Оқушылардың ұжымын қалыптастыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Оқу - тәрбие үрдісінде балалар ұжымы қалыптасуын педагогикалық - психологиялық негіздері
1. 1 Ұжым. Ұжым түрлері. Ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің рөлі. 5
1. 2 Тұлғаны ұжымда тәрбиелеуде психологиялық заңдылықтары. 20
1. 3 Ұжым және жеке тұлға 27
2 Балалар ұжымының қалыптасу деңгейін анықтау әдістерін қолданудың мәні.
2. 1 Ұжымның қалыптасу деңгейін анықтау әдістері 30
2. 2 Коллективтің қалыптасу процесі . 37
3 Ұжымның деңгейің жетілдіру жолдар.
3. 1 Оқушылардың ұжымын қалыптастыру.
3. 2 Эксперементтің нәтижелері.
Қорытынды. 44
Пайдаланылған әдебиеттер 62
Қосымшалар
Кiрiспе
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа топтармен, адамдармен қарым - қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы адамдардың топтары болуы мүмкін. Ал ұстаздар мен оқушылар белгілі бір мезгіл ішінде мақсат - мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады. Бұл топтағы оқушылар топ ішіндегі әлеуметтік - психологиялық жағдайды мақсат етіп, қарым қатынасқа түседі. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі - ұжым. Ұжым деген ұғым ой - пікірі, көзқарасы, тілек - ниеті бір бағыттағы адамдар бірлестігі дегенді білдіреді. Ұжым мүшелерінің мақсат бірлігі олардың өзара қарым - қатынасының негізі болып саналады. Ұжымның түпкі мақсаты - адамдардың игілікті мұрат - мүдделеріне сәйкес істерді атқарып, қоғамның дамуына өз үлесін қосу. Ұжым - топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан формасы, мұндағы қарым - қатынас жалпы мақсатты іс - әрекеттер арқылы жүзеге асып, әрбір адамның қоғамдық мақсат - мүддесімен ұштасып жатады.
Ұжымдық қарым - қатынастың негізгі обьектісі - адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл - күйі, болашақ мақсат - мүддесі әлеуметтік психологияда өзекті жайт ретінде дара түрде қарастырылады. Бұл мәселелердің барлығы ұжымдық мүдде деп саналады. Әлеуметтік психологияда түрлі психологиялық феномендерді түсінуге қажетті ортақ теориялық негіз жоқ. Әлеуметтік психологияның өкілдері кез - келген әлеуметтік топты сырттай байланысқан және өзара әрекеттесетін жеке адамның механикалық агрегаты ретінде көруге дайын. Әлеуметтік міндеттердің қалыптасу заңдылықтары жайлы көзқарастарының эволюциясы салдарынан ұжым психологиясы пайда болуы оның қалыптасу заңдылықтарын зерттеуге А. С. Макаренко үлкенүлесқосты. Ол ұжымдасудың маңызды сипаты ретінде бірлескен әлеуметтік - позитивтік іс - әрекетті қарастырады.
Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің бір - бірімен «ұштасып», «бір женнең қол», « бір жағадан бас» шығаратындай халге жетуі, топтың психологиялық ахуалының арнауы, дамудың биік деңгейіне көтерілу - ұжымның басты белгісі. Кез келген топтың көп жағдайда ұжым деңгейіне көтеріле алмайтыны да көбінесе осындай топта келеңсіз жағдайлардың орын тебуінен туындайды. Осы жөнінде Н. К. Крупская өзінің бір мақаласында : “Осы заманға тәрбиенің, осы заманғы міндеттердің бірі - балаларды ұжымды түрде жұмыс істеуге және өмір сүруге үйрету”- деп жазды. Әр адам топта қандай болмасын белгілі бір рөль атқарады. Адамның топқа ықпал ету дәрежесі оның жеке басының қасиеттеріне тәуелді. Орамды ақы терең сезім, күшті ерік - жігер, қажыр -қайрат, қабілеттілік осының бәрі ұжым игілігіне айналса, кісінің рухани өмірі бай болса, ел соғұрлым топ ішіне тез сіңіп беделі де жоғары болады. Ал, адам өзін ұжымнан жоғары қайса, әсіресе оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы төмендеп, бара - бар беделінен айырылатын болады. Жерден жұлып алынып, құнарсыз құмға тасталған өсімдіктің өмір сүруі мүмкін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес”деген А. Толстой Сондықтан да адамның жеке басының психологиясын ұғыну, үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай топтың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс - тәжірибесін білуіміз қажет әлеуметшіліксіз дейді Х. Досмұханбетов - қазақта ұлт тіршілігі, ұл мемлекетті болуға мүмкін емес. Онда әлуметшілік құру үшін елдің өткен -кеткен жұмысын бұрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек”
Ұжымдық іс-әрекет жөнінде В. Шаталов “Ілім ұжымдық үрдіс деп өзіндік іс-тәжірибесін ұсына отырып, автор “ тірек сигналдарын” құрастыруда өзара көмек әдістерін оқушылардың ұжымдық әрекетін өзіндік формасы деп таныды . Қазіргі кезеді А. С. Макаренко идеясын дамытуда И. П. Ивановтың “ Комунар әдісі” әсер етеді.
Бұл әдістің мәні ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру осы мәселе жұмыс болса да жеңіл атқарылады. Топтағылардың бір-бірімен үйлесімділігі жарасса, яғни брінің қылығы екіншісіне ұнайтын болса, олар бір-бірінің мінез-құлқын, қарым-қатынасын жатырқамай дұрыс қабылдаса онда психологиялық үйлесімнің болғаны. Бұл - ұжымдағы артық істің табысты болуына ондағылардың өз қызметінен рахат, ләззат алуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін психолгиялық жағдай. Тату - тәтті өмір сүретін ұжымда ұрыс-керіс болмайды, шығармашылық іске, білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ануал орнайды, қолайлы жағдай жасалады.
Зерттеу мақсаты: Балалар ұжымының қалыптасу деңгейін анықтау
Зерттеу міндеті : 1. Зерттеу тақырыбына сай ғылыми- теориялық
әдіснамалық әдістерді талдау сарлау.
2. Ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің рөлін анықтау
3. Ұжым мен жеке тұлғаның үйлесімді байланысын
белгілеу.
Зерттеу нысаны: Ұжымның даму үрдісі
Зерттеу пәні : Оқушылар ұжымын зерттеу, қалыптастыру әдістері.
Зерттеу болжамы : Егер ұжымның даму деңгейін дұрыс қалыптасып және
ондағы психологиялық ахуал жетілдірілсе, онда сыныптағы балалар жақсы қарым-қатынаста болар еді.
1ОҚУ -ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ БАЛАЛАР ҰЖЫМЫ ҚАЛЫПТАСУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ұжым. Ұжым түрлері. Ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің рөлі.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас психолгиясы.
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір мерзім ішінде мақсат-мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады. Бұл топтағы шікірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік- психологиялық жағдайды мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым-қатынасқа түседі. Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы білімділік пен дағдаларды талап етеді. Ондағы мақсат- әр адамның әлеуметтік орнын, қоғамдық мәнін білу. Жеке адамның әлеуметтік орнын, қоғамдық мәнін білу . Жеке адамның өзі де - қоғам мүшесі әрі әлеуметтік тұлға. Сондықтан, оның өмір- тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады. [4. б. 13-14]
Шартты және байланысты топтар- әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдардың, мысалы, жас ерекшеліктеріне, жынысына, ұлттық белгісіне не мамандығына т. б. сәйкес бөлінуі мүмкін. Дегенмен, олар белгілі бір ерекшеліктеріне орай осы топқа қатынаста тұрады. Шартты топқа, мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар жатады деп есептеліп, сол жастағы бірнеше бала іріктеп алынып зерттеледі. Мұндай зерттеу әлеуметтік психологияның объектісіне жатады.
Байланысты топ- белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат-мүдделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір сыныптағы оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар бригадасы, әскери бөлімдер, отбасының құрамы -мұның бәрі байланысты топтар деп аталады. Әлеуметтік психология үшін бұл топтардың маңызы ерекше. Отбасы -адамдардың алғашқы табиғи тобы. Сол топтардан рулар қалыптасты. Бірлесіп еңбектену нәтижесінде адамдар кооперациялар құрды. Ал кооперациялар адамдардың шын мәнісіндегі еңбек тобы болып саналады.
Байланысты топқа адамдар белгілі бір жағдайда бірігіп, ресми емес топ құрайды. Мысалы, пойыз ішіндегі бір купеде еле жатқан жолаушылар біршама уақыт өткен соң өзара тіл табысып, станцияларда бірі қажетті нәрселер сатып әкеледі, енді бірі өзгелерді сөзге айналдырады, қалжың әңгімелер айтып, қасындағыларды көңілдіреді. Сөйтіп, кездейсоқ адамдар тобы арасында қарым-қатынас орнайды. Әдетте, мұндай топ өз арасындағы біреуді басшы тұтып, қалғандары оның айтқандағы біреуді басшы тұтып, қалғандары оның айтқандарын тыңдайды. Өздерінше ішкі топ болып бірігуі олардың еркінен тыс сыртқы факторларға байланысты. Ұйымдасқан осындай бір топ сыртқы арқылы бірігеді. Бұған әскери бөлімдерді жатқызуға болады. Кейде ресми және бейресми топтар бірін - бірі толықтырады. Мәселен, өнеркәсіп саласындағы өндіріс бригадасының ұйымдасып еңбектенуі, ресми топтағы қожалық шаруашылығы, фермерлер, және жеке меншіктік ретінде құрылған өндіріс бірлестігі осыған мысал бола алады.
Топтар басшысыз не жетекшісіз болмайды. Кез - келген топтың сайлап плған, не белгілеп қойған басшысы болады. Әдетте, топ алға қойылған мақсат - мүдделерін жүзеге асыру үшін ынтымақты болып, сайланған басшының жетекшілігімен әралуан істерді атқарады. Топ мүшелері істерінің нәтижелі болуы жетекшіге байланысты. Тәжірибелі ұстацз, тәлімгер мен тәрбиеші сынып ішіндегі топтарды қозғаушы күш етіп тәрбиелеп, оларды пайдалы істерді орындауға бағдарлап отырады
Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түреі - ұжым. Оның шығу тегі - отбасы. Отбасы - белгілі бір тайпаның не рудың негізгі бөлшегі. Адамдардың әлеументік өмірінің тірегі де - осы отбасы. . Ұрылар мен гангстерлердің бандасы да - топ. Бірақ, олар ұжым емес. Олардың ұйымдасуының ішкі және сыртқы мақсаттары - жеке бастың қамы, қара ниет құлқы мен қоғамға деген зиянкестік әрекеттер.
Адамдардың ұйымдасқан тобы - ұжымның түпкі мақсаты - адамдардың игілікті мұрат - мүдделеріне сәйкес істерді атқарып, қоғамның дамуына өз үлесін қосу. Ғылыми тұрғыдан алғанда, әрбір жеке адам өз қауымдастығында ерікті болғанда ғана пайдалы істермен шұғылдана алады. Сөйтіп, қоғамға өз пайдасын тигізеді. [4. б. 15]
Топтағы адамдардың өзара қарым - қатынас түрлері.
Әлеументік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым - қатынасының сыр - сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір - біріне тәуелділігі, бағынуы, бірлесіп атқаратын істері, өзара көмектесуі - олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қадыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың арасындағы қарым - қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеументтік жағдайларға және әрбір азаматтың дарадық нақты іс - әрекеттеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе - адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеументтік мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей қарым - қатынас бір - бірін ұнатып, қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым - қатынас олардың бағалы заттарды өзара алмасуы мен бірінің ісіе бірі бағалау нәтижесінде қалыптасады. Мұндай қатынас негізінен ұжымдық сипат алады.
Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлі өзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап көрсетіп, олардың мынадай деңгейлерде қалыптассып отыратындығына мән береді: а) диффузиялық топ - бұл аралас топ деп те аталады, мұндай топтағы адамдардың өзара қарым - қатынаы топтың негізгі іс - әрекетіне байланыссыз - ақ жүзеге асады; ә) ассоциация- бұл күрделі топ, топтың іс әрекеті әрбір адамның мүддесіне сай келетін болғандықтан, топтар ішіндегі қарым - қатынас жандана бермек; б) корпорация, мұнда де жеке мүдделерге сәйкес қатынас ассоциациялық негізде дами бермек; в) ұжым - топтың ең жоғары деңгейде ұйыидасқан формасы, мұнда топ ішіндегі қарым - қатынас жалпы мақсатты іс - әрекеттер арқылы жүзеге асып, әр бір адамның қоғамдық мақсат - мүддесімен ұштасып жатады. [35. Б. 26-30]
Ұжымдық қарым - қатынас жасаудың негізгі обьектісі - адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл - күйі сергектігі, болашақ мақсат - мүддесі әлеуметтік психологияда өзекті жайт ретінде дара түрді қарастырылады. Бұл мәселелердің бәрі ұжымдық мүдде деп саналады.
Тәрбиелеу обьектісі ретінде әдетте жеке баладан гөрі, әр түрлі сипаттар бойынша біріктірілген балалардың әр түрлі топтары қарастырылады. Адам тұлға ретінде топта қалыптасады, топ ішіндегі қатынастарды тікелей көрсететін амалданған көрсеткіш. Тұлға үшін топтың маңыздылығы мынада: топ - белгілі бір әрекеттер жүйесі. Топтың өзі белгілі бір әрекет түрінің субьектісі болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың жүйесіне енеді.
Топ ұғымының шығуы күрделі . Европада бұл сөз ғасырдың аяғынан кейін пайда болды. Дәл осы кезде француз суретшілері италиядан техникалық терминді отанына «әкеледі».
Қазіргі уақытта бұл «техникалық» ағым толығымен ысырылып, топ ғ ұғымы психологияда берік бекітіледі. Алайда бұл құбылыстың күрделілігі мен бір мағыналы болуы соншылықты, оған бір мағыналы анықтаманы ешкім бермеді, сипаттардың бірқатарын атаумен шектелді. Топты төмендігідей сипаттағы жеке адамдардың жиналысы құрайды деп санады: а) біріменбірі жиі қатынас жасайтын; ә) здерін бір топтың мүшелері деп санайтын; б) өздерінің қызығушылықтары бойынша жалпы нормаларды бөлісетін; в) рөлдер бөлісінің бірдей жүйесіне қатысатын; г) бірдей обьектілер метн және идеалдармен өзін теңестіретің; д) топты қанағаттанудың қайнар бұлағы ретінде қабылдайтын; е) кооперативтік өзара байланыста болатын; ж) өздерін біртұтас сезінетін; з) өздеріне қатысты іс - әрекеттерді реттейтін. Бұл тізімнің кеңеюі мүмкін және бұл параметрлер саны шексіздікке ұмтылады. Топқа неғұрлым қатаң психологиялық анықтама беру жайлы айтатын болсақ, онда юелгілі бір сиапттамалар негізінде әлеуметтік біртұтастықтан бөлініп шығатын шамасы шектелген бұл жалпыламалық болып табылады. Топтарды өлшемі бойынша былайша бөлк кең таралған: үлкен, шағын топтар. Үлкентоптар шынайы және шартты болып бөлінуі мүмкін. Шынайы топтар дегеніміз - белгілі бір іс- әрекетке түсетін күрделі түрде ұйымдасқан дамадар тобы (мектеп ұжымы, зауыт ұжымы және т. б. ) . Шартты топтар бір бірімен тікелей не жанама обьективтік арақатынас жасамайтын субьектілерден тұрады. Олардың әлекметтік және психологиялық сипаттамалары ортақ болады (ұлттыұ, жас шамасы, жыныстық және т. б. ) Үлкен шартты топтарды зерттеу олардың мүшелерінің дамуын болжауға және оларға қатысты өзінің стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.
Шағын топтар бұл ортақ мақсаттармен немесе міндеттермен біріктірілген, әлдеқашанда тікелей қатынас жасайтын жеке адамдар. Ішкі құрылысының қарапайымдылығы шағын топтың ерекшелігі болып табылады. Шағын топта, әдетте, беделді лидер немесе беделді жетекші болады. Топ мүшелерінің арақатынасын реттеуші ұйымның сипатына байланысты топтпрды бөле отырып ресми емес ұйымын адамдардың психологиялық арақатынасы қалыптастыратын ішкі құрылымының сырттан берілетінін болжайды, ал топтың ресми емес ұйымын адамдардың психологиялық арақатынасы қалыптастыратын ішкі құрылымдық ерекшеліктер реттейді. Бұл топтарды мынау сипаттайды: олардағы арақатынастар топтық іс- әрекеттің мазмұнына байланысты болмай, симпатия - антипатияның тікелей қатынастарына ғана байланысты болады. Мұндай бірлестіктер әдетте ерікті уақытша болып, көзқарастардың ұқсастығымен айқындалады (экскурсия, лабораториялық зерттеуге қатысушы адамдар тобы; емтихан тапсырушы талапкерлер) . Қоғам мұндай бірлестіктердің тіршілік етуіне рұқсат бергендіктен, мндай топтарға ресми жақтардың болуы мүмкін.
Педагогтың, зерттеушінің алдына қойылған міндеттер арасындағы қатынастардың жақындық дәрежесіне байланысты бірініші (жанұя, жақын достар) және екінші (оқулық, өндірістік байланыстар) ; топқа қатысушылардың құықтарына байланысты- бірдей (топтың -барлық мүшелерінің құқықтары тең болады) және бірдей емес (құықтар мен міндеттердің белгілі бір иерархиясы болады) ; көзқарастарды, қатынастарды қаламаса да жеке адам белгілі бір жағдайларға ғана байланысты қатысады) және референттік топтар жеке адам үшін эталон мінез - құлық үлгісі болатын. Шетел зерттеушілері шағын топқа ерекше назар аударған. М. Г. Ярошевский бұл қызығушылықтың бастауы деп адам іс - әрекеттерінің бөлінуінің күшеюі салдарынан жалпы қоғам өмірінің күрделенуі, қоғамдық ағзының күрделенуін біледі. Адам өмірінде шағын топтардың рөлі обьективтік көтерілуде, өйткені топталып шешім қабылдау қажеттілігі өсуде.
Алайда, жалған әдістемелік ұстанымдар шетел психологтарын шағын топтардың мағынасын қайта бағалауға әкелді. «адамфакторын», «адам қатынастарын» ондаған университеттер арнайы институттар және лабораториялар зерттеді. Шағын топты психологиялық феномен ретінде қарастырды. Ғылымдардың пікірі бойынша, бұл феноменді зерттеу тұлғаның қаоыптасу заңдарын ғана есем, сонымен қатар қоғамның даму заңдарын да түсіндіуге мүмкіндік берді. Шағын топтардың тұтастығы, топ ішіндегі байланыстарды үзуге бағытталған күштерге қарсы әсер етуші олардың құрылымының тұрақтылығы, топтың іс-әрекетінің нәтижелілігі және оның жетекшілік үлгісімен, мөлшерден тәуелділігі, тұлғаның топтан тәуелсіз болуы, сондай-ақ тұлғааралық қатынастардың басқа мәселелері - эксперименталдық зерттеулердің тақырыбы болады және әлеуметтік психологияның арнайы бөлімін -топ динамикасын зерттеуді құрды. Қазіргі уақытта батыс психологиясында көптеген қайшылықтар бар: шағын топқа анықтама беру әлі талқылануда, сондай- ақ шағын топтың сандық параметрлері, оның төменгі және жоғарғы шектеулері туралы мәселе, топтық үрдістер ауқымды мәселесі. АҚШ психологтары бұл дағдарысты құбылыстарға көптеген түсініктемелер беруде: лабороториялық әлеуметтік-психологиялық эксперименттердің мәліметттері қоғамдық өмірдің шынайы айғақтарына сәйкес келмейді; жеткілікті ғылыми мағлұматтары болмай тұрып тәжірибелік мәселелерді шешуге бел байлайтын зертттеушілердің кәсіби құзырлығының болмауы; және т. б. Алайда, батыстағыәлеуметтік-психологияның қарқынды дамуының зардаптарының негізгі себебі оның әдістемелік әлсіздігінде жатыр. [14б. 13]
Американдық әлеуметтік психологияда әр түрлі әлеуметтік психолгиялық феномендерді түсінуге қажетті ортақ теориялық негіз жоқ. Әр түрлі топтағы адамдардың мінез-құлық заңдылықтары механикалық тәуелділікке тіреледі. : топ «қысады» ал топтың мүшелері топ қысымына бағынады немесе бағынбайды; керісінше, оларды өз ортасынан шығарып тастайды, егер топ ішіндегі байланыстар көбейсе, онда топ жұмыла түседі, азаяды және үзіледі. Американдық әлеуметтік психологияның өкілдері кез келген әлеуметтік топты сырттай байланысқан және өзара әрекеттесетін жеке адамдардың механикалық агрегаты ретінде көруге даын.
Бұл кемшіліктер экспериментальдық зерттеулердің құрылысынан анық көрінеді. Әдетте зерттеу объектісі ретінде кездейсоқ адамдардың тобы пайдаланылады. Эксперимент шарттары топтың тұлғаға таза механикалық әсер етуін бақылау қарастырған.
Әлеуметтік міндеттердің қалыптасу заңдылықтары жайлы көзқарастардың эволюциясы салдарынан ұжым психологиясы пайда болды. [15, б 1б]
Ұжымның қалыптасу заңдылықтарын зерттеуге А. С. Макаренко үлкен үлес қосты. Ол ұжымдасудың маңызды сипаты ретінде бірлескен әлеуметтік- позитивтік іс-әрекетті қарастырды. Егер ұжым қоғамға пайдалы іс-әрекеттің міндеттерін орындайтын адамдарды біріктірсе ғана оның болуы мүмкін. А. С. Макаренко ұжымды нақтырақ былай сипаттайды: ортақ әрекетпен, ортақ мақсатпн біріккен және басқару, тәртіп, жауапкершілік органдары бар еңбекшілердің ерікті тобы. А. С. Макаренко жасаған ұжымның даму кезеңдері:
-ұжымды қажет ететін қоғамдық маңызды мақсаттардың дамуы;
-тұлғаның дамуына сәйкес келетін атмосфераны жасау;
-арақатынастар нормалары;
-ұжым ішіндегі әрекет қоғамдағы бар үлгілерге сәйкес жасалады.
Сонымен, іс-әрекет принципі А. С. Макаренко жүйесінде, біріншіден, өзі жасаған тәрбиелеуші ұжымның психологиялық-педагогикалық жобасының орталық бөлімі, екіншіден -бұл жобаны шындыққа айналдыруды ұйымдастырудың бастауы болды. 60 -жылдардағы ғылыми-техникалық алға басушылық талаптары ұжымдар өмірінің әлеуметтік-психологиялық мәселесін зерттеуге себеп болды: өндірістік, ғылыми, мектеп, әскери сондай-ақ басқа белгілі әлеуметтік сипатпен біріккен бірлестіктері. Бұл салада жұмыс істейтін авторлардың көпшілігі ұжымды шағын топтың белгілі бірі ретінде қарастырады.
Алайда, 70-жылдардың басында ұжым мағынасын әлеуметтік тұрғыдан дұрыс түсіну өздігінен көптеген нақты психологиялық мәселелерді шеше алмайды. Ұжымдағы тұлғааралық қатынастардың ғылыми түсініктерінің әлеуметтік -психологиялық мәселесі әдістемелік проблемаға айналды: ұжымдағы тұлғаны және ұжымдардың зертеудің ұқсас экспериментальдық әдістермелерін жасау және пайдалану қажеттілігі мойындалды. Экспериментальдық амалдырдың жетіспеушілігін бәрі сезді. Зерттеушілерді топтық динамиканы зерттеу үрдісі кезінде санды сипаттамаларды қолдануға мүмкіндік беретін өлшеуіш әдістемелері қызықтырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz