Бұзауларға арналған қора


Кіріспе
Ауыл шаруашылығын электрлендіру еңбектің өнімділігін және мәдениетін арттырады және еңбекті жеңілдетеді. Электр энергиясы негізінде ауылшаруашылық өндірісін кешенді механикаландыру және автоматтандыру ойдағыдай жүзеге асырылып, электр жетегі жұмыс машинасының ең жоғарғы өнімділігін алуға және электр энергиясын үнемдеуге мүмкішілік береді.
Ауыл шаруашылығыда мал мен құс қораларында, сондай-ақ басқа өндірістік үйжайларда көшеттер технологялық процестер электр энергиясын пайдалану арқылы орындалады.
Электр-термиялық қондырғылар мен құрылғылар ауылшаруашылық үйжайларына микроклимат жасауға, малдар төлдерін жергілікті жылытуға кең пайдаланылады. Олардың оттық жылу көздерімен салыстырғанда құрылысы қарапайым, ПӘК-і жоғары және жұмысы сенімді келеді. Олар қызмет көрсетуге және автоматтандыруға жеңіл, сондай-ақ әр уақытта да жұмысқа дайын болады.
Жаңа туған бұзауларды, қозыларды, торайларды, балапандарды өсіруге және мал қораларын тазалауға, суды жылытуға жем-шөпті малдарға жеткізге және т. б. көптеген өндірістік үрдістерде күнібойы электр энергиясын пайдалануды қажет етеді.
Біздің елімізде соңғы жылдары ауыл шаруашылығын электрлендіру мәселесіне көп көңіл бөлініп отыр. Бұны былай түсінуге болады, барлық ауыл шаруашылық процестерін кешендік механикаландырудың және автоматтандырудың негізі электрлендіру болып табылады.
Электр қозғалтқыштарды басқару және күштік пен жарықтандыру тораптарын қорғау үшін, ПМЛ типті басқару мен қорғау аппаратуралары таңдап алынады.
Жарықтандыруды есептеу: жарық ағынын пайдалану коэфициенті, меншікті қуат және нүктелік әдістерімен жүзеге асырылады. Төменгі вольттік желіні есептеу, жүктемені тұтынушының ықтималдық сипаттамасы бойынша ЭЕМ-да немесе МКП-да жасалынады.
Жобада еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі бойынша мәселелер қаралып, сонымен қатар бұзау қораның микроклиматын автоматтандыруды мантаждау жұмысы мен қызмет жасауына бизнес-жоспар жасалынады.
Берілген тапсырмаға сәйкес дипломдық жобада 400 бас сауын сиыр фермасының қысқаша сипаттамасы берілді. 96 орынға арналған бұзаухана малжайларының жарықтандыратын қондырғысы есептелініп, қажетті жарық көздері мен жарықтандырғыштар таңдап алынды, жарықтандыратын электр торабы есептелініп және оның есептік сұлбасы құрастырылды. Малжайлардың желдету-жылыту жүйесі есептелініп, қажетті жылытатын желдететін қондырғылар таңдап алынды. Бұзау қорада жас төлдерді жергілікті жылытуға аймақтық жылыту электр-панелдері қарастырылған. Олар арнаулы бағдарлама бойныша басқарылады. Көң тазартатын транспортердің электр жетегі таңдап алынды. Күштік электр торабы жобаланды және оның есептік сұлбасы құрастырылады.
Ферма бойынша электр жүктемелер есептелініп, қоректендіру көзі таңдап алынды. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау шаралары қарастырылды. Төменгі температуралық электр жылыту панелдерін жасауға және сатуға бизнес-жоспар құрастырылды және зиянсыздық нүктесі анықталды.
Салыстырылған екі түрлі жылыту жүйелеріне негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер анықталды.
1 Өндіріс пен шаруашылықтың сипаттамалары
1. 1 «Рахат» ЖШ-ның ірі-қара мал фермасының сипаттамасы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «Рахат» жеке шаруашылығының ірі-қара мал шаруашылығының бұзау қорасының микроклимат жүйесін автоматтандыруды ойластырып жасап, энергия үнемдеуді жобалау.
