Қазіргі заманға сай жаңа технологияларды игеру арқылы жеке оқу құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін электрондық оқулықтың маңызын ашып көрсету


Мазмұны
Кіріспе . . . 6
1-тарау Көмірсулар
1. 1 Моносахаридтер (монозалар) . . . 7
1. 2 Дисахаридтер . . . 12
1. 3 Полисахаридте . . . 14
1. 4 Есептер мен жаттығулар . . . 17
1. 5 Тест тапсырмалары . . . 18
1. 6 Зертханалық тәжірибе . . . 22
2-тарау Бензол қатарындағы көмірсутектер, олардың жіктелуі
2. 1 Бензол, электрондық құрылысы . . . 27
2. 2 Э. Хюккельдің ароматтық ережесі . . . 28
2. 3 Алыну жолдары . . . 28
2. 4 Есептер мен жаттығулар . . . 29
2. 5 Тест тапсырмалары . . . 31
3-тарау Бензол қатарындағы көмірсутектер, оның алкилтуындылары
3. 1 Изомериясы және номенкултурасы . . . 35
3. 2 Алыну жолдары . . . 36
3. 3 Физикалық және химиялық қасиеттері . . . 36
3. 4 Есептер мен жаттығулар . . . 38
3. 5 Тест тапсырмалары . . . 39
4-тарау Бензол сақинасындағы электрофильді орынбасу реакцияларының
бағыттау ережелері
4. 1 Бензол сақинасындағы бағытталу ережелері . . . 43
4. 2 Орынбасушылардың бағыттаушы әрекетінің электрондық механизмі . . . 44
4. 3 Физикалық және химиялық қасиеттері . . . 46
4. 4 Есептер мен жаттығулар . . . 50
4. 5 Тест тапсырмалары . . . 52
4. 6 Зертханалық тәжірибе . . . 55
5-тарау Ароматты көмірсутектердің галоген, нитро және сульфо туындылары
5. 1 Ароматты көмірсутектердің галоген туындылары . . . 57
5. 2 Ароматты нитроқосылыстар . . . 59
5. 3 Ароматты сульфоқышқылдар . . . 61
5. 4 Есептер мен жаттығулар . . . 64
5. 5 Тесттілік тапсырмалары . . . 65
6-тарау Фенолдар және ароматты спирттер
6. 1 Aтомды фенолдар . . . 69
6. 2 Фихикалық және химиялық қасиеттері . . . 69
6. 3 Есептер мен жаттығулар . . . 70
6. 4 Тест тапсырмалары . . . 72
6. 5 Зертханалық тәжірибе . . . 75
7 -тарау Ароматты альдегидтер, кетондар және карбон қышқылдар
7. 1 Ароматты альдегидтер мен кетондар . . . 78
7. 2 Аромантты карбон қышқылдары . . . 83
7. 3 Бір негізді ароматты карбон қышқылдары . . . 83
7. 4 Көп негізді ароматты қышқылдары . . . 86
7. 5 Есептер мен жаттығулар . . . 87
7. 6 Тест тапсырмалары . . . 88
7. 7 Зертханалық тәжірибе . . . 91
8-тарау Ароматты аминдер
8. 1 Алу жолдары . . . 93
8. 2 Физикалық және химиялық қасиеттері . . . 94
8. 3 Есептер мен жаттығулар . . . 95
8. 4 Тест тапсырмалары . . . 97
8. 5 Зертханалық тәжірибе . . . 99
9-тарау Ароматты диазо және азоқосылыстар
9. 1 Диазо қосылыстардың құрылысы және алу жолдары . . . 101
9. 2 Диазоқосылыстардың химиялық қасиеттері . . . 103
9. 3 Есептер мен жаттығулар . . . 104
9. 4Тест тапсырмалары . . . 105
9. 5 Зертханалық тәжірибе . . . 106
10-тарау Бензол ядролы конденсацияланбаған көп ядролы қосылыстар
10. 1 Дифенил, дифенилметан және үшфенилметан . . . 109
10. 2 Есептер мен жаттығулар . . . 110
10. 3 Тест тапсырмалары . . . 110
10. 4 Зертханалық тәжірибе . . . 111
11-тарау Бензол ядролы конденсацияланған көп ядролы қосылыстар
11. 1 Нафталиннің алу жолдары . . . 114
11. 3 Есептер мен жаттығулар . . . 115
11. 4 Тест тапсырмалары . . . 116
12-тарау Бес мүшелі гетроциклдер
12. 1 Фуранның алу жолдары химиялық қасиеттері . . . 118
12. 2 Фурфурол . . . 121
12. 3 Тиофен алу жолдары химиялық қасиеттері . . . 121
12. 4 Пиррол алу жолдары химиялық қасиеттері . . . 123
12. 5 Индолды алу жолдары және химиялық қасиеттері . . . 126
12. 5 Есептер мен жаттығулар . . . 128
12. 6 Тест тапсырмалары . . . 129
12. 7 Зертханалық тәжірибе . . . 133
13-тарау Бір гетероатомы бар алты мүшелі гетероциклдер
13. 1Алу жолдары . . . 135
13. 2 Химиялық қасиеттері . . . 136
13. 3 Есептер мен жаттығулар . . . 137
13. 4 Тест тапсырмалары . . . 138
14-тару Екі гетроатомы бар алтым мүшелі гетроциклдер
14. 1 Пиразол және тиазол . . . 142
14. 2 Есептер мен жаттығулар . . . 145
14. 3 Тест тапсырмалары . . . 145
15-тарау Бензоидты емес ароматты жүйелер
15. 1 Ароматты жүйелердің диамагнитті қасиеттері . . . 148
15. 2 Екі π-электроны бар ароматты жүйелер . . . 150
15. 3 Төрт π-электроны бар ароматты жүйелер . . . 150
15. 4 Алты π-электроны бар ароматты жүйелер . . . 151
15. 5 Тест тапсырмалары . . . 151
Эксперименттік бөлім . . . 154
Қортынды . . . 158
Глоссарий . . . 159
Қолданылған әдебиеттер . . . 163
Тест жауаптары . . . 164
Кіріспе
Қазіргі заман талабына сәйкес оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізуге зор мән беріледі. Білімін, ептілігін, қалыптасатын дағдысын және мамандық бойынша маңызды ерекшеліктерді меңгерілуі бойынша тәжірибе жинақталатын мақсатты үрдіс болып табылады. Білімді оңай игеру оқытушының арасында және оның басшылық етумен жүзеге асады.
Заман талабына сай білім жүйесін ұйымдастыруда жаңа енгізілімдер сабақ өткізудегі әдістемелік жабдығын қайтадан қарауын талап етеді.
Химияның барлық саласы өзіндік ерекшелігіне байланысты қабылдау үшін тым күрделі екендігі мәлім. Циклді қосылыстарды органикалық химиясы осы қатарға жатады.
Бұл курстың бағдарламасын жақсырақ меңгеру үшін білім алушыларға арналған органикалық химияны зерттейтін үйретуші, бақылаушы бағдарламаларды әзірлеп шешуді оқу үрдісін оңтайландыруға мүмкіндік туғызатын көкей тесті мәселе болып отыр.
Соңғы кезде оқу үрдісінің тиімділігін артыруға үлкен көңіл бөлінуіне байланысты, компьютерді пайдалану білімді меңгеруді жеңілдететін тиімді құралға айналып отыр. Әр білім алушы білім деңгейін әр түрлі қабылдайды, сондықтан компьютерді пайдалану жеке оқуға қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді.
Электрондық оқулық қашықтықтан оқытуға қажеті құрал болып табылады. Электрондық оқулық қағаз басылымдардың барлық ерекшеліктеріне ие, жағымды ерекшеліктері мен айырмашылықтары да бар. Атап айтқанда.
- компьютердің жадында немесе тасымалдағыштарда сақтаудың жинақылығы;
- әр білім алушы жеке оқу құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тез таралымдануы;
- автордың өздері өзгертулер мен қосымшаларды жедел енгізулерінің мүмкіндігі ақпараттың осы заманғы екеніне кепілдік береді;
- электрондық желілермен жіберудің қолайлылығы;
- ақпараттың жүйелілігі.
Осыған орай дипломдық жұмыстың мақсаты:
- циклді қосылыстардың органикалық химия курсын оқыту үрдісіне қажетті теориялық материалдары, оқыту және бақылау бағдарламасын жүйелеп жинақтау;
- оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу оқытуды жеке тұлғаға бағыттаудың деңгейін біршама көтеруге мүмкіндік беретіндіктен, аталған жұмыс бойынша электрондық оқулық құрастыру мақсаты қойылды;
- оқыту және бақылау бағдарламасының көмегімен білім деңгейін тексеру.
Дипломдық жұмысытың өзектілігі мынада:
Қазіргі заманға сай жаңа технологияларды игеру арқылы жеке оқу құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін электрондық оқулықтың маңызын ашып көрсету.
Жаңа ақпараттық технологиялардың жетілдірілуі оқыту - бақылау бағдарламаларына деген қызығушылықты тудырып, оның оқу үрдісінде кеңінен қолданылуына мүмкіндік береді.
1-тарау Көмірсулар
Көмірсулар табиғатта өте көп таралған және адам тіршілігінде маңызы өте зор роль атқарады. Олардың кейбіреулері мысалы: крахмал негізгі қоректік заттардың қатарына қосылады, басқалары маталар, қағаздар, жасанды талшықтар және т. б. өндірісіне жұмсалады.
‹‹Көмірсулар» деп аталу себебі -олардың ең алғашқы зерттелген өкілдері көміртегі мен суда ғана құралған тәрізді болатын, сондықтан олардың құрамының жалпы формласы да мынадай: Сn(Н 2 О) m құрам көрсетеді. Бірақ, кейін құрамы бұл формулаға сай келмеитін, ал басқа белгілері жағынан сөзсіз заттардың осы класына жататын көмірсулар да табылады. Көмірсулардың ең қарапайым өкілдерінің бірі-глюкоза. Глюкоза. Бірінші моносахаридтердің ішіндегі ең маңыздысы С 6 Н 12 0 6 глюкоза оны басқаша жүзім қанты деп атайды. Бұл ақ түсті, тәтті дәмі бар, кристалдық зат, суда жақсы ериді.
1. 1 Моносахаридтер
Моносахаридтер- құрылысы бойынша монозалар көп атомды оксиальдегидтер мен окскетондардың жартылай ацеталы болып саналады. Моносахаридтерге жататын барлық топтардың аттарына және олардың жеке өкілдерінің аттарына - оза қосымшас жағанып алынады.
Глюкоза өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі, әсіресе ол көп мөлшерде жүзім шырынында (осыдан жүзім қанты деген ат шыққан) . Балда және піскен жемістер мен жидектерде болады. Глюкозаның құрылысы оның химиялық қасиеттерін зерттеу негізінде шықты. Ол спирттерге тән қасиеттерді көрсетеді. Металдармен алкоголяттар (сахараттар), бес қышқыл қалдығы (гидроксил топтарының саны бойынша) күрделі сірке қышқыл эфирін түзеді. Демек, глюкоза - көп атомды спирт. Күміс оксидінің аммиакты ерітіндісімен «күміс айна» реакциясын береді. Бұл көміртегі тізбегінің соңында альдегид тобының болатындығын көрсетеді. Демек, глюкоза - бұл альдегидоспирт, оның молекуласының құрылысы:
Глюкоза сақинасының құрылысын дәлелдеу . Глюкозаны метилендіру пентаметилглюкозаның түзілуіне әкеліп соғады, ол оның қышқылды ортадағы шала-шарпы гидролизі (шала ацетальді глюкозалық гидроксилдің қатысуымен түзілген, эфир ғана сабынданады) тетраметил глюкозаға әкеліп тірейді. Құрамында оттек бар бес буынды гетероциклді қосылыс фуран деп аталады, алты буындысы - пиран. Сондықтан бес буынды монозалар фуранозалар деп аталады, алты буындылары - пиранозалар.
Тізбекті формула тексозаның изомерлі болуын талап етеді:8D-қатардың және 8L-қатардың изомерлері, өйткені қосылыста көміртектің 4 ассиметриялы атомы бар. Ол изомерлерді қарастырғанда проекциялық формулаларды пайдалану керек, өйткені ол изомерлердің бір-бірінен айырмашылықтары сутек атомдарының және гидроксил топтарының көміртектік тізбек жөнінде кеңістікте орналасуларына байланысты болады.
Қанттарды D-немесе L-қатарына жатқызу бұрылыс белгісіне байланысты емес, ол схемада көрсетілгендей 5-ші тетраэдрдің құрылысына да тәуелді. D-қатардың қанттары Р-глицерин альдегидімен генетикалық байланысты (одан қант алына алады), L-қатардың
қанттары соған ұқсас L-глицерин альдегидімен байланысты. D- және L-глицерин альдегидтерінен қанттар алу үшін оксинитрильдік синтезді пайдалануға да болады.
Бір-бірінен, бір ғана, әдетте екінші, тетраэдрдің құрылысы-мен өзгешеленетін, қанттар эпимерлер деп аталады.
Тұйық тізбекті жарты ацетальдік формула енді изомерлік гексозаның болуын талап етеді: D-қатарының 8 изомерінің және L-қатардың 8 изомерінің әрқайсысында, аномерлер деп аталатын, α- және β-формулалары болады, бұлардың бір-бірінен өзгешеліктері жоғары температурадағы сутектің және гидроксил тобының орналасуында, ол схемада көрсетілген
Қанттар-ерігенде уақыт өткен сайын белгілі бір шамаға дейін бұрылу бұрышы өзгереді. Олай болу α- және β -форманың тепе-теңдік күйге дейін бір-біріне айналуына байланысты (мутаротация) .
Тағы да айта кететін бір жағдай, тұйық тізбекті формадағы қанттардың конформациялық деп аталатын тағы бір изомериясы бар, бұл изомерия алты буынды сақинадағы көміртек атомдарының кеңістікте орналасуларына байланысты. Пираноза тұйық тізбек, циклогександық тәрізді, төзімділіктері әр түрлі бірнеше конформациялық изомерия түрлерінде бола алады. Пиранозалық тұйық тізбектің циклогександық айырмасы, бұл симметриялы емес, себебі оның тізбегінде оттек атомы, ал ол конформациялық изомериялар саныны да көбею мүмкіндігін күшейтеді. Циклогександық сақинаға тән барлығы екі ғана конформациялық изомер - кресло тәрізді және астау тәрізді изомерлер болуы мүмкін, ал пиранозалық сақинаның қосарланбаған сегіз" конформациялық түрлері де бола алады, олардың екеуі кресло тәрізді, ал алтауы астау тәрізді. Астау тәрізді алты конформация энергиялығы тиімсіздеу, сондықтан оларды бар деп есептемесе де болады. Кресло тәрізді төзімдірек екі конформацияньщ түзілу себебі пиранозалық тұйық тізбектің конформациялану нәтижесінде барлық аксильдық орынбасушылар экваторлық және оған керісінше де болады (I С және С1) .
Берілген қантта екі конформацияньщ қайсысының тән болуы пиранозалық сақинадағы орын басушылардың табиғатына және солардың кедістіктегі орналасуларына қарай анықталады.
Мысалы, D-глюкозаның α -және β -аномерлері төменде жазылған конформадиялар түрінде болады:
Қанттардың молекулаларын бейнелеу үшін көрнектірек келетін перспективтік формулаларды (Хеуорс) пайдалануға бола¬ды. Проекциялық формулалардан перспективтік формулаларға көшкенде, сол жаққа орналасқан атомдарды және топтарды, сақинаның жоғарғы жағына, ал солардың оқ жаққа орналасқандарың сақинаның төменгі жағына жазу керек.
Глюкоза. Физикалық қасиеттері және табиғатта кездесуі. Глюкоза суда жақсы еритін түссіз кристалды зат, дәмі тәтті болады. Глюкоза өсімдіктің барлық мүшелерінде дерлік жемістерінде, тамырларында, жапырақтарында, гүлдерінде болады. Ол әсіресе жүзімнің шырынында және пісіп жетілген жемістер мен жидектерде көп болады. Глюкоза жануарлар организмдерінде де болады. Мысалы, адам қанында 0, 1% шамасында глюкоза бар.
Глюкозаның құрылысы. Глюкозаның құрамы С 6 Н 12 О 6 формуламен кескінделеді. Осы көмірсулардың құрылысын анықтап көрейік. Глюкозаның құрамында оттегі болғандықтан, мынадай сұрақ туады. Өзімізге бұрыннан белгілі атомдардың функционалдық топтары глюкоза құрамында бар ма, жоқ па? Глюкоза молекуласында оттегі атомдары айтарлықтай көп болғандықтан, ең алдымен глюкоза көп атомды спирттер қатарына жататын шығар деп жорамалдауға болады. Егер глюкозаның ертіндісіне жаңа тұндырылған мыс (II) гидроксидін қосса, глицеринді өткенде байқағанымыздай, ашық көк түсті ерітінді түзіледі. Сөйтіп, тәжірбие глюкозаның көпатомды спирттер қатарына жататынын дәлелдейді. Сонда мынадай сұрақ туады: молекулада неше гидроксил тобы бар екен? Молекуласында сірке қышқылының бес қалдығы бар глюкозаның күрделі эфирі белтілі. Бұдан көмірсу молекуласында бес гидроксил тобы бар деуге болады. Осы фактінің өзі-ақ глюкозаның неліктен суда жақсы еріп, дәмнің тәтті болатынын түсіндіріп береді.
Алу жолдары. Моносахаридтер бос күйде және ангидрид күйнде табиғатта көп тараған. Қатты заттарды ең алғаш А. М. Бутлеров формальдегидтен синтездеп алған.
1. Қышқылдардың немесе эзимдердің қатысуында ди және полисахаридтерді гидролиздеу арқылы моносахаридтер алады:
a) C 6 H 22 O 11 + H 2 O 2C 6 H 12 O 6
b) ( C 6 H 10 O 5 ) n + n H 2 O n C 6 H 12 O 6
Химиялық қасиеттері. Моносахаридтер спирттердің, карбонильді қосылыстардың және жартылай ацетальдардың қасиеттерін көрсетеді.
1. Қанттардың тотықсыздануында көп атомды спирттер түзіледі:
Тотықсыздандырғыш ретінде бұл реакцияда натрий амаль-гамасы және никельдің немесе мыс хромитінің қатысуымен сутек қолданылады, соңғы жылдарда литийалюмииий гидритін және натрийдің бор гидритінде қолданылатын болды.
D-глюкоза тотықсызданғанда алты атомды спирт D-сорбит түзіледі, ал кетоза тотықсызданатын болса изомерлік екі спирт түзіледі. D-фруктозадан - D-сорбнт және D-маннит түзіледі (D-маннит D-маннозадан да түзіледі) . Оның себебі сол, фруктозаның С2 атомындағы карбонил тобы ассиметриялық жаңа атом С береді.
Қант спирттері - түссіз тәтті заттар, жақсы кристалданады, суда оңай, спиртте қиын ериді. Олардың аттары ит деген жалғаумен аяқталады (тривиальдық номенклатура) .
Мысалы, табиғатта тетриттер арасынан активтігі жоқ эритрит кездеседі, пентиттерден- рибит (адонит), гекситтерден - D-маннит, дульцит, D-сорбит, идит және гептиттерден - персеит және волемит кездеседі. Сорбит І-аскорбин қышқылын (витамин С) синтездеу үшін бастапқы зат болып табылады. Сорбит диабет ауруында қанттың орнына жұмсалады.
2. Қанттардың тотығуы полиоксиқышқылдарын (альдон немесе қант) береді:
Бұл реакциялар жеңіл әсер ететін тотықтырғыштарды қолданғанда жүреді. Тотықтырғыш ретінде хлорлаулы қышқылын немесе одан да жақсы бромдылау қышқылын қолданады, ол қышқылдарды альдозаның судағы ерітіндісін сәйкес галогенмен әрекеттестіріп алады:
Br 2 +H 2 O → HBr+HOBr
C 6 H 12 O 6 + HOBr → C 4 H 12 O 7 + HBr
Глюкозаның альдегидтік формасының химиялық қасиеттерімен танысайық. Жоғарыдағы құрылысына қарағанда глюкозаның-химиялық атқаратын қызметі екі жақты зат.
Глюкоза көпатомды спирт ретінде күрделі эфирлер түзеді. Альдегид ретінде ол тотыға алады. Күміс оксидінің (I) аммиактағы ерітіндісінің глюкозаны тотықтыру әрекетімен бұрыннан таныспыз. Біз енді сол реакцияның теңдеуін де жаза аламыз.
СН 2 ОН- СНОН- СНОН- СНОН- СННОН- СОН + Аg 2 О↓ →
СН 2 ОН-СНОН-СНОН-СНОН-СНОНООН-СОН +2Аg
Глюкон қышқылы (спирт қышқылы)
Ашудың бірнеше түрлері бар. Олардың біреуі-спирттік ашумен, этил спиртін алу әдісін қарастырғанда біраз танысқан болатынбыз. Ашытқы ферментінің әрекетінен болатын спирттік ашу химизмі өте күрделі процесс. Оны жинақталған түрде мынадай теңдеумен өр-нектеуге болады:
С 6 Н 12 О 6 → 2С 2 Н 5 ОН + 2СО 2
Түзілген сүт қышқылың химиялық екі жақты функциялы қосылыс, онда спирттің және карбон қышқылының қасиеттері ұштасқан. Сүт қышқылы түзілу процесі сүт іріген кезіде жүреді. Сүтте қышқылдың пайда болуын лакмуспен анықтауға болады.
Сүтқышқылды ашу процесінің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге де үлкен маңызы бар. Толып жатқан сүт өнімдерін айран, ақ ірімшік, қаймақ, сүзбе жасау осы процеске байланысты. Сүт қышқылы капуста тұздау, жем-шөпті сүрлеу процестерінде түзіліп, консервілеу рөлін атқарады. Сүт қышқылы тығыз сүрленген жемшөп массасында жиналады да, ол белоктардың және басқа да химиялық зиянды өзгерістердің шіру процесінің дамуына мүмкіндік бермейтін қышқыл орта жасауға себепші болады; бұдан малға арналған сапалы, құнарлы, шырынды мал азығы алынады.
Глюкозаның қолданылуы . Глюкоза бағалы қоректік зат. Тағам құрамындағы крах-малдың ас қорыту жолдарында глюкозаға айналып, оның қанмен организмнің барлық тканьдеріне және клеткаларына таралатындығымен биология курсынан таныспыз. Клеткаларда глюкоза тотығады. Бұл процесс біртіндеп жалғасқан әлденеше сатылар арқылы жүреді және сонда энергия бөлініп отырады. Глюкоза тотыққанда пайда болатын өнімдер-көміртек (IV) оксиді және су:
С 6 Н 12 О 6 + 6О 2 → 6СО 2 + 6Н 2 О
Тотығу реакциясы сатылап жүретін болғандықтан, тотығатын заттағы энергия бірітіндеп босап шығады. Бұл энергия организмде толып жатқан қызметтер атқарады. Организмге оңай сіңетін және оған энергия беретін зат болғандықтан, глюкоза денсаулық нығайтатын дәрі есебінде де қолданылады. Дәмі тәтті болғандықтан глюкоза кондитер өндірісінде мармелад, кәмпиттер, пряниктер т. б. Жасауға қолданылуда. Айна жасағанда, елка ойыншықтарын әдемілеуде глюкоза тотықсыздандырғыш есебінде қолданылады. Тоқыма өнеркәсібінде глюкоза маталарды өңдеуге пайдаланылады. Глюкозаны ашыту арқылы сүт қышқылын және басқа да өнімдер алуға болады. Техникада глюкозаны күрделірек көмірсулардан, көбінесе крахмалдан алады; ол үшін крахмалды сумен араластырып, катализаторлар-минералды қышқылдар қосып қыздырады.
Фруктоза - глюкозаның изомері. Молекулалық формуласы С 6 Н 12 О 6 болатын глюкозаға изомер бірнеше басқа да көмірсулар бар
HI әрекеттестірсе иодгексанның түзілзуі, фруктозаның көміртектік тізбегінде тармақталу жоқ дегенді көрсетеді:
2. Фруктоза кәдімгі жағдайда тотықпайды, бірақ күшті тотықтырғыштардың әрекетінен тізбекті үзе тотығып, қышқылдар қоспасын береді.
C 6 H 12 O 6 + 3O 2 → HOOC-COOH+HOOC-CHOH-CHOH-COOH+H 2 O
қымыздық қышқылы шарап қышқылы
Бұл реакция фруктоза молекуласында кетон топшасының бар екенін көрсетеді.
3. Фруктоза глюкоза секілді сірке ангидридінің 5молекуласымен әрекеттеседі, демек, фруктоза молекуласында ад 5гидроксил топшасы бар.
Осы мәліметтерге сүйеніп, фруктозаға мына формуланы жазуға болады:
СН 2 ОН- СНОН- СНОН- СНОН-СО СН 2 ОН
Фруктозаның құрылысы оның кетеноспирт екенін көрсетеді. Фруктоза тәтті жемістерде болады, ара балының негізгі бөлімі бірдей мөлшердегі фруктоза мен глюкозадан құралған. Фруктоза глюкозадан да, кәдімгі қанттан да тәттірек келкді. Рибоза және дезоксирибоза. Молекуласында көміртегінің бес атомы болатын көмірсулар да бар, олар пентозалар. Солардың екі өкілімен рибозамен және дезоксирибозамен танысайық.
Физикалық қасиеттері, құрамы және құрылысы. Рибоза С 5 Н 10 О 5 және дезокси-рибоза С 5 Н 10 О 4 -суда жақсы еритін, дәмі тәтті кристал заттар. Дезоксирибозаның құрамы барлық көмірсуларға тән Сn(Н 2 О) m жалпы сай келмей тұрғанын аңғаруға болады. Дезокси-рибозаның құрамының ерекшілігі оның атынан көрініп тұр. Сөз алдындағы дез және сондай-ақ де де бір нәрсенің жоқтығын, не оның алып тасталғанын білдіреді. Дезоксирибозаның ри-бозадан ерекшілігі оның молекуласында бір гидроксил тобы жоқ, оның орнын сутегі атомы басқан. Дезоксирибоза деген оның аты осыдан шыққан.
Монозалар -көмірсулардың ең қарапайым тобы. Табиғатта ең көп таралғаны монозалардың екі түрі: пентозалар C 5 H 10 O 5 және гексоздар С 6 Н 12 О 6 . Моносахаридтердің кейбіреулері өздерін оксиальдегидтерше (альдозаларша) көрсетеді, ал басқа біреулері - оксикетондарша (кетозаларша) . Табиғатта альдозалар үлкен роль атқарады.
Ең жиі кездесетіндері екі моносахарид:глюкоза және фруктоза. Бұлар гексозалар қатарына жатады, глюкоза - альдоза, фруктоза - кетоза.
Монозалардың құрылысы . Глюкозаның және фруктозаның құрылыстары әлденеше реакциялармен дәлелденген.
Глюкоза:1) Н1-пен тотықсыздандырғанда 2-иодгексан
Бұл реакция, глюкозаның көміртектік қаңқасында ешқандай тармақталу жоқ (көміртектік нормаль тізбек) дегенді айтады, 2) ұяң (жұмсақ) жағдайларда тотықса глюкон қышқылын түзеді
Бұл реакция, глюкозада альдегид тобы бар дегенді, көрсетеді.
3) ацилирлеу және алкилирлеу арқылы 5 гидроксил топтары бар екендігі дәлелденген [1] .
1. 2 Дисахаридтер
Дисахаридтер- деп молекуласы оттек көпіршесі арқылы байланысқан екі моносахарид қалдығынан тұратын қосылыстарды айтады. Соған сәйкес олар гидролизденгенде моносахаридтердің екі молекуласы түзіледі. Дисахаридтерді моносахаридтердің циклдік формасындағы жартылай ацетальды гидроксилдегі сутек атомы моносахаридтердің екінші молекуласының қалдығымен алмасқан гликозидтер деп қарауға болады. Дисахаридтер- жемістерде, көк өністердекездесетін табиғи заттар. Олар полисахаридтердің гидролизденуінен түзіледі және басқа синтетикалық жолдармен алынады. Құрылысы және химиялық қасиеттері бойынша дисахаридтер тотықсыздандырғыш және тотықсыздандырмайтын болып екі топөа бөлінеді.
Тотықсыздандырғыш дисахаридтер- бұл топқа жататын дисахаридтер бір моносахаридтердің жартылай ацктальды гидроксилмен екінші моносахаридтің спирттік гидроксилімен судың бөлінуі арқылы түзіледі. Сондықтан оларды тотықсыздандырғыш дисахаридтер деп атайды. Бұл топтың маңызды өкілдері- мальтоза, целлобиоза, лактоза.
Мальтоза- Д-глюкозаның екі молекуласынан түзіледі.
Целлобиоза -клетчатка гидролизінің аралық өнімі болып саналады. Гидролизденгенде глюкозаның екі молекуласы түзіледі. Бұл тотықсыздандырғыш қант, целлобион қышқылына айналып тотыға алады.
→
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz