қатынастары. Алматы, Жеті Жарғы, 1997.
2. Стамқұлов Ә.С., Стамқұлов Г.С., Жер құқығы 2003 ж
3. Архипов И.В. Жер құқығы. Алматы, 1997 ж.
4. Еркінбаева Л.Қ., Г.Т.Айғаринова Қ.Р. Жер құқығы (жалпы және ерекше
бөлім) қулық Алматы 2010ж
5. Стамқұлов Ә.С. ҚР Жер құқығы. Оқулық. Алматы, 2005 ж.
6. Косанов Ж.Х. Право собственности на землю, право землепользования и
иные права на землю. Алматы: Дәнекер, 2002 г.
7. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң
әдебиеті баспасы. 2005ж.

Қосымша әдебиеттер:
1. Айдағараева Г.Т. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жер
төлемдері: Оқу құралы. Алматы:Юрист, 2008ж.
2. Еркинбаева Л.Қ. Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығының
қызметін құқықтық реттеу.Оқу құралы. Алматы: баспа, 200ж.
3. Абдраимов Б.Ж., Боголюбов С.А. Земельное право России и Казахстана:
проблемы развития, процессууальные формы реализации. М.: Юристь,
2007г.

Нормативтік актілер:

1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. 20.06.2003. №442. (соңғы
өзгерістер 20.03.2010. ҚР заңымен енгізілді).
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
2001 жылдың 30-қаңтарында № 155-ІІ.

ІІІ- Нұсқа

Жер құқығының қайнар көздері.

1. Жер құқығының қайнар көздерінің жалпы сипаттамасы және түрлері.
2. ҚР Конституциясы, заңдары және заңға сәйкес актілері.
3. Жер қатынастарын реттеуде сот тәжірибесінің рөлі.

Есепті шешу:

1.Қостанай облысының әкімі Ресейлік МСК фирмасына сол облысқа
қарайтын Ы.Алтынсарин ауданының жеріне қарайтын, қазір пайдаланылмай жатқан
Ласточка лагерін қайта қалпына келтіру мақсатында 125 га жерді ұзақ
мерзімді пайдалануға бөліп берді. Соның ішінде 30 га ауылшаруашылық
мақсатындағы жер болғандықтан экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша
жергілікті аумақтық орган әкімшіліктің шешіміне қарсы прокурорға
шағымданды.

- шетелдік занды және жеке тұлғалардың жер пайдалану құқығын жалға
алу тәртібі қандай?
- ауылшаруашылық мақсатындағы жерді беру тәртібі қандай?

Негізгі әдебиеттер:

1. А.Е.Бектұрғанов., ҚР жер құқық қатынастары. Алматы, Жеті Жарғы, 1997.
2. Стамқұлов Ә.С., Стамқұлов Г.С., Жер құқығы 2003 ж
3. Архипов И.В. Жер құқығы. Алматы, 1997 ж.
4. Еркінбаева Л.Қ., Г.Т.Айғаринова Қ.Р. Жер құқығы (жалпы және ерекше
бөлім) қулық Алматы 2010ж
5. Стамқұлов Ә.С. ҚР Жер құқығы. Оқулық. Алматы, 2005 ж.
6. Косанов Ж.Х. Право собственности на землю, право землепользования и
иные права на землю. Алматы: Дәнекер, 2002 г.
7. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң
әдебиеті баспасы. 2005ж.

Қосымша әдебиеттер:
1. Айдағараева Г.Т. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жер
төлемдері: Оқу құралы. Алматы:Юрист, 2008ж.
2. Еркинбаева Л.Қ. Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығының
қызметін құқықтық реттеу.Оқу құралы. Алматы: баспа, 200ж.
3. Абдраимов Б.Ж., Боголюбов С.А. Земельное право России и Казахстана:
проблемы развития, процессууальные формы реализации. М.: Юристь,
2007г.

Нормативтік актілер:

1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. 20.06.2003. №442. (соңғы
өзгерістер 20.03.2010. ҚР заңымен енгізілді).
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
2001 жылдың 30-қаңтарында № 155-ІІ.

ІҮ- Нұсқа

Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы.

1. Жерге меншік құқығының түрлері.
2. Жер қатынастарын дамуы.
3. Қазақстанның Республикасының жер қатынастарының нарық талаптарына сай
дамуы.

Есепті шешу:

1.Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс станциясының әкімі КСРО кезінде
әскери база ретінде пайдаланып келген жерге елді мекендер тұрғызу үшін ол
мәселені Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі алдында көтереді.

- аталған жерге елді мекендерді тұрғызу жердің, нысаналы пайдалану
режиміне қарсы келе ме?
- бұндай шешім қабылдауға облыстық өкімнің уәкілеттілігі мен
құзіреттілігін анықтаңыз.
- істі шешіңіз.

Негізгі әдебиеттер:

1. А.Е.Бектұрғанов., ҚР жер құқық қатынастары. Алматы, Жеті Жарғы, 1997.
2. Стамқұлов Ә.С., Стамқұлов Г.С., Жер құқығы 2003 ж
3. Архипов И.В. Жер құқығы. Алматы, 1997 ж.
4. Еркінбаева Л.Қ., Г.Т.Айғаринова Қ.Р. Жер құқығы (жалпы және ерекше
бөлім) қулық Алматы 2010ж
5. Стамқұлов Ә.С. ҚР Жер құқығы. Оқулық. Алматы, 2005 ж.
6. Косанов Ж.Х. Право собственности на землю, право землепользования и
иные права на землю. Алматы: Дәнекер, 2002 г.
7. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң
әдебиеті баспасы. 2005ж.

Қосымша әдебиеттер:
1. Айдағараева Г.Т. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жер
төлемдері: Оқу құралы. Алматы:Юрист, 2008ж.
2. Еркинбаева Л.Қ. Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығының
қызметін құқықтық реттеу.Оқу құралы. Алматы: баспа, 200ж.
3. Абдраимов Б.Ж., Боголюбов С.А. Земельное право России и Казахстана:
проблемы развития, процессууальные формы реализации. М.: Юристь,
2007г.

Нормативтік актілер:

1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. 20.06.2003. №442. (соңғы
өзгерістер 20.03.2010. ҚР заңымен енгізілді).
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
2001 жылдың 30-қаңтарында № 155-ІІ.

Ү- Нұсқа

Жер-құқық қатынастары.

1. Жер-құқық қатынастарының түсінігі мен түрлері.
2. Жер-құқық қатынастарының басталу, өзгертілу және жойылу негіздері.
3. Жер-құқық қатынастарының басталу, өзгертілу және жойылу негіздері.

Есепті шешу:

1.1996 ж. Еңбекке-Береке шаруа қожалығы бақша өсіру үшін уақытша
өтеусіз пайдалануға 57 га жер алады. Сонымен қатар, мерзімі біткеніне
қарамастан пайдалануды әрі қарай жалғастыра береді. Маңғыстау облысының
прокурорынан жерді уақытша өтеусіз пайдалану құқығының мерзімі асып кеткені
үшін ол шаруа қожалығына санкция жібереді. Ал шаруа

қожалығының басшысы олар жерді уақытша пайдалануға алғанда жердің жағдайы
тым құнарсыз тастақ және су көзінен өте шалғай жатқандығының себебінен 3
жылға жуық жерді тиісінше пайдалана алмағандығына және әлі күнге дейін оның
құнарлығын арттыру мақсатында жұмыс істеп жатқанын айтады.

- тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде қойылатын
талаптары және жағдайлары;
- облыстық прокурордың және тиісті аудан әкімшілігінің құзіреті.
Негізгі әдебиеттер:

1. А.Е.Бектұрғанов., ҚР жер құқық қатынастары. Алматы, Жеті Жарғы, 1997.
2. Стамқұлов Ә.С., Стамқұлов Г.С., Жер құқығы 2003 ж
3. Еркінбаева Л.Қ., Г.Т.Айғаринова Қ.Р. Жер құқығы (жалпы және ерекше
бөлім) қулық Алматы 2010ж
4. Стамқұлов Ә.С. ҚР Жер құқығы. Оқулық. Алматы, 2005 ж.
5. Косанов Ж.Х. Право собственности на землю, право землепользования и
иные права на землю. Алматы: Дәнекер, 2002 г.
6. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң
әдебиеті баспасы. 2005ж.

Қосымша әдебиеттер:
1. Айдағараева Г.Т. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жер
төлемдері: Оқу құралы. Алматы:Юрист, 2008ж.
2. Еркинбаева Л.Қ. Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығының
қызметін құқықтық реттеу.Оқу құралы. Алматы: баспа, 200ж.
3. Абдраимов Б.Ж., Боголюбов С.А. Земельное право России и Казахстана:
проблемы развития, процессууальные формы реализации. М.: Юристь,
2007г.

Нормативтік актілер:

1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. 20.06.2003. №442. (соңғы
өзгерістер 20.03.2010. ҚР заңымен енгізілді).
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
2001 жылдың 30-қаңтарында № 155-ІІ.

ҮІ- Нұсқа

Қазақстан Республикасындағы жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтар.

1. Жерге меншік және басқа да құқықтарының түсінігі және ерекшеліктері.
2. Жер учаскесіне меншік құқығының басталуы мен жойылу негіздері.
3. Жер учаскесіне меншік құқығын жүзеге асыру механизімі.

Есепті шешу:

1.Азамат Е.К.Қожыбаев Оңтүстік Қазақстан облысына тиісті Мақтарал
ауданынан мақта өсіру үшін 30 га жерді жеке меншікке алды. Алайда, ол жерді
Е.К.Қожыбаев фермерлік қожалықпен айналысу үшін үй-жай салып мал жаю
мақсатында пайдаланған болатын. Жердің нысаналы пайдаланбай жатқаны туралы
аудандық әкімшілік талап қойды. Ол талапты жер иеленуші жердің
құнарсыздығына және су көзінің тым алыс орналасқанына сілтеп
қанағаттандырудан бас тартты.

- жерді нысаналы пайдаланудың талаптары;
- жер иеленушінің өзінің жеріне байланысты құқықтары қандай?

Негізгі әдебиеттер:

1. А.Е.Бектұрғанов., ҚР жер құқық қатынастары. Алматы, Жеті Жарғы, 1997.
2. Еркінбаева Л.Қ., Г.Т.Айғаринова Қ.Р. Жер құқығы (жалпы және ерекше
бөлім) қулық Алматы 2010ж
3. Стамқұлов Ә.С. ҚР Жер құқығы. Оқулық. Алматы, 2005 ж.
4. Косанов Ж.Х. Право собственности на землю, право землепользования и
иные права на землю. Алматы: Дәнекер, 2002 г.
5. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң
әдебиеті баспасы. 2005ж.

Қосымша әдебиеттер:
1. Айдағараева Г.Т. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жер
төлемдері: Оқу құралы. Алматы:Юрист, 2008ж.
2. Еркинбаева Л.Қ. Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығының
қызметін құқықтық реттеу.Оқу құралы. Алматы: баспа, 200ж.
3. Абдраимов Б.Ж., Боголюбов С.А. Земельное право России и Казахстана:
проблемы развития, процессууальные формы реализации. М.: Юристь,
2007г.

Нормативтік актілер:

1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. 20.06.2003. №442. (соңғы
өзгерістер 20.03.2010. ҚР заңымен енгізілді).
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
2001 жылдың 30-қаңтарында № 155-ІІ.

ҮІІ- Нұсқа

Жер пайдалану құқығы.

1. Жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.
2. Севитуттың түсінігі мен пайда болу негіздері.
3. Қызметтік жер телімінің түсінігі мен құқықтық тәртібі.

Есепті шешу:

1.Өмір бойы Шығыс Қазақстан облысындағы Алып зауытында жұмыс істеп
мүгедектігіне байланысты зейнеткерлікке шыққан Балабаева 1988 жылдан бері
қызметтік жер телімі бойынша 1 га жері бар тұрғын үйді пайдаланып
келді.1996 ж. зейнеткерлікке шығып, 2001 ж. қайтыс болады. Алайда оның 14
және 16 жасар балалары сол жер пайдалану құқығын жалғастыра береді. 2001 ж.
оларға Алып зауытының атынан пайдалану құқығын тоқтату туралы талап
келеді. Балалардың асыраушысы балалардың кәмелетке толмағандығына
байланысты және Балабаева К. өмір бойы сол зауытта жұмыс істегеннің
салдарынан мүгедек болғанына және соның салдарынан 8 жылдан соң қайтыс
болғанына жүгініп талапты қанағаттандырудан бас тартады.

- істі шешіңіз;
- сот зауыттың талабын қанағаттандыра ма?
- қандай жағдайда қызметтік үй жай балалары үшін — кәмелетке
толғанға дейін сақталады.

Негізгі әдебиеттер:

1. А.Е.Бектұрғанов., ҚР жер құқық қатынастары. Алматы, Жеті Жарғы, 1997.
2. Еркінбаева Л.Қ., Г.Т.Айғаринова Қ.Р. Жер құқығы (жалпы және ерекше
бөлім) қулық Алматы 2010ж
3. Стамқұлов Ә.С. ҚР Жер құқығы. Оқулық. Алматы, 2005 ж.
4. Косанов Ж.Х. Право собственности на землю, право землепользования и
иные права на землю. Алматы: Дәнекер, 2002 г.
5. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң
әдебиеті баспасы. 2005ж.

Қосымша әдебиеттер:
1. Айдағараева Г.Т. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жер
төлемдері: Оқу құралы. Алматы:Юрист, 2008ж.
2. Еркинбаева Л.Қ. Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығының
қызметін құқықтық реттеу.Оқу құралы. Алматы: баспа, 200ж.
3. Абдраимов Б.Ж., Боголюбов С.А. Земельное право России и Казахстана:
проблемы развития, процессууальные формы реализации. М.: Юристь,
2007г.

Нормативтік актілер:

1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. 20.06.2003. №442. (соңғы
өзгерістер 20.03.2010. ҚР заңымен енгізілді).
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
2001 жылдың 30-қаңтарында № 155-ІІ.

ҮІІІ- Нұсқа

Жерге ақы төлеу.

1. Жер учаскесін (ақысыз негізде) тегін берудің негіздері.
2. Тұрақты және уақытша пайдаланудағы, арендадағы жер учаскелеріне ақы
төлеу.
3. Жер учаскесін басқа мемлекетке арендаға берілгенде төленетін ақы.

Есепті шешу:

1. Есеп: Облыстық әкімшілік шешімі бойынша Асыловтың иелігіндегі үй
орналасқан жер учаскесі мемлекет қажеттіліктері үшін алынуға тиіс болады.
Асылов пен оның жанұясына үйдің орнына пәтер ұсынылады. Оның үстіне жер
учаскесі берілетін ұйым Асыловқа үй ақысы мен учаскеде отырғызылған жеміс-
жидектердің құнын өтеуге келіседі. Асылов әкімшілік шешіміне қарсылық
білдіреді, ол учаскесінің сатуға жатпайтын бөлігінде тұрғанын айтады. Оның
үстіне, Асыловтың ойынша егер де учаске еріксіз алынатын болса, онда оған
тура сондай жер учаскесінде үй тұрғызуға міндетті. Әкімшілік бұл жерде бос
жер териториясы жоқ, сондықтан да тура сондай жер учаскесі Асыловқа басқа
жерден бөлініп беріле алады деп сендіреді. Мердігерлік ұйым мен құрылыс
материалдарының жоқтығынан әкімшіліктің Асыловқа жаңа үй салып беруге
мүмкіндігі жоқтығын айтады. Тараптар келісімге келмегендіктен, Асыловтың
үйі энергия және сумен қамтамасыз ету жүйесінен қиылып тастылынады. Асылов
талап арызымен сотқа барады.

- Оның талап арызын қалыптастырып, істі шешіңіздер.

Негізгі әдебиеттер:

1. А.Е.Бектұрғанов., ҚР жер құқық қатынастары. Алматы, Жеті Жарғы, 1997.
2. Еркінбаева Л.Қ., Г.Т.Айғаринова Қ.Р. Жер құқығы (жалпы және ерекше
бөлім) қулық Алматы 2010ж
3. Стамқұлов Ә.С. ҚР Жер құқығы. Оқулық. Алматы, 2005 ж.
4. Косанов Ж.Х. Право собственности на землю, право землепользования и
иные права на землю. Алматы: Дәнекер, 2002 г.
5. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң
әдебиеті баспасы. 2005ж.

Қосымша әдебиеттер:
1. Айдағараева Г.Т. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жер
төлемдері: Оқу құралы. Алматы:Юрист, 2008ж.
2. Еркинбаева Л.Қ. Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығының
қызметін құқықтық реттеу.Оқу құралы. Алматы: баспа, 200ж.
3. Абдраимов Б.Ж., Боголюбов С.А. Земельное право России и Казахстана:
проблемы развития, процессууальные формы реализации. М.: Юристь,
2007г.

Нормативтік актілер:

1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. 20.06.2003. №442. (соңғы
өзгерістер 20.03.2010. ҚР заңымен енгізілді).
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
2001 жылдың 30-қаңтарында № 155-ІІ.

ІХ- Нұсқа

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік реттеу.

1. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі.
2. Жер учаскелерін беру мен алу тәртібі.
3. Жеке меншік құқығы мен жерді пайдалану құқықтарын қорғау.

Есепті шешу:

1.Ақсай ауылының тұрғыны Абдрахманов аудандық жер ресурстарының
басқармасына өтінішпен келді, оның ішінде ол Құдайбергенов жер иеленушіге
шара қолдануды сұрайды. Жер учаскенің шекарасында Құдайбергеновпен
отырғызған талдар (қайың ағашы) қатты өсіп, күн сәулесін өткізуге кедергі
болды. Бұның кесірінен көршінің жер учаскесіндегі ауыл шаруашылық
өсімдіктерінің өсуінің тоқтатылуына әсер болды. Аудандық атқарушы органдар
оған, жер учаскенің иесі қандай өсімдік отырғызу керектігін өзі біледі деп
түсіндірген. Ақыры Абдрахманов аудан прокурорына барады.

- Абдрахмановтың өтінішіне түсініктеме беріңіз;
- жер меншік иелерімен жер пайдаланушылардың құқықтары мен
міндеттері қандай?
- істі шешіңіз.

Негізгі әдебиеттер:

1. А.Е.Бектұрғанов., ҚР жер құқық қатынастары. Алматы, Жеті Жарғы, 1997.
2. Еркінбаева Л.Қ., Г.Т.Айғаринова Қ.Р. Жер құқығы (жалпы және ерекше
бөлім) қулық Алматы 2010ж
3. Стамқұлов Ә.С. ҚР Жер құқығы. Оқулық. Алматы, 2005 ж.
4. Косанов Ж.Х. Право собственности на землю, право землепользования и
иные права на землю. Алматы: Дәнекер, 2002 г.
5. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң
әдебиеті баспасы. 2005ж.

Қосымша әдебиеттер:
1. Айдағараева Г.Т. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жер
төлемдері: Оқу құралы. Алматы:Юрист, 2008ж.
2. Еркинбаева Л.Қ. Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығының
қызметін құқықтық реттеу.Оқу құралы. Алматы: баспа, 200ж.
3. Абдраимов Б.Ж., Боголюбов С.А. Земельное право России и Казахстана:
проблемы развития, процессууальные формы реализации. М.: Юристь,
2007г.

Нормативтік актілер:

1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. 20.06.2003. №442. (соңғы
өзгерістер 20.03.2010. ҚР заңымен енгізілді).
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
2001 жылдың 30-қаңтарында № 155-ІІ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаншалықты деңгейде
Жазғы тапсырмалар
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Педагогикалық жүйедегі сараланған оқыту деңгейлері
Кезеңдеп оқыту технологиясы
СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Бастауыш мектептегі математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың маңызы
Информатика пәнінен үй тапсырмасын ұйымдастыру әдістемесі
Пәндер