Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы



Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәлімет-тер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхат-шылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей кезімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныс-тардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен.
Қазақстанның еткендегісін ғылыми зерттеуде I Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге жапсарлас жатқан Қазақстан жерін зерттеу максатымен колданылған шаралар маңыз-ды рөл атқарды. Осы әрекеттердің нәтижесінде 1707 жылы Тобыл бояры-ның ұлы С. Ремезов жазған «Сібірдін сызба кітабы» жарық көрді. Онда гео-графиялық деректермен катар, қазақ даласының археологиялык ескерт-кіштері туралы мәліметтер де келтірілген.
Келесі археологиялыққызықты мәліметтер 1733 жылы Сібірге академик Г. Ф. Миллердің баскаруымен жасалған бірінші академиялық экспедиция-ның есептерінде айтылған. Экспедиция кұрамында белгілі ғалымдар Л. Де-лаклоер, И. Фишер, геодезистер А. Красильников, А. Иванов, М. Ушаков жұмыс істеген еді.
1768—1774 жылдары Еділ бойының Оралдың, Сібір мен Қазақстанның тарихын, географиясын және олардағы халықтардың этнографиясын зерт-теу мақсатымен ұйымдастырылған екінші академиялық экспедиция Қазақ-станда археологиялық зерттеу ісін жалғастырды. Экспедицияға сол кездегі аса көрнекті ғалымдар П. С. Паллас, И. П. Фальк, И. Г. Георги, П. И. Рыч-ков, X. Барданес қатысты.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейде Орталық және Шығыс Қазақ-станның табиғи байлықтарына қызығушылык күшейе түсті. Геологтар, кен инженерлері жол-жөнекей көненің көздеріне де назар аударып, оларды

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Ертедегі және орта ғасырлардағы қазақстан тарихнамасы

Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәлімет-тер
орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхат-шылардың
еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей кезімен көрген
немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз
замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныс-тардың жұрттарын,
оқиғаларды айтып кеткен.
Қазақстанның еткендегісін ғылыми зерттеуде I Петрдің көне мұраларға ұқыпты
қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның
бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге жапсарлас жатқан Қазақстан жерін
зерттеу максатымен колданылған шаралар маңыз-ды рөл атқарды. Осы
әрекеттердің нәтижесінде 1707 жылы Тобыл бояры-ның ұлы С. Ремезов жазған
Сібірдін сызба кітабы жарық көрді. Онда гео-графиялық деректермен катар,
қазақ даласының археологиялык ескерт-кіштері туралы мәліметтер де
келтірілген.
Келесі археологиялыққызықты мәліметтер 1733 жылы Сібірге академик Г. Ф.
Миллердің баскаруымен жасалған бірінші академиялық экспедиция-ның
есептерінде айтылған. Экспедиция кұрамында белгілі ғалымдар Л. Де-лаклоер,
И. Фишер, геодезистер А. Красильников, А. Иванов, М. Ушаков жұмыс істеген
еді.
1768—1774 жылдары Еділ бойының Оралдың, Сібір мен Қазақстанның тарихын,
географиясын және олардағы халықтардың этнографиясын зерт-теу мақсатымен
ұйымдастырылған екінші академиялық экспедиция Қазақ-станда археологиялық
зерттеу ісін жалғастырды. Экспедицияға сол кездегі аса көрнекті ғалымдар П.
С. Паллас, И. П. Фальк, И. Г. Георги, П. И. Рыч-ков, X. Барданес қатысты.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейде Орталық және Шығыс Қазақ-станның
табиғи байлықтарына қызығушылык күшейе түсті. Геологтар, кен инженерлері
жол-жөнекей көненің көздеріне де назар аударып, оларды сипаттап, жазып
отырды, сөйтіп бұл аудандардың ескерткіштері туралы мәліметтер қорын
молайта берді.
XIX ғасырдың орта шеніне қарай негізінен Орталық, Солтүстік және Шығыс
Қазақстан бойынша едәуір материал жинақталды.
Әрине, сол кезеңге карағанда, археологиялык, ескерткіштердің шын мәніндегі
ғылыми зергтелуі женінде айтуға болмайды. Көбіне кездей-соқ, мақсатты
зерттеулер нәтижесінде емес, жол-жөнекей алынған мәліметтердің бастапқы
жинақталу фактісін ғана атап өтуге болады. Қазба жүмыстары жайында да
байсалды сөз етуге болмайды. Кейбір ғалымдар қорғанды қазып көруге әрекет
жасады, бірақ казба жұмыстарын жүргізудің әдістемесі біолмағандықтан,
алдарына қойған мақсат-міндеттері болмады да, сондықтан олар заттарды
жинаумен ғана айна-лысты. Алайда ескерткіштерді тіркеу, олардың картасын
жасау, белгі-леу фактілерінің жасалғаны рас, олар істеген жүмыстың
құндылығы да міне осында. Бүл салада сол кезде аткдрылған жұмыстың көбі
бүгінгі таңда да өз маңызын хоғалткан жоқ.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазак даласындағы көненің көздері
Археологиялық комиссияныи, Тарих мүражайынын, Мәскеу археологиялық қоғамы
мен Ресейдің баскд да орталық ғылыми мекемелерінің назарын аудара бастады.
Сырдария (Түфкістан) және Жетісу облыстары құрамында Түркістан генерал-
губернаторілығының құрылуына байланысты жана өлке-ге, соның ішівде оның
өткеқщегіеіне ден қою күшейе түседі.
Талғар қаласының орнын, Шеңгелдінің кираған үйіндісін суреттеп, Ш. Ш.
Уәлиханов Жетісу тарихының археологиялық ескерткіштері туралы маңызды
жазбалар калдырды.
1862 жылы Қазақстанда В.. В. Радлов археологиялық жүмыстар жүргізе бастады,
қола ғасыр көмбелерін алғаш рет ғылыми негізде қазу жұмыста-рын жүргізу ісі
соның гсімімен байланысты. В. В. Радлов солтүстік-шығыс Қазақстан мен
Сібірдін. ертедегі ескерткіштерін топтауды және кезең-ке-зеңге бөлуді
ұсынды. Бұл аудандар мәдениетінің тарихын ол мыс және қола ғасыры, ертедегі
темір ғасырьп, жаңа темір ғасыры және ертедегі орта ғасы-рлар кезендеріне
бөдді. Бұл ғалымның еңбектері Қазақстан археологиясы-ның ілгері басқан
үлкен кдцамы болып, оны дамыта түсті.
1867 жылы Археологиялык комиссияның тапсыруымен орыстың белгілі
шығыстанушысы П. И.ЛерхТүркістан өлкесін зерттеді. Ол Сырдария бойы-ндағы
Сауран, Сығанак калаларының орындарын қарап шықты, Талас алка-бының
бірқатар қалаларынын, орындарында болып, Жанкент каласының орнын қазды. Ол
өзі кездестірген ескерткіштерді тіркеумен, мұқият сипат-таумен қоса, олар
туралы жазбаша хабарларды іріктеп, осы үзіндірлерге тал-дау жасады және
түсініктеме берді. Жазбаша деректемелердің мәліметтерін өзінің
археологиялық олжалаірымен салыстыра келіп, ол қираған орындар-ды нақты
тарихи қалалармен баламалады.
1893—1894 жыддарда В. В.. Бартольдтың осы аймаққа іссапармен келуі
археологиямен шығыстану ісін дамытуда зор рөл атқарған оқиға болды. Ол Шу
және Талас алқабының, Ыстықкөл ойпаты мен Іле өзені алқабының
ескерткіштерін көріп шықгы.. Ол жазған Ғылыми мақсатпен Орта Азияға
сапар туралы есеп осы кезге дейін тарихи ақпараттың үлгісі болып қалып
отыр. Көптеген жазбаша деректемелерге сүйене келіп, В. В.. Бартольдтың
зерттеген ауданының топографиялық көрініс сүреттеп, археологиялық жағынан
болашағы зор ескерткіштерді анықтады және оларды орта ғасырдағы белгілі
қалалармен салыстырды. Атап айтқанда, ол Таразды Әулиеата (Жам-был) орнында
деп белгіледі. В. В. Бартольдтың материалдары Қазақстанның оңтүстігі мен
Қырғызстан халықтарының өткен тарихының пердесін ашып берді. 1895 жылы
Ташкентте күрылып, жергілікті зиялылардың өлкенің өткеніне, оның тарихына,
сәулет және өнер ескерткіштеріне ден қоятын екіддерін, әскери адамдарды,
чиновниктерді біріктірген археология әуесқ-ойларының Түркістан үйірмесінің
ұйымдастырылуы соның есімімен бай-ланысты.
XX ғасырдың басында құрылған Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір, Семей
және Орынбор бөлімдері, Орынбор ғылыми архив комиссия-сы Орталық, Солтүстік-
Шығыс Қазақстанды археологиялык зерттеу ісінде елеулі рөл атқарды. Соның
нәтижесінде ХІХ-ХХ ғасырдың басында нақ-тылы, мол материал жинақталып, ол
кейбір дәрежеде жүйеге келтірілді. Көненің көздерін қорғау жөнінде де
шаралар қодданылды. Сол кездегі ес-керткіштердің көбісі қазір жойылып,
қиратылып жіберілген, алғашқы зерт-теушілердің ынта-жігері арқасында ғана
бүгінгі танда ғылымда олар туралы мәліметтер бар.
1917 жылғы революциядан кейін археологиялык зерттеулер жалғасты-рылды,
бірақ олар енді мемлекеттік негізде жүргізілді- 1919 жылы Матери-алдық
мәдениет тарихы академиясы, ал 1920 жылы Мұражайлар және енер, табиғат,
көне ескерткіштерді қорғау істері жөніндегі Түркістан комитеті құрылды. В.
В. Бартольдтың ұсынысы бойынша, комитеттің ең таяудағы міндеті
археологиялық карта жасау болды. Сөйтіп ежелгі ескерткіштерді есепке
алудың, зерттеудің, сактаудың негізі кдланды.
Революциядан кейінгі алғашқы жылдардағы еңбектер ішінде археолог-тар П. П.
Ивановтың Сайрамда және В. Д. Городецкийдің Жетісуда, Қазақ-станның
оңтүстігінде жүргізген зерттеулері, Орта Азияның ертедегі тари-хын ең ірі
зерттеуші М. Е. Массонның Сайрам кала жұртына және Түркістан-дағы Ахмет
Иассауи кесенесіне арналған мақалалары бар. Батыс Қазақста-нда 1926 жылы М.
П. Грязновтың I Киргильд пен II Киргильд қабірлерін, Орал сайды, Қүнанбай
сайды ашып, кдзба жұмыстарын жүргізуі бай мате-риал берді және андронов
мәдениеті тек Батыс Сібірге ғана тән деп орныққан пікірді өзгертті.

30-жылдары бірқатар ірі экспедициялардың зерттеулері республиканың кептеген
аудандарын қамтыды. Археологияны тарих ғылымының дербес бөліміне біржола
айналдыру ісі жүргізілді.
Олардың ішінде П. С. Рыков, О. А. Кривцова-Гракова, С. С. Черников басшылық
еткен экспедициялар бар.
Сарыарқаның ежелгі ескерткіштерін және әсіресе ертедегі кен ісі мен мыс
балқыту өндірісін зертгеуде Қ. И. Сәтбаев маңызды рөл аткарды.
Осы жылдарда Қазақстан галыми мекемелерінің қызметі жандана түседі.
Қазақстанның Орталық музейі ескерткіштерді тіркеу, кездейсок табылған
олжалардың есебін алу ісін және шағын қазба жүмыстарын жүзеге асыра-ды.
Баспасезде Көксу езеніндегі каланың орны туралы және Жетісудағы
ескерткіштер туралы мақалалар шығады. 30-жыддардағы археологиялық
жұмыстарда Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігіндегі экспедициялық зерт-теулер
жетекші орындардың бірін алады, оларды А. Н. Бернштамның бас-шылығымен
Ғылым академиясының Қазақ филиалымен бірлесе отырып, КСРО ҒА-ның
Материалдық мәдениет тарихы институты үйымдастырған еді. Соғыс алдында
далада өткізілген төрт жылдық зерттеу маусымы ара-лығында (1936—1940 жж.)
Жетісу археологиялық экспедициясы бірқатар калалардың орнына кең көлемде
барлау және түрақты казба жұмыстарын жүргізді. Ортағасырлық Тараз кдласы
орнында жүргізілген кең аукымды қазба жұмыстарының және оның округіндегі
ескерткіштерді зерттеудің нәтижелері бойынша осы ауданнын археологиялық
материалдарын кезең-дерге бөлу үсынылып, қала дамуының негізгі сатылары
белгіленді, онын округінің қалыптасу жолдары анықтадды. Қазақстан
археологиясы үшін бұл ортағасырлық қаланы кешенді түрде тарихи-
археологиялық зерттеудің тұңғыш тәжірибесі болатын.
А. И. Бернштамның мақалаларында жаңа материалдар жарияланып қана қоймай,
сонымен бірге ортағасырлық қала тарихының, Қазақстанның оңтүстігі мен
Жетісудың отырықшы және көшпелі халықтарының өзара әрекетінің аса маңызды
проблемалары, каланың калыптасу мәселелері мен оның мәдени-тарихи
байланыстары, сондай-ақ тарихи топографиясы белгі-леніп, ішінара шешілді.
1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясының кұрылуына байланыс-ты
археологиялық жұмыстардың көпшілігін Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих,
археология және этнография институтының археология бөлімі жүргізді. Сол
кезден бастап археологиялық зертгеулер ауыртпалығының орталығы Алматыға
ауысады, Қазақ археслогия мектебі калыптасады. Жал-пы 1946 жыл Қазақстан
археологиясының дамуындағы жаңа кезеңнің басы болды.
Қүрылған бөлімнің алғаш ұйымдастырған археологиялык экспедиция-сы Орталық
Қазакстан экспедициясы (ОҚАЭ) болды, оны сол кезде акаде-мик Ә. X. Марғұлан
баскдрды. Бүл экспедиция осы кезге дейін Сарыарқа-дағы көненің көздерін
үнемі іздестіріп, зерттеп келеді.
Ә. X. Марғұлан экспедициясының жүмысы жер аумағымен ғана емес, сонымен
катар зерттелетін ескерткіштердің хронологиялықдиапазонының кендігшен де
ерекшеленді. Экспедиция неолит және энеолит дөуірлерінің тұрақтарын,
андронов және дәндібай-бегазы мәдениеттеріиің қоныстары мен зираттарын, б.
з. б. VII—I ғасырлардағы жерлеу ғимараттарын, түрік заманы қорғандарын,
ортағасырлық қалалар мен қоныстарды тауып, зерт-теді және кдзу жұмыстарын
жүргізді. Ә. X. Марғұлан орта ғасырларда Ор-талық Қазакстанның көшпелілер
елі ғана емес, сонымен катар отырыкхиы және қала мәдениеті орталықтарының
да бірі болғанын дәлелдеп берді. Мұнда Нұра және Сарысу алқаптарында,
Үлытау етегінен қолөнерінің, сауда мен егіншіліктің орталықтары болған
ортағасырлык қоныстар мен калала-рдың калдыктары табылды. Олар түсті
металдар — мыс, қалайы, күміс өндіріп, балқыту орындары ретінде ерекше
маңызды болды.
Соғыстан кейінгі екінші ірі экспедиция — А. Н. Бернштам мен Е. И. Агее-ва
басқарған Оңтүстік Қазақстан экспедициясы. Оның жұмысының қоры-тындысы
Отырар оазисіндегі, Шу-Талас өзендерінің аралығындағы, Қар-атаудың
солтүстік беткейіндегі, Сырдария алкабындағы қалалар мен коны-стар
орындарының үлкен тобын зерттеу, картаға түсіру болды. Қала орын-дарын
зерттеу мен керамиканы топтау түйінді мәдени-тарихи кезендер ту-ралы,
қолөнер мен сауданың даму деңгейі туралы пікір айтуға мүмкіндік берді.
1945 жылдан бастап, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы-мен және
Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясымен қатар дерлік КСРО Ғылым
академиясының С. П. Толстов басшылық еткен Хорезм архе-ологиялық-
этнографиялық экспедициясы Қызылорда облысында археоло-гиялық зерттеу ісін
жүргізді.
1947 жылдан С. С. Черниковтың басшылығымен Шығыс Қазақстан ар-хеологиялық
экспедициясы жұмыс істей бастайды. Экспедицияның негізгі міндеті Өскемен
және Бұқтырма су электр станцияларының салынуына байланысты су астында
қалатын аймақта орналаскдн ескерткіштерді анық-тап, зерттеу болатын. Мұнда
неолит дәуірінен ортағасырларға дейінгі көпте-ген ескерткіштер анықталып,
Шығыс Қазақстанның тарихи өткендегісін сипаттайтын материал алынды.
1954 жылы Тарих, археология және этнография институты болашақта Қапшағай су
электр станциясының суы астында қалатын аймакты зерттеу мақсатымен К. А.
Ақышев бастаған Іле археологиялық экспедициясын ұйы-мдастырды. Алғашқы бір
маусымның өзінде-ақ экспедиция сақгар мен усун-дер дәуірінің қорған
обаларының үлкен тобын тапты.
Қазақстан археологиясының 50-жылдардың орта шеніндегі аса жарқын
жаңалыктарының бірі Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда ежелгі палеолиттік
тұрғын жайдың табылуы болды. Оларды геолог Г. Я. Ярмак пен археолог X. А.
Алпысбаев тапқан еді. Бұл жаңалық Қазақстан археологиясындағы жаңа бағыттың
— палеолитті зерттеудің негізін қалады.
Жалпы алғанда, 40-жылдардың аяғы мен 50-жыддар археологиялық зерт-теулердің
кең өрістеуімен есте калды. Олар Қазакстанның негізгі аймақта-рының бәрін
дерлік қамтып, жұмыс аясына мейлінше әр түрлі хронология-лық ауқымдағы
ескерткіштерді енгізді. Бұл жылдардағы маңызды жаңалық-тар арасында
Қазақстанның оңтүстігіндегі палеолит ескерткіштері, Іле өзені аңғарындағы
сақтар мен усундердің қорғандары, Таңбалытас шатқалындағы жартастағы
суреттер бар. Іле өзеніндегі Бесшатыр обасын, Сырдарияда Шардара
шатқалындағы үңгір көмбелерін қазу жұмыстары сол кезде баста-лып, Баба-Ата
камалындағы қазу жұмыстары аяқталды.
Ескерткіштерді зертгеумен Қазақстан ғалымдарымен бірге .Мәскеудің және
Ленинградтың белгілі археологтары С П. Толстов, А. Н. Бернштам, С. С.
Черников, В. С. Сорокин айналысты. 1960 жылы Қазақстан археоло-гиялық
картасының шығарылуы Қазакстан археологиясының дамуындағы 1946 жылы
басталған маңызды кезеңнің өзінше бір қорытындысын шығар-ды, ол кеп
жылдарға созылған кең аукымды археологиялык жұмысты қорытып, оның ең
перспективалы бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді.
Қазақстан археологиясы дамуының келесі кезеңі 60-70-жылдарды қа-мтиды. Жаңа
ескерткіштерді анықтап, оларды алғаш суреттеуге байланыс-ты зерттеулерді
кеңейтіп қана қоймай, көп жылдар бойы тұрақты қазуды ұйымдастыру жолымен
терендете зерттей түсу үрдісі жүріп жатты. Ә. X. Марғұлан, ал одан соң М.
Қ. Қадырбаев, С. М. Ақынжанов бастаған Орта-лық Қазақстан археологиялық
экспедициясы бұрынғысынша қола және ерте темір дәуірлерінің ескерткіштерін
зерттеуді езінің басты міндеті деп бідді. Тасмола мәдениетінің обалары,
Тасмола және Нұрманбай шаткалдарында андронов ескерткіштері және қола
дәуірінің 30 қонысы зертгелді. Олардың қатарында Атасу, Ортау, Бұғылы, Ақсу-
Аюлы, Байбала, Жамантас, Тағы-бай-Бұлак қоныстарына жан-жақты
археологиялык, сипаттама жасалынды.
Солтүстік Бетпакдалада - Аксай, Сартабан обалары, Атасу алкабында -Қараөзек
обасы, сондай-ақ кен орындары зерттеліп жатты. Қаркаралы ау-даны мен
Баянауыл тауларында көптеген андронов ескерткіштері табылып, зерттелді.
Орталык Қазақстанның ежелгі мәдениетгері туралы монографи-ялар Шағалалы
қонысын кеп жыл бойы казу жұмыстарының нәтижесі бол-ды. Ә. X. Марғұланның
бегазы-дәндібай мәдениетіне арналған жұмысы іргелілігімен ерекшеленеді, ал
ол мәдениетгі ғалым андрон мәдениетінің жалғасы деп санаған еді.
Кең келемді казу жүмыстары, Солтүстік Қазақстанда казып алынған
материалдарға мұқият талдау жасау Г. Б. Здановичтің оларды жаңа кезең-дерге
бөліп, хронология жасауды ұсынуына мүмкіндік берді. Мол дерек жинап алған
В. В. Евдокимов қола дәуіріндегі Орталык Қазақстанның эко-номикасы мен
халқының демографиясы проблемаларын зерттеді.
X. А. Алпысбаев Қазақстанның оңтүстігінде, Қаратау шатқалдарында, Сырдария
алқабында тас ғасыр ескерткіштеріне жеделдете зерттеу жүргізді. 1979 жылы
жарыққа шыккан монография сол жұмыстың нәтижесі бола-тын, онда палеолиттік
Бөріказған, Кемер, Қызылрысбек, Тоқалы, Дарбаза тұрақтары мен басқаларының
материалдары жарияланды. Солтүстік Балкаш өңірінің орталық бөлігіндегі
палеолиттік тұрактарды А. Г. Медоев басшы-лық еткен топ зерттеді.
Бұл жылдарда Батыс Қазақстаннан, Маңғыстаудан тас дәуірінің түрақ-тары
табылып, зерттелді. Ертіс еңірінде, Павлодар облысында неолиттік тұрақтар
жоспарлы түрде зерттеліп, қазыла бастады. Бұлар - Пенька келі үлгісіндегі
тұрақтар.
Жетісудағы сақтар мен усундердің ескерткіштерін зерттеу жөніндегі жүмыстар
да 60-жылдары одан әрі жалғастырылды (Жетісу археологиялық экспедициясы).
Іле алқабының сақтары мен усундері мәдениетіне арналған монографиясында К.
А. Акышев сақтар мен сақ мәдениетінің шығу мәсе-лелерін қарастырды, жебе
ұштарын хронологиялық жағынан топтастырып берді. Г. А. Кушаев Жетісудағы
усун мәдениетін кезендерге белу сатыла-рын белгіледі20. Есік қорғанындағы
кембенің ашылуы Қазақстан архео-логиясында дүниежүзілік маңызы бар даңқты
окиға болды, одан табылған олжалар сақтар мәдениетін, олардың мифологиясын,
өнерін, жазуын, әле-уметтік құрылысын зерттеуге тың тыныс берді.
Орталық Қазақстандағы тасмола мәдениеті деп аталып кеткен сақ мәде-
ниетінің ескерткіштерін М. Қ. Қадырбаев зертгеді. Ғалым бұл мәдениеттің
ерекшеліктерін көрсетіп, кезендерге бөлу мәселелерін талдап шешті, ежелгі
тайпалардың шаруашылығына талдау жасады. Батыс Қазақстанда, Лебедев
обасынан сармат заманының аса құнды олжалары табылады.
Сырдарияның төменгі ағысында Жосалы маңындағы Жетіасар мәдени-етінің
ескерткіштерін Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедиция-сы топтарының
бірі зертгеді. Жетіасар аңғарындағы жұмыс жалғастыры-лып, онда қоныстар мен
обалар ашыдды. Жаңа деректер мен бұрынғы жыл-дар материаддарының негізінде
біздің заманымыздың I мыңыншы жылын-дағы Сырдария керамикасына арналған
монография дайындалды.
70-жылдарда Қазақстан археологиясының тағы бір бағыты — петроглиф-терді
зерттеу бағыты айқындалды. Егер бұрын осы бір археологиялық де-ректемені
зертгеу үздік-создық және жүйесіз жүргізіліп келсе, енді олар М. Қ.
Қадырбаевтың, А. Н. Марьяшевтің, А. Г. Медоевтың арнаулы зерггеулерінің
объектісіне айналуда. Қаратаудың, Маңғыстаудың және басқа да аймақтардың
жартастағы суреттеріне арналған қорытушы ірі жұмыстардың пайда болуы
солардың есімдеріне байланысты.
1969 жылы — Отырар, ал 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді архео-логиялық
экспедициясы ұйымдастырылды. Олар Отырар оазисіндегі Оты-рар, Қостөбе, Көк-
Мардан, Мардан-Күйік, Құйрыктөбе, Түркістан, Қар-атаудың солтүстік
беткейіндегі Раң және Күлтөбе қалаларының кираған орындарын көп
жылдықтүрақты қазба жұмыстарына негізгі объектілер етіп алды. Қалалар мен
қоныстардың орындарына қоса, экспедиция мүшелері түрлі дәуірлердің
обаларын, соның ішінде белгілі және бұрын зерттелген Бөріжар обасын,
Шағаны, Көк-Марданды зерттеді. Отырар төбе каласы-ның орнында кең көлемді
кдзу жүмысы ұйымдастырылды, XVI—XVIII ғасы-рлар қабаттарының деңгейінде
көптеген тұрғын махаллалары, қыш және кірпіш күйдіру шеберханалары,
қоғамдык қүрылыстар — мешіттер, кесене-лер, моншалар казылып аршылды.
Біздің заманымыздағы I мыңжылдық-тың бірінші жартысындағы қоныстарда Көк-
Марданға аукымды казба жұмысы жүргізілді, онда да түрғын махаллалар, үйлер
мен ғибадатханалар аршылды.
Құйрықтөбе каласы орнындағы камалда VI—IX ғасырлар деңгейінен са-рай
кұрылысы аршылды, оның салтанатты залынан құдайлардың бейнелері мен
ақсүйектер көрінісі кашап жасалған бірегей тақталар табылды. Қала оркының
шахристанында VI—VIII, IX—XI, XII ғасырлардағы құрылыс ке-шендері, XIII—XIV
ғасырлардағы темір соғатын шеберханалар және X—XI ғасырлардағы алкалы мешіт
аршып алынды.
Бөріжар обасын казған кезде жерлеу ғұрпына байланысты және ерте-дегі, орта
ғасырлардағы халықтық діни көзқарастарды көрсететін кызықты материалдар
алынды. Экспедиция тобы Отырар оазисінде, Қаратаудың оңтүстік және
солтүстік беткейлерінде, Сауран маңында ирригациялык, одан кейінгі орта
ғасырлардағы кәріздер жүйесін тапты.
Сонымен бірге палеоэтнографиялық зерттеулер, атап айтқанда, қазақта-рдың
отырықшылану үрдістерін анықтау мақсатымен қазақ қыстауларын қазу жұмыстары
да жүргізілді.
60-жылдардың орта шенінде Қазақстан нумизматикасы дами бастайды. Отырарды,
Құйрықтөбені қазу кезінде көптеген теңге материалы жинақ-талды. Бүл бірлі-
жарым олжа ғана емес, казына да болатын. Теңгелер тари-хи мерзімді
анықтайтын материал ретінде де, сондай-ақ ортағасырлардағы Қазақстанның
саяси және экономикалық тарихын, оның сауда және мәде-ни байланыстарын
зерттеуге арналған деректеме ретінде де зертгелді. Соның қорытындысында
Қазақстанда Отырарда, Испиджабта, Түркістанда, Жент-те, Сығанақта, Таразда
теңге сарайларының жұмыс істегені аныкталды. Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан
кешенді экспедициясы республикалык архео-логияны сапасы жағынан жаңа
ақпараттық деңгейге көтерді, соның нәти-жесінде бірқатар жаңа ғылыми
бағыттар белгіленді. Экспедиция жүмысы-ның қорытындылары бойынша бірнеше
монография жарияланды.
Екінші кезендегі археологиялық жұмыстардың корытындысы бес том-дық Қазақ
ССР тарихының екі томының шығарылуы бодды, онда архео-логиялык
деректермелерге таддау жасалып, ертедегі және орта ғасырлардағы
Қазақстанның тарихи үрдісі көрсетідді.
Қазақ археологиясы тарихының жаңа зерттеу кезеңі 80-жылдардан басталды. Бүл
кезең археологиядағы ұйымдық өзгерістермен, облыстарда ар-хеологиялык
мектептердің пайда болуымен, археологиялық жүмыстардың кеңеюімен және ең
бастысы — монографиялық ірі талдамалардың пайда болуымен сипатталады.
Қазақтардың этногенезін, археологиялық деректер бойынша Қазакста-нның
палеоэкономикасын, атап айтқанда, мал шаруашылығыньщ, металл өндірудің
пайда болу мәселелерін зерттеуге байланысты ірі проблемалар талдап шешіле
бастайды. Қазақстан тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің жинағьш,
республика аумағындағы барлык ескерткіштердің ғылыми реестрін дайындау
негізгі міндеттердің біріне айналады. Мұндай энциклопедиялық басылым
археология саласында стратегиялык зерттеулер әзірлеу үшін база болуға,
сондай-ақ мәдени мұраны сақтау ісін жақсартуға тиіс еді.
Көшпелілік тақырыбы, егіншілік және көшпелілік мәдениеттердің өзара әсері
негізгі зертгеу такырыптардың бірі болып аталды.
80-жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы Атасу қонысын
қазуды жалғастырып, металл балқытатын орындарды, ертедегі металлургиялық
пештердің орнын тапты. Жаңа деректерге сәйкес, соның ішінде Орталық
Қазақстанның қола және ерте темір дәуіріндегі палеоэко-номикасы бойынша мал
шаруашылығы, кен ісі және ертедегі металлургия, қыш өндірісі жөніндегі
материалдарға талдау жасалды. Бұл жылдарда Қазақ-станның далалық өнірінде
жаркын жаңалықтар ашылды. Мәселен, В. Ф. Зайберттің бастауымен Қызылжар
каласының археологтары Ботай қоны-сын ашып, энеолит дәуіріне жататын
ертедегі Ботай жылқы шаруашылығы мәдениетін бөліп көрсетті. Қазақстанда
және Орал сыртында ертедегі қала үлгілес кешендерді Аркдйым, Кент
қоныстарын ашудың сәті түсіп, олар қола дәуіріндегі мал шаруашылық және
малшы-егіншілік өркениеттің негізде-месін кеңейтіп, терендетуге мүмкіндік
берді.
Қазақстанның әр түрлі аудандарында, атап айтқанда Шығыс Қазақста-нда тас
дәуірінің ескерткіштерін зерттеу жалғастырыдцы.
Қазақстанның оңтүстігінде Онтүстік Қазақстан кешенді археологиялык
экспедициясы зертгеу жүмысын одан әрі жалғастырды. Оның топтары Оты-рарда,
Құйрықтөбе және Алтынтөбе қалаларының орынднрында, Қарата-удағы ертедегі
темір дәуірі мен кейінгі ортағасырлық көшпелілердің обала-рында казу
жүмыстарын жүргізді.
1980—1983 жылдарда Шульба СЭС-ның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
“Шетелдер тарихының тарихнамасы” пәнінің оқу-әдістемелік нұсқау
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Қытай тарихнамасы
Қалалар мен қалалық қоныстар
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
Сарматтардың аң стилі мен өнері
Пәндер