Пропердин - комплемент жүйесін альтернативті жолмен белсендіретін ақуыз


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Семей мемлекеттік медицина университеті

Физиологиялық пәндер кафедрасы

СӨЖ

Глоссарий

Тақырыбы: Қанның иммундық функциялары

Тексерген: Сайдахметова А. С.

Орындаған: Қапсеметова Т. С.

232-топ, ЖМФ

Семей, 2018

Жоспар:

  • І. Кіріспе бөлім.
  • ІІ. Негізгі бөлім:
  • 2. 1. Иммунитет, оның түрлері.
  • 2. 2. Адамның иммундық жүйесін құрайтын орталық және шеткі дене мүшелері.
  • 2. 3. Иммунитеттің бейарнамалы механизмдері (қан плазмасының қорғаныс заттары, лизоцим, тромбоциттердің катиондық белоктары, комплемент жүйесі, фагоциттер)
  • 2. 4. Иммунитеттің арнамалы механизмдері:
  • а) лимфоциттер, олардың түрлері;
  • б) лимфоциттердің арнамалы гуморалды иммунитет қалыптастырудағы рөлі;
  • в) лимфоциттердің жасушалық иммунитет қалыптастырудағы рөлі;
  • ІІІ. Қорытынды бөлім.
  • IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Х. Қ. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж. Б. Нілдібаева Адам физиологиясы (оқулық) Алматы «Эверо», 2010 ж., 181-216 беттер;
  2. Ж. О. Аяпова Цитология, эмбриология және гистология(оқу құралы) . Алматы, 2007 ж., 171-187 беттер;
  3. Ю. И. Афанасьев Гистология, эмбриология, цитология (оқулық) Мәскеу, 2014 ж., 169-185 беттер;
  4. Ә. Ә. Шортанбаева., С. В. Қожанова, Жалпы иммунология(оқулық) Алматы, 2008 ж., 10-21, 78-98 беттер;

1. Иммунитет - организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті.

2. Белсенді табиғи иммунитет - инфекциядан кейін дамитын иммунитет.

3. Белсенді жасанды иммунитет - вакцинациядан кейін дамитын иммунитет.

4. Енжарлы табиғи иммунитет - плацента және омырау сүті арқылы дайын антиденелер берілетін иммунитет.

5. Енжарлы жасанды иммунитет - иммунды сарысулар арқылы берілетін иммунитет.

6. Аутоиммунитет - организмнің өзінің жасушаларына қарсы бағытталған;

7. Трансплантациялық иммунитет - трансплантат жасушаларына қарсы бағытталған;

8. Ісікке қарсы иммунитет - ісік жасушаларына қарсы бағытталған;

9. Репродуктивті иммунитет - «ана-бала жүйесінде» болады. Ұрықтың антигендері, әкесінің антигендерімен қоса, ана үшін бөгде болып есептеледі.

10. Сүйек кемігі - қуысты сүйектердің эпифизінде, қысқа сүйектермен жалпақ сүйектердің кемікті бөлігінде, ұзын сүйектердің диафизді бөлігін толтырып жататын қан түзу мен қатар иммунды жүйені қалыптастыратын мүше.

11. Айырша без (тимус) - сүйек кемігінен қан арқылы келетін бағаналы жасушалар жасушалық иммунитетке жауапты Т-лимфоциттерге айналадыратын иммуногенездің орталық мүшесі.

12. Көкбауыр - эритроциттер, лейкоциттер, лимфоциттер, макрофагтардан тұратын қызыл, лимфоидты түйіндерден, лимфоциттерден тұратын ақ пульпасы бар, іш қуысының 9-11 сол жақ қабырға аралығында орналасқан қан түзудің шеткі ағзасы.

13. Лимфа түйіндері - лимфа тамырлары бойында орналасқан, лимфоциттер түзілетін қан түзудің шеткі мүшесі.

14. Лимфоидты фолликулалар - В-лимфоциттердің иммуногенезін қолдайтын және антидене-иммуноглобулин А және Е түзетін аш ішекте орналасқан иммунды жүйенің шеткі мүшесі.

15. Бадамша без - жоғарғы тыныс алу жолдарын инфекциядан қорғап, ауыз қуысындағы микробты ценоздың дамуына қатысатын иммунды жүйенің шеткі мүшесі.

16. Аппендикс - лимфоидты тіндерде антигендерге жауап қайтаратын бласты жасушалар мен лимфоциттер жиынтығы бар, ішек микрофлорасының қалыпты жағдайын реттейтін иммунды жүйенің шеткі мүшесі.

17. Бейарнамалық қорғаныш - қан лейкоциттері, моноциттері, базофилдер, эозинофилдердің негізгі қызметі.

18. Механикалық тосқауыл - тосқауылдық, бактериоцидтік қызметтер атқаратын тері және шырышты қабықшалар.

19. Гуморальды факторлар - адам ағзасының сұйықтықтарында болатын қорғаныш ақуыздар - лизоцим, пропердин, комплемент, лизиндер, лактоферрин.

20. Лактоферрин - бактериялық жасушаны жоюға қажет темірді байланыстыру қабілеті бар ақуыз.

21. Трансферрин - фагоциттерде болатын сарысулық бета-глобулин.

22. Лактопероксидаза- сілекейде және ана сүтінде болатын микробқа қарсы агент.

23. Антидене және комплемент - бактериялық жасушаның липополисахаридті қабатын ыдыратады.

24. Пропердин - комплемент жүйесін альтернативті жолмен белсендіретін ақуыз.

25. Бета-лизин - тромбоциттер ыдыраған кезде бөлінетін бактерияға қарсы ақуыз.

26. Интерферондар - вируспен зақымданған жасушалармен өндірілетін және басқа жасушаларды вируспен зақымдаудан қорғайтын ақуыз .

27. Лизоцим- ағзаның сұйық бөлігінде, яғни көз жасында, сілекейде және басқа сұйықтықтарда болады және әртүрлі бактерияларға қарсы жоғары белсенді болып табылады.

28. IgА, IgА1, IgА2 - Молозиво, көз жасы, сілекей, ішек сөлінде кездеседі. 29. Секреторлық иммунитет - шырышты қабаттарды қорғайды. Вирустар мен бактериялық токсиндерді бейтараптайды.

30. IgЕ - Мес жасушалармен және базофилдермен байланысып, қабыну медиаторларын бөледі.

31. IgD -Мембраналық рецептор ретінде лимфоциттердің жіктелуіне қатысады.

32. Ig М (ерте) Ig М1, Ig М2 - Ұрықта өндіріледі. Комплемент жүйесін белсендіреді, фагоцитозды күшейтеді. Вирустарды және грамтеріс бактерияларға қарсы

33. IgG, IgG1, IgG2, IgG3, IgG4 - Плацента арқылы өтеді. Комплемент жүйесін белсендіреді, фагоцитозды күшейтеді. Токсиндерді бейтараптайды.

34. Опсонизациялау - патогенді организмдерді немесе иммундық комплекстерді қоршап, фагоцитоз процесін күшейтетін опсониндерді бөлу

35. Қабыну процестеріне қатысу - мес жасушалардан және базофилді гранулоциттерден биологиялық белсенді заттарды (гистамин) бөліп, қабыну процесін туғызады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Комплемент жүйесі
ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ
Бейспецификалық қорғаныс факторлары
Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар
Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығының факторлары
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары
Медицина саласы бойынша 65 сұрақ-жауап
“Иммунология” пәні бойынша практикалық сабақтар жоспары
Жануарларды иммундеу әдістері
Организмнің арнйы және арнайы емес қорғаныс реакциялары. Қан топтарына сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz