Кәсіпорын қызметінің тоқтауы (банкрот)
12-тарау. Кәсіпорын қызметінің тоқтауы (банкрот)
12.1. Кәсіпорын қызметінің тоқтау себептері (банкротқа ұшырау)
Кәсіпорын қызметін бағалау көрсеткіштері
Өндірістік, шаруашылықтық, коммерциялық, және басқа да қызмет түрлерін
бастарда ең алдымен тәуекел қажет. Бұл, біріншіден. Екіншіден, қызмет
барысында экономикалық дамуды, тиісінше, есеп айырысуды, жұмыстың түпкі
қорытындыларын бағалау үшін тиісті көрсеткіштерді (индикаторларды) таңдап
алу қажет.
Көрсеткіштер:
➢ жеке (дербес);
➢ топтық;
➢ жалпы болып бөлінеді.
Талдау мақсаттарына байланысты көрсеткіштердің:
➢ абсалютті;
➢ салыстырмалы;
➢ орташа шама нысандары қолданылады (12.1-сурет).
Әрбір нақты экономикалық көрсеткіштің сапалық анықтылыққа ие болуы
шарт, егер онда екі жақты анықтылық болса, онда ол объективті көрсеткіш
болып табылмайды.
Көрсеткіш – бұл да белгі (нышан), яғни белгілі бір міндеттердің
орындалу деңгейін, қызметтер мен құбылыстардың сандық және сапалық жағын
сипаттайды.
Нарықты қатынастар талабына байланысты барлық көрсеткіштерді:
➢ бағалық;
➢ шығындық деп топтастыруға болады.
Бағалық көрсеткіштер – осы немесе басқа да қызметтің нәтижелі даму
деңгейінің мүмкіндіктерін немесе мақсатқа жетуін сипаттайды.
Шығындық көрсеткіштер – әр түрлі қызметтерді жүзеге асыруда шығын
деңгейіне әсер ететін көрсеткіштер.
Практикада бағалық көрсеткіштер кең түрде қолданылады.
Мәселен:
➢ сатылған өнімнің жалпы көлемі;
➢ жиынтық пайда;
➢ шартты таза пайда;
➢ несиені және қарыз проценттерін төлегеннен кейінгі пайда;
➢ салықтарды төлегеннен кейінгі пайда;
➢ барлық қосымша төлемдерді өтегеннен кейінгі пайда;
➢ өндірісті дамытуда жаңа капитал салымдарын жүзеге асырудан
келтірілген соңғы өтімділік;
➢ дивиденттерді төлегеннен кейінгі пайда;
Тауар сатудың жалпы көлемі. Сатылған тауарлар мен көрсетілген
қызметтердің құнын былайша анықтайды;
Q = P * N
Q – тауар сатудың жалпы көлемі, тг;
P – тауар бірліктерінің бағасы, тг;
N – сатылған тауардың саны, дана.
12.1-сурет. Қолданылатын негізгі көрсеткіштер
Банкроттық – борышқордың сот таныған төлем қабілетсіздігі.
Борышқордың мүлкін басқару сот қаулысы бойынша несие берушішінің мүддесін
көздей отырып жүзеге асырылады. Ерікті банкроттық несие берушілірердің
сотқа арыздануына байланысты пайда болады. Банкроттық туралы заңда несие
берушілердің жағдайын жеңілдететін баптар бар. Қолданылу мерзімі біткен
облигацияларды сатып алуға қабілетсіз корпорациялардың бұрыңғы басқарушылар
басшылығымен немесе қамқоршылар бақылауымен қайтадан ұйымдастыру жұмыстарын
жүргізуіне , қарыз мөлшерін азайтуына немесе нысанын өзгертуіне рұқсат
етіледі. Борышқорларға өзіне несие берушілер заң негізінде келісім жасау
және қарызды төлеу уақытын ұзарту мүмкіндігі беріледі. Шығынды (пайда
келтірмейтін) кәсіпорындардың өнімі мемлекеттік жоспарға енгізіледі, сөйтіп
ондай кәсіпорын жоспарлы-шығынды кәсіпорын деп аталынады. Оның шығынының
орны мемлекеттік дотация (жәрдемақы) есебінен толтырылады. Кәсіпорынның
шығынға ұшырауын, әрдайым бірдей нашар жұмыс істеудің немесе төмен сапалы
өнім шығарудың нәтижесі деуге болмайды. Әдетте ол енгізлетін өндіріс
жоспарына жоғарыдан тауарлардың мемлекеттік бағасының төмен деңгейде
болуынан туындайды.
Алайда нарықты экономикаға көшуге байланысты экономикалық жағдай күрт
өзгеруде:
➢ банкроттық – шаруашылық өмірінің объективтік немесе
субъективтік себептерінен туындайтын белгілі бір табиғи
құбылысқа айналып келеді;
➢ мемлекеттік дотациялар елеулі түрде тарылуда, баға неғұрлым
икемді бола түсіп, сұраным мен ұсынымды айқынырақ көрсетуде.
Сондықтан тиімсіз жұмыс істейтін кәсіпорынның банкротқа ұшырауы
мүмкін, оны тиісті өкілеттік орган куәландырады. Ондай кәсіпорындардың
мүлкі қосымша қаражат табу үшін басқа кәсіпорынға (ұйымға) сатылуы, жалға
берілуі немесе акционерлік меншікке өткізілуі мүмкін.
Банкрот жүйесінің мақсаты мен принциптері
Кез-келген кәсіпорын қызметтері көлемінің өсу шегі болады, осыған орай
әрбір процесс экономикалық өсуді ынталандырушы немесе тоқтатушы рөлін
атқаруы мүмкін.
Америкалық зеттеушілер құлдырау мен өрлеудің, дағдарыс пен банкроттың
пайда болуының белгілі заңдылықтарын анықтап берді:
➢ біріншіден, кәсіпорынның өмірлік циклының барлық сатысында
кезеңдік дағдарыстың пайда балуы;
➢ екіншіден, шағын және орта бизнес фирмаларында тән құлдырау
немесе өрлеу циклдарының математикалық әдіспен анықталған
ұзақтылығы.
Мәселен, американ фирмаларының өрлеу фазасы орта есеппен 3 жылға (1
жылдан 7,7 жылға дейін), ал құлау фазасы – 2,8 жылға (1 жылдан 4 жылға
дейін) созылады.
Батыс елдерінің экономикалық дамуының негізі болып табылатын нарықтық
экономика белгілі бір бақылау жүйесін, кәсіпорындарды мүмкіндіктеріне қарай
толығымен ойсыраудан қорғау, банкротқа ұшыраған шаруашылық субъектілеріне
көмектесу жүйесін жасап шығарады.
12.2-сурет. Кәсіпорынның қаржы тұрақсыздығының (банкротқа ұшырау)
жүйесі
12.2-суретте келтіріліп отырған банкрот жүйесі қандай да бір мемлекет
болмасын қолдануға болатын тиісінше салдардан ұйымдық және әдістемелік
құрылымдардан тұрады.
Бұл жүйенің негізгі мәні – өндіріс құрылымын нарық қалыптастырып
отырған төлем сұранымын қанағаттандыруға бейімдеу қажеттілігі.
Банкрот жүйесін құру және нақтылы іске асырудың түпкі мақсаты – тауар
өндіруші және қызмет көрсетуші құрылымдардың тиімді жұмыс істеулерінің
жағдайында ел тұрғындарының нарықтық сұранымдарына сәйкес халық
шаруашылығын құрылымдық жағынан қайта құру.
Бұған әлемдік экономиканың жетістіктері көрсеткендей, келесі
принциптерді сақтағанда ғана қол жеткізеді (12.3-сурет):
➢ кәсіпорынның банкроттық жағдайында барлық шаруашылық
субъектілері үшін өзара қарым-қатынастың коммерциялық жүйесін,
құқықтары мен міндеттерін бірыңғай тұрақты және сенімді
ойластыру;
➢ борышқорға өзінің қызметін жаңадан бастау міндеттерін орындап
шығуына мүмкіндік беру;
➢ банкрот және экономикалық құлдырау кезінде қауіпсіздік
шараларын ойластыру;
➢ бизнесті қайта түлетудің жүйесін жасап шығару;
➢ борышқор кәсіпорынға өзінің міндеттерін орындауда қаржылық
реттеу тетігін ұсыну, оларды бизнесті тоқтатпай тұрып-ақ
жақсарту;
➢ адал және сенімді әріптестердің (серік) жұмыстарын ынталандыру
үшін коммерциялық және құқықтық жүйелер құру;
➢ қаржыға байланысты дауларды шешуде әдістемелік процедураны
қалыптастыру;
➢ банкротқа ұшыраған кәсіпорынды тарату кезінде бакрот жүйесіне
қатысушылардың барлығының (несие беруші, қызметкерлер) мүддесін
сенімді қорғау;
➢ борышқордың активтерін әділетті түрде бөлуге жағдай жасау.
Міне, осы айтылғандар банкрот жүйесінің келесі жылдары тұрақтанып,
борышқор кәсіпорын нарық талаптарына бейімделіп кетулері мүмкін. Демек,
кәсіпорындарды сақтап қалуға бағытталған атқарымдық принциптерінің қысқаша
мазмұны осындай болып табылады.
12.3-сурет. Банкрот жүйесінің мақсаттары мен принциптері
Банкротқа ұшыраушылық әр алуан қоғамдық институттар, партия және басқа
да түрлі қозғалыс мүшелері арасында пікір таласын туғызуда. Олардың
бірқатары экономикалық реформа кезіндегі тоқырау жолдарында кездескен
қиыншылықтарды желеу қылып, банкроттық процедураның пайдасын жоққа шығаруға
тырысады. Алайда, банкротқа ұшыраудың жоғарыда көрсетілген мақсаттары мен
принциптері банкроттық жүйені объективті позиция тұрғысынан бағалауға
мүмкіндік береді.
Бұлай деуімізге мына төмендегі себептер дәлел бола алады:
➢ біріншіден, мемлекеттік кәсіпорындардың көп бөлігі, шын
мәнінде, ұзақ жылдар бойы жасырын банкрот жағдайында өмір сүріп
жатты, мәселен жалақының аз мөлшері, қысқартылған жұмыс күні мен
жұмыс аптасының орын алып жатқаны. Ауыл шаруашылығы болса,
мұндағы шаруашылықтың басым нысаны – совхоздардың басым
көпшілігі мемлекеттің қолдауында болды, дотациямен күй кешті;
➢ екіншіден, көптеген жеке кәсіпорындар банкроттық мәртебені
қабылдамайды, демек, олар қызметтерін өз еркімен тоқтатады, оны
қайта бастамайды.
Міне, осындай жағдайда банкрот жүйесін пайдалану тиімсіз де емес,
өйткені банкротқа ұшырау жағдайды жақсарту жолдарын ойластыруға мүмкіндік
туғызады. Демек, жағдайды жақсартуға бағытталған банкроттық процедура
барлық қатысушылар үшін болмаса до, олардың көпшілігі үшін тиімді.
Шын мәнінде, кәсіпкер (оның ішінде мемлекет те) өз ісінің нығайуына
мүмкіндік алады, алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орындай алмағанына
орай жетекшілікті өзгертеді, ал бұл өз кезегінде:
➢ оңды техникалық;
➢ маркетингтік және кадр саясатын жүргізуге;
➢ өндірісті дамытуға қажетті инвестициялар тартуға тиісті жағдай
туғызады.
Несие беруші болса, өз ақшасын сақтап қалуға, ал қоғам – экономиканың
нарыққа бейімделген құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Бұл
тұрғындарға да тиімді. Олар тұтынуға қажетті тауарлармен қамтамасыз етілсе,
бизнес өкілдері тиімді және керекті істермен шұңылданады.
Әлеуметтік қорғау жүйесі:
➢ жұмыстан босап қалған еңбекке жарамды адамдарға тиісті жағдай
жасау қажеттілігін;
➢ жұмыссыздығы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз ету;
➢ олардың біліктілігін көрсету үшін қайта оқыту жұмыстарын
ұйымдастыруды алдын-ала ескерілуі қажет.
Банкрот жүйесінің құрамды бөлігі:
➢ кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжамдау;
➢ дағдарыстың алдын алу және бақылау;
Дағдарыс жағдайын болжамдау бірнеше кезеңдерден тұрады (12.4-сурет):
➢ кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
➢ нарықтық қатынастардың даму бағытын болжау;
➢ дағдарыстың себептері мен негізгі факторларын дер кезінде таба
білу.
12.4-сурет. Кәсіпорынның дағдарыс жағдайын болжау кезеңдері
Кәсіпорын қызметінің табыстары мен сәтсіздіктері:
➢ сыртқы, бұларға кәсіпорын әсер ете алмайды.
➢ ішкі, бұлар кәсіпорын қызметкерлерінің ұйымдастыру жұмыстарын
жүргізудегі қабілеттеріне байланысты.
Сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (технологиялық) факторлардың
өзгерулеріне қарай бейімделу, оларды шеберлікпен ұштастыра жүргізіп отыру
кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінің, өркендеп өсуінің бірден-бір кепілі
(12.5-сурет).
Кәсіпорын қызметіне әсер ететін сырқы факторларға мыналар жатады:
➢ халық қажеттілігінің өлшемі мен құрылымы;
➢ халықтың табыстары мен жинақтарының деңгейі, яғни оның сатып
алу қабілеттілігі (бұған баға деңгейі және тұтыну несиесін алу
мүмкіндіктері де кіреді);
➢ саяси тұрақтылық және ішкі саясаттағы бағыттар;
➢ ғылым мен техниканың тауар өндіру процесі мен оның бәсекеге
қабілеттілігін анықтайтын бағыттарын дамыту;
➢ мәдениет деңгейі, яғни тұтыну нормасы мен дағдылары;
➢ халықаралық бәсеке, мәселен, шетел фирмалары бір кездерде арзан
еңбектің есебімен жеңіске жетсе, ал басқалары – жетілген
технология негізінде.
12.5-сурет. Дағдарыстық жағдайлар және банкротқа ұшыраудың негізгі
факторлары
Кәсіпорын басшылары өз мекемелерінің қаржылық жағдайына:
➢ ел экономикасының даму барысы;
➢ инфляция;
➢ кенеттен жаңа бәсекелестердің пайда болуы;
➢ мемлекеттік реттеу жұмыстарындағы келеңсіздіктер;
➢ мемлекеттік тапсырыстың күрт төмендеп кетуінің де әсер ететінін
үнемі ескеріп отырулары қажет (12.6-сурет).
Кәсіпорынның дамуын анықтайтын және оның қызметінің нәтижелі болуының
ішкі факторлары мынадай:
➢ кәсіпорынның негізгі мақсаты;
➢ оның қызметінің негізгі принциптері;
➢ ресурстар және оны пайдалану;
➢ маркетинг қызметін пайдаланудың деңгейі және оның сапасы.
12.6-сурет. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін факторлар
Ішкі фактролардың маңызы жөнінде мынаны айтуға болады. Мәселен,
американдық кәсіпорындардың 90%-ке дейінгісінің жұмыстарындағы сәтсіздік,
міне, осы:
➢ тәжірибесіз менеджерлерге;
➢ істі жете білмейтін басшылыққа;
➢ олардың кәсіпорын жұмысын өзгеріп отыруына сәйкес ұйымдастыра
алмағандықтарына байланысты екенін, елде жүргізілген зерртеу
жұмыстары көрсеткен.
Кәсіпорын дағдарысының бұлардан басқа да ішкі себептері бар. Олар:
➢ жұмысты нарық талабына сай ұйымдастыра алмағандық, осыған
байланысты кәсіпорынның көптеген орынсыз шығынға ұшырауы;
➢ өндірілген тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеп
кетуі;
➢ тауарды өнім түр-түрінің дер кезінде жаңартылмауы;
➢ басқару құрылымдарының үйлесімсіздігінен өнім өндіру мен дайын
тауарды сатудағы шығындар деңгейінің тез көтеріліп кетуі;
➢ штаттың өсуі;
➢ қымбат бағалы технология, құрал және басқа да еңбек заттарын
шектен тыс пайдалану;
➢ өндірістің және кәсіпорынның жалпы мәдени деңгейінің төмендеуі;
➢ кадрлардың біліктілігі;
➢ өндірістің техникалық деңгейі;
➢ ұжым қызметкерлерінің өзара қарым-қатынастары;
➢ олардың нәтижелі жұмысқа сеніммен және ынталы түрде ұмтылуы
және т.б. (12.7-сурет).
12.7-сурет. Кәсіпорынның дағдарысқа ұшырауының ішкі себептері
Батыс елдері мамандарының пікірінше, классикалық нарықтық экономикада,
банкротқа ұшырау себептерінің барлық кәсіпорындардың сырқы факторлары үштен
бір бөлігін, ал ішкі факторлар үштен екі бөлігін құрайды екен.
12.2. Банкроттың алдын алу шаралары
Кәсіпорынның дағдарысқа ұшырауының алдын неғұрлым ертерек алуда
бақылау жүйесін қалыптастырудың маңызы ерекше.
Оның негізгі бағыттары жөнінде мыналарды атауға болады:
➢ кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша өз әріптестерінің, тауарлы
өнімді жеткізіп берушілердің, несиегер, банк, өнімді
тұтынушылардың кәсіпорынға деген теріс көзқарастарын мезгілінде
сезіну;
➢ қайта ұйымдастыруға байланысты барлық өзгерістер (мәселен
ұйымдық, кәсіорынның жабық, ашық бөлімшелері, филиалдары,
еншілес бөлімшелері, олардың бірігулері);
➢ тауарды жеткізіп берушілердің жиі және негізсіз алмасулары;
➢ нарықтың жаңа түрлеріне шығу;
➢ материалдар мен шикізаттарды көтере сатып алу;
➢ басқа да кәсіпорынның стратегиясындағы құбылыстарды зерделей
қадағалап, олардан жедел де тиісті қорытынды шығару (12.8-
сурет).
Кәсіпорынның ойсырауы кейде оның жоғарғы деңгейдегі басшылары
арасындағы жанжалдар мен келіспеушіліктеріне де байланысты.
12.8-сурет. Кәсіпорынның дағдарысқа ұшырауының алдын алу бағыттары
Банкроттың басқа да ертерек байқалатын белгілері болады, кәсіпорын
қызметіндегі қаржылық көрсеткіштердің өзгеруімен байланысты, сапалы түрде
қаржылық есеп беру, оның уақытымен орындалмауы, аудиторлық тексерудің
жүргізілмеуі, сонымен қатар:
➢ бухгалтерлік есеп беруді кешіктіріп ұсыну және оның сапасын
өзгерту, саналы (әдейі) әрекеттерге, не құрамның төменгі
деңгейіне немен куәлік беру; осы және басқа да белгілер қаржылық
басқарудың болымсыздығына әкеліп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz