Қазақстан Республикасының аграрлық - өнеркәсіптік кешені



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Менің ойымша, жер шаруашылығын қалыптастырудың агроландшафттық
тұжырымдамасы Қазақстанның агротехнологиялық саясатының негізі болуы керек.
Мұндай саясат әлемнің көптеген елдеріне тән екендігін айта кеткен жөн.
Республикамыздағы жерлердің агротехникалық сипаттары алуан
түрлі. Сондықтан олар әрқилы агротехникаларды талап етеді. Мәселен, кез
келген зоналарда ауқымды биік жерлер (төбелер) бар. Оның үсті оңтүстік,
солтүстік, шығыс, батыс және үстіңгі жазықтығы болып бес бөлікке бөлінеді.
Демек, олардың әр бөлігінің өзіндік ерекшеліктері: өздеріне ғана тән
топырағы, микроклиматы, құрылымдары мен құрылыстары болады. Егер осы
төбенің барлық жағын соқамен бірдей тереңдікте жыртып, біркелкі дақыл егіп,
тыңайтқыш сіңіруді де, суару шараларын да осындай ұқсастықпен жүргізсек,
одан қандай өнім күтуіміз керек? Әрине, осы шараларды шын мәнінде бірдей
етіп жүргізген шаруашылық иелері өнімді де бірдей мөлшерде аламыз деп
ойлайды. Ал іс жүзінде одан алынатын өнім әртүрлі болады. Себебі, басқасын
қойғанда, әр төбенің топырақ қабаттары бірдей емес. Ол үшін жерді пайдалану
әдістерін ұсынушы ғалымдар немесе шаруа иесі оның “мінезін” білу керек.
Жердің қай аумағының қаншалықты мол немесе аз өнім беретіндігін анықтайтын
картасы жасалуы тиіс. Мысалы, осы төбенің оңтүстік, шығыс беткейлерінде
жылу мен ылғалды мол қажет ететін мақта, жүзім, т.б., ал батысы мен
солтүстігіне бау-бақша, төбесіне (жотасына), бәлкім, дәнді дақыл егу дұрыс
болар.
Бұдан шығатын қорытынды — жерді адамға емес, адамды жерге бейімдеу
қажеттілігі туындайды. Өйткені, өнімді беретін жер, ал шаруа иесі оны
барлық экологиялық мүмкіндігін пайдаланып, болмысын сақтап, табиғи
құнарлылығын арттыруға көмектесумен айналысуы керек. Сөйтіп, ландшафттың өз
еркімен барынша мол өнім беру қызметіне мүмкіндік жасауы тиіс. Ол үшін ең
алдымен, еліміздегі өте күрделі және әр алуан топырақтардан тұратын жер
бетін, сауатты түрде агроэкологиялық ландшафттардың жүйесіне келтіріп,
оларды топтарға бөліп, содан кейін әрқайсысына бейімделген
агротехнологияларды жасауды қамтамасыз ету қажет. Ал, жерді пайдалануды
бұрынғы сарынмен, яғни жалпызоналық технология негізінде жүргізгендердің
еңбегі еш болады, шығарған шығынының орнын толтыра алмайды. Шаруашылығын
“орташа” өніммен дамыту мүмкіндіктерінің өзінен қол үзіп, банкротқа
ұшырайды.
Дегенмен, 70-80 жыл бойы зерттеліп, қалыптасқан жер шаруашылығының зоналық
жүйесін мүлдем жоққа шығаруға да болмайды. Бұл жүйе, бүгінгі күні әлемдік
деңгейде өз міндетін толық атқарып шықты деуге болады. Ал ұсынылып отырған
бейімділік — ландшафтты егіншілік жүйесі осының негізінде дамытылып, оның
барлық жетістіктерін тереңдете пайдаланып, нақтылы агротехникалық жүйе
жасауды мақсат етеді. Мұны іске асыру үшін пайдаланылатын алғышарттық
ғылыми-зерттеулер аз емес. Тіпті, әлемге аты әйгілі В.Докучаев пен
В.Вернадскийдің еңбектері табиғатты тиімді пайдалануға негізделгенін айтсақ
та жеткілікті.
Әсіресе, В.Докучаевтың: “...топырақ — ландшафттардың айнасы” деген
анықтамасы біз көтеріп отырған мәселелердің түбегейлі ғылыми негізі бола
алады.
Бұл ұғымды әрі қарай дамытуда көптеген зерттеушілер атсалысып, өткен
ғасырдың 50-60 жылдарында зерттеліп, қалыптасқан жалпы ландшафттар
хақындағы ілім, оның геохимиясы, ландшафттық экологиясы, жерді
ауылшаруашылық типологиялау, табиғаттық ауылшаруашылық аудандастыру
мәліметтері, өсімдіктердің бейімділік әлеуеті туралы ұғымдар, контурлық
(шекаралық), шектік мелиоративтік жер шаруашылығының жетістіктері жалпы
ландшафттық жер шаруашылығын дамытуға себеп болды. Ұсынылып отырған жүйені
жасап, дамытып, егіншілікке ендіре қалыптастыру үшін негіз болатын
казақстандық ғылыми-зерттеу жұмыстарының да көп екендігін айқындадық.
Олардың қатарында белгілі ғалым Өмірбек Оспановтың басқаруымен жарық көрген
“Қазақстанның топырақтары” (“Почвы Казахстана”) атты 14 томдық зерттеулер,
елімізде ландшафттану мектебін құрған профессорлардың бірі К.Жаналиеваның
ғылыми еңбектері, академик В.Боровскийдің республика аумағындағы
топырақтарды мелиоративтік аудандастыру туралы көптеген ізденістері, Ғылым
академиясының Ботаника және зоология институттарының көпжылдық зерттеулері,
“Казгипроводхоз”, “Казгипрозем”, “КазНИИЗ”- дің және жоғары оқу
орындарындағы зерттеулердің мол қорларын атауға болады. Осы жұмыстардың
барлығы Қазақстанның баға жетпес қазынасы. Демек, егіншілікті бейімділік —
ландшафтты жүйесіне айналдыру, еліміздің аграрлық саласын әлем деңгейіне
көтерудің бірден бір жолы болып табылады.
Бұл жұмыстың актуалдылығы еліміздің Дүние жүзілік Сауда Ұйымына кіруінде
өнеркәсіпті жетілдіру және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта даярлау бойынша
отандық бастаманы қолдау қажеттілігі.
Жұмыстың мақсаты мемлекетіміз бен шет мемлекеттердегі ауыл шаруашылығының
дамуын зерттеу, қаржыны аз жұмсап, осы саладан көп өнім алу жағдайларын
қарастыру, ҒТР-дің әсерінен ауыл шаруашылығы өндірісінің өзгеруін анықтау,
шетел инвестицияларын тартудың мәселелерін ашып қарастыру.
Міндеттері Қазақстан ауыл шаруашылық географиясының жағдайын, өнім алудың
тиімді жолдарын, ауыл шаруашылығына ҒТР-дің тигізетін әсерін ашу, теориялық
мәліметтер арқылы мәтін, атлас карталары, қосымша ақпараттар бойынша ауыл
шаруашылығының аграрлық қатынастары мен даму бағыттарын жүйелеп, ауыл
шаруашылығына әсер етуші факторларды атап, оған тән басты белгілер бойынша
қорытынды жасау.

І. Қазақстанның Республикасының физикалық географиялық сипаттамасы
Қазақстан территориясының жер көлемі 2,7 млн. км2. Жерінің ауданы
жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады.
Қазақстан Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және
Аргентинадан кейін 9 орын алады. Шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың км – ден
астам, оның 12 мың км – ге жуығы құрлық арқылы, ал 3 мың км – ден астамы
Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді. Қазақстан батыста, солтүстік
батыста және солтүстікте (6467 км) Ресеймен шектеседі. Республиканың
Алтайдан Тянь – Шаньға (Хантәңірі массиві) дейінгі 1460 км – ге созылып
жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен сай келеді. Ал
оңтүстігінде Қырғыстанмен (980 км), Өзбекістанмен (2300 км) және
Түрікменістанмен (280 км) шектеседі. Республиканың шекарасы батысында
Каспий маңы ойпаты мен Жалпы сырт қыратының біраз жерін, солтүстітігінде
Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстітік – шығысында Алтайдың батыс бөлігін,
Сауыр Тарбағатай жоталарын басып өтеді. Республика шекарасы кей жеррлерде
Каспий және Арал теңіздерінде, Алтай және Тянь – Шань тауларында табиғи
шепке сай келеді. Қазақстанның қазіргі шекарасы осы өңірде саны жағынан
басым қазақ халқының орналасуымен белгіленген, негізінен, тәуелсіз дос
мемлекеттермен шектеседі.
Республика халқының саны 15 млн. адамдай, астанасы - Астана қаласы.
Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан мемлекет. Мемлекет
Тынық Мұхит пен Атлант мұхитының, сондай-ақ Үнді Мұхиты мен Солтүстік Мұзды
мұхиттан бірдей дерлік қашықтықта жатыр. Оның мұхиттардан шалғай
жатқандығы, әрі территорясының орасан үлкендігі климатына әсер етеді.
Қазақстан батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының
етегіне дейін 3 мың км - ге созылып жатыр. Солтүстіктегі Батыс Сібір
жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 16000 км-
ге созылып жатыр. Республика жерінің қиыр шығыс нүктесі (550 26 с.е) Шығыс
Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстігіне, ал
оңтүстік нүктесі (450 46 о.е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта
өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Қазақстан қоңыржай белдеудің
орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сондай ендіктердегі Шығыс
Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтпропиктік
климатымен ерекшелінсе, Қазақстан қуаң және континенттік климатымен көзге
түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен қатаң Сібір
мен қапырық Орта жерінде тоғысып жатқандай. Географиялық орнына қарай
республика жерінде орманды-дала, дала, шөлейт және шөл зоналары
қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (460 27 б.б.) Эльтон және Басқұншақ
көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (870 20 ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына
сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай материк ішіне тереңдеген
сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысы
мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі
биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның барлық өңірлерінде географиялық
орнына байланысты жылдың төрт мезгілінің ауысуы байқалады. Қазақстан Каспий
теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон қаналы
арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Еліміздің көп бөлігі жазық,
үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға
мүмкіндік береді.
Жер бедері. Республика аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер үлесіне
тиеді, қалған бөлігі-ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Оңтүстік-батыс,
солтүстік және орталық аймақтарға негізінен теңіз деңгейінен 200-300 мм
ғана биік келген жазық жер бедері тән. Оңтүстік-шығысы биіктігі 5000-6000 м-
лік таулы өңір болып келген. Яғни, республиканың топография жер бедері
оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа және шығыстан батысқа қарай аласарады.
Сонымен бірге, Қазақстан жерінде Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш
көлісынды тұйық суды алаптар, терең ойыстар мен құрғақ арналар баршылық.
Қазақстанның ең биік жері - Хан-Тәңірі шыңы (6995м). Ол республиканың
оңтүстік-шығыс бөлігін қамтитын тянь-Шань тау жүйесінде. Каспий теңізінің
шығыс жпғплауында құрлықтық бөлігінің ең ойыс жері, теңіз деңгейінен -132 м
төмен жатқан Қарақия ойысы орналасқан.
Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеография дамудың талай ұзақ
кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың
алмасып
отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоникалық
қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан.
Геологиялық құрылымы. Қазақстан Шығыс Еуропа платформасының оңтүстік-
шығыс шетін (каспий маңы синеклизасын) және Орал-Моңғол қатпарлы белдеуінің
батыс бөлігін алып жатыр. Қатпарлы белдеу өзінің оңтүстік-батысында Тұран
ойпатына (тақтасына) жалғасады. Тақтаның (плитаның) мезокайназойлық тысының
астынан Мұғалжар мен Қаратаудың (Маңғыстауда) палеозойлық құрылымдарға
шығып жатады. Бұлардың шығысындағы Қазақстанның таулы-қатпарлы бөлігінде
Орталық Қазақстан палеозойлық массиві-Сарыарқаны, бірнеше қатпарлы жүйелер
мен облыстарды (Шыңғыс-Тарбағатай, Объ-Зайсан және Алтай-Саян қатпарлы
облыстарының қазақстандық бөліктері), Солтүстік Тянь-Шань мен Жетісу
Алатауының ендік бағытқа жуық альпілік белдеулерін ажыратуға болады. Каспий
маңы синеклизасы (ойпаңы) үш бөлікке жіктелген шөгінділерден тұрады.
Тұран тақтасының үстіңгі тысы жоғарғы триастан төрттік кезеңге дейінгі
теңіздік, континенттік, терригендік, карбонаттық-терригендік шөгінділерден
(4-5 км-ге дейін) түзілген. Оның іргетасы құрамы әр түрлі келген кембрийден
триасқа дейінгі геосинклинальдық және квазиплатформалық геологиялық
формациялардан түзілген және интрузиялар бойлаған жарылымдармен
тілімденген. Мұғалжар құрылымы өзімен көршілес Торғай ойпанының батыс
ернеуімен бірге Орал қатпарлы жүйесіне кіреді. Мұнда прекембрийдің
метаморфтық жіне төменгі палеозойдың жанартаулық-шөгінді жыныстарының
шығымдарынан тұратын антиклинорийлік жіңішке блоктар силурдың, девонның,
карбонның негізгі вулканиттері мен шөгінді қат-қабаттарымен толған
синклинорийлік ойпаңдармен кезектесіп отырады. Ультрабазиттердің,
габбродиориттердің интрузиялары кең тараған. Ал Қаратау өңірінде
прекембрийдің метаморфтануға шалынған жыныстары, кембрий-ордовиктің
кремнийлі-тақтатасты ванадийлі және фосфоритті карбонатты-терригендік
шөгінділері, жоғарғы девон – төменгі карбонның карбонатты шөгінділері
көптеп кездеседі, қатпарлану мен интрузиялар бірқалыпты орын алған.
Сарыарқа түрлі жастағы және әр түрлі бағыттағы блокты-қатпарлы
құрылымдардан түзілген, сондықтан да оның құрылымы күрделі. Ең көне (1,1 –
2,7 млрд.жыл) архей протерозой түзілімдері ірі массивтер мен
антиклинорийлік блоктарды (Көкшетау, Ұлытау, Ерейментау) құрайды. Көкшетау
– Солтүстік Тянь-Шань қатпарлы жүйесіне бірігетін каледониттер Сарыарқа
жерінің 50%-ын қамтыған.
Климаты. Кең байтақ Казақстан жерінде оның географиялық орнына және
жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан.
Басқа кез-келген аумақты аймақтарға сияқты республика климатына да
радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.
Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдік
етеді, ал оған көршілес аймақтарға төменгі қысымды қабаттар тән келеді.
Жалпы республика аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым.
Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақтығы жылына солтүстіктен
оңтүстікке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағ-қа дейін артып отырады. Жылына
солтүстікте 120, оңтүстікте 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны
тиісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысында) кемиді. Міне, осылардың
нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке карай 4200-
ден 5500 МДжм²-ге дейін біртіндеп артады. Жазғы шұраттық құбылыс, яғни
булану есебінен күндізгі ауа температурасының қала төңірегіне қарағанда
төменірек болуы Алматыда жақсы байқалады. Радиация мен жылу балансының
өзгерісі ауа температурасын өзгертеді. Каңтар айының орташа температурасы
Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандарындағы — 18°С-тан оңтүстік
аудандарында 3°С-қа дейін көтеріледі. Шілденің орташа температурасы бұл
аудандарда тиісінше 19°С-тан 28 -30°С-ка дейін. Қазақстанның солтүстік-
шығысында климаттың континенттігі тым жоғары, бұл өңірде қаңтар мен
шілденің орташа температурасының айырмашылығы 41°С-қа жетеді. Оңтүстік
аудандарда 10 ай бойы орташа тәуліктік температуpa 0°С-тан жоғарырақ
болады. Республиканың солтүстігінде қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз кей
уакыттарда -45°С-тан -50°С- қа жетеді. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа
температурасы 35°С-тан 45°С-қа дейін қызуы мүмкін. Қазакстандағы
атмосфералық процестер Солтүстік жарты шардың Атлантика — Еуразия
секторының 3 ірі аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар
мен антициклондардың алмасу жолдары ендік бағытпен еңсе, онда ол ендік
бағыттағы айналым делінеді. Ендік бағыттағы айналым кезінде Қазақстанның
көпшілік бөлігінде жауын-шашынның мөлшері кеміп, ауа температурасы
жоғарылайды. Еуразиялық айналым кезінде республикаға суық ауа массаларының
енуі жиілейді, температуpa шұғыл төмендейді, жауын-шашын молаяды, жел
күшейеді. Сібірлік айналымда — оңтүстіктен тарайтын жылы ауа массалары
ұлғайып, ауа температурасы жоғарылайды, жауын-шашын кемиді. Орташа жылдық
жауын-шашын мөлшері 242 — 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың жылы
мезгілінде жауады. 10°С-тан жоғары орташа тәуліктік ауа температурасының
жылдық жиынтық мөлшері 2100°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы
160—170 тәулік. Ең қысқа жыл маусымы — көктем, ұзақтығы 1,5 ай, жазы 3 айға
созылады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуірдің соңына дейін. Куаңшылықтың орташа
жылдық мөлшері 37 күн, кейбір жылдары 110 — 113 күнге дейін созылады.
Су қоры . Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының
таралуы және олардың деңгейлік ерекшеліктері ең алдымен климат
факторларына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді.
Су қорларының ішінде, өсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті.
Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей
жылдары су мөлшері қалыпты орташа деңгейден 2—4 есе артық болса, қуаң
жылдары кептеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан
Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі — жер асты суы. Су қорлары кең-
байтақ аумақта біркелкі таралмаған.

Мұздық. Қазақстандағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі —
мұздыктар суы. Таулы өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км²-лік 2724 мұздық
анықталды. Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км²-ден астам)
Жетісу Алатауында (мұздық аумағы 1369 км²), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7
км²), Теріскей (144,9 км²) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында
(106,2 км²), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км²).

Топырағы. Қазақстанда өзге елдерде кездесетін топырақ түрлерінің
түгелдей дерлігі тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейін бар, тек
ылғалды субтропик белдеміне тән топырақ қана жоқ. Солтүстік Қазақстандағы
Батыс Сібір ойпатынан оңтүстіктегі Алатау өңірлеріне дейінгі аралық 1500 –
1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейінгі 3000 км-ге жуық
өңірлерде әр түрлі топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр
аймақтарда түзіліп, орналасуы географиялық белдемділік заңына байланысты.
Мысалы, Қазақстанның 86% жерін алып жатқан жазық алқаптарында климаттың,
топырақтың солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі көлденең белдемдік заңына
сәйкес өзгерсе, Қазақстанның солтүстіктен оңтүстікке қарай мынадай топырақ
белдемдері кездеседі:
1) республиканың қиыр солтүстіктен орманды дала белдемі алып жатыр.
Негізінен бұл жерлер Батыс Сібір ойпатында орналасқандыктан жер беті жазық,
ойпатты, сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған
сілтісізденген қара топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы,
негізінен жаздық бидай егіледі. Қалған жерлерін орман, шабындык пен
жайылымдар алып жатыр. Ауданы 400 мың га;
2) осы белдемнен оңтүстікке қарай даланың қара топырақты белдемі
(Жалпы Сырттан Ертіс өңірі жазықтығына дейін 2000 км-ге созылған) жалғасып
жатыр. Аумағы 25,7 млн. га, оның 15 млн. га-сы жыртылған жерлер, негізінен
астық дақылдары егіледі. Қара топырақты белдем солтүстіктен оңтүстікке
қарай 2 белдем аралығына бөлінеді: кәдімгі қара топырақты белдем аралығы
Батыс Сібір ойпатының оңтүстігінен Сарыарқа өңірінің және Жайық биік шығыс
жазығының солтүстік бөліктерін камтып (ені 100 — 140 км-дей), батыстан
шығысқа созылып жатыр. Аумағы 11,8 млн. га. Жер беті жазық, топырағы
құнарлы, негізінен астық дақылдары егіліп, етті-сүтті мал өсіріледі;
оңтүстік қара топырақты белдем аралығы— кедімгі кара топыракты белдем
аралығының оңтүстігін бойлап батыстан шығыска созылып жатыр, ені 50 — 125
км-дей, аумағы 13,9 млн. га. Жер беті жазық, топырағы құнарлы. Бұл
негізінен ылғалы жеткілікті, дәнді дақылдар егуге қолайлы жерлер.
Құрғақшылық әрбір 7 — 9 жылда бір-екі рет кайталанады;
3) Республиканың оңтүстік бөлігіндегі шөлді белдемге дйінгі орта
аймақты құрғақ – далалы және шөлді далалы қара – қоңыр топырақты белдем
алып жатыр. Аумағы 90,5 млн. га, яғни республика жерінің 33,2%-ы. Мұнда
солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 белдем аралығына бөлінеді: күңгірт қара-
қоңыр топырақты белдем аралығы — қоңыржай қуаң дала, мунда жыл сайын
егіннен тұракты өнім алынбайды. Топырақтағы қарашірік мөлшері 3 — 4%.
Аумағы 27,7 млн. га. Топырақ құнарлы болғанымен құрғақшылық әрбір 3 —4
жылда бір қайталанып болып турады. Соңғы 10 жылда бул белдем аралығындағы
жыртылған жер көлемі оларды пайдаланудың тиімсіздігінен, бүрынғы 10 млн. га-
дан 3 — 4 млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр т о п ы р а қ орын алған
аумақ 24,4 млн. га. Топырақтың беткі қабатындағы карашірік мөлшері 2 — 3%.
Құрғакшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бір рет қайталанады, сондықтан
суарылмайтын егіншілікпен айналысу тиімсіз, ал суару үшін тұракты су
көздері жоқ, Тың игеру кезіндегі асыра сілтеушілікпен бұл белдем аралығында
астық үшін игерілген 4 — 5 млн. га жерге соңғы 10 —12 жылда егіс егілмейтін
болды, тек аз ғана малазықтық жем-шөп егілетін жерлер калдырылды. Мұнда
соңғы жылдары тек мал өсіріледі; ащы қара-қоңыр топырақты белдем аралығы
—өте қуаң шөл (шөлейт) дала, негізінен мал шаруашылығына жарамды. Аумағы
38,4 млн. га.

4) Шөл дала белдемінің аумағы 119,4 млн. га, немесе республика
аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы
— шөлді аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аумағы 57,4 млн. га.
Жылдық жауын-шашын мөлшері 120-150 мм. Топырақтың беткі қабатындағы
қарашірік 1-1,5 пайыз. Сұр қоңыр топырақты белдем аралығы шөлді аймақ,
жусан мен эфемерлі өсімдіктер басым. Аумағы 61,8 млн. га. Жылына түсетін
жауын-шашын мөлшері 80 — 130 мм. Топырақта қарашірік мөлшері 1%-дай.
Алқапта құмды, тақыр, сор жерлер жиі кездеседі. Бұл жерлерде мал
шаруашылығы дамыған, егіншілік суармалы жерлерде ғана шоғырланған. Биік
таулы аймактын, топырағы республиканың оңтүстік-шығысын алып жатыр. Аумағы
37 млн. га, республика жерінің 14%-ын құрайды.

Өсімдіктері. Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі
бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқүлақтар, 600-ге
жуығы — қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы — жоғары
сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар)
кұрамындағы түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы
өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ
әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа
жататын 6100-ге жуық түрден турады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда
өсетін — эндемиктер. Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік
(36 – 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 – 35 млн.
жыл), неогендік ежелгі жерорта теңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-
ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн.
жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан.
Өсімдіктердің Қазақстан жерінде таралуы, түрлер мен эндемиктердің
топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Республиканың
осыншама бай өсімдіктер дүниесі түрлердің биологиялық, экологиялық,
эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі бірлестіктер мен
қауымдастықтарға жүйеленген.
Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі.
Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсемдік-безендірушілік 700 –
800, ширнелік (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-
ден астам) өсімдіктер түрлері бар.
Жануарлары. Қазақстан жерінде сүтқоректілердің 180, құстың 500,
бауырмен жорғалаушылардың 52, қосмекенділердің 12, балықтың 104-ке жуық
түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер (шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар, т.б.)
бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады. Жануарлар
түрлерінің қазіргі сипаты бірқатар жағдайларға байланысты, олардың
аралығында, ең алдымен, жердің аса кең аумақта игерілуі, осыған орай жер
суару, не керісінше, көптеген жайма су аңғарларын құрғатып, техникалық
дақылдар егу нәтижесінде жер бедерінің өзгеруі сияқты жағдайларды атап
көрсету керек. Мұның нетижесінде соңғы 150 — 200 жыл ішінде республика
бойынша керқұлан (Прежевальский жылқысы), қабылан, түран жолбарысы, тоғай
бұғысы сияқты түрлері жойылып кетті. Кептеген аса бағалы аң түрлерінің
азайғандығы соншалық, тіпті оларға жойылу қаупі төнген. Бұлардың қатарына
қарақұйрық, үстірт арқары, арқар, Мензбир суыры, ортаазия өзен құндызы
жатады. Құстардың ішінде дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ, қоқиқаз,
орақтұмсық, жылан жегіш қыран, бүркіт, балықшы, кезқұйрықты субүркіт саны
тым азайып кетті. Олардың бәрі Қазакстанның "Қызыл кітабына" енгізілді.
Қазақстанның "Қызыл кітабының" 3-басылымына қорғауға алынған андардың 40
түрі, құстың 56 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрі, қосмекенділердің
3 түрі, балықтың 16 түрі енгізілді.
Қорықтарда кептеген сирек кездесетін жануар түрлері
мемлекеттік қорғауға алынды (Ақсу-Жабағалы қорығы, Барсакелмес қорығы,
Қорғалжын корығы, Наурызым корығы, Марқакөл қорығы, Үстірт корығы).
Республикамыздың қазіргі жануарлар дүниесі алуан түрлі, ал оның кең байтақ
жерінде бұрын да көптеген жануарлар мекендеген. Мұнда бір кезде құрып
кеткен омыртқалылардың 200-ден астам түрі, кене дәуірдегі теңіз
жайылмасында тіршілік еткен бауырымен жорғалаушылардың, балықтардың,
омыртқасыз жәндіктердің, мәселен, ұлулардың бірнеше жүздеген түрі табылды.

ІІ тарау. Қазақстан Республикасының аграрлық-өнеркәсіптік кешені.

2.1. Аграрлық-өнеркәсіптік кешен туралы түсінік, құрылымы және
дамуы.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту Қазақстанның экономикалық саясатының
бірден-бір маңызды басымдығы болып табылады. Бір жағынан, қолайлы
экономикалық алғы шарты бар, атап айтқанда, кең ауқымды өндірістік қуаты
жұмсалмаған ( өз уақытында бүкіл Кеңес Одағының қажеттілігін
қанағаттандыруға болжанған), еліміздің ішкі нарығында сұранысы
қанағаттандырылмаған, үлкен аймақтағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын
жері, сондай-ақ Қытай мен Ресейдің дамыған нарығындағы айырықша экпорттық
әлеуеті. Екінші жағынан, әлеуметтік факторы - Қазақстан тұрғындарының
жартысынан көбі ауылды жерде тұрады. Қазақстанның Инвестициялық қоры өзінің
мақсаттарына сай бірінші кезекте Агоөнеркәсіптік кешен өндірісі
құралдарының қайта өндіру және өндіру салаларының дамуына бағдарланады.
Сонымен бірге, өзара байланыстың талдауы АӨК салаларында қайта өңдеуді
дамыту кезінде жеткізушілердің тұрақсыздығынан, жоғары құнына және шикізат
сапасының бір текті еместігінен тежелетіні анықталды. Осы мәселелерді жою
үшін ауыл шаруашылық өндірісінің дамуына елеулі жұмсалымды талап етеді,
атап айтқанда ескі және жаңа тұқымдық пен тұқым өсірушілік шаруашылығын
құруды қалпына келтіру, қазіргі кездегі агротехнологияны енгізу, тиісті
инфрақұрылымды құру және т.б. Осылай туындап отырған жағдайда, шикізатты
өндіруден бастап оны тереңірек қайта өңдеуге дейінгі қосылған бағасының
сатылас-біріктірілген буынын құруды қарастыратын аса перспективалы және
экономикалық тиімді жобаларды ұсыну.

Басымды тобына мынадай салалар жатады:

1. ет пен былғары шикізатын өндіру және қайта өндіру;

2. сүтті өндіру және қайта өндіру;

3. жүнді өндіру және қайта өңдеу;

4. жеміс-жидек пен көкөністі өндіру және қайта өндіру;

5. мақтаны өңдеу және қайта өндіру;

6. ауыл шаруашылық техникасын өндіру.

Аграрлық-өнеркәсіптік кешенің басты мақсаты-халықты азық-түлікпен және
өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен тұрақты қамтамасыз ету. Ауыл
шаруашылығынан өндіретін өнімдер бөлшек сауданың төрттен үш бөлігін алады.
Оның жартысынан көбі-азық-түлік тауарлары.
Ауыл шаруашылығын агроөнеркәсіптік интеграция және шаруашылықтың серіктесуі
(кооперация) негізінде дамыту туралы мәселелр қойылып және осы кезеңнен
бастап агроөнеркәсіптік кәсіпорындар мен бірлестіктер жүйесін құру
жоспарлана бастады. Аграрлық өндірістік серіктесу ауыл шаруашылығы өнімдер
өндіру және оларды өнеркәсіптік жолмен өңдеуді өзара тығыз байланысты
территориялық біртұтас жүйеге айналдыруды көздейді.
Ауыл шаруашылығы мен оны өңдейтін өнеркәсіптердің өзара байланысы
территориялық ұйымдастырудың жаңа формаларының дамуына және мамандаған
салалар мен аудандардың пайда болуына ықпал етеді.
Аграрлық-өнеркәсіптік кешен - ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндіру,
оларды өңдейтін жеңіл және тамақ өнеркәсіпбін, өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылым, өндіріс құрал – жабдықтарын шығару (машиналар, құралдар мен
техникалар, тыңайтқыштар т.б.) салаларын құрайтын біртұтас өндірістік
экономикалық жүйе. Басқаша айтқанда, аграрлық - өнеркәсіптік кешен деп
бір-бірімен өзара тығыз байланысты, ауыл шаруашылығы, оны материалдық
базамен қамтамасыз ететін өнеркәсіп (ауыл шаруашылығы машинасын жасау,
тыңайтқыш, микробиология, т.б. салалар) кәсіпорындары, сонымен бірге
тауарларды дайындау, тасымалдау, өңдеу, сақтау және сату жүйесін айтады.
Агарлық - өнеркәсіптік кешеннің дамуы материалдық өндірістің әр түрлі
салаларының арасындағы өзара байланыстарды күшейтуге, территориялық еңбек
бөлінісін тереңдетуге, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және әлеуметтік салалар
арасындағы интеграциялық процесі ұлғайтуға, яғни мамандану, серіктесу
(кооперация) және септесу (комбинирование) процестерін дамытуға керекті
жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады.
Агарлық-өнеркәсіптік кешен – шаруашылықтың күрделі салаарлық кешені. Оның
құрамына кіретін салалар әр түрлі технологиялық жұмыстар атқаратындықтан,
оларды үш сфераға бөлуге болады:
-І сфера – аграрлық-өнеркәсіптік кешенге өндірістік құрал-жабдықтар
шығаратын өнеркәсіп салалары – трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау
өнеркәсібі, мал және жем-шөп шаруашылығына, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне
қажетті маманданған автокөлік шығару, құрал-жабдықтар жасау, мелиоративтік
техника, минералдық тыңайтқыш, ауыл шаруашылығы өсімдіктері, егінжай
зиянкестеріне және мал ауруыларына қарсы күреске арналған әр түрлі химиялық
өнімдер, құрама жем-шөп және микробиология өнеркәсібіне керекті құрал-
жабдықтар енеді;
-ІІ сфера- ауыл шаруашылығы (егін және мал шаруашылығы);
-ІІІ сфера- ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін өнеркәсіп салалары:
тамақ өнеркәсібі (ұн-жарма тарту, ет-сүт, балық, қалбыр, арақ-шарап,
кондитер өнеркәсіптер). Жеңіл өнеркәсіп (мақта-мата, зығыр, жүн, тері және
аң терісін өңдеу, тоқыма, киім-кешек, трикотаж, теріден жасалған тауарлар,
аяқ-киім, аң терісінен жасалған киімдер т.б.)
Агарарлық-өнеркәсіптік кешеннің өнеркәсіптік инфрақұрылымына ауыл
шаруашылығына материалдық-техникалық, агрохимиялық, агротехникалық,
ветеренарлық қызмет ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, тасымалдау,
сақтау (элеватор, қойма), көтерме және бөлшек сауда, басқару мекемелері
т.б. жатады. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің әлеуметтік инфрақұрылымы
тұрмыстық-коммуналдық-шаруашылық, білім, денсаулық, мәдениет мекемелері,
мамандар дайындау және т.б. салаларды қамтиды.
Аграралық-өнеркәсіптік кешеннің басты звеносы- ауыл шаруашылығы,
мысалы, 1990 жылы аграрлық-өнеркәсіптік кешендегі жұмыскерлердің жартысынан
астымы ауыл шаруашылығында еңбек жасады, 75% өнімін өндірді. Мемлекеттік
және кооперативтік саудада азық-түлік және ауыл шаруашылығы шикізаты үлесі
70-77%-ға дейін жетті. Қазақстанның аграрлық-өнеркәсіптік кешені 38%
жұмыскерді, 33% негізгі өндірістік қорды, 57% ішкі жалпы өнімді, 40% ұлттық
табысты құрады.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы ХХ ғасырда жартылай көшпелі мал
шаруашылығы және экстенсивті егін шаруашылығынан индустриалдық және
интенсивтік жолмен дамитын өндірістің ірі саласын айналды. Ауыл
шаруашылығының ішкі жалпы өнімі 1980 ж. салыстырғанда 2000 ж. 9 есеге, оның
ішінде егін шаруашылығы-12 есеге, мал шаруашылығы 5,5 есеге ұлғайды.
Қазақстан республикасының аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің дамуы
егемендік тәуелсіз мемлекет алып, нарықтық, экономикалық-әлеуметтік реформа
жүргізгенге дейін бірнеше негативтік және позитивтік кезеңдерді басынан
өткізді.
Қазақстанда 1990 ж. кеңшарлардың 13 бөлігі дәндә-дақылдар, ¼ бөлігі қой
шаруашылығына маманданды. Бірақта бір Орталықтан жоспарлау көптеген
кеңшарлар мен колхоздарға жергілікті жердің табиғи-климаттық жағдайына,
халықтың тарихи тәжірибесі мен әдет-ғұпына бейімделуіне мүмкіндік бермеді.
Кеңес үкіметі кезінде толық технологиялық стадиялары бар аграрлық
бірлестіктер толығымен құрылмаса да, аграрлық кешендерді екі топқа бөлуге
болады:
1. мал өнімдерін өндіру және өңдеу (ет, сүт, жүн және тері)
2. егін өнімдерін өндіру және өңдеу (дәнді, техникалық дақылдары,
көкөніс, жеміс-жидек, жем-шөп, мақта-мата, қант, май айырғыш, көкөніс
пен жеміс қалбыры, темекі, ұн-жарма өнеркәсіптері т.б.)
Республикада мал өнімдерін өндіру мен өңдеу кешені басты рөл атқарады.
Оның үлесіне 1990 ж. 50%-ға жуық ауыл шаруашылығынаң, 50%-ға жуық тамақ
өнеркәсібінің жалпы өнімі және 45% жеңіл өнеркәсібінің өнімі тиеді.
Аймақтар бойынша даму деңгейін әр түрлі сипатта болды. Салыстырмалы тұрғыда
қарағанда жоғарғы деңгейде Семей аймағында, Оңтүстік Қазақстан экономикалық
ауданы облыстарында, Батыс Қазақстан облысының кейбір ауылдық округтарында,
Солтүстік Қазақстан және павлодар лбдыстарында жақсы дамыды. Мал өнімдерін
өндейтін аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің басты саласы- ет өнеркісібі. Оның
шикізат базасы- ет өнімін өндіруі бағытындағы мал мен құс шаруашылығы. Бұл
сала Оңтүстік, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда жақсы дамыды, олардың
республикадағы үлесі 75% болды. Ет өнімін өңдеумен бірге оның басқа қосымша
өнімдері- тері, май, жүн т.б. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің басқа
звеноларына шикізат есебінде қолданылды.
Астық өнімін өндіретін және өңдейтін кешен Солтүстік, Батыс Қазақстан мен
Ақтөбе облыстарының солтүтігінде құрылды. Табиғи-климаттық жағдай ауыл
шаруашылығы салаларының орналасуына және мамандануына зор әсер етт. Мысалы,
тек қана Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының аздаған солтүтік бөлігінде
80%- егінжайы, 60- ірі қара мал басы, 80% шошқа басы шоғырланған. Осы
аймақта астық өнімін, ет және сүт өнімдерін өңдейтін территориялық,
аграрлық-өнеркәсіптік кешендер құрылды.
Шығыс қазақстан экономикалық ауданында ет, сүт, жүн және май өнімдерін
өндіруге маманданған мал шаруашылығы дамыған. Мұнда Семей аграрлық-
өнеркәсіптік кешені ерекшеленеді. Оның құрамында қой шаруашылығы, Семей ет
комбинаты және оның Аягөздегі қосалқы кәсіпорына, Семей шұға комбинаты, жүн
жуу, Аягөз жүн иіру, екі жүн басу жіне киіз жасау фабрикалары, семей тоқыма
комбинаты кіреді. Мал өнімін өңдейтін кәсіпорындар Өскеменде, Зырьяновте,
Риллерде орналасқан.
Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің салааралық кешені оңтүстік Қазақстан
экономикалық ауданында интенсивті тұрғыда дамыды. Бұл ауданның үлесіне
республика аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің 40% негізгі өндірістік қоры,
жеңіл және тамақ өнеркәсібінде және тамақ өнеркәсібінде жұмыс жасайтын
жұмыскерлердің 40%, ауыл шаруашылығындағы жұмыскерлердің 31% тиеді.
1991 ж. бастап Қазақстанның аграрлық-өнеркәсіптік кешені, оның ішінде
ауыл шаруашылығы саласында нарықтық экономикаға көшу, әлеуметтік-
экономикалық реформалар жүргізіле бастады. Оның басты бағыттары ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру, кәсіпорындардың жаңа формаларын
ұйымдастыру және құру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде жаңа
құрылымдар мен өзгерістер жасау болып табылады.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты ауыл шаруашылығында кеңестік
тоталитарлық-әкімшілік басқарудың орнына жаңа басқару жүйесі құрыла
бастады. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі негізінен үш бағытта жұмыс
жасайды. Ол үшін үш департамент құрылды: жоспарлау және реформалау
стратегиясы, қаржы және қаржыландыру жаңа технологиясы, аграрлық саясат
және маркетинг. Аграрлық сектордың құрылымдық жүйесі: ауыл шаруашылығы –
алғашқы рыноктар - өндірістік өңдеу – көтерме сауда – бөлшек сауда –
қоғамшылығын нарықтық экономикаға жағдайында дамыту туралы бірыңғай
нормативтік жарлықтар мен заңдар шығарылды. Жер туралы заң (қосымша 1999
ж.), Жер кодексі, Жер туралы реформа, Шаруа қожалықтары туралы т.б.
қабылданды.
Қазақстанның жаңа Ата Заңында (30 тамыз 1995 ж.) жерге мемлекеттік
меншікпен қатар жеке меншікте мақұлданды. Республика азаматтарына саябақ,
қосалқы шаруашылық, жеке меншік тұрғын үй салу т.б. шаруашылықтармен
айналысу үшін пайдалану мен сату туралы жарлықтар қабылданды. Жерді
пайдалану және иемдену жаңа жолға қойылды. Шаруа қожалығының, ауылдық нлді
мекендердің, шетелдік фирмалар мен акционерлік бірлескен кәсіпорындарының
т.б. жерді пайдалануы заңдастырылды.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиясы
бойынша экономиканың аграрлық секторын дамыту үшін үкімет жарлықтары,
аграрлық-өнеркәсіптік кешенінде ақпараттық-маркетингтік бір жүйені құру,
Қазақстан ауыл шаруашылығының 2010 жылға дейін даму стратегиясы, Ауыл
шаруашылығы және т.б. кәсіпорындарда банкрот процедурасын қолдану
ерекшеліктері туралы ережелері т.б. құжаттар жарыққа шығып, Жер кодексі
қабылданды.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мемлекеттік формалардың өзгеруіне
байланысты жеке меншіктік кәсіпорындардың әр түрлі формалары (барлығы 2003
ж.-150695), шаруа қожалығы (141328), ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
(1285), акционерлік қоғамдар (169), серіктестер (4822), өндірістік
кооперативтер (2866), сонымен бірге аздап болса да мемлекеттік
шаруашылықтар аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің 99,9% өнімін береді.
Мемлекеттік шаруашылықтар құрамында негізінен маманданған асыл тұқымды
мал шаруашылығы, жылқы зауыттары, селекциялық тәжірибе стансалары мен
тәжірибелік ауыл шаруашылық кәсіпорындар қалды. Ауылды реформалау барысында
нарықтық инфрақұрылымы құрыла бастады, мысалы: көтерме азық-түлік базалары
(167), тауарлық биржа (22), кредиттік серіктестік (13) жұмыс жасай бастады.
Ауыл шаруашылығы тауар өндіретін қауымдастықтары, машина-трактор
стансалары, әр түрлі сервестік өндіріс құрылымдары дами бастады.
Ауыл шаруашылығына сервистік қызмет жасайтын және шикізатты, өңдейтін
өнеркәсіп салаларының кәсіпорындары: ет, сүт комбинаттары, элеваторлар,
қант, ұн тартатын зауыттары, ауыл шаруашылығы машиналары және өсімдікті
қорғау материалдарымен жабдықтау, мениралдық тыңайтқышпен және өсімдікті
қорғау материалдарымен жабдықтау т.б. кәсіпорындар жеке меншіктік формаға
көшіріліп, нарықтық-экономикалық даму жолына түсті, әр түрлі деңгейдегі
компаниялар, фирмалар, бірлестіктер құрылды. Миникәсіпорындар жүйесі құрыла
бастады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 5 мыңнан астам
кәсіпорындар жұмыс жсайды. Дегенмен, аграрлық-кәсіптік кешеннің дамуы мен
жекешелендіруде, құрылымдық ұйымдастырушылық, инвестициялық, нарықтық т.б.
шарады және ауыл шаруашылығын нарықтық экономикаға көшіоу және реформалау
шаралары әр түрлі объективтік және субъективтік жағдайларға, кемшіліктерге
және қателіктерге ұшырады. 1994-1995 жж. Колхоздар мен кеңшараларды
таратып, жер ресурстары және мүліктері шаруаларға бөлініп берілді. 1997 ж.
кеңестік ауыл шаруашылығы жүйесін реформалау аяқталды. Бірақ көптеген
мәселелер әлі шешілген жоқ, мысалы, жерге иеленушілікті заңдастыру,
материалдық базаны нығайту, еңбек ресурстарын дұрыс пайдалану, өндірген
өнімдерін сату және өңдеу т.б. мәселелер.
1990 ж. ауыл шаруашылығы жалпы өнімі үлесі республикалық ІЖӨ-де 34%-ға
тең болса, 1998 ж. 8,5%-ға , яғни 3,4 есеге дейін, төмендеді. Бұд кезеңде
егін шаруашылығы өнімі көлемі үштің бір бөлігіне дейін, мал шаруашылығы
жартысынан астамға дейін азайды. Салыстырып қарасақ, бұл жылдары
өнеркәсіптің үлесі 1,3 есеге, сауда 1,9 есеге, көлік пен байланыс 1,4 есеге
өсті. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің жылдық өсу қарқыны 1-кестеде
сипатталады.
1999 жылдан ауыл шаруашылығы дамуына тұрақтану үрдісі басталып, 1998 ж.
салыстырғанда жалпы өнім 28%-ға өсті, оның ішіндегі егін шаруашылығы өнімі
66%-ға, ІЖӨ-дегі үлесі 9,9%-ға жоғарылды. Дегенмен, 1990 ж. ауыл
шаруашылығы өндірісі деңгейіне өнімнің көлемін соңғы жылдардың өнімнің
көлемімен пайыздық есебінде салыстырсақ, оның төмендеу шегі 1998 ж.
тоқталғанымен (45%), жоғырлау шегі баяу жүріп жатқанын көреміз. 2000 ж.-
52%, 2005 ж.- 64% (402 млрд. тг.) тең болды, яғни 1990 ж. өндірілген ауыл
шаруашылығы өнімінің көдеміне жету үшін 46% өнім өндіру керек. Ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндіруде жекелеген санаттардың үлесі өзгере бастады.
Егер 1991 ж. ауыл шаруашылық кәсіпорындарының үлесі – 67,5%, шаруа қожалығы
– 0,4, жұртшылық шаруашылығы 32,1% болса, осыған сәйкес олардың үлесі 26,7;
25,0; 26,7 және 48,3%-ға өзгерді. Шаруашылық санаттары бойынша ауыл
шаруашылығы өнімнің территориялық құрылымы төменде берілген (1-сурет).
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде жетекші рөл атқаратын аймақтарға
Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы және
Шығыс Қазақстан облыстары жатады. Қазақстанның осы алты аймағына
республиканың 75,2% өнімі тиеді. Жалпы өндірген өнімдерінің көлемі бойынша
төрт топқа бөлуге 2-суретте болады
Қазақстанның ауыл шаруашылығының жалпы өнімінде (2003 ж.-402046,5 млн. тг.)
болды. Ауыл шаруашылығы жлпы өнімдегі егін және мал шаруашылығы өнімдерінің
ара қатынасы Қазақстан аймақтары бойынша 3-суретте берілген.
Қазақстанның солтүстік (Павлодар облысынан басқа), оңтүстік
аймақтарында шаруашылығы өнімдерінің үлесі басым болса, Шығыс Қазақстан,
Батыс Қазақстан және орталық Қазақстан аймақтарының мал шаруашылығы
өнімдері үлесі артық болып келеді. Мұндай территориялық ерекшеліктер әр
аймақтың табиғаттық және әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты
болады. Ауыл шаруашылығындағы реформалау үрдісі оның өнімдерін еңдейтін
салалардың дамуына, орнасуына және құрылымдық өзгеріске ықпал жасады. Ауыл
шаруашылығының нарықтық экономикаға көщуіне байланысты өңдеу өнеркәсібі
салаларының дамуында, құрылымында және орналасуында өзгерістер болып жатыр.
Осыған байланысты өңдейтін өнеркәсіптер – тамақ және кіші және орташа
бизнесі дамыту және тиімді орналастыру, аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің
құрылымдық пен территориялық ұйымдастырудың басты жолдарының бірі болып
есептеледі.
Аграрлық саланы қайта құру үрдісін жалғастырудың басты бағыттары
тиімді агробизнес құрылымдарын дамыту және орналастыру арқылы
агротехнологияның тиімді игерілуіне мынадай себептер әсер етеді:
- жерді шаруа қожалығына (фермер) және мемлекеттік емес кәсіпорындарға
беруге байланысты құқықытық, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік
мәселелерді шешу және бір жүйеге келтіру;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелерін шешу;
- егістік алқаптарының құрылымын жақсарту;
- ауыл шаруашылығын жаңа техникалық құралдармен жабдықтау;
- шаруа қожалығын (фермер) минералдық және органикалық тыңайтқыштармен,
арамшөп және зиянкес жәндіктермен күресуге керекті химикаттармен жабдықтау;
- инженерлік-техникалық, ветеринарлық, химиялық т.б. агротехникалық
қызметтерді көрсетуді бір жүйеге келтіру;
- Жер туралы кодексі қабылдауға байланысты жерді пайдаланудың әлеуметтік-
экномикалық бағыттарын анықтау;
- экспорттық тауарлардың көлемін көбейту;
- инновациялық-индустриялық бағдарламаға байланысты коастерлік даму
принциптерін игеру;
- жан басына шаққанда азық-түлік өнімін ғылыми нормаға жеткізу және
тамақтану құрылымын жақсарту:
- аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды
қайта жақсарту үрдісін жалғастыру.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің басты мақсаты – халықты азық-
түлікпен қамтамасыз ету. Оның деңгейінің басты критерийлерінің бірі – жан
басына шаққандағы азық-түліктің мөлшері және оның ғылыми-физиологиялық
нормаға сәйкестігі (2-кесте)
Қазақстанның ауыл шаруашылығы республика халқы тұтынатын негізгі
тағамдарды отандық өніммен толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Дегенмен,
қазіргі таңда (2002 ж.) импорт арқылы елімізге 95,8 мың тонна дән өнімдері,
13,1 мың тонна картоп, 39,4 мың тонна көкөніс, 69,7 мың тонна ет пен ет
өнімдері, 273,4 мың тонна сүт пен сүт өнімдері, 89,4 мың тонна дана
жұмыртқа әкелінеді. Керісінше, Қазақстан экспортқа 4599,5 мың тонна дән
өнімдерін, 0,3 мың тонна картоп, 148,2 тонна көкөніс, 1,1 мың тонна ет пен
ет өнімдері, 11,6 мың тонна сүт және сүт өнімдерін, 2,2 млн дана жұмырқа
шығарды.
Қазақстан халқының жан басына шаққандағы тұтынған (дән өнімдерінен
басқа) тағамдар құрылымы бойынша ғылыми нормаға әліде сәйкес келмейді,
әсіресе мал шаруашылығы өнімдері, балық және балық өнімдері, көкөніс
өнімдері бойынша көп алшақтық бар (4-сурет).
Ағымдағы жылдың басына әрекеттегі шаруа қожалықтарының саны тұтас
республика бойынша 95460-қа жетті, бұл өткен жылға қарағанда 19087
шаруашылыққа немесе 25%-ға артық. Қазіргі уақытта әрекетті шаруа
қожалықтарының ең көп саны Оңтүстік Қазақстан (35,9 мың) және Алматы (24,0
мың) облыстарында, ең азы – Маңғыстау (0,3 мың), Қызылорда (0,6 мың) және
Атырау (0,8 мың) облыстарында шоғырланған.
Шаруа қожалықтарының қаржы-шаруашылық әрекетінің тиімділігі
жоғарылады.

Солай, 2001 жыл бойынша шаруа қожалықтарындағы ауыл ша-руашылығының
жалпы өнімінің көлемі 133,5 млрд.теңге болды, бұл 2000 жылға қарағанда 35%-
ға артық. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі негізінен майлы
дақылдардың өнімінің 55%-ға, дәнді дақылдардың - 50%-ға, шиті мақтаның және
картоптың - 39%-ға, көкөністің - 36%-ға, жүзімнің өнімінің - 28%-ға артық
өндірілгені есебінен өсті. Барлық шаруашылық санаттарындағы ауыл шаруашылық
өнімдерінің жалпы өнімінен шаруа қожалықтарының үлесі 25% болды, соның
ішінде егін шаруашылығының өнімдері бойынша 2000 жыл-дың 35%-нан 2001 жылы
38%-ға дейін өсті, ал мал шаруашылығында ол үлес әлі өте аз (4,5%).
Бағыты бойынша егін шаруашылығындағы шаруа қожалықтарының ең көп саны дәнді
дақылдар өндіру (47%) және мақта өндіру (20%) шаруашы-лығына, ал мал
шаруашылығы бойынша - ет және сүт бағытты мал өсіру (5%) және қой мен ешкі
өсіру (3%) шаруашылығына келеді. 2002 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша
шаруа қожалықтарына тұрақты қолдануға және жалға 24,1 млн. га
(республикадағы барлық ауыл шаруашылық жерлерінен 29%) ауыл шаруашылық
жерлері, соның ішінде 6,4 млн.га егіндік жер берілген. Бір шаруа
қожалығының жер үлесінің орташа ауданы 260 гектар болды. Соны-мен бірге,
республиканың оңтүстік аймағында жер үлесінің орташа ауданы Оңтүстік
Қазақстандағы 18 га-дан Қызылорда облысында 3113 га-ға дейін, солтүстік
аймақта - Қостанай облысындағы 415 га-дан Ақмола облысында 613 га-ға дейін,
орталық және батыс аймақтарда - Атырау облысындағы 596 га-дан Қарағанды
облысында 1558 га-ға дейін жетеді.
2001 жылы егіс көлемінің ұлғаюы және өнімділігінің жоғарылауының
нәтижесінде шаруа қожалықтарында дән өндіру барлық шаруашылық санатта-
рындағы жалпы жиналымнан 40%-ға жетіп, 6423,8 мың тонна құрады, көкөніс -
467,1 және 26%, картоп - 266,5 мың тонна және 12%, бақша дақылдарын - 251,3
мың тонна және 48%, күнбағыс дәнін - 113,9 мың тонна және 76%, қант
қызылшасын (фабрикалық) - 181,8 мың тонна және 64%, шиті мақта - 315,9 мың
тонна және 76%, темекі өндіру- 12,7 мың тонна және 86% болды.
2002 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша фермерлердің меншігінде 221
мың бас ірі қара мал, соның ішінде 97 мың сиыр, 974 мың қой, 31 мың шошқа,
85 мың жылқы, 9,8 мың түйе, 209 мың құс болды.
Фермерлер өндірген мал шаруашылығы өнімдерінің барлық шаруашылық
санаттарында өндірілгенінен үлесі әліде болмашы болып қалуда: ет, сүт, жүн
- 4-тен 8%-ға дейін, жұмыртқа -1%.
Шаруа қожалықтарында мал мен құстың өнімділігінің төмендігі сақталуда.
Мысалы, бір сиырға шаққанда сауылған сүттің орташа көлемі ауыл шаруашы-лық
кәсіпорындарғы 2192 кг-ға және халық шаруашылықтарындағы 1911 кг-ға қарсы
1698 кг болды, бір қойдан қырқылған жүннің орташа көлемі ауыл шаруа-шылық
кәсіпорындарғы 2,5 кг-ға және халық шаруашылықтарындағы 3,1 кг-ға қарсы 2,7
кг, бір мекиенге есептелген жұмыртқаның орташа саны ауыл шаруа-шылық
кәсіпорындарғы 217 данаға және халық шаруашылықтарындағы 154 да-наға қарсы
138 дана болды.
2001 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агроөнеркәсіптік кешендер және агробизнес
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
Азық-түлік қауіпсіздігін және өнімдердің экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешендер
Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдері
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу
Қазіргі заман жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы аграрлық саясат. Қазақстан Республикасының ғаламдық аграрлық нарығында алатын орны мен перспективалары
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржы-несиелік реттеу мәселелері
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Ауыл шаруашылығының инновациялық әлеуетінің қаржылық тиімділігін талдау
Ұлттық экономиканың негізгі өзегі болып табылатын агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудағы мемлекеттік аграрлық саясатының маңыздылығы
Пәндер