Орал қаласындағы 4 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру автокөліктеріне жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету жүйесін толық жетілдіру


Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті
«Көкшетау техникалық институты» РММ
Күндізгі оқу факультеті
Жедел-тактикалық пәндер
кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
ЖТП кафедрасының
бастығының м. а.
Р. С. Баймағанбетов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
Тақырыбы: «Орал қаласындағы № 4 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру автокөліктеріне жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету жүйесін толық жетілдіру»
Орындаған С. Е. Мақсотов
Жетекші В. В. Ефименко
Көкшетау 2015 ж
5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша дипломдық жұмысты (жоба) дайындау ТАПСЫРМАҚазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті
«Көкшетау техникалық институты» РММ
Күндізгі оқу факультеті
Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы
Жоба тақырыбы: « Орал қаласындағы № 4 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру автокөліктеріне жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету жүйесін толық жетілдіру»
1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген № 2015 ж.
2. Аяқталған жұмысты (жобаны ) тапсыру мерзімі 2015 ж.
3. Жұмысқа (жобаға) бастапқы берілгендер өрт автокөліктеріне техникалық қызмет көрсетуді жетілдіру.
4. Өңдеуге жататын сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны, тарауларды орындау мерзімдері:
Бөлімнің (тараудың) атауы
Орындау мерзімі
Деректер жинау
5. 03. 2015
1.
Өрт сөндіру автокөліктеріне қызмет көрсету және жоспарлы алдын- ала жөндеу жүйесі.
10. 03. 2015
1. 1
Өрт сөндіру автокөліктерін пайдалану ерекшеліктері
20. 03. 2015
1. 2
Өрт сөндіру автокөліктеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарның ерекшелігі;
28. 03. 2015
1. 3
Гарнизондағы өрт сөндіру автокөліктеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ӨСБ жұмысына баға беру) .
31. 03. 2015
2.
Облыс гарнизонындағы өрт сөндіру автокөліктерінің жұмысын талдау.
02. 04. 2015
2. 1
Өрт сөндіру автокөліктерінің ай сайын дабыл бойынша шығу саны.
06. 04. 2015
2. 2
Ай сайынғы өрттер саны мен өрт сорғыштарының жұмыс істеу уақытын, ӨА жүрісін зерттеу.
10. 04. 2015
3.
Техникалық қызмет көрсету бөлімін жобалау (ӨСБ жаңарту) .
14. 04. 2015
3. 1
ӨСБ өндірістік бағдарламасы.
16. 04. 2015
3. 2
Өндірістік жұиысшылар саны мен жылдық қорды есептеу.
20. 04. 2015
3. 3
ТҚК мен жөндеу аймақтарын, негізгі өндірістік алаңдарды есептеу.
22. 04. 2015
3. 4
ӨСБ аймағын анықтау және оларды орналастыру.
25. 04. 2015
4.
Өрт техникасының жұмысын жаңарту және өз ұсынысын тұжырымдау .
27. 04. 2015
5
Инженерлік есептеулерді, стендтер мен механизмдерді жөндеп, жаңарту.
28. 04. 2015
6.
Қоршаған ортаны және еңбекті қорғауды ұйымдастыру.
30. 04. 2015
7.
ӨСБ ұймдастыруындағы техника - экономикалық жағын анықтау (қайта жаңарту) , механизмдер мен стендтерді өндеуді еңгізу немесе оларды қайта жаңарту.
03. 05. 2015
8.
Қорытынды.
10. 05. 2015
9.
Баяндама дайындау.
15. 05. 2015
5. Тапсырманы беру уақыты 201_ жылдың « __ »
6 . Консультанттар :
7. 6. Бекітемін: ЖТП кафедрасының бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигіС. Ә. Карденов
8. Жетекші: ЖТП кафедрасының оқутышысы өртке қарсы қызмет майоры В. В. Ефименко
9. Тапсырманы орындауға қабылдадым С. Е. Мақсотов
10. Тапсыру мерзімі 2015 жыл.
Мазмұны
Кіріспе
6
1
Дипломдық жоба тақырыбын негіздеу
9
1. 1
Өрт автокөліктері паркі мен техникалық қызмет бөлімі жұмысының жалпы сипаттамасы
9
1. 2
Гарнизондағы өрт автокөліктерінің техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесі
10
1. 3
Жоба дайындаудың мақсаттылығын негіздеу
12
2
Есептік-технологиялық бөлім
14
2. 1
Жобалау үшін бастапқы деректер
14
2. 2
Өндірістік бағдарлама жылдық есебі.
16
2. 2. 1
Өрт автомобильдеріне жөндеу мен техникалық қызмет көрсету санын анықтау
16
2. 2. 2
Негізгі жұмыстардың жалпы жылдық еңбексыйымдылығын анықтау.
29
2. 2. 3
ӨCБ жұмыс режимі, өндірістік қызметкерлердің қорлары мен уақыт мөлшері
42
2. 3
ӨСБ дегі негізгі өндірістік жер аумағының жөндеуімен техникалық күту саны. Негізгі өндірістік аумақты жалпы тұрақтандыру.
43
3
Ұйымдастыру бөлімі
45
3. 1
Автокөліктерді ағымдағы жөндеу
45
3. 2
Автокөліктердің ағымдағы жөндеуінің технологиялық үрдісі
46
4.
Автокөлікті ағымдағы жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлері
48
4. 1
49
4. 2
50
5
52
5. 1
52
5. 2
53
6
58
6. 1
58
6. 1. 1
58
6. 1. 2
59
6. 1. 3
61
6. 2
61
6. 3
62
6. 3. 1
62
6. 3. 2
63
6. 4
63
7
66
7. 1
66
7. 2
66
7. 3
67
7. 4
70
7. 5
70
7. 6
71
72
73
Кіріспе
Біздің елімізде автокөліктің жеткізілуі мен автокөлік жасаудың дамуы жоғары қарқынмен жалғасуда. Динамикалық қасиеттерінің жақсаруы, сенімділігінің артуы, пайдалану шығынының төмендеуі заманауи автокөлік үлгілерінің жоғары көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Сәйкесінше өрт сөндіру автокөліктерінің де көрсеткіштері көтеріледі. Ең алдымен, өрт автокөліктерінің меншікті қуаты, олардың жылдамдық көрсеткіштері көтеріледі. Бұл шасси бөлшектері қауырттылығының артуына әкеледі, үнемі артып келе жатқан жол қозғалысы қарқындылығы жағдайында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін маңызды етеді.
Техникалық ілгерілеу халық шаруашылығының көпшілік салаларында материалдық құндылықтардың объектінің аудан бірлігінде шоғырлануы, өрттің өрістеу жағдайлары мен жылдамдығының өзгеруімен қоса жүреді. Сәйкесінше өрт автокөліктерінің жоғары әзірлігі мен шапшаң қозғалғыштығын қамтамасыз етуге талаптар көтеріледі, себебі жолдағы кідіріс немесе өрт орнындағы істен шығуы елеулі шығынға, ал кейбір жағдайларда адам құрбанына да әкелуі мүмкін.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің жарамдылығын анықтайтын шарттардың бірі өрт машиналары мен жабдықтарының ұдайы техникалық дұрыстылығы және жұмысқа дайындығы болып табылады.
Машиналар мен жабдықтардың әзірлігі техникалық жағдайымен анықталады. Ол бөлшектер мен түйіндердің дұрыстық және тозу дәрежесімен бағаланады. Өрт машинасы техникалық пайдалану ережелеріне толық сәйкес келсе техникалық жарамды деп есептеледі. Өрт машиналарының техникалық жағдайы пайдалану үрдісінде тозу, бұзылу және басқа да бөлшектер, механизмдер мен агрегаттар ақаулығы нәтижесінде өзгереді. Бұл машинаның техникалық-пайдалану сапаларының нашарлауына әкеледі.
Пайдалану үрдісінде өрт автокөлігінің техникалық жағдайы біртіндеп өзгеріп, оның тиімділігіне әсер етеді. Одан басқа, өрт сөндірудің жаңа жағдайлары өрт автокөліктері құрылымы мен олардың орындайтын міндеттерінің күрделенуінің себебі болды. Өрт машиналарында электронды, гидравликалық, пневматикалық жүйелер элементтері пайда болды. Олардың кез-келгенінің істен шығуы агрегат немесе түйіннің қалыпты жұмысын бұзуы мүмкін.
Тасымал автокөліктерін пайдалану режимдерінен олардың негізінде жасалған өрт автокөліктерін пайдалану режимдерінің айырмашылығы бар. Олардың жүру радиусы біршама аз болады. Бірақ өрт автокөлігі оперативті тапсырма алғанда қозғалтқыш пен агрегаттарды жылыту сатысына тоқтамай, үдемелі режимде, көбіне қарқынды жол қозғалысы немесе жоғары жол кедергісі жағдайында қозғалады. Тасымал автокөліктеріне арнайы агрегаттар жетегі үшін базалық шасси қозғалтқышынан қуатты стационарлы іріктеу тән емес болып табылады. Өрт автоцистарналары мен автосорғыларының іріктелетін қуат шамасы атаулы қуаттың 70% жетуі мүмкін.
Бұл өрт автокөліктерін пайдалану ерекшеліктері минималды шығында әзірліктің жоғары дәрежесін сақтауға мүмкіндік беретін техникалық қызмет көрсету жүйесін дәл ұйымдастыруды талап етеді.
Өрт машинасын пайдалану техникалық қызмет көрсету және жөндеу болып екі топқа бөлінетін жұмыстарды өткізу арқылы техникалық жарамды жағдайын қолдау қажеттігімен тығыз байланысты.
Техникалық қызмет көрсету - өрт автокөліктерін әзірлікте ұстау мақсатымен өткізілетін алдын-алу шараларының кешені. Техникалық қызмет көрсету қамтамасыз етуі керек: өрт автокөлігінің пайдалануға тұрақты техникалық әзірлігін; белгіленген қызмет мерзімі бойында автокөліктің, оның агрегаттары мен жүйелерінің сенімді жұмысын; қозғалыс қауіпсіздігін; бөлшектердің тозу жылдамдығының артуын туғызып, салдарынан тоқтап қалу мен ақаулықтардың пайда болу себептерін жоюды; жанар-жағар май және басқа да пайдалану материалдарының минималды шығынын; автокөліктің қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуды.
Жөндеу - бұл өрт автокөліктерінің жұмыс қабілетті жағдайын қалпына келтіру және олардың тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету бойынша операциялар кешені.
Автокөліктерді пайдалану саласындағы техникалық саясаттың негізі жоспарлы-сақтандыру жүйесі болып табылады. Оның мақсаты минималды материалды және еңбек шығынында автокөліктің жарамды жағдайын қамтамасыз ету.
Орындалатын жұмыстың мақсаты мен сипатына сәйкес өрт автокөліктерін жөндеу келесі түрге бөлінеді:
- автокөліктер үшін: ағымдағы, орташа және күрделі;
- агрегаттар үшін: ағымдағы және күрделі.
Өрт автокөлігінің ағымдағы жөндеуі жұмысқа қабілетті жағдайын қамтамасыз ету үшін жекелеген агрегаттарды (сонымен қатар бір негізгісін), түйіндер мен бөлшектерді (негізгіден басқа) қалпына келтіру немесе алмастыру, сондай-ақ қажетті реттеуіш, бекіту, дәнекерлеу, слесарлы-механикалық және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы орындалады.
Агрегатты ағымдағы жөндеу оны ішінара бөлшектеу, жекелеген тозған және зақымданған механизмдерді, бөлшектерді (негізгіден басқа) алмастыру немесе жөндеу, қажетті реттеуіш, бекіту және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Өрт автокөлігінің немесе жекелеген агрегаттың ағымдағы жөндеуі пайдалану (жүргізушілер мәлімдемелері бойынша) немесе тексерулер кезінде анықталған қажеттілік бойынша жүргізіледі.
Өрт автокөліктеріне №2 техникалық қызмет көрсету мен жөндеу техникалық қызметтің өрт бөлімшелерінде (ТҚӨБ) жүзеге асырылады және сондықтан ТҚК мен жөндеу сапасы осы бөлімше қызметкерлерінің кәсіпқойлығына, оның техникалық жабдықталуына, осы іс-шаралардың дер кезінде өткізілуіне байланысты.
Берілген дипломдық жобада өрт автокөліктері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін ӨБ өндірістік бағдарламасын есептеу, орындалатын жұмыстардың еңбек сыйымдылығын және сәйкесінше қажет өндірістік жұмысшылар санын анықтау, өндірістік корпус аудандарын анықтау және оларды қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету (есептелген деректерге сәйкес) арқылы жетілдіру ұсынылады.
Ағымдағы жөндеу жөнделген агрегаттар, түйіндер мен бөлшектердің кезекті 2 ТҚК дейін тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты ағымдағы жөндеу учаскесін ұйымдастыру ұсынылады.
- Дипломдық жоба тақырыбын негіздеу
БҚО МӨҚҚ-нің барлық 27 бөлімшесінде өрт автотехникасы пайдаланылады: Негізгі ӨА - 85 бірлік;1. 1 Өрт автокөліктері паркі мен техникалық қызмет бөлімі жұмысының жалпы сипаттамасы
Жер көлемі:
- БҚО -151, 3 мың. км 2 .
-Орал қаласы - 0, 7 мың. км 2.
Халқының саны:
- БҚО - 635, 7 мың адам.
- Орал қаласында - 252, 7 мың адам.
- Арнайы ӨА - 16 бірлік;
- Көмекші ӨА - 53 бірлік.
Соңғы уақытта ҚР МӨҚҚ бөлімшелеріне пайдалануы қиын автоматика элементтері бар өрт техникасы түсуде. Оларға қызмет көрсету және жөндеу маман кадрлар мен сәйкес технологиялық жабдықтарды талап етеді. Өкінішке орай, техникалық қызмет бөлімшелерінің көбі бұл көрсеткіштер бойынша қатты артта қалды.
Кейбір гарнизондар қаланың автокөліктік кәсіпорындарында өрт автокөліктерін жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін өз өрт бөлімшесінің техникалық қызметіндегі өндірістік жұмысшыларын қысқарту арқылы шешуге тырысуда. Негізінде, бұл шешім базалық шассиге қызмет көрсету туралы сөз болғанда ғана жарамды. Бірақ автокөлік кәсіпорындарының автокөлік қондырмасына қызмет көрсету және жөндеу, оның арнайы агрегаттарына қызмет көрсету бойынша бірде-бір тәжірибесі жоқ. Жиілеп кеткен тоқтап қалу жағдайлары осыған айғақ. Техникалық қызмет көрсетуді бөлу қағидаты бойынша өткізу - шассиді авто кәсіпорында, өрт қондырмасын МӨҚҚ бөлімшесінде - қызмет көрсету үрдісін анағұрлым ұзартады, оның үстіне шет өндірушілердің қызметтері арзан емес. Сондықтан өз техникалық қызмет бөлімшелерін нығайтып, дамыту қажет.
Өрт машиналарына МӨҚҚ-та техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің негізін қалайтын қағидат - жоспарлы-ескерту жүйесі. Бірақ мұнда да теріс беталыс белгіленіп отыр. ӨС бөлімшелеріндегі жұмыстың төмен деңгейі туралы бұрыннан айтылып келеді. Көпшілік бөлімшелерде техникалық қызмет көрсету операцияларының сауатты құрылған және жете пысықталған технологиялық карталары жоқ. Одан МӨҚҚ бөлімшелерінің қалыпты әрекетін ұйымдастыру бірінші дәрежелі міндет екендігі қорытындыланады.
Төменде келтірілген диаграммадан өрт автокөліктері паркі ескіргені көрінеді. БҚО-ның негізгі және арнайы өрт автокөліктерінің көпшілігі гарнизондарда қызмет мерзімі 13 жылдан артық пайдаланылады. Өрт автокөліктері паркін жаңарту үшін қаржы және материалды қаражат жеткіліксіз бөлінеді.
ӨА әрдайым әзірлікте ұстау үшін: техникалық қызмет көрсету және жөндеуді уақытылы және сапалы өткізу, техникалық қызмет бөлімшелерінің материалды-техникалық базасын ескірген учаскелерді қайта құру, жаңа жабдықтарды орнату, жөндеу бекеттерін жасау арқылы нығайту қажет.
- Гарнизондағы өрт автокөліктерінің техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесі
![]()
![]()
Өрт автокөлігінің түйіндер, агрегаттар мен жүйелерінің техникалық жағдайының өзгеру заңдылықтарын білу пайдалану үрдісінде оның жұмыс қабілеттілігі мен техникалық жағдайын басқаруға, яғни автокөліктің жұмыс қабілеттілігін қолдау және қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл үрдіс техникалық қызмет көрсету және жөндеудің тәсілдері мен құралдары көмегімен жүзеге асырылады.
Техникалық қызмет көрсетудің міндеті тоқтап қалу мен ақаулықтар пайда болудың алдын-алу, ал жөндеудің міндеті оларды жою (жұмыс қабілетілігін қалпына келтіру) болып табылады. Тоқтап қалу мен ақаулықтардың алдын-алу ТҚК реттемелеуді, яғни белгіленген мерзімділігі және еңбек сыйымдылығы бар, орындалу жоспары бойынша тұрақты белгілі бір ТҚК операцияларын талап етеді. Орындалатын операциялар тізбесі, олардың мерзімділігі мен еңбек сыйымдылығы жалпы техникалық қызмет көрсету режимін құрайды. Автокөліктерді пайдалану саласындағы техникалық саясаттың негізі жоспарлы-ескерту жүйесі болып табылады. Оның мақсаты минималды материалды және еңбек шығынында автокөліктің жарамды жағдайын қамтамасыз ету. Өрт автокөліктерінің ТҚК мен жөнделуін ұйымдастыру және өткізу «Техникалық қызмет бойынша нұсқау» реттеледі.
ТҚК жүйесінің негізіне жоспарлы-ескерту қағидасы салынғандықтан, техникалық әсер ету жүргізілгенде екі принциптік тәсіл (стратегия) қолданылады: 1- осы жағдайына байланысты жоспарлы-алдын алу (ескерту) қызмет көрсету (жөндеу) .
Техникалық қызмет бөлімшелері жұмыс тәжірибесі өрт автокөліктеріне ТҚК және жөндеу жүйесінде бірінші тәсілді қолдану агрегаттар мен жүйелерді жөндеудің бірталай мөлшерін өткізумен, оларды ескерту қызмет көрсету қажеттігінен туындаған жөнсіз бөлшектеумен байланысты екендігін көрсетті. Бұл агрегаттың төзімділігін төмендетіп, оны қалпына келтіруге кететін шығынды (материалды және еңбек) арттырады. Мұндай жөндеу түрін жоспарлы-ескерту деп атайды және ол көбіне алдын-алу сипатына ие.
Екінші тәсілде агрегаттың және жалпы машинаның техникалық қорын толыққанды пайдалану қамтамасыз етіледі, жөндеу-пайдалану мұқтаждығына қосалқы бөлшектер мен материалдардың шығыны төмендейді. Сондықтан шығынды қысқартуға мүмкіндік беретіндіктен екінші қызмет көрсету қағидасы пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету позициясынан да, экономикалық позициядан да ұнамды деп танылды.
1. 3 Жоба дайындаудың мақсаттылығын негіздеу
ӨА қозғалыс қауіпсіздігі мен жұмысының тоқтаусыздығын қамтамасыз ететін техникалық түзу жағдайда ұстау олардың ТҚК мен жөндеуін жүзеге асыратын техникалық және оперативті МӨҚҚ бөлімшелерінің басты міндеті болып табылады.
Пайдалану тәжірибесі өрт автокөліктерін ТҚК мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесі алдын-алу шараларын өткізуде нақтылы мұқтаждықтарына толыққанды жауап бермейтінін көрсетті.
Мысалы, ӨА 20 % астамы бірқатар операцияларды жүргізудің нақты қажеттігі болмағанда ТҚК-ден өтетіні анықталды. Сонымен қатар өткізілген ТҚК-ге қарамастан өртке бара жатқанда және жауынгерлік жұмыс жүргізу кезінде агрегаттардың істен шығуы орын алуда. Бұл деректер агрегаттар мен жүйелерге қызмет көрсету қажеттігі әр түрлі екендігін көрсетеді. Олай болса, ӨА-не ТҚК мен Ж жүйесін былайша ұйымдастыру қажет: бірқатар міндетті қызмет көрсету операциялары (майлау, бекіту, жинау-жуу және т. б. ) орындала отырып, техникалық жағдайды бақылау мәжбүрлі өткізілсе, реттемелеу, алмастыру, агрегаттар мен жүйелерді жөндеу сияқты ТҚК опреациялары қажеттілігі бойынша жүзеге асырылуы керек.
Жергілікті БӨП басқару органдарының әрекетін ұйымдастыруды инспекторлық тексеру нәтижелерінің анализі техникалық қызмет бөлімшелері әрекетінде бірқатар типтік мәселелер мен кемшіліктер бар екенін көрсетті:
- Техникалық қызмет (ТҚ) бөлімшелерінің жеткіліксіз материалдық базасы өрт техникасына орталықтандырылған қызмет көрсету мен жөндеуді, әсіресе өрт автокөліктерінің күрделі жөндеуді өткізуді қиындатады;
- техникалық қызмет бөлімшелері үшін жылдық жоспар-тапсырмалар олардың өндірістік қуаты ескерілмей құрылады және көбінесе орындалмайды;
- ТҚК бөлімшелері жұмысшылары мен инженерлі-техникалық қызметкерлерінің жеткіліксіз біліктілігі және кадрлардың тұрақтамауы орын алуда;
- ӨҚҚ гарнизондары өрт автокөліктерінің көп бөлігіне бекітілген жүргізушілердің күшімен өрт бөлімшелерінде қызмет көрсетіледі;
- техникаға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы формалары қолданылмайды - ӨА, өрт техникасына және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету (ТҚК) және жөндеу үшін жылжымалы автожөндеу шеберханаларын пайдалана отырып барып қызмет көрсету әдісі.
Жоғарыда айтылғанға байланысты, ӨБ-те технологиялық жабдықтарды орналастырып, ағымдағы жөндеу учаскесін ұйымдастыру жобасын ұсынамын. Өндірістік үрдістерді жақсарту және еңбек өнімділігін арттыру үшін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың ескірген және жетілдірілмеген әдістерін, жұмыстар орындау технологияларын Қазақстан Республикасының және таяу шетелдің үздік техникалық қызмет бөлімшелерінің тәжірибесін қолданып, неғұрлым келешегі барына алмастыру қажет. Бұл өрт автокөліктерінің техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің тиісті аймақтарында бос тұруын, жұмыс уақыты шығынын қысқартуға, орындалатын жұмыс сапасын арттыруға, өрт техникасының жоғары тиімділігін, сенімділігін және мүлтіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау шараларына ерекше көңіл бөлу керек. Бұл бағыттар техникалық қызметтің заманауи өрт сөндіру бөлімшелерінде басым болуы керек. Олардың орындалуы жұмыс жасап жатқандардың денсаулық жағдайы мен бөлімшедегі экологиялық ахуалға жағымды әсер етіп қана қоймай, еңбек өнімділігін арттыруға да мүмкіндік береді. Жүйелі түрде учаскелерде жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша шаралар өткізіп тұру қажет.
- Есептік-технологиялық бөлім
2. 1 Жобалау үшін бастапқы деректер
БҚО МӨҚҚ гарнизонында келесі өрт автомобильдері бар:№ 2. 1 кесте
Негізгі ӨА үшін
ӨА маркасы
Саны (дана)
АЦ-30(66) 184 және модиф.
10
АЦ-40(130) 63Б, АЦ-40(4314)
54
АЦ-40(131) 137 және модиф.
15
АЦ-40(43101) және мод.
2
АЦ-40(43202)
1
АЦ-5(53213) және модиф
1
ПНС-110(131) 133А
1
8Т-311М(131)
1
Жалпы:
85
Арнайы ӨА үшін
ӨА маркасы
Саны (дана)
АЛ-30(131) ПМ-506
4
АКП-30(53213) ПМ-509 және мод.
1
АР-2(131) 133
1
АСО-20(43114)
3
АСА-16(43114)
2
АГ-(130)
1
АШ-5(452) 79Б және мод.
4
Жалпы:
16
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz