Қазақстандағы экологиялық проблемалар және тұрақты дамуға өтудің алғы шарттары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы экологиялық проблемалар және тұрақты дамуға өтудің алғы шарттары

Экологиялық дағдарыс біздің елімізде- Қазақстан Республикасында да қалыптасып отыр, бұл туралы 2003 ж. желтоқсанда қабылданған ҚР экологиялық қауіпсіздік Концепциясында атап өтілген. Концепцияда, Қазақстан Республикасы территорияларының көп бөлігінің табиғи ерекшеліктеріне байланысты, территориясының жартысынан көбі шөл және шөлейт жерлер болып келеді, ал табиғи-тарихи жағдайларға және қазіргі таңдағы қалыптасып қалған табиғатты пайдаланудың ресурстық-шикізат жүйесінде ресурс өндіруші және қайта өңдеуші өндіріс орындарының, халық шаруашылығының өндірістік аймақтарының, әскери нысандардың жұмысы әсерінен экологиялық тұрғыда қорғалмаған табиғи жүйелерге (биогеоценоздарға) және оларда тіршілік ететін организмдерге әсер ететін техногенді факторлар тарапынан түсетін қысым өте үлкен деңгейге жетті. Екінші сөзбен айтқанда, елімізде жалпы алғанда қолайсыз, ал кейбір жекелеген аймақтарда - экологиялық апатты жағдайлар қалыптасты.
Қазақстанның экологиялық проблемалар Реестрінде көрсетілген экологиялық проблемалар - глобальды, ұлттық және локальды болып үшке бөлінеді. Глобальды экологиялық проблемаларға: климаттың жахандық өзгерістері, озон қабатының бұзылуы, биокөптүрлілікті сақтау, шөлейттену мен топырақтың деградациялануы жатады.
ҚР ұлттық экологиялық проблемаларына: Арал теңізінің суының сарқылуы, Семей ядролық сынақ полигонының зардаптары, Каспий теңізін игеру барысындағы теңіз экожүйесі мен жағалауларының жағдайы, тарихи ластанулар, трансшекаралық экологиялық проблемалар, әскери-космостық және сынақ комплекстерінің қоршаған ортаға зиянды әсері жатады.
Ал локальды экологиялық проблемаларға: үлкен қалалардағы ауа бассейндері мен табиғи су ресурстарының ластануы, радиоактивті, химиялық ластанулар, сол сияқты өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жою мәселелері, т.б. жатады.
Планетаның көптеген аймақтарында қазіргі таңда туындап отырған аса маңызды экологиялық проблемалар бүкіл әлемдік қауымдастықты табиғи ортаға зиянды және оны ластаушы заттарды бөлуді күрт азайтуды, экологиялық жағынан таза, аз қалдықты немесе қалдықсыз, ресурс үнемдеуші технологияларды өндіріске көптеп енгізуді талап етіп отыр
Қоршаған табиғи ортаның деградациялануы, ең алдымен адамдардың денсаулығы мен жалпы генофонды жағдайына кері әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты, экологиялық білім мен тәрбиенің ролінің маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
ҚР Конституциясының 31-бабында көрсетілгендей: Мемлекеттің міндеті - адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау.
Қазіргі таңдағы бүкіл адамзат қоғамының ең бірінші міндеті - табиғаттың заңдылықтарын түсініп-білу және табиғатқа осы заңдылықтарға сәйкес әсер ете отырып, тіршілік ету болса, келесі бір маңызды міндеті - мемлкеттің ішкі және сыртқы саясатын барынша экологияландыру. Барлығы да - экономика, құқық, ғылым мен техника, білім беру мен тәрбие - түгелдей экологиялық басымдылық сипатта жүргізілуі керек, екінші сөзбен айтатын болсақ, табиғи байлықтарды тиімді пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге адамды қоршаған табиғи ортаны да тиімді қорғау қажет.
Мемлекеттердің бұл бағытта жүргізіп отырған саясатын талдай келіп, көптеген ресейлік эколог-ғалымдар, қалыптасып отырған қоршаған орта жағдайының апатты сипат алуының төмендегідей 8 түрлі себептерін көрсетеді. Бұл себептер біздің Қазақстан Республикасына да тән болғандықтан, оларды қысқартылған түрде атап өтеміз:
1. Елде түрлі экологиялық бағыттағы, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілер қабылданғанымен, мемлекет тарапынан осы заңдардың орындалуын бақылау төмен дәрежеде қалып отыр.
2. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы нормативтік - құқықтық базаның жалпы қоғамның, экономиканың қазіргі даму деңгейіне сәйкес еместігі, біздің елдегі қабылданған заңнамалық құжаттардың көпшілігінде, экономикалық жағынан қарқынды дамыған Батыс Европа елдерінде бұдан 20-25 жыл бұрын қабылданған аса маңызды кейбір баптар әлі жоқ.
3. Қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару мен тиімді табиғат пайдалануды қамтамасыз етуді ұйымдастырудағы кемшіліктер. Бұл, ең алдымен, Кеңестік мемлекеттер тарағаннан кейін Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдары жүйесіндегі өте жиі, тіпті жыл сайын деуге болар, қайта құрылулардың орын алуы және бұл қайта құрылулар, өкінішке орай, осы саладағы жүйені жақсартуға бағытталмаған.
4. Қоғамның дамуында экономиканы дамыту мен экономикалық мүдделерді қанағаттандыруда адамның экологиялық қажеттіліктері мен табиғаттың экологиялық мүмкіндіктері ескерілмейді.
5. Қоғамның экологиялық мүдделерін ескермеу арқылы жекелеген ұйымдар өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік алады - бұл, қоршаған табиғи ортаның апатты жағдайының негізгі себептерінің бірі.
6. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға қажетті қаржыландырудың жеткіліксіздігі.
7. Эколог-мамандардың: эколог-заңгерлер, эколог-экономистер, инженер-экологтар, т.б. жеткіліксіздігі.
8. Экологиялық дүние таным, экологиялық білім мен мәдениеттің өте төмен деңгейі. Қоғам мүшелерінің жалпы және экологиялық мәдениетінің төмендігі, қоғамның адамгершілік құндылықтар тұрғысынан барынша азғындауы мен қоғам мүшелерінің табиғат, жалпы қоғам алдындағы жауапсыздығы.
Осы себептерге, біздің ойымызша, тағы да бір себепті - табиғи нысандар мен ресурстардың тиісті есебінің жүргізілмеуін де қосуға болар еді.
Экологиялық апаттың аса қауіпті көріністеріне - жекелеген аймақтар жерінің техногенді факторлар әсерінен шөлейттенуі, топырақтың деградациялануы, су ресурстарының ластануы мен сарқылуы, атмосфералық ауаның ластануы, ормандар ауданының азаюы, биокөптүрліліктің түбегейлі қысқаруы мен тірі табиғаттың генетикалық қорының бұзылуы, тіршілікке қауіп туғызатын табиғи апаттар мен өндірістік катастрофалардың белсенділігінің артуы, сол сияқты, қауіпті және улы қалдықтардың жинақталуы, т.б. жатады. Кейбір аймақтардағы жағдайдың күрделенгені соншалық, қайтадан орнына келмейтін, алдын ала болжап білуге болмайтын құбылыстардың орын алу қаупі зор болып отыр және тұрақты табиғат пайдалануды сақтау мен басқаруды болжаудың мүмкіндіктері де күрт қысқарды.
Қолайсыз экологиялық жағдай міндетті түрде, қазіргі таңда халқымыз басынан кешіріп отырған экономикалық дағдарысты шиеленістіреді, бұл әлеуметтік қиыншылықтардың өсуіне бірден бір себеп болады; бұл жағдайда тұрғындардың экологиялық және әлеуметтік проблемаларын шешу, экономикалық қиындықтарға байланысты мүмкін болмайды. Сонымен, қалыптасқан экологиялық жағдайларға байланысты тиісті шаралар қолданбау, халықтың денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік қақтығыстар қаупін туғызады және халық шаруашылығының аса маңызды бағыттарының дамуын тежейді. Міне, сондықтан да, экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің өте маңызды стратегиялық фундаментальды компоненттерінің бірі және мемлекеттің халықаралық интеграциялық процестердегі басым бағыттарының бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік Концепциясында алғаш рет елдің қоршаған орта жағдайы өте қиын деңгейде екені туралы көрсетілді. Бұл жағдай, экологиялық заңдар мен басқа да нормативті құқықтық актілер жобасын дайындауда, оларды басқа құжаттармен үйлестіруде, әсіресе, экономикалық жобалармен үйлестіруде, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен экологиялық қауіпсіздігін және жалпы ұлттық басымдылықтарды сақтау үшін ескерілуі керек.
Қазақстандағы жалпы экологиялық жағдайдың қолайсыздығына байланысты, көптеген экологиялық проблемаларды шешуде бүкіл дүние жүзі қауымдастығының бірлесе қатысуы қажет. Мысалы, Қазақстан Республикасы территориясында шөлге айналған жерлердің ауданы 179,9 млн га (территориясының 60%). 12 млн га құнарлы жер жел эрозиясының әсерінен құнарлылығын жоғалтқан. Қазіргі таңда ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мәліметтері бойынша, мемлекеттің территориясының 66% шөл және шөлейт жерлер болып саналады.
1997 ж. 7 шілдеде БҰҰ шөлейттенумен күрес туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялау туралы ҚР Заңы қабылданды. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың мәлімдеуі бойынша, Қазақстан халқына аса бір ірі апат әкелген Семей ядролық полигоны болды. Тек қана біздің елімізде, радиациядан жарты миллионнан аса дам зардап шекті. Арал өңірі мен Семей ядролық полигоны аймағының территориялары экологиялық апат аймағы болып жарияланды. Семей ядролық полигонында 500 аса ядролық жарылыс болған. Алайда, СЯСП басқа республика территориясында бірнеше полигондар жұмыс істеген, олар - Капустин Яр (Батыс Қазақстан облысы), Азгыр (Атырау облысы), Арал теңізінің Барсакелмес аралындағы биологиялық қаруды сынау полигоны.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның бұзылуы, ең алдымен, қалаларда жиі байқалуда. Республиканың көптеген қалаларында атмосфералық ауа, су мен топырақтың ластануы шектеулі деңгейден біршама жоғары. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының ірі қалаларындағы қоршаған ортаның ластануы жағынан апатты жағдайларда. Ең жоғары дәрежеде ластанған қалаларға - Теміртау, Лениногорск, Өскемен, Шымкент, Ақтөбе, Зыряновск, Алматы, Павлодар; ең лас өзендерге- Ертіс, Елек, Сырдария; ең лас өнеркәсіп орындарына - Испат-Кармет АҚ, Балқашмыс АҚ, Цемент АҚ, т.б. жатады.
Мамандардың кейбір мәліметтері бойынша, Қазақстанның барлық қалаларында ластану деңгейі санитарлық нормадан жоғары, қалдықтардың мөлшері әр адамға 1000 тоннаны құрайды. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғары болуы тұрғындар арасында түрлі аурулардың таралуы мен өлім себептерінің жиілеуіне тікелей байланысты болатыны баршаға мәлім.
2002 жылдың соңғы 8 айында Қазақстанда 12,5 мың адам қайтыс болған немесе 2001 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 102% - бұл 2002 ж. қараша айындағы Деловая неделя басылымында жарық көрген мақалада берілген мәлімет.

13 - кесте
ҚР қалалары мен өндіріс орталықтарындағы атмосфералық ауаның ластану көрсеткіштері (Казгидромет АГӨ мәліметі бойынша)

Қала аты
АЛИ5
Ауаны ластаушы өнеркәсіп салалары

2000 ж.
2002 ж.
2004 ж.

1
Алматы
15,2
12,1
12,6
автотранспорт, энергетика
2
Шымкент
11,8
10,7
11,2
түсті металлургия, химия өнеркәсібі , мұнай өңдеу
3
Ақтобе

10,1
9,7
9,5
қара металлургия, химия өнеркәсібі
4
Теміртау

8,3
8,9
8,6
қара металлургия, химия өнеркәсібі
5
Қарағанды
13,9
10,7
7,5
энергетика, көмір өндіру, автотранспорт
6
Тараз

8,0
7,6
7,5
химия өнеркәсібі
7
Риддер

8,3
7,6
7,4
түсті металлургия, энергетика
8
Өскемен

8,7
6,5
7,2
түсті металлургия, энергетика
9
Қызылорда

5,5
энергетика
10
Жезқазған

5,5
5,8
5,2
түсті металлургия, энергетика
11
Семей
4,8
4,0
4,6
энергетика,құрылыс материалдары
12
Астана
3,7
4,7
4,5
энергетика, автотранспорт
13
Ақтау
4,0
3,5
4,3
химия
14
Петропавловск
4,0
4,2
4,3
энергетика, құрал-жабдық өндіру
15
Балқаш
3,0
2,8
3,8
түсті металлургия, энергетика
16
Қостанай
3,5
2,9
3,1
энергетика
17
Атырау
2,2
2,3
2,4
мұнай өңдеу
18
Павлодар
1,3
1,7
1,9
мұнай өңдеу, энергетика
19
Екібастұз
1,5
1,3
1,2
энергетика, көмір өндіру
20
Орал
1,0
0,8
0,7
энергетика
Қалалар бойынша орташа көрсеткіш
6,17
5,62
5,52

2002 жылы Шығыс Қазақстан өңірінің тұрғындарының денсаулығы мен экологиялық жағдайына зерттеу жүргізген арнайы Комиссияның жұмысы нәтижесінде белгілі болғандай, Шығыс Қазақстандағы барлық өндіріс орындарының қоршаған ортаға тигізіп отырған зиянды әсерлерін бір мезетте тоқтатқан күннің өзінде, бұл өңірдің топырақ, ауа, су ресурстарының экологиялық жағдайын қалпына келтіру үшін бірнеше ондаған жыл қажет болады.
Қазақстанда ұзақ уақыт бойы тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті де аса маңызды мәселе болып келді және әлі күнге дейін толық шешілмей отыр. Әсіресе, республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде соңғы жылдары қоршаған ортаға антропогендік факторлар әсерінен жер бетілік және жер астылық сулардың химиялық, микробиологиялық ластануы орын алды. Кейбір ресми мәліметтер бойынша, қазіргі таңда әрбір үшінші қазақстандық сапасыз ауыз суын пайдаланады, әрине, бұл міндетті түрде олардың денсаулығына кері әсер етіп, өмір сүру ұзақтығын да біршама қысқартады.
ҚР Үкіметі бекіткен 2002-2010 жылдарға арналған Ауыз су бағдарламасында, орталықтандырылмаған су көздерінің ластануы жыл сайын артуда. Баршаға мәлім, Ертіс, Іле, Орал, Сырдария сияқты ірі өзендердің суы алдын ала тазартусыз шаруашылық-ауыз су мақсаттарына қолдануға жарамайды. Бұнымен бірге, көптеген елді мекендегі жер асты су көздерінің сапасының нашарлай түсу қаупі бар. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің мәліметтері бойынша, тек қана 2000 жылы су сапасының нашарлығынан республикада гепатит ауруымен ауырғандардың саны, алдыңғы жылға қарағанда, 18 есе өскен, ал Қызылорда облысында -5,4 есе. Республика территориясында суы таза деп саналатын бір де бір су көзі қалмаған.
Кейбір зерттеушілердің мәліметтері бойынша, республикада өндірілген пайдалы қазбалардың 93-95% қоршаған ортаға өндіріс қалдығы түрінде түседі, өндірістік қалдықтардың жинақталуы, су көздері мен атмосфералық ауаның ластануы барған сайын қарқынды жүруде, ал республикадағы қатты қалдықтардың мөлшері 20 млрд тоннадан асты. Олардың (14) бөлігі - шамамен, 5 млрд т. улы заттар болып саналады.

14--кесте
2007 ж. ҚР қалаларындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі.

Ластаушы заттардың
аты
Қалалар саны
Қалалар бойынша орташа
көрсеткіш
ШРЕК мөлшері-нен асатын қалалар саны

Орташа концентрация-
дан
Жоғарғы концентрация-
дан

мгм[3]
ШРЕК мөлшері-нен есе
мгм[3]
ШРЕК
мөлшері-нен есе

орташа

жоғары

Күкірт диоксиді
21
0,024
0,5
0,710
1,4
3
2
Еріген сульфаттар
10
0,006

0,088

Көміртек оксиді
19
1,35
0,5
12,92
2,6
0
14
Азот диоксиді
21
0,043
1,1
0,282
3,3
10
18
Азот оксиді
4
0,021
0,3
0,093
0,2
0
0
Аммиак
5
0,039
1,0
0,243
1,2
1
3
Күкіртсутек
6
0,002

0,010
1,2

4
Фторлы сутек
3
0,003
0,5
0,058
2,9
0
3
Күкірт қышқылы
2
0,021
0,2
0,057
0,1
0
0
Фенол
10
0,0037
1,2
0,023
2,3
4
9
Формальдегид
9
0,0082
2,7
0,037
1,1
7
4
Хлор
2
0,002
0,1
0,100
0,5
0
1
Хлорлы сутек
1
0,030
0,3
0,570
2,9
0
1
Мышьяк
3
0,001
0,2
0,003

Фенол
10
0,0037
1,2
0,023
2,3
4
9

Бұндай жағдайда, адам организмінде өте қауіпті зиянды өзгерістер болуы мүмкін екені айтпаса да түсінікті. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының мәліметтері бойынша, барлық аурулардың 95% тікелей немесе жанама түрде қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына байланысты туындайды. Мысалы, қауіпті ісік ауруының 90% қоршаған ортаның зиянды әсерінен туындайды. Оның 80% - химиялық канцерогендер әсерінен болса, 10% - радиациялық заттар әсерінен.
Республикадағы қайта қалпына келтірілмейтін ресурстарға жататын қатты пайдалы қазба байлықтардың минералдық-шикізат базасының жағдайы баршаға мәлім. Мысалы, Президент Әкімшілігі мен ҚР Энергетика министрлігінің болжамы бойынша, мыс өндіру саласының өндірістік қоры 14-18 жыл, қорғасын-мырыш -16-20 жыл, ал алтын кенінің қоры -13 жыл ғана екені белгілі болды.
Республика үшін тағы бір экологиялық қауіп туғызып отырған- ормандардың жойылуы. Ормандар - Жердің тыныс алу мүшесінің қызметін атқарады, өйткені олар Дүние жүзілік мұхиттағы планктондармен бірге, Жердегі барлық тіршілік иелерін оттекпен қамтамасыз етеді. Осыған қарамастан, біздің елімізде ормандар барлық территорияның, бар болғаны 4% құрайды. Бірақ кейбір мәліметтер бойынша, бұл көрсеткіш бұдан да төмен болуы мүмкін. Мысалы, тек қана 1996-2002 жж. аралығында 235 мың га жердің орманы өртеніп кеткен. 1996-1998 жж. Қазақстанда жыл сайын екі мыңға дейін ормандардың өртенуі тіркелген: Тек қана, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында 1997-1999 жж. барлық орман массивінің 13 бөлігі -180 мың га аса жердің орманы жойылған. 2000 ж. 937 ірі орман өрттері тіркелген, онда 27 мың га жердің орманы өртеніп кеткен. Бұларға қоса, республикада орман браконьерлері де кең етек жайғаны белгілі.
Экологиялық апаттардың біріне жабайы жануарлар түрлерінің жойылуын да жатқызуға болады. Қазақстанның Қызыл кітабына омыртқалылардың 125 түрі енгізілген (олардың ішінде, балықтардың 16 түрі, қос мекенділердің -3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың -10 түрі, құстар -56 және сүт қоректілер - 40 түрі).
Каспий теңізі- дүние жүзіндегі ең ірі, Дүние жүзілік мұхитпен байланыспайтын құрлық ішілік су көзі, оның ауданы 398000 км[3] құрайды. Каспий аймағында бес мемлекеттің территория бөліктері шектесіп жатыр, олар - Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан және Иран. Каспий теңізінің қойнауындағы көмірсутек ресурстарының қоры 15 млрд тоннаны құрайды, дүние жүзінде мұнай мен газ қоры жағынан екінші орынды (Парсы шығанағынан кейін) алады. Каспийдің экожүйесі өте сезімтал, соңғы жылдары антропогендік факторлар мен биохимиялық процестер әсерінен теңіздің экожүйесінің жағдайы күрт нашарлап кеткен, жалпы алғанда, апат алдында тұр деуге болады.
Каспий теңізі экожүйесінің ластануының негізгі себептері, Каспий өңірінде пайдалы қазбалардың, оның ішінде көмірсутек шикізатының кен орындарының ашылуы, бұл өңірде индустрияның қарқынды дамуына себеп болды. Алайда, технологиялардың төмен деңгейі, табиғи ресурстарды тиімсіз және ұқыпсыз пайдалану, т.б. түрлі экологиялық проблемалардың туындауына әкеп соқты.
Өнеркәсіптің дамуы, пайдалы қазбаларды өндірудің, өңдеудің және тасымалдаудың ескірген технологиялары, шикізат пен энергия көздерін тиімсіз пайдалану, ұзақ уақыт бойы мұнай-газ конденсаты кен орындары мен мұнай өңдеу, мұнай-химия өнеркәсібі орындарында экономикалық жағынан тиімсіз және экологиялық зиянды болып саналатын мұнайдың серіктес газдарын ауада жағу, сол сияқты өндірістік және ауыл-шаруашылық қалдықтарын жинау, утилизациялау, зарарсыздандыру мен жою жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылмауы, қоршаған орта сапасына кері әсер етеді. Атмосфералық ауа мен су ресурстарының ластануы күшейіп, сапасы нашарлап, тұрғындар арасында түрлі аурулар жиіледі. Биоресурстар қоры азайды. Аймақтағы мұнай өндірумен айналысатын шетелдік компаниялар мен атқарушы билік органдарының тұрғындарға көзқарасы да қанағаттанарлық емес. Мамандардың есептеулері бойынша, соңғы 20 жылда киіктердің саны 20 есе азайған, аса құнды уылдырықты балықтар -18 есе азайған. Теңіз жағалауларындағы біршама ауданның территориялары шөлейттенуге ұшыраған.
Қазіргі кезде өте күшті техногенді факторлар әсері мен экологиялық, технологиялық талаптардың сақталмауынан аймақтың экологиялық жағдайы мен тұрғындардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтірілуде. Өндірістік факторлардың қоршаған орта сапасына әсері барған сайын күшейе түсуде. Каспий теңізі экологиялық апат алдында тұр деуге болады.
Сондықтан, Каспий өңірінде экологиялық апатты болдырмау үшін, осы аймақтағы басқа мемлекеттермен келісе отырып, теңіз түбінен мұнай өндіруге шектеу қою; теңіздің биоресурстарын сақтандыру; теңіздегі мұнай өндіру операцияларына бақылауды күшейту; теңіз суларын ластағаны үшін салынатын айыппұл шараларын көтеру қажет.
Климаттың өзгеруі. Парниктік эффект әсерінен туындайтын климаттың өзгеруі, бүкіл дүние жүзілік масштабтағы мәселе болып саналады және қазіргі таңда қоршаған орта жағдайына аса күрделі қауіп келтіріп отыр.
1995 жылы Қазақстан БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі Рама конвенциясын ратификациялады, ал 1999 жылы осы конвенцияның Киото хаттамасына қол қойылды.
Киото хаттамасын ратификациялаған мемлекеттерге, ол күшіне енген күннен бастап, атмосфераға парниктік газдарды бөліп шығаруды шектеуге байланысты міндеттемелер жүктейді.
Қазақстанда Киото хаттамасын ратификациялаудың мақсатқа сәйкестігін анықтау үшін, 2004 жылы парниктік газдарды бөліп шығаруды қасқартуға бағытталған міндеттемелердің Қазақстан экономикасына әсері бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Киото хаттамасын ратификациялаудың сөзсіз экологиялық тиімділгінен басқа, ол біздің еліміз үшін шетелден инвестициялар тарту үшін, көптеген экологиялық жобаларды халықаралық деңгейде бірлесіп жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер ашады.
Ауаны ластаушы заттар (СО2, азот, күкірт оксидтері, фреондар, т.б.) климатқа едәуір әсер ететіні белгілі, олар түрлі экологиялық қолайсыз құбылыстардың (парниктік эффект, озон қабатының бұзылуы - озон ойықтары, қышқыл жаңбырлар, фотохимиялық смог, т.б.) туындауына себеп болады.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында - ақ швед ғалымы С.Аррениус, СО2 кейбір радиациялық сәулелерді өзіне сіңіретінін, нәтижесінде жер бетілік температураның жоғарылайтынын, яғни бұл кезде парниктік жағдайлардың қалыптасатынын анықтаған.
15-кесте
Қазақстандағы парниктік эффектіні туғызатын газдардың жалпы эмиссиясы, млн т CO2-экв.

Газды эмиссиялардың шығу көзі
1990
1992
1994
2000
2002
2004
CO2
238,3
261,2
243,7
137,3
186,3
193,3
Энергетика өнеркәсібі
220,1
246,3
236,5
126,6
170,2
178,0
Отын түрлерін жағу
216,8
243,0
233,9
120,3
163,7
171,3
Газды эмиссиялар
3,3
3,3
2,6
6,3
6,5
6,7
Өндіріс орындары
18,3
14,9
7,2
10,7
16,1
15,3
Жерді пайдаланудың өзгеруі мен орман шаруашылығы

-8,1

-7,1

-4,8

-7,1

-5,9

-7,5
CH4
63,95
56,84
44,12
23,13
33,43
38,9
Энергетика өнеркәсібі
39,0
32,8
23,9
9,6
17,0
19,6
Отын түрлерін жағу
1,6
1,9
1,2
0,4
0,6
0,8
Газды эмиссиялар
20,8
20,2
16,7
9,2
11,7
18,8
Өндіріс орындары
0,05
0,04
0,02
0,03
0,03
0,01
Ауыл шаруашылығы
16,9
16,5
13,6
7,4
9,5
14,5
Қалдықтар
4,1
3,8
3,5
4,3
4,7
4,8
N2O
3,4
3,2
2,5
1,4
1,9
2,2
Энергетика өнеркәсібі
0,8
0,9
0,9
0,4
0,5
0,6
Отын түрлерін жағу
0,8
0,9
0,9
0,4
0,5
0,6
Ауыл шаруашылығы
2,2
1,9
1,1
0,7
1
1,3
Қалдықтар
0,4
0,4
0,5
0,3
0,4
0,3

Жалпы эмиссиялар

305,75

321,24

290,32

161,83

221,63

234,41

Метан, азот оксиді, фреондар парниктік эффекті күшейтеді, биосферада бұл газдардың концентрациясы біртіндеп жоғарылап, климаттың жылынуына әкеп соғады. Парниктік эффектінің Жер биосферасы үшін пайдалы да, зиянды да жақтары бар.
Әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы ғалымдары, бұл құбылысты қазіргі замандағы туындап отырған аса маңызды экологиялық проблемалардың бірі деп санайды. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, ауаның орташа жылдық температурасы біртіндеп жоғарылап келе жатқаны мәлім, бұл, атмосферада парниктік газдар деп аталатын көміртектің қос тотығы, метан, фреондар, азот оксидтері, т.б. сияқты газдардың жинақталуына байланысты. Парниктік газдар, ең алдымен Жердің бетінен ұзын толқынды жылу сәулелерінің бөлінуіне кедергі жасайды да, жер бетілік атмосфера жылыжайдың жабыны сияқты, Күннің сәулелерін өзіне тек сіңіріп, ал сыртқа қарай жер бетінен бөлінген жылуды жібермейді. Бұнымен бірге, адамның тіршілік әрекеттерінде отын түрлерін барған сайын көптеп жағуына байланысты да, (жылына 9 млрд т.) атмосферадағы СО2 концентрациясы біртіндеп артады, сол сияқты, өнеркәсіп орындарындағы түрлі процестер барысында да, фреондар, метан, т.б. газдар атмосфераға бөлінеді.
БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық жұмыс тобының мәліметтері бойынша, 1988 ж. орташа жылдық температура, 1950-1980 жж. салыстырғанда, 0,4[0]С-қа жоғары болса, ал 2005 ж. 1,3[0]С-қа көтерілген, 2100 ж. Жер бетіндегі температура 2-4[0]С-қа көтерілуі мүмкін екендігі көрсетілген. Осы салыстырмалы қысқа уақыт ішінде байқалып отырған климаттың жылыну үрдістерін Жер бетінде мұздық дәуірден кейін болған жылынумен салыстыруға болады, олай болса, бұл процестің экологиялық тұрғыдағы зардаптары - планета үшін апатты жағдайларды туындататыны сөзсіз. Ең алдымен, бұл, полюстердегі, биік таулы аймақтардағы мұздықтардың, т.б. еруінен Дүние жүзілік мұхит деңгейінің көтерілуіне байланысты. Ал, мұхит деңгейінің бар болғаны, 0,5-2,0 м көтерілуі, ХХΙ ғасырдың соңына қарай ауа райының тепе-теңдігінің бұзылуына, теңіз жағалауларындағы 30 аса мемлекет территорияларын су алу қаупіне, көптеген аймақтардың батпақтануына, т.б. зардаптарға әкеледі.
Алайда, кейбір ғалымдар бұл процестің пайдалы жақтарына да назар аударады, яғни, климаттың ғаламдық жылынуы, СО2 концентрациясының жоғарылауынан фотосинтез процесінің қарқындылығының артуына себеп болады. Бұл, табиғи экожүйелерге қолайлы әсер етіп, ауылшаруашылық дақылдары өнімінің жоғарылауына да әкеп соғады.
Дегенмен, климаттың жылынуы, экологиялық тұрғыдан алғанда, әсіресе, теңіз жағалауларындағы мемлекеттер үшін қолайсыз болып саналады. Сондықтан, қазіргі кезде ЮНЕСКО, ЮНЕП, ФАО, т.б. көптеген халықаралық ұйымдар бірлескен, климаттың жахандық жылынуының алдын алуға бағытталған үкімет аралық комитет құрылып, жұмыс істеуде.
Данилов-Данильян, Горшков, т.б. (1995 ж) бойынша, адамның іс-әрекетінен құрлықтың 60% жуық бөлігі түгелдей өзгеріп, организмдердің табиғи экожүйелерінің қалыпты тіршілігі бұзылды, нәтижесінде, климаттық жағдайларды тұрақтандыруға биота арқылы жұмсалатын заттардың едәуір бөлігі биогенді айналымнан шығып қалды. Осылайша, биосфераның заттарды ассимиляциялаушы қабілеті күрт төмендеп, ол, атмосфераға толып жатқан газдарды бөліп шығаратын нысанға айналды.
Озон ойықтары - бұл, атмосфераның 20-25 км жоғары қабатындағы озон молекулалары мөлшерінің (50% және одан да көп) азаюы. Фреондар мен азот оксидтерінің атмосфераға көп бөлінуіне байланысты (ұшақтар мен космос корабльдерінің мотор майларының толық жанбауынан түзілетін өнімдер) озон қабатының бұзылу процесі басталды. Бұл туралы алғашқы мәліметтер 80-жылдардың бас кезінде пайда болды.
Фреондардың молекулаларының атмосфераның жоғарғы бөліктерінде фотохимиялық ыдырауы нәтижесінде бөлінген химиялық өте активті хлор атомдары озон молекулаларынан оттек атомдарын өздеріне қосып алып, ыдыратады. Озон қабатының бұзылуы, Жер бетіне барлық тірі организмдер үшін қауіпті күннің ультракүлгін сәулелері ағынының көп түсуіне себеп болады.
ДДҰ мәліметтері бойынша, озон қабатының бұзылуы салдарынан адамдарда қатерлі ісік аурулары көбейеді, иммунді жүйенің қызметі нашарлайды, зат алмасу процестерінің бұзылуынан ағзада жасушалық деңгейде түрлі мутациялар пайда болатыны белгілі болды. Тіпті өсімдіктерде осы ультракүлгін сәулелерінің әсерінен фотосинтез процесінің жүруі біртіндеп тоқтайтыны анықталған.
Халықаралық Гринпис экологиялық ұйымының мәліметтері бойынша, фреондарды атмосфераға көп бөлетін мемлекеттер- АҚШ (30,85%), Жапония (12,42%), Ұлыбритания (8,62%) және Ресей (8,0%). Соңғы жылдары АҚШ мен кейбір дамыған батыс елдерінде хладоагенттердің жаңа түрі - озон молекулаларын ыдырату потенциалы төмендеу -гидрохлорфторкөміртектер шығаратын заводтар салынып, жұмыс істей бастады. Бірақ, өкінішке орай, кейбір зерттеушілердің мәліметтері бойынша, фреондардың бұл туындыларының зияндылығы өзінен де күшті екені туралы соңғы кезде жиі айтылып жүр.
Озон қабатын бұзылудан сақтау үшін атмосфераға зиянды фреондарды бөлуді төмендету, олардың орнына басқа қосылыстарды қолдануға бағытталған, т.б. бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. 1989 жылдың қаңтар айынан бастап Монреаль хаттамасы күшіне енді, бұл хаттама бойынша көптеген мемлекеттерді 2000 жылға қарай фреондар өндіру мен қолдануды 50 % қысқартуға міндеттейді.
АҚШ мен Ресейде бұл бағытта Жердің озон қабатын қорғауға арналған белсенді әдістер бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл әдістер стратосферадағы озон молекулаларының ыдырау жылдамдығын төмендетуге немесе түзілуіне себеп болатын күрделі физикалық процестерге негізделген. Сол сияқты, электромагниттік сәулелер, электр разрядтары, лазерлік сәулелер арқылы оттек молекулаларының фотодиссоциациялануынан озон түзілуіне әкелетін әдістер қолданылады.
Кейбір ғалымдар, озон қабатының бұзылуының себебін табиғи құбылыс ретінде қабылдап, бұл, озоносфераның табиғи өзгеруі немесе Күннің белсенділігінің циклді түрде өзгеруінен деп түсіндіруге тырысады, ал екіншілері, бұл процес Жердің рифтогенезі мен дегазациялануынан болуы мүмкін деп жорамалдайды. Қалай дегенмен, біздің ойымызша, бұл айтылған факторлардың да, жоғарыда айтылып кеткен факторлардың да әсері болуы мүмкін, мәселе, бұл құбылыстың туындауында олардың қайсысы қандай дәрежеде орын алып отыр, міне, осы тұрғыдан алғанда әлі де нақты дәлелдемелер жоқ деуге болады.
Қышқыл жаңбырлар өнеркәсіп орындарынан бөлініп шығатын азот, күкірт оксидтерінің атмосфераның жоғарғы қабаттарында су буларымен әрекеттесіп, азот және күкірт қышқылдарына айналуынан, жауын-шашын кезінде жаңбыр суы мен қардың құрамында осы қышқылдардың белгілі бір мөлшерде болуынан туындайды. Нәтижесінде, жаңбыр мен қар суының реакция ортасы рН 5 - 6 - ға дейін төмендейді. Бұл көрсеткіштің ең жоғарғы мәні, Батыс Европада кейбір аймақтардағы су көздерінде рН=2,3; Қытайда рН=2,25 болған жағдайлар белгілі.
Табиғи орта компоненттерінің қышқылдануы аса қауіпті экологиялық проблемалардың бірі болып табылады, өйткені, қышқылдардың табиғи экожүйелердің жағдайына зиянды екені баршаға мәлім. Қышқыл жаңбырлардың әсерінен топырақтағы қоректік заттар ғана жойылып қоймай, сонымен бірге улы, ауыр металдар мен олардың қосылыстары босап шығып, оларды өсімдіктер мен топырақтағы организмдер сіңіріп алуы мүмкін. Қышқыл жаңбырлар ормандардың құрғақшылыққа, түрлі өсімдік ауруларына, табиғи ластануына тұрақтылығын төмендетіп, табиғи экожүйелердің деградациялануына әкеледі. Өзен, әсіресе, көл суларының қышқылдануы да орын алады. Олардағы балықтардың түрлі популяциялары азайып қана қоймай, біртіндеп планктон мен балдырлардың көптеген түрлері жойылып, соңында көлдерде тіршілік атаулы жойылуы мүмкін, яғни көл - өлі көлге айналады. Қышқылдың әсерінен темір-бетоннан жасалған түрлі техникалық қондырғылар немесе металдардың құймаларынан жасалған мәдени ескерткіштер мен құндылықтар, т.б. нысандар зақымданып, бұзылады.
Қалыптасып отырған жағдайларға талдау жасай келіп, қазіргі таңда экологиялық проблемаларды үш түрлі аспектіде шешу мүмкіндігі туындаған сияқты. Біріншіден, жақын арада экологиялық нормаларды сақтауға мемлекет тарапынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның өзендерінің экологиялық жағдайы
Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның қалыптасу мәселесі
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Шөлдену – ғаламдық экологиялық мәселе
Шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды селективті жұмылдыру
ҒТР туралы жалпы мағлұмат
Экономикалық жүйелер
Табиғатты пайдалану экономикасы
Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері
Экологиялық мәселелер жайлы
Пәндер