Халыққа қызмет көрсету орталығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Ақпараттық технологиялар және энергетика мектебі

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Кәсіпорынның ақпараттық жүйелері пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Халыққа қызмет көрсету орталығы

Орындаған: 15-ВТК-2 студенті
Мүтәл Ж.А
Қабылдаған: Сулейменова Л.Р.

Өскемен қ. 2018 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙЫНША БИЗНЕС-ҮДЕРІСТЕРДІ ЗЕРТТЕУ 4
1.1 Халыққа қызмет көрсету орталығының сипаттамасы 4
1.2 Халыққа қызмет көрсету орталығының үдерістерін объектілі модельдеу 6
2 ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫН КОНЦЕПТУАЛДЫ ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ ЖОБАЛАУ 12
2.1 Халыққа қызмет көрсету орталығын ұйымдастырудың негізгі ақпараттық объектілерін анықтау 12
2.2 Деректер базасын логикалық жобалау 13
3 ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫН МАШИНАЛЫҚ ЖОБАЛАУ 17
3.1 Конфигурациялыу деңгейлері 17
3.2.1 Справочник объектісі 17
3.2.2 Документ объектісі 19
3.2.3 Регистр накопления объектісі 21
3.2.4 Регистр сведений объектісі 22
3.2.5 Отчет объектісі 23
3.2.6 Перечисления объектісі 24
3.2.7 Планы видов характеристик объектісі 25
3.2.8 Деректерді талдау және болжау мехенизмі 26
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
ҚОСЫМША А 30
ҚОСЫМША В 38

КІРІСПЕ

Өзектілігі. Халыққа қызмет көрсету орталығы негізінен халыққа қызмет етеді. ХҚКО атқаратын негізгі бөлімдеріне: ҚР паспорты және жеке куәлігі, халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау, шетел азаматтарына: ҚР кіру және азаматтығы, шетелге шығу. Қазіргі таңда халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау өте маңызды рөл атқаруда. Халықты тіркеудегі өзекті мәселе Қазақстан Республикасының әр азаматы тұрғылықты жері бойынша тіркеуі болуы тиіс. Қазақстанда тұрақты және уақытша тұру орны бойынша халықты есепке алу заңнамада үнемі көзделген. Тұрғылықты жері бойынша тіркелудің екі түрі бар - тұрақты және уақытша.
oo тұрақты тіркеу - бұл тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
oo уақытша тіркеу - бұл азаматтың 1 айдан артық уақытша келу (тұру) орны бойынша тіркеу.
Азаматты тіркеу болсын немесе тіркеуден шығару болсын осы жұмыстарды атқару үшін тиімді бір бағдарламаның болғаны дұрыс деп ойлаймын. Бұл бағдарламаның маңыздылығы:
oo азаматтар жайлы тез әрі тиімді мәліметтерді енгізу;
oo оларды жылдам әрі тиімді тіркеу немесе тіркеуден шығару;
Зерттеу нысаны және пәні.
Зерттеу нысаны - халыққа қызмет көрсету орталығы.
Зерттеу пәні - халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау бөлімі.
Жұмыстың мақсаты - халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау бойынша деректер базасын жобалау. Бұл деректер базасын жасаудағы мақсат ХҚКО-ның халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау бөліміне келген азаматтар үшін тиімді және тез қызмет көрсету болып табылады.
Міндеттері. Жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттерді орындау қажет:
- халыққа қызмет көрсету орталығын сипаттау;
- халыққа қызмет көрсету орталығының үдерістерін объектілі модельдеу;
- халыққа қызмет көрсету орталығын ұйымдастырудың негізгі ақпараттық объектілерін анықтау;
- деректер базасын логикалық жобалау;
- конфигурациялыу деңгейлері.
Курстық жұмыстың құрылымы:
- кіріспеден;
- халыққа қызмет көрсету орталығының бизнес-үдерістерін зерттеуден;
- халыққа қызмет көрсету орталығын концептуалды, логикалық және машиналық жобалаудан тұрады.
1 ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙЫНША БИЗНЕС-ҮДЕРІСТЕРДІ ЗЕРТТЕУ

1.1 Халыққа қызмет көрсету орталығының сипаттамасы

Халыққа қызмет көрсету орталығы негізінен халыққа қызмет етеді. Қазақстан Республикасының әрбір облыстарында, қалаларында, аудандарында ХҚКО-ның филиалдары орналасқан. ХҚКО атқаратын негізгі бөлімдеріне: ҚР паспорты және жеке куәлігі, халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау, шетел азаматтарына: ҚР кіру және азаматтығы, шетелге шығу. Осы бөлімдердің әрқайсысының атқаратын қызметтері мен төлемдері бар.
ҚР паспорты және жеке куәлігі бөлімінің атқаратын қызметтері мен төлемдері:
oo тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге арналған электрондық өтініш беру;
oo некені бұзу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру;
oo паспорт, жеке куәлік алу;
oo ЖСН туралы мәліметтер алу;
oo атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру;
oo шет елдерде Қазақстан Республикасының паспорттарын ресімдеу және олардың төлқұжаттарына тиісті белгі қою;
oo уақытша жеке куәлік алу;
oo Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы суреттері жапсырылған жазба;
oo паспорт алу үшін мемлекеттік баж алым;
oo жеке куәлік алу үшін мемлекеттік баж алым.
Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау бөлімінің атқаратын қызметтері мен төлемдері:
oo Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
oo Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу;
oo жеке тұлғаның мекенжай деректерін тексеру;
oo мекенжай анықтамасын алу;
oo тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;
oo тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін мемлекеттік баж алым.
Шетел азаматтарына: ҚР кіру және азаматтығы бөлімінің атқаратын қызметтері:
oo Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу;
oo Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визаларды алу, олардың мерзімін ұзарту;
oo еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту;
oo Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ыхтиярхат және азаматтығы жоқ адамдарға куәлік беру;
oo Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру;
oo оралман мәртебесін беру;
oo Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін алу, мерзімін ұзарту, тоқтату;
oo Қазақстан Республикасына жеке және қызметтік істері бойынша шақыруларды ресімдеу;
oo Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың рұқсат алуы;
oo шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу;
oo шығу визаларын ұзарту және беру;
oo азаматтық алу және одан шығу.
Шетелге шығу бөлімінің атқаратын қызметтері:
oo Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу;
oo Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын алу;
oo Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі;
oo мұрағаттық анықтамалар беру;
oo азаматтық хал-актілерінің куәліктерін апостилдеуге электрондық өтінішті беру;
oo шет елге шығуы шектелген, борышқорлар тізілімі және атқару өндірісі бойынша борышқорлар тізілімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандығының бар болуын тексеру;
oo білім туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу;
oo Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба;
oo шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат алу;
oo Қазақстан Республикасының шет елдердегі азаматтарының азаматтық хал-актілерін тіркеу;
oo Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау;
oo консулдық заңдастыру;
oo шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу;
oo тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару.
Қазақстан Республикасының әрбір облыстарында және қалаларында орналасқын Халыққа қызмет көрсету орталығы жоғарыда көрсетілгендей қызметтерді атқарады.

1.2 Халыққа қызмет көрсету орталығының үдерістерін объектілі модельдеу

Пайдалану нұсқаларының диаграммалары жүйенің қызмет етуінің бағытын немесе осы жүйе не істеу керектігін сипаттайды.
Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау бөлімін сипаттайтын бизнес-үдерістер:
oo азаматтарды қабылдау;
oo құжаттарды рәсімдеу;
oo азаматтарды тіркеуден өткізу;
oo тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
oo тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу;
oo тіркеуден шығару;
oo тіркеусіз 10 күн жүргені үшін айыппұл төлеу;
oo белгелі-бір мекенжай бойынша қайта тіркеу;
oo бақылау жүргізу;
oo қызмет көрсету барысын бақылау;
oo тәртіп жағын бақылау;
oo мекенжай анықтамасын беру;
oo тұрғылықты жері бойынша беру;
oo тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелгенін беру.

Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау бөлімін орындайтын актерлер:
oo азамат;
oo бөлім бастығы;
oo бөлім қызметкері.

Сурет 1-де халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау бөлімінің бизнес үдерісі көрсетілген.

Сурет 1. Пайдалану нұсқаларының диаграммасы

Класстар диаграммасы төбелері құрылымдық қатынастардың әртүрлі типтерімен байланысқан жіктеуіш типіндегі элементтер болатын граф. Класстар диаграммасы объектік-бағдарланған бағдарламалау каластарының терминологиясында жүйе моделінің статикалық құрылымын ұсыну үшін қызмет етеді.
Класс UML тілінде құрылымы, әрекеттері және басқа класстардың объектілерімен қатынастары бірдей болатын объектілердің жиынтығын белгілеу үшін қызмет етеді. Графикалық түрде тікбұрыш түрінде суреттеледі. Сурет 2-де класс пиктограммасы көрсетілген.

Сурет 2. Класс пиктограммасы

Класстар диаграммасын құру. Класстарды қалыптастыру.
Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау бөлімі 7 классқа бөлінген болатын:
oo азамат;
oo ұлт;
oo тіркеу;
oo мекенжай;
oo қала;
oo облыс;
oo қызметкер.

Класс азамат
Атрибуттар:
oo ЖСН;
oo азамат аты-жөні;
oo туылған жылы;
oo туылған жері;
oo ұлт атауы;
oo жынысы.
Орындайтын операция:
oo құжаттарды рәсімдеу.

Класс тіркеу
Атрибуттар:
oo тіркеу нөмірі;
oo ЖСН;
oo тіркеу мерзімі;
oo қала нөмірі;
oo мекенжай нөмірі.
Орындайтын операция:
oo азаматтарды тіркеуден өткізу;
oo тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
oo белгелі-бір мекенжай бойынша қайта тіркеу.

Класс мекенжай
Атрибуттар:
oo мекенжай нөмірі;
oo қала атауы;
oo көшесі;
oo үй нөмірі.
Орындайтын операция:
- мекенжай анықтамалырын беру;
- тұрғылықты жері бойынша алу;
- тұрғылықты жері бойынша уақытша алу.

Класс ұлт
Атрибуттар:
oo ұлт нөмірі;
oo ұлт атауы.

Класс қала
Атрибуттар:
oo қала нөмірі;
oo қала атауы;
oo облыс нөмірі.

Класс облыс
Атрибуттар:
oo облыс нөмірі;
oo облыс атауы.
Қызметкер класы азамат класы мен тіркеу класының туындысы, сондықтан оның атрибуттарын мұра етеді.
Класс қызметкер
Атрибуттар:
oo ЖСН;
oo тіркеу мерзімі.
Орындайтын операция:
oo азаматтарды қабылдау.
Сурет 3-те класс диаграммасы көрсетілген.

Сурет 3. Класс диаграммасы

UML-дегі әрбір күйлер диаграммасы белгілі кластың бір данасының бүкіл ықтимал күйлерін және оның бір күйден басқа күйге өтуінің ықтимал тізбектіліктерін суреттейді. Күй диаграммалары көбінесе жеке объектілер әрекеттерін сипаттау үшін пайдаланылады. Сурет 4-те күй диаграммасы көрсетілген.

Сурет 4. Күй диаграммасы
Қызмет диаграммасы күй диаграммасының жеке жағдайы деп санауға болады. UML тілінде операцияларды орындау үдерістерін модельдеуде қызмет диаграммасы пайдаланылады. Онда қолданылған графикалық нотация күй диаграммасының нотациясына ұқсас, өйткені бұл диаграммаларда да күйлерді және өтулерді белгілеулер кездеседі. Қызмет диаграммасындағы әрбір күй қандай да бір элементар операцияларды орындауға сәйкес келеді, ал келесі күйге өту тек қана бұл операция аяқталғаннан кейін орындалады. Сурет 5-те қызмет диаграммасы көрсетілген.

Сурет 5. Қызмет диаграммасы

Реттілік диаграммасында хабарламалар уақыт бойынша қандай ретпен берілсе дәл сондай ретпен бейнеленеді. Әрбір рөл - классификатор өзара әрекеттесудің бүкіл бойында рөлді көрсетуші тік сызық - өмір сызығы (lifeline) түрінде бейнеленеді. Хабарламалар бір өмір сызығынан келесісіне бара жатқан нұсқаулы сызықтар түрінде бейнеленеді.
Реттілік диаграммасы нақты транзакция немесе сценарийдің тарихын сипаттайды. Негізгі тағайындауларының бірі пайдалану нұсқасының бір бөлігіне немесе толық нұсқасы үшін әрекеттер реттілігін бейнелеу. Іске асыру барысында диаграммадағы әрбір хабарлама класс операциясын шақыруға немесе соңғы автоматтағы оқиғаның қалыптасуына сәйкес келеді. Сурет 6-да реттілік диаграммасы көрсетілген.

Сурет 6. Реттілік диаграммасы

Берілген диаграммада екі актер қатысады: қызметкер, азамат. Азамат ХҚКО келеді. Талон алып кезегін күтеді. Кезегі келгенде қызметкерге барады. Қызметкермен сөйлеседі, қызметкерге тіркелуге немесе тіркеуден шығуға келгенін айтады. Қызметкер тіркеуге қажетті немесе тіркеуден шығуға қажетті құжаттарын сұрайды. Ары қарай қызметкер азаматты тіркейді немесе тіркеуден шығарады. Сосын қызметкер азаматтың тіркелгенін немесе тіркеуден шыққанын растайтын анықтама қалыптастырады. Азаматқа тіркелді немесе тіркеуден шықты деген анықтама беріледі.

2 ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫН КОНЦЕПТУАЛДЫ ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ ЖОБАЛАУ

2.1 Халыққа қызмет көрсету орталығын ұйымдастырудың негізгі ақпараттық объектілерін анықтау

Халыққа қызмет көрсету орталығының халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау бөлімі азаматтармен жұмыс істегенде келесідей негізгі қызметтерді орындайды:
oo Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу;
oo Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру;
oo тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру;
oo азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және қазақстан республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру;
Азамат талон алып кезекке тұрады және ХҚКО қызметкерлері азамтақа көмек көрсетеді.
7,8-суреттерде кіріс құжаттары көрсетілген.

Сурет 7. Туу туралы куәлік және азаматтарды тіркеу кітабы

Сурет 8. Жеке куәлік

Шығу құжаттары:
- белгілі бір азаматқа мекенжай анықтамасын қалыптастыру;
- белгілі бір мекенжай бойынша азаматтар тізімін шығару;
- әрбір аймақта тіркелген азаматтар саны.

Пайдаланушының ақпараттық сұраулары және ХҚКО-ның шектеулерін зерттеу нәтижесінде пайда болған атрибуттары Кесте 1-де көрсетілген.

Кесте 1. Атрибуттар жиынтығы


Атрибут атауы
Белгіленуі
1
Азамат аты-жөні
АТӘ
2
Туған жылы
ТУ-ЖЫЛ
3
Туған жері
ТУ-ЖЕР
4
ЖСН
ЖСН
5
Ұлт нөмірі
ҰЛТ-НОМ
6
Ұлты
ҰЛТ-АТ
7
Жынысы
ЖЫН
8
Айыппұл нөмірі
АЙП-НОМ
9
Айыппұл түрі
АЙП-ТҮР
10
Тіркеу түрі
ТІР-ТҮР
11
Тіркеу нөмірі
ТІР-НОМ
12
Тіркеу мерзімі
ТІР-МЕРЗ
13
Тіркеуден шығу нөмірі
ТІР-ШЫҒ-НОМ
14
Тіркеуден шығу мерзімі
ТІР-ШЫҒ-МЕРЗ
15
Нөмер мекенжай
НОМ-МЕК.ЖАЙ
16
Қала нөмірі
НОМ-ҚАЛА
17
Қала атауы
ҚАЛА-АТ
18
Облыс нөмірі
НОМ-ОБЛ
19
Облыс атауы
ОБЛЫС-АТ
20
Көше атауы
КӨШЕ-АТ
21
Үй нөмірі
НОМ-ҮЙ
22
Пәтер нөмірі
НОМ-ПӘТЕР

ХҚКО деректер базасының шектеулері мен шектеусіздері:
oo ЖСН қайталанбауы керек;
oo азаматта мекенжай тіркеуі болуы керек;
oo анықтаманың жарамдылық мерзімі берілген күннен кейін болуы;
oo айыппұлды берілген мерзімде төлеу керек.

2.2 Деректер базасын логикалық жобалау

Деректер моделін құрудың негізгі үш тәсілі бар:
- иерархиялық модель;
- желілік модель;
- реляциялық модель.
Иерархиялық және желілік модельдерге қарағанда реляционды модельде деректерді абстракциялау өте жоғары деңгейде. Сондықтан деректер базасының логикалық моделін құру үшін реляционды модельді таңдадық.
Реляциялықдеген ұғым (ағыл.relation - қатынас) деректер базасы жүйелерінің маманы белгілі американдық ғалым Е.Коддонның есімімен байланысты.
Жұмыстың нәтижелерін жорамалдау реляционды модельдің негізінде жатқан деректерді математикалық модельдеумен қамтамасыз етіледі. Нақты тілде құрылған деректер базасына деген кез-келген сұрау ДБ-ның схемасымен және нақтылы деректермен анықталған жауап қайтарады. Таңдап алынған пәндік аймақ терминдік қатынастарда жеткілікті нақты суреттейді. Жазбалардың артық қайталануы жоқ. Модель көрнекі және қажеттілік жағдайда кез-келген деңгейдегі деректерге рұқсатты іске асыруға болады.
Иерархилық және желілі модельдерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құқықтық негіздері
Зейнетақымен қамтамасыз ету
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастар Заңы
Жоба мақсаты мен міндеттері
Дәлелді медицина туралы ұғым
Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары және регламенттері
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі
Орталықтар қызметінің тәртібі
Пәндер