Жыныстық цикл
Кіріспе
Малдың өсіп-өну, төл беру қабілеті тек қана жыныстық жетілген кезеңнен басталады. Бұл кезде жыныстық органдарда, эндокринді аппаратта және бүкіл организмде өте күрделі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда аналық жыныс безде фолликулдер өсіп жетіле бастайды да, онда аналық ұрық торшасы және жыныстық эстрогендік горомондар (фолликулин) пайда болады.
Бұл гормондардың әсерінен (эстроген, эстрадиол) ұрғашы малдың өзіне тән ерекше белгілері айқындала түседі, жынысытық органдары дамып толық жетіледі, мал күйлейді, яғни жыныстық цикл қалыптасады. Осы кезден бастап аналық жыныстық безде овогенез үрдісі белгілі бір мерзімде, әрдайым қайталанып отырады да, ол мал қартайғанға дейін жалғаса береді. Сонымен қатар сүт бездері де өсіп дамиды.
Жыныстық жетілудің мерзімі әртүрлі факторларға байланысты, яғни түліктің тұқымы, жынысы, климат, азықтандыру, бағып-күту, еркек малмен қарым-қатынаста болу сияқты факторлар әсер етеді. Жануардың неғұрлым өмірі қысқа болса, оның жыныстық жетілуі соғұрлым тезірек болады. Бағып-күтімі жақсы малдың жыныстық жетілуі де ертерек басталады.
Жыныстық жағынан жетілген малды сол кезден бастап-ақ қашыруға ұрықтандыруға болмайды, себебі бұл кезде организм әлі толық жетілмеген, жамбас қуысы тар. Мұндай жас малдың буаздығы оның организміне де (өспей қалады), іштегі төлдің дұрыс дамуына да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан ұрықтандыру үшін малдың жыныстық жетілуімен қатар, организмнің физиологиялық толық жетілуін күту керек.
Физиологиялық тұрғыдан толық жетілген малдың сыртқы пішіні және тірілей салмағының 65-70 пайызын құрауы мүмкін.
Құнажын, қашарлардың салмағы 290-300 кг жетсе, 16-18 айды күтпей-ақ қашыра беруге болады. Мегежіндердің салмағы 110-120 кг жеткенде ұрықтандырады.
2.1. Жыныстық цикл. Жыныстық жетілген малдың организмінде, әсіресе жыныстық жүйеде белгілі бір мезгілде қайталанып отыратын өте күрделі морфологиялық, физиологиялық құбылыстар болады. Бұл өзгерістер гипоталамус-гипофиз, аналық жыныстық безбен басқада эндокриндік жүйелердің арақатынастық жағдайына байланысты және орталық жүйке жүйесінің тікелей басшылығымен іске асып отырады. Осы құбылыстардың белгілі бір тәртіппен қайталанып отыруын жыныстық цикл деп атайды.
Жыныстық циклді жан-жақты зерттеп, оны ілім ретінде қалыптастырған профессор А.П.Студенцов болды.
Оның анықтамасы бойынша жыныстық цикл үш сатыдан тұрады:
1. Қозу;
2. Тежелу;
3. Теңдесу.
Қозу сатысы төрт феноменнің көрінуімен сипатталады, олар: шылым ағу феномені, жалпы реакция (жыныстық қозу) феномені, күйлеу феномені және овуляция феномені. Осы қозу сатысында малдың организмінде оның шағылысуына, ұрықтануына, эмбрионның пайда болуына қажетті жағдай туады.
Жыныстық цикл синхронды немесе асинхронды; ырғақты немесе ырғақсыз, жарамды немесе жарамсыз болып өтеді.
Синхронды жыныстық циклдің барлық феномендері белгілі бір уақыт аралықтарында көрінеді, қозу сатысы тез қалыптасып өте айқын білінеді.
Асинхрондық жыныстық циклдің феномендері бір-біріне ілеспей, әр кезде көрініп, басылып жатады. Қозу сатысының қалыптасуы 4-5 тәулікке дейін созылады. Н.И.Полянцевтің мәліметі бойынша 25 пайыз сиырларда жыныстық цикл синхронды өтсе, 75 пайызында асинхронды өтеді.
Ырғақты жыныстық циклдің қайталану мерзімі бірдей, мысалға әрбір 21 тәулік сайын қайталанып отырады. Ырғақсыз жыныстық циклдің қайталануы әрқалай, кейде 21 күннен кейін болса, енді бірде 45-60 күнге дейін малда жыныстық циклдің белгілері білінбейді.
Жарамды жыныстық цикл деп барлық қозу сатысының барлық феномендері дерлік байқалған циклді айтады.
Жарамсыз жыныстық циклде бір немесе бірнеше феномендер көрінбей қалады. Мысалға: жалпы реакция феномені болмай қалады, оны ареактивтік жыныстық цикл деп атайды; күйлеу феномені жоқ болса, алибидтік жыныстық цикл; шылым ағу феномені жоқ болса, анэстралдік жыныстық цикл; овуляция феномені жоқ болса, ановуляторлық жыныстық цикл деп аталады.
Жарамсыз жыныстық циклдің қайсысында болмасын малды шағылыстырғаннан, қашырғаннан ол тоқтамайды, ұрықтанбайды.
Шылым ағу (oestrus). Жыныстық органдардың кілегейлі қабығындағы эпителий торшалары көбейіп, бірнеше қабат болады, олар шырыш бөліп шығара бастайды. Жатыр ішіне жиналған шырыш сыртқа ағып шыға бастайды. Малдың сарпайынан жіп тәрізді шұбырып, мөлдір түсті шырыш ағып тұрады. Осы құбылысты шылым ағу феномені деп атайды. Қынаптың, қынап кіреберісінің, жатыр мойнының кілегейлі қабаты домбығып ісініп, қызарып, қанталап кетеді. Алғашқы күндері аққан кілегейлі сұйық көп емес, жатқан жерінде жиналып немесе құйрығына жабысып қалғанын байқаймыз, кейіннен оның мөлшері біраз көбейіп, соңына қарай азая бастайды. Сұйықтың өзіде қоюланып, сарғылт тартып, бұлыңғырланып береді. Шылым ағу үрдісі көбінесе , 2-3 тәулікке созылады, кейбір сиырларда, қаншықтарда бөлінген шырышқа қан араласуы мүмкін, сұйықпен қосылып кілегейлі эпителийдің өлген торшалары көптеп көшіп түсе бастайды. Бұл кезде жатырдың жиырылуы күшейе түседі, тік ішек арқылы ұстап, сипай бастағанда-ақ тез жиырылып серпіледі. Шылым ағу үрдісінің соңына қарай жоғарыда айтылған барлық пролиферативтік үрдістер бәсеңдейді. Қан айналымы азайып, кілегейлі қабаттың түсі бозғылт тартады.
Шылым ағу феномені басқа феномендерден бұрын басталады да, кейін аяқталады. Күзде, қыстың суық күндері бұл үрдіс қысқа мерзімде баяу өтеді, ал көктемде жаздың жылы күндері керісінше, өте айқын, қарқынды 3-4 күнге созылады.
Шылым ағу үрдісінің маңызы өте зор, біріншіден оның санитарлық мағызы бар. Сұйық неғұрлым көп ақса, жыныстық жолдар соғұрлым тазара түседі, екіншіден сыртқа бөлініп жатқан кілегейлі сұйық аталық ұрық торшалары үшін, яғни олардың жылдам қозғалуы үшін өте қолайлы орта болып табылады.
Шылым ағу үрдісі басталған соң 1-1,5 тәуліктен соң-ақ малдың мінез-құлқы да өзгере бастайды, сөйтіп екінші феномен басталады.
Жыныстық қозу феномені малдың мінез-құлқының өзгеруімен сипатталады. Мысалы, сиыр мазасызданып, бәр орнында тұра алмайды, жиі-жиі мөңіреп аяғымен жер тарпиды, жем-шөпке қарамайды, сүті кеміп кетеді. Биелерде құлынның іші өтеді. Жайылымда жүргенде, аулаға шығарғанда басқа сиырларға асылып шағылысқандағыдай әрекет жасайды, өзінің үстіне басқа сиырлар асылғанда қарсыласпай тыныш тұрады, бірақ бұқаны жолатпайды. Жыныстық қозу феномені 15-20 сағаттай уақытқа созылады, кейде бұл феномен мүлде байқалмайды.
Күйлеу (libido sexsualis) феномені ұрғашы малдың шағылысуға, ұрықтануға дайын екенін көрсетеді. Күйлеген мал еркек малды өзі іздеп барып, оған жақындап шағылысуға ыңғайланып тұрады, еркек мал секіргенде қозғалмай тұрады. Сиырларда күйлеу феномені орта есеппен 20 сағатқа созылады. Қыстың күндері 10-13 сағат қана болса, жазғытұрым бір тәулікке жетуі мүмкін. Әсіресе, таңертеңгілікте далаға шыққанда анық білінеді. Малдың күйлегенін күйіттеуші аталықтарды қолдану арқылы анықтаған дұрыс.
Овуляция (ovulation) феномені пісіп жетілген фолликулдің жарылып, оның ішінен филликулярлы сұйықпен бірге аналық ұрық торшасының бөлініп шығу үрдісін айтады.
Ірі малдың овуляция үрдісін тік ішек арқылы аналық безді ұстап, сипап білуге болады. Күйлеп жүрген малдың аналық безінде көлемі 0,6-1,0 см, сырты жылтыр былқылдаған күлдіреуік байқалады. Ол өсе келе аналық бездің пішінін өзгертіп жібереді, дөңгелек шар тәрізді немесе сопақша үш бұрышты, алмұрт пішінді бола береді. Пісіп жетілген фолликульдің қабырғасы коллагенезі ферментінің әсерімен әбден жұқарады, ішкі қысым арта түседі де, фолликула жарылады. Бұл үрдістің өтуі фолликул қоздырғыш гормонмен лютендеуші гормонның тікелей әсер етуімен іске асады. Пісіп жетілген фолликулдің аумағы 1,5-2 см жетеді. Биенікі тіпті үлкен 4-5 см жетуі мүмкін. Сиырда овуляция малдың күйлеуі тоқтаған соң, 10-15 сағаттан кейін өтеді. Егер ол аталық малмен жанасып, шағылысқа түсетін болса, оның күйлеуі де, овуляциясы да тез өтеді.
Арық немесе ауру малдың овуляциясы көп кешігіп өтеді, 30 пайыз жағдайда овуляция болмай қалады.
Овуляциядан кейін аналық ұрық безінің көлемі кішірейіп, жұмсарады. Жарылған фоллукулдің орны шұңқыр, оған қан толып, ұйиды, фоллукулярлық эпителийдің торшаларымен араласа өсіп, оған лютеинді фермент сіңіп, сары денеге айналады.
Овуляциядан кейін 4-5 күннен кейін-ақ сары дене аналық ұрық безінің үстінен бұлтиып біліне бастайды.
Егерде овуляциядан кейін мал тоқтап кетіп, буаз болса, сары дене мал төлдегенге дейін өзінің қызметін тоқтатпай сақталып қалады. Мұндай сары дененің буаздықтың сары денесі деп атайды. Ал егерде мал буаз болмай жыныстық цикл қайталанатын болса, пайда болған сары дене 7-10 күннің ішінде ыдырап, сіңіп кетеді де, аналық ұрық безінде қайтадан фолликулдер өсіп жетіле бастайды. Мұндай жағдайда сары денені жыныстық циклдің сары денесі деп атайды. Буаздықтың сары денесі мал төлдегеннен кейін 30 күннің ішінде, ал жыныстық циклдің сары денесі 15-20 күннің ішінде ыдырап сіңіп кетпей тұрып қалса, ондай сары денені тұрып қалған немесе персистенттік сары дене деп атайды. Бұл жыныстық жүйедегі қандай да бір патологияның белгісі.
Овогенез деп аналық ұрық безінде аналық ұрық торшасының пайда болып, өсіп-даму үрдісін айтады. Ұрық торшасы аналық ұрық безінің сыртқы қыртысты қабатында примордиалдік фолликулдердің арасында пайда болады. Овоцитті сыртынан бір қабат фолликулярлық торшалар қоршап тұрады. Бұл - алғашқы фолликула. Овоциттер эмбрионалдық кезеңде-ақ пайда бола бастайды. Бұл үрдіс жыныстық жетілу мерзімінде біршама қарқынды, ал одан кейін сәл баяулап қартайғанға жүріп отырады. Примордиалдық филликулдердің жалпы саны сиырларда бірнеше ондаған мыңға жетеді, оның тек аз ғана бөлігі толық пісіп-жетіліп, овуляциямен аяқталады да, қалған фолликулдер атрезияға ұшырайды. Атрезия деп фолликулдің дамуы тоқтап, ішіндегі ұрық торшасы өліп, фолликулярлық сұйықтың ыдырап сіңіп кетуін айтады. Бұл- кәдімгі физиологиялық құбылыс.
Овоциттің төңірегіндегі қоршап тұрған бір қатар фолликулярлы эпителий бірнеше қатар болып көбейе бастайды, фолликула өсіп үлкейе береді, оның ортасына фолликулярлы клеткаларды шетке ығыстырып кең қуысқа айналады. Фолликула ұрық безінің терең қабатынан бетіне қарай жақындай береді. Фолликульдің қабырғасы ішкі және сыртқы қабаттан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz