Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны
МАЗМҰН
КІРІСПЕ
1 БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
1.1Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны
1.2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорлары – халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдау
кепілі
2.2 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесінің қатысушысы ретінде
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің
негізгі әдісі - материалистік диалектикалық - тарихи әдіс қолданылады, ол
нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын
олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.
Қаржы - арнаулы пән және қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін
бұл курстың мақсаты - қаржы категорияларын, ұғымдарын. терминдерін ұғып
алудағы, олардың сыныптамасын, әлеуметтік -экономикалық процестердегі
маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық және практикалық әзірлікті
қамтамасыз ету, сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара
байланысы мен өзара іс - әрекетін және оны қоғамның әлеуметтік-
экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге
қол жеткізу пәннің міндеті болып табылады. Қаржы туралы жалпы ұғым.
Қаржы (қолма - қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы
латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financе сөзінен
шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық
арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары
мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды
қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі
тауар - ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып дамыды және мемлекеттің
және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бүл терминнің авторлығын 1577 жылы Республика туралы алты кітап
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге қалдыруға болады.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар - ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Қаржы ғылымы ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Қаржы ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар - ақша
катынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық
экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша
айналымын - акша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар - ақша
қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш
тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы
болып табылады.
Қаржы - экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (құн
заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының,
өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне
сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының іс - әрекетіне негізделеді.
Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, жалпыдан -
жекеге қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады:
жалпы қоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары және
қаржы қатынастары (салық, бюджет, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық
қатынастар және тағы да басқа).
Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін
қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі
мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша
қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен
тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен
мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің
елдің ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен
байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық
табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын
бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және
жергілікті бюджеттер кіреді.
2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі
негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен
пайдаланудың ерекше нысаны.
Оның негізгі қалыптасу көздері:
А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;
Ә) бюджет субсидиялары;
Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
В) ерікті түрдегі жарналар.
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы
қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде
пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік
биліктің қаржы резерві ролін атқарады.
3. Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы
ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары
қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды
мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, біраұқ көптеген
ғалымдар оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды.
Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы
шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін
залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның
қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке
сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді
негізгі звенолары бар ерекше сала.
Материалдық өндіріс саласында Материалдық емес өндіріс саласында
1) алғашқы табыстардың құрылуымен, 1) саланың немесе мекеменің бюджетпен
материалдық өндірістің шаруашылық арақатынасы. Осының негізінде бюджет
бөлімшерінде ішкі шаруашылық қаржылары есебінен денсаулық сақтау,
мақсаттағы жарғылық қорды қолдау мәдениет, ағарту және т.б. салалық
қорларын құрумен және пайдалануымен қаржылар қалыптасады;
байланысты. Олардың бірі өндірістік
қажеттілікті, екіншісі тұтынушылар
қажеттігін қанағаттандыруға
пайдаланады;
2) айырбас жүргізбейтін, қайта бөлу 2) басқарудың салалық ұйымдары,
сипатына ие шаруашылық жүргізуші ведомствоішілік және ұйымішілік
субъектілер арасында пайда болады; арасында. Олар шаруашылық жүргізуші
мұнда қаржы ресурстарының ағымы субъектілер иелігіндегі салалық
қордан тыс түрде жүргізіледі мақсатты ақша қаражаттарын (еңбекақы
(айыппүлтөлеу және алу, жарна төлеу,төлеу, күрделі жөндеу және т.б.)
қаражаттарды басқа кәсіпорындардың пайдаланумен сипатталады. Мекеме,
акция, облигацияларына салу, т.б.); ұйым ішінде қаржы қатынастары
еңбекақы және экономикалық
ынталандыру қорларын құрумен
байланысты туындайды; арнайы мақсатты
ақша қаражаттарын қайта бөлумен
байланысты;
3) шаруашылық жүргізуші субъектілер 3) әр түрлі саладағы шаруашылық
мен сақтандыру ұйымдарының арасында жүргізуші субъектілер арасында, оның
сақтандыру қорларын құру және ішінде әлеуметтік сақтандыру,
пайдалануға байланысты туындайтын зейнетақы және т.б. бюджеттен тыс
қаржы; қорларды құру және бөлумен байланысты
ақша қатынастары;
4) шаруашылық жүргізуші субъект және4) шаруашылық жүргізуші
банк арасындағы ссуда алуға, оларды субъектілердің тұтынушылармен және
өтеуге пайыз төлеуге, банктерге демеушілермен арасында ақша
уақытша бос ақша қаражаттарын беругеқатынастары. Оның негізінде
байланысты пайда болатын қаржылар; өндірістік емес саладағы мекемелер
мен ұйымдардың қаржы көздері
құрылады.
5) орталықтандырылған қорларды құру
және пайдалануға байланысты
шаруашылық жүргізуші субъектілердің
мемлекетпен қатынасы;
6) шаруашылық жұргізуші субъект және
басқарудың жоғарғы құрылымы
арасындағы қаржылар (қаржы
ресурстарын сала ішінде қайта бөлу
шегінде вертикалды өзара
байланыс).
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржылық жүйенің саласы
ретінде қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда материалдық және
материалдық емес игіліктер қалыптасады.
Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті
бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып
табылады.
Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және
әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз
бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды.
Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар
құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар — мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны;
мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде
қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.
Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық
қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын
қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Кесте – 1

Мемлекеттің бюджеттен тыс қорларының әлеуметтік-экономикалық мәні,
мағынасы: Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз мемлекеттік органдардың қол
астындағы және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы.
Бюджеттен тыс қорлары мемлекеттік қаржылар болып табылады. Бюдеттен тыс
қорлар өзінің мәні бойынша мемлекеттің кейбір қоғамдық қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін тартатын және жедел түрде кешенді жұмсалатын қаржылық
ресурстарды пайдалану және қайта бөлу нысаны болып табылады. Бұл қорлардың
дұрыс құрылуы мен пайдалануықаржылық құқықпен реттеледі. Бюджеттен тыс
қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал
басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік және аймақтық болып
бөлінеді.Бюжеттен тыс қорлардың көздері бірқалыпты және уақытша болуы
мүмкін.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып
табылады. Өзінің мәні жағыніан бюджеттен тыс қорлар — бұл, жоғарыда атап
кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік
негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы
ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.
Арналымы — мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты
шараларды қаржыландыру:
а) арнаулы мақсатты салықтар;
ә) қарыз және ақшалай-заттай лотереялар өткізу есебінен;
б) бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;
в) қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;
г) ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары.
Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:
➢ отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру,
несиелендіру жолымен өндіріс процесіне ықпал жасауға;
➢ арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін
айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау
шараларын қамтамасыз етуте;
➢ зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу, жалпы әлеуметтік
инфрақұрлымды қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа
қызметтер көрсетуге;
➢ қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік
әріптестерге беруге болады.
Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік
органдарының — орталық, республикалық және жергілікті органдарының
қарамағында болады.
Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:
а) салық төлеуден босату;
ә) кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша жеңілдіктер
болмайды).
Бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің
сипатымен және ауқымдылығымен алдын ала анықталады. Көздердің әралуандығы
мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және қаржы
жағдайы әсер етеді.
Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздерінің салыстырмалы
тұрақты да, сондай-ақ уақытша да сипаты болады. Әкімшілік-аумақтық
бірліктер бойынша ажырай отырып, олар мемлекет аумағында әр түрлі болуы
мүмкін. Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттарды жұмсаудың бағыттарына
қорлардың арналымы, нақтылы экономикалық жағдайлар және әзірленген және
іске асырылатын бағдарламалардың мазмұны себепші болады. Қаражаттардың бір
бөлігі құрылтайшылық қызметке бағытталады, сонымен бірге бағалы қағаздарға
салынады. Біріншіден, ақша қаражаттарын пайдалану оларды жасаудың уақытымен
жиі тура келе бермейтіндігіне, екіншіден, инвестициялардан алынған кірістер
тиісті қордың шығындарын қаржыландырудың қосымша көздері болып
табылатындығына байланысты бюджеттен тыс қорлар инвестициялар мен қаржы
рыногының қатысушылары болады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата
білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы,
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгілік, тік, соның
ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы
бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және
мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бүл қорлар 1996 жылға дейін
(оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау
және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты
қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл,
1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды. Бұл
қаржы жүйесінің қалыптасу процесін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын
іздестіруді қамтып көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал,
амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін
қабылдауға болатын "арнаулы қорлар" термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі
олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.
Өтпелі кезендегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы
төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың
қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара
берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың
бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды
мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап
мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты
мақсатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары республикалық
бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан
қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржы
ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды
орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.

Қаржы институттарының — бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары
қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір
қорлардың мысалында қарауға болады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен
жасалды.
Жасалу көздері:
1) кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы салық);
2) мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;
3) санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан
түскен табыс;
4) басқадай көздер.
Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалды:
1. Жәрдемақылар төлеуге (еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша; жүкті
болғанда және босанғанда берілетін; балаға оның белгілі бір жасқа толғанға
дейін қарауға берілетін; көмектің басқа түрлері).
2. Санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға.
3. Кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері:
а) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге
зейнетақы ісін ұйымдастыру;
ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.
Зейнетақы қорының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:
1)міндетті зейнетақы жарналары;
2)меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық
жарналары немесе арнаулы салықтар;
3)жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;
4) жоғарғы органдардың қаражаттары;
5) ерікті зейнетақы жарналары және т.б.
Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары:
1) заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу;
2) балаға қарау жөніндегі жәрдемақыларды төлеу;
3) материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары;
4) зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты
болатын шығыстар;
5) қысқа мерзімді жөне ұзақ мерзімді қағаздарға, ғылыми-техникалық базаны
дамытуға және т.б. резервтерді орналастыру.
Бюджеттен тыс қорлардың органдары:
басқару;
атқарушы органдар;
тексеріс комиссиясы;
қордың аймақтық бөлімшелері.
Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырады:
біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында "Мақсатты
қаржыландыру қоры" бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді, 1999 жылдан бастап
түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылды.
Қазақстанда Астана қаласын экономикалық және әлеуметтік дамыту үшін
"Жаңа астана" қоры сақталынған. Бұл қор:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеңілдетілетін қаражаттар;
2) Астана қаласында тұрғын үй құрылысына бағытталатын және іс жүзінде
мақсатты арналымға пайдаланылған қаражаттар;
3) мемлекеттік бюджет қаражаттары;
4) қалада құрылыс пен абаттандыруды жүзеге асыратын шетелдік инвестордың
қаражаттары;
5) шет елдердің үкіметтерінің, фирмаларының жөне компанияларының мақсаты
гранттары есебінен жасалынды.
Кесте -2. Мемлекеттік бюджеттік емес қорлардың түсінігі мен түрлері.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ
ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

Инвестициялық саясатты белсенді түрде жүргізу зейнетақы жүйесін
жаңғыртуда маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, ал оларды жасау
қордың мақсаттарын, инвестициялаушы құралдардың көлемін және басқада
маңызды міндеттердің шешілуін анықтауды талап етеді. Осы жағдайда
жинақтаушы зейнетақы қорлары оларға сенімді инвестициялық қорғау қызметін
ұсына алатын капиталданған ұйымға бағытталады. Бұл ЖЗҚ арасында қаржы
ресурстарын орналастыруда бәсекенің өсуіне алып келеді және қабылданған
инвестициялық саясатқа сәйкес жүзеге асырылатын инвестициялық
қызметтердің түрлі құралдарын өте ұқыпты талдауға итермелейді.
Зейнетақы қорлары институционалды инвесторлар ретінде әрекет ете
отырып, және салымшылардың қаржы құралдарын шоғырландыра отырып оларды
мынадай түрлі активтерге инвестициялайды: бағалы қағаздарға , банк
депозиттеріне, мүліктерге және т.б.
Инвестицияға қатысты жалпы теориялық көзқарастар инвестицияны басқару
процесінің мәнін сипаттайды. Қазіргі сарапшылардың зерттеулері капиталды
сапалы түрде басқарғанда ғана жетістікке жетеді деп көрсетеді. Қаржы
жүйесіндегі қаржы инвестицияларын ұйымдастыру, басқару, өмірді сақтандыру
жүйесінің әрекет етуінің жалпы қағидаларына сәйкес жүзеге асады, онда
зейнетақы қызметтерінің ерекшеліктері көрсетіледі, атап айтатын болсақ:
- зейнетақы қорларының инвестициялық қызметтерінің уақытша
диференцияциялау қағидасы;
- қаржы инвестициясын басқаруды кезең –кезеңімен ұйымдастыру қағидасы
бірінші ережемен тығыз байланысты және қаржы инвестицияларын басқарудың
арнайы саясатын өңдеуді қажет етеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының
инвестициялық әрекет ету процесі барысында зейнетақы қорларының
қызметтерімен байланысты ақпараттар үлкен рөл атқарады. Мұнда ақпараттар
келесі талаптарға сәйкес келу қажет:
- мәліметтер нақты болуы және алынған деректердің пайдалылығы бұрынғы
байланыстарға зиян тигізбеуі қажет;
- жоғарыда аталған қағидалармен байланысты тәуекелдерді бөлу және
жауапкершілікті жоспарлау қағидасы. Кейбір іс-шараларды орындау нақты
инвестициялық тәуекелге барумен қатар жүреді.
Зейнетақы бизнесіндегі қаржы инвестицияларының ерекшеліктерін
сипаттайтын жоғарыда аталған қағидалар нарықты экономика жағдайындағы
ұдайы өндіріс жүйесінің инвестициялық процесін құруда әдістемелік
негіздемелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай көзқарас
белгілі бір деңгейде экономикалық дамуды сипаттайды және елдегі
инвестициялық процестің тиімділігін қамтамасыз етеді.
Зейнетақы жүйесінің инвестициялық белсенділігін арттыру Қазақстан
үшін экономикалық жаңғыртудың негізгі шарттарының бірі болып
табылатындықтан үкіметтің алдында отандық өндірісті дамыту үшін қаржы
ресурстарын шоғырландыру және жинақтау мәселесі тұр. Яғни,
мемлекетпен жүргізілген әлеуметтік саясат жаңғырту идеясымен сабақтас
болуы керек, яғни зейнетақыны және жалақыны уақытында төлеу, кейбір
әлеуметтік жеңілдіктерді алып тастау, атаулы әлеуметтік қорғау сияқты
мемлекеттік міндеттемелерді сақтау қажет.
Қазақстан үшін зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесі бірқатар қолайсыз
факторлардың туындауына байланысты Батыс және Шығыс Еуропа
елдеріндегідей маңыздылыққа ие болып отыр:
• дамыған елдердегі сияқты тұрғындардың жылдам қартаюы;
• дамушы елдерге тән жан басына шаққандағы табыстың төмендігі;
• үлестіруші зейнетақы жүйесі тұрғындардың барлығына жуығын қамтиды
және зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты міндеттемелердің
мөлшері қолда бар нақты ресурстармен сәйкес келмейді.
Зейнетақы жүйесін жаңғырту миграциялық процестер, туудың
төмендеуі және тұрғындардың өмір сүру ұзақтығының өсуінің нәтижесінде
қарт адамдардың көбеюімен сипатталатын елдегі демографиялық
жағдайдан туындады. Ол ең алдымен еңбекке қабілетті тұрғындарды
жылыстауымен сипатталады.
Әрекет етіп отырған жүйелердің көбісі қарттардың әл-ауқатын қажетті
деңгейде қамтамасыз ете алмайды, өйткені төлемдер әрдайым
индексацияланбайды. Сонымен қатар, олар қайта бөлуді жиі өршітеді,
мысалы ауқатты зейнеткерлер есебінен әл-ауқаты аз қамтамасыз
етілген отбасылар қаржыландырылады. Бұл жүйелер ескіруіне байланысты
экономикалық өсуді тежейді.
Қазақстанның қаржы нарығындағы мемлекеттік емес зейнетақы қорларының
пайда болуы мен дамуы, әлеуметтік әсер алудың қажеттілігі болып табылатын
және олардың инвестициялық саясатын негіздеу келесідей ұйғарымдар
жасауға мүкіндік береді:
• стратегиялық мақсаттардағы таңдау, (яғни инвестиция бағыттарын);
• инвестициялық артықшылықтарды қалыптастыру (инвестициялау
обьектілерін);
• инвестициялық шектеулерді белгілеу (белгілі бір актив түрінің
сандық мәнінің шегі).
Егер белгіленген шектеулер мемлекеттік немесе оның атынан
мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қызметтерін бақылайтын
мемлекеттік ұйымдардың қызметі болып табылса, ал инвестициялық
мақсаттарды анықтау зейнетақы қоры және оның активтерін басқарушы
компанияның қызметі болып табылады.
Жүргізілген талдау, зейнетақы қорларының экономиканы қаржылдандыруға
қатысу мүмкіндігін келесі түрде кескіндеуге мүмкіндік береді (сурет 1
бойынша ).
Ескерту-сурет автордың жүргізген зерттеулері нәтижесінде
жасалды.
Сурет 1- Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының экономиканы
қаржыландыруға қатысуы
Сонымен, талдау көрсеткендей жалпы инвестициялық қорлардың
құрылымы әрекет етуші талаптарға сәйкес келеді.
Нақты жағдайда, зейнетақы қорларының активтерін осылайша пайдалану
ел экономикасында қажетті роль атқармайды. Қазіргі кездегі, қаржы
құралдарының белгілі-бір үлесін мемлекеттік бағалы қағаздарға
міндетті инвестициялау, инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру
емес, мемлекеттік қағаздарды жабу болып отыр.
Мемлекеттік қазыналық облигациялар нарығындағы табыстылықтың
төмендеуі ЖЗҚ инспекциясымен Үкіметтің бағалы қағаздарына салым
жасаудан бас тартудың себепшісі ретінде қабылданбайды. Сәйкесінше,
әрекет етуші нормативтік талаптар бойынша, зейнетақы қорлары өз
активтерінің белгілі бір бөлігін, тіпті олар қордың инвестициялық
мақсаттарына сай келмесе де мемлекеттік міндеттемелерді инвестициялауға
міндетті .
Бүгінгі таңда қорлар кәсіпорындардың бағалы қағаздарына
инвестиция жасап экономиканы қаржыландыруда деп айтуға болмайды.
Өйткені, экономикалық және саяси жағдайлардың тұрақсыздығы, қаржы
нарығындағы үлкен ауытқулар, сонымен қатар, көбіне алып сатарлық
бағыттағы эмитенттердің сенімсіздігіне байланысты олар қысқа мерзімді
сипатқа ие болып отыр.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің
жаңғырту қажеттілігінің шарттары ретінде келесілерді қарастырамыз:
1. қарттарды кедейшіліктен қорғау;
2. зейнеткерлікке шыққаннан кейін кепілдендірілген табыспен
қамтамасыз ету (яғни оның мөлшері зейнеткерлікке шығар алдындағы
жалақы сомасына пропорционалды белгілі бір соманы құрайды) ;
3. инфляция немесе басқада факторлардың нәтижесінде нақты өмір сүру
деңгейінің төмендеуінен тағайындалған табысты қорғау (қор басшылары
немесе билік өкілдерінің түрлі қаржы махинациялары және т.б.).
4. демографиялық факторлардан, елдің экономикасындағы саяси және
экономикалық жағдайлардан салыстырмалы түрде еріктілігін қамтамасыз ету;
5. инвестициялық фактор-зейнетақы жүйесін дамыту және бәсекеге
қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, егер әмбебап көзқарасынан бас
тартып ішінара түріне өткенде бұл мәселелер шешімін табуы мүмкін.
Өтпелі экономика негізінде әлеуметтік әділдік қағидасын сақтау басты
мәнге ие болады, ал оған көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құру арқылы
ғана қол жеткізуге болады. Оны құру үшін, нарықты экономикадағы
елдердің жаңғырту тәжірибелерін әсіресе, өзіміздің экономикалық жүйенің
ерекшеліктерін ескеру қажет.
Қазақстандағы ЖЗҚ қызметтерін әрі қарай дамыту, зейнетақы жүйесіне
жаңғырту жүргізу жетістікке жетуге мүмкіндік беретін бірқатар мәселелерді
шешуді талап етеді. Ең алдымен зейнетақы жүйесінің сенімді институционалды
инфрақұрылымын құру қажет. Бұл міндеттің орындалуы, міндетті жинақтау
қағидаларына негізделген екінші деңгейдің жаңадан құрылуымен және үш
деңгейлі зейнетақы жүйесіне көшуге байланысты қажетті болып табылады:
1. ЖЗҚ табысты қызметі олардың потенциалды салымшылары болып табылатын
тұрғындар мен кәсіпорындардың сенім артуына байланысты. Олардың
сенім артуы ЖЗҚ операцияларын бақылаумен және реттеумен тығыз
байланысты.
2. Зейнетақы жүйесін жаңғырту міндеттерін ескере отырып, міндетті
жинақтаушы жүйені қолданушы, екінші деңгейдегі мемлекеттік емес
зейнетақы қорларының құрылуы жолдарын анықтау қажет. Бұл мәселе, жаңа
қорларды құру және әрекет етуші ЖЗҚ біразын екінші деңгейдегі
қор ретінде қайта құрылу мүмкіндігін қамтиды.
3. ЖЗҚ тиімді жұмыс істеуі активтерді басқарудың ашық және сатылы
саясатынсыз мүмкін емес. Ол активтерді басқарумен айналысатын
арнайы компаниялармен және қаржы институттарымен жүзеге асырыла
алады. Активтерді басқару, ЖЗҚ зейнетақы активтерімен қатар
өздерінің жеке меншік құралдарын инвестициялай алады ма деген
сұрақтарға жауап іздейді.
4. ЖЗҚ активтерін салуға болатын сенімді қаржы құралдарын нақты
анықтау қажет. Қорлардың инвестициялық тәуекелділігін анықтауға
мүмкіндік беретін критериилерді, нақты құралдарға мүмкін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz