Сайрам ауданының егістіктегі топырақтарының құнарлылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...

1 Әдебиеттерге 5
шолу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
1.1Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи – экологиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .

1.2Оңтүстік Қазақстан облысының топырақтары, олардың
cипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.3Сайрам ауданының орналасуы, оның табиғи
экологиялық 9
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
1.4Сайрам ауданының өндіріс 11
1.5орындары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 12
Ауыр металдардың қоршаған ортада
таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
















2 Зерттеу нысаны мен 17
2. әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
2.1Зерттеу нысаны 17
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..
2.2Топырақ үлгісін алу және анализге 18
дайындау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
2.3Топырақтағы гумус мөлшерін 19
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4Ауыр металдарды анықтау 21
әдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
.
2.5Ауаның сапасын анықтау және анықтауда қолданған 23
приборлар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

3 Зерттеу 25
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .
3.1 Сайрам ауданының егістіктегі топырақтарының
құнарлылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
3.2Топырақтағы, су және ауадағы ауыр металдар
мөлшері ... ... ... ... ... ... ... . 27
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ...

ҚОРЫТЫНДЫ
32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
33

Кіріспе

Қазіргі күнде Қазақстанда да, барлық елдерде сияқты экологиялық жағдай
күрделенуде. Ауаның, судың ластануы, топырақтардың құнарсыздануы әлемдік
экологиялық проблемаларға айналды. Оның себептері негізінен адамның
шаруашылық әрекеті әсерінен болуда.
Қазақстан Республикасында экологиялық саясатты жақсартуға көңіл
бөлінуде. Бірақ оған жетуге өндірістік және ауылшаруашылық өндірістерінде
қалыптасқан тенденциялар кедергі болуда. Пайдаланатын табиғи қорлардың
үлесі үрдіс ұлғаюда, ластағыш заттардың шығуы көбеюде, ауаның, топырақтың,
су қоймаларының ластану деңгейі жоғарлауда, республиканың көптеген
аймақтарында ауыз су тапшылығы байқалады.
Сондықтанда адамзат қоғамының қоршаған ортамен қарым-қатынасын түсіну
үшін экологиялық зерттеулердің маңыздылығы артуда. Әсіресе табиғи-
экологиялық жағдайлары алуан түрлі Қазақстан үшін. Республика
территориясының ірі көлемімен (272,4 млн га), биоклиматтық, орографиялық
жағдайларымен, топырақ түзуші тау жыныстарының әртүрлілігімен сипатталады
[1,2,3 ].
Сол себептен қазіргі таңдағы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам
ауданының қоршаған ортасының жалпы экологиялық жағдайын бағалау,
топырақтардың құнарлылығын арттыру мен өсімдіктердің өнімділік потенциалын
көтеруге бағытталған зерттеулер маңызды мәселе болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Сайрам ауданының қоршаған ортасының экологиялық
жағдайын көрсету. Зерттелген аймақтың экологиялық жағдайына жалпы
сипаттама беріп, соның ішінде табиғи компоненттердің құрамдарының сапасын
анықтап, топырақтардың құнарлылығын зерттеу болды.
Жұмыстың міндеті: Топырақтың құрамындағы ауыр металдарды, гумус
мөлшерін анықтау әдістерін игеріп, талдау жасап, алынған нәтижелерді
талқылау.

1 Әдебиеттерге шолу

1. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи экологиялық жағдайы

Оңтүстік Қазақстан облысының жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін
орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200 – 300 метр болатын Тұран ойпатының
шығыс бөлігі алып жатыр. Оның басым бөлігін Сырдария өзенінің орта ағысымен
Қызылқұм құмды алқабы алып жатыр. Қызылқұмда көптеген құдықтар (Қасымбет,
Дүйсенбай, Дәуренбек), қыстаулар (Есенгелді, Босаға, Орынбай) бар. Қаратау
жотасының батысын және Қызылқұмның шығысын ала сексеуілді тоғайлар
көмкерген. Сырдария аңғары мен Қызылқұмда Балақарақ, Мұрынқарақ, Қарақ,
Қыл, Тастөбе ежелгі тау жұрнақтары сақталған. Олардың кейбіреуінің пішіні
төрткүлді келген. Қызылқұмның орта тұсында сусымалы шығыр құмнан тұратын
Үрме өңірі орналасқан. Бұл өңірдің жер қыртысы бірнеше жарылыстармен
қиылған палеозойдың магмалық шөгінді жыныстарынан құралған. Қабаттар өз
кезегінде Қызылқұм өңірінің палеозойлық табанын жаңартып, өте жалпақ
белдерге (Кемпір, Балтакөл, Босаға, Шөл-Шардара), науаларға (Жауғаш, Арыс,
Келес) бөлген. Жер асты суы жоғарғы бор шөгінділерінің құмды қатқабатында.
Палеоген – неоген сулы кешендегі су қабаттары 800 – 1000 метр тереңдікте
кездеседі және оның температурасы 50 – 75°С. Литологиялық тұрғыдан қабат
құмды – саздақты. Бор қабатындағы (1800 – 2900м) су температурасы 100°С,
Юра қабатында (2900 – 3200м) 150°С – қа жетеді. Суы кремнийлі – термальді,
минералды суларға жатады. Жер асты сулары Арыс, Қызылқұм және Оңтүстік
Қаратау артезиан алаптарына тиесілі. Суының кермектілігі: Қызылқұмда 3 – 5
гл, Арыс – Сырдария аралығында 5 – 8гл. Жер асты грунт сулары 2 – 5м
тереңдікте (Сырдария, Арыс өзендері аңғарларында), Қызылқұм өңірінде 5 –
8м, кейде 8 – 12м тереңдікте кездеседі. Артезиан сулары негізінен палеоген
– неоген қабаттарында (30 – 50, кейде 80 – 105м) [4,5,6].
Терістігіңде Бетпакдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм,
облыстың батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл
алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, оңтүстік
– шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы
(ең биік нүктесі 2176 м) жатыр, ал оңтүстік-шығысыңда Талас Алатауының
батыс шетіндегі – Өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі – Сайрам шыңы
(4238 м) бар. Өгем мен Келес өзеңдерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы
Тәңіртаудың (Тянь – Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаржантаудың
орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік нүктесі – Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834
м). Қаржантаудан солтүстік батыска қарай тарихы терең, аңызға толы қарт
Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігінде Келес
өзенінің аңғарына тіреледі [7].
Зонашасы мен биіктік белдеуіне келетін болсақ, тау етегі мен бөктерінің
– шөлді далалы белдеу. Ауданы – 16,8 млн га. Облыс аумағының жер
бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан
түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық
табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер
сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын
көрсетеді.
Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен
желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық
әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін
тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары, авто және темір
жолдар, кеніштер мен қала салынған аймақтар, т.б.
Облыс климатына келер болсақ, климаты қоңыржай континенттік. Қары аз,
қысы жұмсақ. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы ауданның
солтүстігінде - 5 -7°С, оңтүстігінде -3 -5°С, жаз айлары барлық өңірінде
+26 - +28°С. Қыс айларындағы төменгі температура -38°С, жаз айларында
+52°С. Күн радиациясының жылдық жиынтық мөлшері 3200 – 3400 сағжыл. Жауын
– шашынның жылдық орташа мөлшері 170мм – ден 300 мм – ге дейін. Қыстағы
желдің басым бөлігі (45%) сотүстік – шығысқа, жазда солтүстікке (45%)
келеді. Облыстағы Қаратау жотасынан әйгілі Арыстанды – Қарабас желі
тұрады. Ол Арыстанды өзенін бойлай оңтүстік батысқа қарай бағытталған.
Желдің күші 30 – 35 мсекундқа дейін жетеді және кемінде 6 – 8 күн бойы
қатарынан соғады. Қыста ауа температурасын тез төмендетіп жібереді. Ал
жазда соққан бұл жел аңызақты келеді. Нәтижесінде қуаңшылық болып,
шаруашылыққа үлкен зиян келтіреді. Бұл желдің күштілігін осы салада зерттеу
жүргізген ғалымдар Х.Ахмеджанов пен С.Төребаева: “ Біріншіден, ауа ағыны
Қызылту мен Шақпақ аралығындағы тау асуынан өткенде жылдамдығы артады,
екіншіден, Арыстанды өзенінің арнасында тау – аңғар ауа циркуляциясының
әсерінен оның екпіні одан да күшейеді. Арыс маңындағы ауа қысымы Мойынқұм
үстіндегі қысымнан артық болған жағдайда жалпы атмосфералық циркуляция
заңдылығы бойынша жел оңтүстік – батыстан солтүстік – шығысқа қарай соға
бастайды. Бұл бағытта жел түнге қарағанда күндіз күштірек соғады” деп
түсіндіреді [8,9].
Топырақ жамылғысы негізінен сұр, сортаңды сұр топырақты. Сырдария
өзенінің аңғары шалғынды – аллювийлі сұр топырақты. Сол жағалық аңғарында
(Қызылқұм өңіріне қарасты) құмдауытты сұр топырақ қалыптасқан. Сыр
бойындағы топырақ негізінен саздақты келген. Облыстың кей аудандарының
аумағында баялыш, күйреуік, теріскен, көкпек, құмды өңірлерде сексеуілді
тоғай, өзен аңғарында шілікті – жиделі тоғайлар бар. Құмтөбелер аралығында
грунт және кермек суы жақын жатқан жерлерде шұраттар (оазистер) кездеседі.
Бұдан басқа (жалпы аумағы 36 мың га) Майлытоғай, Қанттоғай, Топшақтытоғай,
Қожатоғай, Байтоғай, Көтенарал, Қарабұлақ, Кертен, Қарасу, Алағұс, т.б.
аумағы шағын оншақты орманды – тоғайлы жерлер кездеседі. Бұларда негізінен
тораңғы, жиде, қаратал, ешкітал, жыңғыл, шеңгелдер өскен. Қызылқұм өңірінде
аумағы 820 мың га болатын сексеуілді тоғай бар. Сонымен қатар, аудан
жерінде көпшілігі малдың азықтық қоры саналатын қаражусан, изен, балықкөз,
атқұлақ, мия, қарасора, майсора, алабұта, қурай, құмай, кекіре, тарақбоз,
сүттіген, рам, түйе, қарын, қоянсүйек, киікоты, өседі. Арыс өзені бойында
дүние жүзіне белгілі дермене дәрілік – шипалық шөбі өседі. Одан басқа
адыраспан, меңдуана, үшойық, жалбыз, жыңғыл, қырықбуын, қоңырау, тұмаршөп
және дәрілік өсімдіктер өседі.
Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі кездегі экологиялық ластанған
аумақ туралы үш географиялық ауданға бөлемiз. Бiрiншi, экологиялық дағдарыс
алдындағы жағдай аумағына Арыс (Арыс қаласын қоса алғанда), Отырар,
Созақ, Шардара аудандары мен Түркiстан қаласы кiредi. Бұл аумақтарда жылдан
– жылға шөлейттену процесiнiң өсуi, топырақтың құнарсыздануы белең алып
барады. Ал, Созақ ауданының жер асты суларында және табиғи ортаның
нысандарында радионуклейдтердiң құрамы көбеюде. Екiншi, Шымкент және Кентау
қалаларының аумағы күштi техногендi әсерге ұшырауда. Мәселен, Кентау қаласы
тұрған аймақтың жер қыртысы ауыр металдармен ластанған. Ал, Шымкент
қаласында жер қыртысы қорғасын, мырыш, қалайының шоғырлануымен, яғни шектен
тыс қалдықтардың тасталуымен, атмосфералық ауаның ластануымен сипатталады.
Облыста басқа аумағы бiрыңғай антропогендi жағдайда деп бағалауға болады.
Жалпы, Оңтүстiк Қазақстан облысы елiмiздегi экологиялық қалдығы мол алты
аймақтың бiреуi болса, Шымкент ластанған қалалардың қатарында үшiншi орынды
алады. Бұл жерде ауаны ластап жатқан iрi кәсiпорындардың үлесі мол. Осы
жерде мынадай мәлiмет келтiре кетейiк. 2008 жылдың маусым айында ҚР
Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң тарапынан “Шымкентцемент” АҚ – на
кешендi тексеру жүргiзiлiп, оның нәтижесiнде аталмыш кәсiпорынның
атмосфераны шектен тыс қалдықтармен ластап отырғаны анықталған. Бұл –
Шымкент қаласының ауасын едәуiр мөлшерде ластауға үлес қосып отырған [10].
Оңтүстiк Қазақстан облысы аймағының 75% бөлiгi Арал – Сырдария
бассейнiнiң шекарасында орналасқан. Оңтүстiк Қазақстан облысының аймағында
орналасқан Арал – Сырдария бассейнi Қазақстандағы бiрден – бiр ең iрi
аймақтық өндiрiстiк кешен болып табылады. Бұл бассейннiң қоршаған ортаға
техногендiк және антропогендiк ықпалы өте мол деп айтуға болады. Егер
қысқаша сипаттай кетсек, осы бассейнде қазiргi таңда 1,0 млрд. тоннадан
астам өндiрiстiк қалдық жиналған. Негiзiнен өндiрiстiк қалдықтардың
полигоны “Южполиметалл”, “Химфарм”, “Оңтүстiк құс” АҚ – ларында,
“ПетроҚазақстан Ойл Продактс”, “Су ресурстары және маркетинг” ЖШС – терiнде
орналасқан. Ал, Шымкент қаласы тұрмыстық қатты қалдықтардың “отаны” десе де
болады. Тұрғындар санының өсуi, өндiрiс пен техникалық прогрестiң дамуы
қаланың экологиялық жағдайын күрт қиындатып жiбердi. Ластанудың техногендiк
жағдайлары ауыл шаруашылығы саласында да жеткiлiктi. ҚР Заңына сәйкес Арал
өңiрiндегi экологиялық қасiрет аумағы – экологиялық апат, экологиялық
дағдарыс, экологиялық дағдарыс жағдайындағы аймақтар болып үшке бөлiнген
екен. Бiздiң облыстың Арыс, Отырар, Шардара, Созақ аудандары мен Түркiстан,
Арыс қалалары экологиялық дағдарыс жағдайындағы аймақтарға кiредi. Міне,
осы аймақтардың экологиялық жағдайын жақсарту шаралары қазіргі таңда
ұйымдастырылу үстінде [7].

1.2 Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ жамылғысы, оның сипаттамасы

Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз
деңгейінен 200 – 300м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр.
Терістігінде Бетпақдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың
батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып
жатыр. Облыс аумағының орналасуына (яғни атмосфералық ылғалдылықтың негізгі
көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедеріне байланысты қуаң
континенттік климат қалыптасқан.
Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан
аумағында биік таулы салқын альпілік топырақтардан бастап тау
бөктерлеріндегі әртүрлі қоңыр және сұр топырақтар жалғасып жатыр [10].
Жалпы бұл аймақтағы топырақтар 12,1 млн гектарды, Батыс Тянь – Шань тау
бөктерінің едәуір бөлігін, Тұран ойпатын және Бетпақдала шөлін қамтиды.
Оңтүстіктегі кең шөлді аймақ бірте – бірте таулы биік, биік таулы шалғынды,
далалық сирек аршалы таулы аймақ, тоғайлармен ірі шөпті жартылай саванна
және тау бөктеріндегі майда шөпті жартылай саванналы аймақтарына ауысады.
Негізгі топырағы: таулы – шалғынды альпілік және субальпілік биік таулы,
таулы күрең, сұр күрең орта таулық (575 мың га), қара күрең жоғары тау
бөктерлік (782 млн га), қалыпты сұр орта тау бөктерлік (1 млн га), ашық сұр
топырақ төменгі тау бөктерлі (167 мың га), ежелгі аллювиальдік жазықтың
шабындық сұр топырағы (636 мың га), жоғары шөлдік жазықтың сұр қоңыр
топырағы (2,4млн га), сор, сортаңдар (2,1 млн га) және құмдар (3,4 млн га).
Таудың сұр күрең топырағы бұта және шөп өскен қалың жыныс астында пайда
болады [11,12].
Шірінділі А+В қабатының қалыңдығы 70-100 см. А1 қабаты (0 – 10 см)
күрең сұр, кесекті (0 – 10см) күрең сұр, кесекті сұр, жаңғақты –
түйіртпекті, А2 (12 см) – күрең сұр, жаңғақты – түйіртпекті, В1 (23 см) –
ашық күрең, түйіртпекті – жаңғақты, В2(16 см) – ашық күрең, жаңғақты, 45 –
61 см тереңдіктен бастап тасиды, карбонаттардың дақтары 95 – 100 см
тереңнен кездеседі. Топырақ орташа қара шірінділігімен ерекшеленеді (4,2 –
6,2%), азоттың мөлшері көбірек (0,20 – 0,35%). Топырақтың реакциясы
бейтарапқа жақындау, pH 6,4 – 7,5 топырақ жайылым мен шабындыққа
пайдаланылады. Таудың қара сұр топырағы Солтүстік Қаратаудың бөктерлерінде
болады.
Шірінділі А+В қабатының қалыңдығы 30 - 60 см. А1 қабаты (10см) – сұр,
қабат–қабат, А2 (10 см) – күрең сұр, тозаңды – кесекті түйіртпектер
кездеседі; В қабаты (35 см) сұрлау күрең, шіріндісі 2,0-1,0%, жалпы азот
0,13 – 0,6%. Бұл топырақ тау жайылымы ретінде пайдаланылады. Оңтүстіктің
қалыпты сұр топырағы Қаражантау, Оғам және Боралдай жоталарының орта
бөлігіне, қысқа рең шөптері аралас жартылай саванналы жерде дамыған.
Шірінділі А+В қабатының қалыңдығы 55 – 65 см; А қабаты (20 см) сұр, құба
дақты, 5см тереңдікке дейін ашық қабат – қабаттау, одан төмен – кесекті-
түйіртпекті, В қабаты құба сұрлау, карбонаттардың талшықтары бар, арасында
жауын құрттардың іздері байқалады. Қарашіріндінің мөлшері 2,0 – 1,3% және
азот 0,13 – 0,08%. А қабатындағы суға төзімді агрегаттардың мөлшері – 35 –
40%. Ашық сұр топырақ Батыс Тянь – Шань жоталарының бөктерлері мен Шардара
жазығының оңтүстік бөлігінде раңды және жусанды шымды балшықты топырақ
дамиды [13,14,15].
Шірінділі А+В қабаты 50-60 см. А қабаты құбалау сұр, қабатты– кесекті,
түйіртпекті. Шіріндінің мөлшері 1,5 – 1,2% және жалпы азот – 0,10 – 0,06%.
Микроагрегаттардың мөлшері – 30 – 45%. Шөлдің сұр қоңыр топырағы (6,4 млн
га) Бетпақдалада, Қаратаудың сырт бөктеріндегі жазық шөлейтті бөлігінде,
Қызылқұм мен Мойынқұмда жусанды өсімдіктер өсетін жерде дамыған.
Шірінділі А+В қабатының қалыңдығы 30-60 см. А1 қабаты (0 – 6 см) ашық
сұр тозаңды – қабыршақты-кесекті қыртыс; А2 (6 – 16 см) құба сұр,
борпылдақ, қат – қабат тозаңды – қабыршақты; В – қара қоңыр,
карбонаттардың дағы бар, кесекті – жаңғақты. Топырақтағы шірінді мен
азоттың мөлшері өте аз. Топырақтың реакциясы сілтілі – pH 8,3 – 8,7.
Жылжымалы формалардың мөлшері (мгкг), гидролизденетін азот – 34 – 38,
фосфор – 3 – 5 және калий 237 – 488. Қалыпты сұр топырақтың құнарлы тәлімді
жерлері дәнді – дақыл өсіруге пайдаланылады. Олар суарған кезде (240 мың
га) мақта, техникалық, жеміс – жидек, бақша дақылдарын өсіруге
пайдаланылады. Көң төгіп азотты – фосфорлы тыңайтқыш енгізіп және эрозияға
қарсы агротехниканы сақтағанда мол өнім алуға болады.

1.3 Сайрам ауданының орналасуы, оның табиғи
экологиялық жағдайы

Сурет 1. Сайрам ауданының орналасуы

Сайрам ауданы — Оңтүстік Қазақстан Облысындағы аудандардың бірі.
Шымкент қаласының біраз шекарасы осы ауданмен шекаралас жатыр. Сайрам
ауданына қарасты Шымкент орталығындағы елдімекендер де бар. Сайрам
ауданының орталығы — Ақсукент (бұрынғы Белые Воды) елдімекені. Ол Шымкент
қаласынан Алматыға қарай бағытталған тас жол бойында, қаладан 30 км.
қашықтықта орналасқан. Сайрам ауданы 1928 жылы құрылды. Қазіргі таңда
ауданның жер аумағы небары 1700 шаршы км, жер ауданы (территориясы) жөнінен
Оңтүстік Қазақстан Облысындағы ең кішкентай аудан. Бірақ жерінің
кішкентайлығына қарамастан ауданның барлық аймағын ауылшаруашылы саласы мен
өндіріс саласы үшін өте қолайлы деп айтуға негіз бар. Сайрам аданының
табиғаты таулы аймақтардағыдай өте сұлу болмағанымен, жазықты жерлерге тән
ерекше табиғаты бар шұрайлы жерлер баршылық. Ақсукентте Ақсу өзені,
ауданның шығысында Машат өзені, солтүстігінде Арыс өзені ағады [10].
Климаты. Осы аумақтыңың географиялық орнына (яғни атмосфераның
ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер
бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда
күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады.
Жазы ұзақ, аудан түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай –
қаңтардың орташа температурасы - 2 - 9°С. Жазы ыстық: шілде айының орташа
температурасы + 20 - + 30°С. Вегетация кезеңі 230 – 320 тәулікке созылады.
Ауаның жылдық орташа Т° 7,0 – 12,0. [15]
Тау етектерінде болғандықтан 300 – 450 мм, құбылады. Жауын – шашын
негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа
қалыңдығы 20 – 30 см аралығында, 2 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы,
желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында, тіпті одан ерте ери бастайды.
Алатау мұздықтарынан басталып, жол – жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу
(133 км), Машат (60 км), т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Ақсу
өзенінің арнасы ешкімді де бей – жай қалдырмайтыны анық.
Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам – Сайрам, Мырғалымсай,
Талас – Ақсу, Иқансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады. Шу – Сарысу
артезиан алабының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минералды сулар
Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауылдарында арнайы рұқсатпен
пайдалануға берілген. Санаторийлік демалыс пен емдеу орындары, сондай–ақ
Сайрам ауданындағы Манкент шипажайы келушілер санын арттыра түсуде.
Топырақ түзуші факторлар. Топырақ түзуге негізгі алты фактор: ауа райы, тау
жынысы, жоғары және төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі, жер
бедері, аймақтың геологиялық жасы және қоғамның өндіргіш күші әсер етеді.
Топырақты мекендейтін, онда өсіп – өнетін организмдердің молдығы топыраққа
жай ғана әсер етіп қоймай, олардың қасиетіне зор әсер етеді. Сайрам ауданы
шөлейт зонасында орналасуына байланысты, топырақтың құрамының әрбір
граммында мыңдаған, миллиондаған микроорганизмдер кездеседі. Олар да өнеді,
өседі, өледі. Топыраққа түскен бүкіл органикалық заттарды ірітіп – шірітіп,
ыдыратып, оларды әртүрлі газдарға, минералды заттарға бөлетін, органикалық
заттардан күрделі топырақ шіріңдісін түзетін де осы – микроорганизмдер.
Топыраққа тек микроорганизмдер ғана емес, сонымен қатар онда мекендейтын
көптеген зоофауналар, қарапайымдылар, жоғары және төменгі сатылы жануарлар,
өсімдіктер, құрт – құмырсқалардың пайдасы көп. Негізі топырақ түзілу
құбылысының жылдамдылығы ғарыштан келетін күн сәулесінің қуатына тікелей
байланысты, Күн сәулесімен қатар тірі организмдерге ылғал қажет, осыған
байланысты топырақ түзу жылдамдығы күні жылы, ылғалы мол аймақтарда өте
жоғары жүреді, ал Сайрам ауданында керісінше ылғал аз, күні ыстық аймақ
болғандықтан бұл құбылыстардың белсенділігі төмен. Осы себептен де климат
жағдайларына топырақтың химиялық және минералдық құрамдары тікелей
байланысты. Осы жердің геологиялық жасы көне. Сонымен қатар адамдардың да
тигізетін ықпалы зор. Бұл аймақ Қазақстанда халық саны бойынша ең көп
және тығыз шрғырланған жер [16].

1.4 Сайрам ауданының өндіріс орындары

Ауданда жылдан жылға өнеркәсіп саласы жақсы дамып келеді. Ауыл
шаруашылығына арналған машиналар және оларды күрделі жөндеуден өткізу,
оларға керекті қосалқы бөлшектер шығару, көкөніс түрлерінен консервілер
дайындау, шарап өнімдерін, түрлі үлгідегі электродтар жасайтын, спирт
өндірісі, құс еті, жұмыртқа өндірісі және басқа да өнеркәсіп тауарларын
шығаратын, қайта өңдейтін өндіріс орындары жұмыс істейді.
2007 жылдың 6 айында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы
бағамен, шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығы секторын қосқанда 3
миллиард 518 миллион теңгенің өнімін өндіріп, 2006 жылдың 6 айымен
салыстырғанда 590 миллион теңгеге артық немесе 120% - ды құрады. Ірі және
орта өнеркәсіп кәсіпорындарында 1 млрд. 856 млн. теңгенің, шағын және
қосалқы кәсіпорындарда (үй шаруашылығы секторын қосқанда) 1 млрд. 662
млн.теңгенің өнімі өндірілді.
2007 жылдың 6 айында ауданның өнеркәсіп саласында өнеркәсіптік өнім
өндіретін 44 – тен аса түрлі меншіктегі ірі, орта және кіші кәсіпорындар
жұмыс атқарып, аудан халқының 33 пайызға жуығын жұмыспен қамтамасыз етіп
отыр [7].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 30 маусымдағы Қазақстан
Республикасының индустриялық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға
арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006 – 2008 жылдарға арналған іс
шаралар жоспары туралы №609 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының
2006 – 2008 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын орындау
мақсатында Тассай ауыл округіне қарасты Қызылсай елді мекенінде айына 45
тонна макарон өнімдерін шығаратын Арай-астық ЖШС-і іске қосылып, 79 жаңа
жұмыс орны ашылса, маусым айында бұл мекеме 18 жаңа жұмыс орнына кеңейтіліп
отыр. Сайрам ауыл округінде жылына 25 мың дана жылыту жүйелеріне және су
құбырларына арналған полипропилен трубалар шығаратын ПАМИР-С ЖШС-і іске
қосылып, 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауданда көптеген кәсіпорындар жұмыс
істейді. Мысалы Сайрам ауданы, Ақсукент селосындағы Тері өңдеу зауыты,
Аллюминий өңдеу зауыты, Мақта өңдеу зауыты, кондитерлік цехтар, т.б.
жұмыс істейді. Яғни бір кішігірім селоның өзінде көптеген өндірістік
орындары іске қосылған. Сонымен қатар бұлардың барлығы тұрғылықты мекенжай
маңында орналасқан. Осы өнеркәсіптің барлығының атмосфералық ауаға, жер
бедеріне,соның ішіндегі егістікке және одан алынатын өнімнің нашар болуына,
флора мен фаунаға тигізетін әсері қаншама. Ең басты адам денсаулығына қауіп
төндіріп отыр. Айта кетер болсақ, адамның тыныс жолдарының қабынуына, тері
аурулары, сүйек кемігінің қабынуына, көздің мөлдір қабатының қабынуына алып
кеп соғады. Сайрам ауданы, Қарасу елдімекеніндегі Сүт өнімдерін шығартын,
Тассай елдімекеніндегі Цемент зауыты, Қазығұрт ықшамауданындағы Қорғасын
зауыты бар. Бұл зауыттардың да аудан экологиясының бұзылуына қосатын
үлестері өте зор. Экожүйенің ауыр металдармен ластануына алып келеді.
Сайрам ауданы шағын болса да онда өнеркәсіп орындары өте көп. Мұның жақсы
жағы адам қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр, ал кері әсері қоршаған ортаны
өзінің түтіндері мен қатты, сұйық тағы басқа да қалдықтарымен ластауда.

1.5 Ауыр металдардың қоршаған ортада таралуы

Қазір ғылыми – техникалық үдеу заманында адам қоғамының барлық тірлігі
саналы қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай жағдай
әсіресе біздің табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген
енжарлығымыздан, немқұрайлы қарауымыздан анық байқалады. Өндіріс
орындарынан бөлінетін экотоксиканттар метериологиялық фактордың әсерінен
атмосферада, суда және топырақта кең таралып тірі организмдердің тіршілік
әрекетіне кері әсер етуде. Зиянды қалдық заттардың қоршаған ортаға түсуі,
жиналуы мен миграциясын зерттеу олардың тірі организмдерге әсерін дұрыс
бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде барлық табиғи ортада бақыланып
отыратын ластаушы химиялық заттардың негізінің бірі – ауыр металдар [17].
Бұл бір жағынан металдардың биологиялық активтілігіне байланысты. Сонымен
қатар олар органикалық қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейді,
биохимиялық айналымға түскенде ұзақ сақталады. Қазіргі уақытта ауыр
металдардың қоршаған ортаға, яғни топырақ пен тірі организмдерге әсері
күннен күнге күшейіп келеді. Менделеевтің периодтық кестесінің 40 –
тан астамы ауыр металдар. Олардың атомдық салмағы 50 – ден жоғары. Алайда
бұлардың барлығы қоршаған ортаға зиянын тигізе бермейді. Қасиеттері
бойынша, яғни өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер мен адамдарға
тигізетін зиянды элементтері 1 кестеде көрсетілген.

Кесте 1
Ауыр металдар сипаттамасы

Элементтің атыАтомдық Атомдық салмағы
номері
Сынап 80 200,59
Қорғасын 82 207,19
Кадмий 48 112,40
Мышьяк 33 74,9216
Мыс 29 63,54
Ванадий 23 50,942
Мырыш 30 65,37
Сурьма 51 121,75
Молибден 42 95,94
Кобальт 27 58,9332
Никель 28 58,71

Бұлардың ішіндегі 3 элементтің улағыш қасиеті өте жоғары. Олар –
сынап, қорғасын, кадмий [18,19].
Сынап өндірістік кәсіпорындарынан таралғаннан кейін топыраққа тез сіңіп
таралатын элемент. Сынап және оның қосындылары әсіресе топырақтың беткі
қабатында көп мөлшерде жиналады. Қазіргі кезде еліміздің көптеген
өңірлерінен осындай көрсеткіштер орын алып отыр.
Қорғасын тірі организмдер дүниесіне өте күшті әсер ететін консерогенді зат.
Қорғасынды зауыттарда өндіру барысында өндірілген өнімнің әр тоннасында 20
– 25 кг осы элемент қоршаған ортаға таралады. Бұл таралған қорғасын топырақ
қабатының 10 – 15см деңгейінде жинақталады. Ал бұл ондағы өсімдіктер мен
микроорганизмдерге әсерін тигізбей қоймайды.
Кадмийдің тіршілік үшін зияндылығы да артық болмаса кем емес. Әсіресе оның
өсімдіктер тіршілігіндегі улағыш қасиеті басты орын алады. Мысал
келтірелік, топырақ құрамындағы судың немесе жер суаратын судың 1 литрінде
аталған элемент 10 мг болса өсімдіктің өсу қарқыны тежеліп 50% - ға кемиді.
Ал оның мөлшері 100 мг – ға артса өсімдіктің тіршілігі тоқталады немесе
өліп қалады. Кадмий топыраққа негізінен ауылшаруашылығында фосфор
тыңайтқыштарын көп мөлшерде пайдаланғанда, Жылу Электр Станциялары жұмыс
істегенде, пайдалы кен байлықтарды балқыту кезінде таралып, топырақтың
беткі қабатында жинақталады [17].
Қазақстан аумағанда қоршаған ортаға тұрақты ластағыш көздерден жылына
5 млн. тонна әртүрлі ластағыш заттар бөлініп шығады. Бұлардың ішінде
қорғасын мен мышьяктың қосындысы 2 мың тоннадан, мыс тотықтары 1,8 мың
тоннадан, 11 мың тоннадан артық қаракүйе және мыңдаған тонна газ қоспалары
(күкірт, азот, көміртегі тотықтары және органикалық газ қоспалары) [3].

Кесте 2
Ауыр металдардың залалсыз шекті мөлшері, мгкг

Ауыр металл шекті мөлшері, мгкг
Қорғасын 32,0
Марганец 1500
Сынап 2,1
Мышьяк 2,0
Мыс 33
Никель 4,0
Мырыш 55
Кадмий 0,5
Сурьма 4,5
Бор 25
Кобальт 50
Қалайы 50
Селен 10
Молибден 4
Фтор 200

Ауыр металдар топырақ қабатына көбіне атмосфера арқылы түседі. Жауын –
шашын арқылы қорғасын, кадмий, мышьяк, сынап, хром, никель, мырыш және тағы
басқа элементтер түседі. Атмосферадан келетін ауыр металдардың 48% - ы
автокөлік (автобустар мен жүк көлігі), 31% - ы құрылыс материалдарын
өндіретін және жасайтын кәсіпорындар, 21% - ы өндіріс және энергетика
кәсіпорындарына тиесілі [18,21].

Сурет 2. Атмосферадан келетін ауыр металдардың үлесі

Кесте 3
Ауыр металдардың ауадағы ең жоғарғы залалсыз мөлшері, мгм³

Элементтер, оның Елді Өндірістерде Қауіптілік класы
қосындылары мекендерде, ең жоғарғы,бір
мгм³ жолғы, мгм³
Ванадий (+5 тотығы) 0,002 0,03 1 (өте күшті)
Кобальт (метал түрінде) 0,001 0,17 1
Марганец(тотық қосылысы) 0,01 0,1 2 (күшті)
Мышьяк (орг. емес 0,003 — 2
қосылыстар түрінде)
Никель (тотығы) 0,001-0,003 0,003 1
Қорғасын және қосындылары 0,0003 0,003 1
Қорғасын күкірті 0,0017 — 1
Хром (‡І-валентті) тотық 0,0015 — 1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ үлгілерін алу
Төлеби ауданының топырағының экологиялық жағдайы
Қазақстанның жер қорлары. Табиғи-мелиоративтік мониторинг
Биік таулы аймақ
Оқу (топографиялық, физика-географиялық) практикасы бойынша есеп
Мақта дақылы
Оңтүстік Қaзaқстaн oблысының егіншілік шaруaшылығынa сипaттaмa
БҚО, Ақсай қаласы, Бөрлі ауданының бұзылған жерлердің топырағын бонотировкалық бағалау
Қазақстанда таралған топырақтардың көптүрлілігі, құнарлылығы және оларды арттыру мәселелері
«БҚО, Бөрлі ауданы «Тең» шаруа қожалығының жерлерін ұйымдастыру»
Пәндер