Бастауыш сыныптың оқыту - тәрбие үрдісі


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан тәрбие құралдарын пайдалануы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануы керек екендігі маңызды және көкейкесті мәселелердің бірі.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағыттары мен идеялары "Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" Заңында, "Қазақстан Республикасының білім туралы" Заңында, сол сияқты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы", "Этномәдениет тәрбиесі", тағы басқа құжаттар мазмұнында айырықша атап көрсетілген[1] .
Сондай оқу-тәрбие негіздерінің бірі - ұлттық ойындарымыз. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол - сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Бұл туралы көрнекті педагог В. А. Сухомлинский ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады дей келіп, былай деп жазды: " Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты"[2] .
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек. [3] Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К. А. Покровский, А. И. Ивановский, Н. И. Гродеков, Е. А. Алекторов, Ә. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф. Лазаревский, П. П. Пашин, Г. С. Запряжский, А. Шиле, А. Харунзин, А. Горячкин, П. Ходыров, Е. Букин, О. Әлжанов, Әлімбекова Г. т. б. болды делінген[4] .
Е. Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған.
Ә. Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А. Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.
М. Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Балғымбаев, Ә. Бүркітбаев, т. б. есімдерін атауға болады.
Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б. Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген[5, 6] .
Ойын - оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мындай кесте арқылы суреттесек те болады:
Кесте 1
«Ойын» ұғымына түсінктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізгі іс-әрекеттің бір түрі.
Бір заманда халық қиялынан туып, өз ұрпағын тәрбиелеудің ұтымды құралына айналған ежелгі ойындар ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды талғамайды. Олар бүгінгі мектептеріміздегі тәрбие жұмысына пайдалануға қолайлы.
Халық ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушы да болып табылады. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген .
Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес .
Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, халық ойындарын бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі.
Біз бұл пікірімізді көп жылғы ізденіс пен алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне сүйеніп айтып отырмыз .
Анығын айтқанда, күні бүгінге дейін сабақ пен сыныптан тыс жұмыстар нақтылы педагогикалық үйлестік таппай, тәрбие жұмысы оқумен тығыз ұштаспай келеді. Ал шын мәнісінде тәрбие жұмысында үзіліс болмауы тиіс. Сыныпта берілетін білім мен тәрбие сыныптан тыс жұмыстармен тығыз байланыста, бірлікте болып, бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс. Халық ойындарын пайдаланудың дұрыс әдіс-тәсілін тапқан жерде, ол тәрбиенің басқа да құралдарымен астаса отырып, бұл олқылықтың орнын толтырады .
Бұл жерде біз халық ойындарын тек 1-4 сыныптардың оқу-тәрбие жұмысында пайдалану жолдарын ғана сөз етіп отырмыз . Бірақ бұдан ұлттық ойындарды жоғары сыныптарда қолдануға болмайды деген ұғым тумайды.
Зерттеудің мақсаты : Ұлттық ойындарды бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалана отырып, жас ұрпақты дене тәрбиесіне, адамгершілікке, ар-ұят, кішіпейілділікке, инабаттылыққа, үлкенге иба, кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеудің маңызын көрсету .
Зерттеудің міндеттері:
- Оқушыларды ұлттық ойындарды пайдалана отырып тәрбиелеу туралы ғылыми теориялық әдебиеттермен танысу, саралау.
- Қазақ халқының көркем эстетикалық құндылықтары және ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі орны. Ұлттық ойындардың қазіргі кезде қолдану аясы. Оқушыларды тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдалану жолдарын қарастырып, іс жүзіне асыру.
Зерттеудің обьектісі: Бастауыш сыныптың оқыту-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Ұлттық ойындарды бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары.
Зерттеу әдістері : Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, қолданылған әдебиеттерді саралап, талдау жасау, өткізілген сабақтар.
Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер, ұлттық ойындарды бастауыш сыныпта әр пән бойынша жан-жақты пайдаланса, онда, осындай қолданудың нәтижесінде оқушылардың сабақ үлгерімі жақсарып және тіл байлығы, дене қимылдары, ой-өрісі жетілер еді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
1. Оқыту барысында ұлттық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздерін терең меңгеру, проблема бойынша ғылыми-педагогикалық зерттеулерді оқып-үйрену және талдау педагогика теориясында ұлттық идеясының қалыптасуы мен даму тарихына сипаттама жасауға мүмкіндік береді.
2. Оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлік пен жоғары әдістемелік даярлықты талап етеді.
3. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеу барысында ұлттық ойындарды әр түрлерін эстетикалық, әдістемелік және психологиялық талаптарға сәйкес пайдалану қажет.
4. Сабақта ұлттық ойындарды тиімді және жүйелі пайдалану оқушылардың білім, білік, дағды сапасының артуына тиімді әсер етеді. Сонымен қатар оқушылардың сабаққа даген қызығушылығын арттырады және дұрыс қарым-қатынасын қалыптастырады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Педагогикалық іс -тәжірибені талдау және жинақтау нәтижелері және жүргізілген зерттеу жұмысы бізге төмендегідей ұсыныстар беруге мүмкіндік берді.
- Ұлттық ойындарды оқу процесінде тиімді пайдалану үшін оның педагогикалық, психологиялық және әдістемелік негіздерін білу қажет.
- Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты дамыту үшін олардың жас және дербес психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұлттық ойындарды оқыту процесінде пайдаланған жөн.
- Бастауыш сынып оқу пәндері бойынша ұлттық ойындардың жүйесін жасау оқушылардың білім, білік, дағдысын арттыруға бағытталуы тиіс.
- Ұлттық ойындар жүйесін пайдалануда қазіргі таңдағы жаңа педагогикалық технологиялардың, атап айтсақ ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану да тиімді болмақ.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы : Мұғалім сабақта ұлттық ойындарды пайдалану арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттырамын деп қана қарамай, балаларға беретін танымның, білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен жетістіктерге, көздеген мақсатына жете алады. Ұсынылып отырған проблема күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын қамтып шығу мүмкін емес, сондықтан біз ақпараттық технологиялар негізінде жасалынған ұлттық ойындар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, оқушылардың дүниетанымын дамыту сияқты мәселелер келешекте зерттеуді қажет ететін мәселе деп санаймыз.
Эксперименттік базасы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Ақтас негізгі мектебі, 2-4 сыныптары.
1 . ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚУ.
ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Ұлттық ойындардың зерттелуі мен даму тарихы
«Ғылымнын қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау -ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады» . Дәл осы жағдай қазақ ұлт ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізінде болды. Қазіргі тарихи ғылымдардың дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық садақ ату, карагие, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында ағылшын ғалымы Э. Маккей « . . . бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық одақтардың арасында тарағанға үқсайды» -дейді. Соңдай-ақ мұндай пікірлерді Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында болған сапарында көрген «Қызбөрі» ойыны да Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған кезінен яғни таптық қатынаспен бірге туғандығы жайлы ескертеді.
Ұлт ойындары ертеден-ақ, жалпы этнографиялық әдет-ғұрыптармен бірге дамып жетіліп, ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек ететін - қазақ совет этнографиясының бір бұтағы бола тұрса да, күні бүгінге дейін бір де бір тарихшы-этнограф ғалымдардан мән беріп зерттеген ешкім болмады. Тек, Б. Төтенеевтің Қазақстанның Россияға қосылған дәуірінен бастап, Октябрь революциясына дейінгі аралықты қамтыған педагогика ғылымдарының кандидаттық диссертациясы бар. Бұл еңбектің құндылығы сол, бірінші рет қазақтың ұлтгық ойындары ұлттық мәдениеттің бір саласы болғандыктан өз бетінше тарихи зерттеуді керек ететіндігі жайлы пікір айтты[7] .
Еңбектің кіріспесінде автор ұлт ойындарын ұлттық мәдениеттің бір саласы болғандықтан, Қазақстанның Россияға қосылғаннан кейін ғана алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің әсерінің негізінде ғана қалыптасып дамый бастайды -деп келтірген де II тарауында талдау жасаған.
Зерттеулерге қарағанда, ұлт ойындарының даму, қалыптасу көрсеткіштері керісінше шығып отыр. Жоғарыда көрсетілгендей, ұлт ойындары Қазақстан жерінде ең алғашқы хандықтардың пайда болып калыптасуымен бірге өзінің даму сатысының ең жоғарғы шегіне жетті де, халықтың шығарған «Хан жақсы ма» ойынымен тоқтады. «Хан жақсы ма» ойынының шығуы қазақтың ұлт ойындарының ең ақырғы кезеңі. ХҮШ ғасырдан бастап, яғни Қазақстанның Россияға қосылу дәуірінен бері қарай тарихи даму емес тек кезіндегі шыкқан халық ойындары үйрену-жаттығу ретінде ғана қайталанып отырды.
Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті тіршіліктегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уакытын өткізуден қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды. Мәселен, әртүрлі қозғалмалы ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда ересектер арасында дамыды да кейін келе жасөспірімдерде қалды.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі.
Оқушыларды әсіресе, «Ақ сүйек», «Бес тас», «Арқан тарту», «Тоғыз құмалақ», секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.
Сурет-1
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.
Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.
1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;
2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.
4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін) аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.
Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Н. Дакимованың еңбегін талдаудан бастайық. Ол өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Н. Дакимова алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа - спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады. Н. Дакимова: «Как киргизы развлекают детей» деген мақаласында: «бала бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», - дей келіп, «Бес саусақ» ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі[8] .
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А. Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.
Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М. Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т. б. құндылықтарға мән берілуі - халық данышпандығының белгісі[9, 10, 11] .
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф Хуторской А. В қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:
- Жалпы ойындар;
- Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
- Ашық алаңқайдағы ойындар;
- Қыс мезгіліндегі ойындар;
- Демалыс ойындары;
- Ат үстіндегі ойындар;
- Аттракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым Хуторской А. В қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» атты еңбегі
А. В Хуторскийдің толықтырып, өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қалмақ, т. б. отар елдері туралы этнографиялық деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы - халық ойындары, оның ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген. Орыс ғалымы А. Васильев «Игры сартовских детей» атты мақаласында Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген [12] .
Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын ертеден келе жатқан дәстүрлі «Гимчук тушты бошимга» ойыны Ташкенттегі сарт балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М. Гавриловтың авторлығымен жазылған «Перепелиный спорт у Ташкентских сартов» атты мақаласына өзбек халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілдерінің белгілері уақытында «Құстар ойынын» (тауық, қаз, т. б. ) ойнаудың ережесі, ойын түрлері, тәртібі зерттеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz