Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларын мұнай өндіру саласында тиімді пайдалануды жетілдіру


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ӘӨЖ 338. 09: 658. 800 92 қолжазба құқығында

ИЗАТУЛЛАЕВА БИБИГУЛЬ СУЛТАНОВНА

Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларын мұнай өндіру саласында тиімді пайдалануды жетілдіру

08. 00. 05 - Экономика және халық шаруашылығын басқару

(салалар және сфералар бойынша)

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2009

Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған

Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының докторы,

профессор, Б. Н. Исабеков

Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы,

профессор А. Х. Ералы

экономика ғылымдарының кандидаты

М. А. Елпанова

Жетекші ұйым: Т. Рысқулов атындағы Қазақ

экономикалық университеті

Қорғау 2010 жылдың «1» ақпанында сағат 14. 00 Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғау жөніндегі Д 14. 61. 15 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Университет қалашығы

Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат «28» желтоқсан 2009 жылы таратылды

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы: э. ғ. д., профессор Раимбеков Ж. С.

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту макроэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс. Шетел инвестициялары экономикамыздың қарқынды өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайларында инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде инвестициялар маңызды құрылымдық пайда болу қызметін атқарады, халық шаруашылығының қай салаларына инвестициялардың салынуына қарай экономиканың болашақ құрылымы байланысты болады.

Қазақстан Республикасы аумақтарындағы барлық шаруашылық субъектілеріне үздіксіз сыртқы нарыққа шығу құқығын ұсыну, шетел инвестицияларын кеңінен тарту, ҚР-ның сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейту құқықтарын беру шетел инвестицияларын ғылыми-зерттеудің өзектілігін анықтайды.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев “біздің міндетіміз - әлемдік қоғамдастық алдында қазақстанды инвестициялар үшін тартымды орын ретінде көрсету, маңызды салаларға инвесторларды белсене тарту” - деп атап көрсеткен. Сондай-ақ, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Президентіміз Н. Ә. Назарбаевпен реформалаудың негізгі тұжырымдамалық принципі қалыптасқан. Сол құжаттың басымды ұстанымы - нарықтық қатынас кезінде мемлекеттің экономикасын және жоғары деңгейде шетел инвестициясын нығайту болып табылады.

Нарықтық экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, мұнай өндіру саласында инвестициялық үрдісті қалыптастыруда әлемдік технологияларды және менеджмент пен маркетингтің озық әдістерін қолдануға негізделген және инвестициялау тетіктерін қалыптастыруда ең тиімді инвестициялық жобаларды нарықтық тетіктер арқылы дайындау ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан өзекті болып табылады.

Экономиканың өсуі инвестициялық қызметтің белсенділігімен байланысты. Сондықтан, қазіргі таңда еліміздің мұнай өндіруші саласының алдында тұрған негізгі мақсаты құрылымдық және инвестициялық саясат жүйелерінің барынша қайта қаралуын талап етеді. Бірақ, өз кезегінде инвестициялық қызмет, құрылымы, ұдайы өндірістегі қаржылық және материалдық активтер дәрежесі оның инвестициялық тартымдылығын анықтайтын факторы негізінде еліміздің экономикалық жағдайына байланысты болып келеді, яғни бұл инвесторлардың нарықта инвестициялық стратегияны дайындауды есепке алу факторы болып табылады.

Қазақстан өзінің өндірістік әлеуетін қайта қалыптастыруға, жаңартуға, тұтынушылық нарықты жоғары сапалы және қымбат емес тауарлармен толтыруға, өзінің экспорттық потенциалын дамытуға және құрылымдық қайта құруға, бастысы басқарушылық мәдениетін қоғамға еңгізуге антиимпорттық саясат жүргізуге мүдделі. Шетел инвесторлары Қазақстанның кең ішкі нарығы есебінен пайда табуға, оның табиғи байлығына, білікті және арзан жұмыс күшіне тәуелді. Сондықтан да біздің мемлекетіміз алдында келесідей күрделі және аса маңызды мәселе тұр: жеке ынтаны жоғалтпай қоғамдық мақсаттарға жету үшін экономикалық реттеу шараларын бағыттай отырып шетел капиталын елге тарту. Қазақстан экономикасына кең көлемде шетел инвестицияларын тарту халықтың жоғары сапалы өмірімен сипатталатын өркениетті, әлеуметтік бейімделген қоғам құру секілді ұзақ мерзімді мақсаттарды көздейді. Ал шетел капиталы Қазақстанға ғылыми-техникалық прогресске және алдынғы қатарлы басқарушылық тәжірибесіне жетуге мүмкіндік береді. Демек, бұл үшін шетел инвестицияларын тиімді пайдалануды жетілдіру жолдарын кешенді зерттеу қажет.

Ғылыми зерттелу дәрежесі. Зерттелетін тақырып бойынша көптеген теориялық және практикалық мәселелерге қатысты ресейлік және шетелдік зерттеушілердің еңбектерін атауға болады: Л. Абалкин, И. Балабанов, Н. Кафтункина, К. Киреева, Н. Кондратьев, Э. Кроливецкий, М. И. Кулагин, Д. К. Лабин, Л. Г. Симкина, И. П. Фирова, Й. Ворст, Л. Гитман, М. Джонк, Дж. Кейнс, П. Ревентлоу, М. Райзер, т. б. Сонымен қатар осы мәселеге қатысты көз-қарастар мен ой-пікірлер М. С. Ашимбаев, У. Б. Баймуратов, С. Ж. Даукеев, О. И. Егоров, А. Х. Ералы, Р. С. Каренов, М. Б. Кенжегузин, А. К. Қошанов, М. К. Мамырова, Д. М. Мадиярова, Н. К. Надиров, О. С. Сәбден, А. М. Сейтқазиева, С. Б. Сагындыкова, Ұ. Ж. Шалболова т. б. сынды қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында шетел инвестицияларын мұнай өндіру саласына тарту және тиімді пайдалануды жетілдіруді зерттеу қажеттілігі ұлттық экономикалық қауіпсіздікпен және қазақстанның сыртқы экономикалық қатынастарымен байланысты болғандықтан, диссертация тақырыбы бүгінгі таңда өзекті болып табылады. Бұл диссетацияның негізгі мақсатымен міндеттерін таңдаумен анықталады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстанда шетел инвестицияларын мұнай өндіру саласында тиімді пайдалануды жетілдіруді ілімдік-әдістемелік негіздеу, сондай-ақ инвестицияларды тиімді пайдалануды жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу ілімдік, әдістемелік және тәжірибелік сипатта белгіленген келесідей міндеттерді шешуді талап етеді:

- мұнай өндіру саласындағы инвестициялық үрдістердің қазіргі жағдайы мен қолданысын және ұдайы өндіріс үрдісіндегі экономикалық өсімге инвестицияның тигізетін әсерін талдау;

- инвестициялық қызметті реттеудегі мемлекеттің ролі мен функцияларын қарастыру;

- жекелеген аймақтар бойынша мұнай өндіруші саланың даму ерекшеліктері мен бағыттарын мұнай өндіру саласындағы шетел инвестициясын пайдаланудың кешенді мәселелері мен осы салаға инвестиция тарту тетіктерін қарастыру;

- мұнай өндіру саласындағы трансұлттық компаниялардың (ТҰК) іс-әрекеті мен шетел капиталын тартуда ынталандыру шараларын анықтау;

- мұнай өндіруші салаға инвестицияларды тарту тетіктерін жетілдіру жолдарын анықтау;

- көпфакторлық корреляциялық әдісті қолданумен мұнай және газ өндірудің пайдалылық деңгейіне ықпал ететін факторларды зерттеу арқылы 2015 жылға болжам жасау негізінде мұнай өндіру саласында инвестициялық стратегия үлгісін дамыту бағыттарын ұсыну.

З ерттеу пәні. Қазақстандағы шетел инвестицияларын тиімді пайдалануды басқару тетіктері мен бағыттары болып табылады.

Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасының мұнай өндіру саласы.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізін қарастырылатын мәселе бойынша отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеу барысында ҚР Президентінің жарлықтары, үкімет қаулылары, заңдар мен нормативтік құжаттар, Президенттің жолдаулары, мемлекеттің даму бағдарламалары қолданды.

Зерттеудің ақпараттық базасы ҚР-ң әрекет етуші заңдары, министрліктер мен комитеттердің материалдары, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері негізінде қалыптасты.

Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, графиктік сараптамалық, есептік-құрылымдық, экономикалық-математикалық және болжамдау әдістерін қолдану көмегімен алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында ғылыми жаңалыққа ие келесі нәтижелер алынды:

- инвестициялық орта мен ұдайы өндіріс үрдісін жүзеге асырудағы инвестициялау қажеттілігі негізделді;

- инвестициялық қызметті реттеудегі мемлекеттің ролі мен қызметтері сараланды;

- Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша мұнай өндіру саласына инвестиция тарту мен пайдалану ерекшеліктері анықталды;

- мұнай өндіру саласын мемлекеттік реттеу негізінде инвестициялық стратегия айқындалды;

- мұнай өнімдері нарығын зерттеу негізінде осы салаға инвестицияларды тарту тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды;

- 2015 жылға шикі мұнай және газ өндірудің пайдалылық деңгейіне әсер ететін көрсеткіштерді зерттеу арқылы болжам жасалды.

Қорғауға шығарылатын диссертацияның негізгі тұстары:

  • Қазақстандағы инвестициялық үрдістерді басқаруды жандандырудың ілімдік негіздері нақтыланды;
  • ҚР-ның мұнай өндіру саласына инвестицияларды тартудың жаңа тетіктерін қолдану мүмкіндіктері қарастырылды;
  • мұнай өндіру саласына инвестицияларды тартуда трансұлттық компаниялардың ролін арттыру жолдары негізделді;
  • мұнай өндіру саласында шетел инвестицияларын тиімді пайдалануды жетілдіруде стратегиялық басқару үлгісі ұсынылды.

Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Алынған нәтижелер мұнай өндіру саласында инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды өңдеуде, шетелдік инвестициялау үрдісін мемлекеттік реттеу принциптерін жасауда, Қазақстан Республикасында мұнай өндіру саласында шетел инвестицияларын тиімді пайдалануды басқару тетіктерін жетілдіруде негіз болып табылады. Диссертацияның материалдары мен қорытындылары жоғары оқу орындарында «Экономикалық теория», «Менеджмент», «Мемлекеттік реттеу» және басқа да оқу мен арнайы курстарды оңдеуде оқу орындарында қолдануға болады.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы) . Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері мынадай республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды: Қазақстан 10 жыл ішінде : білім және ғылымның өзекті мәселелері- Халықаралық ғылыми -теориялық конференция (Түркістан қаласы, 2001) ; Приоритеты экономического и социального развития регионов Казахстана в ІІІ-тысячилетии. Материалы международной научно-теоретической конференции посвященной памяти академика Баишева, (Ақтөбе қаласы, 2000) ; Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Ұлағат академиясы, (Шымкент, 2003) ; «Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғарту» атты орта азия елдерінің ІІ Түркістан интеграциялық форумы. ХҚТУ, (Түркістан, 2006), «Аймақтық экономиканы индустриалды-экономикалық дамыту мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Академиялық инновациялық университет, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, (Шымкент, 2009) .

Диссертациялық жұмыстың жариялынымы. Диссертацияның негізгі материалдары ғылыми мақалаларда көрініс тапты. Автор жалпы көлемі 13, 45 баспа табақтан тұратын 17 ғылыми еңбек жариялады, оның ішінде диссертация тақырыбы бойынша 1 монография, 16 мақала жарық көрді.

Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Бірінші бөлімде «Инвестициялық үрдістерді басқаруды жандандырудың ілімдік негіздері» инвестициялық үрдістердің, инвестициялаудың ілімділік мәні, инвестиция түсінігінің әр түрлі анықтамалары және көз қарастар, сондай-ақ Қазақстан экономикасындаѓы инвестициялыќ ортаның ерекшеліктері жєне инвестициялыќ қызметті реттеудегі мемлекеттің ролі мен қызметтері, мұнай өндіру саласындағы шетел инвестицияларының маңыздылығы мен қажеттіліктері қарастырылған.

Инвестициялау - Ќазаќстан Республикасы экономикасыныњ нарыќќа µтудегі ењ басты тетігі жєне аќша, ќаржы, пайда, баѓа секілді басќа да тетіктер мен формаларды пайдаланудыњ базасы болып табылады. М±нда инвестициялар пайдаланѓанда ќандай да бір пайдалы нєтижеге ќол жеткізуге немесе белгілі бір мµлшерде пайда табуѓа м‰мкіндік беретін кµптеген м‰ліктік жєне интеллектуалдыќ ќ±ндылыќтардыњ т‰рлерін сипаттайды.

Инвестициялық үрдісті зерттей келе, басқару мәнінен максималды тиімділік алуға, әлеуметтік-экономикалық жүйедегі максималды өсімге қол жеткізуге бағытталған барлық қызметтер жинақталған келесідей іс-әрекеттер циклынан тұратын стратегияны ұсынуға болады:

  1. инвестициялық үрдістің ағымдық жағдайына талдау жасау инвестициялық тартымдылықты және инвестициялық белсенділікті талдау, инвестицияға деген әлеуметтік-экономикалық жүйенің қажеттіліктерін қанағаттандыруды талдау;
  2. инвестицияның қажетті көлемін және инвестициялық тартымдылық көрсеткіштерін анықтау;
  3. жүйенің қажетті инвестициялық тартымдылық жағдайына ие болуға мүмкіндік беретін шараларды өңдеу, таңдау және жүзеге асыру;
  4. инвестициялық тартымдылықтың өзгеруімен байланысты болған әлеуметтік-экономикалық жүйедегі инвестиция ағымының өзгеруі;
  5. инвестициялау есебінен әлеуметтік-экономикалық жүйе параметрлерінің өзгеруі.

Циклдарды тұрақты іске асыру инвестициялық үрдісті басқару жүйесін тұрақты жетілдіруді және әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет ету тиімділігін арттыруды анықтайды.

Жалпы, қазіргі экономикалық даму кезеңіне сәйкес келетін басқаруды қолданбай инвестициялық үрдісті дамыту мүмкін емес. Сондықтан, инвестициялық үрдістерді басқару субъектілерінің негізгі міндеті әлеуметтік-экономикалық жүйедегі инвестициялық үрдістің соңғы мақсатына жетуіне мүмкіндік беретін тиімді басқаруды ұйымдастыру болып табылады.

Инвестицияны тарту және тиімді пайдалануды басқару - кәсіпорынның инвестициялық қызмет саласындағы шешімдерді жасау, қабылдау және жүзеге асыру үрдісі болып табылады. Бұл үрдіс келесі принциптерді сақтаумен ұйымдастырылуы тиіс: инвестицияның мақсатты принципі, инвестицияның табыстылығы мен пайдалылық принципі, жоғары тәукелділікті мүмкіндігінше азайта отырып теңдестіру принципі, инвестицияны тартудың жүйелілік принципі.

Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі, сондай-ақ олардың тиімділігі жағымды инвестициялық ортаның болуымен анықталады. Тікелей және портфельдік инвестицияның түсімі жекешелендіру үрдісін жеделдетуіне, құнды қағаздар нарығын дамытуына, сонымен қатар тұтастай заңдылықтарды жетілдіруіне, тікелей және портфельдік шетел инвестициясын құқықтық негізде реттеуіне байланысты болады.

Ќазаќстан шетелдік капиталды тарту ќажеттігін басымды стратегиялыќ міндеттердіњ бірі ретінде жариялай отырып, єлемдік шаруашылыќќа ену жєне ашыќ экономикаѓа µту ‰шін µркениетті зањнамалыќ базаны ќ±руѓа ќажетті іс-шараларды бірте-бірте ж‰зеге асырып келеді. М±ндай шаралар шењберінде Ќазаќстан Республикасыныњ “Шетелдік инвестициялар туралы” жєне “Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік ќолдау туралы” Зањдары, “Тікелей жєне шетелдік инвестицияларды тарту ‰шін Ќазаќстан Республикасы экономикасыныњ басымды салаларыныњ тізімін бекіту туралы” жєне “Жењілдіктер мен ерекше артыќшылыќтар ж‰йесі жєне инвесторлармен келісімшарт жасасу кезінде оларды ±сыну тєртібі жµніндегі Ережені бекіту туралы” жарлыќтар ќабылданды.

Елімізге шетелдік инвестициялар ағынының динамикасы тұрақты түрде ұлғайып келеді: егер 2005 жылы 6, 4 миллиард АҚШ долларына жуық инвестиция тартылса, 2007 жыл оның көлемі 2, 7пайызға көбейіп, 17, 5 миллиард долларға жетті. Ал 2008 жылы еліміздің экономикасына тартылған инвестиция көлемі 21, 1 млрд. АҚШ долларын құрады.

Ќазаќстан ТМД елдері арасында инвестициялыќ іс-єрекетке ќатысу дењгейі бойынша екінші орын алады. Бүгінгі таңда адам басына шаќќандаѓы орташа кµрсеткіші бойынша Ќазаќстан ТМД елдерініњ ішінде тењдесіз кµшбасшыѓа айналды.

Экономикамыздағы шетелдік инвестиция тарту үрдісін одан әрі дамуы үшін инвестициялық саланы мемлекеттік қолдау мен реттеудің келесідей бірқатар шараларын жүзеге асыруды талап етеді: инвестициялық ахуалдың, инвестициялық әлеуеттің және инвестициялық қызметте қатысушылардың белсенділігінің мониторингі, инвестициялық қызметті ынталандырудың және реттеудің республикалық және аймақтық кешенді қолдау бағдарламаларын жасау, инвестициялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды өңдеу, нормативтік-құқықтық реттеуді және инвестициялық инфрақұрылымды жетілдіру қажет. Инвестициялық үрдістерді ынталандырудың мемлекеттік шаралары жергілікті және жоғарғы билік органдарының ынталандырушы шараларынан қалыптасады. Олардың өзара ықпал ету дәрежесі мемлекеттік инвестициялық саясаттың тиімділігін анықтайды.

Экономиканыњ инвестициялыќ саласындаѓы мєселелер, негізінен ќалыптаспаѓан нарыќтыќ тетіктер жаѓдайында мемлекеттік басќару ж‰йесініњ єлсіреуіне жєне ел дамуындаѓы мемлекеттіњ экономикалыќ рµлініњ тµмендеуіне елеулі дєрежеде байланысты болып келеді. Наќты сектордыњ соның ішінде мұнай өндіру саласының кµтерілуін ќамтамасыз ету ‰шін ішкі жєне сыртќы аќшалай аѓымдарды тиімді нарыќтыќ басќару тетігініњ жоќтыѓы ќазіргі тањда инвестициялыќ қызметті мемлекеттік реттеудіњ к‰шейтілуін талап етеді.

Мұнай өндіруші салалардағы инвестициялық үрдістердің қазіргі жағдайы. Қазақстанның мұнай өндіруші саласындағы инвестициялық үрдістердің қазіргі жағдайына республикалық статистикалық мәліметтер негізінде талдау жасау нәтижесінде, бүгінгі күнде елімізде шетелдік инвестициялардың ролінің маңыздылығы, инвестициялық ортаның тартымдылығы, Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша мұнай өндіруші саланың даму ерекшеліктері және мұнай өндіруші салаға инвестицияларды тарту тетіктері, инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты болған кей бір мәселелер, сондай-ақ, бұл мәселелерді шешуде мемлекеттің ролін күшейту жағдайлары анықталды.

Стратегиялық аспектте инвестиция елдің дамуындағы барлық жинақ мәселені шешуді анықтаушы және ең алдымен экономиканы жаңғырту, тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, ішкі және әлемдік нарықта отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маңызды түйіні болып табылады. 2003 жылы үкімет тарапынан Қазақстанның дамуының 2015 жылға дейінгі индустриалдық- инновациялық стратегиясы қабылданды. Оның басты орындалуы үшін, қомақты инвестициялық бағдарламаны іске асыру ішкі көздерді жұмылдыру және шетел инвестициясын тарту болды. Мәселе тек қана инвестиция көлемінде емес, оның тиімді қолданылуында, сонымен қатар, ресурстардың басымды секторының дамуына бағыттауында. Қазақстандағы инвестициялық үрдістің қазіргі кездегі даму бағыттарының ерекшеліктеріне, олардың әлеуметтік мазмұнына мынадай сипаттама беруге болады:

1. Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі шетел капиталын (инвестициялардың барлық түрлерін) қабылдаушы негізгі мемлекеттердің біріне жатады.

2. Инвестиция тартудан алдыңғы қатарда тұруына қарамастан Қазақстанға шетел капиталының келуі әлі де жеткіліксіз.

Әрине, шетел инвестициялары қазіргі уақытта қай елде болмасын экономиканың жанданып өсуіне себеп болып отыр. Олар Қазақстан экономикасын демонополизациялау үрдісінде жоғары роль атқарып, еркін бәсекелестікке, өндірісті дамытып, реттеумен ынталандырудың нарықтық тетіктерінің қалыптасуына әсер етіп және осыған сәйкес жүргізілген шаралардың арқасында терең инфляциядан шығуға мүмкіндік берді.

3. Келесі бір атап көрсететін жағдай, Қазақстанды тікелей инвестициялау үрдісіне негізінен алғанда дамыған шетел резиденттері үлес қосуда. Мысалы, АҚШ-тың үлесі 36%-дан жоғары, Ұлыбритания-17%, Италия-12, 8%. Бұлардан кейін Оңтүстік Корея, Қытай, Канада және тағы басқалар. Ал таяу көршілес мемлекеттің үлесіне тек тікелей инвесторлардың 6%-ы ғана келеді.

4. Республикаға тікелей инвестицияларды тартудың негізгі түрі - мұнай-газ салаларына қалыптасқан бірлескен кәсіпорындар мен негізгілерден бөлініп шыққан кәсіпорындар болды. Осыған орай атап кететін мәселе, ол салық және басқа да төлемдер бойынша мұнай-газ өндіруші компаниялардың үлесі мемлекеттік бюджеттің маңызды бөлігін қамтиды. Соған қоса осы компаниялардан жоспардан тыс түсетін табыс салығы, роялти, бонус тағы да басқа түрлеріндегі түсімдер - Ұлттық қорымыздың негізгі бөліктерін құрайды.

5. Инвестициялық үрдістің даму тенденцияларының ең басты ерекшелігі - оның шикізат өндіруге бағыттылығы. Мысалы, 1993-2008 жылдар арасында Қазақстанға келген шетел инвестицияларының 67, 3%-ы мұнай-газ секторына жұмсалып, ал өңдеуші өнеркәсіптеріне олардың 12, 4%- ғана жұмсалған. Сондықтан, экономикамыздың қазіргі жағдайында халықаралық нарықта шикізатқа сұраныстың өсуін дұрыс пайдаланып қалуымыз керек. Таяудағы он жылдықтағы стратегиялық міндеттерді анықтағанда Президентіміз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан экономикасының дәстүрлі артықшылықтарын, атап айтқанда мол табиғи байлықтары мен минералды шикізат қорларын барынша дұрыс пайдалану керектігін баса көрсеткен болатын. Дегенмен де, экономикамыздың дамуын тек қана мұнай-газ секторындағы кірістерге тәуелді болмауы үшін ұлттық экономиканың көп векторлығын дамыту қажет. Өз кезегінде бұл саясат әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп, әлеуметтік қолайлы орта қалыптасуына қол жеткізеді. Сондықтан да экономикамыздың тұрақты дамуын, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін шетел инвестицияларымен қатар отандық инвестицияларды жандандырып, өңдеуші секторларымызды дамытып, экспортты үлғайтып, ел ішіндегі жұмыссыздықты азайтуға, халықтың өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік туғызу қажет.

6. Инвестициялық үрдістің қазіргі кездегі жағымды ерекшелігіне
соңғы уақыттағы шетел инвестицияларының көлемі азайып, отандық ішкі инвестициялардың өсуін жатқызуға болады.

7. Келесі атап көрсететін бағыт - ол инвестициялық
қызметті қаржыландырудағы мемлекеттің рөлі артып, үлесінің көбеюі.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдерден қай жағынан
болса да кейін қалуды азайтуда мемлекеттің рөлі, оның экономиканың маңызды салаларындағы инвестицияларды реттеу қызметтері ерекше жүйелі болу қажет.

2000-2008 жылдардаѓы Ќазаќстанныњ єлеуметтік-экономикалыќ дамуын талдау кµрсеткіштерінен тек соњѓы жылдары ѓана инвестиция саласында оњ тенденцияныњ орныќќандыѓы байќалады. 2007 жылы ЖІ¤ мен негізгі капиталѓа инвестиция кµлемі сєйкесінше жєне 14%-ѓа артып, ЖІ¤-дегі инвестициялардыњ ‰лес салмаѓы 2000 жылѓы 12, 3%-дан 2008 жылы 32, 3%-ѓа дейін µсті. Ќолданылѓан ЖІ¤ ќ±рылымы айтарлыќтай µзгеріске ±шырады. Соњѓы т±тынуѓа ж±мсалѓан ЖІ¤ шыѓындарыныњ ‰лесі 2004 жылғы 113, 3%-дан 2008 жыл 111, 6% дейін азайѓанда жалпы саќтаулы ќаржы ‰лесі 18%-дан 22, 7%-ѓа дейін ±лѓайып, негізгі капиталдаѓы жалпы саќтаулы ќаржы мµлшерініњ де µскендігі кµрінді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай газ өндіру саласындағы инвестициялық саясат
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
Қазақстан экономикасының дамуына шетел инвестицияларын тарту және пайдалану мәселелері
Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары
Инвестиция, бизнеске инвестиция тартуды жүзеге асыру және жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды талдау
Қазақстан экономикасында шетел инвестициясын қолдану тиімділігі
Шетел инвестицияларының ұлттық экономиканың дамуындағы ролі
Инвестициялық саясат пен басқару
Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz