Бизнес періштелер қаржысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
1. Инновациялық кәсіпорындардың қаржыландыру көздері
Өркендеу кезеңінде инновациялық компанияның қаржыландырылуы қаржыландыру көздерінің айрықша жиынтығымен ерекшеленеді.
Олар инновациялық компания үшін қолайлы қаржыландыру көлемінің өсу ретімен орналастырылған:
1. Жеке адамдардың жинақтары
2. Гранттар, жоғары оқу орындарының қаражаттары
3. Бизнес-инкубатор ресурсы
4. Бизнес періштелер қаржысы
5. Венчурлік компаниялар қоры
Қаржы көздерінің бұлайша шарты түрде бөлу инновациялық компанияларды іс-әрекетінің ерекшелігімен түсіндіріледі. Әдетте, компания нарықта теңдесі жоқ немесе бұрыннан белгілі өніммен едәуір ерекшеленетін жаңа өнім ұсынады.Көп жағдайда бұл өнім жүзеге асырылған ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып табылады.
Сәтсіздік тәуекелдігі ең алдымен компания іс-әркетінің дәл болжай алмауына байланысты, себебі оны жасаған кезінде ұсынылатын инновациялық өнім қаншалықты сұранысқа ие болатындығы белгісіз болады. Мұндай жоғары деңгейлі белгісіздік салдарынан қаржыландыру көздері тым қымбатқа түседі. Көптеген болашақ кәсіпкерлер жоғарғы оқу орындарында немесе ғылыми-зерттеу институттардың қызметкері болып келеді, олар инновацияның өнім шығарумен өзінің қызметтік міндеті аясында шұғылданады. Осылай ғалымдар ҒЗТКЖ жүргізуге қажет қаржы ресурстарына жол табады.
Инновациялық кәсіпкерлікті ыңғайландыру саласында тиімді мемлекеттік саясат жүргізілетін елдерде ғалымдар өз жобаларын тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік алады. Көптеген елдердің ғылым мен технология саласындағы мемлекеттік саясатының негізі - шағын жоғары-техникалық кәсіпорындарға қолдау көрсету және сол секілді компаниялар іс-әрекетті ынталандыратын әр түрлі тетіктер құру болып табылады. Инновациялық компанияның өркендеу кезеңдігі қаржы көздерін тереңінен қарастырайық.
Жеке адамдардың жинақтары
АҚШ пен Ұлыбританияда жоғары технологиялық компания негізін құраушылардың жеке жинақ ақшасы арқылы компанияны құру кезеңін және басталу кезеңді де ішнара іске асыру мүмкіндігі бар. Нақ осы қаржы көзінің таңдалуы кездейсоқ емес, сол себебі компанияның құрылу кезеңінде қажетті қаржы ресурсын беруге келісетін инвесторлар саны өте аз және оның құны өз ісін енді бастаған кәсіпкер үшін тым қымбатқа түседі. Осы жолмен қол жеткізілген кішкентай қаражат көлемі бұл қаржы көзін келесі даму сатыларында пайланауға мүмкіндік бермейді.

Жоғары оқу орны қаражаттары, гранттар
Көп жағдайда өзінің ғылыми-зерттеу нәтижесін өз бетінше іске асырғысы келетін зерттеушілер инновациялық кәсіпкер болып келеді. Осыған байланысты компания қызметін бастапқы кезеңінде кәсіпкердің өз қызметін мекемесінің ресурсын пайдалану мүмкіндігі бар. Мұндай синергия өзара тиімді табылады.
Бизнес инкубаторлар
Бизнес - инкубатор ресурсы шағын инновациялық кәсіпорындар үшін тартымды болып табылады. Мұндай құрылымдарда кәсіпкерлер бизнесті дамытуға қажетті кішігірім ресурс көлемін ғана емес, соған қоса кеңес немесе басқалай жәрдем алуға мүмкіндігі бар.
Бизнез-періштелер-бұл, негізінен, едәуір көлемдегі жеке қаржы жинағы бар және оны жаңа, қызықты деп тапқан жобаларға салуға дайын жеке тұлғалар. Көбінесе бизнес-періште деп өз бизнесін тиімді түрде сатқан және жаңа, болашағы бар идеяларды дамытуға дайын бұрынғы кәсіпкерлерді айтамыз. Бірақ бір қатар кемшіліктер бар - шағын компанияға инвестиция салудың тәуекелділігі жоғары болуына байланысты бизнес-періштелер шағын компания капиталынан қомақтыүлесін талап етуі мүмкін осыған байланысты кәсіпкерге өз компаниясының тізгінен айырылп қалу қаупі төнеді. Екінші кемшілігі - бизнес періштенің пайдалануға дайын қаражаты мардымсыз болуы мүмкін, себебі ол жағымсыз бір компания үшін өзінің бүкіл қаржысы бүкіл қаржысымен тәуекелге бара алмайды.
Венчурлік компаниялар (қорлар) жас, өсіп келе жатқан инновациялық компания үшін ең тартымды қаржының көзі болып табылады. Венчурлік қорлардың әр түрлі ұйымдық түрлері бар. Көп ретте олардың ерекшелігі мен қаржыландыру әдістері венчурлік компанияға тартылған инвестор-компаниялардың ұйымдық құрылымына байланысты. Венчурлік компаниялардың басты мақсаты - зор өркендеп өсу-өсу әуелетіне ие кәсіпорындарға меншікті қаражатын инвестициялау. Венчурлік инвестор жас компанияның жылдам, әрі серпінді түрде өсуіне қажет қаражат берді. Кәсіпкер алынған қаражатты бизенсін дамытуға жұмсайды. Көбінесе инвестор кәсіпорынды толығымен өз бақалауына алуға ұмтылмайды, дегенмен инновациялық компания жұмысын үнемі қадағалап отырды.
2. Венчурлық компанияның қалыптасуы және дамуының алты кезеңі
Бірінші кезең - Стартқа дейінгі кезең. Бұл кезең бірнеше айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін және бұл кезең екі сатыдан тұрады:
1) Идеяның пайда болу сатысы, егер ол сәтті болса, бұл сатыда жаңа өнім немесе қызмет жасауға мүмкіндік беруі мүмкін.
2) Seed компаниясының пайда болуы, ағылшын тілінен аударғанда пайда болу, туу деген мағынаны білдіреді. Бұл кезеңде венчурлық компанияны Seed - өсіруге арналған компания деп атайды. Бұл саты пайда болған ғылыми және технологиялық идея немесе жоба, бизнес-идея қаржылық қолдауға байланысты қосымша зерттеулер немесе кейін нарыққа шығаруға болатын тауар үлгісін жасауға шарт жасайды. Мұнда негізгі тұлғалар болып өздерінің ойларын жаңа технология немесе жаңа өнім жасауға қолдануға ойларын жаңа технология немесе жаңа өнім жасауға тырысатын ғалымдар, өнертапқыш немесе техниктер табылады.
Екінші кезең - Старт кезеңі. Бұл кезең әдетте 1 - 2 жылға созылады және мына сатылардан тұрады:
1) Компанияның дамуының бастапқы сатысы, яғни оның старты.Start up - ағылшыннан аударғанда енді пайда болған компания деген мағынаны білдіреді. Бұл кезеңде венчурлық компанияның аты - Start up - енді пайда болған компания деп аталады. Компания инновациялық үдерісті жүзеге асыра бастайды
2) жаңа өнімді өндіруді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Венчурлық кәсіпкерлік
Венчурлық кәсіпкерліктің теориялық және ғылыми-тәжірибелік проблемаларын зерттеу, Қазақстан экономикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің басымдықтарын анықтау, елімізде венчурлық кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпорынның инновациялық қызметіне талдау жасау
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік инновациялық саясат
Инвестицияның қайнар көздерінің жіктелуі
Инновация түсінігі және инновациялық саясат
Қазақстан Республикасындағы шағын инновациялық бизнестің даму барысына жан-жақтылы талдау жасай отырып, қазіргі кезеңдегі шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуында кездесетін проблемаларды саралау және соның негізінде шағын инновациялық бизнесті дамытудың жаңа бағыттарын ұсыну
Венчурлық капитал компаниялары
Халықаралық туризмнің георафиясының әртарапты жағдайы
Әлеүметтік кәсіпорын нарық
Инновациялық менеджмент
Пәндер