Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеу жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеу жолдары»

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер . . . 3 бет

Анықтамалар . . . 4 бет

Қысқартаулар . . . 5 бет

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке

тәрбиелеу жолдары»

Кіріспе . . . 7 бет

1. Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеудің теориялық негіздері . . . 12 бет

  1. Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеу мәселелері . . . 12 бет
  2. 5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мен жетілдірудің ерекшеліктері . . . . . . 25 бет

2. Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеудің тәжірибелік-эксперименталдық жолдары. . . . 31 бет

  1. Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеуін

қалыптастырудың жолдары, формалары және әдістері . . . 31 бет

  1. Күнделікті тұрмыста және еңбекте, ойын кезінде балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеу . . . 33 бет
  2. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері . . . 49 бет

Қорытынды . . . 68 бет

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 70 бет

Қосымшалар . . . 73бет

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалған:

[1] Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III ЗРК «Білім туралы» Заңы

[2] Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Алматы 2005.

[3] 2011-2020 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы

Анықтамалар

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар және қысқартулар қолданылады:

Тәрбие - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.

Адамгершілік тәрбиесі - бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету.

Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; балаларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу.

Адамгершілік тәрбие - адамгершілік мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, мінездерді, моральдық қасиеттерді қалыптастыру үрдісі деп айтуға болады.

Адамгершілік тәрбиесі - мақсатқа негізделген көзқарасты сенімді, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға жән адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі.

Руханилық - адамның материалдық, қоғамдық тарихи практикасының жоғарғы нәтижесі.

Руханилық - адамның ой-санасына, ішкі дүниесіне байланысаты және соған қатысты қасиеттерді білдіреді.

Қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚР БМЖБМС - Қазақстан Республикасы білім берудің міндетті жалпы білім мемлекеттік стандарты

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгінгі таңда мемлекетіміздегі білім беру жүйелері мен білім беру мазмұны жаңару жолында. Оның басты себептері әлемдік өркениетке ілесе отырып елімізді бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосу идеясы болып отыр. Мұндай күрделі де жауапты мақсатқа қол жеткізу үшін көптеген міндеттер туындайды. Ол міндеттерді іске асырушы маңызды әлеуметтік институттың бірі, әрине, балабақша.

Рухани мәдениет тәрбие беру мәселесі жаңалық болып танылмайды, өйткені ол адамзат қауымы қалыптасқан кезеңнен бері көкейкестілігі бір кемімеген тақырып. Сол себептен де аталған мәселе туралы cөз көзқарас, пікірлерін білдірмеген көрнекті ойшыл, ғұлама кемде-кем.

Мәселен, бүгінгі күнге дейін тәрбие теориясы мен тәжірибесін түсіне білген адамға берері мол еңбектер қатарына Руми, Йассауй, Үйгінеки, Саади, Инаятхан, Ыдырыс Шах, Қайқаус, Баласағұн, М. Көпеев, Ш. Құдайбердиев және т. б. жатқызамыз.

Рухани мәдениет тәрбиесін ғылыми тұрғыда зерттеген ғалымдар ретінде В. Белинский, А. Байтұрсынов, Л. Божович, Б. Ананьев, П. Якобсон, Ш. Амонашвили, Е. Ильин, Н. Щуркова, Б. Лихачев, Т. Грибоедова, Т. Петракова, А. Романова, А. Шамшурина, Е. Егембаева, Т. Шамғанова, Р. Төлеубекова, Ш. Майғаранова, Ж. Бәшірова, Р. Тұрысжанова, Н. Әлқожаева, Ұ. Асанова, Г. Аңламасова, И. Бодықова, С. Әбділдина, Ә. Әмірова, А. Қаплиева және т. б. танимыз.

Олардың қайсысының ой-пікірлеріне жүгінсек те, ортақ сипат рухани мәдениет тәрбиесінің негізіне жалпы адамзаттық рухани құндылықтарына байланысты.

Ал Ы. Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» еңбегінен оның рухани мәдениет тәрбиесін бірінші орынға қойғанын айқын байқаймыз.

В. Белинский «Адамның тәні сияқты, жанына да тәрбие керек, онсыз жан семіп қалады, енжарлықтың ми батпағына батады» деп санайды. Ж. Аймауытов «Тәрбиеге жетекші» еңбегінде «Тәрбиенің негізгі мақсаты - мінезді түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу» деген.

Руханилық ұғымы - философиялық категория. Философиялық сөздікте «Руханилық адамның материалдық, қоғамдық тарихи практикаының жоғарғы нәтижесі. Рух материяның «жоғарғы көркі», қоғамның рухани өмірі, қоғамдық сана мен болмыстың бейнесі болып табылады. Сонымен қатар ол қоғамдық болмысқа, адамзаттың практикалық қызметіне, өзінің белсенді ықпалын тигізеді» деген түсінік берілген. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, руханилық ұғымы адамның ой-санасына, ішкі дүниесіне байланысты және соған қатысты қасиеттерді білдіреді.

Рухани мәдениет тәрбие мәселесін қазақстандық философ І. Ерғалиев, А. Косиченколар зерттей келе, руханилықты «Адам болмысының ерекше бір белгісі» дейді. Ал Г. Соловьева «рухани мәдениет адамның ішкі жарықты, нұрды қабылдай білу қасиеті» дейді. Философ С. Нұрмұратов «руханилықтың тағы бір келбеті адамдардың өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін қоршаған ортаға беруге дайындығы, яғни ақылын, дарынын, қабілетін, шеберлігін, ішкі нұрын, жүрек жылуын адамдарға, табиғатқа, ғаламға беру ұмтылысы. Осындай ұстанымдар басымдық танытқанда ғана адам рухани дамудың жолына түседі» деген пікір білдіреді.

М. Шахановтың пікірінше, руханилық адамның ішкі жан дүниесі, көзге көрінбейтін күш. Оның құндылығы өз еркіңмен өзгеге, халыққа және әлемге деген тек жақсылық жасауға талпыныс еріктілігі. Ал осы мәселені зерттеуші А. Түлкібаева өзінің ғылыми зерттеу еңбегінде «Рух» адамның ішкі жан дүниесі, көзге көрінетін, бірақ ерік-жігер беретін күш. Руханилық адам санасы мен сезімнің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші деп пайымдайды. Рухани мәдениет тәрбие мәселесін арнайы зерттеген бір топ ғалымдардың пікірлерін тиянақтайтын болсақ, онда олар құндылықтарды бірнеше типке жіктейді деуге негіз бар.

Биологиялық теория өкілдерінің айтуынша, барлығы тұқымнан ата-бабаларымыздан беріледі, сондықтан мектепте бір нәрсе өзгерту мүмкін емес. Мектепке дейінгі шақта бір нәрселерді себуге болады, сол себептен мектепке дейінгі тәрбиенің яғни балабақшада маңызы зор деп санайды.

Руханилық теориясы бойынша әр адам белгілі бір жағымды рухани негізбен дүниеге келеді. Кез келген адам жағымды өзекке ие, бірақ оны өмір сүре келе жоғалтады. Ылғи да жақсы бағдар іздеу қажет және алғашқы бастапқы жақсыны жоғалтып алмауымыз тиіс. Осы теория өкілі Ж. Руссо адамды өркениет бұзды деген пікірді дамытты. Кейбір діндердің негізінде де осы қағидалар кездеседі.

Руханилық мәдениет - адамгершілік тәрбиесінің нәтижесінде ғана қол жететін, күрделі, көзге көрінбейтін, түпкі негізі тұқыммен де беріліп жататын, әлі де әр қырынан зерттеуді қажет ететін терең пайымдауларға негізделіп барып, қорытылуы тиіс философиялық және педагогикалық категория. Сонымен қатар руханилықтың әліппесі адамгершілік қасиеттер, сондықтан рухани тұлға қалыптастыру үшін адамгершілік тәрбиесі өте ерте жастан кешенді жүргізілуі тиіс. Сол сияқты руханилық әр адамның әлеуметтік тәжірибесінің, өресінің деңгейімен тығыз байланыста дамиды деген ойдамын.

Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалы:

Тәрбиеші бала үшін оның психологиялық ахуалын тек топта ғана емес, достарымен қатынас жасау денгейінде де анықтайтын тұлғаға айналады, оның ықпалы отбасыдағы қарым-қатынасқа да бейнелейді. Отбасындағы бала мен дәстүрлі қарым-қатынас мазмұнында оның балабақшадағы өмірінің бүкіл кезендері енгізіледі. Жоғарыда айтылып өткендей, қазіргі кезде балалардың әсіресе мектеп жасында балалардың рухани іс-әрекеттерінің төмендеуі өзекті мәселеге айналып отырғандығы белгілі. Еліміздің көптеген балабақшаларында, мектептерде аталған мәселенің шешілу жолдарын қарастыруда. Сондықтан да осы аталған мәселенің шешілуіне өз үлесімді қосу мақсатында дипломдық жұмысымның тақырыбын «Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеу жолдары» деп алдым.

Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениет арқылы тәрбиелеу .

Зерттеу міндеті: жоғарыда көрсетілген зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді анықтауымыз керек:

Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеу үрдісі .

Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелей отырып қалыптастыру.

Ғылыми болжамы: егер, балабақша сатысында балаларға ұлттық тәрбие берудің ерекшеліктері айқындалып, соның негізінде үлгісі жасалса, сонымен қатар педагогикалық шарттар жүйесі құрылып, іс тәжірибеге енгізілсе, онда балалардың ұлттық сана-сезімін, ұлтжандылық, толеранттық қасиеттерін, ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруға болады, өйткенi мұндай жағдайда қарастырылып отырған процестің тиімділігі қамтамасыз етіліп, оқушылардың тәрбиелілік деңгейі артады.

Зерттеу әдістері: балабақшаның оқыту және тәрбиелеу бағдарламалары мен бүгінгі таңдағы «Алғашқы қадам» бағдарламасы.

Зерттеу базасы: СҚО, Уалихан ауданы, Ақтүйесай аулы, «Арай» шағын орталығы.

1. Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеудің теориялық негіздері

  1. Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеу мәселелері.

Адамгершілікке тәрбиелеу құралы - еңбек пен ата-ана үлгісі

Ыбырай Алтынсарин

Педагогика рухани мәдениетті қалыптастыруды бала өмірінің алғашқы жылынан бастап моральдық сананы, адамгершілік сезімдер мен әдеттерді, адамгершілік мінез-құлықты қалыптастырудың мақсатқа бағытталған белсенді процессі ретінде қарастырады.

Балалар бақшасында бұл процесс мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, рухани мәдениетті қалыптастыру принциптерінің рухында жүзеге асырылады. Рухани мәдениетті қалыптастыру нақты моральдық қасиеттер негіздерін қалыптастырудан көрінеді.

Адамның рухани мәдениет дамуында ұрпақтан ұрпаққа көшкен, дамыған, толықтырылған, адамдардың бірлесіп өмір сүру процесінде жасалған адамгершілік нормаларын игерудің елеулі маңызы бар.

Біздің адамгершілік ең саналы адамгершілік болып есептеледі, өйткені ол - эгоизмге қарама-қарсы, коллективизмді ұсынады және оны қолдайды. Коллективизм - коммунистік адамгершіліктің ең ерекше белгісі, ол адамның шындыққа қатынасының барлық жүйесін, оның бар мінез-құлқын анықтап береді.

Тәуелсіз мемлекетіміздің одан әрі гүлдене беруіне үлес қосу үшін әрбір адам адал еңбек етуге, тәртіпті болуға, халық байлығын сақтауға және арттыра беруге, мораль нормаларын бұзушылармен күресуге тиіс. Осындай позицияны қалыптастыру - рухани мәдениет тәрбие беру ісінің міндеті.

Осынау ортақ міндеттерге сәйкес мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жөніндегі жұмыстар да жетілдіріліп отырылуға тиіс. Мектепке дейінгі жаста қалыптасқан моральдық сана-сезім мен мінез-құлық барлық балалық іс-әрекеттер мен үлкендер арасындағы өзара қарым-қатынасы комплексіне шешуші ықпал жасайды.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін еске алу арқылы нақтыланады. Рухани мәдениетке, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендерің қолынан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Идеялық-саяси тәрбиенің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған классикалық және қазіргі заман әдебиетінің озық шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.

Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, колективизм мен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады.

Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын айқындайды, оның өмірге белсенді позициясын бірте-бірте қалыптастырады.

Әр баланың жеке басы - оның моралдық дамуы жөнінде қамқорлық жасау - бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. Осыған орай баланың жеке басының қалыптасуы мен балалар коллективі міндеттері өзара ұштасып жатады.

Мектепке дейінгі мекемелер балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастыратын «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» бойынша жұмыс істейді.

«Балалар бақшасындағы тәрбие программасын» жүзеге асыруда басты рол педагогта жатады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі болған сайын, педагогтың ықпалы әсерлі болып, баланың жеке басы қалыптасады, оның ықпалы неғұрлым белсендірек болып, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, ал олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани мәдениетінің дамуы балалар бақшасы мен жанұя арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Балалардың рухани мәдениетінің дамуының тамаша нәтижелерін көбіне ата-аналары «Балалар бақшасындағы тәрбие программасын» білетін, тәрбиешілердің ақыл-кеңестерін таңғылықты тыңдайтын жанұялардан байқауға болады, ол тәрбиешілер жанұя тәрбиесінің жақсы тәжірибесін, жанұя өмірі жағдайларын зерттеп біледі.

Балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеудегі педагогикалық процестерді ұйымдастыру мен методикалық басшылық ету ерекшеліктерін түсіндірудің алдында мектепке дейінгі балалық шақтың әр сатысының негізгі міндетін саралап шығуға мүмкіндік беретін балалардың жас ерекшеліктері сипаты ескеріледі.

Мектепке дейінгі мекемелерде рухани мәдениет тәрбие комплексті түрде жүзеге асады, бірақ әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында - ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады; еңбекте - еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімі сияқты қасиеттер; сабақтарда идеялық бағытталудың бастамалары, қоғамдық өмірдегі құбылыстар, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар.

Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.

Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.

Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.

Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.

«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты ролді атқарады.

Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.

Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.

Рухани-адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды

«Іс-әрекетке тәрбиелеу» принципін қолдану - мектепке дейінгілерді рухани мәдениет жақтан дамытуда сөз және сөз жүзіндегі методтардың рөлін авторлар тарапынан бағаламау дегенді білдірмейді, бұл топтағы методтарды пайдалану - балаларға моралдық праволарды түсінуге мүмкіндік жасайды.

Рухани мәдениет жақтан дамыту методтары көбінесе балалардың рухани мәдениеттің, адагершіліктің шығар көзін түсінуіне негізделіп, оның сезімі мен еркіне бір уақытта әсер ету жағын қарастырады. Рухани мәдениетке тәрбиелеудің алуан түрлі методтарын қолдана отырып, ойын мен еңбектің, ойын мен оқудың, еңбек пен оқудың өзара байланысын көре білу қажет.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

"Адамгершілік даму", "адамгершілік тәрбие" ұғымдары. Шет елдердегі мектел жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің теориясы. /К. Бюлер, З. Фрейд, Ж. Пиаже және т. б. / Қазақтың ағартушы ғалымдары Ол-Фараби, Ы. Алтынсарин, А. Қунанбаев, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов сцбектеріндегі адамгершілік тәрбиесі. Жалпы базалық кұндылықтар.

Мектеп жасыма дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу тур алы Н. Қулжанова, А. К. Менжанова, Ж. А. Исмайлова зерттеулері. Мектеп жасына дейінгі балалардық "Мен бейнесі", "Мен тұжырымдамасынын" қалыптасу ерекшеліктері. "Өзін- өзі тану" бағадарламасы - мектеп жасына дейінгі балаларды жоғары рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі естияр жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеуге сипаттама
Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жүйесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі
Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеу
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка және оны пайдалану жолдары
Мектепке дейінгі балалардың қиялдың даму ерекшеліктері
Бейнелік көрнекіліктерді пайдалану әдісі және олардың балалар сезіміне эстетикалық талғамына тигізетін әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz