Тұрғын үйге меншік құқығын тоқтатудың негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 03-03

«Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығы» пәні бойынша

семинар сабағын орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Шымкент, 2015 ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасы

МамаеваМ. Н.

«Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығы» пәні бойынша

студенттердің семинар сабағын орындауына арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

5В030100-Құқықтану мамандығында оқитын студенттер үшін

Оқу нысаны күндізгі

Шымкент, 2015

ӘӨЖ: 340. 0 (075. 5)

Құрастырған аға оқытушы Мамаева М. Н

«Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығы» пәні бойынша студенттердің семинар сабағына арналған әдістемелік нұсқау.

Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2015ж. 18 бет.

Семинар сабағына арналған әдістемелік нұсқау оқу жоспарының талаптарына сәйкес жасалған және студенттердің семинар сабағын орындауына барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.

Семинар сабағына арналған әдістемелек нұсқау «Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған.

Қысқаша анотация. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығын оқып үйрену тұрғын үй қатынастарының пайда болуы, оларды өзгерту және тоқтату ерекшеліктері, оларға түрлік сипаттама беріледі, оның ішінде тұрғын жайға меншік құқығы қатынастары, мемлекеттік және жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарттарынан туындайтын қатынастар оқытылады. Тұрғын үй құқығы - Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады.

Пікір жазғандар (рецензент) :

Елікбай М. Ә. - з. ғ. к., М. О. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының меңгерушісі

Рахметова Г. Р. - з. ғ. к., М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының аға оқытушысы

Исмаилов А. А. -з. ғ. к., М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Конституциялық, кеден және халықаралық құқық» кафедрасы

«Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды және баспаға ұсынылды.

(№ ___ хаттама « ___»2015ж. ) .

«Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің әдістемелік коммисиясы

(№ ___ хаттама « ___» 2015ж. ) .

Баспаға М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ң Оқу -әдістемелік Кеңесі ұсынған.

№ хаттамасы " 2015 ж.

© М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2015 ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1. Семинар сабақтарын жүргізу нысандары . . . 7

2. Негізгі бөлім

1-тақырып. Тұрғын үй құқығының түсінігі . . . 9

2-тақырып. Тұрғын үй заңнамасы . . . 10

3-тақырып. Тұрғын үй қорлары . . . 12

4-тақырып. Тұрғын үй-жайға меншік құқығы . . . 14

5-тақырып. Тұрғын үйге меншік құқығын тоқтатудың негіздері мен тәртібі . . . 15

6-тақырып. Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын жайды жалдау шарттары . . . 17

7-тақырып. Кондоминиум ұғымы . . . 19

8-тақырып. Кондоминиум обьектісі басқарудың негізгі нысандары . . . 20

9-тақырып. Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері . . . 23

10-тақырып. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді беру шарттары . . . 25

11-тақырып. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жалдау . . . 27

12-тақырып. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді пайдалану құқығын тоқтату . . . 28

13-тақырып. Қызметтік тұрғын үйлер және жатақханалар . . . 30

14-тақырып. Тұрғын үй-жайларға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу . . . 31

15-тақырып. ҚР Тұрғын үй заңнамасының бұзылғаны үшін жауапкершілік . . . 33

Тест сұрақты . . . 34

3. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38

Кіріспе

Тұрғын үй құқығы пәні құқықтану мамандығы бойынша дәріс алып жүрген студенттердің теориялық білім деңгейлерін жоғарылатумен қатар, семинарлық дәрісінде тәжірибелік тапсырмалармен ұштастыру үшін қарастырылып отыр Еліміз егемендігін алып, өз алдына ел болып өз құқықтарын түзе бастағаннан бері түрлі салалар бойынша туындап жататын, еліміздің бүгіні мен болашағын қамтамасыз етіп отыратын маңызды мәселелер мен адамзаттың негізгі әрі маңызды апартаменттерінің бірі болып табылатын тұрғын үйге қатысты туындайтын мәселелерді реттеу аталған курстың мақсаты әрі міндеті. Кез келген сала маманы осы пәнмен, осы мәселелермен етене таныс болуы тиіс. Өйткені кез келген сала - заң, экономика, халықаралық қатынастар т. б. салалар өз қызметтерінде осы саламен тығыз өзара байланысты.

Тұрғын үй құқығын оқытудың мақсаты - тұрғын үй құқығы студенттердің ғылыми көзқарасын, осы сала бойынша білім деңгейін арттыруға, оларды өмірге, еңбекке, қоғамдық қызметке дайындауға, ел ішіндегі мемлекеттің негізгі құқықтық қатынастарының бірі болып табылатын тұрғын үйге қатысты жағдайларды жақсы тұспалдауына көмектеседі. Сонымен бірге пәннің оқытылу міндеті студенттерді жүйеленген қоғамдық құқықтық тәрбиеге, қоғамның өнегелік және құқықтық ережелерін орындауға, сондай-ақ өмірге деген белсенділігін арттыру болып табылады.

Бұл пәннің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді оқыту. Тұрғын үй құқығы негізгі заң білімін беретін міндетті пәндердің бірі болып табылады. Білікті заңгер тұрғын үй қатынастары субъектілерінің құқықтарын толықтай қорғау үшін осы қатынастарды құқықтық реттейтін білімге ие болуы қажет. Практикалық іс-тәжірибесінде заңгер тұрғын үй қатынастары субъектілерінің заңды құқықтары мен міндеттерін қорғауға қатысты тұрғын үй қатынастарының кез-келген мәселелері туралы студенттерге керекті білім беру мақсатын көздейді.

Тұрғын үй құқығы» курсын оқытудың негізгі міндеттері ретінде студенттердің егемен Қазақстанның тұрғын үй құқығы жөнінде мәлімет алуы болып табылады. Бұл пәннің сұрақтарын игеру Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеу туралы мол мағлұмат мүмкіндік, сонымен қатар, тұрғын үй қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік актілер жөнінде мәлімет береді.

Курсты оқыту барысында Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй саласын құқықтық қамтамасыз етудің әртүрлі қырлары қамтылады, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй саясаты, тұрғын үй қорын мемлекеттік басқару, жеке тұрғын үй құрылысы, мемлекеттік тұрғын үй беру тәртібі мен жағдаяттары және т. б. Осы пәнді оқыту процесінде студенттердің алған білімі мамандандыруға қарамастан «заңтану» мамандығы бойынша базалық заң білімін алу үшін қажет.

1. Семинар сабақтарын жүргізу нысандары

Студенттің семинарлық сабақққа қатысуы оқу жоспарының міндетті шарты болып табылады.

Семинар сабақтарының басты мақсаты - шығармашылық ойлау қабілетін

дамыту, танымдық қиыншылықтарды жеңіге, ғылыми дүниетанымды қалыптастыру және білімді жеке көзқарасқа айналдыру. Семинар сұрақтарын жан-жақты және терең талдау, студенттерді өзіндік және логикалық ойлауға, пікірталас жасауға, студенттерді әдебиетпен жұмыс жасау барысында байыппен еңбектенуге үйретеді.

Студенттердің семинарға дайындалу негізінде кафедрасының семинар сабақтарының жоспары. Әр тақырып бойынша қолданалатын әдебиеттердің тізімін және семинарлық сабақтардың жоспарларымен уақытылы таныстырып өту қажет.

Семинар бұл талқыланытын мәсеселер бойынша барлық тыңдаушылар өздерінің пікір ойларымен алмасыу қажет. Сондықтан студенттердің тақырып бойынша конспектілері болуы қажет және де сол тақырып бойынша семинарлық сабаққа дайындалып келуі қажет.

Семинарды таңдау нысаны әртүрлі факторларға байланысты болады: пәннің сағат көлеміне, топтағы студенттердің санына, курстардың тақырыптардың өзара арақатынастарына байланысты болады т. с. с. Басқа да сабақтардың тақырыптары бойынша: практикалық сабақтар, ойындар, оқытуларға көңіл бөлінеді.

Семинарлық сабаққа дайындық барысында, оқытушы семинарлық сабақтың ең негізгі мақсаты - бұл студенттердің өзіндік жұмысының деңгейін арттыруға бағытталуы қажет.

Семинарлық оқытуда өз-өзіне сенімділік күші дамиды, өз-өзінің мақсатына жету мүмкіндіктері сеніммен артады.

Сонымен, семинарлық сабақтар студенттердің өзін-өзі дайындаудағы қателіктерін уақытылы жою және ол қателіктердің қайталанбауын және тақырыптарды жауапкершілікпен қарауын қамтамасыз етеді. Семинардағы сапалы бақылаулар студенттердің өзіндік жұмысының сапасын жақсартады және келесі сабақтар бойынша шығармашылық талқылауларға дайындайды.

Семинардың нысандары:

  • сұрақ-жауап семинар;
  • студенттреге күні бұрын берілген жоспар бойынша жан-жақты әңгіме өткізу;
  • студентердің ауызша баяндамалары, соңынан оны талқылау;
  • жазбаша рефераттарды талқылау;
  • теориялық конференция;
  • семинар диспут;
  • түпнұсқаға түсінік бере отырып оқу;
  • тағы басқа

ЖОО-да негізінен алғанда жоғары курстарда арнайы семинарлар өткізіледі. Бұл семинардың жоғары формасы, онда студенттер рефераттар мен баяндамаларды орындау барысында қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Оқытушының қорытынды сөзімен семинар аяқталады.

Теориялық семинар

Семинар өткізудің өзіндік сипаттамасы, мақсаты, тапсырмасы бойынша үш түрге бөлінеді:

Теориялық семинар оку тәртібі боиынша оқытудың бірінші этапы кейінгі кезеңінде қажетті.

Теориялық семинарда әртүрлі әдіс-тәсілді қолдануға болады және барлық студенттер нақты түсініктер мен конструкцияларды қолдана алады Бірнеше студенттерге бірге немесе жекеше бір тақырыпқа талқылауға дайындауға тақырып беріледі. Жеке студенттерге нақты бір мақалаға қүнделікті тудыратын қызықты қоғамдық проблемалар туралы тапсырма беріледі.

Семинарлар, дәрістер секілді, сабақтың теориялық формасына жатады. Студенттер семинар сабақтарында дәрістерден және өзінің дербес жұмысы арқылы алған білімін тереңдетіп, нығайтады, өз сенімін тексереді және айқындайды, терминологияны меңгереді, сол арқылы еркін оқуға үйренеді, өз көзқарасын қорғайды

Семинар-диспут бұл ғылыми қоғамға қажет тақырыптарға жария пікір-талас. Диспут барысында өзінің әріптесіңді немесе қарсыласыңның пікірін тыңдау керек. Оның ұстанған позициясын, оның ұсынған аргументтерінің жүйесін, түсініп тыңдау керек. Егерде оның ұсынған аргументі сенімсіздік тудырса, қатысушылардың алдында өзіндік қөзқарасын түсіндіріп, дәлелдей білу керек.

Диспутты өткізу үшін студенттердің теориялық дайындықтары болу керек. Мұндай семинар өзін өзінің мақсатын студенттердің көпшілігі пікір талас сұрақтарға өздерінің көзқарастары бар жағдайда іске асыра алады. Оны дөңгелек үстел ретінде өткізуге болады, әр студент өзінің ұстанымын айтып, мұғалім немесе тыңдаушылар қортындылап бір шешімге келді. Семинар-диспутты іскерлік ойын элементтерімен арқылы өткізіге болады. Ол үшін талқыланып жатқан мәселелерге екі-үш кеңінен таралған көзқарастар талқыланады, тыңдаушылар жақтаушыларға немесе қарсыластарға болып бөлінеді. Бөлінген топтар өздерінің нақты дәлелдерін, ұстанымдарын, дәлелдемелерін ұстанады. Студенттер арасындан сарапшыларды таңдауға болады, ар ұйымдастыру және қатысуы болып есептеледі. Ол семинар өткізілуінің барысын қадағалайды. Семинар барысында оқытушы мәселелерді белгілейді, тапсырмаларды қалыптастырады, әдебиеттерді береді. Сонымен, оқытушы семинарды бітіріп, қортындылап, қызықты сәттерді және жақсы жауап берген тыңдаушыларға баға береді.

Семинардың жақсы өтуі студенттің алдын -ала диспутқа, өзіндік жұмысқа дайындығына байланысты. Қортынды семинар жеке тақырыптардың қортындылау мақсатын ұстанады. Егерде курс барысында студент өзінің жақсы білімін көрсетсе, оның бағасы ескерледі. Студентті соған алдын-ала дайындау керек. Мұндай шара студеттің өзіндік жұмысқа деген қызығушылын арттырады. Семинарлық сабақтардың тапсырмасы мен мақсаты: өзіндік ойлау, студеттердің шығармашылық белсенділігін арттыруды, студенттің ғылыми -зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, анықтама әдебиеттерін дұрыс қолдануды дамыту болып табылады.

Студенттерге ғылыми дисскуссияның негізгі тәртіптерін білген және сақтаған жөн:

  • Болмашы нәрсеге егескенше, нақты іске талас.
  • Адамды емес, идеяны сана.
  • Өзінің таласқан адамның көзқарасын құрметте.
  • Өз көзқарасыңды баяндамастан бұрын, мүмкіндігінше, жауап қайтаратын көзқарасыңды дәл белгіле.
  • Кіммен пікір таластырсаң, оған үстемдік етуші болма.
  • Өзіңнің білімің мен шешендігіңді көрсеткенше, шындықты анықтауға тырыс.
  • Өз кінәңды мойындай біл, жеңілген жағдайда әділ сөзге тоқту

1-тақырып. Тұрғын үй құқығының түсінігі.

Семинар жоспары

1. Тұрғын үй құқығының түсінігі.

2. Тұрғын үй құқығының мүліктік қатынастарды реттеудегі ролі, маңызы және міндеттері.

3. Құқық салалары жүйесіндегі тұрғын үй құқығының алар орны.

4. Тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеудің әдісі.

Сабақтың өту түрі - семинар-дискуссия.

Тақырып бойынша қысқаша теоретикалық мәліметтер. Тақырып бойынша қысқаша теоретикалық мәліметтер. Тұрғын үй құқығы бұл тұрғын үй қатынастарын реттейтін құқықтың нормалар жинтығы. Құқықтық ғылымдарда пән ретінде қандайда бір обьектіге қатысты қоғамдық қатынастар болып табылады. Тұрғын үй құқықтын реттеу пәні ретінде заңнамада және зани әдибиеттерде тұрғын үй қатынастар деп аталатын қоғамдық қатынастардың белгілі бір жиынтығы болып табылады. «Тұрғын үй құқығы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері ретінде cтуденттердің Егемен Қазақстанның тұрғын үй құқығы жөнінде мәлімет алуы болып табылады. Бұл пәннің сұрақтарын игеру Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеу туралы мол мағлұмат мүмкіндік, сонымен қатар, тұрғын үй қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік актілер жөнінде мәлімет береді. Пәнді оқыту барысында Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй саласын құқықтық қамтамасыз етудің әртүрлі қырлары қамтылады, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй саясаты, тұрғын үй қорын мемлекеттік басқару, жеке тұрғын үй құрылысы, мемлекеттік тұрғын үй беру тәртібі мен жағдаяттары және т. б.

Соңғы кездері тұрғын үй құқығы қатынастары күрделі өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер экономиканың дамуымен және жеке меншіктің өзгеріске ұшырауымен тығыз байланысты.

Тұрғын үй қатынастарының дамуын келесі кезеңдерге бөліп көрсетуге болады:

Бірінші кезең 1917- 1982 жылдар аралығы, екінші кезең 1984-1992 жылдар аралығы, үшінші кезең 1992-1997 жылдар аралығы.

1917 қазан төңкерілісінен кейінгі КСРО ның өмір сүрген кезеңінде тұрғын үй заңы азаматтық заңның құрамында болды. Бірінші кезеңде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету ауқатты адамдарға тиесілі тұрғын үйлерді қайта бөлу есебінен қамтамасыз етілді. Кейіннен 20 ғасырдың отызыншы жылдарында тұрғын үй құрылысы басталды. Алғашқы кезде барлығын тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету қарастырылды. Бірақ азаматтарға тұрғын үй бергеннен кейін бірден оған ақы төлеу бойынша белгілі бір нормаланған ставкалар енгізілді, өйткені эканомикалық тұрғыдан толығымен тегін тұрғын үй беру ойға қонымсыз еді.

Әдістемелік нұсқау

Семинарлық сабақққа дайындық үшін «тұрғын үй құқығы» терминіне, «тұрғын үй», деген терминдерге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Семинарлық сабақтың барлық сұрақтарына жауапты анықтаулардан бастау қажет. Халықты тұрғын үймен кезекті қамтамасыз етудің қол жеткізілген пайыздары жария етілетін бесжылдықтар жоспары тұрақты түрде сәтсіздікке ұшырай бастады.

Келесі кезең 1984жылы 1-қаңтарда Қазақ ССР Тұрғын үй кодексі қабылданды. Осы кезден бастап яғни 1984ж 1қаңтардан бастап Қазақстанның тұрғын үй заңы азаматтық заңнамадан бөлініп жеке сала ретінде дами бастады. Бұл азаматтық заңнамада тұрғын үй қатынастарын реттейтін нормалар мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Мысалыға ҚР АК 30 тарауы «тұрғын үйді жалдау» деп аталады. Бұл тарауда үш бап қарастырылған: тұрғын үйді жалдау шарты, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты, жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты. Бірақ аталған нолрмалар тұрғын үй қатынастарын реттеуде жалпы нормаларды ғана қамтиды.

1984 жылы қабылданған кодекстің орнына бірінші шілде 1992 жылғы жаңа тұрғын үй кодексі, әлеуметтік эканомикалық жағдайлардың өзгергендігіне қарамастан, ескі заңда болған нормаларпды сақтап қалды. Осылайша тұрғын үймен қамтамасыз етудің ескі бөліп тарату жүйесі сақталып қалды. Қайта қалыптасып кенле жатқан нарықтық экономикалық қатынастар жүйесінде бұл мүмкін емес болды. Соның салдарынан 6 қыркүйек 1993жылы ҚР Президентінің Жаңа тұрғын үй саясаты туралы Жарлығы қабылданды.

1997 жылы ҚР Үкіметі ипотеканың қажеттілігіне байланысты «Мемелекеттік тұрғын үй саясатының жаңа эканомикалық жағдайларда жүзеге асыру туралы» Қаулы қабылдады. Қазіргі уақытта тұрғын үй қорлары туралы ҚР заңы қабылданған.

Тақырып бойынша семинар сабағына қойылатын бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы қашан қабылданды?

2. Тұрғын үй құқығының анықтасын беріңіз?

3. Тұрғын үй құқығының қандай міндеттері бар?

4. Тұрғын үй құқығының әдістерін атаңыз?

Тақырып бойынша семинар сабағына берілетін тапсырмалар:

1. Тапсырма:

Тұрғын үй кұқығының құқық саласындағы алатын орны мен роліне байланысты ғалымдардың пікірі үш бағытта өрбіді. Алғашқы пікір: "тұрғын үй құқығын азаматтық құқықтың ерекше институты " дегенге сайыса, екінші пікір: "тұрғын үй құқығын кешенді құқық саласы " дейді, ал үшінші бір пікір: "тұрғын үй құқығы құқықтың жеке саласы болуы да ықтимал " деп есептейді.

Сұрақтар:

1. Осы үш пікірді ұстанатын ғалымдарды атаңыз және бұл
пікірлердің негізінде қандай ұстанымдар бар?

2. ҚР-ның тұрғын үй құқығының құқық саласында алатын орнына
қатысты сіздің пікіріңіз қандай және оны дәлелдеуге тырысыңыз.

2-тақырып. Тұрғын үй заңнамасы

Семинар жоспары

1. Тұрғын үй құқығының қайнар көзі, түсінігі, түрлік сипаттамасы.

2. Тұрғын үй заңнамасының түсінігі.

3. Тұрғын үй заңдары дамуының негізгі сатылары.

Сабақтың өту түрі - ауызша сұрау

Тақырып бойынша қысқаша теоретикалық мәліметтер. Тұрғын үйлерді пайдалану бойынша шарттық қатынастар жалпы түрде реттелетін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен қатар, тұрғын үй құқықтық қатынастары арнайы реттейтін заңдар. Тұрғын үй қатынастарын кешенді түрде реттейтін заңды акті болып «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 16 сәуір 1997 жылғы заңы.

Тұрғын үй қатынастарының бірқатар мәселелері заңдармен қатар заңға сәйкес актілер деңгейінде де реттеледі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 қыркүйек 1989 жылғы «Мемлекеттік тұрңын үй қорынан тұрғын үйлерді беру, жалға алу және пайдалану тәртібі туралы»№ 1 292 қаулысымен реттеледі. Қызметтік тұрғын үйлермен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңынан басқа Қазақстан Республикасы министрлер кабинетінің 3 маусым 1993 жылғы «Қызметтік тұрғын үй-жайлар берілетін жұмысшылар кетегорияларының тізімін бекіту туралы» № 455 қаулысымен реттелген.

Тұрғын үй қорын пайдалану мәселелері ҚР Үкіметінің 27 мамыр 1990 жылғы «Пәтер иелерінің тұтынушы кооперативтерін және тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй-жайларды дамыту бойынша шаралар туралы» қаулысында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17 сәуір 1997 жылғы «Пәтерлердің меншік иелерінің тұтынушы кооперативтерінің қызметін қолдау жөніндегі шаралар туралы» қаулысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17 сәуір 1996 жылғы қаулысымен бекітілген «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдем ақыларын беру туралы» уақытұа ережеде көрініс тапқан. Тұрғын үй қорын пайдалану (басқару) «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР-ң Заңының 4 бабынан басқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 қазан 1999 жылғы «Тұрғын ғимараттарда үй-жайларды қайта құруға (қайта жоспарлауға қайта жабдықтауға) рұқсат ету процедураларын өтудің ортақ республикалық ережелері туралы» № 1 562 қаулысымен, Алматы қаласы әкімінің 24 қараша 1998 жылғы «Алматы қаласының аумағында пәтерлерді, тұрғын үйлердің үй астыларын және жапсарлас үй-жайларды кәсіпкерлік қызмет объектілеріне қайта құру (қайта жоспарлау) тәртібі туралы» № 1 167 шешімімен реттелген. Мемлекетіміздің астанасын Астанаға көшірумен байланысты азаматтардың жекелеген категорияларын тұрғын үймен қамтамасыз етудің мәселелерін реттейтін бірқатар нормативтік актілер қабылданған болатын.

Әдістемелік нұсқаулар

Семинарлық сабақтың барлық сұрақтарына жауапты анықтаулардан бастау қажет. Семинарлық сабақққа дайындық үшін «тұрғын үй қатынастары », «тұрғын үй заңнамасы» терминіне, деген терминдерге ерекше көңіл бөлуіміз керек.

Авторлық құқықпен реттелетін мәселелер. Ж ергілікті атқарушы органдардың шешімдері - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің тұрғын үйге құқық беру туралы құқықтық актілеріне т оқталып өту керек. Мысал келтіріңдер.

Тұрғын үйлерді пайдалану бойынша шарттық қатынастар жалпы түрде реттелетін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен қатар, тұрғын үй құқықтық қатынастары арнайы заңдармен де реттеледі. Тұрғын үй қатынастарын кешенді түрде реттейтін заңды акті болып «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 16 сәуір 1997 жылғы заңы табылады. Тұрғын үй қатынастарының қазіргі жай-күйіне қол жеткізуде аса зор маңызға Қазақстан Республикасы Президентінің 5 сәуір 1994 жылғы «Азаматтардың тұрғын үйге деген құқығын қамтамасыз ету туралы» № 1 640 Жарлығы ие болды, бұл жарлық қазіргі уақытта да әрекет етуде.

Тақырып бойынша семинар сабағына қойылатын бақылау сұрақтары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғын үй-жайға меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иелену
Меншік құқығының пайда болу негіздері және тоқтатылуы
Тұрғын үй құқығы
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
Меншік құқығының түсінігі мен мәні
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдары
Мемлекеттік меншіктің үлесі
Ортақ бірлескен меншік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz