ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   


ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН
ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ)

Дайындаған: Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті

Алматы, 2011 жылғы маусым

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ 3
ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ): ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
8
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ 14
БАНКАРАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМЫ ЖҮЙЕСІ 16
БАНКАРАЛЫҚ КЛИРИНГ ЖҮЙЕСІ 26
БАНКТЕР АРАСЫНДАҒЫ КОРРЕСПОНДЕНТТІК ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІ 31
ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ 34
ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫ 37
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМДАРЫ ЖҮЙЕСІ 51
ТАУАР АЙНАЛЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ТӨЛЕМДЕР 54
ҚОРЫТЫНДЫ 60

КІРІСПЕ

Сенімді және қауіпсіз төлем жүйелері тұтастай алғанда мемлекеттің
қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік жасайды, қаржы ресурстарын
тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылар
арасында уақтылы есеп айырысуға кепілдік береді. Төлем жүйесін жетілдіру,
оның ордан әрі дамуын таңдау Қазақстан Ұлттық Банкінің маңызды басымдығы
болып табылады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы
Қазақстан Республикасының Заңында төлем жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету
Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінің біріне жатқызылған.
Шаруашылық жүргізетін субъектілер арасында уақтылы есеп айырысуды
қамтамасыз ететін және ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде ең
төменгі тәуекелдермен сипатталатын төлем жүйелерін құру бойынша жұмысты
Ұлттық Банк 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін бастады және жүргізілген
жұмыстардың қорытындысы бойынша он жылдан астам бойы Қазақстан аумағында
мынадай екі ұлттық төлем жүйесі ойдағыдай жұмыс істеуде және даму үстінде:
Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) және Банкаралық клиринг жүйесі. Бұл
ретте халықаралық қаржы ұйымдарының (Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік
Банк) сарапшылары ақша төлемі мен аударымын уақтылы жүргізуді қамтамасыз
ететін Қазақстанның төлем жүйелерінің жоғары тиімділігін және сенімділігін
бірнеше рет атап өтті. Халықаралық Валюта Қоры консультанттарының бағалауы
бойынша Қазақстанның төлем жүйелері жүйелік маңызды төлем жүйелері үшін
Халықаралық Есеп айырысу Банкі белгілеген барлық 10 Басты қағидатқа (төлем
жүйелері саласындағы халықаралық стандарттар) толық сәйкес келеді.
Төлем жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету және жетілдіру мақсатында
Ұлттық Банк ақша төлемі мен аударымының жекелеген мәселелеріне қатысты
нормативтік құқықтық актілерді бекітеді. Бұл ретте төлем жүйелерінің
техникалық сипаттамаларын жетілдіруге, жаңа төлем құралдарын ендіруге
бағытталған іс-шаралар, сондай-ақ инновациялық төлем құралдарын пайдалануға
арналған жеткілікті құқықтық базасын қамтамасыз ету бойынша жұмыс тұрақты
негізде жүргізіледі.
Ұлттық Банктің ақша төлемі мен аударымы саласындағы негізгі
функцияларының бірі төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) болып табылады,
бұл елде төлем жүйелерінің жұмыс істеу деңгейін бағалауға, сондай-ақ төлем
механизмдерінің қандай да болсын нарықтарының даму тиімділігін талдауға
мүмкіндік береді.
Қазақстанның төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) жинағы ел
тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған және ұлттық төлем жүйелері мен өзге
төлем механизмдерінің соңғы он жылдағы даму нәтижелерін көрсетеді.
Осы жинақта төлем жүйелерін реформалау бойынша негізгі қадамдар
көрсетілген, Ұлттық Банктің төлем жүйелерін қадағалау бойынша функциялары
ашып көрсетілген, ұлттық төлем жүйелерінің жұмысы жөніндегі статистикалық
деректер, Қазақстан банктері арасындағы корреспонденттік қатынастар
жүйесінің жұмысын және ел аумағында төлем құралдарын пайдалануды талдау
берілген. Сондай-ақ төлем карточкалары нарықтары мен халықаралық ақша
аударымы жүйелерінің дамуы туралы ақпарат берілген.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Қазақстанның егемендігін жариялау, нарықтық қатынастарға көшу елдің
экономикасын, оның ішінде қаржы жүйесін құрылымдық реформалауға себепші
болды. Бұл ретте сенімділігімен және жоғары тиімділігімен ерекшеленетін
түбегейлі жаңа төлем жүйесін құрудың маңызды мәні болды. Қазақстан
Республикасының төлем жүйесі реформасының негізгі мақсаттары банктер және
олардың клиенттері арасындағы төлемдердің өтуін жеделдету (90-шы жылдардың
басында бір төлемнің өту мерзімі 3-12 күнді құрады), сондай-ақ әртүрлі
төлем құралдарын (тапсырмаларды, чектерді, төлем талаптарын) айналысқа
неғұрлым кеңінен ендіру болып табылды. Қазіргі заманғы төлем жүйесін құру
кезінде Қазақстанның Ұлттық Банкі Еуропа Одағы, Шығыс Еуропа, Балтық
Жағалауы елдерінің және ТМД елдерінің тәжірибесін зерделеді.
Төлем жүйесін реформалаудың алғашқы қадамы 1991 жылы коммерциялық
банктердің филиаларалық айналымдарының (ФАА) шоттарын Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында ашылған корреспонденттік
шоттарға көшіру болып табылды, бұл ФАА жабуға, банкаралық есеп айырысуларды
реттеуге және коммерциялық банктерге (Кредсоцбанк, Промстройбанк,
Агроөнеркәсіпбанкі, Жинақ банкі) кассалық қызмет көрсетудің орындалуын
қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
КСРО-ның тарауына және кеңестік кеңістіктен кейінгі елдердің
мемлекеттік тәуелсіздік алуына байланысты 1992 жылы ТМД елдерінің
ұлттықорталық банктері үшін сауда-экономикалық есеп айырысуларды жүзеге
асыру мақсатында корреспонденттік шоттар ашылды. Осы шоттар бойынша
операциялар 1992 жылғы 1 шілдеден бастап жүргізіле бастады.
1992 жылы банкаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету мақсатында
Ұлттық Банк барлық ауданда, қалаларда, облыс облыстарының қалалық
аудандарында және Алматы қ. есеп айырысу-кассалық орталықтарын құрды. 1992
жылдың ортасында Ұлттық Банктің 19 облыстық және 274 аудандық есеп айырысу-
кассалық орталықтары жұмыс істеді.
1993 жыл ішінде Ұлттық Банк ел ішінде және сол сияқты одан тысқары
шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара берешекті есепке алуды
жүргізді. Осы жылы техникалық құралдардың дайын болуына орай жалға
авизоларды пайдалануға жол бермеу және төлемдерді жеделдету мақсатында
Қазақстан облыстарының арасындағы есеп айырысу кезінде электрондық
төлемдерді ендіру басталды.
1994 жылы тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерінің шығарылымы жүзеге асырылды. Осы
жылы Мемлекеттік бағалы қағаздардың орталық депозитарийі құрылды.
1995 жылы Қазақстанда тұңғыш Алматы клирингтік палатасын (АКП) құру
маңызды қадам болды, ол көпжақты өзара есеп айырысу әдісі бойынша жұмыс
істеді. Осы жүйенің кемшілігі қатысушы банктердің күннің аяғында төлем
тапсырмаларын қағаз тасымалдауыштармен алмасуға тура келуі болды. Сол 1995
жылы Ұлттық Банк рубль аймағы елдерімен шоттарды салыстырып тексеруді және
ұлттық банктердің корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарды реттеуді жүзеге
асырды, сондай-ақ тиісті мемлекетаралық келісімдерді дайындады.
Ұлттық Банк 1996 жылы төлем жүйелерін дамыту жөніндегі мынадай
бірқатар іс-шараларды жүргізді:
- Ұлттық Банктің облыстық филиалдары жанында аймақтық клиринг
палаталарын құру, олар ішкі аймақтық төлемдердің банкаралық
клирингін жүзеге асырды;
- электрондық төлем тапсырмасы ұғымын нормативтік бекіту, төлем
жүйесінің қатысушылары арасында ақпарат алмасу үшін электрондық
хабарлардың SWIFT тәріздес форматтарын әзірлеу және ендіру;
- Алматы клиринг палатасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы РМК (ҚБЕО) етіп қайта
ұйымдастыру, ол осы уақытқа дейін төлем жүйелерінің операторы болып
табылады.
1996 жылы ҚБЕО-да жиынтық негізде есеп айырысуды жүзеге асыратын және
нақты уақыт режимінде жиынтық есеп айырысудың перспективалық жүйесінің
(RTGS – real time gross settlement system) сипаттамалары бар ірі төлемдер
жүйесін құру банкаралық төлемдердің өтуін жеделдетуге себепші болатын сәт
болды. Ірі төлемдердің Қазақстандық жүйесінің негізі ретінде Швейцария
тәжірибесі, атап айтқанда SIC (Swiss Interbank Clearing) жүйесін құру
тәжірибесі алынды. Ірі төлемдер жүйесі қысқа мерзім ішінде қағаз нұсқасымен
растай талап етілмейтін электрондық құжат айналымы нәтижесінде ақша
аударымдарының жылдамдығы мен сенімділігі, сондай-ақ жоғары қауіпсіздік
деңгейі бойынша барынша танымал болды.
Төлем жүйесін жетілдіруге себепші болған маңызды іс-шара Ұлттық
Банктің орталық аппаратында екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік
шоттарын орталықтандыру болып табылды, орталықтандыру 1998 жылғы қазан –
қараша аралығында жүргізілді. Корреспонденттік шоттарды орталықтандыру
Ұлттық Банкке есеп айырысу банкінің және банктердің банкінің функцияларын
жедел жүзеге асыруға, төлем жүйесін және тұтас банк жүйесін бақылау
функцияларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Бөлшек төлемдерді нарығында бәсекелестікті құру және банк қызметінің
осы саласында қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 1999 жылғы 1
тамыздан бастап Қазақстан Республикасының аумағында Ұлттық Банкінің
облыстық филиалдары жанындағы клирингтік палаталардың қызметі тоқтатылды.
Бұл ретте Қазақстанда Америка автоматтандырылған клиринг жүйесінің түрі
бойынша жүйе клиринг жүйесін (қатысушылардың жалпы жүйедегі таза
позицияларының түпкілікті есебімен қаражатты алдын ала депонирлемей жұмыс
істейтін, қарама-қарсы міндеттемелерді көпжақты өзара есепке алу жүйесін) –
осы уақытта ойдағыдай жұмыс істеп тұрған Банкаралық клиринг жүйесін құру
туралы шешім қабылданды.
1998 жылғы маусымда Ақша төлемi мен аударымы туралы Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданды, бұл Қазақстан Республикасындағы ақша
төлемi мен аударымын жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейтiн
негізгі құжат және Ұлттық Банктің осы саладағы нормативтік құқықтық базасын
әзірлеу бойынша жұмыстар басталды.
Нормативтік және технологиялық базаны жетілдіру нәтижесінде банктік
және қаржы секторларының сол күнгі түпкілікті есеп айырысулары бар тиімді
және қауіпсіз жүйеге өсіп отырған қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында
ірі төлемдер жүйесі 2000 жылы нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін және
Қазақстанның жүйелік маңызы бар төлем жүйесі болып табылатын Банкаралық
ақша аударымы жүйесі (БААЖ) болып қайта құрылды.
Кез келген ел үшін RTGS жүйесін құрудың қаржы саласында ең жоғары
басымдығы бар. Осы жүйенің болуы мемлекеттің банк жүйесінің тұрақты жұмыс
істеуін сипаттайды. Бүкіл әлемде осындай жүйелерді құруға қойылатын тиісті
талаптарды белгілейтін жалпыға ортақ стандарттар қолданылады. Осылайша,
БААЖ-ды ендіру жүйеге қатысушы банктердің мониторинг жүйесінің
механизмдерін және өтімділік тәуекелдерін басқаруды жетілдіруге мүмкіндік
беретін, Қазақстанның төлем жүйесінің дамуының келесі маңызды кезеңі болып
табылды.
2003 және 2005 жылдары Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік
Банктің сарапшылары Қазақстанның төлем жүйелеріне бағалау жүргізді, оған
сәйкес Қазақстанның төлем жүйелері халықаралық стандарттарға, оның ішінде
Халықаралық Есеп айырысу Банкі жүйелік маңызды төлем жүйелері үшін
белгіленген 10 Басты қағидаттарға сәйкес келеді деп танылды. Сондай-ақ,
2003 жылғы қарашада Қазақстанның төлем жүйелері жұмысының негізгі
ерекшеліктерін ашатын Төлем жүйелері жөніндегі Қызыл кітап жарияланды. 2006
жылғы сәуірде Қазақстандағы төлемдер, клирингтік және есеп айырысу жүйелері
жөнідегі күміс кітап шығарылды.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қ. жаңа
Резервтік орталығын салу бойынша жұмыстар басталды. Ұлттық Банк
Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 51 қаулысымен Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің Q-BRO Резервтік Орталығы акционерлік қоғамы
құрылды, оны құрудың негізгі мақсаты Резервтік орталықтың үйін салу және
оны одан әрі пайдалануға беру болып табылады.
Ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік тілді
пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан
төлем жүйелерінің ҚР СТ 1048-2002 стандартына негізделген қазақ тілінің
символдары бар жаңа код кестесін пайдалануға көшу жүзеге асырылды.
2009-2010 жылдары Ұлттық Банк Қазақстан төлем жүйелерінің операциялық
сенімділігін және өндірістік тиімділігін арттыру мақсатында ұлттық төлем
жүйелерінің техникалық инфрақұрылымын түрлендіру және жаңа бағдарламалық-
техникалық платформаға көшу бойынша жұмыс жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың
қорытындысы бойынша 2010 жылғы 7 маусымда олардың төлем жүйелерінің жаңа
нұсқаларына (БААЖ-2, Банкаралық клиринг жүйесі-2) миграциясы жүзеге
асырылды, миграция жоғары қауіпсіздік деңгейімен және өткізу мүмкіндігінің
айтарлықтай ұлғаюымен сипатталады. Жаңа төлем жүйелерінің барлық
компоненттері ресурсты үнемдеу және барынша пайдалану талаптары, қорғаныш
пен рұқсат етудің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржы
саласында қолданылатын стандарттармен үйлесімдігі ескеріле отырып
әзірленді. Негізгі және резервтік орталықтардың бір тұтас ретінде жұмыс
істеуіне мүмкіндік беретін кластерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді теңшеу
және тәжірибелік пайдалануға енгізу жүзеге асырылды.
Сондай-ақ 2009 жылы төлем жүйелерінің басым бағыттары және
Қазақстанның төлем жүйелерінің инфрақұрылымына қатысты жалпымемлекеттік
мәні бар жобалары іске асыру кезінде тиімді іс-әрекет жасау бойынша
келісілген саясатты әзірлеу мақсатында Ұлттық Банк жанында консультациялық-
кеңесші орган – Ұлттық төлем кеңесі құрылды.
Ұлттық Банктің соңғы жылдардағы негізгі жобаларының бірі клиенттердің
банк шоттарының реформасы болды, ол 2005 жылы басталып, 2010 жылы ойдағыдай
аяқталды. Банк клиентінің шоты (клиенттің жеке сәйкестендіру коды) төлем
құжатының міндетті деректемесі болып табылады және клиентті сәйкестендіру
үшін қажетті ақпарат бар. Банктің клиенттері шоттарының реформа жүргізу
үшін пайдаланылған құрылымы 9 символдан тұрды және оған баланстық шоттың
нөмірі, банктің немесе ұйымның шартты нөмірі және банктік сәйкестендіру
коды негізінде есептелген бақылау кілті кірді. Алайда, шоттың 9 разрядты
құрылымы банктердің осы құрылымдағы ақпаратқа қажеттілігін толық мөлшерде
көрсеткен жоқ. Осыған байланысты, Ұлттық Банк құрылымды және банк
клиентінің шоты мен ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде қаржы
ұйымдарын сәйкестендіретін банктік сәйкестендіру кодының разрядтығын
жетілдіру қажеттігі туралы мәселе қойылды.
Болашақ интеграциялық үрдістер үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында
банктің клиенті шотының жаңа құрылымы және банктік сәйкестендіру кодының
негізі ретінде тиісінше ISO 13616: IBAN (International Bank Account Number
– банк шотының халықаралық нөмірі) және ISO 9362: BIC (Bank Identifier
Codes – банктік сәйкестендіру кодтары) алынды. Қаржы қоғамдастығында
банктік деректемелердің стандарттарын кеңіне қолдану Қазақстанның төлем
жүйелеріндегі банктер мен олардың клиенттерін сәйкестендіру жүйелерін
жетілдіруге, ішкі және халықаралық төлемдерді өңдеуді автоматтандыруға және
жеделдетуге, STP (Straight through processing – төлемді тікелей өңдеу)
қағидатын сақталуын қамтамасыз етуге бағытталды.
Осы реформаны ойдағыдай іске асыру мақсатында бес жыл бойы ауқымды
жұмыс жүргізілді, оған мынадай негізгі кезеңдер кіреді:
– 2005-2006 жылдары – материалдарды зерделеу және банктер өз
клиенттеріне беретін жаңа банк шотының нақты құрылымы туралы
мәселені шешу мақсатында Ұлттық Банктің, екінші деңгейдегі ірі
банктердің, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы РМҚК-ның,
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдерінен Жұмыс тобын
құру;
– 2007-2008 жылдары – клиенттердің банк шоттарының жаңа нөмірлерін
және банктік сәйкестендіру кодтарын беру мәселелерін реттейтін
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу, бекіту және
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеу, сондай-ақ
клиенттердің жаңа банк шоттарына көшу бойынша қажетті дайындық
жұмыстарын жүргізу;
– 2008-2009 жылдары – қаржы ұйымдарының, оның ішінде Ұлттық Банктің
клиенттерге берілген жаңа банк шоттарын қозғалысқа келтіру,
клиенттермен банктердің жаңа банк шоттар беру туралы хабарлама
бөлігінде қосымша келісімдер жасау, Мемлекеттік зейнетақы төлеу
орталығы РМҚК-мен және зейнетақы қорларымен зейнетақы, жәрдемақы
және басқа әлеуметтік төлемдер алушылармен банктер берген банк
шоттарының жаңа нөмірлері туралы ақпарат алмасу схемасын айқындау,
техникалық тапсырмалар әзірлеу бойынша қызметті үйлестіру;
– 2009-2010 – қаржы ұйымдарының, ҚБЕО және Ұлттық Банктің жаңа банк
шоттарына көшу бойынша жүйелі тестілеуге қатысу, қажетті үйлестіру
және түсіндірме жұмыстарын жүргізу, басқару құжаттарын әзірлеу.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 2010 жылғы 7 маусымда
Қазақстанның банктік және төлем жүйелерінің банк клиентінің банк шоттарының
жаңа нөмірлеріне және банктік сәйкестендіру кодтарына көшуі жүзеге
асырылды.
2009-2010 жылдары Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының мүдделі
мемлекеттік органдарымен (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) бірлесіп ұлттық төлем жүйелерін
және екінші деңгейдегі банктердің ақпарат жүйелерін жеке және заңды
тұлғаларды мемлекеттік ақпарат жүйелерінде мемлекеттік сәйкестендіру
жүйесін бірегейлендіруге бағытталған Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық
тiзiлiмдерi туралы Қазақстан Республикасының Заңы нормаларын іске асыру
шеңберінде сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСНБСН) пайдалануға көшіру бойынша
белсенді жұмыс жүргізілді.
Осы жұмыстар шеңберінде 2010 жылы мынадай құжаттар қабылданды:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Сәйкестендіру
нөмірлерін пайдалануға көшуге байланысты дайындық іс-шараларын
жүргізу туралы 2010 жылғы 29 қарашадағы № 101 қаулысы;
2) Ұлттық Банк Төрағасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшу және Қазақстан
Республикасының төлем жүйелеріне тестілеу жүргізу жөніндегі жұмыс
тобын құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы 2010 жылғы
25 қарашадағы № 96 өкімі;
3) Қазақстан Ұлттық Банктің автоматтандырылған ақпараттық шағын
жүйелерінің, төлем жүйелерін пайдаланушылардың және ҚРҰБ ҚБЕО РМК
төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық кешенінің сәйкестендіру
нөмірлерін пайдалануға көшу бойынша өзара іс-қимыл жасауын тестілеу
жоспары.
2011 жылдың басында Қазақстанның төлем жүйелерінің, Ұлттық Банктің
автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйелерінің, төлем жүйелерін
пайдаланушылардың жеке сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшуге
дайындығын тексеру бойынша бірқатар тестілеу жүргізілді.
Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету
саласындағы басым бағыттарының бірі Астана қ. негізгі орталық орналасқан
ауданда төтенше және авариялық жағдайлар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің
және төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік беретін жаңа
резервтік орталығын құру болып табылады. Ұлттық Банктің резервтік орталығын
құру географиялық орналасқан жеріне қарамастан өзге (адам, әлеуметтік-
саяси, кәсіпкерлік) тәуекелдер болған кезде Ұлттық Банктің және ҚБЕО
ақпараттық жүйелерінің үзіліссіз орнықты жұмыс істеу деңгейін деректерді
резервтеу, аса маңызды ақпараттық жүйелердің бағдарламалық-техникалық
кешендерін және телекоммуникациялық жабдығын қайталау арқылы көтеруі тиіс.
Резервтік орталық мынадай міндеттердің шешілуін қамтамасыз етуі тиіс:
ақпарат жүйелерінің ақпаратының барынша ықтимал көлемін резервтеу,
жергілікті төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Орталық аппараттың
пайдаланушыларын Резервтік орталықта қалпына келтірілген жекелеген аса
маңызды ақпарат жүйелеріне қосу мүмкіндігін қамтамасыз ету, Алматы қ.
Орталық аппараттың үйі толық жойылған жағдайда аса маңызды ақпарат
жүйелерін және Резервтік орталықтағы оларға арналған жұмыс орындарын
қалпына келтіруді қамтамасыз ету. Тұтастай алғанда, Резервтік орталық тек
күшті жер сілкінісі болған жағдайда ғана емес, сонымен қатар негізгі
орталық орналасқан ауданда өзге төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Ұлттық
Банк жұмысының қауіпсіздік және сенімділік деңгейін артыруға алып келеді.
2010 жылы жаңа Резервтік орталықты салу бойынша жұмыстар
жалғастырылды, банктік емес ұйымдардың Ұлттық Банктің Резервтік орталығының
жоспарланып отырған үйінде олардың ақпаратының резервтік көшірмелерін
сақтауға арналған қосымша алаңдар бөлуге арналған өтінімдері қарастырылды,
мәселелерді талқылау үшін, оның ішінде Дата – орталықтарды жобалауға және
салуға мамандандырылған компаниялармен бірқатар кездесулер жүргізілді.
Резервтік орталықты жобалау алдындағы, жобалау жұмыстарына, салуға және
енгізуге арналған консультациялық қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша
техникалық ерекше нұсқаманың жобасы қарастырылды.

ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ): ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Төлем жүйесі бір банк шотынан басқа банк шотына осы елде белгіленген
заңдар, ережелер және стандарттар бойынша ақша төлемдері мен аударымдарын
жүзеге асыру тетігін білдіреді. Қаржы нарықтарының және экономиканың банк
секторының жұмыс істеуінің тиімділігі көбіне елдегі жұмыс істеп тұрған
төлем жүйесіне байланысты.
Соған байланысты төлем жүйелерінің қауіпсіз және тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз ету орталық банктердің негізгі міндеттерінің бірі болып
табылады. Халықаралық терминологияға сәйкес төлем және есеп айырысу
жүйелерін қадағалау (оверсайт) орталық банктің функциясы болып табылады,
оны орындаған кезде сенімділік және тиімділік мақсаттары жұмыс істеп тұрған
және жоспарланған жүйелердің мониторингі, олардың осы мақсаттарға сәйкес
келуін бағалау және, егер қажет болса, өзгерту арқылы қол жеткізіледі.
Төлем жүйелерін қадағалауды жүзеге асыру кезінде Халықаралық есеп
айырысулар банкінің Төлем және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитеті
әзірлеген халықаралық стандарттарға, оның ішінде мынадай негізгі
қағидаттарға үлкен көңіл бөлінеді:
- ашықтық (жүйелерге арналған талаптар мен стандарттарды және оларға
қатысты қолданылатын жүйелерді айқындау критерийлерін қоса алғанда
орталық банктер өздерінің қадағалау саясаты туралы ашық мәлімдеулері
тиіс);
- халықаралық стандарттар (орталық банктер тиісті жағдайда төлем және
есеп айырысу жүйелеріне қатысты халықаралық стандарттарды қолдануы
тиіс);
- пәрменді өкілеттіктер мен мүмкіндіктер (өздерінің қадағалау
жөніндегі міндеттемелерін тиімді орындауы үшін орталық банктердің
өкілеттіктері мен мүмкіндіктері болуы тиіс);
- жүйелелік (қадағалау стандарттары орталық банктің өзі басқаратын
жүйені қоса алғанда, салыстырмалы төлем және есеп айырысу жүйелеріне
қатысты жүйелі қолданылуы тиіс);
- басқа ресми органдармен ынтымақтастық (орталық банктер төлем және
есеп айырысу жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету
кезінде басқа да тиісті орталық банктермен және ресми органдармен
ынтымақтасуы тиіс).
Төлем жүйелерін қадағалаудың маңыздылығы туралы мәселенің 90 жылдардың
өзінде көтерілгенін атап өткен жөн. Мәселен, Ондық Тобы мемлекеттерінің
орталық банктері неттингінің банкаралық схемалар жөніндегі комитетінің
есебінде (Ламфалусси есебі, Халықаралық есеп айырысулар банкі, 1990 жыл)
орталық банктердің өздерінің ішкі банкаралық нарықтардың дамуын және осы
нарықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін төлем және есеп айырысу
жүйелерінің қызметін қадағалайтыны көрсетілген. Банкаралық есеп айырысулар
бойынша қызмет көрсетулердің негізгі жеткізушілері және соңғы сатыдағы
кредиторлар ретінде орталық банктер банктердің кредиттеу және өтімділікке
қатысты басқару саясатына, сондай-ақ олардың кредит тәуекелі мен ұлттық
банк жүйесімен өтімділік тәуекелін байланыстыратын есептеу тетіктеріне
ерекше көңіл бөледі және банктердің орталық банктің тарапынан төтенше
қолдауына өтініш білдірмей қолайсыз өзгерістерге қарсы тұру қабілетін
бағалайды. Ұлттық төлем жүйесін бұлай қадағалау орталық банктің түрлі
функцияларын үйлестіреді және монетарлық және бақылаушы органдардың
міндеттерін үйлестіруден де тұрады.
Көптеген орталық банктердің төлем жүйелерін қадағалау саласындағы
өкілеттіктері заңнамалық актілерде айқындалған және ақша төлемдері мен
аударымдары саласындағы нормативтік құқықтық базаны әзірлеуден,
статистикалық деректердің мониторингінен, жинақтаудан, талдаудан және төлем
жүйелерінің жұмыс істеуін бағалаудан тұрады.
Мәселен, Ресей Федерациясының Орталық Банкі туралы Федералдық заңға
сәйкес төлем жүйесінің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Ресей Банкі қызметі мақсаттарының бірі болып табылады. Көрсетілген Заңға
сәйкес Ресей Федерациясының Орталық Банкі елдегі есеп айырысу ережесін
белгілейді, атқарушы биліктің уәкілетті органдарының тапсырмасы бойынша
есеп айырысуды жүргізу арқылы Ресей Федерациясы бюджет жүйесінің барлық
деңгейлерін бюджеттерінің және бюджеттердің орындалуын ұйымдастыру және
орындау жүктелетін мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың шоттарына қызмет
көрсетеді. Ресей Банкі Ресей Федерациясындағы есеп айырысу, оның ішінде
клирингтік ұйымды үйлестіретін, реттейтін және лицензиялайтын орган болып
табылады, сондай-ақ қолма-қол жасалмайтын есеп айырысуларды жүзеге асырудың
ережесін, нысандарын, мерзімдерін және стандарттарын белгілейді.
Беларусь Республикасының Банктік кодексіне сәйкес төлем жүйесінің
тиімді, сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін ұйымдастыру Беларусь
Республикасының Ұлттық Банкі қызметінің негізгі мақсаттарының бірі болып
табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу шеңберінде Ұлттық Банк Беларусь
Республикасының төлем жүйесінің жұмыс істеуін басқарады және төлемдерді
жүзеге асырудың, тариф саясатының, өтімділікті басқарудың ережелерін
белгілеу арқылы, сондай-ақ Беларусь Республикасы төлем жүйесінің жай-күйін
сипаттайтын көрсеткіштерді жинақтау, жинау және талдау арқылы оны
қадағалайды.
Монетарлық және қаржы кодексіне сәйкес Франция Банкі Орталық
банктердің еуропалық жүйесінің төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін
қамтамасыз ету жөніндегі міндеті шеңберінде төлем жүйелерінің үздіксіз
жұмысын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Англияның Қаржы министрлігі, Банкі және қаржылық қызметтер басқармасы
арасындағы уағдаластық туралы меморандумда (1997) Англия Банкінің қаржы
жүйесінің инфрақұрылымын қоса алғанда, жалпы қаржы жүйесінің және атап
айтқанда, төлем жүйесінің жалпы тұрақтылығы үшін жауап беретіндігі
көзделген. 2005 жылғы қаңтардан бастап жыл сайын Англия Банкі Төлем
жүйелерінің оверсайты жөніндегі есепті жариялайды, онда Банктің осы
саладағы жұмысы сипатталады.
Қазақстан Республикасында төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне және
дамуына қадағалау рөлін мемлекеттің атынан Қазақстанның Ұлттық Банкі
атқарады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан
Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес төлем жүйелерінің жұмыс істеуін
қамтамасыз ету Ұлттық Банктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Көрсетілген міндетті іске асыру шеңберінде Қазақстанның Ұлттық Банкіне
белгілі бір функциялар жүктелген (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
туралы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы). Қазақстанның Ұлттық Банкі
ақша төлемдері мен аударымдарының жекелеген мәселелеріне қатысты
нормативтік құқықтық актілерді бекітеді; банктердiң және банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың
корреспонденттік шоттарды ашу және жүргізу тәртібін, аударым, банкаралық
клиринг операцияларын жүргізу, төлем карточкаларын шығару тәртібін
айқындайды, Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын
жүзеге асырудың тәртiбiн, жүйесiн және нысанын айқындайды, ақша төлемдері
мен аударымдары мәселелері бойынша есептілікті және мәліметтерді ұсынудың
тәртібін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді.
Почта байланысы ұйымдарының ақша аударымдарын жүзеге асырумен
байланысты қатынастардан басқа Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен
аударымдарын жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарды реттейтін Ақша
төлемдері мен аударымдары туралы 29.06.1998 жылғы № 237-I ҚР Заңы ақша
төлемдері мен аударымдары саласындағы негізгі заңнамалық акті болып
табылады.
Сонымен қатар жоғарыда көрсетілгендей, қазіргі кезде Қазақстан
Республикасында екі төлем жүйесі (БААЖ және банкаралық клиринг жүйесі)
жұмыс істейді. Бұл төлем жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін Ұлттық Банк
тиісті нормативтік құқықтық актілерде айқындайды.
Бұдан басқа Ұлттық Банк барлық банктер және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін Қазақстан Республикасының
аумағында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асырудың тәртібін,
жүйесін және нысанын айқындайтын өзге де ережелерді, нұсқаулықтарды
әзірледі.
Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және
кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiн қадағалауды
(оверсайт) ұйымдастыру, банктердiң және банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелерiне қолжетiмдiлiгiн
қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық
құралдарға қойылатын талаптарды белгiлеу Ұлттық Банктің негізгі
функцияларының бірі болып табылады.
Қазақстанның Ұлттық Банкi төлем жүйелерiн қадағалауды (оверсайтты)
жүзеге асыру мақсатында (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы
Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы):
1) төлем жүйелерiне қадағалау (оверсайт) жүргiзу тәртiбiн белгiлеуге;
2) төлем жүйелерiн ұйымдастырудың және олардың жұмыс iстеуiнiң
шарттары мен тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi
қабылдауға;
3) төлем жүйелерiнiң мониторингiн жүзеге асыруға;
4) төлем жүйелерiнiң ұйымдастырылуын және олардың жұмыс iстеуiн
тексеруге;
5) ақша төлемдерi мен аударымдары, төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуi
мәселелерi бойынша төлем жүйелерiнiң қатысушыларынан және
операторларынан ақпарат алуға;
6) төлем жүйелерi қатысушыларының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға
құқылы.
Ұлттық Банктің Төлем жүйелері департаментінің төлем жүйелеріне
қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ қадағалау
(оверсайт) объектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар
кеңесінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 108 қаулысымен бекітілген Төлем
жүйелеріне қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру ережесінде белгіленген.
БААЖ, Банкаралық клиринг жүйесі, банктер арасындағы корреспонденттік
қатынастар жүйесі, төлем құралдары, төлем карточкаларының нарығы және
халықаралық ақша аудару жүйелері төлем жүйелерін қадағалау объектілері
болып табылады.
Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) мақсаты – бұл ҚБЕО төлем
жүйелерінің және өзге де қадағалау объектілерінің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз ету.
Төлем жүйелерін қадағалаудың (оверсайттың) негізгі міндеттері:
➢ төлем жүйелерінің тұрақтылығы және қауіпсіздігі мақсатында олардың
мониторингі, талдау және жұмыс істеуін бағалау, төлем жүйелерін
одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
Төлем жүйелері мониторингі – төлем жүйелерін пайдаланушылардың
төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асырған кезде туындайтын тәуекелдерді
басқару, барынша төмендету және болжау мақсатында жүргізілетін БААЖ және
банкаралық клиринг жүйесінің мониторингі. Ұлттық Банкте мониторинг жүргізу
үшін бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған, оны нақты уақыт режимінде
пайдалана отырып, төлем жүйелерін пайдаланушылар жүйенің операциялық күні
ішінде жүзеге асыратын төлемдерді қарауды, пайдаланушылардың өтімділігін
талдауды және пайдаланушылардың операциялық күн ішінде туындайтын
тәуекелдерді бағалауды жүзеге асырады. Пайдаланушылардың жүйедегі ақшасы
төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болса, Ұлттық Банк пайдаланушылармен
бірлесіп қосымша қаржыландыру көздерін айқындау және пайдаланушылар
позицияларына өтімділік тарту және сол арқылы жүйеде төлемдер жүргізбеу
тәуекелдерін төмендету үшін шаралар қолданады.
Төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне талдау жасау және бағалау төлем
жүйелерін пайдаланушылардың, төлем жүйелері операторларының ақпараты
негізінде жүзеге асырылады. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне талдау жасау
кезінде БААЖ және банкаралық клиринг жүйесінің жұмысына, төлем
жүйелеріндегі төлемдер мақсаты бірыңғай жіктеушісінің кодтары бойынша
төлемдер ағынына және тағы басқаларына баға беріліп, талдау жасалады.
➢ төлем жүйелерінде туындайтын тәуекелдерді басқару және барынша
азайту;
Төлем жүйелерінің тиімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
мақсатында Ұлттық Банк төлем жүйелерінде туындайтын тәуекелдерге талдау
жасайды, тәуекелдерді басқару және барынша азайту әдістерін пайдаланады.
Төлем жүйелерінде туындайтын кредиттік, өтімділік және жүйелік тәуекелдерді
барынша азайту мақсатында Ұлттық Банктің Төлем жүйелері департаменті ақша
айналымдылығының коэффициентін және БААЖ-дағы өтімділік коэффициентін
есептейді, жүйенің операциялық күнінің аяғында өтімділіктің
жеткіліксіздігінен төлем құжаттарының орындалмауына талдау жасайды.
Операциялық, техникалық тәуекелдерді және алаяқтық тәуекелін басқару және
барынша азайту мақсатында Төлем жүйелері департаментінің қызметкерлері
төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін тексереді, төтенше
жағдай туындаған кезде төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қалпына келтіру
жоспарына ҚБЕО-мен бірлесіп талдау жасайды, ҚБЕО-ның төлем жүйелерінің
жұмысын резервтік серверге ауыстыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысына
кемінде жарты жылда бір рет қатысады.
➢ Банктер арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан
теңгесiмен ашылған корреспонденттік шоттар (бұлдан әрі – банктер
арасындағы корреспонденттік шоттар) арқылы төлемдердің сенімді
жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында банктер арасындағы
корреспонденттік қатынастар жүйесінің жұмыс істеуіне талдау;
➢ төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың қолданылып жүрген
тәсілдерін жетілдіру және жаңа тәсілдерін енгізу мақсатында төлем
құралдарының пайдаланылуына талдау;
➢ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының төлем
карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қолайлы, қауіпсіз және
уақтылы жүргізуін қамтамасыз ету, төлем карточкаларының жаңа
түрлерін және оларды пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді
дамыту мақсатында төлем карточкалары нарығының дамуына талдау;
➢ халықаралық ақша аударымдары жүйелерінің пайдалануына талдау;
➢ қоғамның төлем жүйелеріне және ақша төлемі мен аударымы
саласындағы өзге де қадағалау объектілеріне деген сеніміне қолдау
көрсету.
Бұдан басқа төлемдер жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
Ұлттық Банктің Төлем жүйелері департаменті банктердің және басқа
пайдаланушылардың төлем жүйелеріндегі жұмыстары жүзеге асырылатын жұмыс
орындары (орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудің) қауіпсіздігінің
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың ҚБЕО-ның төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру
шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар
туралы нұсқаулық талаптарына сәйкестігін тексереді.
Сонымен қатар Ұлттық Банк банктердің ақша төлемі мен аударымы
саласындағы заңнаманың талаптарын бұзуына қатысты өтініштерін қарайды, олар
көбіне ақша төлемі мен аударымы бойынша нұсқауларды уақтылыдұрыс
орындамаумен немесе орындамаумен, сондай-ақ төлем карточкаларын шығару және
пайдалану мәселелерімен байланысты болып келеді. Мәселен, 2010 жылы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті жеке
және заңды тұлғалардың 106 өтінішін (шағымын) қарады. Төменде келтірілген
кестеде жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктер және
жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар бөлігіндегі өтініштері
(шағымдары) бойынша мәліметтер және олардың 2010 жылғы өтініштердің жалпы
көлеміндегі үлес салмағы берілген.

1-кесте
№ Өтініштер ұсынылған қаржы ұйымдарыныңӨтініштер саны Үлес салмағы
атауы
1 Қазақстан Халық Банкі АҚ 29 27,4%
2 БТА Банк АҚ 12 11,3%
3 Банк ЦентрКредит АҚ 11 10,4%
4 Қазкоммерцбанк АҚ 11 10,4%
5 Темірбанк АҚ 8 7,5%
6 Kaspi Bank АҚ 6 5,7%
7 АТФ Банк АҚ 6 5,7%
8 Қазпочта АҚ 6 5,7%
9 Еуразиялық банк АҚ 5 4,7%
10 БТА Банк АҚ, Нұрбанк АҚ, Банк 1 0,9%
ЦентрКредит АҚ
11 Нұрбанк АҚ 1 0,9%
12 Альянс Банк АҚ 1 0,9%
13 Астана-финанс АҚ 1 0,9%
14 Қазинвестбанк АҚ 1 0,9%
15 Метрокомбанк АҚ 1 0,9%
16 Сенім-Банк АҚ 1 0,9%
17 Бағалы қағаздардың орталық 1 0,9%
депозитарийі АҚ
18 Цеснабанк АҚ 1 0,9%
19 МЗТО 1 0,9%
20 HSBC Банк Казахстан АҚ ЕБ 1 0,9%
21 Сбербанк России АҚ ЕБ 1 0,9%
Жиынтығы 106 100,0%

Келіп түскен өтініштерге қарай қажет болғанда Ұлттық Банктің Төлем
жүйелері департаменті банктердің құжаттарын тексереді. Өтініштерді қарау
қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар
анықталған жағдайда Ұлттық Банк міндеттеме-хат талап ету, банкпен жазбаша
келісім жасау, ескерту жасау, жазбаша нұсқама беру түріндегі шараларды
қолдануы мүмкін. Жауапкершілігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан
Республикасы Кодексінің 169-бабында көзделген ақша төлемдері мен
аударымдары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша Ұлттық Банк құқық
бұзушыларға айыппұл салады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ

Қазақстан экономикасының жылдан жылға үдемелі дамуы жағдайында
Қазақстанның ұлттық төлем жүйелерінде (Банкаралық ақша аудару жүйесі және
Банкаралық клиринг жүйесі) қолма-қол жасалмайтын төлемдердің үнемі өсуі
байқалады. Соңғы он жылда төлем жүйелеріндегі төлемдер көлемі 2001 жылмен
салыстырғанда саны жағынан 2,8 есе және төлем сомасы бойынша 18,3 есе өсті
(1-сурет).
1-сурет
2001 жылдан бастап 2010 жыл аралығындағы төлем жүйелеріндегі ақша ағынының
динамикасы

2008 жылы әлемдік қаржы дағдарысы ұлттық төлем жүйелері арқылы
жүргізілетін төлемдер көлемінің төмендеуіне әкеп соқты (2007 жылмен
салыстырғанда 1,1%-ға төмендеу). Сонымен қатар мемлекеттің екінші
деңгейдегі банктерге қолдау көрсету жөніндегі қабылдаған шаралары банк
секторындағы өтімділік проблемасын төмендетуге мүмкіндік берді және
Қазақстанның төлем жүйелеріндегі төлем көлемінің өсуіне ықпал етті, ол оң
үрдіс 2010 жылы да сақталды.
Жалпы алғанда 2010 жылы ұлттық төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару
жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы жүргізілген төлемдер көлемі
187 704,4 млрд. теңгені құрады, бұл ретте қолма-қол жасалмайтын төлемдер
саны 29,7 млн. транзакция көлемінде қалыптасты. 2009 жылмен салыстырғанда
төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 14,6%-ға (3 785,3 мың транзакцияға)
ұлғайды, төлемдер сомасы 17,5%-ға (27 958,8 млрд. теңгеге) өсті.
2010 жылы Қазақстанның төлем жүйелері арқылы бір күнде орташа алғанда
753,8 млрд. теңге сомаға 119,3 мың транзакция жүргізілді, бұл 2009 жылмен
салыстырғанда саны жағынан 14,6%-ға және сомасы бойынша 17,5%-ға көп.

2-сурет
Төлем жүйелеріндегі 2009 және 2010 жылдардағы төлемдер көлемі
Төлемдер саны Төлемдер сомасы


2010 жылы қаржы секторы субъектілерінің ұлттық төлем жүйелері арқылы
ақша төлемі мен аударымдарын жүзеге асыруы кезіндегі едәуір белсенділігі
Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен (төлемдердің жалпы көлемінің
47,0%), сондай-ақ банкаралық депозиттермен және банктер мен клиенттердің
меншікті қаражатын аударуымен (тиісінше 25,5%) операциялар жүргізген кезде
байқалды. Төлемдер көлемінің өсуі негізінен Қазақстан резиденттерінің
бағалы қағаздарымен операциялар бойынша төлемдер көлемінің 33,3%-ға
ұлғаюымен байланысты болды (2-кесте).
2-кесте
Төлем жүйелеріндегі төлемдер мақсаты бірыңғай жіктеушісінің кодтары бойынша
төлемдер ағыны
БөТөлемдердің түрлері 2009 жыл 2010 жыл Өзгеріс
лі
м
млрд. жалпы млрд. жалпы млрд. %-бен
теңгемен көлемніңтеңгемен көлемнің теңгемен
% %
1 Ерекше аударымдар 3 188,0 2,0% 3 267,0 1,7% 79,0 2,5%
2 Шетел валютасымен және19 896,1 12,5% 19 754,8 10,5% -141,3 -0,7%
қымбат металдармен
операциялар
3 Депозиттер 46 762,0 29,3% 47 786,9 25,5% 1 025,0 2,2%
4 Заемдар 1 552,8 1,0% 1 602,8 0,9% 50,0 3,2%
5 ҚР резидент еместері 1 207,3 0,8% 95,1 0,1% -1 112,2 -92,1%
шығарған бағалы
қағаздар, вексельдер,
депозиттік
сертификаттар
6 ҚР резиденттері 66 161,4 41,4% 88 197,5 47,0% 22 036,1 33,3%
шығарған бағалы
қағаздар және
вексельдер
7 Тауарлар және 6 026,8 3,8% 8 134,8 4,3% 2 108,0 35,0%
материалдық емес
активтер
8 Қызметтер 6 031,2 3,8% 7 133,5 3,8% 1 102,3 18,3%
9 Бюджетке төлемдер және5 987,3 3,7% 8 091,6 4,3% 2 104,2 35,1%
бюджеттен төленетін
төлемдер
Жиынтығы 159 745,6100,0% 187 704,4100,0% 27 958,8 17,5%

БАНКАРАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМЫ ЖҮЙЕСІ

Қазақстандағы әрбір төлем жүйесі жұмыс істеуінің өз ерекшелігі бар
және нарықтың белгілі бір бөлігіне бағдарланған. Елдің жүйелік маңызы бар
төлем жүйесі БААЖ-да төлемдері есептеу нақты уақыт режимінде жүзеге
асырылады, яғни әрбір төлем құжаты жүйеге келіп түскеннен кейін дереу
бірнеше секунд ішінде есептеледі. Жүйе мереке және демалыс күндерін
қоспағанда аптаның барлық күнінде жұмыс істейді.
БААЖ-ның операциялық күні сағат 9:00 басталады. Ұлттық Банк
операциялық күн басталар алдында пайдаланушылардың төлем тапсырмалары
негізінде олардың Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттарынан Ұлттық
Банктегі БААЖ-ның арнайы шотына ақша аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте
пайдаланушымен жасалған шарт бойынша ақша аударымдары тұрақты қолданылатын
төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырыла алады, бұл тапсырма пайдаланушы
оның күшін жою туралы жазбаша нұсқау бергенге дейін қолданылады. Әрбір
пайдаланушы бойынша аударылған ақша сомасы туралы ақпаратты Ұлттық Банк
ҚБЕО-ға жібереді. ҚБЕО осы ақпараттың негізінде БААЖ-ның шотынан сомаларды
ҚБЕО-дағы пайдаланушылар позициясында көрсетеді және осы сәттен бастап
операциялық күн басталады.
БААЖ операциялық күн ішінде нақты уақыт режимінде қайтарымсыз және
түпкілікті есеп айырысуды қамтамасыз етеді. БААЖ-ға ақша аудару
пайдаланушының Ұлттық Банктегі БААЖ шотына олар аударған ақша сомасы,
сондай-ақ БААЖ басқа пайдаланушыларынан түскен ақша сомасы шегінде жүзеге
асырылады.
БААЖ мынадай схема бойынша жұмыс істейді. Кепілгер Банк (А Банкі) БААЖ-
ға ақша аудару туралы хабарлама (электрондық төлем тапсырмасы түрінде)
жібереді. БААЖ хабарламада көрсетілген ақша сомасының ҚБЕО-дағы
пайдаланушының позициясы бойынша ақша сомасының жеткіліктілігін тексереді.
Жүйе пайдаланушының позициясында ақша сомасы жеткілікті болған кезде ақшаны
аударады және Кепілгер Банк (Банк А) оның шотын дебеттеу туралы және
Бенефициар Банкті (Б Банкі) оның шотын кредиттеу туралы хабардар етеді.
Төлемді жүзеге асыру үшін ақша жеткіліксіз болған жағдайда төлем
құжаты кезекке қойылады. Кезекте тұрған төлем құжаттары басымдық кодтарына
сәйкес өңделеді. Басымдық кодтары шегінде төлем құжаттарын орындау олардың
кезекке келіп түсу тәртібімен FIFO қағидаты бойынша (кіріске бірінші,
шығысқа бірінші) жүзеге асырылады. Жүйенің пайдаланушылары төлем құжаттарын
орындаудың кезектілігін белгілеуге және ауыстыруға құқылы. Бұған қоса,
пайдаланушылар кезекте тұрған төлем құжаттарын қайтарып ала алады. Осыған
байланысты, пайдаланушылардың жүйедегі шотына басқа пайдаланушылардан ақша
келіп түскеннен кейін БААЖ кезекте тұрған осы пайдаланушының-алушының
төлемдерін өткізу мүмкіндігін тексереді.
Операциялық күн ішінде пайдаланушыларға олардың сұратуы бойынша
орындалған төлемдер туралы, кезекте тіркелген төлем құжаттары туралы
пайдаланушының жүйедегі ақша қалдығы туралы ақпаратты береді. Сондай-ақ
БААЖ-де Бөлшек төлемдер жүйесі клирингінің нәтижелері бойынша
қалыптастырылған пайдаланушылардың таза позицияларын аудару жүзеге
асырылатындығын атап айту қажет.
Операциялық күнді жабу сағат 19:00 жүзеге асырылады. Алайда жүйені
пайдаланушының өтінімі бойынша Ұлттық Банк операциялық күнді ұзарта алады.
БААЖ операциялық күн аяқталғаннан кейін жүйенің әрбір пайдаланушысына
операциялық күнді аяқтайтын құжатты қалыптастырады. Бұл ретте Ұлттық Банк
пайдаланушылардың позицияларымен сальдоның электрондық ведомосын жібереді.
Ұлттық Банк осы ведомості тексереді және тексеру нәтижелері туралы ҚБЕО-ға
хабарлайды, бұдан кейін Ұлттық Банк Ұлттық Банктегі БААЖ шотынан позициялар
сальдосы сомасындағы ақшаны осы пайдаланушылардың Ұлттық Банкте ашылған
шотына аударуды жүзеге асырады.
БААЖ-да әрбір төлемді жеке есептеу жүзеге асырылатынын ескере отырып,
және тиісінше техникалық ресурстар көбірек пайдаланылады, бұл жүйеде төлем
құжаттарын өңдеуге неғұрлым жоғары тарифтер белгіленген (3-кесте).

3-кесте.
БААЖ-да бір төлем құжатын өңдеуге арналған тарифтер

Төлемді өңдеу уақыты Құны, теңге
сағат 8-00 - 13-00 аралығында 57-00
сағат13-00 - 19-00 аралығында 114-00
сағат 19-00 - 8-00 аралығында (операциялық күн 740-00
ұзартылған кезде)

БААЖ пайдаланушысы Ұлттық Банкте теңгедегі корреспонденттік шот
ашылған кез келген банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдар болуы мүмкін. Бұл ретте жүйеге кіруге рұқсат алу
үшін төлем жүйесінің операторымен – ҚБЕО РМК-мен шарт жасау қажет. БААЖ
пайдаланушыларының саны 01.01.2011 жылғы жағдай бойынша 51[1] болды, оның
ішінде екінші деңгейдегі 39 банк және Қазақстанның Даму Банкі АҚ,
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті,
Мемлекетаралық банк және Еуразия даму банкі, Ұлттық Банк, Мемлекеттік
зейнетақы төлеу орталығы және банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын 6 ұйым (Қазпочта АҚ, Қазақстан ипотекалық компаниясы
АҚ, Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі АҚ, Қазақстанның қор
биржасы АҚ, ҚБЕО РМК және ҚБЕО клиринг палатасы).
Ел экономикасы үшін жүйелік маңызы бар БААЖ-дың Ондық топ орталық
банктерінің Төлем және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитеті әзірлеген
және қауіпсіз әрі тиімді төлем жүйелерін құруға ықпал ету мақсатындағы
директивалар ретінде арналған Негізгі Қағидаттарға сәйкестігіне аса мән
беріледі. Қазақстан Ұлттық Банкінің БААЖ-ды жетілдіру бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолма қол ақша айналымы
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің төлемдер жүйесінің түсінігі
Банктер арасындағы төлемдер
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оның функциялары мен операциялары
Төлем жүйелері ұғымы
Банкаралық ақша аудару жүйесі
Банкте депозитте шотта ақшасының болуы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және оның атқаратын қызметі
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары
Ұлттық банк ақша - несие саясатының ерекшеліктерін талдау
Пәндер