ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛҚҰМ КАНАЛЫНА СУ ЖІБЕРГІШ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖОБАСЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
АРЫНША МӨЛДІР БАСЫМБЕКҚЫЗЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛҚҰМ КАНАЛЫНА СУ ЖІБЕРГІШ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖОБАСЫ
5В081000 - «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» мамандығы
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ауыл шаруашылығы
минисТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы:
Орындаған
(аты-жөні)
20___ ж. «___» қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Норма бақылау
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы
(қолы) (аты-жөні)
Алматы 2018
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
5В081000 - «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» мамандығы
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент
(аты-жөні)
Жұмыс (жоба) тақырыбы
Университет бойынша 20___ж «» № бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 20___ж «»
Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
Дипломдық жұмысты (жобаны) өңдеуге арналған мәселелер тізімі
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жұмыс жетекшісі
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ГРАФИГІ
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жұмыс жетекшісі
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
(қолы) (аты-жөні)
АҢДАТПА
Бұл дипломдық жобада Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасының Қызылқұм каналына су жібергіш құрылымын қайта құру жобасы қарастырылды. Дипломдық жұмыста құрылыс ауданының табиғи-шаруашылық жағдайлары, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық сипаттамасы, ОҚО Шардара ауданында орналасқан Қызылқұм магистральды каналындағы су жібергіш құрылымының есептеулері көрсетілді.
Бөгеттің жоғары және төмеңгі бьфті қалыптастыру, құрылыстың тұрақтылығы мен беріктілігін анықтау, реттегіш арнаны есептеу жүргізілді.
Құрылыс аймағының сипаттамасы, жүргізілетін негізгі жұмыстар көлемі, жұмыстардың жасалу тәртібі мен құрылыс материалдарының қажетті мөлшері, қажетті механизмдер мен құрылыс көліктері анықталды.
АННОТАЦИЯ
В данном дипломном проекте был рассмотрен водохранилищный гидроузел сезонного регулирования на канале Кызылкум Шардаринского района, Южно-Казахстанской области. Расчитаны гидротехнические сооружения данного гидроузла: башенный водовыпуск, аварийный водосброс. Приведены водохозяйственный расчеты, фильтрационные, а также расчет устойчивости откосов. Определены экономические показатели гидроузла, срок строительство. Рассмотрены вопросы охраны труда, охраны природы, эксплуатация гидроузла.
ABSTRACT
The degree work is dedicated to the elaboration of hydro-centre at the south Kazahstan region, district Shardara kanal Kyzylkum, for the irrigation of spring three peasant farms. The following was made: the water-economic calculation, the planning tank, the organization and the production of works, the calculation of indexes of the common economic effectivenness of capital investments.
Questions of measures for protection of labour were made out of the whole system, safety devises and measures for protection of labour were made out.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
ПӘК - Пайдалы әсер коэффициенті;
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы;
ҚСД - Қалыпты су деңгейі;
ӨКД - Өлі көлем деңгейі;
МК - Магистраль канал;
ҚМШ - Қалдықтардың мүмкіндік шегі;
МШК - мүмкіндік шекті концентрациясы;
м - метр;
м 2 - шаршы метр;
м 3 - текше метр;
мм - миллиметр;
с - секунд;
м/с - метр/секунд;
м 3 /с - текше метр/секунд;
км - километр;
км 2 - шаршы километр;
км 3 - текше километр;
м 3 /км - текше метр/километр;
га - гектар;
ц/га - 1 гектар жерден центнер есебінде алынған өнім мөлшері;
л/с - 1 секунд уақытта қаншалықты сұйықтың мөлшері өтті;
г/м 3 - грамм/текше метр.
АНЫҚТАМАЛАР
Су ресурстары - белгілі бір территорияның топырақ және атмосфера ылғалын қоса алғанда, пайдалануға жарамды барлық жер астындағы және жер бетіндегі су қорлары.
Су пайдалану - халық шаруашылығының және тұрғындардың кез-келген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су нысандарын пайдалану.
Су ресурстарын кешенді пайдалану - су ресурстарын халықтың және экономиканың әр түрлі салаларының қажеттерін қанағаттандырып, сарқылтпай пайдалану.
Бөгет - судың деңгейін көтеру үшін су тоқтататын тосқауыл құрылыс.
Су шаруашылығы - халықтың және халық шаруашылығының қажетін сумен қамтамасыз етуді, оны тиімді пайдалануды, қорғауды қарастыратын шаруашылық саласы.
Суды қорғау шаралары - табиғи су көздерін тиімді пайдалану, таза сақтау, қалдықтармен ластамау шараларының жүйесі.
Су пайдалану мөлшері - судың пайдаланушыға қажетті мөлшері.
Су жинайтын аудан - жер бетіндегі немесе жер астындағы судың жиналатын орны.
Су жібергіш - су қоймалардан артық суды ағызып шығаратын гидротехникалық құрылым.
Пайдалы әсер коэффициенті (пәк) - қуатты өзгертіп пайдалану кезіндегі жүйенің (машина, құрылғы) тиімділігін көрсететін шама.
Табиғат қорғау - өзімізді қоршаған табиғи ортаны сақтауға, тиімді пайдалануға, жаңартуға, жақсартуға бағытталған шаралар жүйесі.
Еңбекті қорғау - еңбек жағдайының адам өміріне, денсаулығына қауіпсіз болуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.
Жер асты сулары - барлық физикалық күйдегі литосфераның сулары.
Топырақтың ылғал сыйымдылығы - топырақтың ылғалды ұстау қабілетінің сандық сипатының шамасы.
Су балансы - қарастырылатын нысан үшін таңдалған уақыт аралығындағы су қорының өзгерістерін ескере отырып, оның кірісі мен шығысының арақатынасы.
Су қоры - еліміздің барлық суларының жинтығы. Су қорларға өзендер, көлдер, су қоймалар, жер бетіндегі су көздер мен суаттар, сондай-ақ жер асты сулары, территориялық сулар, мұздықтар, ішкі теңіздер және т. б. кіреді. Су алатын құрылым - өзеннен, көлден, су қоймалардан және т. б. су алуға қызмет ететін гидротехникалық құрылыс.
Сумен қамтамасыз ету - суды тұтынушыларға беру.
Су жіберу - су қоймасын немесе арнасын босату үшін салынған гидротехникалық құрылыс.
Су қоймасы - суды қорғау және ағысын реттеу мақсатында су ағысын бекіту арқылы жасалған суат.
Гидромодуль - суарылатын жердің әрбір өлшеміне (1 гектарға) берілетін судың мөлшері (гектарына л/с есебімен) .
Гидромодульдің графигі - әрбір құрама гектар егістікті суару үшін керек болатын судың мөлшерін графикалық әдіспен бейнелеу.
Өзен жүйесі - суы бір-біріне қосылып, теңізге немесе көлге бір сағамен құятын негізгі өзен мен оның салаларының жиынтығы.
Өзен алабы- су арындары жеке өзенге немесе өзен жүйелеріне келіп қосылатын жер бетінің белгілі бір аумағы. Кейде «Су жиналатын алқап» деп те атайды.
Өзен-жер бетіндегі табиғитарна мен тұрақты немесе жыл маусымдарының көпшілік уақыттарында ағатын су ағыны.
Смета-алдағы кірістер мен шығыстарды есептеу, материалдық және ақшалай қаражаттың жұмсалуы мен түсуінің жоспары.
Серіктестік-коммерциялы ұйымдар қызметінің негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны.
Гидротехникалық құрылымдар- су обьектілері мен аумақтардың гидрологиялық режимін(су деңгейі, температурасы, ағыс жылдамдығы, лайлылығы, мұз қату және еру құбылыстары, толқындар т. б. ) бақылау және реттеу құрылысы.
Су деңгейі - су қоймалары су ағыстары еркін бетінің кез келген шартт жазық бетке (салыстырмалы су деңгейі) немесе теңіз деңгейіне қарағандағы биіктігі.
Су қойма-жер бетіндегі табиғи және жасанды (бөгет, әуіт) ойыстары ағынсыз немесе баяу ағыспен жиналатын су көздері.
Ауыл шаруашылық мелиорациясы-ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін, қолайсыз табиғи жағдайларды түбегейлі жақсарту жолында қолданылатын ұйымдастыру-шаруашылық және техникалық шаралар жүйесі.
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзекті мәселесі - тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ауыл аруашылығына аз көңіл бөлінді. Міне, қазір енді сол бұрынғы жоғалтылған жетістіктерге қайта қол жете бастады. Жер және су ресурстары толығымен дерлік мемлекет бақылауына алынды.
Мемлекеттік су құрылымдары ауыл шаруашылық өніміндерін өндіруге толығымен септігін тигізуі және өркендеуі үшін су саласына және мамадарына ақшалай қосымша көмектер (дотациялар), несиелер, салықтық жеңілдіктер мен үкіметтік тапсырмалар беріле бастады.
Еліміз бүгінде су көздерін және құрылымдарын жөндеу, толығымен реттеу мақсатында қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, су шаруашылығын дамытуды жүзеге асыруға мүмкіндіктер жасауда.
«Қазақстан жерінің асты да байлық, үсті де байлық» - деп атап өткен Елбасы, осы табиғи байлықтарымызды нарықтық экономика жағдайында тиімді пайдалану жолдарын қарастыру керектігін меңзеген болатын. Табиғи ресурстар мәңгі емес. Күндердің -күнінде кез-келген табиғи ресурс азаяды немесе таусылады. Дәл осы табиғи ресурстар қатарына тіршіліктің көзі болмыш - су ресурстары да кіреді.
Қазіргі кезде еліміздің су шаруашылығы өз дамуының ерекше сатысына көтерілді, өйткені халық шаруашылығындағы жылдан-жылға ұлғайған су тұтынушылық кейбір аудандарда су қорларының азаюына және мүлдем бітуіне себеп болып отыр.
Жұмыстың мақсаты және зерттеу міндеттері - ОҚО, Шардара ауданында 2000 га жерде мал шаруашылығының жем-шөп базасын дамыту және балық шаруашылығын өркендету. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелер қарастырылып шешілді:
- ОҚО, Шардара ауданының табиғи-климаттық жағдайын жан-жақты бағаланып, қажетті мәліметтер негізінде суару тәсілі анықталды;
- облыстың су ресурстарының ауылшаруашылық саласына әсерін анықтап, пайдаланудың тиімді жолдарын негіздеу.
Зерттеу нысаны - ОҚО, Шардара ауданы, «Қызылқұм» бөгеті.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- ОҚО, Шардара су қоймасы, «Қызылқұм» су жібергіш құрылымын қайта құруды жобалау;
- «Қызылқұм» су жібергіш құрылымын қайта құруды жобалау негізінде мал азығы жем-шөптік және егіншілік шаруашылығына қажетті су мөлшерін жеткізіп беру, нәтижесінде ауданда жем-шөптің және егіншіліктен мол өнім алуына ықпал тигізу;
- жасанды су қоймасын салу нәтижесінде балық шаруашылығын өркендетуге мол жағдайлар жасау.
Өндірістік құндылығы: инженерлік геология, гидрология және топографиялық жағдайларды ескере отырып Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданындағы Қызылқұм каналында су қоймасын тұрғызу қарастырылған.
Оңтүстік Қазақстан Облысы, Шардара ауданында бүгінгі таңда кейбір қосымша су көздерінің жоқтығына байланысты мал азығы қорын кеңейтуге мүмкіндіктер аз болуда. Ал бұл жағдай өз кезегінде ауданда мал басы санының артуына кедергілер келтіруде.
Мал шаруашылығы азығы қорын дамыту үшін жобада жасанды су бөгетін салу қарастырылған. Су қойманың сумен толтыру көзі Сырдария өзенімен ағатын болып, канал арқылы 2000 га аудан жерді суғару көзделген.
Сонымен қатар су қоймада балық шаруашылығын өркендетугеде мол мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалған.
Жұмыстағы пайдаланылған зерттеу әдістері: жұмыста қарастырылып отырған күрделі мәселелерді шешу мақсатында, табиғи жүйені пайдаланудың қағидалары мен заңдылықтарына сүйене отырып, су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында су қоймасын жобалау есептері арқылы алынған мәліметтерді суару техникасының элементтері және бөгетті жобалау есептерін қолдану арқылы негіздеу.
1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1. 1 Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының топографиялық шарттары
Шардара елді мекені - Оңтүстік Қазақстан облысы. Шардара ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы Шардара қаласынан солтүстікке қарай 12 км жерде, Сырдария өзені мен Қызылқұм каналы аралығында орналасқан. Тұрғыны 4, 9 мың адам ( 2006) . 1957 - 96 ж. «Қаракөл» ғылыми өндірістік бірлестігі «Шардара» кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде ӨК, ЖШС, шаруа қожалықтары құрылды. Облыс орталығы Шымкент қаласынан оңтүстік - батысқа қарай 300 км жерде орналасқан.
1. 2 Гидрогеологиялық жағдайлары
Жерасты топырақ сулары аэрация аймағы арқылы ауылшаруашылық мелиорация обьектісі болып табылатын топырақтармен тікелей қатынаста болады. Жерасты суларының ең белсенді көзі егіндіктерді суаруға берілген су болып табылады, олар жерасты суларын каналдардан және егіс танаптарынан тікелей сүзілу арқылы толықтырады. Сонымен жерасты және жерүсті суларының арасында тығыз байланыс орнайды.
Алқапқа тән гидрогеологиялық жағдай төмендегідей:
- Барлық шөгінділердің су сақтай алуы, олардың жақсы гидравликалық байланыста болуы. Өйткені олар негізінен түрлі өлшемдегі құмнан құралған;
- Жақсы өткізгіш қабаттарда қысымның болмауы;
- Топырақ жамылғысынан жерасты суларының оңайлықпен кетуі, өйткені одан төменде орта және ұсақ өлшемдегі құм үлкен қалыңдықта орналасқан.
Суармалы егіншілік алқапта қазіргідей көп көлемге орналасқанға дейін жер асты суы 7-10 метр тереңдікте орналасқан, ол Сырдария өзеніндегі судың деңгейіне байланысты аздап өзгеріп отырған. Алқапта ұзақ уақыт суармалы егіншіліктің, әсіресе күріш егудің арқасында жер асты суларының деңгейі елеулі түрде көтерілген. Жер қорының негізгі бөлігінде жарты гидроморфты және гидроморфты топырақ түзілу тәртібі пайда болған, яғни жер асты сулары топырақ түзілу процесіне әсер ететін болған.
Жер асты суларының деңгейі жерасты ағысының есебінен және ирригациялық тәртіпке байланысты өзгеріп отырады. Суару тәртібі, судың жер астына сүзілу деңгейі, өзендегі судың мөлшері, ақаба сулар, көлдер мен ойпаттар өз әсерін тигізіп отырады.
1. 3 Шардара су қоймасы Қызылқұм каналының агроклиматтық және гидрологиялық шарттары
Агроклиматтық жағынан аудан құрғақ, ыстық шөл және шөлейт аймаққа жатады. Климат континенталды. Аймақта атмосфера ылғалдары аз, оның жылдық жиынтығы 165-200 мм. Олар көбіне көктемде және күзде жауады. Ылғалдану коэффициентінің көрсеткішіне сәйкес, ауданның орналасқан табиғи зонасы оңтүстік шөл болып есептеледі.
2016-2017 жылдардағы ауа температурасының және атмосфера ылғалдарының салыстырмалы көрсеткіштері Қызылқұм метеостансасынан алынған мәліметтер арқылы жасалды (1. 1 кесте, 1. 1 және 1. 2 суреттер) .
Кесте 1. 1
Қызылқұм ауа райын бақылау бөлімінен алынған метеорологиялық мәлімет
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz