Бюджет мәні, оның экономикалық мазмұны мен функциялары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ
КІРІСПЕ: 1
: Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің теориялық аспектілері
КІРІСПЕ: 1. 1
: Бюджет мәні, оның экономикалық мазмұны мен функциялары
КІРІСПЕ: 1. 2
: Бюджеттік жүйенің түсінігі және оның құрылымы
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: 2
: Қазақстан Республикасындағы бюджеттік реттеудің қазіргі жағдайы
КІРІСПЕ: 2. 1
: Бюджеттік реттеу механизмінің мемлекеттік реттеу жүйесіндегі орны м ен рөлі
КІРІСПЕ: 2. 2
: Бюджеттік реттеу механизмі бюджетаралық қатынастарды жетілдіру құралы ретінде
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: 3
: Қазақстан Республикасында бюджеттік реттеу механизмін жетілдіру жолдары
КІРІСПЕ: 3. 1
: Бюджеттік реттеудің мемлекеттік деңгейдегі дамуының негізгі бағыттары
КІРІСПЕ: 3. 2
: Бюджеттік реттеудің аймақтық бюджетаралық қатынастарды дамыту механизмін жетілдіру жолдары
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
:

КlРlСПЕ

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.

Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. ″Бюджет механизiмi″ -мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнiң жыл сайын қабылдайтын ″мемлекеттiк бюджет туралы″ заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.

Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк формасындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер республикалық бюджетке, кеден тарифтерiне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейдi.

Экономиканың қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және аумақтық құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты аймақтарына шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi ретiнде ″Мемлекеттiк бюджет″ айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi.

Мына қорларға түсетiн және олардан аударылатын қаражат республикалық бюджеттiң кiрiсi құрамында ескерiледi.

Ал, шығысына келетiн болсақ Қазақстан республикасының халықтарын әлеуметтiк, экономикалық қорғау мақсатында жұмсалады

Мемлекет басшысы Н Назарбаев осы жолғы халқына арнаған Жолдауында мемлекеттің демократиялық дамуының алдағы 10 жылына айырықша мән берді. Осы күнге дейін талқыланып, әзірленген демократиялық бағдарламалар аясындағы саяси реформаларға қатысты заң жобаларына қарап, қазақстандық саясаттанушылар Қазақстанның болашақ басқару жүйесінің моделіне қаысты түрлі пікір білдірген болатын. Бірақ өз жолдауында Президент:

  • біз қазақстандық саяси реформалар моделін құрып жатырмыз, ал оның басты ерекшелігі президенттік басқару формасын счақтай отырып, қабылданған шешімдердің тепе теңдігін сақтау, жалпы ұлттық диалог, негізгі саяси күштерді бірікіріп, реформаны кезең кезеңмен жүргізу болып табылады. Мемкомиссияның ұсыныстары басқа біреудің тәжірибесін көшіру емес, ол біздің қоғамның Қазақстанның даму ерекшелігін көрсету болып таылады. Таяуда құрылған жұмысшы тобы еліміздің негізгі заңы мен бірқатар қолданыстағы заңарға өзгерістер енгізу үшін дайындық жұмысына кірісіп кетті - деді. Сонда жүзеге асырылуға тиіс саяси реформалардың қазақстандық моделі қандай болмақ:
  • экономиканың тұрақты дамуы реформаардың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл біздің экоомикалық саясаттың маңызды нәтижесі, - деп атап өткен Елбасы Үкіметке ана мен баланы әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту, зейнетақы мөлшерін ұлғайту мен индекстеу, бюджет саласы ақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі бір қатар нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда:
  • жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігін, босануы мен аналық кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізуге және декреттік демалыста және бір жасқа толғанға дейін нәресте күтімі жөніндегі демалыста жүрген кезінде олардың зейнетақылық жинақтаулары жүргізіле беруін;
  • іргелілік зейнетақының мөлшерін ұлғайтуды және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40 пайызы денгейінде сақталуын қамтамасыз етуді;
  • зейнетақы есептеу үшін ескерілетін табысты шектеуді өзгертуді, оны 15 мәрте айлық есептік көрсеткіштен 25 мәртеге дейін арттыруды;
  • зейнетақы төлемдерін индекстеуді сақтауды және тұтыну бағаларын индексінің болжамды өсімінен екі пайыз арттыруды жүзеге асыруды;
  • бюджет саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде жұмысты жалғастыруды;
  • 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зиянды және ауыр еңбек жағдайында өтілін өткерген қазақстандықтар үшін сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнайы жәрдемақылар енгізуді (2 - тізім бойынша) тапсырды.

Осы аталған барлық төлемдерді көбейтуге жұмсалатын қаражатқа қажетілік 2009 жылы шамамен 108 миллиард тенгені құрайды.

Президент сондай ақ үш жылдың ішінде 100 мектеп пен 100 аурухана салуды, әрі олардың еліміздің нақ осындай нысандарға мұқтаж болып отырған аудандаында салуды тапсырды

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды біз стратегиялық міндет дәрежесіне енгізуіміз керек, - деп атап өтті Н Назарбаев.

Еласы «Қазақстан -2030» стратегиясын дәйектілікпен іске асыру еліміздің алдағы ілгерілеуі және оның жедел әрі жан жақты жаңартуының берік негізін қалағанын атап өтті.

Жүйелілік біздің бүгінгі дүниедегі алдағы он жылдықта жедел алға жылжуымыздың басты қағидасы, міне осы. Қазақстанның әлемдегі тауарлар, көрсетілген қызмет, еңбек ресурстары, каптал, осы заманғы идеялар мен технологиялар нарықтарының шын мәнінде ажырағысыз серпінді бөлігіне арналуы біз он басты міндет шешуіміз керек, - деді Н Назарбаев.

Бірінші міндет - экономиканың тұраулы дамуын қамтамасыз етіп, ұстап тұрумен ғана шектеліп қалмай, оның өсуінің басқаруға қол жеткізу. Мемлекет басшысы атап өткендей, Үкімет Қазақстанды индустрияландыруға түбегейлі жаңа тұрғыдан келуді қамтамасыз етуді, табиғи монополиялар аясын қысқартуды, қаржы жүйесін күшейтуді, тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруды, Қазақстанның қолайлы шарттармен БСҰ ға кіруін қамтамасыз етуі, халықаралық техникалық стандарттарды енгізуі тиіс. Менің Үкіметке беетін ең басты тапсырмам осы деп атап көрсетті Н Назарбаев.

Екінші міндет Қазақстанның экономикалық дамудың «өңірлік локомативіне» айналдыру және оны әлемдік экономиканың оңтайлы «ойшысы» ету. Үшінші өндіруші сектордың тиімдіігін арттыру. Төртінші өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету. Бесінші өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа ролімізге сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту. Алтыншы осы заманғы білім беру және кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Жетінші атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыту. Сегізінші саяси жүәені жаңарту демократиялық реформаларды одан әрі жүзеге асыру. Тоғызыншы халықаралық іс тәжірибені ескеріп, әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу. Оныншы мінет жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірі мен әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін ала жылжыту.

10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде орнықтыру үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына уақтылы әрі лайықты үн қатуымыз керек. Сондықтанда Үкіметке 2030 стратегиясының негізгі қағидаларын Жаңакезеңге сай дамытып отырған жоғарыда атап көрсеткен барлық міндетерін дәйекті тапсыратынын айтты.

1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің теориялық аспектілері

1. 1. Бюджет мәні, оның экономикалық мазмұны мен функциялары

Қазақстан Республикасының бюджет кодексiне сәйкес бюджет - бұл мемлекеттiң өз мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры [1] . Бюджет - ол жалпы қаржы мен салыстырғанда категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория [2] . Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондай-ақ, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық кұндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қайшылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын кұндылық бөлу үдерісінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады. Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң болып табылады.

Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет барлық мемлекеттерде мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория ретінде дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.

Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған коса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет ол қаржылық жоспар; бюджет - ол басқарушылық жоспар; бюджет - ол заңнамалық құжат; бюджет - ол коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатын дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.

«Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:

  • өз алдында жеке бір экономикалық категория;
  • мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
  • экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы) ;
  • мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
  • барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң [2] .

Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол коғамдық өңдірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.

Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген - ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бөлуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині - мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланылады.

Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу арқылы мемлекет орталық жөне жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалды-құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым-қатынас материалды түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры - бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық үдерістер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Мемлекет бюджеті төмендегі 1-суретте бейнеленген.

Ескерту: Автормен құрастырылды.

1-сурет. Түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-әрекеті

Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) - ол мемлекет тарапына, оның жалпы мемлекеттік функцияларын орындауға арналған құндылық бөлу сатыларын өткен, обьективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану - құндылықты бөлу мен кайта бөлуге байланысты сол құндылықтық қозғалыс үдерісін көрсетеді.

Бюджеттік іс-әрекет жүргізу мемлекеттің орталыңтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі. Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді құндылық бөлу үдерісінің бір жақтарын объективтік түрде көрсететін бюджеттің кіріс және шығыс категориялары айтылады. Бұл категориялар өз алды арнайы қолданылады, яғни кіріс - мемлекетті бюджеттік ресурстармен (қажетті ақша қаражаттарымен) қамтамасыз етуге арналған, ал шығыс - жалпы мемлекеттік функциялар орындауды қаражаттандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге арналған.

Бюджет іс-әрекетінің ұйымдастырушылық формалары ретінде кірістің түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер бюджет тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады. Негізінде, бұл мемлекеттің арнайы заңнамалық актілер қабылдау арқылы реттейтін бюджеттік қарым-қатынастың белгілі формалары.

Алайда, мемлекеттік бюджет ішкі өнімді құндылық бөлу мен қайта бөлу үдерісіндегі мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылар арасында болатын ақша қарым-қатынасқа байланысты экономикалық категория. Бұл қарым-қатынас мемлекет ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және оны экономиканың дамуы мен қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге пайдалану жолдары арқылы іске асырылады.

Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам-жоспарлық жүргізуді талап етеді. Бұл, кезекті ретте, бюджеттік қарым-қатынастың осындай болжам-жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтандырылған қорының қозғалысы жоспарлық форма мен бюджеттік байланыстың тұрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы құжатында - бюджетте, яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бұл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу үдерістері қарастырылған.

Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс баптары мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын пайдалану бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекеттің күш-жігері жарияланады.

Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да салалар дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан көбінесе солардың мәнін анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне қатысты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономиканың бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретінде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады.

Мемлекеттің бюджеттік-салық саясатында каржылық жоспар бюджет арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты - ол халықтың әл-ауқаттылығын арттыру мен экономикалық дамуды қамтамасыз етуге арналған іс-әрекеті. Бұл саясат еліміздегі жұмыссыздықты қысқарту, инфляцияның қарқынын төмендету мен баска да осындай мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы экономика жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мемлекеттік қаржы басқарудың механизмдері мен құралдарын пайдаланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс табылады.

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен айқындалады, яғни экономикалық маңызды сипаттайтын әдіс ретінде жалпы қаржы мен оның тізбектерінде бір типтік функцияларға сәйкес жүргізіледі. Сондықтан, мемлекетік бюджет барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, «қаржы» категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті:

  • ұлттық табысты қайта бөлу;
  • әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
  • экономиканы реттеу мен ынталандыру;
  • ақша каражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануын бақылау [3] .

Ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құралы ретінде мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономикалық маңызын тікелей көрсетеді. Бөліс функция арқылы мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын орталықтандыру мен оны жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қанағаттындыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапынан уақытында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.

Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір-бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.

Бөлу функцияның мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу үдерісімен анықталады. Бюджеттен басқа бірде-бір құндылық бөлу категориялар ақша қаражаттарын осындай көп аспектіні қайта бөлу мен экономикалық басқарудың әр деңгейінде іске асыра алмайды.

Салааралық қайта бөлу, бір жағынан, заңды және жеке тұлғалар бюджетке енгізетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс құралдар, операциялық және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді. Аумақаралық қайта бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар мен кірістер бекіту және бюджеттік реттеудің әр түрлі формалары арқылы жүргізіледі. Мұндай әдіс әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор қалыптастыруын қамсыздандырады.

Ақша қаражаттарын өндірістік және өндірістік емес салалар арасында қайта бөлу материалдық өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір бөлігін алу арқылы іске асырылады. Содан кейін өндірістік емес сала мекемелерін бюджеттік қаржыландыру жүргізіледі. Мұндай бюджеттік қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануының құрылымын қалыптастыруда рөлі өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында ұлттық табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Әрине, қазіргі уақытта ақша қаражаттарының басым жағы орталықтандырылған қорға мемлекеттік сектордан түседі, бірақ жалпымемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуге жеке кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының баска да субъектілердің қаражаттары тартылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің мәні және мазмұны
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны туралы
Компанияның қаржылық стратегиясылар
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы ақпарат
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Қаржы пəн бойынша сырттай оқу нысанында оқитын студенттерге өзіндік жұмыстарды орындауға арналған əдістемелік нұсқасы
Жергілікті бюджет
Мемлекеттік шығын
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары, олардың мазмұны, құрамы мен құрылымы
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz