ПСИХОЛОГИЯ МЕН ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТЫҢ ӨЗАРА ІЗДЕНІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ӨЗАРА ІЗДЕНІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОБЛЕМАСЫ

1. 1 Жоғары оқу орындарында студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері

1. 2 Психология тұрғысынан студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісін қалыптастыру ерекшеліктері

1. 3 Жоғары мектеп практикасында студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісін қалыптастыру мүмкіндіктері

2 ПСИХОЛОГИЯ МЕН ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ӨЗАРА ІЗДЕНІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Халықтық педагогика идеялары негізінде студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісін қалыптастыру әдістемесі

2. 2 Студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісін қалыптастырудың жаңаша жүйесін айқындаудағы педагогикалық шарттар

3 ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Сондықтан қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани, қарым-қатынас мәдениетімізді жетілдіру көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті елдер қатарынан орын алу ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты шарттардың бірі.

Жастарды қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі ұлттық мәдениетімізді дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымыздың мәнін түсіну, тарихты зерделей отырып, жан-жақты дамыған, рухани мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы зор. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі - ұлттық қасиеттерімізді танып-білу, соның негізінде қарым-қатынас мәдениетімізді қалыптастыру. Өзімізді-өзіміз танып, өзгелерге таныту, яғни ұлттық ерекшеліктеріміз бен құндылықтарымызды бүгінгі талаптарға сәйкес жүйелеп, байытып, дамытып, басқаларға тарату арқылы өзіміздің ұлттық деңгейлерімізді көтере білу. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлау барысында ұлттық педагогика идеялары негізінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек.

Қарым-қатынас - білім мен біліктілік, дағды және адамның ішкі құндылықтарына негізделген мәдени сауаттылығы ретінде қарастыруға болады.

Қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттық дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы. Ұлттық құндылықтарға негізделген қарым-қатынас мәдениеті студенттердің саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуына, рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді.

Ғұлама ойшылдар Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ. А. Яссауи т. б. адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесіне, мәдениеттілік, оның қалыптасуындағы тәрбиелік істердің маңызына ерекше назар аударған. Ортағасырларлық ғұламалардың мұраларындағы бұл мәселе төңірегіндегі айтылған ой-пікірлер ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында жалғасын тапты.

Қарым-қатынас мәдениеті жөніндегі маңызды пікірлер М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Бүгінгі таңда бұл проблемаға ғалымдар әр қырынан мән беріп, түрлі зерттеулер жүргізеді. Мәселен, мынадай еңбектер: қарым-қатынастың философиялық негізін В. С. Библер, Л. Н. Коган, М. Х. Балтабаев, Д. Кішібеков т. б. қарастырған. Қарым-қатынастың психологиялық мүмкіндіктерін Қ. Б. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, С. Бабаев, А. А. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн зерттеген т. б.

Қарым-қатынастық этномәдени аспектілерін қарастырған С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, Ж. Наурызбай, т. б. болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда ұлттық тәрбие беру мәселелерін Қ. Бөлеев, Б. А. Тойлыбаев, К. А. Оразбекова, С. К. Қалиев, Ә. Қ. Қисымова, т. б. білім мазмұнын, әдістемелік міндеттерді шешуде Л. К. Керімов, С. Ж. Пірәлиев, М. Н. Сарыбеков, А. Г. Қазмағамбетов, Б. К. Момынбаев, О. Сәлімбаев, О. Сыздықов, Е. Омар т. б. еңбектерін атап өтуге болады.

Қазіргі кезде әр саладағы көрнекті ғалымдар ұлттық негіздегі қарым-қатынас мәселесінің мән-маңызына, жалпы адамзат қоғамындағы рөліне айрықша ден қоюда. Әсіресе, болашақ мұғалімдердің ұлттық педагогика идеялары негізінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап ететіндігі дәлелденіп отыр.

Сонымен, ғылыми-педагогикалық және оқу-әдістемелік, т. б. әдебиеттерге жүргізілген теориялық талдаулар жоғары оқу орындарында маман даярлау үрдісінде бұл проблема толық зерттелмеген және осы негізде кәсіби білікті шыңдаудың шарты ретінде, ана тілінде зерттеулер жүргізуді талап ететіндігін дәлелдейді. Сондықтан қазіргі рухани мәдениетіміздің жаңару кезеңінде жастарымыздың қарым-қатынас мәдениетін дамыту қажеттігі мен педагогика ғылымында аталған проблеманың толықтай жүйелі түрде зерттелмеуі; оны өмір талабына сай ұйымдастыру мен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мазмұны, әдістемесінің болмауы арасындағы қайшылықтар шешімін табу бізге зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты “Студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісі” деп таңдауымызға себепші болды.

Зерттеу обектісі: Жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: студенттердің қарым-қатынас мәдениеттерін қалыптастыру.

Зерттеу мақсаты: Студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісін қалыптастырудың пеагогикалық негізін анықтап, қазіргі жоғары мектеп оқу-тәрбие процесінде пайдалану жөнінде әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын жүйеге келтіріп, тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін негіздеп, бүгінгі жоғары мектептің тұтас педагогикалық процесіне енгізіп, қоғам мен ғылым интеграциясы негізінде болашақ мамандарды халықтық педагогика идеялары арқылы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктеріне мән берілсе, онда адамзаттық құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық сана-сезімі жоғары, иманжүзді, адамгершілік мінез-құлық қасиеттерін бойына жинаған жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік туындайды.

Зерттеудің міндеттері:

  1. студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісін қалыптастыру жағдайларын теориялық тұрғыда қарастыру және оның жалпы кәсіби даярлықтағы орнын анықтау.
  2. Оқу-тәрбие процесінде студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісінің қалыптасу деңгейлерін, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындау.
  3. Студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісін қалыптастырудың шарттарын айқындап, ұсынылған әдістеменің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: студенттердің қарым-қатынас мәденетін қалыптастыру - кәсіби даярлықтың аса маңызды бөлігі, сондықтан оны жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінде мақсатты түрде жүзеге асыру қажет.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Педагогика, философия және психология ғылымдарының жеке адамды дамыту туралы ілімдері, қазақ ұлттық дәстүрлерінің философиялық және психологиялық теориясы, оқу-тәрбие процесіндегі халықтық педагогика идеяларының жеке тұлғаның қалыптастырудағы ролі туралы психологиялық - педагогикалық тұжырым, сана мен іс-әрекет бірлігі принципі, ұлттық тәлім-тәрбие, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидаларға сүйене отырып, тарихи жүйелілікті сабақтастыру.

Зерттеу көздері: философия, әлеуметтану, психология, педагогика салаларындағы ғылыми еңбектері; Қазақстан Республикасы Конституциясы; “Қазақстан - 2050 даму стратегиясы”, “ҚР Білім туралы Заңы”, “Этномәдени білім беру тұжырымдамасы” және басқа да құжаттар мен ресми материалдар, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар, озат педагогтардың тәжірибесі, автордың өзінің педагогикалық іс-тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: Зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оқу-тәрбие процесін бақылау, студенттермен, оқытушылармен әңгіме жүргізу, пікірталас, сауалнама алу, педагогикалық бақылау, эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

  • студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісін қалыптастыру мәселесі теориялық тұрғыда қарастырылып, оның жалпы педагогикалық даярлық жүйесіндегі маңыздылығы анықталды;
  • студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісін қалыптастыру үлгісі құрылып, деңгейлері мен өлшемдері анықталды;
  • студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісін қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталып, әдістеменің тиімділігі тәжірибе жүзінде тексерілді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижелерін болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінде және мектеп практикасында, сондай-ақ педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарында қолдануға болады.

Дипломдық жұмыс құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ӨЗАРА ІЗДЕНІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОБЛЕМАСЫ

1. 1 Жоғары оқу орындарында студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері

Жоғары оқу орындарында студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісін қалыптастыру мәселесінің теориялық негізі “мәдениет”, “қарым-қатынас мәдениеті” ұғымдарының мәні мен мазмұнын анықтауға байланысты. Сондықтан бұл ұғымдардың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, т. б. әдебиеттердегі талқылануы маңызды.

Мәдениет - халықтың туған топырағында жинақталған өмірлік тәжірибесінің, тәлімі мен тәрбиесінің, өмір сүру бейнесінің жиынтығы.

Шығыс мәдениетінде батыс пен шығысты бірдей тербеген Абай көзқарасының маңызы зор. Ол қазақ халқының ойлау жүйесін алғаш рет әлемдегі даму мен өзгеруге, диалектикаға қатысты зерделеді. “Егер адам мәдениетін дүниежүзілік мұхитқа құятын ағысқа теңесек, онда дәстүрлер сабақтастығын қуат күшіне бірлестіруге болады. ” Адам мәдениетінің қайнар бұлағын іздеу Абай шығармаларының өн-бойынан таралады.

Шәкәрім Құдайбердиев те қазақ халқының рухани мәдениетіне зор үлес қосты. Ол қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүр ерекшеліктері мен ауыз әдебиеті, рухани байлығымен көрінген ұлы халық ретінде атап көрсетті. Демек, әрбір халықтың даму деңгейінің шыңына жету үшін ұрпақтары өз ата-бабаларынан мирас болып келген дәстүрін, тілін, дінін, тарихын мәдениетімен ұштастырып дамытқанда ғана жетеді. “Қарым-қатынас” ұғымының көп анықтамаларының арасында біз “коммуникативтік іс-әрекет” ұғымымен синоним деп қарастыратын А. Н. Леоньтев, М. И. Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. Сонымен қарым-қатынас деп - екі немесе одан да көп адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз. Олай болса, біз зерттеуілерімізде қарым-қатынастың мазмұнды жағына, іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынастың орнына студенттің қарым-қатынасқа қажетті дағды, икемділік, білім, ұлттық рухани мотивтеріне баса аударып, оларды студенттің бойына сіңдіріп, қалыптастыруға аса назар аудардық.

Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің “Алтын қорына” өлшеусіз үлес қосқан энциклопедист-ғалым Әл - Фараби бабамыздың педагогикалы мұрасы асыл қазына. “Бақытқа жету жолдары”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” атты трактаттары зерттеліп отырған мәселенің шешімін табуда орны ерекше десек қателеспейміз. Себебі әл - Фарабидің педагогикалық жүйесінің іргетасы оның адам туралы ілімі, оның гуманистік, ізгілік қасиетке баулу мәселесі, яғни біз талдап отырған қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты. Ол: “Адам алдымен алғашқы жаратушыны мойындау, аспан әлемінің және табиғат құбылыстарының заңдарын білу, өзінің және басқалардың жандүниесін түсіну, мемлекеттік және саясат ғылымдарын меңгеруі тиіс”, - деп атап өтеді. Әсіресе, “өзінің және басқалардың жандүниесін түсіну” дей отырып, қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығын көтереді.

Әл-Фарабидің адамгершілік-этикалық тұжырымдамасының негізі - адам өзі қабылдаған білімі мен білігі, мәдениеті негізінде бақытқа жету, қоршаған дүниеде жан-жақты жетілуі. Ол “Бақытқа жету жайында” деген трактатында: “Мінезділік - бақытты болудың басты шарты. Кейбір адамдар қолдағы бақытынан оп-оңай айырылып қалады, тіпті бақытсыздыққа ұшырайды. Оны мұндай күйге түсіретін оның нашар мінезі” - дейді. Яғни мұнда мінез-құлық мәдениетінің маңыздылығын баса көрсетеді деп түсінуге болады. Сонымен қатар, Әл - Фараби: “адамды өз мінезіндегі теріс қылықтарды жеңуге үйрету және оң әдеттерді қалыптастыруға қабілетті ету, ол үшін адамға жас кезінен этикалық тәрбие беру арқылы жетуге болады”, - деп қарым-қатынас мәдениетін ерте кезден-ақ бастау қажеттігін айтып кеткен.

Адам баласын ізгілікке тәрбиелеу ісі-халықтық педагогиканың негізгі ұстанымы. Сондықтан этнопедагогикалық ұстамдарды оқу-тәрбие үрдісіне арқау етуді бүгінгі күннің өзекті мәселесі деп қарауымыз керек. Халқымыздың этнопедагогикалық үрдісіне оқу-тәрбие жүйесінде қолданудың жолдарын ғылыми түрде қарастыру қажеттігі туып отыр. Ол ұстанымдар жаңадан шыққалы жатқан оқулықтардан өзекті орын алуы керек.

Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған халық тәрбиесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге дайындау, өнер білімге баулу, елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Олай болса, өскелең ұрпақты терең педагогикалық, психологиялық ойлармен, теориялармен, халқымыздың бай тәжірибесімен таныстырудың ролі өте зор.

Қарым-қатынастың болуының арқасында адамдар өмір сүреді және шынайы байланыстарда, бір-бірімен қатынастарда іс-әрекет жасайды. Қарым-қатынас түбегейлі адамдық сұраныс бола отырып, дербес құндылық болады, себебі адам басқа адамды әрдайым қажетсінеді. Ол үшін маңызды дүние - бұл басқа адам, онымен қарым-қатынас процесінде және тек сол арқылы адамның мәні көрініс табады. Қарым-қатынас адамның құрылуының маңызды факторларының бірі болып, оның әлеуметтенуінің қажетті шарты болады. Қарым-қатынас қоғам мен адам өмірінің барлық жағын қамтиды. Адам басқа адамдармен қарым-қатынассыз өз өмірін елестете алмайды, себебі оның өмірі бүкіл адамзаттың сақталуына тікелей байланысты. Қарым-қатынас мәдениеті адамдардың қылығының сапалы бағалауы ретінде түсініледі. Сондықтан олар қарым-қатынасқа түсуді үйрену қажеттігін сезінеді (адами қатынастың мәдениетіне, әр түрлі жағдайларда мінез-құлық ережелерінің жиынтығына және т. б. ) . Қоғамда қабылданған қарым-қатынас адамдардың қылықтарына қадағалауды жүзеге асырады.

Халықтық педагогика идеяларына негізделген қарым-қатынас - бұл адами қатынастардың күрделі түрі. Ол өзіне жолдастық, достық және ұлттық рух, саналылық, сүйіспеншілік, адамгершілік табысқа жету т. б. құрылу кезіндегі өзара қатынастарды енгізеді. Жеке тұлға қарым-қатынас процесінде ұқсау, мысал, өнеге алу, үйрену, ортақ сезімдес, сәйкестендіру арқылы қоғамдық және жеке сананы, эмоцияны, сезімді, мінез-құлық нормаларын көрсетудің формаларын меңгереді. Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекет ету, олардың бірін-бірі түсіну және өзара әсер ету, өзара түсіністік, бірлесіп іс-әрекет жасау қабілеттерін қалыптастыру қызметтерін жүзеге асырады. Топтық және жекелік қарым-қатынас арқылы халықтардың мәдени құндылықтары, салт-дәстүрлері өзара әрекетке түседі (1-сурет) .

1-сурет - Студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісін қалыптастыру процесі

Ұлттық педагогика идеялары негіздерін оқып үйрену, оны өмірге ендіруді басты мақсат етіп қою маңызды міндет деп бағалаймыз. Ол үшін жоғары оқу орындарында ұлтымыздың ерекшелігіне, тарихына, қарым-қатынас мәдениетіне, өміріне, салт-дәстүрлеріне, тұрмыс тіршілігіне, отбасы тәрбиесіне сай, қарастырылып шығарылған бағдарламалар, төлтума оқулықтар, көрнекіліктер, қосымша әдебиеттер кеңінен пайдаланылуы тиіс.

Халықтың педагогика идеяларын оқу-тәрбие процесінде пайдалану мемлекеттік құжаттар мен бағдарламалар, оқу-әдістемелік әдбиеттерді дайындауды және оларды іс жүзінде асыратын -мектеп мұғалімдері. Сондықтан жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үрдісінде басты назарға бұл мәселені қою қажеттігі туындап отыр.

Біздің жүргізген зерттеулеріміз бойынша, жоғары курс студенттерінің 70% ауыз әдебиеті шығармаларын оқымайды, халық даналығы мен мақал-мәтелдерді 11-12 % ғана жатқа біледі; 65 % -ы теледидардан, радиодан берілген ұлттық мұраларымыз туралы хабарларға көңіл аудармайды; 37 %-ы мектепке халықтың мұралар, халықтық тәлім-тәрбиеге негізделген шараларды, осы бағытта жұмыс жүргізетін мұғалімдерді еске түсіре алмады; ал 82 %-ы жоғары оқу орындарында бұл мәселеге айрықша көңіл бөлуді қажет деп есептемейді.

Түрлі бағыттағы зерттеулеріміз жалпы ұлттық тәлім-тәрбиенің, халықтық рухани мәдениетіміз, қарым-қатынас мәдениетін дамыту қызметтігін көрсетті. Бұл күрделі де, маңызды мәселенің шешімін табу, осы салада ғылыми педагогикалық зерттеу жұмыстарының деңгейін жоғарылату және берілген ұсыныстар мен әдістемелер нақты жағдаймен сәйкес келуі, бұл мәселені дамыта отырып, оны әлемдік білім кеңістігі деңгейіне көтеру; халықтық педагогика идеялары негзінде оқулықтар (балабақшадан жоғары оқу орнына дейін) мен бағдарламалар, әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік аудио-видео құралдар, электрондық оқулықтар жасау; ұлттық ауыз әдебиеті шығармаларын, халықтық салт-дәстүрлерді, ұлттық мәдениет пен тарихты кеңінен оқыту, халықтық педагогика идеяларын жүзеге асырушылар - мұғалімдерді қайта даярлау жүйесінен өткізу және жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық дайындықтан өткізу, сонымен қатар педагогикалық емес оқу орындарында “Этнопедагогика” т. б. курсын арнайы оқыту қажет деп есептейміз.

Қарым-қатынасты орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор - бұл студенттердің жас деңгейі. Өмір бойы топтаған тұрмыстық-әлеуметтік тәжірибе адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигізбей қоймайды. Жас деңгейі әртүрлі адамдардың бір оқиғаға болған бағасы бірінен бірі алшақ болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келіспеушілік те соншама болады. Мысалы, жастардың киімі, өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтініне бәріміз де куәміз. Бұл жағдай әулеттер арасындағы қатынастардың мән-мағынасына өз әсерін білдірмей қоймайды.

Д. В. Мудрик тұжырымдамасы бойынша: “Адамдар арасындағы қиын қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде, адамдардың өзара түсініспеушілік формасында шынайы жағдайларда байқалады. Қиын қатынастың көрсеткіштері қарым-қатынас жасаудағы ұзақ үзіліс, бір сөзбен жауап беру, дауыс екпінін жоғарылату, адамды дұрыс тыңдамау, әңгімені үзіп тастау, байланысқа түсе алмау, дөрекілік, кемсіту, ұялшақтық, келіспеушілік, өтірік айту, бірбеткейлік”, - деп көрсетеді.

Егер оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас мазмұнды, достық, ынтымақтастықта, бұған тән өзара сыйластық, сенім, көмек нормаларына сәйкес құрылса, онда қарым-қатынаста қиыншылықтар болмайды. Осы тұрғыдан алғанда халықтың педагогика идеялары қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетеді. Мысалы, “Үлкенге-ізет, кішіге-қамқор”, “Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда”.

Мұндай халықтық педагогика идеяларын пайдалану студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзара ізденісінде маңызды біліктерінің қалыптасуына негіз болады (2-сурет) .

Қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуында сөйлеу мәдениеті ерекше орынға ие. Студенттер арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің бейнесі жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның тұлғалық бейнесін оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның әр қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді. Бұлардың бәрі “Ат кісінескенше, адам сөйлескенше” дегендей әңгімелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз болады.

Студенттің жеке тұлға ретіндегі ішкі жан дүниесі, оның сөзі мен тілінен айқын көрініп тұрады. Қандай сөздер мен тіркестерді қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, олардың ерекшеліктерін байқауға болады. Ал қарым-қатынас мәдениеті оқу-тәрбие барысында пайда болып, қалыптасуы біртіндеп жүзеге асады. Әсіресе оқытушының қарым-қатынастағы мәдениеті маңызды роль атқарады, бұған үлкен мән берілуі қажет . Демек, қарым-қатынас мәдениетіндегі сөйлесу мәдениетіне ерекше мән беріледі. Адам иманына тілдің, сөздің тигізетін ықпалы үлкен. Ислам мәдениетінде тіл ілімі, сөйлеу мәдениетіне ерекше жауаптылықпен қарайды. Тілдесу мәдениетін бағалай білетін халқымыз: “Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар” деп сөздің маңызын тани білген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ізденістің әдіснамалық негізі
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары
Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжіңді шешу тәсілдерінің оқу үдерісінде қолданудың психологиялық ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Педагогикалық зерттеулердің сипаттамалары
Зерттеу нысаны мектеп оқушыларын оқыту процесі
Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары пәнінен дәрістер кешені
Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада оқитын студенттердің тұлғасын қалыптастыруда халықтық педагогика элементтерін пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz