Естияр топтағы балалардың сөйлеу дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 7
1 БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДА СӨЙЛЕУДІҢ ДЫБЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті туралы жалпы түсінік 12
1.2 Естияр топтағы балалардың сөйлеу дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу 22
1.3 Балалар бақшасындағы тәрбиенің психологиялық негіздері 26
2 балалар бақшасының ЕСТИЯР тобында сөйлеудің
дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудегі әдістеме негізі
2.1 Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқытудың ҚРМЖМБС және Балбөбек
бағдарламасына талдау 34
2.2 Естияр топта сөйлеудің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың
әдістері мен тәсілдері 36
2.3 Естияр топтағы балалардың сөйлеу дыбыстық мәдениетін
қалыптастыруға арналған тәжірибелік жұмыс 44
қорытынды 56
қолданылған әдебиеттер тізімі 59
ҚОСЫМШАЛАР 61

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында атап көрсетілген Балапан бағдарламасында 2015 жылға дейін 5-6
жастағы балаларды білім беру ұйымдарында мектепалды даярлықпен толықтай
қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі ретінде айқындалып отыр. Демек,
жалпы білім беретін мектептерде, мектеп гимназияларда, шағын орталықтарда
мектепалды даярлық сыныптарын ұйымдастыру тиімді жүзеге асырылуы тиіс.
Белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау
мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне
талдау жасауға, білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен окыту үдерісін
қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы денгейінде балалардың
белсенділігін дамытушы орта арқылы қалыптастыруға ерекше мән берілуде [1].
Мемлекеттік мәртебеге ие болған алғашқы жылдардан –ақ қазақ
тілінің қоғамдық маңызы артып, дамудың жаңа белесіне қадам басты.
Бұл Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілді оқыту үрдісінде де
жаңа серпілістер туғызды. Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңында айқындалған міндеттер мен Қазақстан Республикасының Тіл
туралы Заңдарында нақтыланған бағыттар сабақтастырыла отырып, жалпы
білім беретін мектептердегі оқушылардың білімдері тұғырнамалық
негіздеріне алынды[2]. Бүгінгі өмірдің талабы-жас ұрпақтың қоғамдық қарым-
қатынастардың барлық салаларында: ғылымда, өндірісте, мемлекетаралық
байланыстарда, саудада, тұрмыстық қызмет көрсету мекемесінде, кеңсе ісінде,
т. б. жерлердің барлығында сауатты сөйлеп, өз ойын еркін жеткізіп,
дәлелдей білуді қамтамасыз ету [3].
Балалардың шығармашылық және интелектуалдық қаблеттерін дамыту үшін
тілдің маңызы өте зор. Тіл адамдардың бір-бірімен пікір алысып Қарым-
қатынас жасайтын құралы болғандықтан, тілдің қоғамдық кызметі де ерекше.
Тілсіз адамдар арасында толық қарым-қатынас болуы мүмкін емес. Сондықтан
тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске асыру ең басты мәселенің
бірі. Соңғы 10 жыл аралығында тіл мәдениеті балалар арасында бір шама
төмендеп кеткені ешкімге құпия емес. Өйткені балалардың әдеби кітаптарды
оқуға деген қызығушылығы төмен, балалар бос уақыттарында көбіне теледидар
немесе компьютерлік ойындар ойнағанды ұнатады. Мектеп жасына дейінгі
балаларға сөздің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу жұмыстары өткен жылдарға
қарағанда өте биік деңгейде өткізілуі тиіс. Өткені есеп бойынша балалардың
сөйлеу мүмкіндігі, парасаттылығы жоғары.
Тіл дамыту жұмысы біртұтас жүйелі сала, балалардың балабақшаға келген
күнінен бастап іске асырылады.
Егерде үлкендер балаға көңіл бөлмесе, сөздің дыбыстық даму жағы
кідіреді, кері, жағымсыз сөйлеу әдетінің қалыптасуы мүмкін. Оларды қалпына
келтіру қиындыққа апарып соғады. Осы атағанның бәрін ескере келе мәнді
қорытынды шағаруға болады. Сөздің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеуді кіші
жастан бастау тиімді және ұзақ мерзім бойы оқу мәселесіне көңіл болу өзекті
екені анық.
Тіл – адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын
құралы болғандықтан, тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше,
сондықтан тіл ұлт мәдениетінің басты көрсеткіштерінің бірі екені белгілі.
Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау
тәсілінің, мінез-құлқының белгілері көрініс табады.
Ал тілді, тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса
бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту
жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Тіл мәдениетінің жеткіліксіздігі баланың жеке тұлға болып өсуіне
кедергі жасайды. Мысалы бала тұйық, шыдамсыз, қатыгез, болып өседі,
танымдылық қасиеті, есте сақтау қабілеті төмендейді. Сондықтан мектепке
барған кезде, біраз қиыншылықтарға тап болады. Дыбысты дұрыс, таза айту өте
қажет, өйткені дыбысты дұрыс есту, дыбыстау - сауат ашу сабағының негізі.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті дегеніміз барлық тіл мәдениетінің қалпы.
Сөйлеу мәдениеті тілдік қарым-қатынас барысында тілдік құралдарды
таңдау және қолдануды реттеу дағдыларын қалыптастырып, оларды сөйлеу
тәжірибесінде қолдануға деген дұрыс көзқарас қалыптастыруға көмектеседі.
Жалпы сөйлеу мәдениетінің бір бөлігі болып табылатын сөйлеудің
дыбыстық мәдениеті сөздің дыбыстық мәнерлілігінің барлық жақтары мен жалпы
сөйлеуді қамтиды: дыбыстарды, сөздерді дұрыс айту, сөйлеу жылдамдығы мен
оның құлаққа естілуі, жиілігі, кідіріс, тембр, логикалық екпін және т.б.
Сөйлеу және есту аппараттарының дұрыс жұмыс істеуі, толықққанды тілдік
ортаның болуы –сөйлеудің дыбыстық мәдениетінің дер кезінде әрі дұрыс
қалыптасуының негізгі шарттары.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу жұмысы арнайы тіл
сабақтарында жүйелі түрде жүзеге асырылады, бірақ ол басқа да сабақтардың
мазмұнында болуы мүмкін. Мысалы, музыка қызметкерімен келісілген жағдайда
музыканы тыңдау, ән айту, музыкалық-ырғақтық қозғалыстарды орындау кезінде
есту зейінін, сөйлеу кезіндегі демалуды, дауысты, сөйлеу жиілігін және т.б.
дамытуға бағытталған бірқатар міндеттер шешіледі.
Таңғы сөйлеу жаттығуларын, серуен, балалардың келуі мен үйлеріне
кетуін де педагог сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге қолданады.
Мысалы, таңғы сөйлеу жаттығулары кезінде балалардың артикуляциялық
апппаратын жаттықтыруға, ойын формасында дыбыстардың айтылуын нақтылап
қорытындылауға; серуендеу немесе күн тәртібінің басқа да кезінде жекелеген
балаларды сөздерді анық айтуға, мәнерліліктің интонациялық құралдарын дұрыс
қолдануға жаттықтыруға болады.
Кешкі сағаттарда жекелей және топпен қозғалыс, хор, тілдік
дидактикалық ойындар ұйымдастырылады, мысалы, дыбыстардың дұрыс айтылуын
бекіту мақсатында балаларды ауыз арқылы ұзақ дем шығаруға жаттықтыру.
Сабақтан тыс жұмыс балалар топшасымен, сондай – ақ жекелей ұйымдастырылуы
мүмкін. Тәрбиешінің міндеті балаларға айтылып жатқан сөздің барлық қырларын
дер кезінде меңгеруге көмектесу болып табылады. Үлкендердің сөйлеу
мәдениетінің жоғары болуы, баламен үзбей қарым – қатынас жасауы, тілдік
ойындарды ұйымдастыру және өткізу – осының бірі балалардың дұрыс ауызша
сөйлеуін қалыптастырудың кепілі.
Қазақстан Республикасының бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк
бағдарламасында үздiксiз бiлiм берудiң бастапқы деңгейi  мектепке дейiнгi
тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметiн меңгеруге қажеттi жеке
қасиеттердi тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңiл бөлiнiп
отыр [4].
Баланы кішкентай жасынан бастап ойлауға, өз еркімен санасын оятуға,
шағармашылық ізденіске жағдай жасай отыра, ақыл - ойын шығаруды талап ету
маңызды екенін Н.К. Крупская педагогтарға ескерту жасаған. Мектеп жасына
дейінгі оқыту бағытымен негізіне, сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру
жатады [5].
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалы. Мектеп жасына дейінгі
балаларды байланыстырып сөйлеу тілін дамытуды табиғат құбылыстарымен
байланыстыру мәселесін зерттегендер қатарында көрнекті педагог, психолог
ғалымдар С.П.Рубинштейн, А.М.Мусина, А.С.Выготский, П.Я.Гольперин,
А.А.Люблинская, т.б. атап айтуға болады. Бала психологиясы сан-салада
зерттеп, оның ішінде тілдің, қарым-қатынастың алатын орнына үлкен мән
берген Қазақстан психологтары Х.Шерьязданова, Г.Касымова Ж.Аубакирова
т.б..
А.А.Люблинская табиғаттағы заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстардың
да сөзбен белгіленетін тұжырымдаса, Л.С.Ренготовский Сөз-ойлау мен
тілдің негізгі жиынтығы - деп көрсетеді.
Белгілі зерттеуші-ғалым Б.Баймуратова баланың тілін дамытып,
байланыстырып сөйлеуін жетілдіруде айналадағы өмірде бақылау жұмысын екі
әдіс тұрғысынан пайдалануды ұсынды:
-баланың өмір шындығын қабылдау, түсіну;
-заттар мен құбылыстарды нақтылай түсіндіріп, бақылатып көрсету
арқылы, әрбір сабақты өмірмен байланыстырып, көрнекті құралдарды
тиімді пайдаланғанда айналадағы қоршаған дүние жөнінде нақты ұғым,
түсінік қалыптасады.
Қазақ тілі пәнін тек қарым-қатынас құралы деп қана қарамай, оны
ұлттық тіл мәдениетінің жоғары көрсеткіші ретінде оқытуда тіл дамыту
жұмыстарының алатын орны ерекше екенін түсіну қажет.
Тіл дамыту ісі бірыңғай, үздіксіз білім беру жүйесіндегі ең маңызды
буын- бастауыш сыныптардан бастау алатыны белгілі. Салиқалы білімнің көзі,
саналы тәрбиенің өзі сәбилік кезеңнен бойға сіңеді; тіл үйретуді жолға
қоюды білім беру мен тәрбиелеудің түп негізі, іргетасы-балабақшадан бастап
мықтап қолға алу керек.
Ана тілін толық меңгермеген бала басқа ғылым салаларын оқуда үлкен
кедергіге кездеседі, өз сөзімен ойын толық жеткізе алмайды.
Бүгінгі күнгі білім берудің басты мақсаты-ана тілін еркін меңгерген,
коммуникативтік қабілеті дамыған, ұлтының мәдениетін, әдебиетін, діні мен
ділін пір тұтатын көп мәдениетті, көптілді тұлға қалыптастыру.
Бұл мақсатқа жету үшін тілді игеру, сауатты сөйлеп-жазу айқын міндет
болып тұр. Сондықтан оқушының тіл дамыту мәселесі өзекті болып табылады.
Тіл дамыту мәселесі – күрделі әрі ұзақ жүргізілетін процесс,
сондықтан бастауыш сыныптарында тіл дамыту жұмыстарының алдына
белгілі бір мақсат қойылады. Тіл дамыту жұмысын белгілі тақырыптарға
негіздей отырып, мұғалім тілдік процестің төмендегідей басты
мәселелерін үйретуді мақсат етуі керек.
Тіл дамыту мәселесі-отбасынан басталып, балабақшада дамып, өмір бойы
толығып, күрделеніп отыратын сала.
Оқыту үрдісінде баланы жан-жақты дамыту үшін тәрбиеші әртүрлі
тиімді әдіс-тәсілдер мен бүгінгі заман талабы – жаңа технологияларды
қолдануда. Балалардың тіл байлығын дамытуда да ойын технологиясын
қолданудың мәні өте зор. Қазіргі кезде оқытудың ойын технологиясы
сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп мектеп
өміріне енуде.
Қазақ халқының XX ғасыр басындағы зиялылар қауымының көрнекті
өкілі, ойшыл оқымысты, білімдар ұстаз-ғалымы Жүсіпбек Аймауытов
сабақты ізденіске баулитын өнер түрі ретінде бағалаған.
Қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін, дүниетаным қабілеті
жоғары, дарынды, өнертапқыш, ізденімпаз, талапты, тілі дамыған, өз
ойын еркін жеткізе алатын, өз алдына мақсат қоя білетін және
тиімді амалдарды шебер қолданып, сол мақсатына жете білетін болуы
керек.
Оқыту үрдісінде ойын технологиясын пайдаланудың нәтижесінде –
оқушының ойы шындалып, белгілі бір жетістіктерге жетеді, танымдық
белсенділігі, сабаққа деген қызығушылығы артады, өз бетінше білім
алуға үйренеді, білім сапасы да артады. Тұжырымдай келгенде, тіл
дамыту – баланың қалыптасқан сөздік қорларын әрі қарай байыту; ауызекі
сөйлеу тілінде де, әдеби нормативтерді сақтау; ойын нақты, тұжырымды, айқын
жеткізу; мәнерлі жатық сөйлеуге жаттықтыру; сауаттылыққа баулу іс-
әрекеттерінің жиынтығы[6].
Зерттеудің тақырыбы: Балалар бақшасының естияр тобында сөйлеудің
дыбыстық мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты: балалар бақшасының естияр тобында сөйлеудің дыбыстық
мәдениетін қалыптастырудың жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: Балалардың сөйлеу дыбыстық мәдениетін қалыптастыру
үрдісі.

Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеліп отырған мәселеге байланысты ғылыми–педагогикалық
әдебиеттерді талдау, саралау
2. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті түрлерін белгілеу.
3. Естияр топта сөйлеудің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдістері
мен тәсілдерін қарастыру;
Зерттеу пәні: балабақшадағы балалардың сөйлеуіндегі дыбыстық
мәдениетін тәрбиелеу жолдары.
Ғылыми болжамы: Егер балалардың сөйлеудің дыбыстық мәдениетін
тәрбиелегенде, көрнекілік және ойын технологияларын қолданса, онда
балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері
айқындалады.
Зерттеудің жаңалығы: балалар бақшасының естияр тобында сөйлеудің
дыбыстық мәдениетін қалыптастыруы аз зерттелген, бұл жұмыста балалар
бақшасының естияр тобында сөйлеудің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруға
арналған тапсырмалар дайындалған, және де эксперимент нәтижесінде жазылған.
Тәжірибелік маңызы: Тәрбиешілер мен студенттер педагогикалық тәжірибе
түрлерін, ойын, жаттығуларды педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру
институттарында, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру
мақсатында пайдалануға болады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі:
Материалистік диалектиканың теориясы мен тәжірибе арасындағы
байланыстар туралы қағидалар; философия, педагогика және психология
ғылымдарының жеке адамды дамыту туралы ілімдері, таным процестерінің
педагогика психологиялық негіздерінің дамуы мен қалыптасу жолдары туралы
тұжырымдар.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында талдау, жинақтау, салыстыру,
жүйелеу,бақылау, сұрау (сауалнама, сұхбат), сандық және сапалық талдау,
педагогикалық эксперимент әдістері қолданылады.
Диплом жұмысының құрылымы Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, қосымшалардан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу базасы: Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Капитоновка Күншуақ
балабақшасының естияр топ тәрбиеленушілері.

1 БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДА СӨЙЛЕУДІҢ ДЫБЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ

1.1 Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті туралы жалпы түсінік

Тіл – адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын
құралы болғандықтан, тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше,
сондықтан тіл ұлт мәдениетінің басты көрсеткіштерінің бірі екені белгілі.
Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау
тәсілінің, мінез-құлқының белгілері көрініс табады.
Ал тілді, тіл мәдениетін игеру–баланың сәби шағынан іске аса
бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту
жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Тіл мәдениетінің жеткіліксіздігі баланың жеке тұлға болып өсуіне
кедергі жасайды. Мысалы бала тұйық, шыдамсыз, қатыгез, болып өседі,
танымдылық қасиеті, есте сақтау қабілеті төмендейді. Сондықтан мектепке
барған кезде, біраз қиыншылықтарға тап болады. Дыбысты дұрыс, таза айту өте
қажет, өйткені дыбысты дұрыс есту, дыбыстау - сауат ашу сабағының негізі.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті дегеніміз барлық тіл мәдениетінің қалпы.
Тіл мәдениетіне-тіл байлығы, таза, мәнерлі, анық, дұрыс, түсінікті,
дәл айту, тіл байлығы сияқты түсініктер жатады.
1) ауызша және жазбаша әдеби тіл нормаларын меңгеру (айту, екпін, сөз
қолдану, грамматика, стилистика анықтамалары), сондай-ақ тілдің мәнерлі
құралдарын сөйлеудің мақсаттары мен мазмұнына сәйкес қарым-қатынастың
түрлі жағдайында қолдана білу.
2) тілді мәдениет құралы ретінде жетілдіру мақсатында нормаға келтіру
мәселесін зерттейтін тіл білімінің бөлімі [7].
Берілген анықтамалардан байқалып тұрғандай, сөйлеу мәдениеті тек дұрыс
сөйлеу ұғымымен ғана шектеліп қоймайды және Костомаровтың айтуы бойынша,
дұрыс – дұрыс емес деген догмалық анықтама мен тыйымдарға жатпайды.
Сөйлеу мәдениеті ұғымы тілдің даму және қолданылу заңдылықтары мен
ерекшеліктерімен, сондай-ақ тілдің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу
мәдениеті тілдік қарым-қатынас үрдісінде тілдік құралдарды таңдау және
қолдануды реттеу дағдыларын жасайды, оларды сөйлеу тәжірибесінде қолдануға
деген саналы көзқарас қалыптастырады.
Сөйлеу мәдениеті тілдік қарым-қатынас барысында тілдік құралдарды
таңдау және қолдануды реттеу дағдыларын қалыптастырып, оларды сөйлеу
тәжірибесінде қолдануға деген дұрыс көзқарас қалыптастыруға көмектеседі.
Жалпы сөйлеу мәдениетінің бір бөлігі болып табылатын сөйлеудің
дыбыстық мәдениеті сөздің дыбыстық мәнерлілігінің барлық жақтары мен жалпы
сөйлеуді қамтиды: дыбыстарды, сөздерді дұрыс айту, сөйлеу жылдамдығы мен
оның құлаққа естілуі, жиілігі, кідіріс, тембр, логикалық екпін және т.б.
Сөйлеу және есту аппараттарының дұрыс жұмыс істеуі, толықққанды тілдік
ортаның болуы –сөйлеудің дыбыстық мәдениетінің дер кезінде әрі дұрыс
қалыптасуының негізгі шарттары.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу жұмысы арнайы тіл
сабақтарында жүйелі түрде жүзеге асырылады, бірақ ол басқа да сабақтардың
мазмұнында болуы мүмкін. Мысалы, музыка қызметкерімен келісілген жағдайда
музыканы тыңдау, ән айту, музыкалық-ырғақтық қозғалыстарды орындау кезінде
есту зейінін, сөйлеу кезіндегі демалуды, дауысты, сөйлеу жиілігін және т.б.
дамытуға бағытталған бірқатар міндеттер шешіледі.
Таңғы сөйлеу жаттығуларын, серуен, балалардың келуі мен үйлеріне
кетуін де педагог сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге қолданады.
Мысалы, таңғы сөйлеу жаттығулары кезінде балалардың артикуляциялық
апппаратын жаттықтыруға, ойын формасында дыбыстардың айтылуын нақтылап
қорытындылауға; серуендеу немесе күн тәртібінің басқа да кезінде жекелеген
балаларды сөздерді анық айтуға, мәнерліліктің интонациялық құралдарын дұрыс
қолдануға жаттықтыруға болады. Кешкі сағаттарда жекелей және топпен
қозғалыс, хор, тілдік дидактикалық ойындар ұйымдастырылады, мысалы,
дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту мақсатында балаларды ауыз арқылы ұзақ дем
шығаруға жаттықтыру.
Сабақтан тыс жұмыс балалар топшасымен, сондай – ақ жекелей
ұйымдастырылуы мүмкін. Тәрбиешінің міндеті балаларға айтылып жатқан сөздің
барлық қырларын дер кезінде меңгеруге көмектесу болып табылады. Үлкендердің
сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы, баламен үзбей қарым – қатынас жасауы,
тілдік ойындарды ұйымдастыру және өткізу – осының бірі балалардың дұрыс
ауызша сөйлеуін қалыптастырудың кепілі.
Дидактикалық ойындарды өткізу (қозғалыстық сөздерді айтумен), сюжеттік
– рөлдік, сөздік), сондай – ақ түрлі тілдік материалдарды қолдану
(дыбыстарға еліктеу сөздері, мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар, тақпақтар,
шағын ертегілер, әңгімелер, сөйлеу кезіндегі дем алуды, артикуляциялық және
дыбыстық аппараттарды дамытуға бағытталған арнайы ойындар мен жаттығулар )
көрнекі материалдарды көрсетумен қатар жүргізіледі: заттық және сюжеттік
суреттер, ойыншықтар, үстел үстінде ойналатын ойындар, кинофильмдер,
диапозитивтер, диафильмдер және т.б.
Бала бақшада сөйлеудің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу жұмысы
сөздікті (актив және пассив), грамматикалық құрылысты, байланыстырып
сөйлеуді қалыптастырумен, балаларды мектепке даярлау (оқи және жаза білу)
міндетін шешумен тығыз байланысты.
Балалардың физиологиялық және психологиялық мүмкіндіктеріне байланысты
сөйлеудің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу міндеті түрлі жаста күрделене
түседі. Мысалы, мектепке дейінгі кіші жаста дыбыстарды дұрыс айту
дағдыларын қалыптастыруға, сөйлеуді дұрыс қабылдауды дамытуға, ал мектепке
дейінгі үлкен жаста анық дикцияны қалыптастыруға, мәнерліліктің
интонациялық құралдарын дамытуға, фонемалық қабылдауды жетілдіруге баса
назар аударылады. Осылайша сөйлеудің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеудің
келесі міндеттері айқындалады:
1.Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру. Тілдік дыбыстар – тілдің ең
кіші, бөлінбейтін бірлігі. Тілдің материалдық белгісі ретінде дыбыстар екі
қызмет атқарады: сөйлеуді естіп қабылдауға дейін жеткізу және тілдің
маңызды бірліктерін ( морфемаларды, сөздерді, сөйлемдерді) айыру. Балада
алдымен сөйлеуді дұрыс қабылдау қалыптасады, яғни тіл дыбыстарын айыра
біледі, ал олардың айтылуын ол кейінірек меңгереді.
Дыбысты дұрыс айту балалардың артикуляциялық аппарат органдарының ең
жақсы кординацияларын жасаумен тығыз байланысты. Осыған байланысты
көрсетілген міндеттің мазмұнына келесілер кіреді: 2-ші кіші, естияр және
ересек топтарда өткізілетін артикуляциялық аппарат қозғалысын жетілдіру –
артикуляциялық жаттығу; балалардың меңгеріп үлгерген дауысты және қарапайым
дауыссыз дыбыстарын, содан кейін балаларды қиналтатын (балалар естияр
топқа, яғни 5 жасқа қарай, келген кезде орыс тілінің барлық дыбыстарын
дұрыс айта білулері қажет) күрделі дауыссыздарды анық айтқызу бойынша
жүргізілетін кезекті жұмыстар; контексте дыбыстарды дұрыс айтуды бекіту
(барлық топтарда);
2.Дикцияны қалыптастыру. Дикция–сөздерді және олардың үйлесімін айқын,
анық айту. Дикциямен жұмыс бала бақша Бағдарламасына сәйкес 2-ші кіші
топтан бастап (негізінен ән айту және өлең оқу кезінде) жүргізіледі.
3.Сөздерді дұрыс айту және сөзге (фонетикалық) дұрыс екпін қоя білу
жұмыстары. Мектепке дейінгі баланың сөйлеу ерекшелігі, әсіресе кіші
жастағы, сөзді дұрыс айтуын қалыптастыруға бөлек бір міндет ретінде қарауды
қажет етеді. Кейде бала барлық дыбыстарды анық айтып, оның жақсы дикциясы
болады, бірақ жекелеген сөздерді айтуда қате жібереді [8].
Тәрбиеші балалардың сөзді дұрыс айтуындағы осындай ерекшеліктерін
білуі қажет: кіші жаста сөздердің қысқартып айту (весипед - велосипед),
дыбыстар мен буындарды ауыстырып айту және мүлдем айтпау (чевряк –червяк;
бривточка - бритвочка), дыбыстар қосу (реблята – ребята; иржавая – ржавая;
игруша - груша). Осы ерекшеліктерді білу балалардың сөзді дұрыс айтуындағы
қателерін дер кезінде түзетуге көмектеседі.
Үлкен жаста сөзге екпін түсіру қиындық тудырады. Екпін – буындар
тобынан бір буынды дауыс күшімен ерекше айту. Біздің тіліміз бекітілмеген,
екпіннің әр жерде болуымен сипатталады: екпін кез – келген буында болуы
мүмкін, буыннан тыс кететіндері де болады: нога, ножка, на ногу, ноги.
Балалардың атау септігіндегі кейбір зат есімдерге (балалардың қателері:
арбуз, простыня, свекла, шофер), өткен шақтағы жекеше түрдегі
етістіктерге (балалардың қателері: отдал, отнял, положил, принял,
продал) екпін қоюына назар аудару қажет.
Орыс тілінде екпін грамматикалық форманы айыра білу құралы болып
табылады. Бала тілінің грамматикалық құрылысын дамытуда тәрбиеші екпіннің
дұрыс қойылуына да көңіл бөлуі қажет: коса – косу, кони – коней, коням және
т.б.
4. Сөйлеудің орфоэпиялық дұрыстығымен жұмыс. Орфоэпия - әдеби тұрғыдан
дұрыс айту ережелерінің жиынтығы. Орфоэпиялық нормалар тілдің фонетикалық
жүйесін, сондай – ақ жекелеген сөздер мен сөздер тобының, жекелеген
грамматикалық формалардың айтылуын қамтиды. Бала бақшада әдеби тұрғыдан
айтуды қалыптастыруға жағдай жасау, балалардың тіліндегі орфоэпиялық
нормалардың ауытқуын белсенді түрде жою қажет. Үлкен адамның тіліндегі
осындай қателерді түзетуден гөрі балалық шақта дұрыс әдеби тұрғыдан айтуды
қалыптастыру жеңіл болады. Диалектілік айту кеңінен етек алған облыстарда
осы міндеттер ерекше маңызға ие болады.
Кіші жаста балалар орфоэпиялық нормаларды тек тәжірибелік тұрғыдан,
еліктеу арқылы меңгереді. Тәрбиеші балаларға ауызша сөйлеу үлгілерін ұсынуы
қажет. Бала бақшаның жоғарғы топтарында бұл міндет ана тілін үйретудің
құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жастағы балалардың назарын кейбір
ережелерді (басқа тіл сөздерін: пионер, музей, шоссе, ателье және т.б. )
саналы меңгеруге аудару қажет.
5. Сөйлеу қарқыны мен дауыс сапасын қалыптастыру. Жеңіл қабылданатын
әсерлі сөйлеу төмендегідей сапалармен сипатталады: орташа қарқын, дауыстың
төмен күші мен орташа биіктігі. Олар жалпы сөйлеудің жеке ерекшелігін
айқындайтын үйреншікті сапалар ретінде болуы мүмкін. Сондай – ақ сөйлеу
ырғағы мен дауыс сапасы жеке көңіл – күй мен сезімді көрсету үшін мейлінше
ыңғайлы әрі өзгеріске икемді болу қажет, яғни сыбырлап және қатты, ақырын
және тез т.б. сөйлей білу қажет. Сөйлеудің осы қырларына барлық топтарда
назар аудару қажет.
Балаларды өз дауысын түрлі жағдайларға икемдей білуге, оны қорғауға
(бұның педагогикалық және гигиеналық маңызы зор) үйрету қажет. Тәрбиеші
балаларды артық шудың пайда болатынын ескерте отырып, топ жиналған бөлмеде
қатты сөйлемеуге (орташа дауыс күші), жатын бөлмеде, қоғамдық орындарда
(вагонда, дәріханада, дәрігердің бөлмесінде және т.б.) жартылай дауыспен
немесе сыбырлап сөйлеуге үйрету қажет. Сонымен қатар ол көпшілік алдында
сөйлегенде дауысты саналы түрде күшейтуге: сабақ үстінде жауап беру кезінде
балалар тобының алдында, мерекелерде тыңдаушы – қонақтардың алдында; ойын
кезінде немесе жаттығу жасау кезінде бұйрық немесе тілдік белгі беруге
үйретеді.
Балалар, әсіресе кіші жастағылар, тез сөйлеуге бейім келеді, қысқа
және орынсыз кідірістер жасайды. Тәрбиеші балаларды асықпай сөйлеуге,
интонациялық тұрғыда ойды аяқтап, фраза соңында тоқтауға, ырғақты сөйлеуге
үйрету қажет [9].
6. Мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу. Мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу турасында
айтқанда біз бұл ұғымның екі жағы туралы айтамыз: 1) балалардың күнделікті
сөйлеуінің табиғи мәнерлілігі; 2) алдын ала ойластырылған мәтінді айту
кезіндегі еркін, саналы мәнерлілік (тәрбиешінің тапсырмасы бойынша баланың
өзі құрастырған сөйлемдері немесе әңгімесі; мазмұнын айту; өлеңді жатқа
айту).
Мектепке дейінгі жастағы баланың сөйлеуінің мәнерлілігі қарым –
қатынас құралы ретінде сөйлеудің қажетті сипаттамасы болып табылады. Онда
баланың айналасындағыларға деген қөзқарасының даралылығы көрінеді.
Мәнерлілік бала өз сөйлеуінде тек білімін көрсетіп қана қоймай, сонымен
қатар сезімі мен көзқарасын көрсеткісі келген кезде көрінеді. Мәнерлілік
айтылып жатқанды түсінудің нәтижесі болып табылады.
Эмоционалдылық интонацияда, жекелеген сөздерді анықтауда, кідіріс,
мимика, көз қимылы, дауыс күші мен қарқынын ауыстыруда көрініс табады.
Баланың еркін сөйлеуі әрқашанда мәнерлі болады. Бұл бала тілінің
күшті, анық жағын көрсетеді және біз оны бекітіп сақтау қажетпіз. Еркін
мәнерлілікті қалыптастыру мейлінше қиын болып келеді. Н.С.Карпинская:
Орындалудың туралылығын сақтай отырып, балалардың еркін мәнерлілік
қабілеттерін, яғни саналы тырысу, күш – жігер нәтижесінде пайда болатын
мәнерлілікті біртіндеп әрі абайлап дамыту қажет. Кіші топтарда орындалудың
қарапайымдылығы мен туралылығын сақтау ұсынылады. Естияр топта балалар
тапсырма бойынша сұрақ пен жауаптың интонациясын, өз тәжірибелерінде
бірнеше қайтара сезінген мейлінше айқын сезімдерді (қуаныш, таң қалу,
қанағаттанбау) көрсетуге үйрене алады. Жоғары топтарда талаптар күшейеді:
балалар мейлінше түрлі және нәзік сезімдерді (нәзіктілік, қобалжу, қайғы,
мақтаныш және т.б.) көрсете білулері қажет [10].
Маңызды міндеттердің бірі – балалардың жатқа оқу және мазмұнын айту
кезінде шығармашылық белсенділігі мен өз бетімен жұмыс істеуін дамыту,
өйткені бірқалыпты, бірдей мәнерлілік болмайды және болуы мүмкін емес.
7. Тілдік қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу. Бұл ұғымға бала
тілінің жалпы тоны және тілдік қарым –қатынас үрдісінде қажетті кейбір өзін
-өзі ұстау дағдылары жатады. Кіші жастан бастап тәрбиеші балаларда өз
қатарластары және үлкендермен сөйлесу кезінде жағымды, әсерлі тон
қалыптастыру қажет. Теріс интонациялармен (дөрекі, жыламсыраған) күрес
жүргізу қажет.
Бағдарламада жоғарғы топтарда сөйлеу үрдісіндегі өзін - өзі ұстау
мәдениетнің негізгі дағдылары қалыптасқан болуы баса көрсетілген: балалар
ақырын сөйлей алу, сөйлесіп жатқан кісінің бетіне тура қарау, қолын еркін
ұстау, сыпайы және ескертусіз амандасып, қоштасу, үлкендермен амандасқанда
бірінші болып қол ұсыну керек еместігін білулері қажет.
Баланың көпшілік алдында сөйлеу кезінде дұрыс тұруына үлкен мән беру
қажет: сабақта жауап беру кезінде балаларға қарау, сөз болып жатқан
құралдардың көрінуіне кедергі жасамау; өлең оқу және әңгімелеу кезінде
артық қозғалыс жасамау (теңселмеу, бір аяқпен тіреліп тұрмау, еш нәрсеге
сүйенбеу және т.б.). Осы дағдылардың бәрі ескерілуі қажет.
8.Сөйлеуді қабылдау және сөйлеу кезінде дем алуды дамыту. Сөйлеудің
дыбыстық қырын меңгерудің жетекші анализаторы есту болып табылады. Бала
дамыған сайын есту зейіні, шу және сөйлеу дыбыстарын қабылдауы да біртіндеп
дамиды. Мектепке дейінгі үлкен жастағы баланың сөйлеуді естудің мейлінше
жоғары дәрежесін – фонемалық қабылдауын, яғни сөз ішінде дыбысты айыра
білу, олардың тәртібі мен санын анықтай білулерін дамыту қажет.
Сөйлеу кезіндегі дем алу – сөйлеудің (сөйлеу дыбысталған дем шығару
болып табылады) және дауыстың жасалуының негіздерінің бірі. Тәрбиешінің
міндеті – балаларға сөйлеу кезінде дем алудағы жас ерекшелік ауытқулардан
арылуларға көмектесу, дұрыс диафрагмалық дем алуға үйрету. Сөйлеу кезіндегі
дем шығарудың ұзақтылығы мен күшіне және фразаны айту алдында шусыз терең
дем алуға баса назар аударылады. Көрсетілген міндеттердің бәрі жалпы
педагогикалық үрдісте бір мезгілде шешіледі. Сөйлеудің дыбыстық
мәдениетіне тәрбиелеудің міндеттерін біле отыра педагог топтағы әр баланың
сөйлеудің дыбыстық мәдениеті деңгейімен танысады. Бұл оған жалпы
міндеттерді нақтылауға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты оқу жылының басында балалардың сөйлеуінің дыбыстық
қыры тексеріледі. Алдын ала тәрбиеші күнделікті бақылау жүргізу нәтижесінде
топтағы балалардың сөйлеулері туралы жалпы білетін болады. Тексерудің
алдында балалардың артикуляциялық аппараты жағдайын анықтап, нормадан
ауытқушылығы болса (тістерін емдеу т.б.), оны жою үшін бала бақша
дәрігерімен сөйлесу қажет.
Содан соң тәрбиеші балалардың сөйлеуінің дыбыстық жағын мақсатты түрде
тексеру жұмысын жүргізе бастайды. Логопед А.С.Фельдберг баланың өзі білетін
тақпағын оқыту барысында оның тілінің қарқын, сөйлеу кезіндегі дем алыс,
артикуляция және дикция, дауыспен жұмыс жүргізе алу, мәнерлілік, қалып,
мимика сияқты сапаларын ескеруді ұсынады. Осымен қатар дыбыстың айтылуы
бойынша арнайы тексеріс жүргізіледі, өйткені тақпақта барлық дыбыстар
болмауы мүмкін. Тексеру кезінде арнайы суреттерді қолдануға болады
(В.И.Рождественская, Е.И. Радина, М.Ф.Фомичеваның әдістемелері) [11].
Алғашқы апталарда-ақ тәрбиеші балалардың дыбысты қалай
қабылдайтындарын байқауы қажет, ол үшін күнделікті бақылаулар мен дыбыстық
зейінге бағытталған ойындар қолданылады. Жекелей тексеруді тәрбиеші өзіне
ыңғайлы уақытта, күніне 2-4 баладан тексеріп жүргізеді. Тексеріс нәтижелері
жеке дәптерге немесе кестеге жазылады. Меңгеруші немесе әдіскер
тәрбиешілерге тексеріс өткізіп, оның нәтижелерін қорытындылауға
көмектесулері қажет. Қанша (пайыз) баланың дыбысты дұрыс айту нормасынан
қалып қоятындығын анықтау керек. Қорытындыдан алынған мәліметтер тәрбиешіге
жалпы сол топтағы балалардың дыбыстық сөйлеу мәдениетінің жағдайын
анықтауға көмектеседі. Тілінде ауытқулары бар балалардың тізімі сол
ауытқулар қысқаша көрсетіліп, меңгерушіге ұсынылады.
Оқу жылы барысында (қаңтарда, мамырда) қосымша тексерулер жүргізіледі,
соның ішінде ең алдымен дыбысты қалай айтатындықтары тексеріледі. Жылдың
басында тексергенде дыбыстық сөйлеу мәдениетінде ауытқулары болған балалар
ғана тексеріледі. Алынған мәліметтер дәптерге немесе есепке алу кестесіне
тағы да жазылады. Меңгеруші немесе тәрбиеші - әдіскер бір жастағы топтардың
көрсеткіштерін салыстыра келіп, мейлінше көп кездескен нормадан
ауытқулардың болу себептерін анықтайды, алғашқыда алынған мәліметтермен
(өткен тоқсан, оқу жылының) салыстырады.
Дыбыстық сөйлеу мәдениетінің бірқатар міндеттерін шешу үшін (дыбысты
дұрыс айту, қарқын, дикция, мәнерлілік және т. б.) жұмыстың фронталды
формалары басты болып табылады. Олар әр түрлі болып келеді. Бұл алдымен
құрамына түрлі мазмұндағы жаттығулар енетін сабақтар.
Сабақтың құрылысы жалпы дидактикалық талаптарға бағынады: алдымен
балар үшін жаңа немесе қиын материал ұсынылады; жекелеген бөліктердің
мазмұны мен ұзақтығы ауысып отыру мүмкін және т.б. мұндай сабақтар айына 1-
2 рет өткізіледі. Бұдан басқа, жоғары топтарда, аптасына 2-3 рет дыбыс
мәдениеті бойынша жұмыстың негізгі мазмұнын түгелдей қамту үшін, басқа да
тіл сабақтарында жаттығу жұмыстары жүргізіліп отырады.
Дыбыс мәдениетіне тәрбиелеуде, сабақтардан басқа, фронтальды жұмыстың
басқа да құралдарының маңызы зор: мәтінді қозғалыс ойындары, дем алысқа
бағытталған ойындар, драматизация-ойындар, мерекелер, концерттер және т.б.
кіші және естияр топтарда бұл құралдар күн сайын кезекпен қолданылады. Олар
құрамында балалар көп топтармен мақсатты жұмыс жүргізуге көмектеседі;
тілінде ауытқулары бар балалармен жеке жұмыс жүргізе отырып, тәрбиеші
бағдарлама міндеттерін толықтай әрі дер кезінде шешеді.
Тәрбиеші балалардың тіліндегі ауытқуларды дұрыстау жұмысына ата-
аналарды да жұмылдыруы қажет. Үлкен ауытқу болған жағдайда тәрбиеші
логопедпен кеңес ұйымдастырады. Баланың кейде тілінің дамуында ауытқулары
бар балаларға арналған мамандандырылған логопедтік бала бақшаға баруы қажет
болады.
Дыбысты дұрыс айтуды қалыптастыра отырып, сөйлеу аппаратының жекелеген
органдарын, әсіресе ерін, бет, тіл бұлшықеттерін, жақ сүйегінің қозғалысын
үнемі жаттықтырып отыру қажет. Педагогикалық тәсілдер балаға артикуляциялық
қозғалыстар координациясын тезірек меңгеруге көмектеседі. Дыбыстар мен
сөздердің айтылуының тазалығы, айқындылығы осы қозғалыстардың дәлдігі мен
күшіне байланысты болады.
Баланың дыбысты айтуды меңгеруі дұрыс болып, жас ерекшелік
физиологиялық өзгерулерден дер кезінде өтіп отырған жағдайдың өзінде де
дыбысты дұрыс айту және дикция бойынша арнайы жұмыс қажет болады.
Сөйлеу апппараты бұлшықеттеріне арналған арнайы қозғалыс жаттығулары
ағзаның дұрыс дамуына қажетті жалпы жаттығулар сияқты қажет. Сондықтан
дыбысты дұрыс айту және дикция бойынша жұмыс балабақшада логопедтің жұмысы
сияқты қарастырылмауы керек. Мұндай жұмыс тек дыбыстарды айтуда ауытқулары
бар балалармен ғана емес, барлық балалармен жүргізілуі қажет. Тілінде
ауытқулары бар балалар үшін дыбыстарды айту және бекітудің логопедтік
жүйесі құрылған. Ол дұрыс дамып жатқан балаларға қолданылмайды.
Дыбыстарды дұрыс айтқызу сабақтары тіл жаттығулары рөлін де
атқаратындықтан, кез келген жаттығулар сияқты жүйелі болулары қажет. Мұндай
жаттығулар кіші топтарда күн сайын, ал жоғары топтарда ең кем дегенде
аптасына 3-4 рет (сабақта және сабақтан тыс) өткізіледі.
Балабақшада қолданылатын артикуляциялық жаттығулардың көпшілігі ойын
түрінде болады. Ойын құрылысы бір дыбысты немесе сөзді бірнеше рет
қайталауға мүмкіндік береді.
Дыбысты айтқызу бойынша жұмысты жүргізудің негізгі әдістері мыналар:
көрнекі материалдары бар дидактикалық немесе сөздік ойындар (Кімнің
үйшігі?, Дүкен); мәтінді қозғалыс ойындары (Каравай, Құлыншақай,
Поезд); дыбысқа еліктеуге бағытталған әңгімелер; арнайы таңдап алынған
тақпақтарды, ал жоғары топтарда жаңылтпаштарды жаттатқызу;
Осы арнайы әдістермен қатар балаларды дыбысты айтқызуға жаттықтыруға
(заттар мен суреттерге қарау, балардың жеке тәжірибесінен алынған
әңгімелер, серуен кезіндегі бақылаулар және т.б. кезінде) мүмкіндік беретін
басқа да әдістемелік тәсілдердің түрлері көп. Негізгі тәсілдер дұрыс айту
үлгілері, хормен және жекелей қайталау (әсіресе шағын топшаларда хормен
сөйлеу), нұсқаулар мен түсініктемелер болып табылады. Ішінара дұрыс
артикуляцияны көрсету де қолданылады.
Егер ойын сабақтан тыс уақытта өткізілсе және оған барлық балалар
қатыспаса, онда ойынға тек дыбыстарды нашар айтатын балалармен қатар
міндетті түрде жақсы және анық айтатын бірнеше балаларды да қатыстырған
дұрыс.
Тәрбиешінің бала тілінің интонациялық мәнерлілігіне әсер етуге
мүмкіндігі мол. Балаларға олардың күнделікті өмірінде қажетті болатын
интонацияларды тәрбиелеудің маңызы өте зор. Оларға қонақтарды қалай жылы
жүзбен қарсы алу, шақыру керектігін, жолдасынан бір жағдайға байланысты
достық көмек сұрау, баланы қалай басқалармен бірге ойнауға үгіттеу
керектігін көрсету қажет [12].
Белгілі бір шараны ұйымдастырғанда (қонақтарды шақыру, басқа топқа
бару) тәрбиеші балаларға қалай сөйлесу керектігін нақты, кей жағдайларда
әзілмен сұрақ түрінде ескертеді. Қуыршақтар кездесуі, Дүкен, Почта
сияқты ойындарда, экскурсия кезінде тек сыпайы қаратпа сөздер ғана емес,
сонымен қатар олардың дыбыстық формасы да (Тәрбиеші кітапханаға барардың
алдында Ақырын, сыпайы амандасыңдар деп ескертеді де, кітапхана
қызметкерінен Сіздерге бөгет жасаған жоқпыз ба? деп мазалағандары үшін
кешірім сұрайды) бекітіледі.
Мәтіні, әсіресе фольклорлық мәтін, ерекше интонациямен айтылатын
бірқатар ойындар бар: Ладушки, Идет коза рогатая.
Кей кездері тәрбиеші тек мәтінді оқып қана қоймай, тыңдаушыларға
интонацияның бар байлығын жеткізу үшін оны қалай айту керектігін де
түсіндірілуі қажет. Мысалы, Тауып көр ойынында сұрақ, салыстыру
интонациясы айтылу қажет:
- Сәлеметсіздер ме, балалар,
Сендер қай жерлерде болдыңдар,
Не көрдіңдер?
- Не көргенімізді айтпаймыз,
Не істегенімізді көрсетеміз.
Күнделікті еңбек нәтижесінде жұмсақ, жылы, сыпайы сөйлеуге тәрбиелеу
мәселесі де шешіледі. Барлық сабақтарда тәрбиеші жауап беріп жатқан баланың
тыңдаушыларға қарау, тыныш тұруын қадағалап, оның неліктен маңызды екенін
түсіндіреді. Кіші топтарда ойыншық қажетті қимылдар жасайтын ойын
жаттығуларын қолдануға болады: сілтегіш таяқшаны дұрыс ұстайды, суретке
қырынан қарап тұрады, суреттегі кескінді дауыстап айтады және т.б.
Сөйлеу кезінде баланың өзін - өзі ұстау мәдениеті туралы қоғамдық
орындарда (көлікте, қонақта т.б.) өзін - өзі ұстау нормаларына назар
аудартқызып, ата – аналар жиналысында хабарлама жасаудың маңызы зор.
Дыбыстық мәнерліліктің (ырғақ, интонация, логикалық екпін және т.б.)
түрлі құралдарын меңгеруде балаларға тақпақ айту және көркем прозалық
шығармалардың мазмұнын айтқызудың маңызы өте зор. Педагог әдістелелік
тәсілдер көмегімен балаларды шығарма мазмұнына сәйкес мәнерлілік құралдарын
өз еркімен таңдап алуға үйрету қажет.
Тәрбиеші тіл мәнерлігін қалыптастырудың түрлі тәсілдерін қолданады. Әр
баланы оқу кезінде өз сезімін білдіре алуға үйрету үшін шығарманы мәнерлеп
оқу үлгісі қолданылады; баланың есінде тек сәйкес оқиға мен сол кезде
басынан кешкен сезімін ойға алатын өмірдегі ұқсас жағдайды еске түсіру;
мәнерлеп оқу формасын түсіндіру және нұсқау беру; баланың мәнерлеп оқуынан
мысал келтіру; оқуын бағалау. Сондай – ақ тәрбиешінің басқа да арнайы
тәсілдері болады. Жоғары топтарда балалардың шығармашылықта қолдануларына
бағытталған тәсілдер көбірек пайдаланылады. Тәрбиеші балалармен бірге
кейіпкерге қарапайым сипаттама береді, бұл қажетті интонацияларды
іздестіруге көмектеседі (Түлкі айлакер, жұмсақ сөйлейді, бірақ ол мұны
өтірік істейді). Сөйлеудің мәнерлілігіне назар аударуға тәрбиешінің қойған
сұрақтары көмектеседі: Қалай айту керек? Неге бұлай? Басқаша қалай айтуға
болады?
Бұл орайда формасы бойынша көмек беретін сұрақтарды қолдану дұрыс деп
саналады, мысалы: Мен ертегіні қалай айттым, ақырын ба әлде тез бе? Табуға
болады, мен Аю үшін сөйлегенде ме, әлде Маша үшін сөйлегенде ме?.
Бала бақша тәжірибесінде сөйлеудің мәнерлілігін қалыптастыру үшін
сөздік жаттығулар мен тапсырмалар тәсілін кеңінен қолдану қажет. Ол үшін
балалар назар аударатындай етіп, әсіресе балалар логикалық екпінді дұрыс
қоймаған кезде, дауыс ырғағы мен күшін дұрыс ауыстырмаған кезде шығармадан
белгілі бір жолдарды хормен немесе жеке қайталауға болады.
Өте тиімді тәсіл – бірнеше жақтан оқу (рөлмен оқу). Ол үшін
тәрбиешінің қысқа өлеңдерді, сықақтарды кеңінен қолдануы қажет, мысалы:
Аяқтар, аяқтар сендер қайда болдыңдар? - Саңырауқұлақ теруге орманға
бардық. Шағын формалар есте тез сақталады және балаларға оқу үшін сүйікті
шығарманы өздері таңдап алуға мүмкіндік береді. Оларды сабақта да,
сабақтан тыс уақытта да жаттауға болады.
Прозалық шығармалардың мазмұнын айтқан кезде рөлдермен оқу тәсілі,
егер онда төл сөз болса, сондай – ақ ойын – драматизация, сахналандырылған
мазмұнын айту (ойыншық, кескіндерді қолданып) сияқты арнайы тәсілдер де
қолданылады [13 ].
Пайдалы ынталандыру тәсілі жаттау немесе оқудың жеке мақсаты болып
табылады (балдырғандар алдында сөз сөйлеу үшін, мерекеде, анасына, әжесіне
сыйлық үшін ). Көпшілік алдында оқу баланың күшін арттырады, барынша жақсы,
мейлінше оқуға итермелейді.
Оқу мен мазмұнын айтудың мәнерлілігін қалыптастыру тәсілдері әр түрлі.
Ереже бойынша бір сабақта бірнеше тәсілдер бір мезгілде қолданылады.
Дыбысты дұрыс ести алу қабілеті және сөйлеу кезінде дем алуды
қалыптастырудың маңызы өте зор. Баланың сөйлеуді қабылдауы – кең ұғым. Оған
сөздерді естуге назар аудару және түсіну қабілеті, сөйлеудің түрлі
сапаларын қабылдап, айыра алу: тембр (Дауысынан анықта, сені кім шақырды?),
мәнерлілік құралы (Тыңда да тауып ал, аю қорықты ма әлде қуанды ма?).
Дамыған сөйлеуді қабылдауға жақсы фонемалық дыбысты қабылдау жатады,
яғни ана тілінің барлық дыбыстарын айыра білу – айтылуы ұқсас сөздердің
мағынасын ажырата білу (уточка – удочка, дом - дым). Зерттеу мәліметтерінен
балаларды сауаттылыққа үйретуге дейін сөздің дыбыстық құрамы туралы алғашқы
ұғымдар беру, айтылып жатқан сөзге қызығушылықты дамыту дұрыс екендігін
көруге болады.
Дыбысты дұрыс ести алу қабілетін қалыптастыру жұмысы барлық жастағы
топтарда жүргізіледі. Дыбысты дұрыс ести алуды дамыту, яғни дыбысты дұрыс
естіп, оны шыққан жерімен теңестіру үшін дидактикалық ойындардың маңызы өте
зор.
Кіші топтарда осы ойындарды ойнаған кезде, балалар дыбыстың күші мен
сипатын айыра алуды үйрену үшін сабақта музыкалық аспаптар, дыбысталатын
ойыншықтар қолданылады. Мысалы, Күннің көзі ме әлде жаңбыр ма?ойынында
балалар тәрбиеші қоңырауды сылдырлатқанда жайбарақат қыдырып жүреді, ал
қоңырауды сартылдатқанда (күн күркірегендей етіп) үйге кіреді; Не істеу
керектігін тап ойынында қоңыраудың қатты дыбысы кезінде балалар
жалаушаларды желбіретеді, ал ақырын дыбысталғанда жалаушаларды төмен
түсіреді. Қай жерде сыңғырлатты, Немен ойнап жатқанын тап, Петрушка
ширманың артында не істеп жатыр?.
Жоғары топтарда дыбысты қабылдау аталған ойындар кезінде ғана емес,
сондай – ақ радиобағдарлама, үнтаспа жазбаларын т.б. тыңдау кезінде де
дамиды; Кім көп естиді?, Бөлме не туралы айтады? жаттығуларына
айналдыра отыра, қысқа мерзімді тыныштық сәттері жиі қолдану қажет. Бұл
жаттығулар кезінде жекелеген балаларға өздерінің естігендерін (краннан су
тамшылап жатыр т.б.) дыбыс арқылы жеткізуді сұрауға болады.

1.2 Естияр топтағы балалардың сөйлеу дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу

Естияр топтарда сөйлеудің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу балалардың
сәбилер тобында алған дағдылары ескеріле отырып жүргізіледі. 5 жасқа
толғанда балалардың көпшілігінде (топтардағы жүйелі және жоспарлы сабақтар
кезінде) ана тілі дыбыстарын меңгеру үрдісі аяқталады.
Осы жаста педагог балаларды ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс, анық
айтуға үйретеді (күрделі дыбыстарға баса назар аудара отырып:
– (л), (р) дыбыстарына);
– сөздер мен фразаларды анық айтуға;
– сөйлеудің біркелкі ырғағын, мәнерліліктің интонациялық құралдарын
қолдануға үйретеді;
– фонеманы қабылдауын, сөйлеу кезіндегі дем алысын дамытады;
– артикуляциялық және дыбыстық аппараттар жұмысын жетілдіреді.
Осылайша сөйлеудің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу міндеті тек дыбысты
дұрыс айтумен шектелмейді, сөйлеудің барлық қырын қамтиды.
Естияр топ балаларында сөйлеудің дыбыстық мәдениетінің түрлі
қырларының қалай қалыптасып жатқандығын қарастырайық.
Осы жастағы балалардың артикуляциялық аппараты бұлшықеттерінің
қозғалысқа биімділігі оларға қиын дыбыстарды дұрыс айтуға жағдай жасайтын
тілмен, ерінмен мейлінше дәл қозғалыстар жасауға мүмкіндік береді. [14]
Осы жаста балалардың дыбысты дұрыс айту жағы едәуір жақсарады:
дауыссыздардың жұмсаруы, күрделі сөздерде дыбыстар мен буындарды тастап
кету толығымен жойылады.Тәрбиеленушілердің көпшілігі жыл соңына қарай ызың
дыбыстарды, (л), (р) дыбыстарын дұрыс айтуды меңгереді, буын құрамын толық
сақтай отыра күрделі сөздерді анық айтады.
Кейбір балаларда осы жаста дыбысты айтудағы кемшілігі дыбыстардың
белгілі бір топтарын (мысалы, ызың дыбыстарды) дұрыс айтпаудан көрінеді,
яғни бір сөздерде дыбыс дұрыс дыбысталғанда, ал енді бір сөздерде қате
дыбысталғанда; жеке сөздерді, әсіресе күрделі сөздерді, анық айтпағанда.
Балалар дауыссыздардың белгілі тобы кездесетін сөздердегі дыбыстарды айтуға
қиналады, мысалы (л), (р) дыбыстарын бір мезгілде. Осылайша, мысалы:
Женщина сушила шубу на солнышке мектепке дейінгі орта жастағы балалар
Женщина шушила шубу на шолнышке немесе Зенсина сусила субу на соныске
деп аутуы мүмкін, мынадай нұсқа да бар: Женщина шушила шубу на солныске.
Мұндай айту кейбір балаларда белгілі бір дыбыстар әлі бекітілмеген немесе
олардың әлі ол дыбыстарды айтқанда анық ажырата алмауларымен байланысты.
Әдетте үйрету кезінде дыбыстарды айтудағы мұндай ауытқулар уақыт өткен
сайын жойылады [15].
Жоғарыда аталғандай, дыбыстарды дұрыс айтуды меңгеру барлық балаларда
бірдей бола бермейді. Мектепке дейінгі жастағы кейбір балалар ұзақ уақыт
аралығында артикуляциялық жағынан қиын дыбыстарды қарапайым дыбыстармен
алмастырып айтуды жалғастыра береді. Бес жасқа дейін дыбыстарды дұрыс
айтпау заңды құбылыс болып табылады. Бірақ мұндай тілдік ауытқулар мектепке
дейінгі жоғары жаста кездессе, арнайы логопедтің көмегі қажет.
Дыбысты дұрыс айтуды қалыптастыру фонемалық қабылдауды дамытумен тығыз
байланысты. Жақсы дамыған фонемалық қабылдау қабілеті – дыбыстарды дер
кезінде әрі дұрыс меңгерудің қажетті шарты. Жақсы еститін, тіл дыбыстарын
(фонемаларды) дұрыс қабылдайтын және күшті қозғалатын артикуляциялық
аппараты бар балалар дыбыстарды меңгеруде қиындыққа тап болмайды. Фонемалық
қабылдаудың қалыптасқандығының тек дыбыстарды, дикцияны, дұрыс меңгеруде
ғана емес, сондай – ақ балаларды сауаттылыққа үйретуде маңызы зор.
Балалар 5 жасында сөздегі белгілі бір дыбысты естіп тани және
берілген дыбысқа сөздер таба алады. Мұндай жағдай тек алдыңғы топтарда
сәйкес жұмыс жүргізілгенде ғана мүмкін болады. Арнайы алдын – ала
дайындықсыз балалардың көпшілігі мұндай тапсырмаларды орындай алмайды.
Сондықтан екінші кіші топтың өзінде, сондай – ақ оқу жылының басында естияр
топта балаларды дыбыс ұғымымен таныстыру керек.
Осы жаста сөздің дыбыстық жағына деген қызығушылықтың артуы
балалардың сөзге мән беруі, олардың айтылуындағы ұқсастықтарды табуға
тырысуы (олар өздері дыбысталуы бойынша ұқсас сөздерді табуға қабілетті
болып келеді), дыбысты интонациямен бөлу кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Естияр тобы балаларының музыкалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға арналған жаттығулар
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу
Тіл дыбыстарын сәбилер тобына дұрыс айтуға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеудің теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері
Ерте балалық шақтағы баланы түрлі ойындар арқылы бала тілін дамыту
Балалар шағымдары
Тәрбиешінің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар
Пәндер