Жеке шаруашылықтың 400 сауын сиырларының фермасының құрамына 96 орындық төлдету бөлімі мен 48 бұзауға арналған орны бар қоражай енеді. Қоражай ауылдан 5 шақырым қашықтықта, оңтүстік-батысында орналасқан.
Ірі-қара мал фермасынының құрамына:
1. Сауын сиырға арналған екі сиыр қора.
2. Бұзауға арналған мал-жай бар төлдету қорасы.
3. Бұзауды бордақылауға арналған бұзау қора.
4. Бұзауларға арналған қора.
5. Сүт блогі.
6. Жем цехы.
7. От жағатын бөлме.
8. Қызметкерлер үйі.
9. Силостық траншея.
10. Шөп қоймасы кіреді.
Төлдету бөлімінің жайы тіктөртбұрышты, ауданы 54х21 м 2 қорада малды төлдетуге арналған орын бар, бұзауға арналған малжай, сиырларды санитарлық тазалықтан өткізу орны, қалқандық, ваккум-насосты, жуу бөлмесі, қызметкерлерге арналған бөлме, төсеніштерге арналған бөлме мен жем қорын сақтауға арналған қойма бар.
1. 2 Шаруашылықтың сипаттамасы
1. 2. 1 Шаруашылықтың географикалық және климаттық орналасуы.
Негізгі шаруашылықтың бағыты - егіншілік (картоп) және мал шаруашылығы ірі қара мал -сүт өндіру және қой өсіру, ет пен жүн өндіру бағыты. «Рахат» кеңшары Іле Алатау бөктері жазығында орналасқан. Шаруашылықтың аталуы - «Рахат» кеңшары мен аудан орталығы Есік қаласына дейінгі қашықтық 5 км, асфальтталған жолмен қатынас орындалады.
1. 2. 2 Құнарлы топырақты - климаттық
Климаты шөлейтті аймаққа жақын болғандықтан ауа-райын салыстыра алғанда жұмсақтау болып келеді, шілде айының температурасы +28+35ºС, қаңтар айы -7ºС, орташа жылдық -7-9ºС. Көктем негізінен жылырақ болып келеді. Көктемдік суық ызғары сәуір айының екінші жартысында басылады. Жаз маусымында жылдық жауын-шашын санының 30%-ке жуығы болады. күздік суық қазан айының ортасында түседі. Суықсыз мезгілдің ұзақтығы 170-180 күнге жуық созылады.
1. 3 Бұзау қораның сипаттамасы және технологиялық процестер
Буаз сиырлар және жаңадан бұзаулаған сиырлар бұзаулағанға дейін және кейін екі апта бойы төлдету бөлмесінде ұсталады. Тұратын орны төрт қатарлы екі жем салатын және үш жем өткелдерінен тұрады. Бұзаулағаннан кейін 10 күн бойы - сиырлар қолмен сауылады, одан кейін тұратын орнында механикалық саууға дағдыландырады.
Бұзауларды барлық жем-шөп түрімен қоректендіру жүзеге асырылған. Жемді тарату жалпы фермалық жем таратушы КТУ-10-мен жүзеге асырылады. Бұзауларды автосуғарғышпен суарады.
Бұзаулар төлдету бөлмесінен бұзау тұратын мал-жайға апарылады, оларды ауданы 0, 5х1, 0 м 2 жеке торларда ұсталады. Торлардың торкөз еденін жерден 20 . . . 25 см биіктікке қойып, алдына төсеніштер төселеді. Бұзауларды бұл кезеңде ана сүтімен қоректендірді.
Нысанада негізгі өндірістік процестердің механикаландырылуы қарастырылған. Сауу АД-100А қондырғысы арқылы жүзеге асырылады. Шелектерден сүтті құтыларға құйып, бұзаулардың қоректену моментіне дейін аяқталады. Сауып болғаннан кейін сауын аппараттары арнайы жууға арналған қондырғыда ыстық сумен жуылады.
Сауу жүйесінде вакуумды тудыру үшін вакуумнассосы бөлмеде ротациялы вакум насос РВН-40/350 орнатылған. Құрғақ жем мен силосты тарату КТУ-10 жемтаратушымен, ал жемді беру УТД-0, 3 қоларбасымен жүзеге асырылады.
Бұзауға арналған қораны жылыту аралас ауа мен электроколориферлі қондырғы СФОЦ-10/0, 5 және он алты инфрақызыл сәулелендіруші ОВИ-1 типті қондырғылармен жүзеге асырылды.
Объектінің электрификация жүйесін тексеру барысында анықталғаны жарық жүйесі жарамсыз. Осыған байланысты диплом жобасында келесі мәселелер қарастырылады:
- төлдету бөлмелелерінің жарық беру қондырғыларының есебін жасау;
- төлдету бөлмелерінің жылу және желдету жүйесінің есебін сәйкес қондырғыларды таңдау, соның ішінде малжайды жылытатын электржылытқыш панелді пайдалану;
- технологиялық қондырғыларды таңдау;
- технологиялық процестерді автоматты басқаратын сұлбаларын жасау;
- электр жүйелерін есептеу, трансформаторлық қосалқы стансаны таңдап алып, ферманың сыртқы және ішкі электр жүйелерін жобалау;
- қоршаған ортаның және еңбек қорғау мәселелерін қарастыру;
- негізгі техника экономикалық көрсеткіштерді анықтау және электрпанелдерді жасап шығаруға және тасымалдауға бизнес-жоспарын құру.
2 Бұзау қораны жарықтандыру қондарғыларын есептеу
2. 1. Жарық-техникалық бөлімі
Жарықтандырушы қондырғы есебі берілген жарық нормасы бойынша жарық көзінің қуатын анықтауға болады. Жарықтандырғыш құрылғылар нормасы «Табиғи және жасанды жарықтандыру», «Ауылшаруашылық кәсіпорындарын, ғимараттар мен жабдықтарды жарықтандырудың салалық нормалары» СНиП II -4-ға талаптарына сай қабылданады.
Бұзаулау бөлімі үшін төмендегідей жарық түрі қабылданады: жұмысшы және кезекші.
Жұмысшы жарықтандыру рұқсат етілетін нормалар шегінде жұмыс орнын қажетті жарықпен қамтамассыз ету керек.
Кезекші жарықтандыру барлық қораларында жұмыстан тыс уақытта жануарлар жағдайын мерзімді бақылау мақсатында құрастырылады. Кезекші жарықтандыру жарық берушілері жұмысшы жарықтандырушы санына орай айқындалады. Олардың саны жалпы жарықтандырудың жалпы жарық бергіштердің 10 . . . 15%-на тең етіп алынып жануарлар қораларының дәліздеріне теңдей етіп орналастырылады.
Қалыпты жарықтандырғыштар түрі мен жүйесіне, нысан көлеміне, сондай-ақ шам түрлеріне орай қабылданады. ε н қора ішін жарықтандыру үшін льюминесценттік шамдар, қолданылады.
Қора үшін шамдар таңдауда жарық бөлінудің орта жағдайын және ғимарат биіктігін есепке аламыз.
Ғимараттар құрылымы: толықтай темір-бетонды қаңқа; қабырғалары-қосқабатты керамзит-бетонды қабырға; жабынды-үш қабатты асбест-цементті панел; блоктардағы еден-ағаш; дәліздерде-бетон.
Қора жай ауданы мен өлшемі, экспликациясы (м 2 ) :
Сиырға арналған қора . . . 9х61, 80
Бұзауға арналған емдеу бөлімі . . . 11, 2х6, 2=69, 40
Инвентарға арналған жай . . . 3, 5х2, 3=8, 05
Жемдеу жайы . . . 6, 25х3, 5=21, 90
Вакумды - насос . . . 4, 1х3, 45=14, 20
Жуыну бөлмесі . . . 4, 4х4, 1=18, 00
Персонал жайы . . . 3, 8х2, 8=21, 90
Санитарлық торап . . . 1, 9х1, 2=2, 26
Санитарлық жұмыс жайы . . . 4, 1х2, 8=11, 20
Қалқандық . . . 3, 45х1, 6=5, 60
Енгізу жайы . . . 3, 45х2, 25=7, 80
Бұзау қорасын жарықтандыру құрылғыларын есептеуді төмендегідей әдістермен жүргіземіз:
1. Жарық ағынын пайдалану коэффициенті әдісі.
2. Меншікті қуат әдісі.
3. Тексеруге арналған нақты нүктелік әдіс.
2. 1. 1 Қызмет көрсетушілерге арналған жарықтандыратын қондырғысын есептеу
Бастапқы мәліметтер:
Ауданы: S=961, 8м 2 ; Ұзындығы: а=45, 8м; Ені: b=21м; Биіктігі: Һ=3, 3м;
Кернеуі: U=220В; Жарықтандыру түрін таңдап алу; Нормаланған жарық деңгейін анықтау Е н =150 лк.
Жарықтандырғыш типін және қор коэффициентін таңдап алу - ПВЛМ (2х40) (ауысуының құрамында шаң көлемі жоғары, салыстырмалы ылғалдылығы 98%-ке дейін агрессивті газ болатын өндірістік үй-жайларға арналған ішкі жарықтандырғыш) және қор коэффициенті k=1, 5.
Қораның төбесінің, қабырғаларының және жұмыстық беттің шағылу коэффициенттерін анықтау:
ρ т =50%; ρ қ =30% және ρ ж. б. =10%;
Бөлме жоспарында жарықтандырғыштарды орналастыруды есептеу:
а) жарықтандырғыштарды орнатудың есептік биіктігін есептеу:
H e =H b -H c -H ж. б., ,
мұнда: H b - бөлменің биіктігі, һ, м; H c - жарықтандырғыштың салбырама биіктігі, м; ілмелі жарықтандырғышқа hс=0, 3 . . . 0, 5м,
H ж. б. =0 [2, 12, 16]
H c = H b -H c =3, 3-0, 3 =3м
ә) λ=L/ H e =1, 4 қатынасын пайдаланып жарықтандырғыштар арасындағы ең үнемді қашықтықты анықтаймыз; L - көрме орналасқан жарықтандырғыштар арақашықтығы.
б) қораның ені (В бойынша жарықтандырғыштар орналасқан қатарлар санын анықтаймыз)
Nb=
+1,
мұнда: l- шеткі жарықтандырғыштар қатарынан қабырғаға дейінгі қашықтық. L=(0, 2 . . . 0, 3) L - бөлме қабырғасы тұрмыстық бет болса, L=(0, 2 . . . 0, 3) L, ал басқа жағдайларда L=(0, 3 . . . 0, 5) L болады.
Қораның ені бойынша жарықтандырғыштар орналасқан ұтымды ара қашықтығы мына формуламен анықталады.
λ=LlH e =1, 4
Ені бойынша қатарлар арасын есептейміз.
L в = λ H e =1, 4х3=4, 2м
L в - шеткі жарықтандырғыштан қабырғаға дейінгі арақашықтық.
L
в
=0. 5
L
в
=0, 5
4, 2=2Т
м
Nb=
+1=
+1=5
в) жарықтандырғыштарды тіктөртбұрыш бойынша қатарлап орналастырамыз. Бұл жағдайда тараптар қатынасын мынадай түрде қабылдау керек:
L
в
/ L
а
Сонда: L
а
=
=
2. 8
г) қораның ұзындығы бойынша бір қатардағы жарықтандырғыштың санын есептейміз.
Na=
+1=
+1=16
д) қора жарықтандырғыштың жалпы санын анықтаймыз:
N=N b *N a =5*16=80
е) қоражай индексін мына формула бойынша анықтаймыз:
I=
иррационалды, И жарықтық ағымның көлденең коэффициентін және төменгі факторларды анықтаймыз:
а) қабырға, төбе және басқа да жарықтарының болуын;
ә) қора жайының ауданы мен пішіні;
б) жарықтандырғыштың жарық сипаты;
в) қора-жайдың ауданы мен пішіні.
ρ а =50%; ρ с =30%, ρ ап =10%; i=48
λ в р шамаларымен ПВЛМ жарықтандырғышы үшін U=0, 68
Бір шаманың қажетті жарықтық ағымды анықтаймыз:
Фл=
мм
Қора жайдағы қоршаған орта жағдайын және өнер кәсіп технологиясын есептей отырып жарық көзі реттінде:
Фл =2250 мм; Ρ n =40вт
Жарықтың ағымымен ЛБР - 40 типін қабылдаймыз.
Бұзауға арналған қораның жарық құрылғының орнатылған қуаттылығын есептейміз:
Р
орн
=
Вт
Жекеленген қуатты анықтаймыз:
Р жек = Р орн /S=6400/961, 8=6, 65 Вт/м 2
2. 1. 2 Бұзауға арналған қораны жарықтандыру құрылғыларын тексеруді есептеу.
Жарықтандыратын бөліктердегі нормадан аз болуы керек.
1) Жарықтандырғыштардың орналасуы көрсетілген ғимарат жобасында А бақылау нүктесінде белгілейміз.
2) Шамадан А бақылау нүктесіне дейінгі арақашықтықты анықтаймыз:
d 1 =2. 5; d 2 =4. 6; d 3 =6. 5; d 4 =7. 5
3) А есептеу нүктесіндегі ықшамдалған құрайтын жарық сәулесінің тангенс бұрыштарын анықтаймыз:
tgα 1 =2. 5/3. 0=0. 8333; α 1 =39°48'; cosα 3 1 =0. 4533
tgα 2 =4. 6/3. 0=1. 5333; α 2 =56°53'; cosα 3 2 =0. 1630
tgα 3 =6. 5/3. 0=2. 1666; α 3 =65°13'; cosα 3 3 =0. 0737
tgα 4 =7. 5/3. 020. 500; α 4 =68°12'; cosα 3 4 =0. 0511
4) ПВЛМ - (2х40) типті шамдардың кеңістікті жарық бөлгіштегі жарық күшін анықтаймыз.
Iα 1 =164kg; Iα 2 =143kg; Iα 3 =135kg; Iα 4 =130kg;
5) Бақылау нүктеде әрбір жақын орналасқан жарықтандырғышпен жасалынатын шарттың жарықталуын анықтаймыз.
L
1
=
лк,
L
2
=
лк,
L
3
=
лк
L
4
=
лк
Бақылау нүкте жақын орналасқан А шартты шамдары бар жарықтандырғыштардан жасалынған жалпы шарттың жарықталынуды есептейміз.
лк
6) А бақылау нүктесіндегі қажетті жарық бақылау
Eg=
2. 1. 3 Қажет көрсеткіштерге арналған бөлшекті жарықтандыратын есептеу
Бастапқы мәліметтер:
S=69, 4м 2
H е =3, 0м
U н =220B
1) Жарықтандырудың түрін таңдап алу
2) Жарықтандырудың жүйесін таңдап алу
3) Нормаландырылған жарықтану деңгейін анықтау Е к =50лк
4) Жарықтандырғыш типін таңдаймыз НСП ІІ-200-231 У3 және қор коэффициенті k қ =1, 3.
5) Бөлменің төбесінің, қабырғаларының және жұмыстық беттің шағылу коэффициентін анықтаймыз:
т =50%,
қ =30%,
ж. б. =10%.
6) Біркелкі емес коэффициентінің мәнін анықтаймыз : Z=1, 15
Е н =100лк; Р ш =100 . . . 200Вт; η=100%
т
=50%,
қ
=30%,
ж. б.
=10%, К
қ
=1, 3, Z=1, 15
S=69. 4м 2 , Н е =3, 0м болғанда ЖҚҚ Д1 болатын қыздыру шамына кестеден: НСП ІІ-200-231-У3 жарықтандырғышы үшін η=0, 75, Е н =50лк, Р менш =16, 9Вт/м 2 болғанда меншікті қуат мынаған тең:
7) Жалпы орнатылған қуатты анықтаймыз:
8) Бір шамның қуатын анықтаймыз:
[1, 2, 3] бойынша Г225 . . . 200-200 типті, қуаты Р ш =200Вт және жарық ағыны F ш =2920лм қыздыру шамын таңдаймыз.
9) Іс жүзіндегі жалпы орнатылған қуатты анықтаймыз:
Жем сақтау, вакуум-насос тұратын, жуынуға арналған, қызметкерлер мен санитарлық өңдеуден өткізу бөлмелерінің де жарықтандыру қондырғылары меншікті қуат әдісімен есептелді. Ал құрал-сайман сақталатын, қалқан тұратын бөлме, кірмеге арналған бөлменің келтірілген жарықтандыру қондырғыларын есептеу тікелей нормативтік әдіспен орындалды. Есептеу нәтижелерін жарық техникалық тізімге жазамыз.
3 Жылыту-желдету жүйелерін есептеу
3. 1 Жылыту жүйесін есептеу
3. 1. 1 Бастапқы мәліметтер
Алматы облысының:
- сыртқы ауа есептеу параметрлері:
t
c
=-25 ̊С;
c
=70%;
c
=-10 ̊С
-ішкі ауа параметрлері:
t
i
=10 ̊С;
i
=75%; барометрлік қысымы - В=93кПа; бұзауға арналған жайдың көлемі - Vб. ж. =1995, 9м
3
=(28, 8х21, 0х33м) ; Бір сиыр салмағы - 500 кг.
3. 1. 2 Ауа алмасу көлемін есептеу
Малдар ұсталатын жердегі ауа алмасу ережеге сай ауаның ұсынылатын мөлшерін құруға тиісті айналымды жүйеде қамтамассыз етіледі.
Қажетті ауа алмасу (L) мыналар анықталады:
а) ауаны бөлінетін ылғал мөлшеріне байланысты алмастырады:
Lw=
, м
3
/сағ
мұндағы W- мал қорадағы ылғал мөлшері, г/сағ; d i , d c - ішкі және сыртқы ауадағы ылғал шамасы г/кг; ρ - мал қорадағы ауа тығыздығы, кг/м 3 t=t i .
Мал қорадағы ылғал мөлшері малдан бөлінетін ылғалмен W м науа-астау, еден және басқа бөліктердің ылғалды беттерінен булану арқылы бөлінген ылғал W бу қосындысымен анықталады.
W=W м +W бу
Малдан бөлінетін ылғал былай анықталады:
W м = nω м K t ,
мұндағы n - мал қорадағы мал саны;
- бір бос малдан бөлінетін ылғал мөлшері; г/сағ; k
t
- мал қора ауасының температурасына байланысты малдан бөлінетін ылғал мөлшерін ескеретін коэффициенті.
[13, 14, 20] формуласы бойынша М=500 кг және 10л болғаннан
W м = 455 г/сағ; n=96 бас; k t =1. 0; t i =10 ̊С деп қабылдаймыз.
Ылғал былай анықталады.
W бу = ζW м ,
мұндағы ζ - бұл коэффициент сиыр, бұзау қоралары үшін 0, 1 . . . 0, 5 тең.
Қоражайды канализация қажетті мөлшерле жұмыс істемеуінен, қосалұы станция толықтай болмауынан және санының жеткілікті болмауынан (
c
=0. 15) деп қабылдаймыз.
Онда W
бу
=0, 15
г/сағ=6552 г/сағ
Мал қорадағы толық ылғал мөлшері тең
W=43680+6552г/сағ=50232 г/сағ
d
i
мен d
c
- тең мәндері ішкі және сыртқы ауаның температурасымен салыстырмалы ылғалдығына байланысты ылғал ауаның H, d - диаграмасымен аяқталады. t
c
=-25 ̊С және
c
=70%; d
c
=0. 5г/кг; t
i
=10 ̊С және
i
=75%; d
i
=8 г/кг.
Қора-жай ауасы мен тығыздығын мына формуламен анықтаймыз:
ρ=
кг/м
3
,
мұндағы В - қора-жай орналасқан жердің параметрлік қысымы, Па; бұл Алматы облысы үшін В=93кПа; 101, 3 - физикалық қалыпты жағдайдағы параметрлік қысым, кПА;
ρ=
кг/м
3
қажетті ауа алмасу L w ылғал мөлшеріне байланысты алмастырғында:
Lw=
м
3
/сағ=5969. 3 м
3
/сағ
б) ауаны бөлінетін зиянды газдар әдетте (СО 2 ) мөлшеріне байланысты алмастырғанда.
L
СО2
=
м
3
/сағ
мұндағы С - бір малдан бөлінетін СО 2 мөлшері, л/сағ сай келісім бойынша С=142 л/сағ; n - қора жайдағы мал саны, С 1 - қора жай ауасындағы СО 2 концентрациясының шеткі мөлшері л/м 3 (сиыр қорасында 2, 5 л/м 3 ) С 2 - сыртқы ауадағы СО 2 концентрациясы (0, 3 . . . 0, 4 л/м 3 ) :
L
СО2
=
м
3
/сағ=6196, 4 м
3
/сағ
Есептік ауа алмасуының L (м 3 /сағ) мәні үшін L СО2 =6196, 4 м 3 /сағ›L w =5969. 3 м 3 /сағ көбі алынады. Онда L =6196, 4 м 3 /сағ алынады.
Есептеу дұрыстығы ауа алмасу еселігі К арқылы тексеріледі. Ол мына формуламен анықталады.
К=
,
мұндағы V қж - қора жайдың ішкі көлемі, м 3 ; жылдың салқын мерзімде мал қорасы К=3 . . . 5 аралығында болады.
Есептеу бойынша қажетті ауа алмасу L=6196, 4 м 3 /сағ қабылдаймыз.
3. 1. 3 Табиғи тартым жүйесін есептеу
Табиғи тартымды барлық тартым шахталарының қима ауданы F былай анықталады:
F=
, м
2
мұндағы V аш - тартым шахтасындағы ауа жылдамдығы, м/с.
Ауа жылдамдығының формуласы
Vаж=2, 2
,
мұндағы һ - бір шахтаның биіктігі әдетте 2 м-ден 10 м-ге дейінгі аралықта алынады; t сж - сыртқы ауаның қысқы есептік желдеткіш температурасы. Алматы облысы үшін (t сж =-10 ̊С), шахтаның биіктігі һ=7 м деп қабылдаймыз, онда
Vаж=2, 2
м/с=2, 2
м/с=1, 67 м/с
Онда,
Тартым шахтасының саны
, мұндағы f - бір шахтаның қима ауданы м
2
(әдетте оның қабырғаларға 400, 500, 600 және 700 мм-ге тең квадрат етіп алады) немесе (f=0, 16 . . . 0, 5м
2
) . f=0, 18 м
2
деп қабылдаймыз. Онда,
Шахтадан көлденең қимасы бойынша, тартым шахталар шахта деп қабылдаймыз.
3. 1. 4 Желдету жүйесін есептеу және калориферлер мен желдеткіштерді таңдау
Мал қораларында көбінесе жалпы ауа алмасу, желдеткіш жүйесімен біріктіріліп ауамен жылыту жүйесі қолданылады.
Қоражай жылыту баланысын құрастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz