Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . .

  1. Қапшағай суқоймасының физико-географиялық сипаттамасы . . .
  2. Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы . . .
  3. Тортаның систематикасы . . .
  4. Тортаның жалпы сипаттамасы . . .
  5. Биологиясы . . .
  6. Көбеюі, жасы мен өсуі . . .
  7. Тортаның қоректенуі мен қоңдылығы . . .

1. 8 Тортаның шаруашылық маңызы . . .

2 МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕМЕ . . .

3 НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУЛАР . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ… . . .

ҚОСЫМША . . .

КІРІСПЕ

Қапшағай суқоймасының кәсіптік ихтиофаунасы жерсіндірілген түрлерден құралады. Балық қорының кәсіптік игерілуінің дұрыс жасалмауынан, суқойманың қолайсыз гидрологиялық жағдайы кейбір бағалы балықтардың түрлері үшін суқойманың биоценозы тұрақсыз жағдайға тап болуда. Көбіне балықтардың бағалы түрлерінің популяциясы олармен бәсекелес кәсіптік маңызы аз балықтарға қарағанда кәсіптік ауыртпашылықты көбірек кешуде.

Қапшағай суқоймасы Қазақстан ихтиологтарының бірден көзіне түсті, ең алдымен «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» мамандары мен Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің гидробиология және ихтиология кафедрасының оқытушыларының. Зерттеу жұмыстары көптеген бағыттар бойынша жүргізілді, ол өз кезегінде қайта құрылған суқойманың ихтиоценозының қалыптасу процестерін тануға үлкен үлес қосты. Суқойманың қалыптасуының алғашқы жылдарында ақ қоректік базаны жақсарту туралы ұсыныстар мен кәсіптік балықтардың сапалық құрамы (торта, сазан, тыран, көксерке, ақмарқа) жасалды. Жиналған тәжірибелер арқасында көптеген балықтар популяциясының болашақтағы жағдайына болжам берілді.

Қапшағай суқоймасының ауыр металдармен ластануына байланысты ондағы тіршілік ететін балықтардың жағдайына әсері жаңа зерттеулерді қажет етіп отыр. Қапшағай су қоймасы еліміздегі балық қоры мол және кәсіптік маңызы бар көксерке, сазан, тыран, торта және т. б. балықтар ауланатын суқойма.

Жұмыстың мақсаты: Торта балығының биологиялық көрсеткіштерін зерттей отырып, қазіргі кездегі жағдайына баға беру.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Торта балығы бойынша жасалған ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу жасау;
  2. 2008 - 2009 жж. аралығындағы жиналған материалдардың биологиялық анализінің көрсеткіштерінің динамикасын көрсету;
  3. Көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде Қапшағай суқоймасындағы торта балығының қазіргі жағдайына баға беру.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Қапшағай су қоймасының физико-географиялық сипаттамасы

Қапшағай бөгені Іле өзенінің бойында Алматы облысының жерінде Қапшағай су қоймасы электр станциясын салуға байланысты жасалған (сурет 1) . Қапшағай бөгенінің суға толтырылуы 1970 жылы басталды, суқойма үшбұрышты формадан және білінер білінбес ағысты. Ауданы 1847 км 2 , ұзындығы 187 км, ені 23 км. Орташа тереңдігі 15 м. ең терең жері 46 м. Шарасының жоспарлы сыйымдылығы 28, 14 км 3 , су жиналатын алаңы 113 мың км, жағасының ұзындығы 430 км. Бөгеннің солтүстік жағасы құмды, малта тасты, едәуір бөлігі биік және тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, создақты келеді (сурет 2) . Бөгенде балықтың 25 түрі бар, ақмарқа, мөңке, тұқы, табан балықтары т. б. кездеседі. Олардың ішінде 16 түрі кәсіптік маңызы бар. Жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Бөгеннің суымен 450 мың га - дан астам жер суарылады. Онда күріш, тары, жүгері т. б. бақша дақылдары да егіледі, сонымен қатар шабындық және жайылымдар суарылады [1] .

Терең емес жерлері 22%, терең жерлері 32% құрайды. Толық су ауысу екі екіжарым жылда бір болып тұрады. Су астындағы топырақ, яғни су толтырылмай тұрғандағы бөгеннің топырағы - көбінесе құмды, шалғынды, су топырақты, сазды және cop топырақты болған.

Суқойма ауданында су қойманың температуралық және газдық режиміне айтарлықтай әсер ететін батыс ("Балқаш") және шығыс ("Шелек") бағытта жел болып тұрады. Су түсі ашық жасылдан қою жасыл түске ауысып тұрады. Су түбі грунты құм араласқан қара және сұр түсті лайлы, майда тасты болады [2] .

Суқойма құрамына - Іле өзенінің арнасымен алқабы, қосымша суқоймалар - өзеннің тармақтары және аквакультурасы 500-600 га болатын көлдер, жартылай шөл даланың учаскелері кіреді.

Суқойма - солтүстігінен Жоңғар Алатауы, онтүстігінен Күнгей Алатауы қысқан тектоникалық аймақта орналасқан. Ауданның климаты - қатаң континентальді. Жылдың орташа ауа температурасы + 5 - +7 0 С, жылы күндер периоды 153 - 186 күнге созылады, жауын - шашынның жылдық орташа мөлшері 135 - 180 мм [3] .

Суқойма негізгі суды Іле өзенінен алады, жылына орташа 146 м/сек. су кіреді. Сол жақ жағалаудан суқоймаға 8 кіші өзендер құяды - Қаскелен, Есік, Құршелек, Ақтоған т. б. Суқойманың жоғарғы бөлігін Іле суы 10-20 см дейін мөлдірлігін төмендетеді, ал төменгі платинаға жақын жерінің мөлдірлігі 500 -600 см дейін көтеріледі (Г Қосымшасы) .

Суқойманың гидрохимиялық мінездемесіне келсек, суы - екінші типті, кальций тобының гидрокарбонатты класына жатады. Жалпы минерализациясы 251 - 541 мг/л. Судың активті реакциясы шамамен 7, 6 - 8, 7 аралықта ауытқиды. Перманганатты кышқылдануы 2, 2 - 14, 3 мг. Оттегі мөлшері - қолайлы, судағы абсолютты мөлшері 6, 8 - 14, 4 мг/л тең [4] .

http://www.onyxtour.kz/userfiles/images/84ffbff5ed957379aa4e1143e6c46eae.jpg

1 сурет. Қапшағай суқоймасының көрінісі

1. 2 Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы

1970 жылы құрылған Қапшағай суқоймасы Қазақстан ихтиологтарының бірден көзіне түсті, ең алдымен «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» мамандары мен Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің гидробиология және ихтиология кафедрасының оқытушыларының. Зерттеу жұмыстары көптеген бағыттар бойынша жүргізілді, ол өз кезегінде қайта құрылған суқойманың ихтиоценозының қалыптасу процестерін тануға үлкен үлес қосты. Суқойманың қалыптасуының алғашқы жылдарында ақ қоректік базаны жақсарту туралы ұсыныстар мен кәсіптік балықтардың сапалық құрамы (торта, сазан, тыран, көксерке, ақмарқа) жасалды. Жиналған тәжірибелер арқасында көптеген балықтар популяциясының болашақтағы жағдайына болжам берілді.

Кәсіптік балықтар популяциясының қалыптасуының бірінші деңгейінің заңдылықтары қаралды. Мұнымен бірге қалыптасып жатқан экосистемадағы процестердің күрделілігі әркез дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермеді [5] .

Қазіргі таңда Қапшағай суқоймасында 25 - ке жуық балық түрлері кездеседі. Олардың түрлерінің атауы мен статусы 1 кестеде көрсетілген [6] .

C:\Users\Бахтияр\Desktop\бота.jpg

2 сурет. Қапшағай суқоймасының карта - сызбасы

1 кесте

Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасының түрлік құрамы

Р

Қазақша

атауы

Орысша

Атауы

Латынша

атауы

Түрдің статусы
Р№: 1
Қазақшаатауы: Кәдімгі бекіре
ОрысшаАтауы: Шип
Латыншаатауы:

Acipenser

nudiventris

( Lovetzky , 1982)

Түрдің статусы:

Жерсіндірілген,

кәсіптік, сирек, Қызыл кітапқа енгізілген

Р№: 2
Қазақшаатауы: Жалған теңге - балығы
ОрысшаАтауы: Речная абботина
(Лжепескарь китайский)
Латыншаатауы: Abbottina rivularis ( Basilewski , 1855)
Түрдің статусы:

Кездейсоқ

жерсінген, кәсіптік

емес

Р№: 3
Қазақшаатауы: Тыран
ОрысшаАтауы: Лещ
Латыншаатауы: Аbramis brama ( Linnaeus , 1758)
Түрдің статусы: Жерсіндірілген, кәсіптік
Р№: 4
Қазақшаатауы: Шұбар дөңмаңдай
ОрысшаАтауы: Пестрый толстолобик
Латыншаатауы: Aristichtis nobilis ( Richardson , 1846)
Түрдің статусы: Жерсіндірілген, кәсіптік
Р№: 5
Қазақшаатауы: Кәдімгі ақмарқа
ОрысшаАтауы: Обыкновенный жерех
Латыншаатауы: Aspius aspius ( Linnaeus , 1758 )
Түрдің статусы: Жерсіндірілген, кәсіптік
Р№: 6
Қазақшаатауы: Арал қаязы
ОрысшаАтауы: Аральский усач
Латыншаатауы: Barbus brachycephalus brachycephalus ( Kessler , 1872)
Түрдің статусы:

Жерсіндірілген, кәсіптік,

Қызыл Кітапқа енгізілген

Р№: 7
Қазақшаатауы: Бозша мөңке
ОрысшаАтауы: Карась азиатско-европейский
Латыншаатауы: Carassius auratus (Linnaeus, 1758 )
Түрдің статусы: Кездейсоқ жерсінген, аса бағалы емес
Р№: 8
Қазақшаатауы: Ақ амур
ОрысшаАтауы: Белый амур
Латыншаатауы: Ctenopharyngodon idella ( Valenciennes, 1758 )
Түрдің статусы: Жерсіндірілген, кәсіптік
Р№: 9
Қазақшаатауы: Сазан
ОрысшаАтауы: Сазан
Латыншаатауы: Cyprinus carpio (Linnaeus, 1758 )
Түрдің статусы: Жерсіндірілген, кәсіптік
Р№: 10
Қазақшаатауы: Кәдімгі қырлықұрсақ
ОрысшаАтауы: Востробрюшка обыкновенная
Латыншаатауы:

Hemiculter leucisculus

( Bacilewsky, 1846)

Түрдің статусы:

Кездейсоқ жерсінген,

кәсіптік емес

Р№: 11
Қазақшаатауы: Ақ дөңмаңдай
ОрысшаАтауы: Белый толстолобик
Латыншаатауы: Hypophtalmychthys molitrix (Valenciennes, 1844 )
Түрдің статусы: Жерсіндірілген, кәсіптік
Р№: 12
Қазақшаатауы: Балқаш гольяны
ОрысшаАтауы: Балхашский гольян
Латыншаатауы: Lagowskiella poljakowi ( Kessler, 1879 )
Түрдің статусы:

Кездейсоқ жерсінген,

кәсіптік емес, Қызыл кітапқа

енгізілген

Р№: 13
Қазақшаатауы: Тарақ - балық
ОрысшаАтауы: Елец обыкновенный
Латыншаатауы: Leuciscus leuciscus ( Linnaeus, 1758 )
Түрдің статусы:

Кездейсоқ жерсінген,

кәсіптік емес

Р№: 14
Қазақшаатауы: Жетісу гольяны
ОрысшаАтауы: Семиреченский гольян
Латыншаатауы:

Phoxinus percnurus brachyurus

( Berg, 1912)

Түрдің статусы: Кездейсоқ жерсінген, кәсіптік маңызы жоқ, Қызыл кітапқа енгізілген
Р№: 15
Қазақшаатауы: Қытай шабағы
ОрысшаАтауы: Китайский чебачок
Латыншаатауы: Pseudorasbora parva (Temminck et Schlegel, 1846 )
Түрдің статусы: Кездейсоқ жерсінген, кәсіптік емес
Р№: 16
Қазақшаатауы: Қытай кекіресі
ОрысшаАтауы: Китайский горчак
Латыншаатауы: Rhodeus sinensiss ( Gunter, 1756)
Түрдің статусы: Кездейсоқ жерсінген, кәсіптік емес
Р№: 17
Қазақшаатауы: Торта
ОрысшаАтауы: Плотва
Латыншаатауы: Rutilus rutilus (Linnaeus, 1758 )
Түрдің статусы: Кездейсоқ жерсінген, аса бағалы емес
Р№: 18
Қазақшаатауы: Қара - балық
ОрысшаАтауы: Балхашская маринка
Латыншаатауы: Schizothorax argentatus (Kessler, 1874 )
Түрдің статусы: Жерсіндірілген, кәсіптік
Р№: 19
Қазақшаатауы: Көкбас
ОрысшаАтауы: Илийская маринка
Латыншаатауы: Schizothorax argentatus pseudaksaiensis ( Herzestein, 1888 )
Түрдің статусы: Жерсіндірілген, кәсіптік
Р№: 20
Қазақшаатауы: Қытай шырма - балығы
ОрысшаАтауы: Китайский вьюн
Латыншаатауы:

Misgurnus mohoity

(Kessler, 1874 )

Түрдің статусы: Кездейсоқ жерсінген, кәсіптік емес
Р№: 21
Қазақшаатауы: Кәдімгі жайын
ОрысшаАтауы: Обыкновенный сом
Латыншаатауы: Silurus glanis ( Linnaeus, 1758 )
Түрдің статусы: Кездейсоқ жерсінген, кәсіптік
Р№: 22
Қазақшаатауы: Медака
ОрысшаАтауы: Медака
Латыншаатауы: Oryzias latipes (Temminck et Schlegel, 1765 )
Түрдің статусы: Кездейсоқ жерсінген, кәсіптік емес
Р№: 23
Қазақшаатауы: Балхаш алабұғасы
ОрысшаАтауы: Балхашский окунь
Латыншаатауы:

Perca schrenki

(Linnaeus, 1758 )

Түрдің статусы: Жерсіндірілген, аса бағалы емес, Қызыл Кітапқа енгізілген
Р№: 24
Қазақшаатауы: Көксерке
ОрысшаАтауы: Обыкновенный судак
Латыншаатауы: Stizostedion lucioperca (Linnaeus, 1758 )
Түрдің статусы: Жерсіндірілген, кәсіптік, сирек
Р№: 25
Қазақшаатауы: Қытай элеотрисі
ОрысшаАтауы: Китайский элеотрис
Латыншаатауы: Micropercops cinctus (Dabry de Thiersant, 1872)
Түрдің статусы: Кездейсоқ жерсінген, кәсіптік емес

1. 3 Тортаның систематикасы

Тип: Chordata - Хордалылар

Тип тармағы: Vertebrata (Craniata) - Омыртқалылар

Бөлім: Gnathostomata - Жақтылар

Класс үсті: Pisces - Балықтар

Класс: Ostеichthyes - Сүйекті балықтар

Класс тармағы: Actinopterygii - Сәулеқанаттылар

Отряд: Cypriniformes - Тұқытәрізділер

Отряд тармағы: Cyprinoidei - Тұқытектестер

Тұқымдас: Cyprinidae - Тұқылар

Туыс: Rutilus - Торталар

Түр: Rutilus rutilus (L) - Торта [7]

1. 4 Тортаның жалпы сипаттамасы

Торта - жартылай өткінші, негізінен Солтүстік Каспийдің тұщылау аудандарында 10 - 12 0 / 00 - ге дейінгі суларында тіршілік етеді (2 сурет) . Көбею үшін өзендердің атырауларына көтеріледі. Кішігірім топтары Еділ өзенінің бойымен Енотаевка ауылына дейін (жеке дарақтары Волгоград қаласына дейін), ал Жайық өзенімен Чапаев елді мекеніне дейін жетеді. Негізінен Жайық өзенінің сағасынан жоғары қарай 100 - 150 км дейінгі аралықта балықтардың кіруі анық байқалады.

Жамбыл облысының өзендерінде (Талас өзенінің бассейні) жерсіндірілген, нәтижесінде 1958 жылы Билікөл көліне Жайық өзенінің сағасынан 284 дана жерсіндірілген, сонымен қатар 1965 жылы Билікөл көлінен Балқаш - Іле бассейіне әкелінген. Балқашқа әкелінген балықтардың саны туралы мәлімет белгісіз. Бір мәліметтер бойынша 120 дана балық жіберілген десе, ал басқа бір мәлімет бойынша 12 мың әртүрлі жастағы балықтар делінген, ал енді бір мәліметте - 140 мың дана.

Екі бассейнде де торта жақсы жерсінген. Бүкіл Балқаш көлі және Іле өзені мен Қапшағай су қоймасына дейін таралған. Талас бассейнінде, Билікөл көлінен басқа Талас өзені, Ақкөл көлі мен Ащыкөл көлінің тұщылау аудандарына дейін таралған.

Көптеген зерттеушілер солтүстік Каспийде таралған тортаның бірнеше формасын ажыратқан. Караваева Г. А., Дементьевой Т. Ф. және Моностырскийдің Г. Н. т. б. зерттеулері көрсеткендей солтүстік Каспийдегі торта морфологиялық айырмашылықтары бар топтар құрамайды. Балықтардың әртүрлі топтарға бөлініп таралуы тіршілік ортасының жағдайына байланысты [8, 9] .

Талас өзені мен Балқаш - Іле бассейніне жерсіндіргеннен кейін торта балығы бастапқы формасына қарағанда айтарлықтай морфологиялық өзгешеліктерге ұшырады. Жаңа тіршілік ортасына келгеннен кейін көптеген белгілерінің ауытқулары пайда болды. Сонымен, Балқаш көлі және Солтүстік Каспий тортасын салыстырғанда В. С. Башунов 17 аналық және 21 аталық балықтың 14 - нен айырмашылықтар тапқан [10] . Балқаш көлі мен Қапшағай суқоймасының тортасы Жайық өзеніндегі формасымен қоса аралық Билікөл көліндегі формасынан да біршама ауытқыған.

Айтылған морфологиялық өзгешіліктер торта балығын жерсіндіру кезінде жаңа тіршілік ортасына бейімделуімен, баяу қозғалу тіршілігімен, қоректену мінез - құлқының өзгеруіне байланысты. Солтүстік Каспий тортасына өзіндік жастық өсуі және жыныстық өзгергіштік тән. В. С. Башунов бойынша Батыс Балқаш тортасының жасы үлкейген сайын зерттелген қырық көрсеткіштердің жартысына жуығы өзгеріске ұшырайды, сонымен бірге басы мен тұмсығының ұзындығы, көзінің диаметрі қысқарған, ал көзінің артқы бөлігі, басының биіктігі және денесінің ең биік жері ұлғайған, желбезек жарғақтары және бүйір сызығындағы қабыршақ саны өскен, ол өз кезегінде Солтүстік Каспий тортасына да тән [11] . Айтылған жастық өзгергіштікті И. А. Пивнев Ақкөл тортасы (Талас бассейні) үшін де сипаттаған [12] .

Балқаш тортасының жыныстық диморфизмі айтарлықтай емес, бірақ жасы ұлғайған сайын байқалады. Алғаш жынысты жетілген даралар тек екі белгімен ажыратылады: аталықтарында денесінің максимальді биіктігі төмен және арқа қанатының биіктігі жоғары. Одан үлкен балықтардың жыныстық айырмашылықтары көбірек: аталықтарында денесінің максимальді биіктігі, анальалды және пектовентральді арақашықтығы, дененің қалыңдығы төмен, ал көзінің диаметрі, арқа қанатының биіктігі, кеуде қанатының биіктігі салыстырмалы түрде жоғары.

Каспийде тортаның максимальді өлшемі 1930 жылдың бас кезінде ұзындығы 50 см және салмағы 1, 5 кг жеткен. Одан кейінгі он жылдықта кейбір дарақтардың салмағы 800 гр дейін жеткен, бірақ өте сирек. Теңізде ұсталған тортаның негізінен орташа өлшемі анағұрлым төмен болған. Сонымен, 30 - шы жылдары Солтүстік Каспийдің Шығыс аудандарынан ауланған тортаның орташа ұзындығы (құйрық жүзбеқанатынсыз) 17 мен 19, 4 см аралығында ауытқыған, ал 60-шы жылдары бұл көрсеткіш 16 - 19 см болды, яғни еш өзгеріссіз. Еділ мен Жайық өзенінің сағасынан ауланған балықтардың (құйрық жүзбеқанатынсыз) ұзындығы 22 см дейін және салмағы 200 гр дейін болған.

Ең үлкен дарақтар - 35 см және салмағы 1000 гр дейін соңғы жылдары Балқаш көлінен ауланған, бұл өлшемнен кішілеу балықтар Қапшағай суқоймасынан ауланған (2 кесте) . Әдетте аналықтары аталықтарынан ірілеу. Өрістеу кезінде аналық балықтардың денесін эпителиальді бүршіктер жабады («неке сәні») [13] .

2 кесте

Тортаның Қазақстан суқоймаларындағы максимальді өлшемдері

Суқойма

Дене

ұзындығы, см

Дене салмағы, г
Автор, жыл
Суқойма:

Солтүстік Каспий

Балқаш

Іле өз. Атырауы

Қапшағай суқоймасы

1976

1978

Билікөл, 1962-1963

Денеұзындығы, см:

30, 0

35, 0

30, 0

32, 5

33, 4

28, 0

Дене салмағы, г:

400

1000

630

890

800

450

Автор, жыл:

Казанчеев, 1981

Анциферова, 1974

»

Дукравец, 1982

»

Дукравец, 1964

плотва

3 сурет. Торта балығының көрінісі

1. 5 Биологиясы

Торта бірнеше түршелерден тұрады, олардың біраз бөлігінің таралуы толығымен тұщы суға байланысты. Басқалары толығымен немесе жартылай өткінші болып келеді. Бірінші топқа әдеттегі торта - Rutilus rutilus typ ., сібір тортасы - Rutilus rutilus lacustris , кавказ тортасы - R. rutilus schelkovnikovi және т. б. жатады [13] .

Тортаның көлемі 25 см аспайды, тек кейде ұзындығы 30 см - лік даралары кездеседі. Олар әдетте көлдер мен ағысы баяу өзендерде, өсімдіктердің арасында тіршілік етеді. Уылдырық шашуы көктемде, мамыр айында, су температурасы 10 0 С болғанда шашады. Уылдырық әдетте алдыңғы жылғы су өсімдіктері мен өсімдік қалдықтарына салынады. Уылдырықтарының жабысқақтығы нашар. Тұқымдылығы 5 мыңнан 100 мың уылдырық арасында өзгеріп отырады. Инкубациялық кезең 4 - 5 күн. Шыққан дернәсілдер сарыуыз қапшығы таусылғанға дейін өсімдіктерге жабысып қозғалыссыз тіршілік етеді. Сарыуыз қапшығы таусылғаннан кейін шабақ алдымен зоопланктонмен, кейін екінші жылынан бастап және ересек күйінде су өсімдіктерімен, буынаяқтылардың личинкаларымен, моллюскалармен қоректенеді. Көбіне жаз мезгілінде белсенді қоректенеді. Қыста әдетте қоректенуін тоқтатады. Тұщы су тортасы жартылай өткінші түрлерге қарағанда нашар өседі [14] .

1. 6 Көбеюі, жасы мен өсуі

Тортаның жыныстық жетілуі барлық балықтарда бірдей емес, жастық құрамы бірдей балықтардың өзінде де жыныстық жетілуі әртүрлі, соның ішінде аталықтары жынысты жағынан аналықтарынан бір жыл бұрын жетіледі. Солтүстік Каспийдегі өрістейтін балықтардың жасы 2 - 5 жас аралығы, бірақ жартысына жуығы 3 жылда жыныстық жетіледі. Солтүстік Каспийдің Шығыс бөлігінде торта балығы батыс бөлігімен салыстырғанда жынысты жағынан кеш жетіледі ал, Жайық үйірінде 3 - 4 жылда жетіледі.

Басқа суқоймаларға жерсіндіргеннен кейін тортаның жыныстық жетілуі өзгермеген. Талас бассейнінің көлдерінде тортаның басым бөлігі 3 жылда, жиі - 2 жылда жыныстық жетіледі, ал жерсіндіргеннен кейін жеке аталықтар 1+ жасында жыныстық жетілген. Балқаш көлінде тортаның басым бөлігі 3 жылда, бірақ кей топтары (әсіресе аталықтары) - 2 жылда жынысты жетіледі, алғаш жыныстық жетілген аналық балықтардың ұзындығы 16 - 17 см, аталықтары 13 - 15 см болған. Балқаш көліне жерсіндіргеннен кейін торта балығының жыныстық жетілуі баяулады және алғаш жыныстық жетілген балықтардың жасы 6 жылға жетті.

Қапшағай суқоймасына алғаш жерсіндірген жылдары уылдырық шашуға 2 - 3 жаста, жеке дарақтары - 1+ және 4 жасында шыққан. 1982 - 1983 жылдары бұнда тортаның жыныстық жетілуі алдыңғы жылдщармен салыстырғанда бір жылға кейін шегінген, басым бөлігі 3 жаста жыныстық жетілген (45 - 56 %), (10 - 30 %) - 4 жаста, кейбір дарақтары 5 жаста жыныстық жетілген. Мүмкін бұл популяциядағы балықтар санының көбеюі және олардың өсу жылдамдығының баяулауынан болар. Торта полициклді уылдырық шашатын балық, көбеюге негізінен тіршілік барысында 5 - 6 рет қатысады. Негізінен басым бөлігі ұзындығы 12 - 20 см жеткенде жыныстық жағынан жетіледі. Торта популяциясындағы даралардың жыныстық арақатынасы көп жағдайда 1:1 тең.

Солтүстік Каспийде өндіруші балықтардың теңізден өзенге уылдырық шашуға өрістейтін екі түрі бар: күздік және көктемдік. Күзде (қыркүйек - қазан айларында) торталар жағаға жиналып қараша айында тереңдігі 1, 5 м дейін суларда жиналады. Аналық және аталықтарының гонадаларының пісіп - жетілуі III сатысында болады. Жайық өзенінің сағасында аналықтардың жынысты жетілу коэффициенті 3, 4 - 13, 7%, орташасы 7, 3 %, ал аталықтарында 0, 9 - 403%, орташасы 2, 5 % - ға тең. Өндіруші балықтар өзеннің сағасында немесе атырауында қыстап шығады, жоғары көтерілмейді.

Тортаның көктемдік түрінің өрістеуі әдетте наурыз айының соңы мен сәуір айының басында, су температурасы 2 - 4 0 С болғанда басталады. Жалпы өзенге кіруі бір жарым айға созылады. Жаппай кіруі сәуір айының екінші жартысы мен мамыр айының басында су температурасы 7 - 11 0 С болғанда жүреді. Жайық өзенінде торта өзен сағасынан 60 - 90 км дейін көтеріледі. Көктемдік кіру кезінде аналық гонадаларының пісіп - жетілу сатысы 5, 5 - 21 %, орташасы 11, 7 % тең, ал аталықтарының гонадаларының пісіп - жетілу коэффициенті 2 - 9, 5 %, орташасы 4, 8% тең [11] .

Торта балығының шектік жасы 11 - 12 жас [13] . Бірақ, 9 - 10 жаста торта көбеюін тоқтатады, жыныс өнімдері дамымайды.

Қазіргі кезде табиғи ареалда торта балығының 9 жастан үлкені кездеспейді. Өрістеуші тобырларда әдетте 3 - 5 жастағы балықтар басым болады [14] . Билікөлге тортаны жерсіндіргеннен кейін 11 - 12 жыл өткен соң, 1969 - 1970 жж. 7 жастан жоғары жас кездеспеді. Балқашқа жерсіндірге 7 - 8 жыл болғанда, 1972 - 73 жж. торта балығының максимальді жасы 7 болды, ал ең көп 2 - 5 жастағы балықтар кездесті. Қапшағай суқоймасына жерсіндіргеннен кейінгі 15 жыл бойғы зерттеулер нәтижелері бойынша максимальді кездескен 9 жас болса, оның ішінде 3 - 5 жастағы даралары басым болды.

Тортаның жерсіндіргеннен кейінгі өсуі алғашқы жылдары қарқынды болды, кейін өсуі баяулады. Қапшағай суқоймасындағы тортаның өсу қарқыны 3 кестеде көрсетілген.

3 кесте

Қапшағай суқоймасындағы торта балығының өсу қарқыны, см

Жыл
l 0+
l 1
l 2
l 3
l 4
l 5
l 6
l 7
Саны, дана
Жыл: 1973
l0+: 4, 7
l1: 8, 5
l2: 14, 2
l3: 18, 2
l4: 21, 7
l5: -
l6: -
l7: -
Саны, дана: 5
Жыл: 1975
l0+: 4, 8
l1: 9, 1
l2: 14, 1
l3: 17, 1
l4: 21, 0
l5: 24, 9
l6: -
l7: -
Саны, дана: 43
Жыл: 1976
l0+: 5, 4
l1: 10, 0
l2: 15, 3
l3: 20, 2
l4: 23, 0
l5: 26, 2
l6: 28, 0
l7: 30, 0
Саны, дана: 129
Жыл: 1977
l0+: 4, 5
l1: 8, 8
l2: 13, 3
l3: 18, 2
l4: 22, 4
l5: 26, 4
l6: 28, 5
l7: 30, 3
Саны, дана: 58
Жыл: 1978
l0+: 4, 8
l1: 9, 1
l2: 13, 4
l3: 17, 9
l4: 22, 1
l5: 25, 3
l6: 28, 6
l7: -
Саны, дана: 177
Жыл: 1979
l0+: 4, 3
l1: 8, 1
l2: 11, 9
l3: 15, 6
l4: 19, 3
l5: 22, 2
l6: 24, 6
l7: 26, 6
Саны, дана: 169
Жыл: 1981
l0+: 4, 9
l1: 9, 1
l2: 13, 7
l3: 18, 4
l4: 22, 6
l5: 25, 6
l6: 28, 8
l7: 31, 0
Саны, дана: 48
Жыл: 1982
l0+: 5, 4
l1: 10, 6
l2: 15, 5
l3: 19, 7
l4: 23, 7
l5: 27, 2
l6: 29, 2
l7: 30, 6
Саны, дана: 300
Жыл: 1983
l0+: 4, 1
l1: 7, 9
l2: 11, 6
l3: 15, 0
l4: 19, 4
l5: 23, 9
l6: 26, 4
l7: 28, 7
Саны, дана: 79
Жыл: 1984
l0+: 4, 0
l1: 7, 5
l2: 11, 5
l3: 15, 1
l4: 18, 8
l5: 22, 6
l6: 25, 5
l7: 27, 9
Саны, дана: 85

1. 7 Тортаның қоректенуі мен қоңдылығы

Торта - қорек талғамайтын балық. Оның қорек рационына 40 - тан астам компонент кіреді, бірақ негізгі қорегі шаянтәрізділер, моллюскалар мен өсімдіктер.

Ашық теңіздерде ересек тортаның негізгі қорегі қосжақтаулы моллюскалар (қоректегі орташа массасы шамамен 35%), ауа буынаяқтылары (24, 5%), және бүйірімен жүзушілер (23, 2%) ; теңіз жағалауларында - балдырлар (барлық қоректің 59%) және моллюскалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
Қапшағай су қоймасында мекендейтін тыран балығының биологиялық сипаттамасы және кәсіпшілік маңызы
Қапшағай суқоймасындағы кейбір бөгде балықтардың таралуы
Шардара суқоймасындағы сазан (Сyprinus carpio aralensis) балығының морфологиясы
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы
Кәдімгі тарақ балық
Қапшағай суқоймасының аборигендік ихтиофаунасына сипаттама
Қапшағай қаласының экологиялық жағдайы
Күміс мөнке балығының таралуы
Іле өзенінің төменгі атырауының кәсіптік балық түрлерінің популяциясының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz