Шағын бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Қысқартылған сөздер

3

Қысқартылған сөздер:

Кіріспе

3:

4

Қысқартылған сөздер:

1 Шағын бизнесті басқару жүйесінің теориялық негіздері

3:

Қысқартылған сөздер:

1. 1 Шағын бизнесті басқарудың мәні және принциптері

3:

8

Қысқартылған сөздер:

1. 2 Шағын бизнесті басқару ерекшеліктері

3:

15

Қысқартылған сөздер:

1. 3 Шағын бизнесті басқарудың әлемдік тәжірибесі

3:

19

Қысқартылған сөздер:

3:

Қысқартылған сөздер:

2 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау

3:

Қысқартылған сөздер:

2. 1 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қазіргі жағдайы

3:

30

Қысқартылған сөздер:

2. 2 Шағын бизнестің аймақтық дамуын бағалау

3:

35

Қысқартылған сөздер:

2. 3 Маңғыстау облысының шағын бизнес қызметін талдау

3:

43

Қысқартылған сөздер:

3:

Қысқартылған сөздер:

3 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамытудың басымды бағыттары

3:

Қысқартылған сөздер:

3. 1 Шағын бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау

3:

49

Қысқартылған сөздер:

3. 2 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру

3:

54

Қысқартылған сөздер:

3:

Қысқартылған сөздер:

Қорытынды

3:

60

Қысқартылған сөздер:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3:

63

Қысқартылған сөздер:

Қосымшалар

3:

65

Қысқартылған сөздер тізімі

АЕК
-
айлық есептік көрсеткіш
АЕК: АҚ
-: -
айлық есептік көрсеткіш: акционерлік қоғам
АЕК: АҚШ
-: -
айлық есептік көрсеткіш: Америка Құрама Штаттары
АЕК: АЭА
-: -
айлық есептік көрсеткіш: арнайы экономикалық аймақ
АЕК: ҒЗИ
-: -
айлық есептік көрсеткіш: ғылыми-зерттеу институты
АЕК: ЕДБ
-: -
айлық есептік көрсеткіш: екінші деңгейлі банк
АЕК: ЕҚДБ
-: -
айлық есептік көрсеткіш: Еуропалық қайта құру және даму банкі
АЕК: ЕО
-: -
айлық есептік көрсеткіш: Еуропалық одақ
АЕК: ЕЭА
-: -
айлық есептік көрсеткіш: еркін экономикалық аймақ
АЕК: ЖАО
-: -
айлық есептік көрсеткіш: Жергілікті атқарушы орган
АЕК: ЖК
-: -
айлық есептік көрсеткіш: жеке кәсіпкерлер
АЕК: ЖШС
-: -
айлық есептік көрсеткіш: жауапкершілігі шектелген кәсіпорын
АЕК: ҚР
-: -
айлық есептік көрсеткіш: Қазақстан Республикасы
АЕК: «ҚТЖ» ҰК
-: -
айлық есептік көрсеткіш: «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы
АЕК: ҚХР
-: -
айлық есептік көрсеткіш: Қытай Халық Республикасы
АЕК:

МНҰ

ОБК

-:

-

-

айлық есептік көрсеткіш:

Микронесиелік ұйымы

Орта бизнес кәсіпорны

АЕК: РФ
-: -
айлық есептік көрсеткіш: Ресей Федерациясы
АЕК: ТМД
-: -
айлық есептік көрсеткіш: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
АЕК: ШОБК
-: -
айлық есептік көрсеткіш: Шағын және орта бизнес кәсіпорындары
АЕК: ШОК
-: -
айлық есептік көрсеткіш: Шағын және орта кәсіпорындар
АЕК: ШКС
-: -
айлық есептік көрсеткіш: Шағын кәсіпорын субъектілері
АЕК: ШФҚ
-: -
айлық есептік көрсеткіш: шаруа фермерлік қожалық
АЕК: ХЭЫДҰ
-: -
айлық есептік көрсеткіш: Халықаралық экономикалық ынтамақтасу және даму ұйымы

Кіріспе

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан шағын бизнестің мемлекеттің дамуында және экономикалық өмірінде алатын ролі зор. Қазіргі өркениетті дүниенің экономикалық құрылымдық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі - шағын бизнес болып саналады.

Бүгінгі таңда республикамызда экономика өркендеу сатысына көтеріліп келе жатқан уақытта да оның негізі болып табылатын шағын бизнесті жандандыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Оның негізгі маңыздылығын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан 2015 жылы 15 ақпанда халқына жолдаған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деп аталатын жолдауында: «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты шағын бизнес. Сондықтан шағын бизнесті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады және соған орай шағын бизнесті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет» деп атап көрсеткен болатын. Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай еркшеліктеріне көңіл бөлу қажет:

  • Айқын көрініс алған шикізаттық бағыт;
  • Қайта өндеу өнеркәсібінің нашар дамуы;
  • Импортқа тәуелділігі;
  • Инфрақұрылымының нашар дамуы;
  • Аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы;

Бұл аталған экономикамыздың даму барысындағы кемшіліктерді шағын бизнестің дамыту жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, шағын бизнесті дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етіп және өндірістің дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде әсерін тигізе алады. Сол үшін шағын бизнесті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Ғалымдар экономиканың дағдарыс пен тоқырау жағдайларында бизнестің өзектілігі қатты өсетіндігін айтады [1] .

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев 2010 жылғы 10 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновацияларды ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер тобын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Бірлесе отырып бізге экономиканың шикізаттық емес дамытуға қол жеткізу қажет. Болашақта экспорттық әлеуетті ұлғайтатын басты көз де солар болу тиіс» - деп кәсіпкерлікті дамытуға айрықша назар аударды [2] .

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2018жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің даму бағдарламаларында нарықтық қатынастар мен бәсекеге қабілетті экономиканың негізгі іргетасы ретінде кәсіпкерлікті дамыту міндеті қойылды [3] .

Қазіргі жағдайда өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет ету сферасындағы бәсекелестік қабілеттілікке тек қана инновациялар енгізу негізінде жетуге болады. Осы жайт индустриалды-инновациялық даму стратегиясының негізі болып отыр. Инновациялық кәсiпкерлiк экономикалық қызметтiң ерекше түрi ретiнде инновациялық процестің негiзгi қозғаушы күшi болып табылады [4] .

2016 желтоқсанда үкімет қаулысымен 2017-2021жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бекітілді.

Бағдарлама 2017 жылы іске қосылды. Жаңа бағдарламаның мақсаты- азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша немесе кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқытуды ұйымдастыру. Бағдарламаға қатысушыларға материалдық көмек және мемлекеттік қолдау көрсетілді.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы Қазақстанды үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасының құрамдас бөлігінің бірі ретінде кәсіпкерлікті дамыту тұрғысында шағын және орта бизнеске қаржылық қолдау көрсету, әкімшілік кедергілерді төмендету, тауарлар сатып алу мен қызметтер көрсетуде қазақстанда мазмұнды ұлғайту үшін қажетті жағдайлар жасауды қарастырды.

Бағдарламаның мақсаты - экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты да тепе-тең дамуын қамтамасыз ету, сол сияқты қазіргі бар жұмыс орындарын сақтап, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу.

Бүгінгі таңда қазақстандық бизнес бәсекеге қабілетті елдің негізгі факторларының біріне айналып келеді. 2017 жылғы Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында Елбасы шағын және орта бизнестің орта санатты тұрғындардың әл-ауқатының негізін қалаушы фактор болып табылатынын атап өтті.

Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік жаппай әрі қарқынды сипатқа ие құбылысқа айналды, мұны шағын кәсіпкерлік субъектілері санының көбеюі көрсетеді. 2017 жылдың басындағы жағдай бойынша ШОБ субъектілерінің саны 1, 5 млн. бірлікті құрады, бұл сектор еліміздің әр алтыншы тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда еліміздің азаматтарының кәсіпкерлік бастаманы іске асыруына қажетті барлық жағдайлар жасалған. Биліктің барлық деңгейлерінде мемлекеттің бизнеспен диалогының толыққанды жүйесі қалыптастырылды, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттары бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған жүйелік шаралар қолданылуда.

Жоғарыда аталғандарды растайтын факт - Қазақстан халықаралық рейтингтерде жоғары орындардан көрініп отыр. Мысалға, 2017 жылдың қорытындылары бойынша еліміз бизнес жүргізудің негізгі параметрлері бойынша рейтингтерде жоғары көтерілді. Қазіргі сәтте Бүкіләлемдік Банктің «Doing Business» рейтингі бойынша 190 елдің ішінде Қазақстан 36-ші орында.

Елбасының Ұлттық қордан кәсіпкерлікті қолдауға, индустрияландыру және инфрақұрылым жобаларына және банк секторын оңалтуға 1 трлн. теңге бөлу бастамасы шағын бизнесті қолдауға түрткі болды. Осы қаражаттың алғашқы 100 млрд. теңгесі шағын және орта бизнесті несиелеуге бөлініп, кәсіпкерлерге беріліп үлгерді.

Жалпы барлық бағдарламалар бойынша 16 мыңнан астам кәсіпкерге қаржылық қолдау көрсетілді және 140 мыңнан астам адам бизнес жүргізу саласындағы ақпараттық-кеңес беру қызметтерін пайдаланды, бұл бұрын-соңды болмаған нәтиже. Еліміздегі шағын кәсіпкерлік дамуының қазіргі жағдайына мониторинг жүргізу де мемлекет тарапынан осы секторды қолдаудың маңызды аспектісі болып табылады.

Елдегі жеке кәсіпкерліктің жағдайына кешенді шолу, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың іске асырылып жатқан бағдарламаларын талдау осы сектордың дамуы жағдайын толықтай көруге және оны дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың ілгері бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Осы жұмыстың аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қазақстандағы және оның аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің даму жағдайы туралы есептің алтыншы шығарылымын дайындады.

Осы міндеттерді орындауда кәсіпкерліктің маңыздылығы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырумен және де ол экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылатындығымен анықталады. Себебі ұлттық инновациялық жүйені құру мемлекеттің кәсіпкерлік ортаны дамыту жағдайларын қамтамасыз ету қабілетімен тікелей байланысты болады. Кәсіпкерліктік ортаны дамыту инновацияны тиімді қолдану мен таратуды ұйымдастырудың басты факторларының бірі ретінде айқындалады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамытуда мемлекеттік қолдау көрсетудің мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни оның даму үрдістерін айқындау мен оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау.

Дипломдық жұмыстың міндеті - кәсіпкерліктің теориялық негіздерін қарастыру, Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуындағы мәселелерді анықтау, шағын бизнесті дамытуда, басқаруда мемлекеттік қолдау бағыттарын зерделеу.

Зерттеу объектісі - еліміздегі шағын бизнесті дамыту мен басқару жолдарын зерттеу.

Зерттеу пәні - Казақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын сипаттайтын көптеген статистикалық мәліметтерге сараптау жасалынып, солардың негізінде шағын бизнестің даму барысы айқындалды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңашылдығы автормен берілген Қазақстан Республикасындағы шағын бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетудің басымды бағыттары бойынша ұсыныстарын және оның нәтижесін жоғары және орта оқу орындарында осы тақырыпқа қатысты пәндерге қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Жалпы сондай-ақ кәсіпкерліктің кешенді зерттелуі Ибн-Хальдун, Р. Контильон, А. Смит, Ж. Б. Сэй, Й. Шумпетер, Р. Хизричтің, О. Ж. Алиевтің, А. Қ. Қошановтың, Н. Қ. Мамыровтың, К. Сағадиевтың, А. Е. Есентүгеловтың, А. К. Кантарбаеваның және тағы басқа ғалымдардың ғылыми еңбектерінде зерттелген.

Дипломдық жұмыстың құрылымы-кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімде дипломдық жұмыстың өзектілігі, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, сонымен бірге зерттеудің құрылымы айқындалады.

Диплом жұмысының бірінші бөлімінде Шағын бизнесті басқарудың мәні және принциптері, шағын бизнесті басқарудың ерекшеліктері, шағын бизнесті басқарудың әлемдік тәжірибесі зерделенген.

Диплом жұмысының екінші бөлімінде шағын бизнестің қазіргі жағдайы, және шағын бизнестің аймақтық дамуын талдау ерекшеліктері қарастырылады.

Диплом жұмысының үшінші бөлімінде шағын бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау, жетілдіру жолдары қарастырылады.

1
Шағын бизнесті басқару жүйесінің теориялық негіздері
1: 1. 1
Шағын бизнесті басқару жүйесінің теориялық негіздері: Шағын бизнесті басқарудың мәні және принциптері

Шағын кәсіпкерлік - бір немесе бірнеше инвестормен құрылатын географиялық шектеулі аймақта қызмет ететін нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқару сипаты икемділікпен ерекшеленетін кәсіпорындар. Шағын бизнестің ерекшеліктеріне оның икемділігін, өндірілетін өнім мен қызмет түрін тез өзгертуге қабілетті, технология және басқа да қызмет салаларында жаңалықты ендіруге икемділігін жатқызуға болады.

Кәсіпкерлік әлемдік қоғамдық дамудың барлық кезеңдеріне тән. Орта ғасырдағы араб ойшылы Ибн-Хальдун (1332-1406) меншікпен, еңбекпен, адамның қабілеттіліктерімен байланыстырып зерттеген.

1725-1730 жылдары Ричард Кантиллион еңбектерінде шағын кәсіпкерліктің теориялық концепциясы алғашқы рет көрсетілген. Ол кәсіпкерліктің алғашқы концепциясын әзірледі және «кәсіпкер» түсінігіне анықтама берді. Ол кәсіпкер деп нарық шарттарында іс әрекет ететін адам деді. Кәсіпкерлік теориясына өз үлесін А. Смит және Ж. Б. Сэй қосты. А. Смит «кәсіпкер» терминін кез келген коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелділікке баратын меншік иесі деп түсінді. Кәсіпкер өзі өндірісті жоспарлайды, ұйымдастырады және нәтижелеріне билік етеді. Ж. Б. Сэй кәсіпкердің қызметіне өндіріс факторларының үйлесімі (капитал және еңбек), өндірістік үрдісті ұйымдастыруда және шешім қабылдауда қолдануға мүмкін ақпаратты және қажетті тәжірибені жинақтау кіреді деді. Й. Шумпетер кәсіпкерлікті капитал, еңбек және жер - белгілі үш факторларға қосымша ретінде ерекше экономикалық фактор деді. Оның ойы бойынша кәсіпкер екі жақты қызметті атқарады. Біріншіден, жаңа, ерекше, жаңалық әдістерге ресурстарды біріктіретін күш. Екіншіден, арнаулы білімдер, интуиция, кәсіпкердің басқада қасиеттер негізінде жүргізілетін қайта ұйымдастырулардың және әлеуметтік өзгерістердің қозғаушы күші.

Соңғы жылдары шағын кәсіпкерлік теориясы ғалым-экономист еңбектерінде дамыған, олардың ойлары бойынша кәсіпкерлік - тәуекелділікке және инновацияларға бейімділігі бар дегеннен де көп, шағын бизнестің жаңа субъектіліерін жасау дегенді білдіреді.

Шағын бизнестің заманауи теорияларында кәсіпкерліктің жеті концепциясын бөліп көрсетеді, әр қайсысы дербес мектеп болып табылады:

- жеке қасиеттерді бағалау позициясынан мектеп;

- психологиялық мектеп;

- классикалық мектеп;

- көш басшы позициясынан мектеп;

- ішкі кәсіпкерілік мектебі;

- маркетинг позициясынан мектеп;

- менеджмент позициясынан мектеп.

Әр мектептің кәсіпкерлікті және кәсіпкерлік үрдісті суреттейтін өз әдісі бар және әртүрлі аспектіден кәсіпкерліктің ерекшелігін сипаттайтын құбылысты көрсетеді[5] .

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, кәсіпкерлік іс-әрекетінде басқару ерекше орынға ие. Басқаруды ұйымдастыруда шағын және орта бизнесті басқарудың үйлесімді құрылымын таңдау маңызды болып табылады.

Басқару және ұйымдастыру саласында жүргізуші теоретик Питер Ф. Друкердің анықтамасы бойынша, басқару - ұйымдаспаған топты тиімді, мақсатқа бағытталған және өндірістік топқа айналдыратын іс әрекеттің ерекше түрі. Басқару әлеуметтік өзгерістердің ынталандырушы элементі және әлеуметтік өзгерістердің маңызды мысалы болып табылады.

Жоғарыда келтірілген анықтамалармен келісе отырып, біздің көзқарасымыз бойынша басқару құрамына кәсіпкерлікті басқарудың әкімшілік мүмкіндіктері, бағдарламалар, механизмдер, техникалық құралдар, шешім қабылдау үшін қажетті ақпарат кіреді.

Кіші кәсіпорындарда кәсіпкерлікті басқару менеджерлердің үш деңгейіне бөлуге болады - жоғары, орта және төмен буындар жетекшілері. Бірақ кәсіпорындарда кәсіпкер директиваларды орындаушылармен тығыз байланыста болады. Ұйымдастыру құрылымды таңдау шағын бизнес субъектілерінің шаруашылық іс әрекетінің сыртқы және ішкі шарттарына байланысты, оларды екі негізгі факторларға бөледі: өндірістің технологиялық ерекшеліктері және нарықтық орта.

Өндірістің технологиялық ерекшеліктерін талдауда кәсіпорынның мөлшері, шығарылатын өнім сипаты және т. б. ескеріледі. Ұйымдастыру құрылымды таңдауда осы екі факторлардың үйлесіміне байланысты орталықтандыруға немесе орталықтандырымағанға көңіл бөлінеді.

Өндірісті басқаруда өндірістік құрылымдардың функционалдық ұйымдастыру принципіне немесе белгіленген өнім түрлерінің өндіріс қажеттілігінен олардың байланысына негізделеді. Шағын бизнесті басқарудың мақсаты және міндеттері қалыптастыру уақытынан жүргізіледі. Шағын бизнесті басқарудың ең заманауи өзгерістің бірі стратегиялық басқару болып табылады.

Шағын кәсіпорындарда басқарудың мәні бір жағынан, «ресми» стратегиялық деп аталатын, нақты белгіленген және ұйымдасқан жоспарлауы бар, екінші жағынан, бәсекені жеңу үшін ұзақ мерзімді стратегияны әзірлеуді қамтамасыз ететін, кәсіпорынның басқару құрылымы, жүйесі және оның бөлек буындарының өзара іс әрекет ететін механизмдері бар[6] .

АҚШ-та Реддинның басқару моделі үш мөлшерді ескереді: басқару стилі - жағдай - нәтиже. Реддин міндеттерге бағытталу немесе қызметкерлерге бағытталудан төрт негізгі стильді бөледі: адамдар арасында байланыста болу, нейтралитет сақтау, өзін жұмысқа интеграциялау және арнау. Әр төрт негізгі стиль әртүрлі басқару жағдайларда тиімді болуы мүмкін. Маңызды жағдайлық шарттар: еңбек тапсырманы талап ету, басқаруды ұйымдастыру, жоғары тұрған басшының басқару стилі, ұжымдағы қызметкерлермен ынтымақтастық деңгейі, қол астында істейтін қызметкерлердің сипаттамасы. Жағдайлық шарттардың бөлек айқын көріну дәрежесі бойынша басқару жағдайына баға береді. Басқару жағдайлары өзгеріп тұрғанға қарай басқару стилі икемді болуы керек, яғни басқарушылар міндетке бағытталып және қызметкерлерге де бағыттала отырып, басқару керек.

Реддин сияқты Херси және Бланшар жағдайлық теориясы бойынша басшылықтың төрт негізгі стилін бөледі: нұсқаушы, иландыру, өкілеттік және шешім қабылдауда қол астындағылардың шешім қабылдауға қатысуы.

Херси және Бланшардың басшылық ету моделі бір қызметкердің кәсіби дайындығына және оның тиімді жұмысына көп көңіл бөледі. Басқару бағытына және солай шешім қабылдауда құқықтарды орталықтандыруға () аз мән беріледі. Бірақ шағын және орта бизнесті табысты басқару үшін орталықтандырудың және орталықтандырылмаудың, өкіліеттіліктердің және жауапкершіліктердің үйлесімі маңызды.

Херси және Бланшердің моделімен келісеміз, себебі ол Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін және шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне қажетті кәсіби мықты мамандарды дайындауға бағытталған.

Нарықтық қатынастар шарттарында шағын кәсіпкерлікті басқарудың маңызды принципі экономикалық және құқықтарды жасау болып табылады, ол деген салалық, географиялық, ұлттық ерекшеліктерді және салт-дәстүрлерді, сондай-ақ шетелдік тәжірибені ескеріп, шағын бизнестің өзін-өзі дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ынталандырулар қалыптастыру қажет[7] .

Экономикалық ғылымда алғашқы уақытта ұсақ өндірісті жою туралы қате ой кеңінен тараған. Белгілі ғалым-экономист, макроэкономика саласында ірі маман Й. Шумпетер де осы ойды қолдап, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырып, жұтады деген.

Экономикасы дамыған елдерде соңғы он жылда шағын кәсіпорындар экономикалық өсудің, жаңа жұмыс орындар санының көбеюдің және жұмыссыздардың салыстырмалы салмағының төмендеудің басты көзі болып табылады. Көптеген елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына шағын кәсіпорындардың маңызды қосқан үлесі жаңа жоғары тиімді технологияларды, ғылыми-техникалық жаңалықтарды шапшаңды қарқынмен еңгізу, көптеген жаңалықтар саны, жұмысбасты халықтың өсуі, тұрақты бағаларда жоғары сапалы өнімдерді шығару және қызметтерді көрсету тұтынушылардың бәсекелік қақтығыстарға әкелуі, салық түрлерінде маңызды сомалармен мемлекеттік бюджетті толықтыру мүмкіндігі және т. б. болып табылады.

Сондай-ақ, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік бірін-бірі жоққа шығармайды, бірін-бірі толықтырады. Көптеген шетел елдерінде және Қазақстанда ірі кәсіпорындар, корпорациялар гигантомания стратегиясынан бас тартып, жаңа шығын фирмаларды, компанияларды жасап отыр.

Бірақ монополиялардың және ұсақ фирмалардың бірге өмір сүруі бәсекелестік күреске өткірлік және қауырттылық мән береді. Шағын кәсіпкерлік субъектілер құрамының және санының жыл сайынғы жаңаруы олардың экономикалық мүмкіндіктерін және ғылыми-өндірістік әлеуетін жаңаша бағалауға мәжбүр етеді. Экономиканың монополистік емес секторы ретінде шағын бизнестің негізгі бөлігі техникалық артта қалған, экономикалық әлсіз даму базысымен қызмет етсе, ал басқа бөлігі өндірістік икемді және белсенді іскерлігімен көптеген экономикалық үрдістерге өсіңкілікті күшейтеді.

Шетелдік тәжірибеде және Қазақстанда нарық шарттарында шағын кәсіпорындар санының өскені байқалады, олар өздерінің тіршілікке икемділігін, тиімділігін және рентабельділігін көрсетті[8] .

Бізді АҚШ тәжірибесі қызықтырады, онда шағын және орта кәсіпкерлік тармақталған тамырлы жүйе болып табылады, оны американдық экономиканың мықты ағашы тұрақтылықты және дамуды қамтамасыз етіп, қоректендіреді. Шағын фирмалар елдегі кәсіпорындардың көпшілігін (99%) құрайды. Егер АҚШ-та жүз жыл бұрын шағын фирмалардың саны 300 мыңды құраса, онда 60-жылдардың ортасында олардың саны 5 миллионды құрады. Шағын Бизнес Әкімшілігінің мәліметтері бойынша АҚШ-та 21 миллионға жуық кәсіпорындар бар, олардың арасынан 16 миллионы - жеке кәсіпкерлер, онда 600 мыңнан 1 миллионға дейін кәсіпорындар пайда болады. Американдық мамандардың бағалауы бойынша шағын бизнеспен 100 млн. адамның еңбек іс әрекетіне байланысты.

Шағын кәсіпкерліктің құрылымы аз зерттелген. Жуыққа дейін оған қызығушылық болмады. Үкіметте, басқа да ұйымдарда шағын фирмалар туралы қажетті ақпараттарды жинауға уақытын, күш - қаражатын салмады. АҚШ-та жаңа пайда болып жатқан кәсіпорындардың негізгі салмағы - ұсақ кәсіпорындар: шағын фирмалардың 90% - 15 кем адам қызмет етеді, ал 80% - 10 адамнан жұмыс жасайды.

Әрине, шағын бизнестің ондай мұхитында ірі және аса ірі компаниялар сирек аралдар сияқты, барлық өндірушілердің жалпы санынан бір пайызды құрайды. Шағын және орта кәсіпкерліктің басым көпшілігінде сату көлемі 500 мың доллардан аспайды, ал 80% - 100 мың доллардан көп емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамытужеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы ақпарат
Жеке және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы мәлімет
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту жайлы мәлімет
Шағын және орта бизнесті дамыту туралы
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың отандық және шетелдік тәжірибесін салыстырмалы талдау
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Кәсіпкерлік қызмет. Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет айрықша мүдделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz