Рухани жаңғыру бағдарламасы: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Рухани жаңғыру бағдарламасы: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары» тақырыбындағы студенттердің ХХІ ғылыми конференция
Секция атауы: Жаңартылған білім мазмұны және аударма прагматикасы
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР»
Орындаған: АЯ-18-1у оқу тобының студенті Өмірбек Эльвира
Ғылыми жетекші: Педагогика ғылымдарының магистірі, аға оқытушы Есембекова Ш. Т.
Қызылорда, 2019
Мазмұны
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
- Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
- Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған жаттығулар
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі - “Сын тұрғысынан ойлауды дамыту”.
СТО-ды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
СТО дегеніміз - не нәрсенің анығына барып, оның себеп салдарына барып анықтау, бағалау одан шығатын салдарына көз жеткізе білу, қорытынды жасау.
Джон Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушының табиғи әуесқойлығын оятып, СТО-уға итермелейді.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?
Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Технологияның басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу - әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы - ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады
Мақсаты
Барлық жастағы білім алушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сондай-ақ - білім алушыны мұғаліммен, топтастарымен еркін сөйлесуге, пікірталастыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңу .
Ерекшелігі
Үш сатысы:
1 . Қызығушылықты ояту: оқушының тақырып туралы не білетіні анықталады, белсенділігі артады .
2. Мағынаны тани білу : Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы біліммен ұштастыра түседі.
3. Ой-толғаныс : Оқушылар өз ойларымен ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Өзгелердің ой кестесін үйренеді.
Сыни ойлауды қалыптастыратын стратегиялар
Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі. Яғни жалпақ тілмен айтқанда, бұл жоспар. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған стратегиялар өте көп. Қазірдің өзінде оның 60-қа шақты түрі бар. Ал ағылшын сабағында, яғни өзімнің мамандығыма сәйкесінше, бірнеше стратегиялар өте қолайлы екенін аңғардым. Мысалға:
1. Негізгі ойды суреттеу 2. Топтастыру 3. Бес жол өлең 4. Эссе жазу 5. Болжам кестесі 6. Галереяға саяхат 7. РАФТ стратегиясы 8. Блум жүйесі 9. ЖИГСО 10. Автор орындығы 11. Инсерт 12. Венн диаграммасы 13. Кубизм 14. Әдебиет үйірмесі 15. Қос жазба күнделік 16. Авторға сұрақ қою 17. Екі жақты күнделік стратегиясы 18. Ойлаудың алты қалпағы т. б.
Бірнешеуіне тоқталып кетсем:
Блум жүйесі
Блум жүйесі арқылы уақытты тиімді пайдалана отырып қолдануға және сапалы білім мен оқушылардың өзін-өзі бағалауға қол жеткізуіне мүмкіндік туады. Блум таксономиясы алты ойлау деңгейлері мен көрсетіледі.
1) Білу
2) Түсіну
3) Қолдану
4) Талдау
5) Жинақтау
6) Бағалау
Екі жақты күнделік стратегиясы
Мәтіндегі өзіне ұнаған үзінділерге пікір жазады
Тиімді жағы: оқушылардың сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.
РАФТ стратегиясы
Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады.
Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.
Сын тұрғысынан ойлауын дамытуға арналған жаттығулар
Біздің ғылыми жұмысымыздың тақырыбы «Сын тұрғысынан ойлауын дамытуға арналған жаттығулар» болғандықтан артық сөзсіз тақырыбымызға көшейік.
Аргументизация
Бұл жаттығудың аталуы - агрументизация. Бұл жаттығуды миға шабуыл ретінде, немесе материалды бекіту кезінде қолдануға болады. Жаттығудың бізден сұрайтыны кезгелген бір фактілер жиналып, оқушыларға көрсетіледі. Оның ішінде дұрысы да, бұрысы да бар. Мұғалім бұрыс фактілердің нақты санын атайды. Оқушылар қатені іздейді. Тапқан қателерінің неге қате екеін дәлелдеуі тиіс. Аргументизация аты айтып тұрғандай нақты аргументтерді талап етеді. Өзінің ойына, логикаға сүйеніп, дәлелдейді. Бұл баланың сыни ойлауына үлкен жаттығу бола алады. Әрі жоғарыда айтып кеткендей, еркіндік, өз сөзіне жауапкершілік пайда болады.
Болжау ағашы
Келесі жаттығуымыз «Болжау ағашы» деп аталады. Белгілі мәтін беріледі. Мысалға: Мысық пен тышқан дос еді. Тышқан досына өте адал. Бірақ мысық кейде оны мазақтайтын. Оның әлсіздігі мен кішкентай екенін көрсетіп кемсітетін еді. Бір күні . . .
Енді оқушылар осы мәтіннің жалғасын болжауға тырысады. Бұл жерде дұрыс жауап та, дұрыс емес жауап та жоқ. Әр оқушының жауабы қабылдануы тиіс. Және мұғалімнің «Жоқ, сенікі дұрыс емес» деп айтуына құқы жоқ. Біз еркіндікті тәрбиелеуді алға қойып отырғанымызды ұмытпауымыз керек.
Кластер
«Кластер» әдісі. Бұл тірек сызба, бұл ассосация. Белгілі бір тақырыпты ашу үшін, немесе тірек сызба жасау үшін пайдаланылады. Жеке жұмыс.
Ұлы алтылық жаттығуы
Бұл жаттығу 6сұрақ арқылы жүргізіледі. Белгілі бір мәтін бойынша, әрі сол мәтінді бекітуге арналған. Мысалға мынандай мәтін:
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: -Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп. Бала әкесіне: - Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты: - Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең - көптен де құр боласың, - деді.
Енді мұғалім кезек-кезек оқушылардан жауап ала бастайды. Кім? Әке мен бала. Қашан? Осы жерде балалар ойланады. Бұл жағдайдын қашан орын алуы мүмкін ойластыра батайды. Жазда. Қайда? Жолда. Не істеді? Әкесі баласын жұмсады, бірақ ол айтқанын алмады. Сонында баласы өкініп қалды. Қалай? Тағаның ақшасына алынған шие арқылы. Неге? Әкесі жалқаулықтың дұрыс емес екенін тәжірибе жолымен көрсетті.
Фишбоун
Балықтың басына: зерттелетін, қаралатын, талқыланатын тақырып жазылады. Оң жақ қабырға сүйектеріне: анықтаған проблема себептері, тақырыптың негізгі мазмұндары мен түсініктері жазылады. Сол жақ қабырға сүйектеріне: проблемаларды шешу жолдары, қарама-қайшылық тудырушы кедергілер жазылады. Балықтың құйрығына: анықталған жұмыстың нәтижесі мен талданған тақырыптың қорытындылау сұрағына жауап жазылады.
Зигзаг
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz