Инвестициялық жоба циклдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Инвестициялық жоба мәні мен мазмұны
3. Инвестициялық жоба циклдері
4. Инвестициялық жоба түрлері
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.
Инвестициялық жоба, жоба мәні мен мазмұны
Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол инвестициялық жоба деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Жоба мәні мен мазмұны
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Жобаның циклдері
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.
Жобаның тұжырымдалуы
Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
Жобаны дайындау
Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында - коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т.б. - оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.
Жобаны сараптау
Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы - жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
Жобаны іске асыру
Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жоба жайында
Инвестициялық жоба мәні, мақсаты жүзеге асыру ерекшеліктерін айқындау
Инвестициялық жобалардың түрлері
Жобалық несиелеу
Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері
Инвестициялық жобаның жіктелуі
Инвестициялық жобаның қаржылық нәтижелерін талдау
Экономиканың циклдық концепциялары
Венчурлық жобалар
Машина жасау мамандығы
Пәндер