Орфография


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Орфографияның зерттелуі
  2. Орфографияның принциптері және мәселелер
  3. Қазақ емлесінің тарихы
  4. Орфографиялық сөздіктер

Орфография - Орфография (грек orfhos - дұрыс, gropho - жазамын) - сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. [1, 116б]

1. Орфографияның зерттелуі

Зерттеу еңбектер:

Қазақ жазуында араб графикасының орны ерекше тарихи кезеңдермен тұстас келді. Араб жазуының түркі тілдерінде қолданылуы ХІ ғacыpдaн-aқ басталғаны аян. Айталық, 1069 жылы жазылған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны, алғашқы түркі лингвисті М. Қашқаридың «Дивани луғат ат- түрк» атты түркі тілдері саласындағы тарихи-салыстырмалы даңқты сөздігі араб графикасының Қазақстан жерінде алғаш қолданыла бастаған кезеңдерінде жазылған. Сонымен қатар, ХІІ-ХІҮ ғасырларда осы графикамен А. Югнекидің «Ақиқат сыйы», Н. Рабғузидің «Әуле-әнбиелер қиссасы» және т. б. осы сияқты туындылар көне түркі тілінің дәстүрлі жалғасы болып табылады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында миссионерлік саясатпен келген орыс ғалымдары қазақ тілін зерттей бастағаны мәлім.

  • Орыс ғалымдары:

Қазақ графикасын алғаш орыс графикасымен жазған Н. И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» еңбегінде, В. В. Радлов 1882 ж шыққан «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» атты еңбегінде, П. М. Мелиоранский 1894-1895ж « Краткая грамматика казах- киргизского языка» атты еңбегінде алғашқы қазақша-орысша сөздік жасап, сөздердің қалай жазылатына тоқталып кеткен болатын.

  • Қазақ ғалымдары:

Ахмет Байтұрсынұлы 1912 жылғы «Жазу тәртібі» 1913 жылғы «Қазақша сөз жазушыларға», «Шаһзаман мырзаға», «Қазақша сөз жазушыларға» (1913) атты мақалалары мен 1926 жылы өткен Түрікшелер құрылтайындағы баяндамасында, Қ. Жұбанов 1935 жылғы «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы» мақаласы мен 1929 жылы өткен Ғылыми-орфографиялық конференцияда сөйлеген сөзінде, Х. Досмұхамедұлының 1924 жылы Орынборда өткен қазақ білімпаздарының съезіндегі баяндамасы, Қ. Кемеңгерұлының 1929 жылы Ғылыми-орфографиялық конференциядадағы «Қазақ тілінің орфография мәселесі» баяндамасында, І. Кеңесбаев «Қазіргі қазақ тілі. Фонетика» атты 1962 жылғы еңбегінде, Р. Сыздықова 1974 жылғы «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш», 1991 жылғы «Орфографиялық анықтағыш» атты еңбектерінде, М. Балақаевтің 1952 жылғы «Вопросы казахский графики и орфографий» атты мақаласында, Н. Оралбаеваның «Қазақ граффикасы мен орфографиясының негіздері» кітабында, К. Жолымбетовтың 1974 жылғы «Қазақ орфографиясын оқытудың ғылыми негіздері» атты еңбегінде, Б. А. Қалиевтің 1987 жылғы «Қазақ тілінің фонетика» атты оқулығында, С. Мырзабековтің 1986 жылғы «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» кітабында қазақ орфографиясының мәселелері зерттеліп, сөздері дұрыс жазу емлесі айтылады.

Н. И. Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» (1860) еңбегінде қазақ дыбыстарының айтылуына назар аударды. Илминскийдің сөздігі тұңғыш қазақша-орысша сөздік болды. Бұл кітаптың 162 бетінің 140 беті сөздікке араналады. Бұдһл - қазақ фонетикасы үшін бағалы еңбек болып табылады. Осы еңбек арқылы қазіргі жазуымыздың алғашқы адымын көреміз, орфоэпия, орфографиямыздың даму жолын байқаймыз[2, 8б] .

В. В. Радлов 1882 ж шыққан «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» атты еңбегінде қазақ сөздері мол қамтылған. Ол сөдерді барынша айтылуы бойынша жазған болатын. [2, 10б] .

П. М. Мелиоранский 1894-1895ж « Краткая грамматика казах- киргизского языка» атты еңбегінде кірме сөздердің игерілуіне көңіл бөлген. Қазақ білімпаздары араб-парсы сөздерін сол тілдегідей етіп жазатынын, шала оқығандар халықтың айтуына жуықтатып бұзып жазатынын, кірме сөздердің қазақшаланып кететінін, өзінде жоқ жат дыбыстық тіркестерге қазақ тілінің төзбейтінін мысалдармен түсіндіреді [2, 13б]

Ахмет Байтұрсынұлы 1912 жылғы «Жазу тәртібі» 1913 жылғы «Қазақша сөз жазушыларға» атты мақаласында: «Бірдей жазылған сөзді қалай һәр түрлі оқысам дұрыс болады?-деп бала қиналмай ма? Сондықтан әуелі оқу құралын сайлаудан бұрын жазуымыздың тәртібін түзетіп, жөнге салу керек. Содан соң, сол жөнменен құрал сайлау керек. Жазу тәртібі менің ойлауымша, болса жарар еді деп, жұрт алдында саламын» [3, 381] .

«Шаһзаман мырзаға» (1912) атты мақаласында: «Жазуымыздағы тәртіпсіздік, кемшілік барлығын жалғыз мен емес, басқалар да айтады. Сондай кемшілік, ретсіздік жазуымызда да бар, оны реттеу, жөндеу керек. Жазуымыздың тәртіпсіздігі - оқу кітабын шығаралық десек, алдымыздан көлденең келеді» [3, 394б]

«Қазақша сөз жазушыларға» (1913) атты мақаласында: «Дұрыс емле менен қате емлені айыруға, менің ойымша, бұлай қарау керек шығар деймін: Тіл табиғатына қарай емлені ыңғайлау ма? Жоқ, емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Емле - жазу үшін шығарылған нәрсе, жазу - тіл үшін шығарылған нәрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек[3, 395б] .

Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жылы өткен Түрікшелер құрылтайындағы баяндамасында емленің 4 түріне тоқталып кетеді: «Дыбыс жүйелі емле - сөзді айтылуынша жазу. Туыс жүйелі емле - сөздің тек айтылуына қарамай, тегіне де қарай жазу. Тарих жүйелі емле - қашаннан жазып келе жатқан қалпынша жазу. Таңба жүйелі емле - сөз орнына таңба салу [3, 412б] .

Қ. Жұбанов 1935 жылғы «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы» мақаласында: «Шынында, дұрыс жазу деген - қазақтың өз сөздерінің, «таза» қазақша сөздердің ғана провасы болып, емле сонымен ғана тұрып қалмау керек, қазақтың әдебии тілінде кездесетін сөздердің бәрі де дұрыс жазылып, әр қайсысының өзінің тұрақты таңбасы жазылған түрінен басқаша жазудың бәрі де қате делінетін болуы керек. Бірақ ол үшін мына сөз таза қазақша, мынаның тегі жат деп, сөз-сөздің тегін қазып жатудың керегі жоқ, тегі қайдан шықса да, бәрі бір, қазақ тіліне кірген сөздің бәрі де қазақтың өз сөзі делінуі керек[4, 337б] .

1929 жылы өткен Ғылыми-орфографиялық конференцияда сөйлеген сөзінде: «Қазақтың өз сөздерінің жазуында да емленің кемшілігі аз емес екенін көрсетіп өттік. Міне, сондықтан, осы күнгі емленің ережесінің аз болуы - тілдің шын қалпын аз ережеге сыйғызып, түгел қорытып шыққаннан емес, тек есіне түскен қалыптарын ғана ереже ғып шығарып, ең керектілерін ұмытып кеткендігінен»[4, 498б] .

Х. Досмұхамедұлы 1924 жылы Орынборда өткен қазақ білімпаздарының съезіндегі сөзінде: «Жазу мәселесі - өте зор мәселе; оны жете тексеріп барып шешу керек. Жазу ережелері тақырыпты баяндаушының ұсынған жобалары жөні дұрыс, қазақ тілінің заңдарына лайықталып жасалған [5, 47б] . .

Қ. Кемеңгерұлы 1929 жылы Ғылыми-орфографиялық конференциядадағы «Қазақ тілінің орфография мәселесі» баяндамасында: «Біріншіден, мен қазақ орфографиясы туралы айтқым келеді. Егер біз басқа тілден енген термин сөздерді өзіміздің принципке негіздесек, бірнеше ескертулер пайда болады. Сондықтан өзге тілдерден енген терминдерді морфологиялық принцип негізінде қарауымыз керек» [6, 232б] .

І. Кеңесбаев «Қазіргі қазақ тілі. Фонетика» атты 1962 жылғы еңбегінде: «Қазақ тілінің негізгі түпкі тарихында фонетика-морфологиялық принцип жатыр. Ал тарихи принцип қазақ тілінде кездеспейді. Өзге тілден енген сөздерде дәстүрлі принцип қолданылады». Сонымен қатар, күрделі сөздердің, қысқарған сөздердің, кірме сөздердің дұрыс жазылу ережесіне тоқталып өтеді [7, 338б] .

Р. Сыздықова 1974 жылғы «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш» еңбегінде: «Орфография, немесе емле, дұрыс жазу ннормаларын белгілейді. Ал дұрыс жазу нормаларының негізгі көздейтін мақсаты - айтайын деген ойды жазба түрде дәл, айқын жеткізіп беру. Әдетте жазу жалпыға ортақ болғандықтан, оның ережелері де жалпыға бірдей болып, көпшіліктің пайдалануына арналады. Сондықтан орфография ережелері әрі ортақ, әрі айқын, әрі тұрақты болуға тиіс»[8, 4б] .

Р. Сыздықова «Орфографиялық нормалар» атты мақаласында: «Жазба түрде жеткізу үшін сол халық пайдаланып отырған жазу түрімен қоса белгілі бір жазу тәртібі, яғни нормалары болуы керек. Емле заңдылықтары да, тілдің өзі сияқты, өмірмен тығыз байланысты болып, әрдайым даму үстінде көрінетін құбылыс. Қазіргі таңдағы мәдени тіршілігіміздің басты талабы - жазу таңбаларының тілдің дыбыс жүйесіне сай түсіп, көпшіліктің пайдалануына қолайлы болуы және сол таңбалармен сауатты жазу үшін емле ережелерінің дұрыс түзілуі» [9, 178б] .

М. Балақаев 1965 жылғы «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» атты еңбегінде: «Тіл мәдениетінің бір нысанасы - сауаттылық. Сауаттылықты арттыруға, әдеби тілді қалыптастырып, шыңдай түсуге орфографиялық нормаларды сақтап, бір ізбен жазудың үлкен септігі тимек. Сондықтан, алфавит, орфография мәселелеріне ерекше назар аударылып, тіл мәдениетін арттыру шаралары іске асырылып келеді» [10, 51б] .

Н. Оралбаева «Қазақ тілі» (1992) кітабында: «Орфография деп тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы жөніндегі ережелердің жиынтығын айтады. Орфография тілдегі сөздердің, олардың түрлі тұлғаларының жазылу нормасын белгілейді. Орфографиялық норманы сақтап, қабылданған орфографиялық норма бойынша жазу әркімнің міндеті» [11, 4б] .

Б. А. Қалиевтің «Қазақ тілінің фонетика» (1997) атты оқулығында: «Орфография - жазба тілде пайдалынатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі және біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын, зерттейтін тіл білінің саласы. Орфография тілдің белгілі бір даму кезіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайды»[12, 92б] .

С. Мырзабеков «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» (1986) кітабында: « Орфография сөздердің графикалық бейнесінің олай емес, былау болуы әлдеқайда қолайлы, әрі қонымды екендігінің жалпы принциптері мен жеке ережелерін жасайды. Қысқасы, графика жеке дыбысты, әйтеуір жазуды қарастырса, орфография сөзді жазудағы графикалық мүмкіндіктердің таңдаулысын ғана алады» [2, 193б] .

2. Орфографияның принциптері және мәселелер

  • Фонетикалық принцип
  • Морфологиялық принцип
  • Дәстүрлі принцип
  • Дифференциялаушы немесе айырым принципі
  1. Фонетикалық принципбойынша сөз айтылуы негізінде (естілуінше) жазылады, яғни әрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Мысалы:жаздыгүгі, қыстыгүні, жазса - жасса, жанбасы - жамбасы, тонға - тоңға т. б., яғни айтылуындай жазылады да, фенемалық транскрипцияға жақындайды [12, 92] .
  2. Морфологиялық принцип- сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемалар (сөз және қосымша) құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы қалпын сақтап жазу. Мысалы:жан, жамбады, жаңғандатүрінде айтылатын сөзформаларға ортақ түбір - жанғ сондықтан жан, жанбады, жанғанда деп жазылады. Ал, жаз, жазса, жасшы айтуда: жас, жасса, жашшы, алайда түбір сақталып жазылады. Морфологиялық принципті фонемалық принцип те атайды. Мұнда бір фонема әр түрлі құбылғанына қарамастан үнемі алфавиттегі бір әріппен белгіленеді. Бұған жоғарыдағы мысалдан көз жеткізе аламыз. [2, 194] .
  3. Дәстүрлі принцип -сөздің бір кезде жазып қалыптасқан, дәстүрге айналған түрін сақтап, жазу. Мысалы:хан, хош, хат, хабар, халық, мұхит, қаһарсөздеріндегі х, һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Дәстүрліқ қағидат тілдің қазіргі қалпына қайшы келуі де, келмеуі де мүмкін[12, 93] .
  4. Дифференциялаушы принцип- дыбыстық құрамы бірдей сөздерді бір- бірімен орфографияның көмегімен айыру. Бұл принцип қазақ тіл білімінде ескерілмейді. Дифференциялаушы принципке тілімізде бір сөздің мағыналық жақтан екіге жарылып, соған орай орфограммасының (грек. orthos - дұрыс, gramma - әріп) да өзгеруін айтуға болады:үкімет - өкімет, ауа - әуе, ғылым - ілім, дауа - дағуа, дуа - дұға, балағат - балиғат, жаңқа - жоңқа, мәлім - мағлұм, уәде - уағда[2, 194] .

Қазақ емлесінің мәселелері жайында . Орфографиялық ережелер мынадай мәселелерді қамтиды:

1) Кейбірдыбыстардың жазылуы

2) Түбір сөздердің жазылуы және қосымшалардың жазылуы

3) Сөздердің бірге, бқөлек және дефис арқылы жазылуы

4) Шылаулар мен одағайлардың жазылуы

5) Бас әріптің қолданылуы

6) Сөздерді тасымалдау

Қазақ тілінің орфографиясында дауысты, дауыссыз дыбыстардың жазылуының барлығы бірдей қиындық туғызбайды. Олардың көпшілігі сөздің кез келген жеріне қолданылып, өз әрпімен жазыла береді. Тәжірибиеде біршама қиындық келтіріп жүрген тұстар - дауысты ә, ы, і, и дыбыстардың таңбалайтын әріптер мен дауыссыз х, сонор й, у дыбыстарын таңбалайтын әріптердің емлесі. [8, 8б] .

3. Қазақ емлесінің тарихы . Қазіргі емле ережесінің қысқаша тарихына көз жіберсек, оның іргесі 1940 жылы кирилицаға көшкен кезде қаланды. Қазақ тілі емлесінің осы жазу бойынша түзілген қағидаларының 15 - 16 жылдық тәжірибеден кейін кем - кетігі ескеріліп, реттелген нұсқасы 1957 жылы ұсынылып заңдастырылды. Ал, 1940 жылға дейін бас аяғы 15 - 20 жыл ішінде үш түрлі: Ахмет Байтұрсынов түзген қазақтың тұңғыш ұлттық жазуы араб таңбаларын, одан кейін он шақты жыл қолданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап қабылданған кирилицаны пайдалануға мәжбүр болған қазақ сияқты халықтың әр жазудың емлесінде дәстүрлі қалыптасып, орнығып үлгермеді, сондықтан әркім бұрынғы жазудың үлгісін сақтап, ала-құлалық туғызуы ықтимал еді, сол себептен 1940 жылы жаңа «орыс» жазуына көшкендегі емле ережені де, 1957 жылы біршама түзетілген жаңа редакциясы да ресми Үкімет тарапынан арнайы қаулымен бекітілген болатын. Дегенмен емле заңдылықтары да тілдің өзі сияқты дамып, жетіліп отыратын құьылыс болғандықтан, 1957 жылы түзілген қазақ орфографиясының принциптері негізінен дұрыс, жинақы бола тұрса да, кейбір ережелерін әлі де болса толықтыра түсу қажеттігі туды. Осы себептен Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты мен Қазақ ССР Оқу министрлігі 1957 жылғы орфографиялық ережелер кодексне толықтырулар мен түзетулер енгізіп, оның жаңа редакциясын ұсынды. Орыс графикасына негізделген қазақ жазуының болмысын айқындайтын орфограффиялық ережелердің бар тарихы осы. Қазақ орфографиясы басшылыққа алатын принциптер жайында «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде » нақты айтылған. 1983 жылы қазақ емле ережелері қазақ емле ережелері кодексінің біраз түзетулер мен өзгерістер енгізілген жаңа редакциясы ұсынылды. Бұл соңғы нұсқа да заң жүзінде қабылданды: 1983 жылы 23 тамызда Қазақ СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен бекітілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орфографиялық норма мәселелері
Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары
Орфография және орфоэпия
Бастауыш сыныптардағы орфографиялық қателерді түзету және ескерту бойынша жүргізілетін тиімді әдістері мен жұмыс түрлері
Қазақ фонетикасының құрылымы
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы жайлы
Сөзжасамдық тәсілдер
Қазіргі қазақ тілінің әдістемесі
Орфографиялық талдау жасау үлгілері
Қазақ тілі сабақтарында жазу теориясы терминдерін игерту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz