12 жылдық оқытуға байланысты мұғалімнің құзырлығын дамытудың жаңашыл жағдайлары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

12 жылдық оқытуға байланысты мұғалімнің құзырлығын дамытудың жаңашыл жағдайлары

Кіріспе

1-тарау. 12 жылдық білім беру реформасының маңыздылығы

1. 1. 12 жылдық білім беру және білім философиясы

1. 2. 12 жылдық оқыту жүйесін енгізудің қажеттілігі және оның ерекшеліктері

1. 3. 12 жылдық оқыту жүйесіне мұғалім жұмысының бейімделуі

2-тарау. 12 жылдық оқыту жүйесіне қажетті педагогтың кәсіби құзырлығын дамыту

2. 1. 12 жылдық оқытуға байланысты педагогтың кәсіби біліктілігін көтеру және дамыту мәселесі

  1. 12 жылдық оқыту жүйесіндегі мұғалімдердің құзырлығын дамыту ерекшеліктері
  2. Мұғалімнің кәсіби құзырлығын дамытуда әдістемелік

жұмыстардың маңызы ( зерттеу жұмыстары)

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Елбасы Н. Назарбаев өткен жылғы халыққа Жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет». Енді, міне сол тапсырма алдағы жылы жүзеге асырылмақ.

Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті болып жан-жақты талқыланып жатыр. Мысалы, Астана қаласында 2007 ж. басында он екі жылдық білім беруге дайындық мәселесіне арналған семинар-кеңес өтті, оған он екі жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, білім және оқу бағдарламаларын әзірлеушілер, педагог мамандар дайындайтын және қайта даярлайтын мемлекеттік жоғары оку орындарының, колледждердің, біліктілікті арттыру институттарының басшылары, оқулық авторлары, баспа өкілдері қатысты. Еліміз бойынша он екі жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты, білім және оку бағдарламалары, соның ішінде алдағы жылы іске асырылғалы отырған он екі жылдық жалпы орта білім берудің жаңа оқу пәндерінің ерекшеліктері түсіндіріліп, оқулықты әзірлеуге қойылатын талаптар нақтыланып жатыр. Қазір12 жылдық білім беруде еліміз бойынша 104 мектепте эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, әр жыл сайын 30 мың мұғалім қайта дайындықтан өтуде. 2008 жылдың 1 қыркүйегінде он екі жылдық білім берудің алғашқы табалдырығын алты жастағылар аттайтын болады. Бұл үрдіс жыл сайын жалғасын тауып, 5 сыныптар 2012 жылы, яғни, 6 сыныптың негізгі мектепке көшуі 2013 жылы өтеді. Ал бейіндік оқытуға көшу 2011 жылы жүзеге асырылады. Бұл 9 сынып оқушылары 2011 жылы бірден бейіндік мектептің 11 сыныбын аттанды, дегенді білдіреді. Осындай ауқынды жұмыстарды жүйелі атқару жолында министрлік бірінші кезекте жалпы білім беретін мектептердің материалдық техникалық базасын біршама нығайтуды ойластырып отыр. Әсіресе, физика, биология, химия, информатика, тағы басқа пәндік кабинеттерді, мектеп кітапханаларын керекті құрал-жабдықтармен жарақтандыру басты назарда тұрғанын министр қадап айтты. Ол алдағы басты міндеттердің бірі деп он екі жылдыққа білім беретін мұғалімдерді қайта даярлау мәселесін, он екі жылдық оқуға жаппай көшу кезіндегі әзірлік барысында сөз емес, іспен үлес қосу қажеттігін, бастауыш мектеп окулықтарын жасаған кезде сапасына баса назар аудару керектігін тілге тиек етті. Он екі жылдық білім беру - бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды. Қазір дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл шараға байланысты алуан түрлі пікірлердің айтылып жүргенінен хабардармын. Соны жүйелі жолға қою үшін кең отырып кеңесетін басқосулар болады. Сонда көтерілген ой-байламдарды сарапқа салатын арнайы жұмыс тобы құрылады. Оған еліміздің кез келген азаматы өз ұсынысын білдіруге құқылы.

Отанымыздағы білім беру мәселесін ғылыми тұрғыдан дәйектейді деген ниетпен Елбасының қолдауымен ашылған Ыбырай Алтынсарин атындағы Білім академиясы елдік істі жүзеге асыру кезінде қандай жұмыстар атқарып отыр екен деген ой мазалайтын. Қазір орталық деп аталып жүрген мекемелер академия ашылғанда оның құрамындағы институттар ретінде жұмыс істеген еді. Сол тұста Отанымыздағы білім беру мәселесі академияда талқыланып, талданып, алуан түрлі оқулықтар сарапқа салынып жататын. Енді осы мәселеде де ойланатын тұсымыз бар секілді. Оқулық шығару жайына ерекше көңіл бөліп, оның сапасын арттыру жағын алға тарту керек. Мұны іске асырудың бір тетігі, Білім академиясында білікті мамандардан құрылған комиссия оқулықты ғылыми, тілдік, әдістемелік жағынан сарапқа салып жатса оның кемшіліктері бір ізге түсері сөзсіз.

Сонымен 2008 жылдың қыркүйегінде ел тарихындағы елеулі оқиға болып есептелетін он екі жылдық білім беруге көшудің алғашқы қадамы басталады. Бұл әлемдік өркениет көшіне қосылудың нышаны деп білгеніміз абзал.

ХXI ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12-жылдық білім беру жүйесінің енгізілуі уақыт талабы болып отыр. Осының негізінде мектептердегі білім беру мерзімін 12 жылға ұзартуды таза психологиялық - физиологияльқ жағынан алғанда құптауға болады.

Білім беру саласында жеке адамның немесе ат тебеліндей топтың ой- өрісінен кеңірек мағынадағы келелі мәселелер туындайды. Ал сол мәселелерді көпшіліктің қабылдауы, оның көкейкестігін бұл коғамның жаңа сапалық деңгейге көтерілуге ұмтылуының белгісі, іздену нышаны деуге болады. Бүгіндер әр қоғам мүддесінен тыс калмайтын келелі де көкейкесті мәселенің бірі, жалпы білім берудегі 12-жылдық оқуға өту болып табылады.

Кез - келген келелі мәселенің қабылдануы, оны сезініп пайдалануы, содан барып мойындалып іске асуы бір сәттілік емес, бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ процесс. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі мұғплімдер жалпы білім беретін мектептің 12-жылдық оқуға ауысу мәселесін сезініп, жан-жақты пайымдай білетін құзіретті ұстаз болыу керек деп ойлаймыз. Бүгінгі біздің диплом жұмысымыздың тақырыбын « 12 жылдық оқытуға байланысты мұғалімнің құзырлығын дамытудың жаңашыл жағдайлары» деп атадық. Тақырыптың өзектілігі 12 жылдық білім беру мәселесінің қазіргі кезде көтеріліп, таяуда 2008 жылы өмірге енгізіліп, осыған байланысты мұғалімдерді құзіреттілігін арттыру қажеттігімен түсіндіріледі.

Зерттеудің мақсаты: 12 -жылдық оқыту мәселесін көтеріп, мәселені шешу өзектілігін көрсету, оқу реформасының еліміз үшін маңыздылығын анықтау, осы реформаның оқыту және тәрбиелеу жетістіктерін талдау, осы мәселеге байланысты педагогтың кәсіби құзырлығын дамытудың жаңашыл жағдайларын жан-жақты талқылап, қорытынды жасап, ұсыныстар енгізу.

Зерттеудің объектісі: 12 жылдық білім беретін мұғалімнің кәсіби құзырлығын дамыту жолдары

Зерттеудің пәні: 12 жылдық білім беретін мұғалімнің кәсіби құзырлығын дамытудың жаңашыл жағдайларын іздестіру жолдары

Зерттеудің міндеттері:

- 12 жылдық оқыту реформасы туралы тұжырымдаманы толық талдау;

-Қазіргі кезеңде 12 жылдық оқыту жүйесін енгізудің қажеттілігі және оның ерекшеліктері;

-12 жылдық оқыту жүйесіне мұғалім жұмысының бейімделуі;

-12 жылдық оқытуға байланысты педагогтың кәсіби біліктілігін, құзырлығын, көтеру және дамыту мәселесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мұғалімдердің өз әрекетін басқару процесін саналы ұғынуға мұмкіндік жасау, мұғалімдердің ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді ұйымдастыра алуға дайындығын жетілдіру жолдары арқылы құзіретті мұғалім бейнесін қалыптасытыруға болады.

Зерттеудің жұмыс әдістері: педагогикалық, психологиялық әдебиеттер, әдістемелік материалдарға талдау жасау, 12 жылдық білім берудегі эксперименттік мектептер тәжірибелеріне талдау жасау.

Зерттеу көздері: тақырып бойынша жазылған әлеуметтанушылар, фиилософтар, педагогтардың еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары ( ҚР Конститутциясы, Білім туралы Заң, 12 жылдық білім беру тұжырымдамысы және оқу- тәрбие беруге арналған тұжырымдамалар мен бағдарламалар) ; мектептердің озат тәжірибелері.

Зерттеу жұмысының базасы: Ақкөл ауданы, Өрнек орта мектебі.

Зерттеудің сынақтан өтуі: Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, педагогика кафедрасының оқытушыларның алдын ала талқылауынан, мектепішілік әдістемелік кеңес отырысында сынақтан өтті.

Диплом жұмысының құрылымы : кіріспе, екі тарау, әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.

1-тарау. 12 жылдық білім беру реформасының маңыздылығы

1. 1. 12 жылдық білім беру және білім философиясы

Білім философиясы жеке пән ретінде XX ғасырдың екінші жартысында философия ғылымы мен білім беру тәжірибесінің қойнауында қалыптасты. Оның пайда болуына әлемдегі түрлі философиялық ағымдар мен білім беру жүйесі арасындағы үздіксіз өзара қарым-қатынастар, білім берудің танымдық тереңдігін игеруге ұмтылған әлемге белгілі педагог-ойшылдар, білім беру тәжірибесіне негізделген теориялық толғаныстар ықпал етті деуге болады.

Жалпы айтқанда, білім философиясы белгілі бір мәдени ортада адамның ақыл-ой және адамгершілік дамуы қалай жүретінін, бұл үрдістегі білім беру жүйесінің алатын орнын бағалайтын және бағыттайтын пән деп қарастырылады. Түрлі бағыттағы философиялық мектептер білім беру үрдісін түсінудің тәсілдерін, оған сәйкес құрылымын табуға, оның қалыптасуын көрсететін идеялар жиынтығын анықтауға тырысуда.

Қазақ тарихына үңілсек, философиялық ой-пікірлері дала өркениетіне еніп, қоғамның көзқарастық, дүниетанымдық негізіне айналған ғұламалардың өз мұраларында таным мен білім негіздерін үнемі зерделеп отырғанын байқауға болады.

Әл-Фараби мен Иассауидің гуманистік идеялары, Абай мен Шәкәрімнің ақиқат шындыққа ғылым-білім арқылы, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы. "толық адам болу" туралы пікірлерінде жалғасын табады. "Адамның ғылымы, білімі ақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтығу" деген ұлы Абайды одан әрі апарған Шәкәрім "адам өмірінің мәні - сана көзімен көруге болатын ақиқатты іздеу" деп түйеді.

Адамның ақиқатқа деген танымдық қатынасы оның дүниеге көзқарас жүйесінің қажетті жағын көрсетеді, - дейді америкалық педагог-философ Джон Дьюи. Адамның және адамзаттың ақиқат шындықты тануының нәтижесі - білім және оның ақиқатпен сәйкес келуі білімнің шындығымен сипатталады. Басқаша айтқанда, егер адам ойы мен қоршаған дүниенің объектісі немесе табиғи құбылыстар сәйкес келсе, онда білімді шындық ретінде тануға болады.

Білім философиясын меңгеру педагог мамандардың терең кәсіби қарым-қатынасын қалыптастырады. Түрлі педагогикалық мәселелерге байланысты пікір алмасулар мен талдаулардың құралы ретінде философиялық түсініктер мен ұғымдзр пайдаланылмаса, олардың деңгейі қарабайырлық пен жалаң демагогия төңірегінде қалатыны сөзсіз. Дегенмен, бұл мәселеде ежелден күні бүгінге дейін қалыптасқан әр түрлі фипософиялық бағыттарда ортақ пікір жоқ, бұл, әсіресе, белгісіз объектілер мен құбылыстарды қарастырған кезде байқалады.

Білім - әрекеттің ең жетілген нұсқасы ретінде қызмет ете отырып, шындық білімімізге қатысты кері байланыстың болуын қажет етеді. Бұл байланысты орнату процесінде адамның қоршаған дүние жөніндегі білімі дәлелденеді, қайта қаралады. Осылайша, білім пайда болады және ол адамның белсенді практикалық әрекеті негізінде жетіледі, яғни, шындықтың енжар өнімі ғана болып қалмайды. Ал шындық - адамзат білімінің объективтілік мазмұнын есепке алады, бірақ есепке алу адамзат субъектісінің әрекеті негізінде де болуы мүмкін, ал білімнің ақиқаттық негізі мен өлшемі адамның практикалық әрекеті болып табылады

Білім философиясы адамға қоршаған дүниеде бағдар табуына, қажетті әрекетін жоспарлауға және жүзеге асыруға, оқиғаларды алдын ала болжауға, жаңа білім түзуге қажетті ерекше жүйе ретінде қарастырылады. Білім шындықты өзгертудің маңызды құралы бола отырып, өсуі жағынан қазіргі уақытта кез келген басқа жүйенің өсуін басып озатын динамикалық жүйе екендігін көрсетеді.

Мысалы, әркімнің өмірдегі өз зерттеуі негізінде қалыптасқан теориялық көзқарасы өзі үшін құнды, өйткені, адам түрлі қиындықтарға кездесе отырып, олармен күреседі, одан шығудың жолдары туралы өз тәжірибесі қалыптасады. Өмір сүру барысында жинақталған тәжірибе - ақиқат деуге де болады - адамның білім алуы болып табылады.

Прагматиктер білімді спонтандық түрде де - тұлғаның әлеуметтік ортада өзінен-өзі өзі дамуы, өзіне қажеттіліктерді бейсаналық түрде қалыптастыруы тұрғысынан, жүйелі ұйымдастырылған тұрғыдан да - тұлғаға білім беруге қызмет ететін мекемелер арқылы қарастырады. Адамның жеке тәжірибесі оның туа біткен қабілеттеріне де, қоғамдық ортаның мүмкіндіктеріне де байланысты. "Білім философиясының тікелей айналысуын қажет ететін маңызды мәселелердің бірі - формальдық және бейформальдық, спонтандық және ұйымдасқан түрдегі білімнің құрамдас бөліктерінің тиісті дәрежедегі тепе-теңдігін қамтамасыз ету жолдарын табу. Егер де ақпараттар мен арнайы интеллектуалдық дағдыларды қабылдау деңгейі әлеуметтік қажеттілікті қалыптастырмаса, олар өмірлік тәжірибеге айналмайды, сөйтіп мектептен білім жинаған адамдар ғана шығады", - дейді Дьюи.

Өткен тәжірибеге көз жіберіп қарасақ, әр тарихи кезеңнің өзіндік құндылықтар жүйесі болатынын және оның өзегіне адам өмірінің мән-мазмұны, дүниеге көзқарасы алынатынын байқауға болады. XX ғасыр жаратылыстану ғылымдарының басымдық еткен ғасыры болғандықтан адамның өмірдегі орнына терең көңіл бөле алмады. Сонымен қатар бұл кездегі индустриалдық қоғамның жедел қарқыны адам баласын ғаламдық алып машинаның тетігіне айналдырып жібере алатын және адамзатты рухани дағдарысқа ұшырата алатын қауіптер де әкелді.

Соңғы кездері ақпараттық технологиялық өркениеттің дамуына байланысты адамның тұлғалық болмысының жоғалып кетуін болдырмауға бағытталған педагогикалық-психологиялық идеялар, теориялық және тәжірибелік зерттеулер туындай бастады. Олардың негізгі философиялық идеясы білім беру үрдісін белгілі бір білімдік қорды жинақтауға емес, адамгершілік, гуманитарлық көзқарастарды қалыптастыруға бағыттау болып табылады. Бұл бағыт адам баласы үшін дүниенің біртұтас бейнесін қабылдай алуға мүмкіндік туғызуды, ол үшін ең әуелі өзінің ішкі әлемін рефлексиялық таным барысында түсінуге, өзгелер үшін түсінікті болуға жағдай жасауды көздейді.

Батыстық ғалымдар (А. Масллоу, К. Роджерс, Ж . Пиаже, т. б. ) өздерінің зерттеулерінде жоғарыда, айтқандай, рефлексиялық толғаныстар жүргізуді негізге алады. Бұған дейін "рефлексия" ұғымы көбіне биология және психология ғылымдарында пайдаланылып келгені белгілі. Соңғы кездері біздің елімізде де педагогикалық зерттеулерде тұлғаның мүмкіндігін дамыту идеялары "педагогикалық рефлексия" ұғымына негізделіп қолданылуда. Педагогика және психология саласының түсіндірме сөздігінде "рефлексия" ұғымына мынадай түсінік берілген: "Рефлексия - субъектінің психикалық актілер мен күйлерді өзінше тану және талдау процесі. Рефлексия индивидтің өз санасындағы өзгерістер туралы ойлану процесі деген түсінік философияда қалыптасты. Ол бірде индивидтің өз ойларының мазмұнына шоғырландыратын қабілетпен теңестіріледі, бірде ішкі тәжірибемен, білімнің ерекше көзімен теңестіріліп, түйсіктен, сыртқы дүниеден бөле жара қарастырылады.

Адам мен адамның бір-бірімен араласу, өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де, өзгелер үшін де ашылады, - дейді М. Бахтин. Оның пікірінше, өзара қарым-қатынас тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес, оның адамдық болмысын да шындайды. Ізгіліктің негізін ұжымдық әрекеттердегі қатынастар қалай алады, тұлғаның белсенділігі, өзін-өзі үнемі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес, өзге адамдармен диалогтік қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Бұл - білімді ізгілендіру болып табылады, яғни білім беруде баланы ең жоғары құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесінде оқушының танымдық және рухани қажеттіктерін қанағаттандыру, оқу, ойын, еңбек, қоғамдық істерде оқушыны субъект деп қарастыру.

Білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, психологиялық-педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог-ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, философиялық материализмнен руханилық, гуманистік ұстанымдарға бет-бұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.

Қазақстандағы 12 жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологиядағы ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлерді зерделеп, адамға бағытталған әлеуметтік-психологиялық танымды дамытудың маңызы зор. Отандық педагогикада адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға бағытталғаны аса қажет. Сондықтан білім берудің жаңа ізгіліктік бағыттары, мазмұны мен міндеттері, әдіс-тәсілдері іздестіріліп, оқушының дүниені тұтастықта қабылдауы арқылы өзіндік дамыту жолдарын зерделеу басты мәселелердің бірі.

Білім берудің адамға, тұлғаға бағытталуы, білім мазмұнының демократиялылығы, заман талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің гуманистік сипаты - 12 жылдық оқытудың методологиялық негізі ретінде қызмет ете алады. Оқытудың оқушыға бағытталған мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін, одан туындайтын ұстанымдары мен шарттарын жүйелеу арқылы қазіргі ұлттық білім берудің философиялық тұғырнамасын, әдіснамалық және әдістемелік негіздерін жасауға болатыны сөзсіз.

Онсыз мектептер мен білім беру мекемелеріндегі ұлттық идеяны көздейтін тұжырымдамалық тұтастықты қамтамасыз ету мүмкін емес.

Бүгінгі білім жүйесінде, Д. Дьюи атап өткендей, "үлкен өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан, Коперниктің жаңалығына (Күн - астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни, оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі".

Білім беру - шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып белсенді іс-әрекет жасауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз. Оқушының өзін тану үшін ғылыми және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі - өзін-өзі рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Білім беру жүйесінің "басты міндеттерінің бірі ретінде бастауыш және орта білім кезеңінен-ақ демократиялық қарым-қатынастарды орнықтыру көзделеді. Ол үшін оқытудың мынадай басты ерекшеліктерін дағдыға айналдырудың маңызы зор:

- өз тәжірибесін пайдалана отырып жаңа білім
арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;

- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;

- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже түйіндеу;

- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.

Аталған рефлексиялық танымдық дағдылар субъектілердің өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің - танымдық, білімдік, қарым-қатынастық - нәтижелі болуына олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Оның мазмұны баланың өз іс-әрекеттерінің субъектісі, ретіндегі өз көзқарасын қалыптастыру: өзіндік тұжырым жасай алу, өзін-өзі бағалау, өзіне сенім қалыптастыру арқылы өзіндік таным, өзіндік қажеттіктерді айқындау, өз мүмкіндіктерін пайдалану әрекеттерінде жүзеге асырылады.

Баланың өз білімі мен тәжірибесін қоршаған ортаны "зерттеу" әрекеттері арқылы қалыптастырады: мысалы, тақырып бойынша түрлі сызбалар, үлгілер құрастыру, сарамандық тәжірибе жасап, одан түйін шығару, даулы мәселелерге жауап іздеу, т. б. Бұлардың барлығы да танымның индуктивтік әдісіне, жекеден жалпыға өтуге жатады және педагогикалық концепция ретінде "инструменталдық педагогика" деп аталады. Осы тұжырымдаманы өте ықшамдап көрсетсек, мынадай болар еді:

-бала өзінің онтогенезінде адамзаттың та-
нымдық жолын қайталайды;

- білімді игеру ерік пен жігерге негізделген спонтандық процесте де, ұйымдастырылған әрекетте де жүргізіледі;

- бала жаңа материалды тек жай ғана тыңдау, көру, сезіну арқылы емес, оқытудың субъекті ретінде өзіндік білім алуға қажеттік пайда болғанда ғана игереді.

Оқытуды өзектілендірудің әдістемелік тәсілдері:

- мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша кайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;

- қайшылықты практикалық іс-әрекетте көрсете білуі;

- бір сұрақты жан-жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсына алуы; - құбылысты әр түрлі позициядан қарастыруды тапсыруы;

- мұғалім оқушыға ұқсастықтар мен қайшылықтарды өз беттерімен салыстыруға, қорытуға, түйіндеуге жағдай туғызады;

- нақты сұрақтар қояды;

- тапсырмаларды бірігіп орындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Нәтижеге бағытталған білім беру
Қазіргі Қазақстандық білім беру жүйесіндегі Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеяларының өзектілігі
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамуы
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
МҰҒАЛІМНІҢ САБАҚҚА ДАЙЫНДЫҒЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz