ҚАЗАҚ РУ - ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ
ҚАЗАҚ РУ-ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ
§1. 1. Мəселенің өзектілігі
Қазақ халқының тарихы рулық-тайпалық құрылымдармен тығыз байланысты екендігін ешкім де жоққа шығара алмайды. Қаласақ та, қаламасақ та бұл біздің ұлтымыздың тарихына тəн сипат болып табылады. Тайпалық-рулық қауымдастық ерекшеліктері біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтардан бастау алып, кешегі ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы кеңестік дəуірдің берік орнығу кезеңіне дейін біздің атабабаларымыздың əлеуметтік, саяси-шаруашылықтық өмірімен тығыз, біте қайнасып, өрбіп, өрістеп келді. Бұл ғылымда дəлелдеуді қажет етпейтін аксиома!
Кеңестік тоталитарлық жүйе рулық қауымдастықты ғана емес, осы негізде өркендеген қазақ халқының өзіндік рухани болмысын, дəстүрлі шаруашылыққа негізделген күллі өмірін күйретіп жіберді.
Бүгінде шүкіршілік, біз адамзат қоғамының жаңа даму сатысы - өркениетті демократиялық қоғамға ұмтылудамыз. Бұл планетаның басым көпшілігі ұстанған, басты мақсатқа бағытталған, үрдісті дамудың шұғылалы да, сəулетті ұстанымы екендігі күмəнсіз. Тəуелсіздік алған еліміздің осындай айқын жолдағы аршынды қадамдары халқымызды рухани рухтандырып, саяси сергітіп қана қоймай, өзіміздің өткенімізді танып білуге деген ғаламат құштарлықты, екпінді, ынтаны жоғары деңгейге көтеріп жіберді. Оң қол, сол қолын танып, еңсесін көтеріп тəуелсіз ойлай бастаған кез-келген халыққа тəн жаңа қасиеттер мен сипаттар ғой бұл! Сондықтан да болар біздің зиялы қауым төл тарихымызды жазуға, жариялауға белсенді 3 бет бұрыстар жасап үлгерді. Мұның өзі ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде қолдау да тапты. Арнайы тарих жылы да жарияланды.
Солай бола тұрса да, Қазақстан тарихы бұрынғы бес томдықтың көлемінен аспай қойды. Еліміздің тарихына байланысты баспалардан қаптап шығып жатқан Қазақстан тарихы оқулықтары да негізінен басты мəселелерде бірін-бірі қайталаудан ұзай қоймады.
Мұндағы тағы бір басты кемшілік, біздің ойымызша, ежелгі дəуірлерден ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейінгі үлкен тарихымызды жазуда жекелеген тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттік құрылымдар тарихын зерттеуден əріге бара қойған жоқпыз. Бұлардың қатарында сақтар, түріктер, ғұндар, əртүрлі қағанаттар, қыпшақ, үйсін, қаңлы, жужан, түргеш, қырғыз, қарлық, ұйғыр, қарахан, қарақытай, керейт, найман, сармат, огуз мемлекеттері бар. Тайпалық-этникалық негізде құрылған бұл одақтардың рулық құрылымдары тарихымызда əлі толық ашыла қойған жоқ.
Тарихымызда моңғол жаулауынан кейінгі пайда болған мемлекеттік бірлестіктер негізінен əлі де саяси тұрғыдан жазылуда. Олардың рулықтайпалық құрылымы жəне осы құрылымның ордалық мемлекеттер мен хандық бірлестіктердің саяси, əлеуметтік жəне əскери өміріндегі, дəстүрлі шаруашылық пен болмыстағы маңызды да шешуші рөлдері жəне алатын орны туралы арнайы да ауқымды еңбектер тарихнамамызда жоқтың қасы. Алғашқы қазақ хандары тұсында мемлекетіміздің шаңырағын көтеріскен тайпалар тарихы да əлі күнге дейін тарихымызда үстірт те жалпылама баяндалып келе жатқаны құпия емес. Мұның төңірегінде ойланатын мəселелер де жеткілікті. Шын мəнінде, кейінірек қазақ деген халықты құраған осы ежелгі тайпалар тарихы көптеген рулар тарихынан тұратынын да ескере бермейміз. Бұл маңызды мəселені этнографтар ғана төңіректегендіктен, бізде тарихшылар, археологтар, тарихнамашылар, деректанушылар жəне т.б. тарапынан қазақ руларының сан-салалы жəне қилы тарихы əлі де салиқалы түрде жəне толыққанды зерттеле қойған жоқ. Мұнда ескеретін тағы бір мəселе, рулар тарихын шежіремен ғана шектегісі келетіндер қатты қателеседі. Шежіре - тарих емес, ол ата-баба жылнамасын біршама анықтап беретін тарихи дерек. Ал тарихи дерек тарихқа қызмет етуі үшін, əрбір қазақ руының халқымыз бастан кешкен тарихи процестердегі өзіндік, соны жəне ерекше тарихын айқындап алуымыз керек. Міне, сонда ғана біздің ұлттық тарихымыз ауқымды сипат алып, кең құлашпен көсіліп жазылады. Ал енді бұрынғыша бəрімізге белгілі тарихи дəуірлерді, кезеңдерді жəне этаптарды, сондай-ақ қазақты құраған негізгі тайпалар тарихын ғана жалпылама түрде қамтып жазу керісінше тарихымызды жазудың методологиясын таптаурын болған ескі соқпаққа түсіреді. Бүгінде Қазақстан тарихы оқулықтарына байланысты мұндай ахуалдың айқын көрініс беріп отырғаны құпия емес. Мұның өзі қызықты да тартымды жəне күрделі тарихымыздан басқаларды, əсіресе өзіміздің жас ұрпақты бездіреді. Оны оқып-үйренушілер қатарын сирете түседі. Осыған байланысты көбіміз тарих тартымды жазылуы тиістігін түсіне бастадық. Мұның өзі кейбір авторларды тарихымызды жазудың балама жолдарын іздестіруге де итермеледі. Алайда, мұндай ұстанымдар да күрделі тарихымыздың ақтаңдақтарын жоюға, жоғалтқандарымызды табуға, ең бастысы, тарихи шындықты қалпына келтіруге құлшына қызмет ете қойған жоқ. Себебі, тарихымызды балама жолмен жазуды ұсынған жекелеген авторлар жоқ жерден сенсация іздеп, тарихи сананы ақиқаттан ауытқытатын бөтен бағыт-тарға жетелеп кетті. Бұдан тарихымыз ұтты деп айта алмаймыз. Керісінше, тарихи шындық кей тұста оқырманға бұрмаланған түрде жететін болып алды.
Мұндай тарихымызды жазудағы сəтсіздіктердің орын алуының басты себебі біздің ойымызша мынада - қазақ халқының өзінің дəстүрлі тайпалықрулық тарихи даму жолын, осы маңызды да күрделі мəселені бүгінгі қоғамымызда кеңестік кезеңнен бастау алып қалыптасқан рушылдық пиғылдардан сақтану психологиясының жолына құрбандық еттік. Рушылдық тəрізді өркениетті қоғамға жараса бермейтін ұнамсыз құбылыстан құтылудың айқын жолы, біздіңше, өзіңнің руыңды, шыққан тегіңді, ата-баба шежіресін ұмыту емес (біз бұл жолмен кеңестік коммунистік құрылыс жылдарында жүріп көргенбіз). Керісінше қазақты ұзақ тарихи дамуымызда ұлт етіп құраған осы рулар мен тайпалардың нақты тарихын терең жəне жан-жақты білу ғана ортақ ұлттық мүддені ту етіп көтеретін иманды қазақ азаматын қалыптастыра алады. Яғни ұлтымыздың əлеуметтік рулық құрылымы туралы терең білім ғана ұлтты жаңа сапалы деңгейге көтереді.
Рулар тарихын арнайы жəне тереңдетіп жазу əрбір қазақ азаматының ата-бабаның ерлік істерін, салт-дəстүрін, рухани-діни наным-сенімін құрметтеуіне жол ашады, оның ұлтын, елін, туып-өскен жерін жан жүрегімен сүйетін нағыз патриот болып қалыптасуына зор мүмкіндіктер береді.
Бүгінде Батыстың жəне Еуропаның бүгінгі мəдениетінде ұлттық дəстүрлі құндылықтардың екінші қатарға ысырылуы, азғындаған ұрпақтың үстемдігіне жол ашып келеді. Мұның ұлтымыз үшін қаупі аса зор. Бұған біз өзіміздің дəстүрлі рухани құндылықтарымыз бен ұлттық тарихымызды қарсы қойғанда ғана қорғана аламыз. Егер осы айтылғандарды мойындар болсақ, қазақ қоғамын құраған рулар мен тайпалар тарихын тереңдете зерттеу қажеттігі өзінен-өзі туындайды.
Бұл тақырыптың тарихымыз үшін өзекті де маңызды болатын тағы бір жағы - қазақ халқын құраған əрбір тайпаның немесе рудың өмір жолында ортақ этникалық, саяси-əлеуметтік заңдылықтармен қатар өзіндік ерекшеліктер де аз емес. Оларды зерттеп-білудің ұлт тарихының толыққанды болып жазылуына, тарихымыздағы ақтаңдақтарды жоюға жəне жалпы қазақ халқының күрделі тарихи жолындағы оған тəн құбылыстар мен процестерді айқындауға үлкен ықпал жасары сөзсіз.
Мұндайда мынаны да айтпасқа болмас: қазақтың əрбір тайпасының немесе руының тарихында қайталанбас тарихи оқиғалар орын алды. Тіптен жалпы ұлтымызға ортақ процестерде де, шиеленісті тарихи құбылыстарда да əрбір қазақ тайпасының немесе руының өзіне ғана тəн үлесі бар. Жағдайдың мұндай болуына рулар кінəлі емес, керісінше бұл ұзақ мерзімді қамтитын тарихи-географиялық, əлеуметтік-саяси, этникалық-мəдени ақуалдардың нəтижесі.
Тарихтың осынау ащы шындығын айналып кету де мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда ұлтымыздың тарихындағы əрбір рудың орнын жəне рөлін айқындау - тарихымызды түгендеу ғана емес, халқымыздың ұлттық тарихи ерекшеліктерін ескеру де болып шығады. Бүгінде əркім өзінің руын ғана дəріптейтін көзқарастың заманы əлдеқашан өткен, керісінше, əрбір азамат өзінің рулас ата-бабасының ұлтымыздың өркендеуіне қосқан үлесін айқындап, дұрыс пайымдайтын уақыт басталды.
Оның үстіне кеңестік жүйеге дейін қазақтың əрбір руының өзіндік атақонысы, шаруашылықтық көшу жолдары, ел басқарған ру басылары, от ауызды, орақ тілді шешен-билері, қол бастаған ерен батырлары, ұлтымыздың рухани, діни жəне мəдени өмірінде із қалдырған айтулы салсерілері, дарынды əнші-күйшілері, адуынды жыраулары жəне т.б. болғанын да ешкімнің жоққа шығара алмайтыны айдан анық. Қазақ руларының тарихын білу деген сөз осындай тарихи тұлғалардың тарихын мақтаныш жəне болашаққа үлгі ету болып шығады.
Рас, біз ірі тұлғаларды рулық емес, ұлттық деңгейде насихаттауға дағдыландық. Əрине, бұл өте құптарлық нəрсе. Солай бола тұрса да олар белгілі бір тарихи кезеңдерде өздерінің руымен бірге, рулық-тайпалық əлеуметтік қоғамда əрекет жасағанын неге ұмытуымыз керек. Мұндай тарихи бейнелер тарихы өзінің туған руының ортақ тарихынан жеке дара жəне дербес қаралмауы керек. Руды ұмытып, ұлт жасаймыз деу тарихи қателік. Біз рулық-тайпалық ерекшелікті есте ұстағанда ғана зерттеу барысында тарихи тұлғаның шынайы да айқын жəне толыққанды бейнесін жасай аламыз. Бұл мəселе кеңестік тоталитарлық жүйеге дейін əрқашан ескеріліп келді.
Орыс отарлауы орныққанға дейін қазақтардың өздерінің есімдеріне ру-тайпа аттарын тіркеп айтқаны, əкелерінің есімдерінің орнына дəл осы рулар мен тайпалар аттары жазылғаны (қоңырат Алатау, шақшақ Бөгенбай, шапырашты Қарасай, тарақты Байқозы, албан Райымбек жəне т.б.) қазақ тарихынан хабары бар кісілерге белгілі. Бұл туралы Оренбургский листок басылымының 1880 жылғы 10 тамыздағы 33-номерінде этнограф Р.Егнатьев арнайы жазған еді.
Тарихи шындық дəл осылай бола тұрса да бүгінгі тəуелсіздік алған тарихымызда бұрынғы кеңестік кезеңдегі тарихи бұрмалаулардан толық бас тарта алмай, қазақтың көшпелі рулық қауымында өмір сүрген, белгілі бір ру-тайпа өзінің ортасынан шығарған тарихи ірі тұлғалардан жалпыұлттық, рулық емес жалпы қазақтық бейнелер жасауға құлшына кірістік. Ниетіміз əрине жақсы-ақ! Алайда осы жерде: жақсы ниетке неге тарихи шындықты ескермей баруымыз керек? Ұлттық деңгейлердегі алыптарды ортасынан шығарған рулар мен тайпалар жаңа жағдайда неге ұмыт қалулары керек? Халықтың тарихи санасында Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай деген есімдермен қалған ұлттық тұлғаларды жаңа жағдайда неге басқаша атауға тиіспіз. Батырларға өз орталарынан алғашқы жасақтарды жинап берген қанжығалы немесе қаракерей рулары тарихымызда неге ұмыт қалулары керек? - деген тəрізді қисынды сауалдар туындайды. Осылардың мазмұнына тереңдеп үңілсек, бұлар сауалдардан гөрі бүгінгі жаңадан жазылуы тиіс этникалық, ұлттық тарихымызға қойылатын талаптарға көбірек ұқсайды. Бұдан шығатын қорытынды да бір ғана - бүгінгі тарихта да бұрынғы рулық қауымдағы тарихи тұлғаларды жаңаша əсірелетпей, бұрынғыша рулармен, тайпалармен тұтас қарастыруға міндеттіміз.
Қазақ қашанда жеті атасын білмеген жетесіздерді құрметтей қоймаған. Мұның астарында ата-бабаға деген шынайы бауырмалдық, туыстық жəне қандастыққа негізделген абзал сезімдер жатыр. Мұндай зерделілікке шақырудың басқа тұрғыдан алғанда да көптеген артықшылықтары баршылық.
Ұлтымызға тəн тағы бір ерекшелік - ағайынды, туысты, құда-жекжатты, дос-жаранды, жиен-нағашыны əрқайсысын өз орнымен қастерлейтін қасиеттердің басымдығы дер едік. Бүгінгі жаһандану заманында ғасырлар бойы қанымызға сіңіп, берік дəстүрімізге айналған осынау асылдарымыздан ажырап қалмаудың жолын тынбай іздестірулеріміз керек. Қазақтың рулықтайпалық тарихын терең білген азамат бөтен жұрттың алдында өзінің ұлтының жоғарыдағыдай өзіндік, қайталанбас қасиеттерін мақтаныш етуге жəне оларды көздің қарашығындай қорғап қалуға белсенді жұмыс жасайтын болады.
Осы айтылғандар бізді қазақ тарихын жазудың этникалық жəне тың методологиялық бағыты ретінде - ру-тайпалар тарихын кеңінен жəне арнайы зерттеуге ұмтылдырып отырғанын атап көрсетеміз. Қазақ ұлты аман болса алда оның тайпалық-рулық тарихының көп томдығы да жазылатынына біз күмəнданбаймыз.
Жалпы қазақ халқының рулық-тайпалық қауымдастық арнасында өрбіген тарихын жазудың негізі бұрынғы ғасырлардан бастау алатынын да ұмытпауымыз керек. Қазақ руларының тарихын жазудан қашқақтайтын зерттеушілерге П.И. Рычковтың, В.В. Вельяминов-Зерновтың, А.И. Левшиннің, Шəкəрім Құдайбердіұлының, А.И. Аристовтың, Г.Е. Грумм Гржимайлоның, В.В. Бартольдтың, ақырында өзіміздің М. Тынышпаевтың9 еңбектеріне назар аударыңыз дер едік. Халқымыздың рулық-тайпалық тарихын белсенді, тиянақты, əрі терең зерттеген осындай ғалымдар болмаса бүгінгі Қазақстан тарихы толыққанды бола алар ма еді? Əрине, жоқ.
Алайда, осындай салиқалы да байсалды зерттеушілер салған айқын жол кеңестік-тоталитарлық жүйе тұсында үзіліп қалды.
Енді қазақ рулары мен тайпалары тарихын жазушылар қуғындалатын болды. Бұл бағытты жалғастыру жəне болашаққа апару тарихымызды жанжақты толықтыра жəне байыта түспек.
Бұл міндетті бүгінде тəуелсіздіктің еркін тыныстай бастаған тұсында тарихшылар белсенді қолға алмаса мұнымен кім айналысады. Біздіңше, осыны мықтап ойластыратын кез келді. Кеңестік тоталитарлық жүйенің орнығуына дейінгі қазақ халқының тарихын жазумен əуестенушілер рулықтайпалық бірлестіктердің түбегейлі орнығуының арқасында қазақ деген ұлттың этникалық тұрғыда жүйелі түрде ұйысып, қалыптасқанына, əрбір ру мен тайпаның өздерінің туған өлкелерін, көшу жолдарын, жайылымдарын жəне қыстауларын сыртқы жаулардан белсенді қорғап, оларды үздіксіз ұлғайта берулерінің нəтижесінде, сандары көптеген халықтардан əлдеқайда аз болған қазақтардың бүгінде Қазақстан деп аталатын аса ауқымды территорияны басқаларға бермей ұстап қалғанына баса мəн бере қараулары керек деп ойлаймыз. Қазақ ұлтының басын құрап, осындай ұлы да мəрт, ержүрек те дархан жəне жомарт мінезді ерекше халықты тарихтың көрнекті сахнасына алып шыққан бүгінде бəрімізге белгілі қазақтың 40-тан астам руының ежелгі заманнан бастау алатын шынайы тарихы əлі күнге дейін жүйелі де тұтас жазылған жоқ. Сондықтан да қазіргі кезеңде кітап түрінде оқырман қауымына ұсынылған тарихымыздың жүдеу-жадау, өзге тұрмақ өзімізді де қанағаттандырмайтындай деңгейде қалып отырғаны ешкімге құпия емес.
Бұдан əрине əркім өзінің қандас руының ғана тарихын жазулары керек деген біржақты тұжырым туындамауы керек. Қазақ тарихшылары үшін қазақтың кез-келген ру-тайпасының тарихы ұлт тарихының құрамдас жəне ажырамас бөлігі болып табылады. Ғылыми зерттеуде өзіңнің руыңның тарихын ғана меншіктеніп алатын өзімшілдікке, менің руымның тарихын басқалар жазбауы керек деген қызғаншақтыққа, көреалмаушылыққа орын болуы тиіс емес. Қазақтың əрбір ру-тайпасының тарихының күллі қазаққа ортақ екендігін естен шығаруға тиіс емеспіз. Зерттеуші үшін рудың үлкенкішісі жоқ. Əрбір, тіптен сандары аз рулардың да ұлтымыздың өмірінде өзіндік орны, үлесі жəне рөлі бар. Рулар тарихын ғылыми тұрғыда зерттеу арқылы біздер ұлт тарихын толық зерттеуге барамыз.
Қазақ руларының тарихи тағдырларын тереңдете, жан-жақты зерттеу тарих тауқыметімен шашырай қоныстанған кейбір қазақ руларының өткеніне тəн тарихи құбылыстардың тылсым астарларын айқындап алуымызға көп көмек көрсетсе керек.
Шежірелік тұрғыдан қарағанда да қазақ ру-тайпалары тағдырында анықталмаған мəселелер баршылық. Шежіренің əр түрлі нұсқалары рулар тарихынан құнды мəліметтер берумен қатар, мəселе мазмұнын шатастыра да түседі. Оның үстіне шежірелер əртүрлі баламалар түрінде де кездеседі. Мұндайда шынайы да салмақты тарихи талдау ғана көмекке келе алады. Жалпы алғанда, көптеген рулардың əр түрлі шежірелік нұсқаларының өздерінің зерттеушілерін күтіп жатқандары өміріміздің шындығы. Бұл міндетті рулар тарихын жан-жақты зерттеген ғалымдар ғана жүзеге асыра алатыны да құпия емес.
Қазақ руларының ежелгі тарихына тереңдеп барғанда түркі тайпаларының ортақ шығу тегін де ұмытпауымыз керек. Қазір ғылымда қабылданған түсінік бойынша, түркі тектес халықтардың ру-тайпаларының қалыптасуы Алтай дəуірінен бастау алады. Бұл əсіресе тілдік ерекшеліктерден айқын байқалады. Мұны белгілі түркітанушы Н.А. Баскаков жасаған сызбадан айқынырақ аңғарамыз.
Мұнда əсіресе түркі тілдес халықтардың тарихи отаны Саян-Алтай өңірі екендігі дəлелдірек көрсетілген. Яғни алғашқы түркі тайпаларының рулық-тайпалық бірлестіктері жəне мемлекеттік одақтары негізінен осында дүниеге келген жəне қазіргі қазақ жері арқылы батысқа қанат жайған. Бұдан шығатын қорытынды кейінгі қазақ руларының ата-бабаларының терең тамырлары сонау түркі дəуірлеріне таралып кеткен.
Оғыз-қарлық-қыпшақ бірлестіктерінен бастау алған қазақтың рутайпалары көптеген қилы тарихи кезеңдерді бастан өткізіп, өзінің мемлекеттігін - Қазақ хандығын құра алды. Көшпелі ру-тайпалардың бір орталыққа біріккен мемлекетін ұйыстырудың өзі сол заманда адамзат тарихындағы ұлы ерлік болды. Бұл мемлекеттің этно-əлеуметтік тірегі, ынтымағы жарасқан, ел басына күн туып, ат ауыздығымен су ішкен заманда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген қазақ рулары мен тайпалары болды. Алайда, орыс отарлауы жəне кеңестік тоталитарлық билік қазақтың дəстүрлі қоғамын күйретіп жіберуге жұмыс жасады. Əсіресе, ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап қазақ рулары мен тайпаларына ашықтан-ашық жаулық көзқарас көрініс берді. Қазақтың ру-тайпаларын түгендемек түгіл, адамдардың өздерінің туған ата-бабаларының есімін естен шығаратын, яғни дəстүрлі тарихи сананы аяқ асты ететін рухсыздану, русыздану жəне ұлтсыздану заманы басталды. Иншалла, бүгінде еліміз еңсесін тіктеп, өткен тарихына байсалды көз жүгірткен заманда жоғарыда əңгімеленген ұзын-сонар тарихымыз неге назардан тыс қалуы керек?! Рушылдықтан қорқамыз деп, өзіндік ерекшелігі бар - шын мəнінде өткені ру-тайпалардың іс-əрекетінен құралған ұлтымыздың тарихын көпе-көрнеу байқамай, қазақ тарихын тайпалар мен рулар тарихын екшелеп алмай-ақ, ұлттық, халықтық деген жалпылама ұрандар тасасында жауырды жаба тоқып жаза береміз бе? Рулар тарихын ұлт тарихына қарсы қойғанымыз қалай болады?!
Сонда біз қазақты этникалық тұрғыдан құраған əрбір рулардың алғаш өзіндік рулық тулары болғанын (Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарихи- 9 Рашидиін қараңыз), олардың жеке рулық таңбалары-белгілері болғанын, кейінірек рулық ұрандардың үстемдік алғанын жəне т.б. айтудан неге жалтарамыз? Неліктен осындай көптеген ру-тайпалар мəселесіне қатысты тарихымыздың құнды да бағалы жақтарынан қасақана, саналы түрде бас тартуымыз керек? Бүгін мұндай сауалдарға жауаптар батыл жəне нақты болулары тиіс.
§1. 2. Қазақты құраған түркі тайпаларының этно-саяси мəселелері
Қазақты құраған түркі тайпалары негізінен екі бөліктен тұрады деген пікірді ежелгі жəне орта ғасырлардағы Қазақстанның этно-саяси мəселелерін жан-жақты зерттеген көптеген зерттеушілер айтып жүр. Бұл пікірдің жаны бар, Қазақ автохтонды жергілікті Хундар, Аландар, Үйсіндер, Қаңлылар тəрізді тайпалар бірлестігінен жəне шығыстан, Алтай-Саян, Моңғолия аймағынан батысқа көшіп келген ежелгі түркі тайпаларының бірлестіктері бастан өткізген тарихи процестерде біртіндеп қалыптасқан этнос. Бұл сондықтан да тарихшыларды аса қызықтыратын күрделі ғылыми мəселе. Əсіресе, қазіргі зерттеушілерді Алтай-Саян жəне Моңғолия аймағындағы қазақтың арғы тегі болып табылатын түркі тайпаларының этно-саяси тағдырлары айтарлықтай қызықтыруда. Мұның басты себебі - қазақты бүгінде құраған қырық үш тайпаның басым көпшілігінің ататегінің, тарихи тамырының ежелгі жəне орта ғасырлардағы аталмыш аймақтардан бастау алатындығында болса керек.
Алайда осынау тарихи концепцияны зерттеушілердің барлығы дерлік мойындағанына қарамастан əлі күнге дейін қазақтың ежелгі жəне орта ғасырлардағы тарихын оқытуда қазақты құраған ру-тайпалардың тарихи тамырларына, алғашқы этно-саяси бастауларына жете көңіл бөлінбей келе жатыр. Бұл қазақ жеріндегі автохтонды тайпалардан гөрі əсіресе, осында шығыстан көшіп келген түркі тайпаларына көп қатысты. Алтай-Саян жəне моңғол жерлеріндегі рулық-тайпалық бірлестіктер негізінен саяси тұрғыда мемлекеттер аясында төл тарихымызда жалпылама оқытылып келеді. Осы тұрғыдан қарағанда ғылыми еңбектерде картаға түсіріліп бейнеленген бірнеше ежелгі жəне орта ғасырлық мемлекеттер тарихтарына нақты тоқтала кеткеніміз жөн болар. Ең бірінші əрине, Хундар мемлекетіне тоқталамыз. Бүгінгі тарихта бұл мемлекет біздің заманымызға дейінгі III-I ғасырларда өмір сүрген деп айтып жүрміз . Хундар мемлекеті екіге бөлінген. Олар солтүстік Хундар жəне оңтүстік Хундар деген атаулармен белгілі. Солтүстік Хундардың құрамында солтүстік шығыста Тоба, одан төменде шығыста Дунху, одан төменде оңтүстік шығыста Ухуан, оңтүстік батыста Тохар (Юэчжи) тайпалық бірлестіктері өмір сүргенін байқаймыз. Солтүстік Хундарының Байкал көлінен батысқа қарайғы солтүстіктегі көршілері Енисей бойындағы қырғыздар, олардан батысқа қарай Енисей мен Ертістің аралығында Динлиндер, одан төменде оңтүстік батыста Усундер (Үйсіндер) болғанын сол кездегі деректерден айқын байқаймыз.
Бұл тарихи картадан көрінетіні, біздің заманымызға дейінгі кезеңде қазақты құраған түркі ру-тайпаларының этникалық негіздері Хунну, Үйсін, Динлин, Тохар (Юэчжи) тəрізді Алтай-Саян жəне батыс моңғол жеріндегі мемлекеттік бірлестіктерден бастау алатыны.
Осы аймақтағы келесі мемлекеттік бірлестік - Сяньби мемлекеті деп аталады. Бұл тарихи зерттеулерде біздің заманымыздың I-V ғасырларында аталмыш өңірде өмір сүрген мемлекет. Негізінен бұл шын мəнінде бұрынғы солтүстік Хундар аймағы. Бұл мемлекеттегі Тоба тайпасы Керулен бойынан оңтүстікке біртіндеп қоныс аударғанын байқасақ, шығыстағы Дунхулардың орнына Қидандардың (Қарақытайлардың) пайда болғандарын көреміз. Ал оңтүстікте бұрынғы хан империясының орнына Вэй мемлекеті құрылғанын аңғарамыз. Бұл мемлекетте Тохарлар, яғни Юэчжилар бұрынғы мекендерінде тұрып жатты.
Аталмыш аймақтағы келесі мемлекет Жужань қағандығы деп аталады. Бұл біздің заманымызға дейінгі IV жəне VI ғасырларда өмір сүрген мемлекет. Батыстан шығысқа қарай Жужаньдардың этникалық-саяси құрамын атап шығар болсақ, алдымен ауызға түсетіні Харсайрылар. Олардан шығыста Алтай түріктері (Дулгалар), ал олардан шығыста Тэлэлер орналасты. Олардың солтүстігінде Енисей бойында Дубалар деп аталатын тайпалық бірлестік өмір сүрді. Байкал көлінен оңтүстікте Шивэйлер, олардан төменде шығыста бұрынғысынша Қидандар (Қарақытайлар), олардан оңтүстікте Кумосилар орналасты.
Жужань қағанатының шығыстағы көршісі татарлар болды. Бүгінгі тарихта осы тайпалық бірлестіктердің қайсылары қазақтың рутайпаларының этно бастаулары болды дегенге жауап іздегенде, біз əсіресе Алтай түріктеріне (Дулгаларға) Тэлэ тайпалық бірлестігіне, Дубо одағына, кейде тіптен Татарлар мен Қидандарға назар аударуға мəжбүр боламыз. Алайда олардың ішінде Тибет-Манчжур бірлестіктерінен гөрі аталған түркі тайпалық одақтарының қазақты құраған түркі тайпаларын қалыптастыруда үлкен рөл атқарғаны күмəн туғызбаса керек деген ойдамыз.
VI-VIII ғасырлардағы Түрік қағанатының этникалық-тайпалық құрылымына көңіл аударған кезде біз көтеріп отырған мəселе айқындала түседі. Түрік қағанатының этникалық картасына қарасақ, шығыста татарлардың Гучин татарлары жəне Есун татарлары деген аттармен екіге бөлінгенін байқар едік. Бұл Түрік қағанатының ең шығысындағы тайпалық одақтар. Олардан батыста Онон өзені мен Орхон өзенінің арасында Оғызнаймандар, олардан солтүстікте Байырғулар, Байырғулардан солтүстік батыста Хуригандар, олардан батыста Дуболар мекендегенін көреміз. Селенга мен Орхон өзендерінің бастауларында Алтай жоталарынан шығысқа қарай Тэлэлер (Дилилер) жайлап жатты. Ұлы Гоби шөлінің шығысын Қидандар, олардың солтүстігін Татарлар мекендеді. Бұл соңғы екі тайпа бірлестігі Түрік қағанатына қосылған жоқ. Олар шығыстағы көршілер болатын. Батыста Алтай тауларынан батысқа қарай Батыс Түрік мемлекеті жайлап жатты.
Түркілер отанында біраз уақыт VIІІ-IX ғасырларда Ұйғыр хандығы үстемдік жасады. Бұлар билік жасаған кезінде тарихқа Монғол деп аталатын тайпалық бірлестік шықты. Олар Онон өзенінің орта ағысы мен Керулен өзенінің аралығын мекендеді. Бұл тұста моңғолдардан шығыста Гучин Татарларының орнына Шивэй деген атпен түркі тайпалары орналасты. Моңғолдардан батысқа қарай Селенга өзенінің орта ағысында Байырғулар, олардан төменде Орхон мен Тола өзенінің аралығында Оғызнаймандар, ал олардан батысқа қарай Енисейдің жоғарғы ағысында Дубалар мекендеді. Ұйғыр хандығының батыстағы көршісі Ертіс бойындағы Қимақтар жəне Алтай жотасының батысындағы Қарлұқтар болды. Осы кезеңнің ірі тұлғасы əйгілі Мойун-чурдың ескерткіші Орхон өзенінің батысында орналасқан. Бірақ Ұйғыр мемлекетінің өмірі де ұзақ болған жоқ.
Оның орнын Қидан империясы ауыстырды. Бұл мемлекетте Татарлар жəне Қоңыраттар (Хонгираттар) шығыста орналасса, мемлекеттің оңтүстік шығысында Қидандар, олардан батыста Оңғұттар жəне олардан батыста Керейттер, ал олардың солтүстік шығысында Наймандар жайлап жатты. Қидан мемлекетінің батысындағы көршілері IX-XII ғасырларда Тянь-Шань Ұйғырлары жəне оңтүстік Ұйғырлар болды. Оңтүстіктегі көршілері Таңғұттар, Қидан мемлекетіне кірмеген түрік-моңғол тайпалары империяның солтүстігінде орналасты. Олар Онон өзенінің төменгі ағысындағы Жалайырлар жəне олардан батыстағы Тайчиуттар мен Аборигендер, Онон өзенінің бастауындағы Моңғолдар, олардың солтүстігіндегі Селенга өзенінің бойындағы Меркіттер жəне Орхон өзенінің орта ағысын жайлаған Керейттер, олардың солтүстіктегі көршілері Ойраттар, батыстағы көршілері Дубалар жəне Қырғыздар болатын.
Ақырында аталған мемлекеттік құрылымдардың бəрін ығыстырған жəне солардың тікелей мұрагері болып табылатын Моңғол феодалдық мемлекеті өмірге келді. Бұл мемлекеттің негіздеушісі Шыңғыс хан екенін бүгінгі тарих жақсы біледі. Жоғарыда аталған түрік-моңғол тайпаларын бір орталыққа, іргелі империяға бағындырған ол, XIII-XIV ғасырларда қазіргі Моңғолия жерінде тұрақты мемлекет орнатты. Бұл мемлекеттің этно-саяси құрылымы да аса күрделі. Моңғол империясының солтүстік шығысындағы үлкен тайпа бұрынғысынша Жалайырлар болды. Олардан батысқа қарай Онон өзенінің бойында Тайчиуттар, олардан төменде Онон жəне Керулен аралығында Моңғолдар, олардан оңтүстікте Татарлар (1202 ж. дейін өмір сүрген тайпалық бірлестік) жəне оңтүстік шығыста Қоңыраттар (Хонгираттар), олардан оңтүстік батыста Оңғұттар, ал Қарақорым атты империя астанасының айналасында Керейттер (1203-1204 ж. дейін өмір сүрген мемлекеттік бірлестік), олардан солтүстікте Байырғулар жəне шығыста Гурвандар мен Меркіттер (1185 ж. дейін өмір сүрген тайпалық бірлестік), ал Моңғолдардың батысында Хамагтар жайлап жатты. Сондай-ақ, Моңғол мемлекетінің Байкал көлінен батысқа қарайғы солтүстігін Ойраттар, олардан батыста Алтай жотасының бойын Наймандар мекендеді. Міне, біз білетін XIII-XIV ғасырлардағы Моңғол мемлекетінің этникалық құрылымы осындай. Ал оның көршілеріне келетін болсақ, Байкал көлінің шығысында Булгачиндар, батысында Енисей қырғыздары жəне Дубалар, Ертістен оңтүстік батысқа қарай Қарақидандар, олардан төменде Шығыс Түркістанда Ұйғырлар (847-1218 жж. өмір сүрген) орналасқан еді. Моңғол мемлекетінің оңтүстігін Таңғұт хандығы иемденіп жатты. Бұл 1031-1227 жж. аралығындағы мемлекеттік бірлестік болатын.
Осылайша, Алтай-Саян жəне қазіргі Моңғолия территориясын көптеген Түркі жəне Моңғол тайпалық бірлестіктері мекендеген еді. Алайда, Шыңғыс ханның батысқа қарай жылжуы Түркі тайпаларының орналасу аймақтарын сапалы түрде мүлде өзгертіп жіберді. Жалпылама атап айтар болсақ, Моңғолдарға көрші Түркі тайпалары Меркіттер тайпалық бірлестік ретінде көп кешікпей-ақ жойылып кетті. Олардың қалдығы 1216 ж. қазіргі Қазақстандағы Торғай өзенінің бойында Шыңғыс ханның баласы Жошы əскерлерінің қанды қырғынына ұшырап, бытыраңқы түрде осы маңда қалып қойды. Ал Моңғол мемлекетінің солтүстік шығысында Керулен мен Онон өзенінің орта ағыстарын мекендеген Жалайырлар болса көптеген тарихи шырғалаңдардан кейін ақырында Жетісу жеріндегі кейініректе қазақты құраған Түркі тайпаларының құрамына келіп орнықты.
Кезінде тарихи деректерде Отыз татарлар деген атпен əйгілі болған Керуленнің оңтүстігіндегі ұлы даланы мекендеген Татарлар 1202 ж. Шыңғыс хан ұйымдастырған қырғыннан кейін тоз-тоз болып ыдырап, Моңғолдарға қосылып кетті.
Тарихи деректерде Хонгират (Қоңырат) деген атпен мəлім болған Моңғол мемлекетінің оңтүстік шығысын жайлаған, Үлкен Хинган тау жоталары бойындағы тайпалық бірлестік батысқа қоныс аударып, кейініректе қазақтың Орта жүзін құраған іргелі тайпаға ұласты.
Тарихи деректерде Оңғұттар деген атпен мəлім болған Моңғол мемлекетінің оңтүстік шығысын мекендеген Хонгираттарға көрші тайпалар да дүрбелең барысында батысқа жылжып, қазақ жеріндегі Уақ деп аталатын іргелі тайпаның негізін қалады. Моңғол мемлекетінің бел ортасында орналасқан кезінде, 1203-1204 жж. дейін Орхон өзенінің бастауларын жайлаған Керейттердің тағдыры аса күрделі. Моңғол жаулауының барысында олар да батысқа қоныс аударып, екіге бөлініп кетуге мəжбүр болды. Қазіргі қазақтың Жетіру тайпалық құрылымындағы Керейттер жəне Орта жүздегі Керейлер осы тайпалық бірлестіктен бастау алғанын ғалымдар дəлелдеп жүр.
Үлкен қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекеттік бірлестік Найман хандығы болды. Олардың қалдығы Күчліктің бастауымен Шыңғыс ханның қуғын-сүргінінен Орта Азия жеріне дейін қашып барды.
Моңғол жаулауы Енисей қырғыздарының да Тянь-Шань бойына біржолата қоныстануына себепкер болды. Осындай жорықтар Жетісудағы Қарақидандар мемлекетінің тайпалық бірлестіктерін ыдыратып жіберді. Бұлар Қарақытайлар деген атпен қазақтардың ғана емес, башқұрттардың жəне Орта Азия түркілерінің құрамына шашырап кетті. Қуғын-сүргін Ұйғырларды да батысқа жылжытты.
Бір сөзбен айтар болсақ, Моңғол үстіртін жəне Алтай-Саян өлкелерін мекендеген көптеген ру-тайпалар, əсіресе түркілер Еуразияның үлкен кеңістігінде ауқымды қозғалыстарға барып, ұлы көшке ілесті. Нəтижесінде əсіресе, бүгінде біз тарихын зерттеп отырған қазақ халқын құраған түркі тайпаларының құрамы күрделене түсті. Кейбір түркі тайпалары, мысалы, Кіші жүздегі Жетіру бірлестігін құраған Тама, Табын, Жағалбайлы, Телеу, Керейт, Кердері, Рамадан, Батыс Моңғолия жəне Алтай-Саян өңірлерінен Жетісу жері арқылы батысқа жылжып, əртүрлі тайпалық бірлестіктерге қоңсы болып, олармен бірге көшіп-қонып, нəтижесінде бұрыннан Жетісуда орныққан Қарлұқ, Түргеш, Қарақидан, Қарахан билігі тұсында қалыптасқан, ежелгі Үйсіндерден бастау алатын əртүрлі Түркі тайпаларының рулық таңбаларын жəне ұрандарын қабылдап, осы өлкедегі түркілермен бұрынғыдан да бетер бауырлас, туыстас болып кетті. Осы жолда бұлар шамандықтан арылып, ислам дінін қабылдап, мұсылман атанды. Күшейе келе қазақ халқын құраған беделді түркі тайпаларына айналды. Осындай пікірді Алшын тайпалар бірлестігіне кіретін кейбір ірі тайпалардың атына да айтуға болады. Оғыз-Қыпшақ одағында шығыстан көшіп келген көптеген түркі тайпалары кірме атанған жоқ, керісінше, жергілікті тайпалармен қоянқолтық араласып, біртұтас қазақ этносын құруға жəне қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Осындай күрделі этно-саяси процестерді зерттегенде жəне оларды сипаттағанда бүгінде қазақ халқын құраған көптеген тайпалардың атауларын, яғни этнонимдерін анықтап алу басты міндетке айналып отырғаны тарихымыз үшін құпия емес. Өйткені, біз жоғарыда атап кеткен Моңғол қыратындағы жəне Алтай-Саян өңірлеріндегі көптеген тайпалық бірлестіктер жəне тайпалар өздерінің кейбір атауларын сақтап қалғанын байқаймыз. Біздің заманымызға дейінгі Үйсіндер мен Қаңлыларды айтпағанның өзінде, біздің заманның алғашқы ғасырларындағы Дулга, Дулу, Тэлэ, Оғыз-Наймандар жəне тағы басқа этнонимдер кейіннен қазақты құраған көптеген түркі тайпаларының тарихи тамырларына алып баратынын байқар едік. Бұл əсіресе, Моңғол жаулауы қарсаңындағы Моңғол қыратындағы этникалық құрылымдарды зерттегенде айқын көріне бастайды. Енді тарих сахнасына қазақты құраған түркі тайпаларының орта ғасырлардағы бабалары Жалайырлар, Меркіттер, Қоңыраттар, Керейлер жəне тағы басқалар шығып, олар тайпалық бірлестіктер, тіптен шағын мемлекеттер ретінде бой көрсетті. Алайда бір өкініштісі, тарихымызда осылардан бастау алған қазақты құраған түркі руларының қалыптасу тарихы əлі де толық анықталмай отыр. Бұл əрине тарихшыларымыздан түркі этностары тарихын тереңдете зерттеуді, осы мəселелерге аса қатты мəн беруді талап етеді.
Осы бағыттағы жұмыстардың негізін біздің ойымызша, бəрінен бұрын бүгінгі қазақты құраған рулар мен тайпалардың ежелгі жəне орта ғасырлардағы тарихи тамырларын түгелдей зерттеулер құрауы керек. Бұл аса ауқымды жəне мемлекеттік тұрғыдан қамқорлықты, тұрақты қолдауды қажет ететін үлкен ғылыми-зерттеу жобасы болып табылады. Бұл дегеніңіз шын мəнінде бүкіл қазақ халқының біртұтас этно-саяси тарихын қалпына келтіру болып шығады. Бірнеше ондаған томдардан тұратын мұндай тарих болашақта қазақ тарихының бет-бейнесін жəне ғылыми мазмұнын түбірінен жəне сапалы өзгерістерге ұшыратады деп ойлаймыз.
Қазақты құраған əрбір ру-тайпаның көне дəуірден кеңестік тоталитарлық жүйеге дейінгі тарихы түгел, кең құлашпен, кеңінен қамти жазылатын болса, бүгінгі мектептерде жəне университеттерде оқытылып жүрген оқу бағдарламалары жəне оқулықтар мен оқу құралдары ғылыми жəне əдістемелік тұрғыдан күрделі толықтыруларға ұшырар еді. Нəтижесінде біз басқа халықтардың ешбіріне ұқсамайтын қазақ халқына ғана тəн, өзіндік ерекше тарихты оқып үйрене бастар едік. Бұл əрине, қазақ халқының бəрінен бұрын этникалық құрылымын жəне ерекшеліктерін қамтыған ауқымды да шынайы жəне тиянақты тарих болып шығар еді. Бұл дегеніміз тарихи шындықты қалпына келтіру де болып табылады. Сондықтан да алда біздің зерттеушілеріміз осыған үздіксіз ұмтылулары қажет.
§1. 3. Қазақ жүздеріне көзқарас
XV-XVIII ғасырлардағы Қазақстан тарихы туралы сөз еткенде əрбір тарихшының зерттеу жұмысында əлі күнге дейін толық шешімін таппаған бірнеше күрделі мəселелер туындап отырады. Солардың бірі - қазақ жүздеріне қатысты. Бұл мəселені зерттеу бастауларында кем дегенде екі-үш мынадай сұрақтарға жауап беру керек: бірінші - жүз деген сөз қандай мағына береді? екінші - жүз сөзі қазақ тарихына қатысты қай кезден бастап қолданыла бастаған? үшінші - жүз терминінің мəні нені білдіреді? Осындай маңызды сауалдарға жауап іздеу арқылы ғана біз, қазақ жүздерінің тарихи тамырларын, мəн-мағыналарын айқындай аламыз.
Мəселенің зерттелу тарихына көз жіберсек, жүз этнонимі төңірегінде ХІХ ғасырдан бері орыс тарихшылары өз пікірлерін білдіргендігін байқаймыз. Алайда олар əртүрлі болжамдар жасаудан арыға бара алған жоқ. Қазіргі кезеңдегі зерттеулерде де авторлар жүз этнонимінің тарихи мəселелерінің толық шешіле қоймағандығын мойындай келе, оған қатысты өзіндік болжам қорытындылар жасады. Мысалы, Құрбанғали Халид Тауарих хамсада былай дейді: Ресейде аға сұлтан, қытайда уаң, күң сияқты, арабша жүз дегені - бөлшек, топ мағынасында айтылуы ақылға сияды.. Ноғай тілінің білгірі, белгілі түркітанушы
Н.А.Баскаков өзінің Ногайский язык и его диалекты деген атақты еңбегінде қара ноғайларда йуыз-бет деген мағынаны білдіретінін атап көрсетеді. Қазақ тілінде де жүзі жылыдан түңілме деген мақал бар. Бұл бөлек сөзінен қашық емес. Оң жақ беті, сол жақ беті деген ұғымдар да бөлшек деген ұғымнан қашық емес. Біз бұл жерде əрбір автордың тұжырымдары мен дəлелдеулерін тарихнамалық тұрғыдан талдауға бармай, оқырманға түсінікті болуы үшін жүзге қатысты пікірлерді топтастыра баяндап, соларға қатысты өзіміздің пікірлерімізді білдірсек дейміз.
Н.А.Аристов, Г.Н.Потанин жəне Н.И.Гродеков секілді зерттеушілер жүздердің шығуын халық арасында кең тараған аңыз-əңгімелердегі мəліметтер негізінде түсіндіреді. Бұл авторлардың айтуынша қазақтың үш жүзі бір адамның үш баласынан тараған. Н.И.Гродеков Алаштың Байшора, Жаншора атты ұлдарынан Ұлы, Орта жəне Кіші жүздерді таратады, ал Г.Н.Потанин Қотан деген кісінің - Юсун, Болат жəне Алшын атты үш ұлын жүздердің негізі ретінде көрсетсе, Н.А.Аристов Қазақтарда жүздер XVIII ғасырдың басында пайда болды деп жазады. Мұндай аңыздарға негізделген əңгімелер ел арасында қазір де көп кездеседі. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс атты қазақтың үш ұлынан үш жүз тараған деген əңгімелер көптеген шежірелерде ұшырасады. Алайда мұндай тұжырымдар жүздердің шығуы жөніндегі бүгінгі ғылыми сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сол себепті де біз жүз мəселесіне байланысты осындай ой-пікірлердің бар екенін айта келе, қазақ жүздері бір адамның үш баласынан тараған деген тұжырымдарды аңыз-əңгімелерге негізделген ғылыми тірегі босаң топшылаулар қатарына жатқызамыз.
Жүз мəселесіне байланысты келесі болжамдар тобын С.А.Аманжолов пен Х.М.Əділгереевтің пікірлері құрайды28. Олардың ойларынша қазақтың үш жүзінің қалыптасуы ерте түрік дəуірінен бастау алады да, шамамен, ХХІІ ғасырларда аяқталады. Шартты түрде бұл пікірлерді жинақтап, түркілік тарихи кезеңдегі немесе моңғолдар үстемдігіне дейінгі тұжырымдар деуге болады.
Келесі пікірлер тобына В.В.Вельяминов-Зерновтың, М.Красовскийдің айтқандарын жатқызуға болады. Олар қазақ жүздері XV-ХVI ғасырлар шегінде Қазақ хандығының іргетасын қалаған үш ұлыстың негізінде пайда болды деген тұжырымды алға тартады. Ш.Уəлиханов жүздердің шығуын Алтын Ордадағы аласапыран кезеңімен байланыстырса30, В.В. Бартольд бұл құрылымды географиялық ерекшеліктерге сай көшпелі мал шаруашылығының жағдайынан туындаған салдарлар деп түсіндіреді31. М.Вяткин болса, жүздердің пайда болуына экономикалық ерекшеліктер мен саяси жағдайлар əсер еткен деп жазады. Т.И.Сұлтанов қазақ жүздерінің пайда болғандығы жөнінде нақты жазба деректердің жоқтығын мойындай келе, дегенмен де жүздер шамамен XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыстық жүйенің орнына келген деген болжам айтады. Байқап отырғанымыздай, осы мəселе турасында қанша зерттеуші болса, соншама пікірлер мен тұжырымдар өрбіген екен. Мұны деректердің аздығымен ғана түсіндіру жеткіліксіз. Ең бастысы мəселені жеріне жеткізе зерттеудің жетіспеуінде. Сондықтан да біз тарихнамалық таластарға тереңдей бермей, негізінен көпшілік мойындаған тұжырымдарға баса көңіл бөліп, зерттеуден туындаған өзіндік пікірлерімізді ортаға салып, көзқарасымызбен оқырманды таныстырсақ дейміз.
Алдыменен жүз сөзінің анықтамасына тоқталсақ. Бұл жөнінде ғалымдар арасында елеулі талас-тартыс жоқ, керісінше ортақ пікір бар. Ол мынандай: жүз деп - XV-XVI ғасырларда Қазақ хандығының аймақтық əкімшілік бөлігі ретінде қалыптасқан тайпалық-рулық бірлестіктер, тайпалар одағы немесе этникалық-территориялық бірлестіктер аталған. Бұл анықтаманы қарапайым тұрғыда ықшамдап түсіндірсек былай болып шығады: қазақ ру-тайпаларының шаруашылық-географиялық ерекшеліктерге, саяси дамуға байланысты қалыптасқан əкімшілік құрылымы.
Ал жүз деген сөздің өзі қайдан шыққан, қандай мағына береді? - деген сұрақ жөнінде зерттеушілерде тағы да ортақ пікір жоқ. Дегенмен де, жүз сөзінің анықтамасының өзі оның мағынасын түсінуге жол ашып, бағыт сілтеп тұр емес пе?! Жүз - тайпалар одағы, не ру-тайпалар бірлестігі болса, олар біріккен тұтастықты көрсетпей ме? Қазақ халқының бір бөлігі белгілі бір территориядағы тайпалар одағын құраған болса, онда, жүз сөзі - бөлік, бұтақ, бөлшек деген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz